Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10584 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.06.2020 № 579 бұйрығымен.

      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 02.02.2023 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.06.2020 № 579 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 137 бұйрығымен
бекітілген

Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 02.02.2023 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын (бұдан әрі – ДСН-коды) беру тәртібін айқындайды.

      2. ДСН-кодтар мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін әрбір мұнай өнімдерінің атауына беріледі.

2-тарау. ДСН-кодтарын беру тәртібі

      3. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетеді.

      4. Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ДСН-кодтарын беруге арналған мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодын беруге арналған өтінімді:

      мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін;

      мұнай өнімдерін импорттаушы – мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

      5. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.

      6. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша "электрондық" кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті брондауға болады.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті немесе цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген өтініш берушіден тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы ақпараттық мониторинг жүйесі берген штрих-коды бар қолхат беріледі, онда өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініштің берілген күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарының берілген күні көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация қабылданған өтінімді қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жолдайды. Сонымен бірге Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз тасымалдағышта көрсеткен кезде өтінімді қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні қабылдауды, және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтінімдердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер "Акцизделетін тауарлар мен жекелеген мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру және айналымына бақылау жасау" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) өтінімдерді енгізеді және құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің қызмет көрсетудің жұмыс графигінде белгіленген уақыттан кешіктірмей курьерлік және (немесе) пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жұмыс кестесіне сәйкес (немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші ДСН-кодтарды беруден мынадай жағдайларда бас тартады:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодесінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі болмағанда;

      2) мұнай өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде.

      8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда ДСН-кодты беруден бас тарту кезінде, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте, ДСН-кодын беруге арналған өтінімдерді қайтадан береді.

      9. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында айқындалады.

      Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      10. ДСН-кодтарын ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесімен келіспеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;

      мемлекеттік қызметкерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген кезде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасағаннан кейін сотқа жүгінеді.

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына 1-қосымша

      нысан

Мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаларға дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беруге арналған өтінім

  ___________________ бойынша
(облысы/қаласы)
Мемлекеттік кірістер
департаментінің басшысына ____________________________
20___ жылғы "__"___________

      Салық төлеушінің атауы:

      Субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі/

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:

      Субъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы):

      Мұнай өнімінің өндіруші ел:

      Субъектінің әкімшілік-аумақтық бірлігі:

Р/с №

Мұнай өнімінің түрі (бензин - 1, дизель отыны - 2, мазут - 3, авиаотын - 4) (түсетін тізім)

Мұнай өнімінің атауы

Техникалық сипаттама (Мемлекеттік стандарт, Техникалық шарттар)

1

2

3

4

1




2




      Басшы________________________________ ____________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (қолы)

  Дербес сәйкестендіру
нөмірлері-кодтарын
беру қағидаларына
2-қосымша

"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырады

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні ішінде

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

ДСН-кодын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, ҚР Еңбек кодексіне және Мерекелер туралы заңына сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, электрондық кезекті брондауға болады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаларға дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беруге арналған өтінім

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмау; 2) мұнайөнімі түріне берілген ДСН-кодтарының болуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді (мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде)

  Дербес сәйкестендіру
нөмірлері-кодтарын
беру қағидаларына
3-қосымша

      нысан

Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы



      Бірінші фасет – мұнай өнімді өндіруші елдердің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;

      екінші фасет – әкімшілік-аумақтық бірліктің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;

      үшінші фасет – мұнай өнімдері нарығы субъектісінің коды (0001-ден бастап 9999-ға дейінгі реттік нөмірлер) бензин, авиациялық және дизель отынын, мазут өндірушілерге және (немесе) импорттаушыларға беріледі;

      төртінші фасет – өнімінің коды (1 – бензин, 2 – дизельдік отын, 3 – мазут, 4 – авиациялық отын) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің жекелеген түріне беріледі;

      бесінші фасет – бензин, авиациялық және дизельдік отын маркасының коды (001-ден ∞ реттік нөмірлер) стандарттау органдарында тіркелген және сериялық өндіріске және сатуға рұқсат берілген бензиннің, дизель отынының және мазуттың әрбір маркасына беріледі.

  Фасеттік кодтау
жүйесінің құрылымына
қосымша

Мұнай өнімдерін өндіруші елдердің кодтары

Дербес сәйкестендіру нөмірі-коды

Мұнай өнімдерін өндіруші елдердің атауы

1

Еуразиялық экономикалық одағына жатпайтын елдер

2

Беларусь Республикасы

3

Қазақстан Республикасы

4

Ресей Федерациясы

5

Қырғыз Республикасы

6

Армения Республикасы

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің кодтары

Дербес сәйкестендіру нөмірі-коды

Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы

1

2

Ақмола облысы

001

Көкшетау қаласы

002

Ақкөл ауданы

003

Астрахан ауданы

004

Атбасар ауданы

005

Сандықтау ауданы

006

Аршалы ауданы

007

Ерейментау ауданы

008

Егіндікөл ауданы

009

Қорғалжын ауданы

010

Бұланды ауданы

011

Целиноград ауданы

012

Шортанды ауданы

013

Степногор ауданы

014

Жарқайың ауданы

015

Есіл ауданы

016

Жақсы ауданы

017

Зеренді ауданы

018

Бурабай ауданы

019

Еңбекшілдер ауданы*

020

Бурабай АЭА*

Ақтөбе облысы

021

Ақтөбе қаласы*

022

Алға ауданы

023

Байғанин ауданы

024

Әйтеке би ауданы

025

Ырғыз ауданы

026

Қарғалы ауданы

027

Мәртөк ауданы

028

Мұғалжар ауданы

029

Темір ауданы

030

Ойыл ауданы

031

Қобда ауданы

032

Хромтау ауданы

033

Шалқар ауданы

Алматы облысы

034

Талдықорған қаласы*

035

Балқаш ауданы

036

Жамбыл ауданы

037

Іле ауданы

038

Қарасай ауданы

039

Райымбек ауданы

040

Талғар ауданы

041

Ұйғыр ауданы

042

Еңбекшіқазақ ауданы

043

Қапшағай қаласы

044

Ақсу ауданы*

045

Алакөл ауданы*

046

Қаратал ауданы*

047

Кербұлақ ауданы*

048

Көксу ауданы*

049

Панфилов ауданы*

050

Сарқан ауданы*

051

Ескелді ауданы*

052

Текелі қаласы*

Атырау облысы

053

Атырау қаласы

054

Құрманғазы ауданы

055

Индер ауданы

056

Исатай ауданы

057

Қызылқоға ауданы

058

Мақат ауданы

059

Махамбет ауданы

060

Жылыой ауданы

Шығыс Қазақстан облысы

061

Өскемен қаласы

062

Катонқарағай ауданы

063

Глубоков ауданы

064

Зайсан ауданы

065

Күршім ауданы*

066

Тарбағатай ауданы

067

Ұлан ауданы

068

Шемонаиха ауданы

069

Зырянов ауданы*

070

Риддер қаласы

071

Абай ауданы*

072

Аякөз ауданы*

073

Бесқарағай ауданы*

074

Бородулиха ауданы*

075

Жарма ауданы*

076

Көкпекті ауданы*

077

Курчатов қаласы*

078

Үржар ауданы*

079

Семей қаласы*

Жамбыл облысы

080

Тараз қаласы

081

Жамбыл ауданы

082

Жуалы ауданы

83

Қордай ауданы

084

Тұрар Рысқұлов ауданы

085

Мерке ауданы

086

Мойынқұм ауданы

087

Сарысу ауданы

088

Байзақ ауданы

089

Талас ауданы

090

Шу ауданы

Батыс Қазақстан облысы

091

Орал қаласы

092

Бөрлі ауданы

093

Жәнібек ауданы

094

Жаңақала ауданы

95

Зеленов ауданы*

096

Қазталов ауданы

097

Қаратөбе ауданы

098

Сырым ауданы

099

Тасқала ауданы

100

Теректі ауданы

101

Бөкей ордасы ауданы

102

Ақжайық ауданы

103

Шыңғырлау ауданы

Қарағанды облысы

104

Қарағанды қаласы*

105

Абай ауданы

106

Қарқаралы аданы

107

Нұра ауданы

108

Осакаров ауданы

109

Саран қаласы

110

Теміртау қаласы

111

Бұхар жырау ауданы

112

Шахтинск қаласы

113

Қарағанды қаласының Октябрь ауданы

114

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы

115

Ақтоғай ауданы

116

Жаңаарқа ауданы*

117

Ұлытау ауданы*

118

Шет ауданы

119

Балқаш қаласы

120

Жезқазған қаласы*

121

Приозерск қаласы

122

Қаражал қаласы*

123

Сатпаев қаласы*

Қызылорда облысы

124

Қызылорда қаласы

125

Арал ауданы

126

Қазалы ауданы

127

Қармақшы ауданы

128

Жалағаш ауданы

129

Сырдария ауданы

130

Шиелі ауданы

131

Жаңақорған ауданы

Қостанай облысы

132

Қостанай қаласы

133

Алтынсарин ауданы

134

Меңдіқара ауданы

135

Жітіқара ауданы

136

Қамысты ауданы

137

Қарасу ауданы

138

Қарабалық ауданы

139

Қостанай ауданы

140

Ұзынкөл ауданы

141

Наурызым ауданы

142

Денисов ауданы

143

Әулиекөл ауданы

144

Таран ауданы

145

Сарыкөл ауданы

146

Федоров ауданы

147

Лисаковск қаласы

148

Рудный қаласы

149

Амангелді ауданы

150

Жангелді ауданы

151

Арқалық қаласы

Маңғыстау облысы

152

Мұнайлы ауданы

153

Бейнеу ауданы

154

Қарақия ауданы

155

Маңғыстау ауданы

156

Түпқараған ауданы

157

Жаңаөзен қаласы

158

Ақтау теңіз порты

Павлодар облысы

159

Павлодар қаласы

160

Ақтоғай ауданы

161

Баянауыл ауданы

162

Железин ауданы

63

Ертіс ауданы

164

Қашыр ауданы*

165

Лебяжі ауданы*

166

Май ауданы

167

Павлодар ауданы

168

Успен ауданы

169

Шарбақты ауданы

170

Ақсу қаласы

171

Екібастұз қаласы

Солтүстік Қазақстан облысы

172

Қызылжар ауданы

173

М. Жұмабаев ауданы

174

Жамбыл ауданы

175

Есіл ауданы

176

Мамлют ауданы

177

Шал ақын ауданы

178

Аққайың ауданы

179

Тимирязев ауданы

180

Айыртау ауданы

181

Ақжар ауданы

182

Тайынша ауданы

183

Уәлиханов ауданы

184

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Оңтүстік Қазақстан облысы*

185

Шымкент қаласы

186

Бәйдібек ауданы

187

Оpдабасы ауданы

188

Отыpаp ауданы

189

Қазығұpт ауданы

190

Төлеби ауданы

191

Мақтааpал ауданы

192

Сайрам ауданы

193

Саpыағаш ауданы

194

Созақ ауданы

195

Түлкібас ауданы

196

Шаpдаpа ауданы

197

Аpыс қаласы

18

Кентау қаласы

199

Түpкістан қаласы

200

Әл-Фараби ауданы

201

Абай ауданы

202

Еңбекші ауданы

Алматы қаласы

203

Алматы қаласы

204

Әуезов ауданы

205

Бостандық ауданы

206

Жетісу ауданы

207

Түрксіб ауданы

208

Алмалы ауданы

209

Медеу ауданы

210

Алатауауданы

Астана қаласы*

211

Астана қаласы

212

Алматы ауданы

213

Сарыарқа ауданы

214

Есіл ауданы

215

"Астана-жаңа қала" АЭА

Солтүстік Қазақстан облысы

216

Петропавловск қаласы

Маңғыстау облысы

217

Ақтау қаласы

Оңтүстік Қазақстан облысы*

218

АЭАОңтүстік

219

Қаратау ауданы

Алматы қаласы

220

Наурызбай ауданы

Түркістан облысы

221

Кентау қаласы

222

Түркестан қаласы

223

Бәйдібек ауданы

224

Ордабасы ауданы

225

Мақтаарал ауданы

226

Жетысай ауданы

227

Отырар ауданы

228

Қазығұрт ауданы

229

Төлеби ауданы

230

Сайрам ауданы

231

Сарыағаш ауданы

232

Келес ауданы

233

Созақ ауданы

234

Түлкібас ауданы

235

Шардара ауданы

Шымкент қаласы

236

Шымкент қаласы*

237

Абай ауданы

238

Әл-Фараби ауданы

239

Еңбекші ауданы

240

Оңтүстік

241

Қаратау ауданы

Ақмола облысы

242

Біржан сал ауданы

Алматы облысы

243

Кеген ауданы

Павлодар облысы

244

Тереңкөл ауданы

245

Аққулы ауданы

Астана қаласы*

246

Байқоныр ауданы

Алматы қаласы

247

Ақпараттық технологиялар паркі

Астана қаласы

248

Астана қаласы

249

Алматы ауданы

250

Сарыарқа ауданы

251

Есіл ауданы

252

"Астана-жаңа қала" АЭА

253

Байқоныр ауданы

Ақтөбе облысы

254

Астана ауданы

255

Алматы ауданы

Батыс Қазақстан облысы

256

Бәйтерек ауданы

Шығыс Қазақстан облысы

257

Алтай ауданы - Алтай қаласы

Қостанай облысы

258

Тобыл қаласы

259

Бейімбет Майлин атындағы аудан

Түркістан обласы

260

Арыс қаласы

261

Сауран ауданы

Акмола обласы

262

Қосшы қаласы

Шығыс Қазақстан облысы

263

Өскемен қаласы

264

Катонқарағай ауданы

265

Глубоков ауданы

266

Зайсан ауданы

267

Күршім ауданы

268

Тарбағатай ауданы

269

Ұлан ауданы

270

Шемонаиха ауданы

271

Алтай ауданы

272

Риддер қаласы

273

Самар ауданы

Абай облысы

274

Ақсуат ауданы

275

Абай ауданы

276

Аякөз ауданы

277

Бесқарағай ауданы

278

Бородулиха ауданы

279

Жарма ауданы

280

Көкпекті ауданы

281

Курчатов қаласы

282

Үржар ауданы

283

Семей қаласы

Алматы облысы

284

Балқаш ауданы

285

Жамбыл ауданы

286

Іле ауданы

287

Қарасай ауданы

288

Райымбек ауданы

289

Талғар ауданы

290

Ұйғыр ауданы

291

Еңбекшіқазақ ауданы

292

Қонаев қаласы

Жетісу облысы

293

Талдықорған қаласы

294

Ақсу ауданы

295

Алакөл ауданы

296

Қаратал ауданы

297

Кербұлақ ауданы

298

Көксу ауданы

299

Панфилов ауданы

300

Сарқан ауданы

301

Ескелді ауданы

302

Текелі қаласы

Қарағанды облысы

303

Қарағанды қаласы

304

Абай ауданы

305

Қарқаралы ауданы

306

Нұра ауданы

307

Осакаров ауданы

308

Саран қаласы

309

Теміртау қаласы

310

Бұхар жырау ауданы

311

Шахтинск қаласы

312

Қарағанды қаласының Октябрь ауданы

313

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы

314

Ақтоғай ауданы

315

Балқаш қаласы

316

Приозерск қаласы

317

Шет ауданы

Ұлытау облысы

318

Жезқазған қаласы

319

Ұлытау ауданы

320

Қаражал қаласы

321

Сатпаев қаласы

322

Жаңаарқа ауданы

Шымкент қаласы

323

Тұран ауданы

      Ескертпе: * салықтық бақылау жүргізу шеңберінде пайдаланады.