Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Тақырыпты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бүкіл мәтін бойынша «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» және «Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» деген сөздер тиісінше «қызметкерді жазатайым оқиғалардан», «Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы», «Қызметкерді жазатайым оқиғалардан», «қызметкерді жазатайым оқиғалардан» және «Қызметкерді жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстыру көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен

      Осы Заң қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-бапты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен

      РҚАО-ның ескертпесі!
      12) тармақшаны жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) зиянды өндiрiстiк фактор - әсер етуi қызметкердiң ауруға ұшырауына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
      2) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
      3) жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген, қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi;
      4) аннуитет шарты - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты;
      5) кәсiптiк тәуекел сыныбы - өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың экономикалық қызмет түрлерi бойынша қалыптасқан деңгейi;
      6) еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiндегi жазатайым оқиға (бұдан әрi - жазатайым оқиға) - қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң тапсырмаларын атқарған кезде оған зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi, соның салдарынан қызметкердiң кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соқтыратын жарақаттануға немесе улануға ұшырауы;
      7) қауiптi өндiрiстiк фактор - әсер етуi қызметкердiң кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуіне (еңбекте мертiгуiне немесе кәсiптiк ауруына) немесе өлiмiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
      8) кәсiптiк ауру - қызметкердiң өз еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқаруына байланысты қызметкерге зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
      9) еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын сақтандыру жағдайы басталғаннан кейiн қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару қабiлетiнiң төмендеу деңгейi;
      10) сақтанушы - жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жұмыс берушi;
      11) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының аумағында сақтандырудың аталған түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензия алған заңды тұлға;
      12) сақтандыру жағдайы - қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі;
      13) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушының сақтандырушыға, соңғысының қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
      14) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
      15) сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
      16) еңбекке қабiлеттiлiк - қызметкердiң белгiлi бiр бiлiктiлiктегi, көлемдегi және сападағы жұмысты атқару қабiлетi;
      17) уәкiлеттi орган - берiлген өкiлеттiктерi шегiнде еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты үйлестiру мен іскe асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-бапты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен

      2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар

      1. Осы Заң қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мен атқару процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
      2. Осы Заң жұмыс берушiнiң мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне қатысты азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн реттемейдi.
      3. Осы Заң жұмыс берушiлердiң өз қызметiн жүзеге асыруына байланысты олардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерікті нысанда қосымша сақтандыруды жүзеге асыру құқығын шектемейдi.

      3-бап. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде
              оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн
              жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн
              мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан
              Республикасының заңнамасы

      1. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      4-бап. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде
              оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн
              жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн
              мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк
              бақылау мен қадағалау

      1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      2. Сақтанушының осы Заңның талаптарын орындауын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-бапты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде
              оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн
              жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн
              мiндеттi сақтандырудың объектiсi мен субъектiлерi

      1. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың (бұдан әрi - жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың) объектiсi жұмыс берушiнiң қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi болып табылады.
      2. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың субъектiлерi: сақтанушы, сақтандырушы және пайда алушы болып табылады.

      6-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi
              сақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi

      1. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкерлердiң мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
      2. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:
      жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;
      жұмыс берушiлердiң еңбек қауiпсiздiгiн арттыруға экономикалық мүдделiлiгi болып табылады.

      6-1-бап. Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті
                сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлғаның қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.
      2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне
қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.
      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      7-бапты алып тастау көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7-бап. Жұмыс берушi мiндеттi сақтандыруға тиiстi
              жауапкершiлiк

      Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген көлемде мiндеттi сақтандырумен қамтылады.

