Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV Заңы

Жаңартылған

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР Заңының қолданысқа енгізілу тәртібін 26-баптан қараңыз.

      Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн: бензинді, авиация және дизель отынын, мазутты өндіру және олардың айналымы үдерісiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) автожанармай құю станциясы – мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек сауда арқылы өткізуді қамтамасыз ететін, жабдықпен жарақтандырылған технологиялық кешен.
      Автожанармай құю станциялары мынадай үлгілерге бөлінеді:
      тұрақты – отын тарату бағандары арқылы көлік құралдарына мұнай өнімдерін құюға арналған;
      контейнерлік – біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған, технологиялық жүйесі отын тарату бағандарының мұнай өнімдерін сақтау контейнерінде орналасуымен сипатталатын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстары жер үстінде орналасқан;
      жылжымалы – біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған, автомобиль шассиіне, тіркемеге, жартылай тіркемеге орнатылған, ықшам технологиялық жүйе;
      2) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      3) дербес сәйкестендіру нөмір-коды – ілеспе жүкқұжатта және мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияда мұнай өнімдерінің түрін, маркасын көрсету үшін қажетті, мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын көтерме сауда арқылы берушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің әрбір атауына берілетін тұрақты сәйкестендіру нөмірі;
      4) есепке алатын бақылау аспаптары – мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларында орнатылған, мұнай өнімдері өндірісінің және (немесе) айналымының көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін, Қазақстан Республикасының өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолдануға жіберілген техникалық құрылғылар;
      5) инвестициялық бағдарлама – экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде мұнай өнімдерінің бағасына әсер ететін инвестициялық құрамдастар кіретін, жоспарланған техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында белгілі бір кезеңге мұнай өнімдерін өндірушілердің қазіргі өндірістік қуаттарын құруға, түгел жаңғыртуға және реконструкциялауға бағытталған қаражат салу және қайтару бағдарламасы;
      6) компаундтеу – белгіленген сапада мұнай өнімін алу мақсатында екі немесе бірнеше құрауыштарды араластыру, оның ішінде қосындылар, қоспалар енгізу;
      7) қанықпаған мұнай өнімі – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сай келмейтін мұнай өнімі;
      8) қуаты аз мұнай өнімдерін өндіруші – жобалық қуаты жылына сегіз жүз мың тоннадан кем шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу көлемін көздейтін технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші;
      9) мұнай беруші – осы Заңда белгіленген шарттармен өздері өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, импортталған немесе жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін жеке немесе заңды тұлға;
      10) мұнай өнімдері – мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi: бензин, авиация және дизель отыны, мазут;
      11) мұнай өнімдерін беру жоспары – бөлшек сауда арқылы өткізуге бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген, Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ай сайынғы қажетсіну көлемі;
      11-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға мұнай өнімдерін сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер ұсыну болып табылатын заңды тұлға;
      12) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу – мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатынсыз, өз мұқтаждары үшін жеке және заңды тұлғаларға өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
      13) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуші – мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      14) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші - мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      15) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу – осы Заңда көзделген жағдайларда, мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, өздері импорттаған мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың және (немесе) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің мұнай өнімдерін өткізуі кезінде мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге мұнай өнімдерін өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
      16) мұнай өнімдерін өндіру – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөніндегі, сондай-ақ компаундтеу жөніндегі жұмыстар кешені;
      17) мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемі – мұнай өнімдерін өндіруші күнтізбелік жыл ішінде ай сайын одан кемітпей өндіруге міндетті мұнай өнімдерінің көлемі;
      18) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі – мұнай өнімдеріне қажеттілікті, оларды өндіру, өткізу, тасымалдау үдерістерін, сондай-ақ бөлшек сауда және көтерме сауда бағаларының серпінін талдау;
      19) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      20) мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын және өндіріс паспорты бар жеке немесе заңды тұлға;
      21) мұнай өнімдерінің айналымы – мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау, көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізу, жөнелту, тасымалдау, олардың экспорты мен импорты;
      22) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      23) мұнай өнімдерінің базасы – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сай келетін, мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдықты, резервуар паркін, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын ғимараттар мен құрылыстар кешені;
      24) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқор – өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері негізінде қалыптастырылатын, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі электронды дерекқор;
      25) өндіріс паспорты – мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, өндірістің технологиялық үдерісін сақтау үшін қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтін, белгіленген нысандағы құжат;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      26) тармақшаға өзгерту енгізу көзделген Заңның 26-бабының 2-тармағын қараңыз (2015.01.01 дейін қолданыста болады).
      26) резервуар – есепке алатын бақылау аспаптарымен жабдықталған, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушіге немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушіге меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі мұнай өнімдері базасында не мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектілерінде мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, жөнелтуге және өткізуге арналған ыдыс;
      27) хабарлама – Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы белгіленген талаптарды бұзушылықты жою туралы мұнай өнімдерін өндірушіге, көтерме сауда арқылы жеткізушіге немесе бөлшек сауда арқылы өткізушіге мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган жіберген жазбаша хабар;
      28) ілеспе жүкқұжат – мұнай өнімдерінің айналымын бақылауға арналған және мұнай өнімдерін босату және қабылдап алу жөніндегі операцияларды, сондай-ақ мұнай берушілерге мұнай өнімдерін беру жөніндегі операцияларды ресімдеу үшін қажетті, жөнелтушіден алушыға дейінгі бүкіл жол бойында мұнай өнімдерімен ілесе жүретін құжат.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.22 № 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерін өндіруді
              және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы
              заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қатынастарға қолданылады.
      2. Осы Заңның күші:
      1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мұнай өнімдерін кәсіпкерлік қызмет мақсатынсыз өткізуі кезінде туындайтын;
      2) жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру шеңберінде туындайтын мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын
              мемлекеттік реттеу

      Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу:
      1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өнімдерін өндірушілерге шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестелерін бекіту;
      2) мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін беру жоспарларын бекіту;
      3) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      4) мұнай өнімдерін көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыру кезіндегі шарттар мен шектеулерді белгілеу;
      5) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу;
      6) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      7) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағасын белгілеу;
      8) мұнай өнімдерін өндіруге және өткізуге мониторингті жүзеге асыру;
      9) мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын реттеу, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы мәселелерін реттеуге уәкілетті шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын
              мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері

      1. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушылардың сапалы және қоршаған орта мен халық денсаулығы үшін қауіпсіз мұнай өнімдеріне сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
      2. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеудің міндеттері:
      1) адамның өмірі мен денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау;
      2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау, оның ішінде мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді және олардың айналымын болғызбайтын жағдайлар жасау;
      3) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасын арттыру;
      4) мұнай өнімдерін өндірушілердің өңдеу қуаттарын жаңғыртуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болып табылады.

      6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың іске асырылуын ұйымдастырады;
      2) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      3) - 12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      12-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды;
      12-2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      12-3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      12-4) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша тәртіпті және талаптарды бекітеді;
      13) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті
              органның құзыреті

      Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган:
      1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) оны бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;
      3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      4) көктемгі егіс пен жиын-терін жұмыстарын және жылу беру кезеңін ескере отырып, жыл сайын мұнай өнімдерін өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін бекітеді;
      5) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      6) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      7) мұнай өнімдерін өндіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      8) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын бекітеді;
      9) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      10) жыл сайын мұнай өңдеу жоспарларын бекітеді;
      11) жыл сайын мұнай өнімдерін беру жоспарларын бекітеді;
      12) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру кестелерін жер қойнауын пайдаланушыларға арнап бекітеді;
      13) мұнай өнімдерінің экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
      14) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      15) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын белгілейді;
      16) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      17) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      18) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      19) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді;
      20) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілген нысандар бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында әкімшілік есепке алуды жүзеге асырады;
      21) мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемдерін белгілейді;
      21-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      21-2) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      21-3) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      21-4) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.22 № 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-бап. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті
              органның құзыреті

      Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган:
      1) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) мұнай өнімдерінің айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      3) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      4) осы баптың 3) тармақшасында көзделген тәртіппен мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқор жүргізуді жүзеге асырады;
      5) мұнай өнімдерінің айналымына камеральдық бақылауды жүзеге асырады;
      6) ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      7) дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      8) хабарламалардың нысанын әзірлейді және бекітеді;
      9) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      10) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының тізбесін бекітеді;
      11) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      12) автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      12-1) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша тәртіпті және талаптарды әзірлейді;
      13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      9-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын
              мемлекеттік реттеу саласындағы өзге де уәкілетті
              органдардың құзыреті

      1. Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган:
      1) мұнай өнімдерінің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:
      1) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын келісуді жүзеге асырады;
      2) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын келіседі;
      4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган:
      1) мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган:
      1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге беру үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін айқындайды;
      2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді және мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға оның нәтижелерін ұсынады;
      4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
               және астананың жергілікті атқарушы органдарының
               құзыреті

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында алдағы күнтізбелік жылға бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасайды;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында жылу беру кезеңіне мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасайды;
      3) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      11-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы
               саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      12-бап. Мұнай өнімдерін өндірушілердің міндеттері

      1. Мұнай өнімдерін өндірушілер:
      1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мұнай өнімдерін өткізуді тең қолжетімділік және кемсітпеушілік шарттарымен жүзеге асыруға;
      2) мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге өтінім жіберуге;
      3) осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге және жүзеге асыруға;
      4) Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін ағымдағы шот ашуға және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталатын қаржы қаражатын мақсатты пайдалануды жүзеге асыруға;
      5) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіпке сәйкес инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есептілік ұсынуға;
      6) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесін бекітуге ұсынуға және осы кестені бұзбауға;
      7) мұнай өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсынуға;
      8) мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
      9) мұнай өнімдерін өндірудің белгіленген ең аз көлемін орындауға міндетті.
      2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды.
      3. Мұнай өнімдерін өндірушілерге:
      1) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізуге;
      2) құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіруді жүзеге асыруға;
      3) екі және одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануына;
      4) осы Заңның 18-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын сатып алуға, сондай-ақ өңдеуге қабылдауға;
      5) авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспестен, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтатуға тыйым салынады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақты 6) және 7) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген тыйым салушылық қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды.
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      13-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы
               саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
               талаптар

      1. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
      2. Мұнай өнімдері, сондай-ақ оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату үдерістері мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу объектілері болып табылады.
      3. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы кезінде пайдаланылатын жабдық пен техникалық құралдар Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ техникалық регламенттерге сәйкес болуға тиіс.
      4. Мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау және бөлу жөніндегі объектілерді жобалау мен салу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы, азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптары сақталуға және төтенше жағдайлардың туындау қаупі ескерілуге тиіс.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14-бап. Мұнай өнімдерінің бағаларын мемлекеттік реттеу

      1. Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында маңызды әлеуметтік мәні бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасына елеулі ықпал ететін мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік реттеу белгіленуі мүмкін.
      2. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағалар белгілейді.
      3. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер мұнай өнімдерін өткізу кезінде бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге белгіленген шекті бағалардан аспауға міндетті.
      4. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу бағаларын мемлекеттік реттеу жағдайларында шекті бағалар айына бір реттен артық белгіленбейді.
      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      15-бап. Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға
               арналған ағымдағы шот

      1. Мұнай өнімдерін өндіруші инвестициялық бағдарлама келісілгеннен және бекітілгеннен кейін ағымдағы шот ашады, оның қаражаты тек қана инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру мақсатына жұмсалады.
      2. Мұнай өнімдерін өндірушінің негізгі қаражатқа салымдарының инвестициялық бағдарламаларда көзделген көлемдері (инвестициялық құрамдастар) ағымдағы кезеңге және орташа мерзімді перспективаға реттелетін тауарлар бағаларын есептеу кезінде ескеріледі.
      3. Осы баптың күші қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қолданылмайды.

      16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау
               және камералдық бақылаудың нәтижелері

      1. Мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялар тапсыруға міндетті.
      2. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялардыңілеспе жүкқұжаттардың және есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің негізінде камералдық бақылау жүргізеді. Жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан бөлшек сауда арқылы өткізу жүзеге асырылған жағдайда, камералдық бақылау мұнай өнімдерінің айналымы бойынша декларациялар және ілеспе жүкқұжаттар негізінде жүргізіледі.
      3. Камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптардың орындалмағаны анықталған жағдайларда, мұндай бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұнай өнімдерін өндірушіге, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушіге немесе бөлшек сауда арқылы өткізушіге хабарлама тапсырылады.
      Хабарламада мұнай өнімдерін өндірушінің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушінің немесе бөлшек сауда арқылы өткізушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе толық атауы, сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік кіріс органының атауы, хабарламаның күні, хабарламаны жіберу үшін негіздеме, оған шағым жасау тәртібі көрсетіледі.
      4. Хабарлама мұнай өнімдерін өндірушіге, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушіге немесе бөлшек сауда арқылы өткізушіге немесе олардың өкілдеріне жеке қолдарын қойғыза отырып немесе оны жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс.
      Хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы не хабарлардың кепілді түрде жеткізілуін қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы электрондық түрде жіберілген хабарлама жауапты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы алған күннен бастап не хабарлама электронды түрде жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін тапсырылған деп саналады.
      Мұнай өнімдерін өндіруші, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші немесе бөлшек сауда арқылы өткізуші хабарлама тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде оны орындауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      17-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен
               байланысты қызметті жүзеге асырудың басталғаны
               немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін бұл жөнінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
      2. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер мынадай талаптарға сай болуға:
      1) меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мұнай өнiмдерiнiң базасына немесе резервуарға иелiк етуге;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақша 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі (26-баптықараңыз).
      2) орнатылған есепке алатын бақылау аспаптары болуға тиiс.
      3. Резервуарды немесе мұнай өнімдерінің базасын иелену және (немесе) пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асырудың тоқтатылғаны туралы хабарлама береді.
      4. Уәкілетті орган мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлердің тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
      5. Осы баптың талаптары:
      1) мұнай өнімдерін өндірушілерге;
      2) өз бетінше өндiрген және (немесе) импортталған шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу нәтижесiнде өндiрiлген мұнай өнiмдерiн өткiзетiн мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерге қолданылмайды.
      6. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметтің басталғандығы туралы хабарлама берместен мұндай қызметті жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      18-бап. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын
               өңдеуді және мұнай өнімдерін беруді мемлекеттік
               реттеудің ерекшеліктері

      1. Мұнай өнімдерін өндірушілер қуаттарының барынша жүктелуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ішкі нарығының мұнай өнімдеріне қажетін қанағаттандыру мақсатында жыл сайын, 15 желтоқсаннан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган алдағы күнтізбелік жылға, қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өңдеу жоспарын бекітеді.
      2. Мұнай өңдеу жоспары шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемін айқындайды, оны мұнай өнімдерін өндіруші Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерінің болжалды тұтынылуын ескере отырып, күнтізбелік жыл ішінде мұнай өнімдерінің тиісті түрлерін өндіру үшін ай сайын өңдеуге міндетті.
      3. Мұнай өңдеу жоспары көктемгі егіс-дала және жиын-терін жұмыстары кезеңінде - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді, сондай-ақ жылу беру маусымы кезеңінде - жылумен жабдықтаушы ұйымдарды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді есепке ала отырып жасалады.
      4. Мұнай берушілер жыл сайын, 30 қарашадан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға алдағы күнтізбелік жылға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының жоспарланған көлемін, берілу мерзімдерін және өндірілген мұнай өнімдерін беру бағыттарын көрсете отырып, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беруге өтінімдер жібереді.
      5. Мұнай өнімдерін өндіруші мынадай:
      1) мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін растайтын құжаттың болуы;
      2) мұнай берушіде берілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының сапасын растайтын құжаттың болуы;
      3) өзіне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі автожанармай құю станциялары немесе резервуарлар арқылы өңдеу нәтижесінде алынған мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын мұнай берушіні қоспағанда, мұнай өнімдерін беру жоспарына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағына өндірілген мұнай өнімдерін беруді көздейтін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушімен және (немесе) бөлшек сауда арқылы өткізушімен мұнай өнімдерін беруге жасалған шарттың болуы талаптары сақталған жағдайда мұнай берушілерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
      6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінімдер ескеріле отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай берушілерге арнап шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру кестесін бекітеді, онда мұнайды өңдеу жоспарын қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру көлемдері мен мерзімдері көрсетіледі. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің алдағы күнтізбелік жылға арналған кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 15 желтоқсанға дейін бекітеді және бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің назарына жеткізеді. Мұнай берушілер шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беруді шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің бекітілген кестесіне сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
      7. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтарына бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру кестесінің және мұнай өнімдерін тұтыну болжамының негізінде жыл сайын, 15 желтоқсанға дейін алдағы күнтізбелік жылға мұнай өнімдерін беру жоспарын бекітеді.
      8. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін берудің бекітілген жоспарына сәйкес шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемінен өндірілген, бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға міндетті.
      8-1. Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларына, соның ішінде баға белгілеу тәртібін қамтитын қағидаларына сәйкес, мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға міндетті.
      9. Осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында аталған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесінің берілуі мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай берушілермен шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу туралы шарт жасасуының талабы болып табылады.
      10. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген, Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру кестесінің және мұнай өнімдерін беру жоспарының орындалуы туралы есеп береді.
      11. Мұнай өнімдерін өндірушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға әкімшілік есепке алу нысаны бойынша, мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі үшін қажетті мәліметтер ұсынуға міндетті.
      12. Мұнай жеткізуші, егер осындай өтеу жеткізуші мен өндірушінің арасындағы шарт талаптарында көзделген болса, өндірушінің алыс-беріс шикізатынан қайта өңделген өнімдер бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы бойынша шығыстар сомасын өндірушіге өтеуге құқылы.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.22 № 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.12.2013 N 152-V (10.08.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      19-бап. Мұнай өнімдерін өткізу шарттары

      1. Қазақстан Республикасының аумағында құрамында металл қосындылары бар (дизель отыны үшін статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) бензин мен дизель отынын және қанықпаған мұнай өнімдерін әкелуге және өткізуге, оның ішінде оларды одан әрі өңдемей сақтауға тыйым салынады.
      2. Осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнімдерін өткізуге, тек қана:
      1) мұнай өнімдерін өндірушілерге;
      2) мұнай өнімдерін берушілерге;
      3) мұнай өнімдері базаларынан мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге;
      4) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға жол беріледі.
      3. Мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) жөнелтуді:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақша 2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (26-бапты қараңыз).
      1) мұнай өнімдерін өндiрушiлер, мұнай берушілер, мұнай өнімдері базасынан немесе резервуарлардан мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақша 2017.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (26-бапты қараңыз).
      2) мұнай өнімдерін жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларында бөлшек сауда арқылы өткізуді қоспағанда, мұнай өнiмдерiн автожанармай құю станцияларында бөлшек сауда арқылы өткізушілер мұнай өнiмдерiн міндетті түрде есепке алатын бақылау аспаптары арқылы өткізе отырып, жүзеге асырады.
      4. Мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сауда арқылы өткізу кезінде, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнің экспорты кезінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.
      Мұнай өнімдерін автожанармай құю станцияларында бөлшек саудада өткізу кезінде ілеспе жүкқұжаттар ресімделмейді.
      Импорттаушылардың өз мұнай өнімдерін сақтау жағдайларын қоспағанда, мұнай өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарынсыз сатып алуға және (немесе) сақтауға тыйым салынады.
      5. Екі және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мұнай өнiмдерiн кейіннен өткізу мақсатында резервуарды өткізу, сондай-ақ сақтау үшін пайдалануына тыйым салынады.
      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (02.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      20-бап. Шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай
               өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі
               су және әуе көлігімен тасымалдау шарттары

      1. Қауіпті жүктерді тасымалдауға Қазақстан Республикасының  заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған және тасымалдауға рұқсат етілген көлік арқылы шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдауға жол беріледі.
      2. Мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) жөнелту кезінде, сондай-ақ темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.
      Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай өнімдерінің ішкі тасымалдануын жүзеге асыратын тұлғалар алушыларға мұнай өнімдерімен бірге ілеспе жүкқұжаттарын көлік арқылы беріп жіберуге міндетті.
      Осы тармақтың мақсаты үшін:
      1) мұнай өнімдерін сатып алушы болып табылатын заңды тұлға, ол алушы ретінде көрсеткен осы заңды тұлғаның филиалы;
      2) ішкі тасымалдау кезінде мұнай өнімдерін алушылар болып табылатын заңды тұлға, оның филиалы;
      3) мұнай өнімдерін, сондай-ақ ішкі тасымалдау кезінде мұнай өнімдерін сатып алушы болып табылатын жеке тұлға алушы болып танылады.
      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бір жеке тұлға немесе заңды тұлға ішінде мұнай өнімдерін тасымалдауға байланысты тасымалдау ішкі тасымалдау болып танылады.
      Ілеспе жүкқұжаты интернет-ресурс арқылы электронды түрде ресімделеді.
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ішкі тасымалдауды жүзеге асырған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу талап етілмейді.
      3. Шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдауға байланысты құжаттар қауіпті жүктерді тасымалдау үшін көліктің әрбір түріне белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.
      4. Темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және пайдалану шарттары техникалық регламенттердің талаптарына сай болуға тиіс.

      21-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың бірінші бөлігі осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі (26-бапты қараңыз).
      1. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы өткiзуді мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлердiң тізіліміне енгізілген өнім берушілер ғана жүзеге асырады. Осы тармақтың күші осы Заңның 17-бабының 5-тармағында аталған мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерге қолданылмайды.
      Осы тармақтың үшінші бөлігінің талаптарын сақтаған кезде мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің мұнай өнімдерін өткізуін қоспағанда, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер басқа мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
      Басқа мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерден мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер тек мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге ғана мұнай өнімдерін өткізуге құқылы.
      2. Мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге өтінім жіберуге тиіс.
      3. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнiмдерiн тек мұнай өнiмдерiнің базаларында және (немесе) резервуарларда сақтауды жүзеге асыруға міндетті.
      Мұнай өнімдерін сақтау және көтерме сауда арқылы өткізу осы Заңның 19-бабының 5-тармағы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      22-бап. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу

      1. Осы баптың 2-тармағының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың өздері меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін автожанармай құю станциялары және (немесе) резервуарлар арқылы мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуіне жол беріледі.
      2. Тұрғындарының саны он мың адамға дейінгі елді мекендерде контейнерлік үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткізуге жол беріледі.
      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникалары жинақталған орындарда жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткізуге жол беріледі.
      3. Бір мезгілде екі және одан да көп мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнiмдерiн сақтау және бөлшек сауда арқылы өткізу үшін автожанармай құю станцияларын пайдалануына тыйым салынады.
      4. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына сәйкес адам саны он мыңнан астам елді мекеннің немесе әкімшілік ауданның аумағында бір мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушінің не адамдар тобы деп танылған мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің нарықтық үлесі осы нарықтың жалпы көлемінің отыз бес пайызынан аса алмайды.

      23-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі

      1. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мынадай мониторингті жүзеге асырады, оған:
      1) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдері көлемінің, олардың түрлері бойынша мониторингі;
      2) Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерін өткізудің, оның ішінде мұнай өнімдерінің экспорты мен импортының мониторингі;
      3) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерінің көтерме саудадағы және бөлшек саудадағы бағаларының мониторингі;
      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мұнай өнімдерін қажетсінуінің мониторингі кіреді.
      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға:
      1) көтерме сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген;
      2) жылу беру кезеңінде жылумен қамтамасыз ететін ұйымдардың мұнай өнімдерін тұтыну жөніндегі болжамды ұсынады.
      3. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған мұнай өнімдерін өткізу туралы мәліметтерді ұсынады.
      4. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі деректерінің негізінде:
      1) алдағы күнтізбелік жылға Қазақстан Республикасының аумағында мұнай өнімдерін тұтыну, өндіру және өткізу балансының болжамын жасайды;
      2) мұнай өңдеу жоспарларын бекітеді;
      3) Қазақстан Республикасы ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушыларға арналған мұнай өнімдерін өндірушілерге шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестелерін бекітеді;
      4) мұнай өнімдерін беру жоспарларын бекітеді;
      5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      24-бап. Көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстары
               кезеңдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін
               өндірушілерді және жылу беру кезеңінде жылумен
               жабдықтау ұйымдарын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз
               етуге байланысты мұнай өнiмдерiнің айналымын
               мемлекеттiк реттеудің ерекшеліктері

      1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган жыл сайын облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы жұмыстарының межелі көлемдерін ескере отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұндай көлемдерді мұнай өңдеу жоспарларында ескеру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге мұнай өнімдерін беру көлемі туралы ұсыныс енгізеді.
      2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өңдеу жоспарларында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге беру үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін ескереді.
      3. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өңдеу жоспарларында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған, алдағы жылғы жылу беру кезеңіне жылумен жабдықтау ұйымдарына беру үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін ескереді.
      4. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер және мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер жыл сайын, мұнай өнімдерін өткізу кезінде 1 наурыз - 31 мамыр және 1 тамыз - 31 қазан аралығы кезеңінде - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге, ал 31 қазан - 1 наурыз аралығы кезеңінде - жылумен жабдықтау ұйымдарына басымдық беруге міндетті.

      25-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн
               өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк
               реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң мыналарды:
      1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 17-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) тармақшасын345678 және 9-тармақтарын және 21-бабының 1-тармағының бірінші бөлігін;
      2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-баптың 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларын, 17-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын және 19-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын;
      3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-бабының 26) тармақшасындағы «есепке алатын бақылау аспаптарымен» деген сөздер «мұнай өнімдерін есепке алуды қамтамасыз ететін өлшеу құралдарымен» деген сөздер болып есептелсін.
      3. Осы Заңның 16-бабы 3-тармағының екінші бөлігіндегі «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер деп есептелсін.
      4. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 33-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2010 ж., № 20-21, 119-құжат; № 22, 128-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12  N 538-IV(2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев