Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10592 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.06.2016 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 № 1023 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдарын жүргізу қағидалары;

      2) бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны;

      3) бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерінің базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.06.2016 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
1-қосымша

Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.06.2016 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 № 1023 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалар мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін өндірушілер (бұдан әрі – мұнай өнімдері нарығының субъектілері) ресімдейтін автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдарын жүргізу тәртібін айқындайды және автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысы туралы мәліметтерді көрсетеді.

2-тарау. Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу бойынша журналдарды жүргізу тәртібі
1-параграф. Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу

      Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 № 1023 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мұнай өнімдері нарығының субъектілері осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырады.

      4. Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдары мұнай өнімдері нарығының субъектілерінің қолымен куәландырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2019 № 1078 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын ресімдеу және толтыру

      Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 № 1023 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. 1-бағанда мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе өткізу жасалған күні, айы көрсетіледі.

      6. 2-бағанда мұнай өнімінің коды–дербес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      7. 3-бағанда жұмыс күні басында мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) (тоннамен, килограммен) көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс істеу режимінде – ауысымның басында.

      Бұл көрсеткіш алдыңғы жұмыс күнінің немесе ауысымның соңындағы қалдықтардан көшіріледі.

      Автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату бойынша қызметін алғаш бастаған мұнай өнімдері нарығының субъектілері осы бағанды толтырған кезде мұнай өнімдерінің нөлдік қалдығын көрсетеді (қызметін бастаған күніне).

      8. 4-бағанда мұнай өнімдерінің сатып алынған (мұнай өнімдері базасы немесе резервуарлардан ауыстырылған) мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.

      9. 5-бағанда мұнай өнімдерінің отын-үлестіру колонкалары арқылы сатылған мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.

      10. 6-бағанда жұмыс күнінің соңына мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) көрсетіледі (тоннамен, килограммен). Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңында.

      11. 7-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы көрсетіледі.

      12. 8-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) көрсетіледі.

      13. 9-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 № 1023 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. 10-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың күні (күні, айы және жылы) көрсетіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 № 1023 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. 11-бағанда ілеспе жүкқұжатына сәйкес сатып алынған (мұнай өнімдері базасынан немесе резервуарлардан ауыстырылған) мұнай өнімдерінің мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.

      16. 12-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 № 1023 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Тұрақты, контейнер және жылжымалы түрде автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге мұнай өнімдері нарығының субъектілері мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырумен бір мезгілде тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтырады.

3-параграф. Тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтыру

      18. 1-бағанда отын-үлестіру колонкалары арқылы мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе сату жүзеге асырылған күні және айы көрсетіледі.

      19. 2-бағанда мұнай өнімдерінің түрлері көрсетіледі.

      20. 3 және 4-бағандарда жұмыс күні басына отын-үлестіру колонкаларын есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның басына.

      Аталған көрсеткіштер мұнай өнімдері нарығының субъектілеріндегі отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда аталған бағандар көбейеді (азаяды).

      21. 5 және 6-бағандарда жұмыс күні соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңына.

      Бұл көрсеткіштер мұнай өнімдері нарығының субъектілеріндегі отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда бұл бағандар көбейеді (азаяды).

      22. 7 және 8-бағандарда жұмыс күні (ауысым) ішінде отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

      23. 9-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 № 1023 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын ресімдеу және толтыру

      Ескерту. 4-параграфтың тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 № 1023 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. 1-бағанда мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе сату жүзеге асырылған күн және ай көрсетіледі.

      25. 2-бағанда мұнай өнімдерінің түрлері көрсетіледі.

      26. 3-бағанда дербес сәйкестендіру нөмірі-мұнай өнімдерінің түрлері коды көрсетіледі.

      27. 4-бағанда жұмыс күні басындағы мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) (тоннамен) көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс істеу режимінде – ауысымның басында.

      Бұл көрсеткіш алдыңғы жұмыс күнінің немесе ауысымның соңындағы қалдықтардан көшіріледі.

      Қызметін алғаш бастаған мұнай өнімдері нарығының субъектілері осы бағанды толтырған кезде мұнай өнімдерінің нөлдік қалдығын көрсетеді (қызметін бастаған күніне).

      28. 5-бағанда мұнай өнімдерінің сатып алынған мөлшері (тоннамен) көрсетіледі.

      29. 6-бағанда мұнай өнімдерінің сатылған мөлшері (тоннамен) көрсетіледі.

      30. 7-бағанда жұмыс күнінің соңына мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) көрсетіледі (тоннамен). Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңында.

      31. 8-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы көрсетіледі.

      32. 9-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің ЖСН немесе БСНкөрсетіледі.

      33. 10-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 № 1023 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. 11-бағанда мұнай өнімдерін алушының атауы көрсетіледі.

      35. 12-бағанда мұнай өнімдерін алушының ЖСН немесе БСН көрсетіледі

      36. 13-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 № 1023 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. 14-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 № 1023 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
2-қосымша

      нысан

20__ жыл үшін автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 № 1023 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (атауы, орналасқан жері)

      *____________________________________________________________________


Күні

Мұнай өнімінің пин-коды

Мұнай өнімдерінің қозғалысы (тоннамен)

Жұмыс күнінің (ауысымның) басындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері)

Сатып алынған мұнай өнімі (мұнай өнімдері базасынан не резервуардан орны өткізілген)

Отын-үлестіру колонкалары арқылы сатылған мұнай өнімдері

Жұмыс күнінің (ауысымның) соңындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері)

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

мұнай өнімдерін жеткізушілер туралы мәліметтер

Журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы

мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы

жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі

ілеспе жүк- құжатының нөмірі

ілеспе жүкқұжатының күні

ілеспе жүкқұжаты бойынша мөлшері (тоннамен)

7

8

9

10

11

12







      Ескертпе * жылжымалы түрдегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын мұнай өнімі нарығының субъектілері, меншік иесінің (жалға берушінің) атауы, автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін және қауіпті жүк тасу қызметімен айналысу құқығына лицензияның нөмірін көрсетеді. Отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіші автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаға сәйкес толтырылады.

  Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын
  есепке алу журналына
  қосымша

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (атауы, орналасқан жері)


Отын-үлестіру колонкаларындағы (ОҮК) есептеуіштердің көрсеткіштері

Жауапты жеке немесе заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

Күні

Мұнай өнімдерінің түрлері

Жұмыс күнінің (ауысымның) басында ОҮК есептеуішінің көрсеткіштері

жұмыс күнінің (ауысымның) соңында ОҮК есептеуішінің көрсеткіштері

Жұмыс күні (ауысымда) ішінде ОҮК арқылы сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері, литрмен*

№ 1 ОҮК

№ 2 ОҮК

№ 1 ОҮК

№ 2 ОҮК

№ 1 ОҮК

№ 2 ОҮК

1

2

3

4

5

6

7

8

9










































      Ескертпе * отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері = жұмыс күні (ауысым) соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері – жұмыс күні (ауысым) басында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
3-қосымша

      нысан

20__ жыл үшін мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы

      Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 28.06.2016 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 № 1023 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (атауы, орналасқан жері)


күні

мұнай өнімдерінің түрлері

мұнай өнімінің пин-коды

мұнай өнімдерінің қозғалысы (тоннамен)

жұмыс күнінің (ауысымның) басындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері)

сатып алынған мұнай өнімі (мұнай өнімдері базасынан не резервуардан орны ауыстырылған)

сатылған мұнай өнімдері (мұнай өнімдері базасына не резервуардан орны ауыстырылған)

жұмыс күнінің (ауысымның) соңындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері)

1

2

3

4

5

6

7















      кестенің жалғасы

мұнай өнімдерін жеткізушілер туралы мәліметтер

мұнай өнімдерін алушылар туралы мәліметтер

журналды жүргізуге жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы

жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі

ілеспе жүкқұжатының нөмірі

мұнай өнімдерін алушының атауы

алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

ілеспе жүкқұжатының нөмірі

8

9

10

11

12

13

14