Мемлекеттік сатып алу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 303 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "веб-сайттарда", "веб-сайттың", "веб-сайты", "веб-сайтында", "веб-сайтта", "веб-сайт", "Веб-сайтта", "веб-сайтынан", "веб-сайтын" деген сөздер тиісінше "интернет-ресурстарда", "интернет-ресурстың", "интернет-ресурсы", "интернет-ресурсында", "интернет-ресурста", "интернет-ресурс", "Интернет-ресурста", "интернет-ресурсынан", "интернет-ресурсын" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.07.10. N 178-IV Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ашық тауар биржалары" деген сөздер "тауар биржалары" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.05.04. N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз, 2009.05.08. жарияланды) Заңымен.

      Осы Заң мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің арасында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті олардың жүзеге асыруы процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары - акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы тікелей не жанама түрде тиесілі болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік әрбір келесі аффилиирленген тұлғаға өзге заңды тұлғаның акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы тиесілі болатынын білдіреді;

      2) әлеуетті өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум). Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуетті өнім беруші болуы мүмкін;

      3) әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасы - аталған әлеуетті өнім берушінің шешімдерін айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты аталған әлеуетті өнім берушінің осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

      4) біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер - бірдей болмаса да, белгілі бір функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

      5) демпингтік баға - конкурсқа қатысушының тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрінеу төмен баға болып табылады;

      6) жұмыстар - құрылыспен, заттық нәтижесі бар шикізат кен орындарын жайластырумен байланысты қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмысқа жатқызылған өзге де қызмет;

      6-1) Қазақстан Республикасының резиденттері — шетел мемлекетінде тұрақты тұру құқығына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегінен тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары;
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында тұратын жері бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде тұратын жері бар олардың филиалдары мен өкілдіктері;
      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі оның дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;

      6-2) қазақстандық мазмұн — мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде жұмысқа тартылған кадрлардың жалпы санынан жұмысқа тартылған қазақстандық кадрлардың немесе әлеуетті өнім берушілер тауарларының, жұмыстары мен көрсететін қызметтерінің жалпы құнынан тікелей де, қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алынатын отандық тауар өндірушілердің және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің тауарлары, жұмыстары, көрсететін қызметтері құнының проценттік мазмұны; U090733, P090366, V095683

      6-3) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер — Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес процентін пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      7) конкурстық комиссия - осы Заңда көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

      8) конкурстық құжаттама - конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің шарттары мен тәртібі қамтылатын, конкурсқа қатысуға өтінім әзірлеу үшін әлеуетті өнім берушіге табыс етілетін құжаттама;

      9) көрсетілетін қызметтер - тапсырыс берушінің заттық нәтижесі жоқ қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

      10) қаулы — бақылау нәтижелерін растайтын және ол жолданған мемлекеттік сатып алу жүйесінің барлық субъектілерінің орындауы үшін міндетті шешімдер бар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органы қабылдаған акт;

      11) мемлекеттік кәсіпорынның аффилиирленген тұлғалары - еншілес мемлекеттік кәсіпорындар;

      12) мемлекеттік сатып алу - жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемді қызмет көрсету шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгізуді, оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгізуді қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы;

       РҚАО-ның ескертуі!
      13) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен алынып тасталады.
      13) Мемлекеттік сатып алу бюллетені (бұдан әрі - Бюллетень) - мемлекеттік сатып алудың өткізілуге дайындалып жатқаны және өткізілгені туралы мәліметтер жарияланатын мерзімді баспа басылымы;

      14) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі - әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тиісті комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені;

      14-1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы — мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға не өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;

      14-2) мемлекеттік сатып алудың веб-порталы - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қолын жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе ;

      15) мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      16) мемлекеттік сатып алу жүйесі - мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің және олардың мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру процесінде біртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы;

      17) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері - мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      18) мемлекеттік сатып алу саласындағы қызмет - мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтер көрсету, мемлекеттік сатып алу жүйелерінің субъектілеріне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;

      19) мемлекеттік сатып алу туралы шарт - осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;

      20) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.11.20  N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен);

      20-1) отандық кәсіпкерлер — Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер;

      20-2) отандық тауар өндірушілер — Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және:
      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында тізбеленген, толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды;
      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабында белгіленген жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті өңделген тауарларды өндіретін әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрі - отандық тауар өндірушілер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      21) өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның келісім-шарт жасаушы агенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум). Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнім беруші болуы мүмкін;

      22) сараптама комиссиясы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге қатысу әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды әзірлеу үшін тартылатын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

      23) сарапшы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге қатысу әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды әзірлеу үшін тартылатын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы айқындаған жеке тұлға;

      24) тапсырыс берушілер - ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар; P090787

      25) тауарлар - нәрселер (заттар), оның ішінде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектіленген нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар;

      25-1) ұсыну — Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшін бақылау объектілеріне жіберілетін уәкілетті органның , мемлекеттік қаржылық бақылау органының орындауға міндетті актісі;

      26) шартты баға - конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңімпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезінде ғана пайдаланылатын баға;

      27) электрондық мемлекеттік сатып алу — ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу;

      28) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор — Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акциялардың (қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз),  2009.05.05. N 158-IV Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
             сатып алу туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік   құқықтық   актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      3-бап. Мемлекеттік сатып алуды құқықтық
             реттеу принциптері

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы:

      1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

      2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беру;

      3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

      4) мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;
      5) отандық кәсіпкерлерді қолдау принциптеріне негізделеді.
       Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      4-бап. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен
             мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды
             регламенттейтін нормаларын қолданбай жүзеге
             асырылатын мемлекеттік сатып алу

      1. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) егер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында   белгіленген бағалар, тарифтер, алымдар және төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      3) жедел-іздестіру қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыруға уәкілетті органдардың оларды жүзеге асыру үшін:

      жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келісім берген адамдар көрсететін қызметтерді;

      қызметтік үй-жайларды, көліктік және өзге де техникалық құралдарды, мүлікті;

      жасырын ұйымдар құру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететін қызметтерді сатып алу;

      4) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;

      5) стратегиялық маңызы бар өнеркәсіптер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;

      6) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алуы;

      7) өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      8) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;

      9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпаратты шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттарды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, әртүрлі магниттік жеткізгіштерде басылған дыбыстандырылған кітаптарды, көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсету үшін рельефтік-нүктелік шрифтімен, тифлоқұралмен басылған кітаптарды сатып алу;

      10) қызметкерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      11) рейтингтік агенттіктер көрсететін қызметтерді, қаржылық қызметтерді сатып алу;

      12) мамандандырылған кітапханалардың қызметтерін сатып алу;

      13) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін сатып алу;

      14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестерді сатып алу;

      15) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      16) мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық) және жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнім берушілерден Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша арнайы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімдерін сатып алу;

      17) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      18) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны, оларды жасау, сақтау, жеткізіп беру жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олардың дизайны мен дайындалуына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      19) мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметтері қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өтемсіз негізде ұсынатын грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келісімдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге рәсімдері көзделген жағдайларда осы гранттарды бірлесіп қаржыландыруға бөлінген ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      20) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      21) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесіне кіретін медициналық қызметтерді сатып алу;

      21-1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді сатып алу;

      21-2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың алдын алу үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;

      22) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау әрі олармен бірге жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      23) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      24) тарих және мәдениет ескерткіштері ретінде мемлекет қорғауына алған және мемлекеттік мұражай, кітапхана, мұрағат қорларын, кино-, фотосурет қорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның ішінде мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын, сондай-ақ көшірмелерін қоса алғанда, сирек кездесетін және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, мұрағат құжаттарын сатып алу;

      25) сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      26) табиғи монополия субъектілерінен реттелетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      27) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие, осындай нарықта үлесі жүз процентке тең болатын тұлғадан не нарық субъектісінен олардың қызметінің негізгі нысанасы бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      28) төтенше жағдай салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшін, электр энергетикасы объектілеріндегі, тіршілікті қамтамасыз ететін коммуникациялық жүйелердегі, темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігі объектілеріндегі, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбырларындағы, газ құбырларындағы аварияларды жою үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетіктердің, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтіруді талап ететін сынуы, істен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      29) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің, сондай-ақ олардың атынан жұмыс істейтін тапсырыс берушілердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      30) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерін сатып алу;

      31) мемлекеттік органның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті мемлекетке тиесілі және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша оған қатысты иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінен, сондай-ақ оған қатысты осындай мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы бойынша басқару органының функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуы;

      32) монетарлық қызметті , сондай-ақ Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      33) Қазақстан Республикасы Президентін, өзге де күзетілетін тұлғаларды және күзетілетін тұлғалардың келуіне арналған объектілерді күзетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу;

      34) халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушінің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;

      35) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      36) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      37) акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің мүшелеріне, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу;

      38) мамандандырылған ұйымының (агенттің) отандық өнім өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу. Мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді ;

      39) мемлекеттік статистикалық бақылаулар деректерін өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      40) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;
      Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;
      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;
      мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алу; U952721

      41) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететін қызметтерін сатып алу;

      42) түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемін, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелері кәсіпорындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді ;

      43) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерден және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті ұйымнан сатып алу;

      44) мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған және сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіретін ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу. Мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесін, осындай сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың көлемі мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітіп , айқындайды;

      45) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.11.20  N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен);

      46) электр энергиясын сатып алу;

      47) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.11.20  N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен);

      48) дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың табиғи газды, уранды және оның қосылыстарын сатып алуы;

      49) нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу;

      50) жұмылдыру тапсырмаларын (тапсырыстарын) орындайтын ұйымдардан жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      51) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және азаматтық авиациясы субъектілерінің авиаотынды тікелей отандық мұнай өңдеуші кәсіпорындардан сатып алуы;

      52) отандық тауар өндірушілердің — мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін өнімдерді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      53) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және мемлекеттік сатып алу бойынша өнім беруші ретінде айқындалған, олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар шеңберінде белгіленген өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      54) ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      55) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және ұзақ мерзімдік бес жылдық шарт бойынша олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың, егер соңғы үш жыл ішінде мұндай тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының шегінен тыс жүргізілген болса, тапсырыс берушінің техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында тәжірибелік өнеркәсіп үлгісінде өндіруді және тауарларды сериялық өндіруді ұйымдастыруды көздейтін отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алуы;

      56) отандық тауар өндірушілерден мемлекеттік материалдық резервке жанар-жағар май материалдарын сатып алу;

      57) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу қызметін көрсетуді сатып алу;

      58) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен бөлінген ақша есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Заңның 3-бабының 1) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу принциптері сақтала отырып, жүзеге асырылады.
       Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз),  2009.07.11. N 182-IV , 2009.07.16. N 186-IV Заңдарымен.

      5-бап. Мемлекеттік сатып алу процесі

      1. Мемлекеттік сатып алу процесі:

      1) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.11.20  N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен);

      2) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді;

      3) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;

      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.

      Осы тармақтың ережелері осы Заңның 41-1-бабында жүзеге асырылуы көзделген мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

      2. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.11.20  N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен).

      3. Тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (бизнес жоспар, кірістер мен шығыстар сметасы) бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және онда мынадай мәліметтер:

      1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
номенклатурасы;

      2) осы Заңның 4-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімі;

      3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің жоспарланған мерзімі мен орны;

      4) осы Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сома шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері қамтылуға тиіс.

      4. Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға жібереді не табыс етеді.

      5. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
      Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға аталған шешімнің көшірмесін және өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген мемлекеттік сатып алу жоспарынан үзінді көшірме табыс етуге міндетті.
      Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарын ақпараттық жүйелерді не электрондық құжат айналымын пайдалана отырып, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен жібереді.

      6. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағының 3) және 32) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізілуге жатпайды.

      7. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспары негізінде қабылдайды.
      Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тиісті бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген жағдайларда ғана қабылдауға құқылы.

      8. Мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.

      9. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушіні таңдау, сондай-ақ олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу осы Заңдa айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      Тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында осы шарт бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша күнделікті немесе апта сайын тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартуға құқылы.

      10. Тапсырыс беруші мынадай жағдайларда:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырыс берушінің бюджеттік бағдарламасының паспортына, бюджетіне (бизнес-жоспарына, кірістер мен шығыстар сметасына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер енгізілген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
      Тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші осындай шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етуге;

      2) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын
қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті.
       Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      6-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты
            шектеулер

      1. Әлеуетті өнім беруші, егер:

      1) осы әлеуетті өнім берушінің басшылары және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      2) әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның қызметкері тапсырыс берушіге не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;

      3) мемлекеттік сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші басшыларының мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатыстары бар болса және осындай заңды тұлғаларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін негіз болған жол берген бұзушылықтары сот шешімімен танылса;

      4) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

      5) баланстық құны тиісті негізгі құрал-жабдықтар құнының он процентінен асатын әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) мүлкіне тыйым салынса;

      6) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші мемлекеттің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы емес.

      2. Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасының бір конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.

      3. Мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мүддесіне орай жүзеге асырылатын болса, оның осындай сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға құқығы жоқ.

      4. Осы баптың талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім беруші не өнім беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге тиіс.

      7-бап. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау
               тәртібі

      1. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүддесін білдіретін оның лауазымды адамын айқындайды.

      2. Тапсырыс берушінің өзі тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты өз құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бола алады.
      Тапсырыс беруші өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемені не оның аффилиирленген тұлғасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы етіп айқындауға құқылы.

      3. Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай талаптарға:

      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесі болуға;

      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қызметінің бейіні тапсырыс беруші үшін сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ерекшелігіне сай болуға тиіс.

      4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
      Мемлекеттік кәсіпорын онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
      Дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

      5. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;

      3) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекемелер немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы;

      4) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекемелер немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;

      5) өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшін ол мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы.

      6. Осы баптың 5-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны) айқындауға осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптар сақталған жағдайда жол беріледі.

      7. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарында өзінің атынан өкілдік ететін лауазымды адамды айқындауға міндетті. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері қатарынан айқындалуға тиіс.
       Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      8-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік
            талаптары

      1. Әлеуетті өнім берушіге жалпы және арнайы біліктілік талаптары қойылады.

      2. Әлеуетті өнім беруші мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуі:

      1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;

      2) төлем қабілеттілігінің болуы, үш айдан асатын мерзімге салық берешегінің болмауы;

      3) банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатқызылмауы тиіс.
      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өздеріне қатысты оңалту рәсімі өткізілетін әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.

      3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісі, осы баптың 2-тармағында белгіленген жалпы біліктілік талаптарынан басқа, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      4. Әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген тиісті құжаттарды табыс етеді.

      5. Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды табыс етеді.

      6. Әлеуетті өнім беруші жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін мынадай құжаттардың бірін:

      1) әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингі берілгендігін растайтын құжатты; V064139

      2) әлеуетті өнім берушінің биржаның ресми листингіне енгізілгендігі туралы қор не тауар биржасының үзінді көшірмесін беру арқылы растауға құқылы.

      Лицензиялануға тиісті қызметтің түрлерін жүзеге асырушы әлеуетті өнім берушінің құқықтық қабілеті оның Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті лицензияның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін беруі арқылы расталады.

      7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары әлеуетті өнім беруші жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер не қызмет көрсетулер бойынша бірлескен орындаушы ретінде тартуды көздейтін жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
      Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлескен орындаушыларын) тартуды көздейтін әлеуетті өнім беруші жұмыстарға не көрсетілетін қызметтерге тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынуға тиіс.
      Қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде белгіленеді.

      8. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу өткізілетін соманың жүз процентке тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдік түрінде шартты орындауын қамтамасыз етуге ұсыну арқылы төлем қабілеті туралы жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін мынадай жағдайларда:

      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға өтініммен бірге растауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толығымен орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге әлеуетті өнім беруші ұсынады;

      2)  бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толығымен орындау үшін жеткілікті мерзімге оның біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау кезеңінде растауға құқылы.

      9. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында, 30, 31 және 36-баптарында көзделген мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда қолданылмайды.

      10. Осы Заңның 41 және 42-баптарында көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың ерекше және арнайы тәртіптерді қолдану арқылы мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуын қоспағанда, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.07.05  N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20  N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2009.02.20. N 138-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

      9-бап. Әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына
             сәйкес келмейді деп танудың негіздері

      1. Әлеуетті өнім беруші мынадай негіздердің бірі бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылуға тиіс:

      1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) табыс етпеуі не тиісінше ресімделмеген құжат (құжаттар) табыс етуі;

      2) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігін, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) сәйкестігін растау үшін табыс етілген құжаттарында қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактісінің анықталуы;

      3) біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісінің анықталуы.

      2. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлескен орындаушысын) осы баптың 1-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

      10-бап. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары
              бойынша дұрыс емес аппарат беруінің салдары

      1. Біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.

      2. Әлеуетті өнім беруші табыс ететін біліктілік талаптары бойынша ақпараттың дұрыстығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік қаржылық бақылау
органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген кезеңінде анықтауы мүмкін.

      3. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісін анықтаған тұлғалар:

      1) осындай факті анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарламаға осы фактілерді растайтын құжаттардың көшірмесін қоса беріп, тапсырыс берушіні және уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге;

      2) осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынған әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арыз беруге міндетті.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының талабы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен мәслихаттардың тексеру комиссияларына, олар мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері (ұйымдастырушылары) ретінде болатын жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.
       Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.11.20  N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      11-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында
             қалыптастырылатын тізілімдер

      1. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай:

      1) тапсырыс берушілердің;

      2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (жіктеуіштің);

      3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың;

      4) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың бірыңғай республикалық тізілімдерін (бұдан әрі - тізілімдер) қалыптастыруды және оларды жүргізуді жүзеге асырады.

      2. Тапсырыс берушілердің тізілімі өздерінің жұмыс істеуі, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметті орындауы үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті заңды тұлғалардың тізбесі болып табылады.

      3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізілімі (жіктеуіші) тапсырыс берушілердің осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алатын
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі болып табылады.

      4. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткіштері туралы, тараптардың шарттық міндеттемелерін орындауының нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесі болып табылады.
      Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 23) және 32) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге болмайды.

      5. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі :

      1) біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат табыс еткен әлеуетті өнім берушілердің;

      2) осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім берушілердің;

      3) (алынып тасталды - ҚР-ның 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен);

      4) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан бас тартқан әлеуетті өнім берушілердің;

      5) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасасқан шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісті дәрежеде орындамаған өнім берушілердің тізбесі болып табылады.
      Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде жасалады.
      Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он сегіз ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді. Осы Заңның 38-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушімен жасалуы мүмкін.
      Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындамаған не тиісті дәрежеде орындамаған өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап отыз ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
      Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы Заңда белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей аталған тізілімнен шығарылып тасталады.
      Уәкілетті орган әлеуетті өнім берушінің не өнім берушінің мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оған хабарламаның жіберілгені және оны алғаны фактісін растайтын тәсілмен тиісті хабарлама жібереді.
      Әлеуетті өнім берушіні не өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге олардың сот тәртібімен шағым жасауына болады.
      Осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға мұндай әлеуетті өнім беруші туралы мәлімет жіберуге және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап-арызбен өтініш жасауға міндетті.

      6. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тізілімде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді болуға тиіс.
       Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.11.20  N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      12-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері

      1. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

      1) конкурс тәсілімен. Конкурс екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін;

      2) баға ұсыныстарын сұрату;

      3) бір көзден алу;

      4) ұйымдастырылған электронды сауда-саттық ;

      5) тауар биржалары арқылы.

      2. Тапсырыс беруші уәкілетті органмен келіспей-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Заңға сәйкес таңдайды.

      3. Өзінің филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемін негізге ала отырып, тапсырыс берушінің атынан осындай мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушінің филиалы (өкілдігі) тікелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін тапсырыс беруші айқындауға құқылы.

       РҚАО-ның ескертуі!
      4-тармаққа 2010 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен өзгерту енгізіледі.
      4. Осы баптың 1-тармағы 1)-3) тармақшаларында көзделген тәсілдер арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ақпараттық жүйелер және электрондық құжат айналымы пайдаланыла отырып жүргізілуі мүмкін.
       РҚАО-ның ескертуі!
      5-тармақпен 2010 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен толықтырылады.
       Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.11.20  N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

      13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік
             сатып алу саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

      2) (алынып тасталды - ҚР-ның 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен);

      3) үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді ;

      4) осы Заңның нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының тізбесін бекітеді, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді ;

      5) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекітеді ;

      6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді ;

      7) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағына және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекітеді ;

      8) ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді , сондай-ақ оларды сатып алу тәртібін айқындайды;

      9) осы Заңда айқындалған отандық әлеуетті өнім берушілер санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды ;

      10) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекітеді ;

      11) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртібін айқындайды ;

      12) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды белгілейді ;

      13) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің тәртібін айқындайды ;

      14) электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін айқындайды ;

      15) мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың тәртібін айқындайды ;

      16) арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімдерін берушілерді айқындайды , сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекітеді ;

      17) сатып алу операцияларын және баға интервенциясын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекітеді ;

      18) түзету мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес олардан тапсырыс берушілер сатып алатын, олар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемін бекітеді ;

      19) мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесін және олар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемін бекітеді, сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 44) тармақшасына сәйкес осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардан тапсырыс берушілердің сатып алу тәртібін айқындайды;

      20) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындайды ;

      21) қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін айқындайды;

      22) осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына сәйкес акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін айқындайды.
       Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.11.20  N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2009.02.20. N 138-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

      14-бап. Уәкілетті органның құзыреті

       Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік сатып алу саласында және халықаралық ынтымақтастық саласында стратегиялық бағдарламалық, құжаттар әзірлейді;

      2) мемлекеттік сатып алу саласында салааралық үйлестіру мен әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;

      3) осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;

      4) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер жасауды және жүргізуді жүзеге асырады;

       РҚАО-ның ескертуі!
      5) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен алынып тасталады.
      5) осы Заңға сәйкес Бюллетеньде мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер жариялауды жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;

      6) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындайды ; V095683

      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

      8) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеуге, енгізуге және пайдалануға қатысады;

      9) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызмет көрсету тәртібін айқындайды ;

      10) мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған ақпараттың сақталу тәртібін айқындайды;

      11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады; V021890
      қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алу субъектілері ұсынған есептілік деректерінің, материалдар мен ақпараттың дұрыстығын тексереді.
      Уәкілетті орган:

      1) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілерінен қажетті ақпаратты және материалдарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен сұратуға және алуға;

      2) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын сараптамалар және консультациялар жүргізуге тартуға құқылы.
       Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.11.20  N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

       14-1-бап. Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы
                  бірыңғай оператордың өкілеттігі

      Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор :

      1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеуді, енгізуді, ақпараттық-техникалық сүйемелдеу және пайдалануды жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімді техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталының құрылуын, жұмыс істеуін  және оны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

      4) осы Заңға сәйкес өтеусіз негізде міндетті түрде жариялануға жататын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады;

      5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызмет көрсетеді ;

      6) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне өтеусіз негізде консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;

      7) мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік сатып алу жобаларын басқаруды және оны техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады;

      8) мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілікті, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы есептілікті техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; P090366 , V095683

      9) мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар интеграциясы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттандыру саласында ұлттық оператормен өзара іс-қимыл жасайды.
       Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу
              туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды мына органдар:

      1) Қазақстан Республикасының бюджет кодексінде белгіленген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік қаржы бақылау органдары;

      2) уәкілетті орган бақылау объектілерін жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді орындау арқылы жүзеге асырады.

      2. Мыналар:

      1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптамалық комиссия, сарапшы;

      2) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысушы, өнім беруші, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету үшін бірлескен атқарушылар ретінде тартатын тұлғалар;

      3) ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттік сатып алуға қатысушы тұлғалар;

      4) мемлекеттік сатып алуға тауар биржалары арқылы қатысатын тұлғалар бақылау объектілері болып табылады.

      3. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау объектілеріне осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар жатады, олар бір мезгілде мемлекеттік қаржы бақылау объектілері болып табылады.

      4. Бақылау объектілеріне қатысты жоспарлы тексерулер күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық жүзеге асырылмайды.

      5. Уәкілетті орган жоспардан тыс тексерулерді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:

      1) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдана отырып, жазбаша өтініш бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 45-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырады;

      2) бақылау объектілерінің әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны туралы ақпарат келіп түскенде;

      3) құқық қорғау органдарының қаулылары келіп түскен кезде;

      4) мемлекеттік сатып алуды жинау, қорыту және талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

      5) (алынып тасталды - ҚР-ның 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен).

      6. Уәкілетті орган бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:

      1) бақылау объектісіне орындауға міндетті ұсыну жібереді;

      2) (алынып тасталды - ҚР-ның 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен);

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.

      7. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде тиісті бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:

      1) бақылау объектілеріне орындауға міндетті қаулылар, ұсынулар жібереді;

      2) (алынып тасталды - ҚР-ның 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен).

      8. Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің қылмыс құрамы белгілері бар іс-әрекетті (әрекетсіздікті) жасасу фактісі анықталған жағдайда, мемлекеттік қаржы бақылау органдары осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті.

      9. Мемлекеттік қаржы органдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
       Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

3-тарау. КОНКУРС ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

      16-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
              жүзеге асыру

      1. (алынып тасталды - ҚР-ның 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен).

      2. (алынып тасталды - ҚР-ның 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен).

      3. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мұндай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге құқылы.
      Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
      Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

      4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін және конкурстық комиссия конкурсқа қатысушы деп таныған әлеуетті өнім берушілер қатысады.
      Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу:

      1) конкурстық комиссия екіден кем әлеуетті өнім берушіні конкурсқа қатысушы деп таныған;

      2) осы Заңның 26-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екіден кем конкурстық баға ұсыныстары бағалануға және салыстыруға жатқызылған;

      3) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайлардың бірі болғанда өтпей қалды деп танылады.
       Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      17-бап. Конкурстық құжаттама

      1. Конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының   талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерімен айқындалған үлгілік конкурстық құжаттаманың негізінде әзірлейді.

      2. Конкурстық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгіленген жалпы және арнайы біліктілік талаптарынан басқа мынадай мәліметтер:

      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;

      2) белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық өзіндік ерекшеліктерін қоса алғанда, ал қажет болғанда нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;

      3) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;

      4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;

      5) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;

      6) төлем жасау шарттары және елеулі шарттары көрсетіле отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;

      7) бағадан басқа барлық критерийлердің сипаттамасы, солардың негізінде конкурс жеңімпазы, оның ішінде әрбір осындай критерийлердің салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеудің әдістемесі айқындалады;

      8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларынан басқа, оларды тасымалдау мен сақтандыру шығыстарын, кеден баждарын, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды төлеуді көрсету;

      9) конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы көрінетін валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағам; V095570

      10) конкурсқа қатысуға өтінімдер, мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жасалатын және табыс етілетін тілге қойылатын талаптар;

      11) конкурсқа қатысуға өтінімді енгізудің талаптары, өтінімді қамтамасыз етудің мазмұны мен түрлері;

      12) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өз өтінімін оны берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті сілтеме жасау;

      13) конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті табыс етудің тәртібі, тәсілі, орны мен соңғы мерзімі және конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданыста болуының талап етілетін мерзімі;

      14) әлеуетті өнім берушілер олардың көмегімен конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсініктемелер сұрата алатын тәсілдер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесулер өткізу орны, күні және уақыты;

      15) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні және уақыты;

      16) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдерінің сипаттамасы;

      17) алда болатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атынан уәкілеттік ететін олардың өкілдері туралы мәліметтер;

      18) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің талаптары, түрлері, көлемі және оны енгізудің тәсілі;

      19) конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
      Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.

      3. Конкурстық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өндірістік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтемелердің болуына:

      1) негізгі (белгіленген) жабдықтарды қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;

      2) тауарды лизингке беру жөнінде қызметтер көрсетушіні айқындау және лизинг нысанасын толық сипаттау қажеттігінің туындауы үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, жол берілмейді.

      4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау және отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай критерийлерді:

      1) әлеуетті өнім берушіде:
      өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;
      өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында кәсіби біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесі бар мамандардың;
      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес отандық тауар өндірушілер үшін ұсынылатын тауарларды ерікті түрде сертификаттауды растайтын құжаттың;
      мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сапаның сертификатталған менеджмент жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) болуын;

      2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) пайдалану шығыстарын, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді;

      3) қазақстандық мазмұнды көздеуге міндетті. P090367 , P090366

      5. Конкурстық құжаттамада осы Заңда белгіленген жағдайларда жариялануға тиісті ақпаратты орналастыру жоспарланып отырған интернет-ресурстың электрондық мекенжайы (бұдан әрі - тапсырыс берушінің интернет-ресурсы ) көрсетілуге тиіс. Тапсырыс берушінің  интернет-ресурсы тұрақты жұмыс істеуге және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын тұлғаға тиесілі болуға тиіс.

      5-1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен конкурстық құжаттама сараптама жасауға жатады.

      6. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
      Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушілердің бірінші басшылары не жауапты хатшылар немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не оның міндетін атқаратын тұлғалар бекітеді.
      Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде, 4-тармағында, 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы не бірыңғай ұйымдастырушы болатын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші басшысы не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғасы не олардың міндеттерін атқаратын тұлғалар бекітеді.

      7. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      18-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге
              асыру туралы хабарлама

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдер берген соңғы күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын:

       РҚАО-ның ескертуі!
      1) тармақшаның ережелері 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен қолданылады.
      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін осы Заңға сәйкес уәкілетті орган айқындаған заңды тұлғаға хабарландырудың мәтінін Бюллетеньде жариялау үшін жіберуге;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға;

      3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға;

      4) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында хронологиялық тәртіппен конкурстық құжаттаманы алған тұлғалардың орналасқан жерін, почта және электрондық мекен-жайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ басқа да мәліметтерді көрсете отырып, бекітілген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактісін тіркеуді қамтамасыз етуге міндетті.
      Конкурс тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға міндетті.

      2. Жабық конкурс тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жабық конкурсқа қатысуға өзі шақыратын әлеуетті өнім берушілердің атына осындай шақыруды алғандығын растау шартымен жазбаша хабарламалар жібереді.
      Жабық конкурс тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жабық конкурсқа қатысуға өзі шақыратын әлеуетті өнім берушілердің атына осындай шақыруды алғандығын растау шартымен тиісті жазбаша хабарламаны жіберуге тиіс.
       Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      19-бап. Конкурстық құжаттаманы табыс ету

      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы мүдделі тұлғаларға қағаз жеткізгіште (бұдан әрі - конкурстық құжаттаманың көшірмесі) не бекітілген конкурстық құжаттаманы осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген талаптары ескеріліп, тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы табыс етеді.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін мүдделі тұлғаларға олар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың көшірмесін табыс ету туралы өтініш жасаған күні табыс етуге міндетті.
      Егер конкурстық құжаттаманың көшірмесі арқылы негізде табыс етілген болса және бұл туралы сілтеме тиісті хабарламада қамтылса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оны мүдделі тұлғаларға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға аталған ақыны енгізгенін растайтын құжатты ұсыну шартымен өздері өтініш жасаған күні табыс етеді.
      Конкурстық құжаттаманың көшірмесін табыс еткені үшін ақы мөлшері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттама көшірмесінің данасын әзірлеумен тікелей байланысты шығыстарынан аспауға тиіс.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін табыс еткен тұлғалар туралы мәліметтерді, сол сияқты тапсырыс берушінің интернет-ресурсынан бекітілген конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізуге тиіс.

      3. Конкурстық құжаттаманы конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін жарияланғанға дейін табыс етуге жол берілмейді.
       Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      20-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру

      1. Осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетілген тіркеу журналына мәліметтері енгізілген тұлғалар конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалмен жүгінуге құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуге тиіс.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап қайтаруға және сауалдың кімнен келіп түскенін көрсетпестен:

      1) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді, осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына мәліметтері енгізілген тұлғаларға жіберуге;

      2) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күні өткенге дейін күнтізбелік бес күн мерзімнен кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетілген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғалардың сауалына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Заңның 17-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:

      1) енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін, осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетілген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға өтемсіз негізде жіберуге;

      2) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.
      Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік он күн мерзімге ұзартылуға тиіс.

      3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетілген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғалардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттамада көрсетілген белгілі бір жерде және тиісті уақытта кездесу өткізуге құқылы. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мүдделі тұлғалармен аталған кездесу өткізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, олардың дерек көздерін көрсетпей ұсынылған конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалдарды, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптарды қамтитын хаттаманы ресімдейді және оған қол қояды.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және оған қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:

      1) конкурстық комиссияға, сондай-ақ осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға аталған хаттаманың көшірмесін жіберуге;

      2) көрсетілген хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.
       Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      21-бап. Конкурсқа қатысуға өтінім

      1. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарларды беруді, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім беру нысаны болып табылады.

      2. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің:

      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтың болмағандығы туралы;

      2) өзінің және тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен осы Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісімі туралы растауды қамтуға тиіс.
      Конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылуға тиіс мәліметтер, сондай-ақ құжаттар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ережелерінде айқындалады.

      3. Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуге тиіс.

      22-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс ету

      1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мөр басылған конвертте оны табыс етудің конкурстық құжаттамада көрсетілген соңғы мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
      Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті не конкурсқа қатысуға өтінімнің құрамдас бөлігі болып табылатын құжаттарды және (немесе) материалдарды оларды табыс етудің конкурстық құжаттамада көрсетілген соңғы мерзімі өткеннен кейін табыс етуге жол берілмейді.
      Белгіленген мерзім өткеннен кейін табыс етілген конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверт ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді белгіленген мерзім өткенге дейін табыс еткен әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

      3. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс ету мерзімі аяқталған кезден кешіктірмей:

      1) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

      2) конкурсқа қатысуға өзі енгізген өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.
      Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алу сияқты, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдердің конкурстық құжаттамада белгіленген қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерден олардың қолданылу мерзімін нақты уақыт кезеңіне ұзартуды сұратуға құқылы. Әлеуетті өнім беруші:

      1) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

      2) мұндай өтінімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, мұндай сауалды қабылдамауға құқылы.

      5. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға өзінің қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның, сарапшының, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді мойнына алмайды.

      23-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету

      1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, өзінің:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімін мұндай өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтындығының не өзгертпейтіндігінің және (немесе) толықтырмайтындығының;

      2) оны конкурстың қатысушысы деп таныған жағдайда, өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс ететіндігінің, ал кейіннен оны кері қайтарып алмайтындығының;

      3) оны конкурстың жеңімпазы деп таныған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасатындығының және конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізетіндігінің кепілі ретінде енгізеді.

      2. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ережелерінде айқындалған тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде енгізіледі.

      3. Әлеуетті өнім беруші, егер ол:
      1) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне;
      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

      4. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;

      2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы. V085231
      Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 6 және 7-тармақтарында аталған іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:

      1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;

      2) конкурсқа қатысушы болып танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;

      3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

      4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса
қайтармайды.

      6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасы тиісті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың кірісіне есептеледі.

      7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

      1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

      2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Аталған жағдай конкурстың қатысушылары деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

      3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

      5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенде қайтарады.
       Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      24-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған
              конверттерді ашу

      1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады.
      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім салынған әрбір конвертті ашқан кезде конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылған құжаттар мен материалдар тізбесі туралы ақпаратты жариялайды.
      Конкурсқа қатысуға өтінімді табыс еткен әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі аудио жазба немесе бейнетүсірілім жүргізу құқығымен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатысуға құқылы.
      Конкурстық комиссияның отырысына қатысушы адамның конкурстық комиссияның қызметіне араласуға құқығы жоқ.

      2. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті хаттама жасайды.
      Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына конкурстық комиссияның төрағасы және конверттерді ашу рәсіміне қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

      3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін ашу рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім берушілерге не олардың уәкілетті өкілдеріне жіберуге не табыс етуге;

      2) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының қол қойылған мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында қамтылған және тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін төлем алынбастан қолжетімді болуға тиіс.
      Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде болмаған әлеуетті өнім берушілерге конверттерді ашу хаттамасының көшірмесі олардың жазбаша сауалы бойынша не олардың уәкілетті өкілдерінің жазбаша сауалы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осындай сауалды алған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде табыс етіледі.

      4. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу күнін, уақытын және орнын өзгертуге осы өзгерістерді конкурстық құжаттамаға енгізбей тұрып жол берілмейді.
       Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      25-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа
              қатысуға рұқсат беру

      1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында жүзеге асырады.

      2. Қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкес келуіне қатысты сараптамалық қорытынды әзірлеуі үшін сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыда тиісті бейіндегі мамандар болмаған жағдайда, ол мемлекеттік қызметшілерді не сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мамандығы сәйкес келетін өзге мамандарды сарапшылар ретінде жұмысқа тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшылар ретінде өтемсіз негізде тартылады, ал өзге де мамандар тараптардың уағдаласуы бойынша ақылы да, өтемсіз де негізде тартылады.
      Сарапшылардың конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
      Ақылы негізде сарапшылар ретінде тартылатын тұлғаларды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Конкурсқа қатысуға өтінімді қарау кезінде конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдарды және түсіндірмелерді жазбаша нысанда сұратуға;

      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
      Конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтырудан, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруден көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жіберуіне және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
      Конкурстық комиссия, егер конкурсқа қатысуға өтінімде оның мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін өтінім ретінде қарайды.

      4. Әлеуетті өнім беруші, егер:

      1) оның және (немесе) оның қосалқы мердігерінің не бірлескен орындаушысының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі айқындалса;

      2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

      3) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіндігі айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).

      5. Егер әлеуетті өнім беруші осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе:

      1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарудың негіздемелері көрсетіледі;

      2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге тиіс.

      6. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша:

      1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;

      2) оларға осы Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолданады;

      3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
      Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұрса, онда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушылар көрсетіледі. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы жалпы хаттаманы онда әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсету шартымен ресімдеуге жол беріледі.

      7. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушілердің мекенжайына конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін табыс ету не жіберу;

      2) қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы конкурстық комиссияның қабылдаған шешімі туралы мүдделі тұлғаларды хабарландыруға міндетті.

      8. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
       Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      26-бап. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен
             салыстыру (конкурс)

      1. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада уақыты мен орны белгіленген күні, бірақ осы Заңның 25-бабы 7-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген тәсілдермен мүдделі тұлғалар хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен ерте өткізілмейді.
      Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио жазба және бейнетүсірілімдерді жүргізу құқығымен қатысуға құқылы.

      2. Конкурсқа қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді табыс етеді.
      Конкурсқа қатысушының бір конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуіне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
      Конкурстық комиссия хронологиялық тәртіппен конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген мерзім өткенге дейін енгізеді.

      3. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді конкурсқа қатысушылардың және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады және оларға әрбір конкурстық баға ұсынысын жариялайды.
      Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

      4. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын мынадай жағдайларда, егер:

      1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылған жағдайда қабылдамай тастайды. Демпингтік бағаны есептеу тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалады;

      2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болған жағдайда қабылдамай тастайды.

      5. Конкурстық комиссия қабылдаудан бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстарына конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген тиісті салыстырмалы өлшемдер мәнін қолдану арқылы оларды бағалайды және конкурсқа әрбір қатысушының шартты бағасын есептейді.
      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырады және ең төменгі шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын айқындайды.
      Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндіруші, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші жеңімпаз деп танылады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурстық нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында мол жұмыс тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші жеңімпаз деп танылады.
      Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жүргізілген күні қатысушыларға конкурс жеңімпазын жариялайды және оған конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді.
       Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      27-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың
              қорытындылары туралы хаттама

      1. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпазы айқындалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
      Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұратын жағдайда, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы жалпы хаттаманы ресімдейді және оған қол қояды, онда әрбір лот бойынша конкурс жеңімпаздары көрсетіледі.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей:

      1) хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға;

       РҚАО-ның ескертуі!
      2) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен алынып тасталады.
      2) осы Заңға сәйкес уәкілетті орган айқындаған заңды тұлғаға конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларын Бюллетеньде жариялау үшін ақпарат жіберуге міндетті;
      3) конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыруға міндетті.

      3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына өзі туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сауалын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтемсіз негізде табыс
етуге міндетті.

      4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада қамтылған және тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін төлем алынбастан қолжетімді болуға тиіс.
       Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      28-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
             өтпеді деп танудың салдары

      1. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші:

      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;

      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қатысуға өткізу туралы;

      3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдауға құқылы.

      2. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу конкурсқа қатысуға тек қана бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуіне байланысты өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші онымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөнінде шешім қабылдауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуіне байланысты өтпеді деп танылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сомадан аспауға тиіс.

      3. Осы Заңның 26-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы қабылданбағаннан кейін қабылданбаудан тысқары бір ғана конкурстық баға ұсынысының қалуына байланысты конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші мұндай конкурсқа қатысушымен бір кезден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөнінде шешім қабылдауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт мұндай конкурсқа қатысушының өтінімінде көзделген талаптарға сүйеніп жасалады және онымен жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.

      29-бап. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс
              тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің
              ерекшеліктері

      1. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу:

      1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігін толық тұжырымдау әрі олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келіссөз жүргізу қажет болған;

      2) ғылыми зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер жүргізу немесе әзірлемелер жасау қажет болған жағдайларда өткізілуі мүмкін.

      2. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай дәйекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді:

      1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
      тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы;
      мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы;
      сараптама комиссиясының не сарапшының тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
      тапсырыс берушінің интернет-ресурсын айқындау;
       РҚАО-ның ескертуі!
      6-шы абзацта Бюллетеньде" деген сөз 2010 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен алынып тасталады.
      екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды Бюллетеньде мемлекеттік сатып алу веб-порталында және тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялау;
      мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма табыс етуі;
      әлеуетті өнім берушілердің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды табыс етуі;
      сараптама комиссиясының не сарапшының әлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстарын қарауы және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды жеткізудің (орындаудың, көрсетудің) шарттық талаптарына қатысты мәселелерді талқылауы;
      сараптама комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшеліктерін әзірлеуі;
      мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқаратын тұлғаның бекітуі;
      мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жіберуі;

      2) екінші кезеңде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады.
       Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

4-тарау. БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН СҰРАТУ ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

       РҚАО-ның ескертуі!
      30-бап 2010 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен жаңа редакцияда жазылады.

       30-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік
              сатып алуды жүзеге асыру негіздері

      1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу сапалық сипаттамаларының тапсырыс беруші үшін елеулі маңызы жоқ тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жүргізіледі, бұл ретте баға оның шешуші шарты болып табылады.

      2. Егер белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құны жағынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда ғана баға ұсыныстарын сұрату тәсілі қолданылады.

      3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде белгілі бір тауарды, белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін олардың біреуінің мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделгеннен кем болатындай бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді.

      31-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік
             сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің интернет-ресурсында не ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін кез келген басқа да интернет-ресурста мынадай ақпаратты:

      1) мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып, жүргізілетін мемлекеттік сатып алу нысаны болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;

      1-1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (техникалық шарттары көрсетіле отырып) қысқаша сипаттамасы;

      1-2) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;

      1-3) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;

      2) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс етуінің басталу және аяқталу мерзімі туралы ақпаратты;

      3) елеулі талаптарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын орналастыруға міндетті.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аталған ақпаратты орналастырған күні осы тармақта көзделген ақпарат орналастырылған интернет-ресурс туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
       Интернет-ресурста орналастырылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен алда болатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін төлем алынбастан қолжетімді болуға тиіс.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен алда болатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастырумен бір мезгілде кемінде екі әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақырту жіберуге құқылы, онда осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген ақпарат қамтылуға тиіс. Шақыруға елеулі талаптары көрсетіле отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берілуге тиіс.

      3. Әлеуетті өнім беруші бір ғана баға ұсынысын табыс етуге құқылы, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын табыс етуі оның мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында көзделген елеулі талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.
      Баға ұсынысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мөр басылған конвертпен табыс етіледі.
      Белгіленген мерзім өткенге дейін баға ұсыныстары салынған конвертті берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тиісті журналына енгізілуге тиіс. Аталған мәліметтер журналға әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруіне қарай хронологиялық тәртіппен енгізіледі.

      4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей баға ұсыныстар салынған конверттерді ашады, баға ұсыныстарын салыстырады және ең төменгі баға ұсынысын табыс еткен әлеуетті өнім берушіні айқындайды.
      Егер ең төменгі баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші табыс еткен болса, онда баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан ертерек түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

      5. Осы Заңның 39-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуетті өнім берушінің арасында оның баға ұсынысына қатысты келіссөздер жүргізілуіне жол берілмейді.

      6. Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде екіден кем әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған конверт ұсынылса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзімін бес жұмыс күніне ұзартады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы баптың 1 және
2-тармақтарында көзделген іс-шараларды орындайды.

      7. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы, егер:

      1) ол аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кетсе;

      2) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың елеулі талаптарымен келіспесе не оны өзгертуді және (немесе) толықтыруды ұсынса;
      3) әлеуетті өнім беруші бірден астам баға ұсыныстарын ұсынса, ол қабылданбай тасталуға жатады.
      Баға ұсыныстарын өзге негіздер бойынша қабылдамай тастауға жол берілмейді.

      8. Егер осы баптың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екіден кем баға ұсынысы қалса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

      9. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын осы Заңның 7-бабының 7-тармағына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының лауазымды адамы әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бекітуге тиіс.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей қорытындылар туралы ақпаратты осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат орналастырылған нақ сол интернет-ресурста орналастыруға міндетті.
      Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын жариялау туралы талап мәліметтері мемлекеттік құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.

      10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай сатып алу қорытындылары туралы тапсырыс берушіге ақпарат беруге міндетті. Аталған ақпаратта қамтылуға тиісті мәліметтер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалады.

      11. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қойып, оны ең төменгі баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге жібереді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына ең төменгі баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші не осы баптың 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес айқындалған жеңімпаз оған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шарттың жобасын табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қоюға тиіс.
      Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының елеулі талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізіледі.

      12. Егер әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты тапсырыс берушіге табыс етпесе, тапсырыс беруші:

      1) дәл сондай баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушімен, ал мұндай әлеуетті өнім беруші болмаған кезде - мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші ұсынған бағадан кейін ең төмен баға ұсынған әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға;

      2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
       Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

5-тарау. БІР КӨЗДЕН АЛУ ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

      32-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
              жүзеге асыру негіздері

      Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу, егер:

      1) қандай да бір өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тапсырыс берушіде қолда бар тауарлармен, жабдықпен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында нақ сол тапсырыс берушіден басқа да сатып алуды жүргізу қажеттігі туындаса;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпей қалды деп танылса, жүргізілуі мүмкін. Осы ереже конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;

      3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайын және (немесе) апта сайын қажетті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болса;
      4) осы Заңның 31-бабының 6 және 8-тармақтарында көзделген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, жүргізілуі мүмкін.
       Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      33-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
              жүзеге асыру

      1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді, онда мынадай мәліметтер:

      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;

      2) техникалық өзіндік ерекшелігін, жоспарларын, сызбалары мен нобайларын қоса алғанда, қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттамасы көрсетіле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаты;

      3) мемлекеттік сатып алуды өткізудің нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;

      4) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің орны;

      5) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдеме беру;

      6) төлем шарттары және елеулі талаптары көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;

      7) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу талаптары, нысаны, көлемі және тәсілі;

      8) бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәлімет;

      9) осы Заңның 8-бабында көзделген жалпы және арнайы біліктілік талаптарының тізбесі, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қойылған біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растау үшін табыс етуге тиіс құжаттар тізбесі;

      10) әлеуетті өнім берушінің қойылған біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты табыс ету орны мен мерзімі қамтылуға тиіс.

      2. Бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға тілек білдірген әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мынадай ақпаратты:

      1) әлеуетті өнім берушінің жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғаларын көрсете отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын;

      2) әлеуетті өнім берушінің және ол жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарын;

      3) ұсынылып отырған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін бағалардың жазбаша негіздемесін ұсынуға тиіс.

      3. Осы Заңның 32-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өтпеді деп танылған конкурсқа қатысушы аталған конкурсқа қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды нақ сол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан табыс етпеуге құқылы.

      4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші табыс еткен құжаттарды олардың біліктілік талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндігін айқындау мақсатында қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.

      34-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
              қорытындылары туралы хаттама

      1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тиісті хаттама жасауға міндетті, онда мынадай ақпарат:

      1) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі;

      2) бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;

      3) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы;

      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы қамтылуға тиіс.

      2. Тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Аталған талап мәліметтері мемлекеттік құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

6-тарау. ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА-САТТЫҚТА ЖӘНЕ ТАУАР БИРЖАЛАРЫ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

      35-бап. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта
              мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

       Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттік сатып алу тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді нақты уақыт режимінде сатып алуды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
      Әлеуетті өнім берушілерге ұйымдастырылған электрондық сауда-саттыққа рұқсат беру, ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу, сондай-ақ ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты жинау, қорыту және талдау электрондық мемлекеттік сатып алуды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. V085519
       Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      36-бап. Тауарларды тауар биржалары арқылы
              мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

      1. Тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Егер биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық көрінісі тұрғысынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып кетпеген жағдайда, тапсырыс беруші, егер Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында өзге ең аз көлем айқындалмаса, тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТ

      37-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу

      1. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған үлгілік шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді.
      Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.

      2. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.

      3. Осы Заңның 31-бабының 11-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімін қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберген күннен бастап, күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

      4. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ережелерінде көзделген жағдайларда өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.
      Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісінше орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
      Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

      2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы. V085231
      Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
      Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
      Мемлекеттік сатып алудың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда, оны берген өнім берушілерге қолданылмайды.

      5. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар бір қаржы жылынан асатын мерзімге:

      1) келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) оларды аяқтау мерзімімен жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстарды;

      2) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылында беруге себепші болатын активтер мен басқа да тауарларды;

      3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;

      4) бір қаржы жылынан асатын мерзімге көрсетілетін қызметтерді;

      5) тиісті бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда) қаржыландыру жоспарында белгіленген келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) орындау (көрсету, жеткізу) мерзімі келісілген орындау ұзақтығына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс.

      6. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгіленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекіткен келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзімімен іс-шаралар жоспарын орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.

      7. Жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

      8. Бәсекелестік негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге ғана осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда қолданысы бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға жол беріледі.

      9. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта мынадай:

      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу;

      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген көмекті көрсету фактілерінің бірі анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиіс.

      10. Тапсырыс беруші және өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледі.
       Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз),  2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      38-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан
             жалтару

      1. Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге бермесе немесе мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып, осы Заңның 37-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылады.

      2. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші:

      1) ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және уәкілетті органға тиісті мәліметтерді табыс етеді және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз
қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінеді;

      2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарудың салдарынан келтірілген шығындарды өтеткізу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.

      39-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не
              жасалған шартқа өзгерістер енгізудің негіздері

      1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер енгізуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған жағдайда:

      1) тараптардың бірі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шарттың жобасына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасаса;

      2) өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында шарт жобасының сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізуге жол берілсе;

      3) шарт сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданса жол беріледі.
      Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      2. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

      1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін бағаны және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісуі бойынша, егер мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу процесінде осыған ұқсас сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағалары азаю жағына өзгерсе;

      2) егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған осындай өзгерістің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бірлігі үшін бағаның өзгермейтін талабы жағдайында сатып алынатын тауарлардың, көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі;

      4) егер өнім беруші тауарды мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау процесінде тауар бірлігіне берілетін бағаның өзгермейтін талабы жағдайында, онымен жасалған тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзімін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерістер енгізуге жол беріледі;

      5) салық, кеден және басқа да салалардағы заңнаманың не еңбек пен материалдық ресурстар құнының өзгеруінен туындаған аяқталу мерзімі келесі (кейінгі) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту және ұлғайту бөлігінде, сондай-ақ жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда, мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда шарттың орындалу мерзімдерін тиісті өзгерту бөлігінде жол беріледі.

      3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетін өзгерістер және (немесе) өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсыныстар енгізуге жол берілмейді.

      40-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі

      1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін не конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуге жататын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейін не өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

       Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

8-тарау. АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      41-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге
              асырудың ерекше тәртібі

      1. (алынып тасталды - ҚР-ның 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен).

      2. Ерекше тәртіп қолданыла отырып мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Ерекше тәртіп қолданыла отырып мемлекеттік сатып алу мынадай:

      1) құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды өткізудің ерекше шарттарын белгілеу талап етілетін құқықтық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздіктің қажеттігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызмет көрсетулерді;

      3) (алынып тасталды - ҚР-ның 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен).

      4) іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу жөнінде көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ мұндай зерттеулер жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      5) кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді;

      6) көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер, симпозиумдар, тренингтер өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді;
      7) олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
      8) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді;
      9) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.

      4. Конкурстық тәсілмен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды .
       Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2008.12.29 N 115-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.05.05. N 158-IV Заңдарымен.

       41-1-бап. Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін
                  мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше
                тәртібі

      Қару-жарақтарды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, арнайы құралдарды, сондай-ақ қорғаныс қажеттілігі мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 43) тармақшасында көзделген жағдайларда ерекше тәртіп қолданылмайды.
       Ескерту. 41-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.07.11. N 182-IV Заңдарымен.

      42-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге
              асырудың арнайы тәртібі

      1. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібін (бұдан әрі - арнайы тәртіп) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын тапсырыс берушілер, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар қолданады.

      2. Арнайы тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізудің рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Арнайы тәртіпті осы баптың 1-тармағында аталған тапсырыс берушілерді басқару органдары:

      1) тұрақты негізде әлеуетті өнім берушілерге біліктілігі бойынша алдын ала саралау жүргізу тәртібіне;

      2) білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін жасау тәртібіне;

      3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес біліктілігі бойынша алдын ала саралаудан өткен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын сұрату және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдері мен мерзімдеріне;
      4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге қолдау көрсету тәртібіне қойылатын талаптарды қамтитын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген арнайы тәртіпке қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес бекітеді.
       Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      43-бап. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің
             (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға
             қатысуының ерекше шарттары

      Заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысуының ерекше шарттары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерімен айқындалады.

      44-бап. Отандық әлеуетті өнім берушілердің жекелеген
              санаттарын қолдау

      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер, Қазақстан Республикасының мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін отандық кәсіпкерлер мен ұйымдар мемлекеттік қолдауға жатады. Мемлекеттік қолдаудың ең ауқымды шаралары отандық тауар өндірушілерге және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге көрсетіледі.

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік қолдау шараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды .
       Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

9-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      45-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды
              ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының
              іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

      Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), егер олардың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушінің мемлекеттік бақылау органдарында:

      1) мемлекеттік сатып алу тәсілін таңдау туралы;

      2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес олар қабылдаған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімі шағым жасауға жатпайды.
       Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      46-бап. Дауларды шешу

      Мемлекеттік сатып алу процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

      47-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу
              туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

       47-1-бап. Өтпелі ережелер

       РҚАО-ның ескертуі!
      1-тармақтың ережелері 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен қолданылады.
      1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының ережесі электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

      2. Осы Заңның 47-1-бабы 1-тармағының және 18-бабының бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережелері 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      3. Осы Заңның 41-бабы 3-тармағы 9) тармақшасының ережесі 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
       Ескерту. 47-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз),  өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.05.05. N 158-IV Заңдарымен.

      48-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат; 2004 ж., N 14, 83-құжат; N 17, 101-құжат; 2005 ж., N 6, 7-құжат; N 23, 105-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 12, 71-құжат; 2007 ж., N 2, 14-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті