Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңы.

Жаңартылған

      МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн", "Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының", "Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн", "жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн" және "Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн" деген сөздер тиісінше "қызметкерді жазатайым оқиғалардан", "Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы", "Қызметкерді жазатайым оқиғалардан", "қызметкерді жазатайым оқиғалардан" және "Қызметкерді жазатайым оқиғалардан" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      1-1) алдын алу шаралары – қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және жақсартуға бағытталған алдын алу сипатындағы шаралар;

      1-2) аннуитеттік сақтандыру шарты (бұдан әрі – аннуитет шарты) – сақтандырушы шартта белгiленген мерзiм iшiнде сақтандыру төлемiн пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде жүзеге асыруға мiндеттi болатын сақтандыру шарты;

      1-3) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым – дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      2) еңбек жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

      2-1) зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты (бұдан әрі – зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты) – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскердің пайдасына жасалатын, сақтандырушы сақтандыру төлемін алушының пайдасына ай сайын сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті болатын сақтандыру шарты;

      2-2) зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге төленетін сақтандыру төлемі;

      3) кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiк – қызметкердiң белгiлi бiр бiлiктiлiктегi, көлемдегi және сападағы жұмысты атқару қабiлетi;

      4) кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiктен айрылу дәрежесi – қызметкердiң еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқару қабiлетiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын төмендеу деңгейi;

      5) кәсiптiк тәуекел сыныбы – өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың экономикалық қызмет түрлерi бойынша қалыптасқан деңгейi;

      6) қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру – еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрілген қызметкердің мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қарым-қатынас кешені;

      7) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;

      8) сақтандыру жағдайы – осы Заңның 16-1-бабында көзделген мән-жайлар кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде қызметкер (қызметкерлер) еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесінде ол (олар) ұшырайтын, соның салдарынан қызметкердiң кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын өндірістік жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кездегі жазатайым оқиға (жазатайым оқиға);

      8-1) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпарат жиынтығы (оның ішінде электрондық нысанда);

      8-2) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға;

      9) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;

      10) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушының сақтандырушыға, соңғысы пайда алушыға қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізуге мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;

      11) сақтандыру төлемi – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы;

      12) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында "өмірді сақтандыру" саласында аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша және міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған заңды тұлға;

      13) сақтанушы – қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жұмыс берушi.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар

      1. Осы Заң мемлекеттік мекемелердің қызметкері еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруды реттемейді.

      2. Жұмыс берушінің қызметкерді жазатайым оқиғалардан ерікті түрде сақтандыру шартын жасауы оны қызметкерді міндетті сақтандыру шартын жасасу міндетінен босатпайды.

      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнентұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау

      1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      2. Сақтанушының осы Заңның талаптарын орындауын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізлді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру объектісі мен субъектілері

      1. Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың (бұдан әрi – қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру) объектiсi оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге не оның өлiміне әкеп соғатын жазатайым оқиға нәтижесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкердің мүлiктiк мүддесi болып табылады.

      2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру субъектілері: сақтанушы, сақтандырушы және пайда алушы болып табылады.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттiсақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi

      1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкерлердiң мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:

      қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;

      жұмыс берушiлердiң еңбек қауiпсiздiгiн арттыруға экономикалық мүдделiлiгi болып табылады.

6-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушылардың басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруіне немесе алуына, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.

      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау

      Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау және қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау үшін қажетті ақпаратқа ие уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.

      Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимылды және деректер алмасуды жүзеге асырады.

      Ескерту. Заң 6-2-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Жұмыс берушi мiндеттi сақтандыруға тиiстi жауапкершiлiк

      Ескерту. 7-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Сақтанушының:

      1) қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн сақтандырушыны таңдауға;

      2) сақтандыру жағдайы басталған кезде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға;

      3) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғауға;

      4) сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру талаптарын, қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;

      5) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға;

      5-1) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;

      6) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;

      7) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен алдын алу шараларын және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтетуге құқығы бар.

      2. Сақтанушы:

      1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың үлгілік шартына сәйкес сақтандырушымен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға;

      1-1) сақтанушы қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға;

      1-2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын сақтанушыны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеген жағдайда сақтандырушымен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасуға арналған өтінішті электронды түрде беруге;

      2) сақтандыру сыйлықақысын қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен мен мерзiмде төлеуге және өзiндегi сақтандыру жөнiндегi барлық құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге;

      2-1) мен қызметкердің (қызметкерлердің) кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген кезден бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге;

      3) сақтандыру жағдайларының алдын алуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;

      4) жазатайым оқиғаның басталғаны туралы өзiне белгiлi болғанда, бұл туралы дереу, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей сақтандырушыға хабарлауға;

      5) уәкiлеттi орган мен сақтандырушы өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен сақтандыру жағдайларының басталу мән-жайларын тексерудi қамтамасыз етуге;

      6) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ оның келтiрген залалын дәлелдеуге;

      7) пайда алушы бойынша сақтандыру төлемін есептеу, аннуитет шартын жасасу үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты (оның ішінде ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және (немесе) электрондық пошта мекенжайын) шартта белгіленген мерзімде сақтандырушыға беруге;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеруден уақтылы өткiзудi қамтамасыз етуге;

      9) қызметкерлердiң сақтандыру жағдайы алдындағы еңбек жағдайлары туралы құжаттарды уәкiлеттi органға және денсаулық сақтау ұйымдарына ұсынуға;

      10) қызметкерлердi еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстен қол үздiрмей оқытуға;

      11) уәкiлеттi органның жазатайым оқиғалардың профилактикасы, олардың алдын алу мен тексеру мәселелерi жөнiндегi шешiмiн орындауға;

      12) өзiнiң қайта ұйымдастырылуы және таратылуы туралы сақтандырушыға уақтылы хабарлауға;

      13) сақтандыру жағдайынан келетiн залалдарды азайтуға бағытталған шаралар қолдануға;

      14) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап қою құқығының сақтандырушығa ауысуын қамтамасыз eтугe;

      15) осы Заңда көзделген жағдайларда, қызметкердiң немесе қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде аннуитет шартын жасасуға;

      15-1) осы Заңның 23-1-бабына сәйкес еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскердің пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартын жасасуға және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізуге;

      16) аннуитет шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның көшірмесін пайдасына аннуитет шарты жасалған пайда алушыға ұсынуға;

      17) зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның көшірмесін пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты жасалған пайда алушыға ұсынуға міндетті.

      3. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Сақтандырушының:

      1) сақтандыру жағдайларын тексеруге қатысуға;

      2) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға;

      2-1) ақпаратты экономикалық қызмет түрлерін штаттық кестеге немесе сақтанушы беретін және (немесе) сақтандырушы сұрататын өзге де ақпаратқа сәйкес кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызудың сәйкестігі тұрғысынан тексеруге;

      3) сақтандыру жағдайлары жөнiндегi ақпаратты тексеруге және қажет болған кезде тиiстi уәкiлеттi органдарға сұратулар жiберуге;

      4) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн сақтанушының объектiлерiне тексеру жүргiзуге;

      5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемiн төлеуден бас тартуға;

      6) сақтандыру жағдайларының алдын алу жөнiнде ұсынымдар беруге;

      7) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға;

      8) зиян келтiрген тұлғаға керi талап қоюға құқығы бар.

      2. Сақтандырушы:

      1) алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;

      2) сақтанушыны қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының талаптарымен таныстыруға және оның қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;

      3) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңға және қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн және жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеуді жүргiзуге;

      3-1) жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөніндегі мәліметті дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;

      3-2) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде, жасалған зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартына және осы Заңға сәйкес зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін ай сайын жүзеге асыруға;

      4) өз қызметiнiң нәтижесiнде сақтанушы және пайда алушы туралы алынған мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      5) сақтандыру төлемiн төлеуден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда, өтінішті және осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап, жеті жұмыс күні ішінде пайда алушыға бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін және сақтанушының (пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламаны жазбаша нысанда жiберуге;

      5-1) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;

      5-2) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге;

      6) сақтанушының сақтандыру жағдайы кезiнде залалды азайту үшiн шығарған шығыстарын өтеуге;

      7) алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      8) алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;

      9) осы Заңның 19-бабының 1-тармағында көзделген сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға аннуитет төлемі бойынша әрбір мерзімі өткен күн үшін төленбеген соманың 1,5 проценті мөлшерінде өсімпұл төлеуге;

      10) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталған күнге есептелген сақтандыру сыйлықақысының алты пайызынан аспайтын мөлшерде сақтанушыға алдын алу шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеуге;

      11) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталған күнге есептелген сақтандыру сыйлықақысының алты пайызынан аспайтын мөлшерде сақтанушыға және (немесе) пайда алушыға оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеуге;

      12) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде пайда алушыға санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығыстарды өтеуге міндетті.

      Аннуитет сыныбы бойынша "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушы қызметкердің немесе осы Заңда көзделген жағдайларда қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде аннуитет шартын жасасуға міндетті.

      Аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушы осы Заңның 23-1-бабына сәйкес зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін алуға құқығы бар жұмыскердің пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартын жасасуға міндетті.

      Сақтандырушы аннуитет шарты жасалған күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде пайда алушыны (оның заңды өкілін) оның пайдасына жасалған аннуитет шарты туралы хабардар етуге міндетті.

      3. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 386-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Пайда алушының құқықтары

      Пайда алушының:

      1) осы Заңда және қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген тәртiппен және талаптармен сақтандыру төлемдерiн алуға;

      2) сақтанушы мен сақтандырушыдан қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру талаптары туралы ақпаратты, сондай-ақ оның пайдасына жасалған аннуитет және зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарттарының көшірмелерін тегiн алуға;

      3) сақтандыру жағдайын тергеп-тексеру мәселелерi бойынша шешiмдерге уәкілетті органға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

      4) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша жүгiнуге;

      5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға;

      6) сақтандыру жағдайын тексеруге қатысуға, оның iшiнде қызметкерлер өкiлдерiнiң не өзi сенiм бiлдiрген адамның қатысуымен қатысуға;

      7) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға, уәкілетті органға немесе сотқа жүгінуге;

      8)  "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;

      9) осы Заңның 19-бабының 2-1-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды және санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығыстарды өтетуге құқығы бар.

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты

      1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуi мүмкiн қызметкердiң пайдасына сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.

      2. Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты аннуитеттік сақтандыру сыныбы және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады.

      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы үшін мұндай шарт жасасу міндетті болып табылады.

      3. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады.

      Сақтанушының өтiнiшi қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады. Сақтандырушы өтінішке қосымша сақтанушы мәлімдеген экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызудың дұрыстығын тексеру үшін штаттық кестені немесе өзге де ақпаратты беруді талап етуге құқылы.

      Сақтанушының осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес электронды түрде берген өтінішінде:

      1) еңбекақының жылдық қорының болжанатын мөлшері және жұмыскерлердің жалпы саны;

      2) экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібіне сәйкес экономикалық қызмет түрі мен кәсіптік тәуекел сыныбы қамтылуға тиіс.

      Электрондық өтініш беру жолымен жасалған қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартына сақтанушы мен сақтандырушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылады.

      Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.

      Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.

      4. Сақтандыру шарты жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi.

      Сақтандыру шартының телнұсқасын ресімдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың жалпы сомасы өтiнiш берген күнгi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.

      5. Егер қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының немесе пайда алушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушы мен пайда алушының алдындағы мiндеттеменi осы Заңда белгiленген талаптар бойынша өз мойнына алады.

      6. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты:

      1) сақтандырушының атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;

      2) сақтанушының (eгep ол жеке тұлға болса) фамилиясын, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) және тұрғылықты жерiн немесе (егер ол заңды тұлға болса) атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;

      3) сақтандыру объектiсiнiң сiлтемесiн;

      4) сақтандыру жағдайының сiлтемесiн;

      5) сақтандыру сомасының мөлшерiн, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерiн;

      6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерiн қамтуға тиiс.

      Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған кезде сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың бір шарты шеңберінде ол (олар) жүзеге асыратын экономикалық қызметтің түріне сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы көрсетіле отырып, сақтанушы мен оның филиалы (филиалдары) бойынша жеке белгіленеді;

      7) шарт тараптарының құқықтарын, мiндеттерi және жауапкершiлiгiн;

      8) шартқа өзгерiстер енгiзу мен оның мерзiмiн ұзарту жағдайлары мен тәртiбiн;

      9) шарт жасалған күн мен оның қолданылу мерзiмiн;

      10) сақтандыру шартының нөмiрi мен сериясын қамтуға тиіс.

      11) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      12) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Тараптардың келiсiмi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 386-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттiсақтандыру шартының қолданылуы

      1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.

      2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ол күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.

      Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың бүкiл мерзiмi iшiнде қолданылады және алғашқы сақтандыру жағдайы басталғанда қолданылуын тоқтатпайды.

      3. Жұмыс берушiнiң қызметi он екi айдан аз мерзiмде жүзеге асырылған кезде шарт осы қызметтi жүзеге асыру мерзiмiне жасалады.

13-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттiсақтандыру шартының тоқтатылуы

      1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты:

      1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған;

      2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;

      3) сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшеріндегі сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады.

      2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы сақтандырушыны қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде орын алған, кейіннен сақтандыру жағдайлары деп танылған жазатайым оқиғалар бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерден босатпайды.

      Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгіленген жағдайда, сақтандыру төлемiн қолданылуы кезеңінде жазатайым оқиға орын алған қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асырады.

      Бұл ретте, мыналар:

      жұмыста мертігу салдарынан қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде – жазатайым оқиға туралы актіде көрсетілген жазатайым оқиға күні;

      кәсіптік ауруының анықталуы салдарынан қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде – кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының қорытынды берген күні жазатайым оқиға күні болып табылады.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV(2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттiсақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату

      Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.

15-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттiсақтандыру шартының жарамсыздығы

      Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың негiздерi және салдарлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес айқындалады.

16-бап. Сақтандыру сомасы

      1. Сақтандыру сомасы қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартымен айқындалады, бірақ ол жұмыс берушінің міндетті сақтандыру шартын жасасқан кездегі барлық қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорынан кем болмауға тиіс.

      2. Сақтандыру сомасы осы Заңның 19-бабына сәйкес көзделген сақтандыру төлемі (сақтандыру төлемдері) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстар, алдын алу шараларын және оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындар мөлшерінің сомасына азайтылады.

      3. Сақтандыру сомасы қызметкерлер еңбекақысының жылдық қоры өзгерген жағдайда өзгеруі мүмкін.

      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-1-бап. Сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайлары

      Қызметкерге кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгілеуге не оның өліміне әкеп соққан жазатайым оқиға кезіндегі мән-жайлар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 322-бабының 2-тармағында көзделген.

      Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн айқындау және оны қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төлеудiң тәртiбi

      1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы баптың 2-тармағында белгіленген, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.

      Сақтандырушы жылдық еңбекке ақы төлеу қорын айқындаған кезде әрбір қызметкердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының он еселенген ең төмен мөлшерінен аспайтын, он екіге көбейтілген ай сайынғы кірісі қабылданады.

      Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекке ақы төлеу қоры және (немесе) жұмыскерлердің штат саны өзгерсе, онда тараптардың келісімі бойынша негізгі шарттың қолданылу кезеңіне қосымша келісім жасасу жолымен сақтандыру шартына (сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) өзгерістер енгізіледі. Сақтандыру сыйлықақысы еңбекке ақы төлеу қорының өзгерген сомасы және негізгі шарт мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзім негізге алынып есептеледі. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне пропорционалды есептеледі.

      Сақтанушы қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу мақсатында осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес өтініш берген жағдайда, еңбекақының жылдық қоры сақтанушының өтінішінде көрсетілген деректерге негізделе отырып айқындалады.

      2. Кәсiптiк тәуекел сыныбына қарай экономикалық қызмет түрлерi бойынша сараланған төмендегiдей сақтандыру тарифтерi белгiленсiн:

Кәсіптік тәуекел сыныбы

Сақтандыру тарифі

1

0,12 %

2

0,29 %

3

0,48 %

4

0,49 %

5

0,52 %

6

0,53 %

7

0,54 %

8

0,65 %

9

0,56 %

10

0,88 %

11

0,75 %

12

0,76 %

13

1,29 %

14

1,55 %

15

1,13 %

16

1,17 %

17

1,21 %

18

2,43 %

19

1,75 %

20

2,05 %

21

2,54 %

22

2,96 %

      2-1. Егер осы баптың 1, 2-тармақтарына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болған жағдайда, онда қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жалақының ең төмен мөлшерін құрайды. Бұл ретте, сақтандыру сомасы сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің ұлғаюына пропорционалды түрде ұлғайтылады.

      3. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      Сақтанушы экономикалық қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, ол өзінің негізгі қызметі түріне сәйкес келетін кәсіптік тәуекел сыныбына жатқызылуға тиіс. Сақтанушы өндiрiстiң жалпы көлемiнде тең бөлінген экономикалық қызметтің бірнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда, ол кәсiптiк тәуекелдiң неғұрлым жоғары сыныбы сәйкес келетiн экономикалық қызмет түрiне жатқызылуға тиiс.

      Сақтанушы қызметті персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жіберуші тарап ретінде жүзеге асырған жағдайда, ол өзі жасасатын персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарға сәйкес қабылдаушы тараптың кәсіптік тәуекел сыныбынан немесе қабылдаушы тараптың ең жоғары кәсіптік тәуекел сыныбынан төмен емес кәсіптік тәуекел сыныбы бар экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.

      Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, ол өзінің кәсіптік тәуекел сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.

      Бұл ретте, филиалда (филиалдарда) өзі (өздері) жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі туралы растауы болуға тиіс.

      4. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында көзделген тәртiппен және мерзiмде бiржолы немесе оның мерзiмiн ұзартып төлейдi. Егер қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы кезектi сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегенi үшiн сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.

      5. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының қолданысы ішінде мен қызметкердің кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген жағдайда, сақтандыру сыйлықақысы қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін қалған мерзімге барабар қайта есептеледі.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 386-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысына түзету коэффициенті

      Ескерту. 17-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Егер сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) шарттың қолданылу кезеңінде сақтанушының кінәсінен болса, онда осы Заңның 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысы түзету коэффициентіне көбейтіледі.

      2. Түзету коэффициенті қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан күннің алдындағы соңғы үш жылдың ішінде зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық саны мен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан күні сақтанушы қызметкерлерінің тиісті жалпы саны негізінде айқындалады. Түзету коэффициенттерінің мәндері мынадай мөлшерлерде қолданылады:

Зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық саны

Қызметкерлердің жалпы саны

100-ге дейін

101-ден 500-ге дейін

501-ден 1000-ға дейін

1001-ден 10000-ға дейін

10001-ден 20000-ға дейін

20000-нан астам

2-ден 9-ға дейін

3

2

1,75

1

1

1

10-нан 19-ға дейін

3,4

3,2

3

2,5

1,25

1,1

20-дан 49-ға дейін

3,8

3,3

3,2

2,75

2,4

1,25

50-ден 99-ға дейін

4

3,5

3,3

3

3,1

1,5

100-ден 199-ға дейін


3,6

3,5

3,4

3

2

200-ден 299-ға дейін


4

3,75

3,5

3,2

3

300 және одан астам



4

3,8

3,6

3,5

      2-1. Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу күнінің алдындағы соңғы үш жыл ішінде сақтандыру жағдайлары болмаған жағдайда сақтандырушы осы Заңның 17-бабына сәйкес айқындалған, жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін 10 пайыздан асырмай азайтуға құқылы.

      3. Егер сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, онда түзету коэффициенті барлық зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық санын және жұмыс беруші мен оның филиалы (филиалдары) қызметкерлерінің жалпы санын ескере отырып есептелінеді.

      4. Зардап шеккен қызметкерлер санын есептеу үшін қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін 30-дан 100 пайызды қоса алғанға дейін белгілеуге не оның қайтыс болуына әкеп соққан жазатайым оқиғалар саны есепке алынады.

      5. Түзету коэффициентін қолдану тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Ескерту. Заң 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау

      1. Алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2. Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян қызметкердiң уақытша еңбекке қабілетсіздігіне байланысты зиянды қоспағанда, оның қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты зиянның материалдық көрiнiсiн қамтиды.

      Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi осы Заңға сәйкес тапсырылған құжаттардың негiзiнде айқындалады.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

19-бап. Зиянның мөлшерiн айқындау тәртібі. Қызметкердiжазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерi

      1. Қызметкердiң қайтыс болуына немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты табысты (кiрiсті) жоғалтуға қатысты зиянның мөлшерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң талаптарына сәйкес айқындалады.

      Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бестен жиырма тоғыз пайызды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеуді сақтанушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн отыздан бір жүз пайызды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретінде қызметкерге тиесілі ай сайынғы сақтандыру төлемін сақтандырушы жүзеге асырады.

      Өтеуге жататын жоғалтылған табысты (кірісті) есептеу үшін ескерілетін орташа айлық табыстың (кірістің) мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу күні тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспайды.

      Сақтандыру төлемінің мөлшері еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем шегеріліп жүзеге асырылады.

      Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бір жылдан аспайтын мерзiмге белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемiн сақтандырушы ай сайын аннуитет шарты негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, сақтандырушы бірінші сақтандыру төлемін осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

      Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бір жыл және одан да көп мерзiмге белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзiмiне тең, бірақ қызметкердің Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі мерзімінен аспайтын мерзiм бойы қызметкердiң пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.

      Табысты (кiрiсті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретiнде сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерінен міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.

      Жазатайым оқиға болған кезде қызметкердiң қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ орын алған жазатайым оқиғаның салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебi бойынша зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген мерзiм бойы жүзеге асырылады.

      Осы Заңда көзделген жағдайларда, пайда алушылар болып табылатын өзге де тұлғалардың сақтандыру төлемiн алуға құқығы бар.

      Аннуитет шарты бойынша аннуитеттiк төлемдерді есептеу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.

      Өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шеккен қызметкермен не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес құқығы бар адаммен осы Заңда көзделген тәртiппен аннуитет шарты жасалады.

      2. Осы баптың 2-1-тармағына сәйкес бір санаторийлік-курорттық емделуге ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды қоспағанда, жұмыскерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеуді сақтандырушы осы шығыстарды шеккен жұмыскер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық көмекке жұмсалатын шығыстар өтелуге жатпайды.

      Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері мынадай мөлшерлерден (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштерде) аспауға тиіс:

      1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi отыздан елу тоғыз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 500;

      2) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi алпыстан сексен тоғыз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 750;

      3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi тоқсаннан бір жүз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 1000.

      Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерiн сақтандырушы осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға осы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде, осы тармақта белгіленген мөлшерлер шегінде жүзеге асырады.

      Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі жиынтық сақтандыру төлемдерін сақтандырушы осы тармақтың екінші бөлігінде айқындалған мөлшерлер шегінде, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылудың алғаш рет белгіленген тиісті дәрежесі бойынша жүзеге асырады.

      2-1. Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі бастапқы белгіленгеннен кейін зардап шеккен жұмыскердің зардап шеккен жұмыскерді оңалтудың жеке бағдарламасына қарамастан бір санаторийлік-курорттық емделуге ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды өтеттіріп алуға құқығы бар.

      Жұмсалған шығыстарды өтеу осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде жүзеге асырылады.

      2-2. Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 2015 жылғы 10 мамырға дейін отыздан бір жүз пайызды қоса алғандағы мөлшерде бастапқы рет белгіленген және 2015 жылғы 10 мамырдан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде куәландыру мерзімінсіз ұзартылған (қайта куәландырылған) жұмыскерлер жұмыскердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін ұзарту (қайта куәландыру) мерзіміне тең мерзім ішінде сақтандыру төлемдерін алуға құқылы.

      Осы тармақта көрсетілген сақтандыру төлемдері сақтанушы (пайда алушы) осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып жүгінген күннен бастап тағайындалады.

      3. Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінде өтейдi.

      4. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемiнiң (сақтандыру төлемдерiнiң) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерi жұмыскердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының мөлшерiнен асып түскен жағдайда, айырма сақтандырушыға сақтанушының есебiнен төленедi.

      Егер сақтандыру төлемінің (сақтандыру төлемдерінің) және жерлеуге жұмсалған шығыстардың, оңалту шараларын жүргізуге, санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындардың сомасын (сомаларын) ескере отырып, алдын алу шараларын жүргізуге жұмсалған шығындар жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен асып түскен жағдайда, алдын алу шараларын жүргізуге жұмсалған шығындар жүзеге асырылмайды.

      5. Сақтандыру төлемiн аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебiнен жүргiзiледi.

      6. Сақтанушыға алдын алу шараларын жүргізуге нақты жұмсаған шығындарын өтеуді сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысы толық көлемде төленген жағдайда және сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ғана, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сақтандыру сыйлықақысының алты пайызынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 30.06.2017 № 80-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың ерекшеліктері

      1. Сақтанушы "жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, осы сақтандырушы мынадай:

      1) қызметкердің кемінде бір жыл мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу;

      2) сақтандыру жағдайы басталған кезде қызметкердің денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады.

      Қызметкерге бір жыл және одан да көп мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі, сондай-ақ қызметкердің қайтыс болуына байланысты сақтандыру аннуитет шартына сәйкес аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

      "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымына осы Заңға сәйкес ақша аударуды жүзеге асырады.

      2. Сақтанушы аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша "өмірді сақтандыру" саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемдерін осы сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

      Ескерту. Заң 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі және 2012.01.01 дейін қолданыста болады) Заңымен.

20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары

      1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерін, байланыс телефондарын, банктік деректемелерін (қажет болғанда), сақтандыру төлемін - қолма-қол ақшамен не банктік шотқа аударым жасау арқылы алу тәртібін көрсетіп, сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып, жазбаша нысанда қояды.

      2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу дәрежесi белгiленген жағдайда:

      сақтандыру шартының көшiрмесi;

      жазатайым оқиға туралы акт;

      зардап шеккен қызметкердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;

      уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждық туралы анықтамасының көшiрмесi;

      емделуге кеткен нақты шығыстарды растайтын құжаттар (шот-фактура, кассалық чек және басқалар);

      уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлем мөлшері не оны тағайындаудан бас тарту туралы анықтамасының көшiрмесi;

      кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы берген, кәсіптік аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі;

      жұмыс берушi куәландырған, зардап шеккен қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      2) қызметкер қайтыс болған жағдайда:

      сақтандыру шартының көшiрмесi;

      жазатайым оқиға туралы акт;

      қызметкердің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;

      қызметкер қайтыс болған жағдайда, пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

      пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      жұмыс берушi куәландырған, қайтыс болған қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      3) сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтанушының шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар.

      Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа да құжаттарды талап етіп алдыруына жол берiлмейдi.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды өтініш беруші олар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандырушыға қолжетімділікті беретін мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда болған (оларда көрсетілген мәліметтер болған) жағдайда бермейді.

      Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу мақсатында сақтандырушы зардап шеккен жұмыскердің немесе оның заңды өкілінің жазбаша нысандағы келісімі болған және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптары сақталған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды (оларда көрсетілген мәліметтерді) және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік органдардың дерекқорынан және (немесе) ақпараттық жүйелерінен электрондық нысанда алуға құқылы.

      3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші табыс еткен құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, екі данада анықтама жасауға міндетті.

      Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, өтініш берушінің оны алғаны туралы белгісі бар екінші данасы сақтандырушыда қалады.

      Сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды табыс етпеген жағдайда, сақтандырушы оларды үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.

      4. Зардап шеккен қызметкер (ал ол қайтыс болған жағдайда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар тұлға), сондай-aқ келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде пайда алушыға өтеген және сақтандыру төлемiне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.

      5. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттарды қабылдауын талап етуге құқылы емес.

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы

      Ескерту. 21-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздемесi

      Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнің 322-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде сақтандыру төлемдерiнен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.

      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23-бап. Аннуитет шартын жасасу

      1. Қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда, жұмыс берушi осы Заңның 19-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, қызметкердiң пайдасына не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес құқығы бар адамның пайдасына аннуитет шартын жұмыс беруші таңдаған, аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жасасуға мiндеттi.

      2. Аннуитет шарты осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс еткен күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.

      3. Аннуитет шарты зардап шеккен қызметкердiң не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғалардың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiлеген мөлшерде және мерзiмдерде кiрiс алуын қамтамасыз ететiн шарттармен жасалады.

      Қолданылуы кезеңінде сақтандыру жағдайы орын алған қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушымен аннуитет шарты жасалады.

      4. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы пайда алушыға төленуге жатпайды.

      5. Аннуитет шартына қойылатын талаптар және сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-1-бап. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартын жасасу

      1. Жұмыскердің зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін алуға өтініші және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде сақтанушы қолданылу кезеңінде зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға алып келетін оқиға басталған, жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушымен пайда алушының пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартын жасасуға міндетті.

      2. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты сақтанушы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға арналған хабарламаны ұсынған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.

      3. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдері жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты есебінен жүзеге асырылады, ол бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген сақтандыру тарифінің негізінде айқындалады.

      4. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      5. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартына қойылатын талаптарда және сақтандырушының жасалатын зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен белгілейді.

      Ескерту. 23-1-баппен толықтырылды – ҚР 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23-2-бап. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруды ұйымдастыру

      1. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде жұмыскердің зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін алуға құқығы болады.

      2. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі жүгінген күннен бастап жүзеге асырылады.

      Өтініштің және қажетті құжаттардың тіркелген күні немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға келісім алынған күн зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға жүгінген күн болып есептеледі.

      3. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері ай сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды.

      Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      4. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі оны алушы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.

      5. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін ұйымдастыру және жүзеге асыру Мемлекеттік корпорация арқылы жүргізіледі.

      6. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін Мемлекеттік корпорацияның көрсететін қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті органның қаражаты есебінен жүргізіледі.

      7. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

      Ескерту. 23-2-баппен толықтырылды – ҚР 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

24-бап. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың тәртiбi

      1. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) еңбекке қабiлеттiлiгiнен бiр күннен артық айрылуына әкеп соқтыратын әрбiр жазатайым оқиға медициналық қорытындыға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жазатайым оқиға туралы актiменресiмделедi.

      2. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн айқындауға куәландыруды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi сақтанушының, сақтандырушының не қызметкердiң өтiнiшi бойынша немесе сот шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы және жазатайым оқиға туралы акт куәландыру үшін негiз болып табылады.

      Қызметкердi жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн айқындауға куәландыру, сондай-ақ қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждықты айқындау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Кәсiптiк аурулар тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері

      1. Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):

      талаптарын көрсетіп және өзінің талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жіберуге не жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып реттеу үшін өтінішті сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.

      2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.

      3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.

      Ескерту. Заң 24-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-бап. Дауларды шешу

      Осы Заңды орындау бойынша қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру субъектiлерi арасында туындаған даулардың бәрi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.

26-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттiсақтандыру субъектiлерiнiң мемлекеттiк статистикалық есептiлiгi

      Ескерту. 26-бап алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

27-бап. Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Президентi