Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының қару-жарағын, әскери техникасын, қорғаныс объектiлерi мен басқа да әскери мүлкiн беру, мүлiктiк жалдауға беру (жалға беру), сату және пайдаға асыру ережесiн бекiту тура

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1006 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі N 687 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) <*>
      2) <*>
      3) "ҚазАлкоОрталық" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 30 сәуiрдегi N 396  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 13, 114-құжат):
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
       ЕСКЕРТУ. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1119  қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N  1127  қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін темекі өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу бөлігіндегі ережелерді қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі