Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттiк мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 1110 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 525 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.07.26.  N 633 Қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттiк үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 404  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      1) 1-тармақта:
      2) тармақшадағы "акцияларының жүз пайызы" деген сөздерден кейiн "немесе бақылау пакетi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгі белгiленген тәртiппен "Хабар" агенттігi" акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жылдық жалпы жиналыстарын өткiзген кезде 2004-2006 жылдардың қорытындысы бойынша таза кiрiстiң 10 (он) пайызын дивидендтер төлеуге бағыттау үшiн барлық қажеттi шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн";
      2) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
      тақырыбындағы "жүз пайызы" деген сөздерден кейiн "немесе бақылау пакетi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 6-жолмен толықтырылсын:
      "6. "Хабар" агенттiгi" АҚ".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі