Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға,

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10136 тіркелді

      «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабы 21-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті белгіленген заңнама тәртібінде қамтамасыз етсін:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және "Әділет"  ақпараттық-құқықтық жүйеге жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялау.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Ұ.С. Қарабалинға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                              В. Школьник

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
_____________ Б.Сұлтанов
2014 жылғы 18 желтоқсан

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е.Досаев
2014 жылғы 23 желтоқсан

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
_____________ И.Тасмағамбетов
2014 жылғы 11 желтоқсан

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
_____________ Қ.Қасымов
2014 жылғы 12 желтоқсан

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
_____________ Н.Әбіқаев
2014 жылғы 05 желтоқсан

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 28 қарашадағы
№ 158 бұйрығымен    
бекітілген      

Мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы

      1. Бензин;
      2. Дизель отыны;
      3. Авиациялық отын (МемСТ 10227-86 «Реактивтi қозғалтқыштарға арналған отын. Техникалық шарттар»);
      4. Мазут.