      8-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Сақтанушының:
      1) жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн сақтандырушыны таңдауға;
      2) сақтандыру жағдайы басталған кезде  уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға;
      3) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғауға;
      4) сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру талаптарын, жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
      5) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға;
      6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту жөнiндегi шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дау айтуға құқығы бар.
      2. Сақтанушы:
      1) сақтандырушымен:
      1-1) заңды тұлға және дара кәсіпкер мемлекеттік тіркелген кезден бастап он жұмыс күні ішінде сақтандырушымен жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға;
      2) сақтандыру сыйлықақысын жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен мен мерзiмде төлеуге және өзiндегi сақтандыру жөнiндегi барлық құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге;
      2-1) персоналдың санаттары мен қызметкердің (қызметкерлердің) кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген кезден бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге;
      3) сақтандыру жағдайларының алдын алуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;
      4) жазатайым оқиғаның басталғаны туралы өзiне белгiлi болғанда, бұл туралы дереу, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей сақтандырушыға хабарлауға;
      5)  уәкiлеттi орган мен сақтандырушы өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен сақтандыру жағдайларының басталу мән-жайларын тексерудi қамтамасыз етуге;
      6) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ оның келтiрген залалын дәлелдеуге;
      7) сақтандыру төлемiн есептеу үшiн қажеттi құжаттарды шартта белгiленген мерзiмде сақтандырушыға ұсынуға;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеруден уақтылы өткiзудi қамтамасыз етуге;
      9) қызметкерлердiң сақтандыру жағдайы алдындағы еңбек жағдайлары туралы құжаттарды уәкiлеттi органға және денсаулық сақтау ұйымдарына ұсынуға;
      10) қызметкерлердi еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстен қол үздiрмей оқытуға;
      11) уәкiлеттi органның жазатайым оқиғалардың профилактикасы, олардың алдын алу мен тексеру мәселелерi жөнiндегi шешiмiн орындауға;
      12) өзiнiң қайта ұйымдастырылуы және таратылуы туралы сақтандырушыға уақтылы хабарлауға;
      13) сақтандыру жағдайынан келетiн залалдарды азайтуға бағытталған шаралар қолдануға;
      14) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап қою құқығының сақтандырушығa ауысуын қамтамасыз eтугe;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      15) тармақшаны жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      15) қызметкердiң немесе осы Заңда көзделген жағдайларда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғаның пайдасына аннуитет шартын жасасуға мiндеттi.
      3. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
       Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      9-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Сақтандырушының:
      1) сақтандыру жағдайларын тексеруге қатысуға;
      2) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға;
      3) сақтандыру жағдайлары жөнiндегi ақпаратты тексеруге және қажет болған кезде тиiстi уәкiлеттi органдарға сұратулар жiберуге;
      4) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн сақтанушының объектiлерiне тексеру жүргiзуге;
      5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда сақтандыру төлемiн төлеуден бас тартуға;
      6) сақтандыру жағдайларының алдын алу жөнiнде ұсынымдар беруге;
      7) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға;
      8) зиян келтiрген тұлғаға керi талап қоюға құқығы бар.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Сақтандырушы:
      1) алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      2) сақтанушыны жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарымен таныстыруға және оның жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;
      3) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңға және жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн жүргiзуге;
      4) өз қызметiнiң нәтижесiнде сақтанушы және пайда алушы туралы алынған мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге;
      5) сақтандыру төлемiн төлеуден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда пайда алушыға бас тартудың дәлелдi негiзделген себептерiн жазбаша нысанда жiберуге;
      6) сақтанушының сақтандыру жағдайы кезiнде залалды азайту үшiн шығарған шығыстарын өтеуге;
      7) Осы Заңға сәйкес аннуитеттiк сақтандыру ұйымына ақша аударуды жүзеге асыруға міндетті.
      8) алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      3. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
       Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      10-бап. Пайда алушының құқықтары

      Пайда алушының:
      1) осы Заңда және жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген тәртiппен және талаптармен сақтандыру төлемдерiн алуға;
      2) сақтанушы мен сақтандырушыдан жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптары туралы ақпаратты тегiн алуға;
      3) сақтандыру жағдайын тексеру мәселелерi жөнiндегi шешiмге уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;
      4) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша жүгiнуге;
      5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға;
      6) сақтандыру жағдайын тексеруге қатысуға, оның iшiнде қызметкерлер өкiлдерiнiң не өзi сенiм бiлдiрген адамның қатысуымен қатысуға құқығы бар.

      11-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi
               сақтандыру шарты

      1. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуi мүмкiн қызметкердiң пайдасына сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алған сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.
      Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi.
      Сақтандырушы сақтанушымен жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
      3. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады.
      Сақтанушының өтiнiшi жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.
      Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.
      Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.
      4. Сақтандыру шарты жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi.
      Сақтандыру шартының телнұсқасын ресімдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың жалпы сомасы өтiнiш берген күнгi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
      5. Егер жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының немесе пайда алушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушы мен пайда алушының алдындағы мiндеттеменi осы Заңда белгiленген талаптар бойынша өз мойнына алады.
      6. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты:
      1) сақтандырушының атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;
      2) сақтанушының (eгep ол жеке тұлға болса) фамилиясын, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) және тұрғылықты жерiн немесе (егер ол заңды тұлға болса) атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;
      3) сақтандыру объектiсiнiң сiлтемесiн;
      4) сақтандыру жағдайының сiлтемесiн;
      5) сақтандыру сомасының мөлшерiн, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерiн;
      6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн;
      7) шарт тараптарының құқықтарын, мiндеттерi және жауапкершiлiгiн;
      8) шартқа өзгерiстер енгiзу мен оның мерзiмiн ұзарту жағдайлары мен тәртiбiн;
      9) шарт жасалған күн мен оның қолданылу мерзiмiн;
      10) сақтандыру шартының нөмiрi мен сериясын қамтуға тиiс.
      Тараптардың келiсiмi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      12-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi
               сақтандыру шартының қолданылуы

      1. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
      2. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ол күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.
      Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың бүкiл мерзiмi iшiнде қолданылады және алғашқы сақтандыру жағдайы басталғанда қолданылуын тоқтатпайды.
      3. Жұмыс берушiнiң қызметi он екi айдан аз мерзiмде жүзеге асырылған кезде шарт осы қызметтi жүзеге асыру мерзiмiне жасалады.

      13-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi
               сақтандыру шартының тоқтатылуы

      1. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты:
      1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған;
      2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;
      3) сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшеріндегі сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы сақтандырушыны жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде болған сақтандыру жағдайлары бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерден босатпайды.
       Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      14-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi
               сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату

      Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.

      15-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi
               сақтандыру шартының жарамсыздығы

      Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың негiздерi және салдарлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес айқындалады.

      16-бап. Сақтандыру сомасы

      1. Сақтандыру сомасы жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартымен айқындалады, бірақ ол жұмыс берушінің міндетті сақтандыру шартын жасасқан кездегі барлық қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорынан кем болмауға тиіс.
      2. Сақтандыру сомасы осы Заңның 19-бабына сәйкес көзделген сақтандыру төлемі (сақтандыру төлемдері) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстар мөлшерінің сомасына азайтылады.
      3. Сақтандыру сомасы қызметкерлер еңбекақысының жылдық қоры өзгерген жағдайда өзгеруі мүмкін.
       Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Заңды 16-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      17-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн айқындау
               және оны жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi
               сақтандыру шарты бойынша төлеудiң тәртiбi

      1. Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы баптың 2-тармағында белгіленген, персоналдың тиісті санаты бойынша еңбекақы төлеу қорына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде тараптардың келісімімен айқындалады. Алынған сомалар қосылуға тиіс.
      Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекақы төлеу қоры өзгерсе, онда тараптардың келісімі бойынша негізгі шарттың қолданылу кезеңіне қосымша келісім жасасу (сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) арқылы сақтандыру шартына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Сақтандыру сыйлықақысы еңбекақы төлеу қорының өзгеру сомасы және негізгі шарттың аяқталуына дейінгі қалған мерзім негізге алына отырып есептеледі. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне барабар есептеледі.
      2. Кәсiптiк тәуекел сыныбына және персоналдың санаттарына қарай экономикалық қызмет түрлерi бойынша сараланған сақтандыру тарифтерiнiң төмендегiдей шектерi белгiленсiн:

Персоналдың санаты

Кәсiптiк тәуекел сыныбы

Ең төменгі тариф (%)

Ең жоғарғы тариф (%)

Өндірістік персонал

    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8   
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22

    0,04
    0,04
    0,16
    0,23
    0,23
    0,32
    0,47
    0,50
    0,50
    0,56
    0,58
    0,74
    0,80
    1,03
    1,07
    1,08
    1,15
    1,21
    1,45
    1,48
    2,94
    4,36

   0,13
   0,10
   0,35
   1,80
   0,53
   2,00
   2,15
   1,41
   1,57
   1,17
   2,90
   1,96
   2,74
   3,08
   3,40
   3,36
   9,83
   2,60
   4,08
   4,44
   9,99
   9,17

Әкiмшiлiк-басқару персоналы

Кәсiптiк тәуекелдiң барлық сыныптары үшiн

    0,04

   0,10

Көмекшi персонал

Кәсiптiк тәуекелдiң барлық сыныптары үшiн

    0,47

   2,15

      3. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      4. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген тәртiппен және мерзiмде бiржолы немесе оның мерзiмiн ұзартып төлейдi. Егер жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы кезектi сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегенi үшiн сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
      5. Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданысы ішінде персоналдың санаттары мен қызметкердің кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген жағдайда, сақтандыру сыйлықақысы жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін қалған мерзімге барабар қайта есептеледі.
       Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Заңды 17-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      18-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау

      1. Алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      2. Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян қызметкердiң уақытша еңбекке қабілетсіздігіне байланысты зиянды қоспағанда, оның қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты зиянның материалдық көрiнiсiн қамтиды.
      Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi осы Заңға сәйкес тапсырылған құжаттардың негiзiнде айқындалады.
       Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Тақырып 2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі.

      19-бап. Зиянның мөлшерін анықтау тәртібі.
               Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті
               сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері

      1. Қызметкердің қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесінің белгіленуіне байланысты жалақыдан (кірістен) айрылуына қатысты зиянның мөлшері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес айқындалады.
      Қызметкерге бір жылдан аспайтын мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (кірісінен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемін сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалған мөлшерде дербес жүзеге асырады.
      Қызметкердің бір жыл және одан да көп мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (кірісінен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемі осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзіміне теңдей мерзім ішінде қызметкердің пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде жүзеге асырылады.
      Жазатайым оқиға басталған кезде қызметкердің қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ жазатайым оқиғаның болуы салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебі бойынша зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар адамдардың пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде жүзеге асырылады.
      Осы Заңмен көзделген жағдайларда пайда алушылар болып табылатын өзге де тұлғалардың сақтандыру төлемін алуға құқығы болады.
      Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер есебінің тәртібі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
      Өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шегуші қызметкермен не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адаммен Заңда көзделген тәртіппен аннуитет шарты жасалады.
      2. Қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленген жағдайда, оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің мөлшері мынадай мөлшерлерде (республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштермен) белгіленеді:
      1) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі 5-тен қоса алғанда 29 процентке дейін болып белгіленген кезде - 500;
      2) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі 30-дан қоса алғанда 59 процентке дейін болып белгіленген кезде - 1000;
      3) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі 60-тан қоса алғанда 89 процентке дейін болып белгіленген кезде - 1500;
      4) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі 90-нан қоса алғанда 100 процентке дейін болып белгіленген кезде - 2000.
      Сақтандырушы денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемін жәбірленуші қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленгенін растайтын құжатты ұсынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде бір мезгілде жүргізеді.
      Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемі кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін ұзарту (қайта куәландыру) кезінде жүзеге асырылмайды.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда зардап шегуші қызметкер сақтандыру төлемін алушы болып табылады.
      3. Зардап шегуші қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтейді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақ 2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемінің (сақтандыру төлемдерінің) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартымен белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен асып түскен жағдайда, сақтандырушыға сақтанушының есебінен айырмасы төленеді.
      5. Сақтандыру төлемін аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебінен жүргізіледі.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Заңды 19-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      20-бапты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      20-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы
               шарттары

      1. Сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша нысанда ұсынады.
      2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркеледi:
      1) сақтандыру шартының көшірмесі;
      2) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбірленуші қызметкерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттар;
      3)  уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiктен айрылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
      4) қызметкер қайтыс болған жағдайда, қызметкердiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi және пайда алушының зиянды өтету құқығын растайтын құжат;
      5) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi;
      6) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар;
      7) аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы туралы қорытындысының көшірмесі.
      Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.
      3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы табыс етiлген құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, өтiнiш берушiге анықтама беруге мiндеттi.
      4. Зардап шеккен қызметкер (ал ол қайтыс болған жағдайда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқық алған тұлға), сондай-aқ келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде пайда алушыға өтеген және сақтандыру төлемiне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
      5. Сақтандыру төлемi пайда алушының жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша тiкелей денсаулығын қалпына келтiру жөнiнде оған қызмет көрсеткен (көрсететiн) тұлғаға төленуi мүмкiн.
      6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
       Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      21-бапты алып тастау көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы

      1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушының мынадай жағдайларда:
      1) сақтанушының жауапкершiлiгi, оның қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайында жасаған iс-әрекеттерiн қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал еткен қасақана iс-әрекеттерi салдарынан басталғанда;
      2) сақтанушы сақтандыру жағдайынан келетiн залалды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қолданбаған кезде төленген сома шегiнде сақтанушыға керi талап қоюға құқығы бар.
      2. Сақтандырушы сақтандыру нәтижесiнде өтеген залалға жауапты тұлғаға сақтанушы, жәбірленуші қызметкер қоя алатын керi талап құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға оның төленген сомалары шегiнде ауысады.
       Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      22-бапқа өзгерту енгізу көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге
               асырудан босатудың негiздемесi

      Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдерiнен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.

      23-бап. Аннуитет шартын жасасу

      1. Жұмыс беруші осы Заңның 19-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда қызметкердің не қызметкердің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғаның пайдасына аннуитет шартын жасасуға міндетті.
      2. Аннуитет шарты осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс еткен күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
      3. Аннуитет шарты зардап шеккен қызметкердiң не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғалардың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiлеген мөлшерде және мерзiмдерде кiрiс алуын қамтамасыз ететiн шарттармен жасалады.
      4. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы пайда алушыға төленуге жатпайды.
      5. Аннуитет шартына қойылатын талаптар және сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      24-бап. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу
               дәрежесiн анықтауға куәландырудың тәртiбi

      1. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) еңбекке қабiлеттiлiгiнен бiр күннен артық айрылуына әкеп соқтыратын әрбiр жазатайым оқиға медициналық қорытындыға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жазатайым оқиға туралы актiмен ресiмделедi.
      2. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландыруды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi сақтанушының, сақтандырушының не қызметкердiң өтiнiшi бойынша немесе сот шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы мен жазатайым оқиға туралы акт куәландырудың негiздемесi болып табылады.
      Қызметкердi жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың, сондай-ақ қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждықты белгiлеудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бекiтедi.
      Кәсiптiк аурулар тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

      25-бап. Дауларды шешу

      Осы Заңды орындау бойынша жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру субъектiлерi арасында туындаған даулардың бәрi Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес шешiледi.

      26-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi
               сақтандыру субъектiлерiнiң мемлекеттiк
               статистикалық есептiлiгi

      Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру субъектiлерiнiң мемлекеттiк статистикалық есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес статистика мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.

      27-бап. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған
               кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi
               үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық
               жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
               Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн
               жауаптылық

      Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

      28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi