Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1)
ұрысқа әзiрлiк
- Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың белгіленген мерзiмдерде өздеріне жүктелген мiндеттердi орындауға дайындығының дәрежесiн айқындайтын жағдай;
2) ұрыс қимылдары - әскери бөлiмдердiң, құрамалар мен бөлiмшелердiң тиісті әскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлiк мiндеттердi opындау кезiндегі ұйымдасқан iс-қимылдары;
3) жауынгерлік мiндет - ұрыста (операцияда) белгiлі бiр мақсатқа белгіленген мерзiмде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;
4) Қарулы Күштердің түрi - мемлекеттің белгілi бiр салада (құрлықта, теңiзде, әуе кеңiстігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлiгi;
5) соғыс қимылдары - агрессияға тойтарыс беру кезiнде алға қойылған жауынгерлiк мiндеттердi орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрiн қолданатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс қимылдарын қоса алғанда) iс-қимылдар кешенi;
6) соғыс уақыты - соғыс кезi жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап, соғыс қимылдарын тоқтату туралы жарияланғанға дейінгі, бірақ олардың нақты тоқтатылуынан бұрынғы кезең;
7) әскери мүлік - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілерi, қару-жарақтың, әскери техниканың барлық түрлері, оқ-дәрi, арнайы құралдар мен басқа да мүлік;
8) соғыс қаупі - саяси және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы әскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкiндiгі көзделетін тұрақсыздық факторы;
9) мемлекеттiң әскери ұйымы - негізгі қызметі Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi шешуге тiкелей бағытталған Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жиынтығы;
10) соғыс қатері - туындаған қарама-қайшылықтарды әскери-күш қолдану әдiстерiмен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған соғыс жанжалына (соғысқа) ұрындыруға деген нақты қалыптасқан ниет;
11) әскери техника - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жарақтандырылатын қарулар, ұрыс машиналары, аспаптар мен басқа да техникалық құралдар;
12) әскери бөлiм - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұйымдық-дербес бiрлігі болып табылатын мемлекеттік мекеме;
13) қару-жарақ - әр түрлі қару, оқ-дәрі түрлерінің кешенi, бұларды қолдануды қамтамасыз ететін олардың тасығыштары мен құралдары;
14) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан әрі - Қарулы Күштер) - қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатердi болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерiнен туындайтын мiндеттердi орындау үшін Қазақстан Республикасы құрған және ұстайтын мемлекеттің әскери ұйымының негізі;
15) жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) - Қорғаныс министрi, оның орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;
16) азаматтық персонал - Қарулы Күштерде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
17) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар - ұлттық қауіпсіздік органдары, Республикалық ұлан, Iшкi істер министрлiгінiң ішкі әскерлерi мен әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдері, әскери прокуратура opгандары;
18) материалдық запастар - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарында, базалары мен қоймаларында сақталатын әскери мүліктің белгілi бiр саны;
19) пайдаланылмайтын әскери мүлік - қаруландырудан алынған, тікелей мақсатына орай пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепiлдi мерзімі өткен, Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы басы артық және олар қолданбайтын мүлік;
20) жабдықтау нормалары - бейбiт кезде немесе соғыс уақытында әскери қызметшілерге, бөлiмшелерге, әскери бөлiмдерге (кемелерге) және құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;
21) қорғаныс - Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздігін қамтамасыз ету, егемендiгiн, аумақтық тұтастығын және оның шекарасына қол сұғылмаушылықты қару-жарақпен қорғау жөніндегі саяси, әскери, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;
22) қорғаныс объектiлерi - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерiне жедел басқару құқығында бекiтіліп берiлген жылжымайтын мүлiк;
23) аумақты жедел жабдықтау - қорғаныс мақсатындағы міндеттердi жедел шешу үшiн пайдалануға көлiк құрылыстарын, жол желiлерiн, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен және энергиямен жабдықтауды даярлауға және ұдайы әзiрлiкте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешенi;
24) әскери басқару органдары - әскери басқарудың стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті органдары;
25) әскерлер түрi - өзіне ғана тән негізгі қарулары мен әскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тәсiлдерi бар Қарулы Күштердiң дербес не құрамдас бөлiгінiң құрамына кiретін түрi;
26) арнаулы әскерлер - Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін (инженерлiк, химиялық және техникалық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес) қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы міндеттерін орындау үшін құрылған әскери бөлiмдер мен бөлiмшелер;
27) арнаулы құралымдар - жұмылдыру жарияланған кезде темір жолдар мен автомобиль жолдарын, теңiз және өзен порттарын, әуежайларды, аэродромдарды, байланыс желiлерiн, газ және мұнай құбырларын, энергиямен және сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтiру жөнiндегі жұмыстарды орындау үшін, өнеркәсiптің, ауыл шаруашылығының, көлiк пен байланыстың кiдiрiссiз жұмысын ұйымдастыру үшін және медициналық көмек көрсету үшін құрылатын құралымдар;
28) соғыс кезi - мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары iс жүзiнде басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (ic жүзiнде тоқтатылғанға) дейінгі қарым-қатынастар;
29) аумақтық қорғаныс - Қазақстан Республикасының халқын, объектiлерiн және коммуникацияларын қарсы жақтың iс-қимылынан, диверсиялық немесе террорлық актілерінен қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі жүзеге асыратын iс-шаралар жиынтығы, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу және қамтамасыз ету;
30) техникалық қамтамасыз ету - Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын iс-шаралар кешенi;
31) тыл - Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тыл және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын әскери бөлімдер;
32) тыл жағынан қамтамасыз ету - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұрысқа әзiрлігін ұстап тұру мақсатында олардың материалдық, көліктік, тұрмыстық және өзге де қажеттіліктерiн қанағаттандыруға бағытталған iс-шаралар кешенi;
33) кәдеге жарату - қару-жарақты, әскери техниканы, арнаулы құралдарды олардың ұрысқа жарақты қасиеттерiн пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болдырмайтын жағдайға келтiру, сондай-ақ олардың компоненттерiн кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу.
2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және
Қарулы Күштер туралы заңнамасы
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін
қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі принциптері
1) басқа мемлекеттердiң егемендiгiн, мемлекеттiк шекараларының мызғымайтындығын, аумақтық тұтастығын құрметтеу және олардың ішкі iстерiне араласпау;
4) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық мiндеттемелердi сақтау және шарттардың мақсатына қол жеткiзуге жәрдемдесу;
5) өзара тиiмдi ынтымақтастық және өзара түсінiстік негізінде барлық елдермен достық қарым-қатынасты ұстану;
6) әскери жанжалдарды болғызбауға, бейбiтшілікті қолдау мен қалпына келтiруге бағытталған жаһандық және өңірлік қауіпсiздiк жүйелерiн құруға қатысу болып табылады.
2) Қазақстан Республикасының әскери саясаты мен
әскери доктринасы
ережесінің негізгi бағыттарын әзiрлеудi;
4) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануды жоспарлауды, олардың қажетті санын, құрылысын, даярлығын анықтауды және олардың ұрысқа әзiрлігі мен жұмылдыру даярлығының талап етiлетін деңгейін ұстап тұруды;
5) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды басқару жүйесін дамытуды, сондай-ақ радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлауды;
6) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бiрыңғай әскери-техникалық саясатын, қару-жарақ пен әскери техниканы дамыту бағдарламасын әзiрлеуді және iске асыруды;
7) елдiң мемлекеттік органдарының, меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарының, көлiгінiң, коммуникацияларының және халқының күнi бұрын жұмылдыру даярлығын, сондай-ақ аумақты қорғаныс мақсатында жедел жабдықтауды қамтитын бейбiт кезде жүргізiлетін жалпы мемлекеттiк iс-шаралар кешенін;
9) азаматтарды әскери қызметке даярлауды, соғыс уақытына арнап әскери оқытылған резервті жинақтауды;
11)
мемлекеттік құпияларды
құрайтын
мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етуді
;
2. Қорғаныс мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери мiндеттілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңдарында
көзделген
мiндеттердiң өзге де түрлерi белгіленедi.
3. Қорғаныс саласындағы мiндеттерін орындау үшін Қарулы Күштер құрылады және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ соғыс уақытында құрылатын арнаулы құралымдар тартылады.
U931158
4. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштердi қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы мiндеттердi орындайды.
5. Жер, орман, су және басқа да табиғи ресурстар Қазақстан Республикасының
заңнамасына
сәйкес
қорғаныс мұқтажы үшiн берiледi.
6. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерiне бекiтiліп берiлген мүлiк республикалық меншік болып табылады.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ,
ПАРЛАМЕНТIНIҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС
САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI
5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс
саласындағы өкілеттігі
2. Қазақстан Республикасының Президентi:
Z952733
2) Қазақстан Республикасының
Әскери доктринасын
, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, қорғаныс мәселелерi жөнiндегі мемлекеттік бағдарламаларды бекiтеді;
3) Қарулы Күштерді қолдану жоспарын, сондай-ақ мемлекеттің жұмылдыру жоспарын бекiтедi;
Z970127
5) Қарулы Күштердiң құрылымын, штат санының лимитiн, сондай-ақ әскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесiн бекiтедi;
U031085
Z934000
6) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындау үшін бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар ете отырып, Қарулы Күштердi тарту туралы шешімдер қабылдайды;
7) жоғары офицерлiк құрамның адамдары атқаруға тиiсті лауазымдар тiзбесiн
бекітедi
, жоғары әскери атақтар береді;
9) әскери ант мәтінін,
жалпы әскери жарғыларды
, әскери қызметті өткеру
ережесiн
,
әскери нышандарды
, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери киім
нысаны
мен айырым белгілерiн бекітедi;
10) Қазақстан Республикасының қорғаныс және әскери ынтымақтастық саласында келiссөздер жүргізедi және халықаралық шарттарға қол қояды;
11) Республиканың азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлердi запасқа шығару, соғыс уақытында, жұмылдыру бойынша әскери қызметке, сондай-ақ әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы шешiм қабылдайды;
12) Парламент палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Қарулы Күштерді бейбiтшіліктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы ұсыныс енгізедi;
13) Қазақстан Pecпубликасының
Конституциясында
көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайын енгізедi, iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар етеді;
14) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің қорғаныс
саласындағы өкілеттіктері
1) Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгізедi;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынысы бойынша Қарулы Күштердi бейбiтшiлiктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
5) қорғаныс және әскери ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегі халықаралық шарттарды бекітеді және күшiн жояды;
6) қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелерi бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi. Z952529
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің қорғаныс
саласындағы өкiлеттiктерi
1) мемлекеттің әскери саясатының негізгі бағыттарын әзiрлейді, Республиканың қорғаныс қабiлетін қамтамасыз ету жөнiндегі шараларды iске асырады;
3) Қорғаныс министрлiгiнiң, өзге де орталық және жергілiкті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
4) мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі
уәкiлетті органды
айқындайды;
Z010146
Z070303
P040205
5) мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегi уәкілетті органның ұсынысы бойынша жыл сайын мемлекеттік қорғаныс тапсырысын бекiтедi;
6) қорғаныс өнеркәсiбінің, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелiк-конструкторлық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдер қабылдайды;
7) әскери оқу орындарын, жоғары оқу орындарының әскери кафедраларын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдер қабылдайды;
9) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттiк мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі мен шарттарын
айқындайды
;
10) Қарулы Күштерді, басқа әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен, әскери техникамен және материалдық-техникалық ресурстармен жарақтандыруды және қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
11) жабдықтау нормаларын және материалдық запастардың санаттарын
бекiтедi
;
12) мемлекеттiң жұмылдыру жоспарын әзiрлеудi және орындауды ұйымдастырады, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтердi қалыптастыру, жинақтау және пайдалану тәртiбiн белгілейдi;
13) мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың жұмылдыру даярлығына басшылық жасауды жүзеге асырады;
14) қорғаныс мақсатында Республика аумақтарын жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
15) Әскери міндеттілер мен шақырылатындардың әскери есебiн жүргізу
тәртiбi
туралы ереженi бекiтедi;
16) Әскери-көлiктік мiндеттілік туралы
ереженi
бекiтедi;
18) әскери қызметке шақырылуға тиісті азаматтардың санаттары мен санын, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылуға тиісті әскери оқытылған мамандардың жыл сайынғы санын айқындайды;
19) әскери оқытылған резервті құруға және даярлауға жалпы басшылықты жүзеге асырады, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекiтедi;
20) азаматтық және аумақтық қорғанысты жоспарлауды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады;
Z970100
21) Қазақстан Республикасының
заңнамасына
сәйкес жердi, орманды, суды және басқа да табиғи ресурстарды қорғаныс мұқтаждары үшін беру және пайдалану тәртiбiн белгілейдi;
22) пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерiн мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру)
тәртібiн
белгілейді;
23) әскери ынтымақтастық және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою мәселелерi бойынша халықаралық келiссөздер жүргізу туралы шешiмдер қабылдайды;
24) қорғаныс мұқтаждары үшiн жеке және заңды тұлғалардан реквизицияланған, сондай-ақ берiлген мүліктің құнын мемлекеттің өтеу тәртібiн
белгілейдi
;
25) әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару
тәртiбін
белгілейдi;
26) қару мен әскери техниканың, стратегиялық материалдардың, озық технологиялар мен қос мақсатта пайдаланылатын өнімдердiң экспортын бақылауды ұйымдастырады;
P991917
P011039
27) Конституциямен , Қазақстан Республикасының заңдарымен және Президенттің актілерiмен өзiне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
3-тарау. ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛIКТІ
АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ
ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРІ
8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс
саласындағы функциялары
1) саланың жұмылдыру даярлығына, жұмылдыру мақсатындағы объектілердi, қорғаныс мұқтажы үшін қажетті өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, шығару және жөндеу жөнiндегi қуаттарды жасауға, дамытуға және сақтауға қатысады және жұмылдырылатын резервтердiң жинақталуын қамтамасыз етеді;
3) соғыс уақытында саланың тұрақты жұмыс iстеуi жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады, оны соғыс уақыты жағдайындағы жұмыс режимiне көшiру жоспарларын әзiрлейді;
5) азаматтық қорғаныс iс-шараларын ұйымдастырып, жүргiзедi және ведомстволық бағынысты ұйымдардың оларды орындауын қамтамасыз етеді;
6) республика халқын қорғанысқа даярлауға қатысады, Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс
саласындағы функциялары
1) аумақты жедел жабдықтау iс-шараларын орындауға қатысады және коммуникацияларды қорғаныс мақсатында дайындауды қамтамасыз етеді;
2) қорғаныс мақсатында көлiк және басқа да техникалық құралдардың есебiн жүргізудi және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз етедi;
3) халықты және аумақты қорғанысқа даярлауға қатысады, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың материалдық, энергетикалық және өзге де ресурстарға және олардың тапсырысы бойынша қызмет көрсетулерге қажеттіліктерiн Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді;
4) әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, олардың әскери қызметке, әскери жиындарға шақырылуын және жұмылдыру бойынша шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді;
5) жергілікті әскери басқару органдарында жұмылдыру кезеңінде және соғыс уақытында әскери мiндеттілерге брон белгiлеудi жүзеге асырады;
6) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегі іс-шараларды жоспарлауға қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс
саласындағы құқықтары мен міндеттері
1) келiсiм-шарт негізiнде epікті түрде
әскери қызметке
баруға;
1)
әскери мiндеттілiкті
орындауға;
3) жұмылдыру кезеңінде және соғыс жағдайында өздерінiң меншігіндегі мүлікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оның құнын кейiннен мемлекеттің тең бағада өтеуімен беруге міндетті.
11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың
қорғаныс саласындағы функциялары
4) жұмылдыру кезеңiнде және соғыс жағдайында өздерінің меншігіндегі мүлiкті қорғаныс мұқтажы үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметi
белгілеген
тәртiппен оның құнын кейiннен мемлекеттің өтеуiмен бередi;
12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз
етудің мақсаттары мен мiндеттері
1) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарға қажеттіліктерiн қанағаттандыру;
2) қару-жарақ пен әскери техниканы өндiрудi, жөндеудi және жаңғыртуды жүзеге асыру үшін ғылыми-техникалық және өндiрiстік базаны жетілдiру;
4) әскери қызметшілердi, олардың отбасы мүшелерiн және әскери қызметтен босатылған адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру деңгейiн арттыру, Қазақстан Республикасының
заңнамасымен
белгіленген
кепілдiктерiн iске асыру;
13-бап. Қорғанысты қаржыландыру
1. Қорғанысты қаржыландыру Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарға қажеттiлiктерiн кепілдi қанағаттандыруға бағытталады.
2. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ қорғанысқа арналған шығыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты және осы Заңның 24-бабында көзделген өзге де қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады.
3. Шет мемлекеттермен бiрлесіп пайдаланылатын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әскери объектілердi және қару-жарақ қысқартуды бақылау мен инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізiледi.
4. Бюджет қаражатының қорғанысқа арналған шығыстары бөлiгiнiң атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
14-бап. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету қару-жарақ пен әскери техниканы қоса алғанда, өндiрiстік-техникалық мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеуге, өндiруге, жеткiзуге және қамтамасыз етуге арналған қорғаныс тапсырысына және халықаралық келiсiмдерге сәйкес басымдық тәртібiмен жүзеге асырылады. Z010146 Z0703032. Мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыру тәртiбi, оны материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету және сатып алу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен айқындалады.
15-бап. Объектілер мен мүліктi қорғаныс мүдделерiне
орай пайдалану
2. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бейбiт уақытта пайдаланбайтын қорғаныс объектiлерi бюджет қаражаты есебiнен консервациялануға тиiс немесе Қазақстан Республикасының
заңнамасында
белгіленген тәртіппен мүліктік жалға (жалгерлiкке берiлуi), сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізiнде басқа мемлекеттердің ұйымдарына берiлуi мүмкін.
3. Пайдаланылмайтын әскери мүлiк Қазақстан Республикасының Yкiметі
белгілеген
тәртіппен iске асырылуы мүмкін.
4. Штабтар бастықтарының комитеті Қазақстан Республикасының Үкiметі
белгілеген
тәртіппен:
1) соғыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жарамсыз күйге түскен немесе Қарулы Күштердiң жеке құрамының өмiрiне қатер төнген кезде жоғалған әскери мүлікті есептен шығарады;
16-бап. Жердi, ғимараттарды, құрылыстарды,
объектiлердi және басқа да мүлікті
қорғаныс мұқтажы үшiн беру
2. Меншік иелері мен жерді пайдаланушыларға қорғаныс мұқтажына жерді алып қоюға байланысты келтірілген залал Қазақстан Республикасының
заңнамасына
сәйкес өтеледі.
3. Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қорғаныс мұқтажы үшін ғимараттар, құрылыстар, объектілер мен басқа да мүлік беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды кері қайтарып алу жүргізілуі мүмкін.
4. Мүлiктi иеленуге және пайдалануға беру тәртiбi, сондай-ақ басқа мемлекеттер әскери құралымдарының жердi уақытша ақылы пайдалану (жалға алу) тәртiбi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен айқындалады.
17-бап. Ғылыми-зерттеу қызметi және кадрлар даярлау
1. Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу ұйымдары қорғаныс қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында қару-жарақ пен әскери техниканың, әскери мақсаттағы өнiмдердiң жаңа түрлерiн жасау үшін iргелi және қолданбалы зерттеулердi, перспективалық ғылыми-техникалық және технологиялық әзiрлемелерді жүзеге асырады.
2. Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың қорғаныс сипатындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындауға экономикалық мүдделi болуын арттыру үшiн қаржы-экономикалық реттеуіштер мен тетiктер жүйелерiн енгiзу арқылы оларды мемлекеттiк қолдау жүзеге асырылады.
3. Әскери кадрларды даярлау және қайта даярлау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша білiм беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негізiнде шетелдерде жүзеге асырылады.
18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты
1. Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендiгiн қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілердi күзетуге және қорғауға, әуе кеңiстігін қорғауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес мiндеттерді орындауға арналады.
2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Президентi шешімінің негізінде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға, сондай-ақ террорға қарсы операциялар жүргізу және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн тартылуы мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнен туындайтын міндеттердi орындау үшін Қарулы Күштердi қолдану Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда келiсiлген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi құрамының бiр бөлiгі Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес бiрiккен қарулы күштерге кiруi немесе бiрiккен қолбасшылықта болуы мүмкiн.
19-бап. Қарулы Күштерінiң жалпы құрамы
Қарулы Күштер: әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, әскерлер тектерін, арнаулы әскерлердi, тылды, әскери-оқу орындарын, әскери-ғылыми мекемелер мен басқа да ұйымдарды қамтиды.Жұмылдыру жарияланған жағдайда Қарулы Күштердiң құрамына Iшкi iстер министрлiгiнiң ішкі әскерлерi, Ұлттық қауіпсiздiк комитетінің Шекара қызметі, Республикалық ұлан, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегі орталық атқарушы органының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлімдерi және арнаулы құралымдар кiредi.
20-бап. Қарулы Күштердi жасақтау
1. Қарулы Күштердің жеке құрамына әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдары кiредi.
2. Қарулы Күштер:
1) азаматтарды аумақтан тысқарылық және аумақтық принцип бойынша әскери қызметке шақыру арқылы және Қазақстан Республикасының
заңнамалық
актілерiне
сәйкес олардың әскери қызметке ерікті түрде келуi арқылы әскери қызметшiлермен;
2) Қазақстан Республикасының
еңбек
заңнамасына және Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызмет туралы
заңнамасына сәйкес азаматтық персоналмен жасақталады.
3. Қарулы Күштердi жұмылдыруды өрістету үшін мемлекетте әскери оқып үйретілген резерв запасы құрылады.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N
253
Заңымен.
21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқару
1. Қарулы Күштерге әскери-саяси басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы жүзеге асырады.
2. Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы) соғыс уақытында Қарулы Күштерге басшылық жасайтын жоғары әскери-саяси орган болып табылады.
3. Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы Қарулы Күштердi басқаруды Штабтар бастықтары комитеті арқылы жүзеге асырады.
4. Қарулы Күштердi бейбiт уақытта басқаруды Штабтар бастықтары комитетi арқылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрi жүзеге асырады.
22-бап. Қорғаныс министрлігінiң функциялары
1. Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердi әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. P011074
2) Әскери доктринаны, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен дамуының тұжырымдамасын әзiрлейдi;
3) Қарулы Күштердiң түрлерiн, әскер тектерінің құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметi бекіткен Қарулы Күштер, Қорғаныс министрлігі және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің, штат санының лимитi шегінде Қорғаныс Министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң штат санын белгілейдi;
6) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерi мен арнаулы әскерлердiң жедел мақсаттары мен мiндеттерiн, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен өзара iс-қимыл жасай отырып қолданылуын айқындайды;
7) қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу, тәжiрибелік-конструкторлық және басқа жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;
8) Қарулы Күштердегі әскерлердi инспекциялауды және қаржы қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады;
9) әскери даярлықты жүзеге асыратын ведомстволық әскери оқу орындары мен басқа да бiлiм беру ұйымдарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады;
10) әскери қызметке шақырылуға дейiнгi және шақырылатын жастардың әскери қызметке даярлығын үйлестіредi;
13) Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртiбінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілердi, олардың отбасы мүшелерi мен азаматтық персоналды әлеуметтiк және құқықтық кепілдiктермен қамтамасыз етедi;
14) өз құзыретi шегінде қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелерi жөнiнде нормативтік құқықтық актілер шығарады және олардың орындалуын бақылайды.
1) Қарулы Күштердің жауынгерлік және күнделікті қызметін жедел-стратегиялық жоспарлауды, оларды қолдануды және басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) Қарулы Күштер құрылысы мен дамуының және әскерлердi жұмылдыруды өрiстетудің жоспарларын әзiрлейдi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар құрылысының жоспарларын әзiрлеудi үйлестiредi, олардың орындалуын бақылайды;
3) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Қарулы Күштердi қолдану жоспарын әзірлейдi, Қарулы Күштердi жұмылдыру жоспарын әзiрлеуге қатысады;
4) Қарулы Күштердi жауынгерлік және жұмылдыру даярлығында ұстап тұру жөніндегі iс-шараларды ұйымдастырып, жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн күзету мен қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
6) Қарулы Күштердің басқа да әскерлер мен әскери құралымдармен өзара iс-қимылын ұйымдастырып, жүзеге асырады, сондай-ақ қорғаныс мүдделерiне орай ел аумағын жедел жабдықтау жоспарын әзірлейді;
7) экономиканың, мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың жұмылдырушылық даярлығын ұйымдастыруға қатысады;
8) аумақтық қорғаныс жоспарларын әзiрлеудi үйлестіредi, аумақтық қорғаныс мiндеттерiн орындауға қатысатын күштер мен құралдардың қолданылуын ұйымдастырады;
9) Қарулы Күштердi мерзiмдi қызметтің әскери қызметшілерiмен, келiсім-шарт бойынша жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастырып, жүргізедi;
10) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен бiрге жедел қолданылуын және өзара iс-қимылының жоспарын әзірлеуге қатысады;
11) кадрларды орналастыруды және әскери атақтар берудi жүзеге асырады, Қорғаныс министрінің қарауына номенклатураға сәйкес лауазымдарға тағайындау және әскери атақтар беру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
12) Қарулы Күштердi қару-жарақ, әскери техника, оқ-дәрi мен басқа да қажетті материалдық құралдар түрлерiмен қамтамасыз етудi, оларды пайдалануды, сақтауды, есепке алуды, есептен шығаруды және кәдеге жаратуды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, сондай-ақ бейбiт уақытта әскерлердi жұмылдыруды өрiстету үшiн осы құралдардың запастарын жинақтауды және орналастыруды жоспарлайды;
14) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк және моральдық-адамгершілік қасиетін қалыптастыру мақсатында әскерлерді моральдық-психологиялық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
15) әскерлер қызметіне байланысты экологиялық қауіпсiздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегі iс-шараларды жүргізедi;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарулы Күштердi қолдану және оны басқару, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара iс-қимылды жоспарлау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Штабтар бастықтары комитеті соғыс уақытында Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасының жұмыс органы болып табылады.
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының
заңнамасына
сәйкес жүзеге асырады;
2) ұсынылған демеушілік, қайырымдылық көмектi, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде көрсетiлетiн көмектi алуға және пайдалануға құқылы.
2. Қарулы Күштердiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерi өздерінің жарғылық мақсатына сәйкес келетін және негізгі қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын тәртіппен пайдалануға құқылы.
25-бап. Қарулы Күштердiң орналастырылуы
1. Қарулы Күштердiң орналастырылуы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қарулы Күштердi қолдану жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қарулы Күштерге пайдалануға берiлген аумақтар шегіндегі құрамалардың, әскери бөлiмдердiң қайта орналастырылуы Қазақстан Республикасының Президенті бекiткен жоспарға сәйкес Қорғаныс министрінің шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
3. Қарулы Күштердiң құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналастырылуына Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негізiнде жол берiледi.
26-бап. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар
1. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды құру, басқару және олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қорғаныс мақсатында:
1) Қарулы Күштерді қолдану жоспарын, қорғаныс мәселелері жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады;
5) Штабтар бастықтары комитетінiң қорғанысты ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі нұсқауларын орындайды;
3. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау Қазақстан Pecпубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
27-бап. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдарда заңдылықтың сақталуын қадағалау,
құқық тәртiбiн қамтамасыз ету және әскери
қызметшілерді құқықтық қорғау
2. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметшілердi құқықтық қорғауды, азаматтық және қылмыстық iстердi қарауды соттар жүзеге асырады.
3. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда құқық тәртiбiн қамтамасыз етудi, алдын ала анықтау бойынша iс жүргізудi Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өз құзыреті шегінде әскери полиция жүзеге асырады.
2. Соғыс кезi жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап соғыс уақыты басталады, ол соғыс қимылдарын тоқтату туралы хабарланған кезден бастап аяқталады, бiрақ соғыс қимылдары нақты тоқтатылғаннан бұрын аяқталмайды.
29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру
1. Соғыс жағдайы режимi, жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және оның тәртiбi Қазақстан Республикасының тиiстi заңнамалық актілерiмен айқындалады.2. Соғыс жағдайы кезеңінде Қарулы Күштер, сондай-ақ оның құрамына кiретін Ішкi iстер министрлiгінің ішкi әскерлерi, Ұлттық қауіпсіздiк комитетiнiң Шекара қызметі, Республикалық ұлан, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерi және арнаулы құралымдар соғыс кезiнiң жариялануына қарамастан, агрессияға тойтарыс беру жөнiнде ұрыс қимылдары мен өзге де ic-қимылдарды жүргізе бередi.
2. Азаматтық қорғаныстың міндеттерi және оны ұйымдастыру Қазақстан Pecпубликасының заңымен айқындалады.
2. Аумақтық қорғаныстың жалпы міндеттерін және оны ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы
халықаралық ынтымақтастығы
2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Парламентінің
Конституцияға
сәйкес қабылдаған шешiмi негізінде бейбiтшiлiкті қолдау және қауіпсiздік жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындайды.
3. Қазақстан Pecпубликасынан тысқары жерлерде бейбітшiлiкті қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегі халықаралық міндеттемелердi орындауға тiкелей қатысқан және ұрыс қимылдарына араласқан Қарулы Күштер әскери қызметшілерiнiң осындай қатысу кезеңi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
33-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы және
Қарулы Күштерi туралы заңнамасын бұзғаны үшін
жауаптылық
Қазақстан Pecпубликасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауаптылықта болады.
34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2003 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізiлетін 15-баптың 4-тармағын, 32-баптың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" 1993 жылғы 9 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының
Заңы
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 8, 202-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; N 20, 120-құжат; N 22, 136-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1999 ж., N 8, 233-құжат; 2002 ж., N 3, 22-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 8, 203-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті