"Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 514 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"5.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі,
оның ведомствосын қоса алғанда, оның ішінде:

1043


шет елдердегі мекемелер

676".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов