Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы N 299 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Reed Smith Richards Butler LLР" компаниясы (Лондон, Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Кұрама Корольдiгi) "Rumeli Telekom A.S." және "Telsim Mobil Telekomunikasyon Hizmetleri A.S." компанияларымен төрелiк сот талқылауында сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру жөнiндегi заң қызметтерiн көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес, пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Meмлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi