Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық персонал - Қарулы Күштерде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) арнаулы әскерлер - Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін (инженерлік, химиялық және техникалық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес) қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы міндеттерді орындау үшін құрылған әскери бөлімдер мен бөлімшелер;
3) арнаулы құралымдар - жұмылдыру жарияланған кезде темір жолдар мен автомобиль жолдарын, теңіз және өзен порттарын, әуежайларды, аэродромдарды, байланыс желілерін, газ және мұнай құбырларын, энергиямен және сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау үшін, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көлік пен байланыстың кідіріссіз жұмысын ұйымдастыру үшін және медициналық көмек көрсету, өртті оқшаулау және жою үшін мемлекеттік органдар және ұйымдар құратын құралымдар;
4) аумақты жедел жабдықтау - қорғаныс мақсатындағы міндеттерді жедел шешу үшін пайдалануға көлік құрылыстарын, жол желілерін, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен және энергиямен жабдықтауды даярлауға және ұдайы әзірлікте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешені;
5) аумақтық қорғаныс - Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін және коммуникацияларын қарсы жақтың іс-қимылынан, диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу және қамтамасыз ету;
5-1) әскери, әскери-әуе және әскери-теңіз атташелері – Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлері, дипломатиялық дәрежесі бойынша 2-сыныпты кеңесшілерге теңестірілген қорғаныс мәселелері бойынша кеңесшілер;
6) әскери басқару органдары - әскери басқарудың стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті органдары;
7) әскери бөлім - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын мемлекеттік мекеме;
8) әскери мүлік - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, әскери техниканың барлық түрлері, оқ-дәрі, арнайы құралдар мен басқа да мүлік;
9) әскери техника - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жарақтандырылатын қарулар, ұрыс машиналары, аспаптар мен басқа да техникалық құралдар;
10) әскер түрі - өзіне ғана тән негізгі қарулары мен әскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тәсілдері бар, Қарулы Күштердің дербес не құрамдас бөлігінің құрамына кіретін түрі;
11) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметі (Республикалық ұлан), Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдері, әскери прокуратура органдары;
12) жабдықтау нормалары - бейбіт кезде немесе соғыс уақытында әскери қызметшілерге, бөлімшелерге, әскери бөлімдерге (кемелерге) және құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;
13) жауынгерлік әзірлік - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың белгіленген мерзімдерде өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығының дәрежесін айқындайтын жағдай;
14) жауынгерлік міндет - ұрыста (операцияда) белгілі бір мақсатқа белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;
15) жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) - Қорғаныс министрі, оның орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;
16) кәдеге жарату - қару-жарақты, әскери техниканы, арнаулы құралдарды олардың ұрысқа тән қасиеттерін пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болдырмайтын жағдайға келтіру, сондай-ақ олардың компоненттерін кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу;
17) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан әрі - Қарулы Күштер) - қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатерді болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы құрған және ұстайтын мемлекеттің әскери ұйымының негізі;
18) қару-жарақ - әртүрлі қару, оқ-дәрі түрлерінің кешені, бұларды қолдануды қамтамасыз ететін олардың тасығыштары мен құралдары;
19) Қарулы Күштердің түрі - мемлекеттің белгілі бір салада (құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлігі;
19-1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ (бұдан әрі – тыйым салынған аймақ) – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарына, базалары мен қоймаларына тікелей жанасып жатқан аумақ;
19-2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан (бұдан әрі – тыйым салынған аудан) – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген аумақ;
19-3) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасының кадастры – жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен әскери техника, олардың сапалық сипаттамалары, мақсаты, шығарушы кәсіпорын, шығарылған күні, қарулануға қабылданған және қаруланудан шығарылған күні туралы деректер негізінде кезең-кезеңмен жасалатын мәліметтердің жүйеленген жинағы;
20) қорғаныс - Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекарасына қол сұғылмаушылықты қару-жарақпен қорғау жөніндегі саяси, әскери, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;
20-1) Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары – Қазақстан Республикасының аумағынан және одан тысқары жерлерден барлау қызметі шеңберінде жүргізілетін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге уәкілетті, әскери, әскери-саяси, әскери-техникалық және әскери-экономикалық салаларда барлау ақпаратына қол жеткізу, оны өңдеу және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, міндеттерді орындау үшін жедел, ақпараттық-талдау, арнайы мақсаттағы, радиоэлектрондық күрес және радиоэлектрондық барлау бөлімшелерін пайдаланатын Қарулы Күштер бөлімшелері;
21) қорғаныс объектілері - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;
22) материалдық запастар - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарында, базалары мен қоймаларында сақталатын әскери мүліктің белгілі бір саны;
23) мемлекеттің әскери ұйымы - негізгі қызметі Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге тікелей бағытталған Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жиынтығы;
24) пайдаланылмайтын әскери мүлік - қару-жарақтан алынған, тікелей мақсатына орай пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімі өткен, Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы басы артық және олар қолданбайтын мүлік;
25) соғыс жағдайы - мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары іс жүзінде басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (іс жүзінде тоқтатылғанға) дейінгі қарым-қатынастар;
26) соғыс қатері - туындаған қарама-қайшылықтарды әскери-күш қолдану әдістерімен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған соғыс жанжалын (соғысты) тұтандыруға нақты қалыптасқан ниет;
27) соғыс қаупі - саяси және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы әскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкіндігін көздеген тұрақсыздық факторы;
28) соғыс қимылдары - агрессияға тойтарыс беру кезінде алға қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрін қолданатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс қимылдарын қоса алғанда) іс-қимылдар кешені;
29) соғыс уақыты - соғыс кезі жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап, соғыс қимылдарының тоқтатылғаны туралы жарияланғанға дейінгі, бірақ олардың нақты тоқтатылуынан бұрынғы кезең;
30) техникалық қамтамасыз ету - Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;
31) тыл - Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тыл және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын әскери бөлімдер;
32) тыл жағынан қамтамасыз ету - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жауынгерлік әзірлігін қолдау мақсатында олардың материалдық, көлік, тұрмыстық және өзге де қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шаралар кешені;
33) ұрыс қимылдары - әскери бөлімдердің, құрамалар мен бөлімшелердің тиісті әскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі ұйымдасқан іс-қимылдары.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.08 № 266-IV, 2010.05.27 № 279-IV, 2011.04.18 № 429-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 367-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және
Қарулы Күштер туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін
қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі принциптері
Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерi:
1) басқа мемлекеттердiң егемендiгiн, мемлекеттiк шекараларының мызғымайтындығын, аумақтық тұтастығын құрметтеу және олардың ішкі iстерiне араласпау;
2) әскери саладағы сенiмділік және ашықтық шараларын нығайту;
3) халықаралық дауларды бейбiт жолмен реттеу;
4) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық мiндеттемелердi сақтау және шарттардың мақсатына қол жеткiзуге жәрдемдесу;
5) өзара тиiмдi ынтымақтастық және өзара түсінiстік негізінде барлық елдермен достық қарым-қатынасты ұстану;
6) әскери жанжалдарды болғызбауға, бейбiтшілікті қолдау мен қалпына келтiруге бағытталған жаһандық және өңірлік қауіпсiздiк жүйелерiн құруға қатысу болып табылады.
4-бап. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу
1. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) соғыс қаупі мен соғыс қатерiн болжауды және бағалауды;
2) Қазақстан Республикасының әскери саясаты мен әскери доктринасы ережесінің негізгi бағыттарын әзiрлеудi;
3) құқықтық реттеуді;
4) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануды жоспарлауды, олардың қажетті санын, құрылысын, даярлығын анықтауды және олардың ұрысқа әзiрлігі мен жұмылдыру даярлығының талап етiлетін деңгейін ұстап тұруды;
5) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды басқару жүйесін дамытуды, сондай-ақ радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлауды;
6) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бiрыңғай әскери-техникалық саясатын әзiрлеуді және iске асыруды;
7) елдiң мемлекеттік органдарының, меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарының, көлiгінiң, коммуникацияларының және халқының күнi бұрын жұмылдыру даярлығын, сондай-ақ аумақты қорғаныс мақсатында жедел жабдықтауды қамтитын бейбiт кезде жүргізiлетін жалпы мемлекеттiк iс-шаралар кешенін;
8) мемлекеттік материалдық резерв запастарын құруды;
9) азаматтарды әскери қызметке даярлауды, соғыс уақытына арнап әскери оқытылған резервті жинақтауды;
10) азаматтық және аумақтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлауды және жүзеге асыруды;
11) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етуді;
12) қорғаныс мүддесіне орай ғылымды дамытуды;
13) мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді;
14) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметін бақылауды;
15) ұжымдық қауіпсiздік және бiрлескен қорғаныс мақсатындағы халықаралық ынтымақтастықты;
16) қорғаныс саласындағы өзге де iс-шараларды қамтиды.
2. Қорғаныс мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери мiндеттілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттердiң өзге де түрлерi белгіленедi.
3. Қорғаныс саласындағы мiндеттерін орындау үшін Қарулы Күштер құрылады және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ соғыс уақытында құрылатын арнаулы құралымдар тартылады.
4. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштердi қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы мiндеттердi орындайды.
5. Жер, орман, су және басқа да табиғи ресурстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаныс мұқтажы үшiн берiледi.
6. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерiне бекiтiліп берiлген мүлiк республикалық меншік болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ,
ПАРЛАМЕНТIНIҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС
САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI
5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс
саласындағы өкілеттігі
1. Қазақстан Pecпубликасының Президентi Қазақстан Республикасы Күштерiнің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Президентi:
1) Қазақстан Республикасы әскери саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар құрылысының және оларды дамытудың жоспарларын бекiтеді;
2-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану ережелерін және Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау ережелерін бекітеді;
3) Қарулы Күштерді қолдану жоспарын, қорғаныс мүдделерімен Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын, сондай-ақ мемлекеттің жұмылдыру жоспарын бекiтедi;
4) Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) Қарулы Күштердiң құрылымын, штат санының лимитiн, сондай-ақ әскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесiн бекiтедi;
6) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындау үшін бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар ете отырып, Қарулы Күштердi қолдану туралы шешімдер қабылдайды;
7) жоғары әскери атақтар береді;
8) Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) әскери ант мәтінін, жалпы әскери жарғыларды, әскери қызметті өткеру ережесiн, әскери нышандарды, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери киім нысаны мен айырым белгілерiн бекітедi;
10) Қазақстан Республикасының қорғаныс және әскери ынтымақтастық саласында келiссөздер жүргізедi және халықаралық шарттарға қол қояды;
11) Республиканың азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлердi запасқа шығару, соғыс уақытында, жұмылдыру бойынша әскери қызметке, сондай-ақ әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы шешiм қабылдайды;
12) Парламент палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Қарулы Күштерді бейбiтшіліктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы ұсыныс енгізедi;
13) Қазақстан Pecпубликасының Конституциясында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайын енгізедi, iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар етеді;
14) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің қорғаныс
саласындағы өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының Парламентi:
1) Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгізедi;
2) соғыс және бiтім мәселелерiн шешедi;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынысы бойынша Қарулы Күштердi бейбiтшiлiктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
4) әскери атақтарды белгілейдi;
5) қорғаныс және әскери ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегі халықаралық шарттарды бекітеді және күшiн жояды;
6) қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелерi бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi.
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің қорғаныс
саласындағы өкiлеттiктерi
Қазақстан Республикасының Үкiметі:
1) мемлекеттің әскери саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді, республиканың қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асырады;
2) Қорғаныс министрлiгiнiң, өзге де орталық және жергілiкті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
3) мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі уәкiлетті органды айқындайды;
4) мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегi уәкілетті органның ұсынуы бойынша жыл сайын мемлекеттік қорғаныс тапсырысын бекiтедi;
5) қорғаныс өнеркәсiбінің, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелiк-конструкторлық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдер қабылдайды;
6) әскери оқу орындарын, жоғары оқу орындарының әскери кафедраларын, әскери факультеттерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
7) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттiк мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі мен шарттарын айқындайды;
8) Қарулы Күштерді, басқа әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен, әскери техникамен және материалдық-техникалық ресурстармен жарақтандыруды және қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
9) мемлекеттiң жұмылдыру жоспарын әзiрлеудi және орындауды ұйымдастырады, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтi қалыптастыру, жинақтау және пайдалану тәртiбiн белгілейдi;
10) мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың жұмылдыру даярлығына басшылықты жүзеге асырады;
11) материалдық қорлар санаттарын бекітеді;
12) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларын әзірлеу тәртібін бекітеді;
13) қорғаныс мақсатында республика аумақтарын жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
14) әскери-көлiктік мiндеттілік туралы қағидаларды бекiтедi;
15) әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың санаттары мен санын, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылуға жататын әскери оқытылған мамандардың жыл сайынғы санын айқындайды;
16) әскери оқытылған резервті құруға және даярлауға жалпы басшылықты жүзеге асырады, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауға мемлекеттік тапсырысты бекiтедi;
17) азаматтық және аумақтық қорғанысты жоспарлауды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жердi, орманды, суды және басқа да табиғи ресурстарды қорғаныс мұқтаждықтары үшін беру және пайдалану тәртiбiн айқындайды;
19) пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерiн мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібiн белгілейді;
20) әскери ынтымақтастық мәселелерi бойынша халықаралық келiссөздер жүргізу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды;
21) қорғаныс мұқтаждықтары үшiн жеке және заңды тұлғалардан реквизицияланған, сондай-ақ берiлген мүліктің құнын мемлекеттің өтеу тәртібiн айқындайды;
22) әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару тәртiбін белгілейдi;
23) қару мен әскери техниканың, стратегиялық материалдардың, озық технологиялар мен қосарлы мақсаттағы өнімдердiң экспортын бақылауды ұйымдастырады;
24) меншік нысандарына қарамастан, кәсіпорындарда мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
25) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
3-тарау. ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛIКТІ
АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ
ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРІ
8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс
саласындағы функциялары
Орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегiнде:
1) аумақтық қорғаныс іс-шараларына саланың жұмылдыру даярлығына, жұмылдыру мақсатындағы объектілердi, қорғаныс мұқтажы үшін қажетті өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, шығару және жөндеу жөнiндегi қуаттарды жасауға, дамытуға және сақтауға қатысады және жұмылдырылатын резервтердiң жинақталуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етедi;
3) соғыс уақытында саланың тұрақты жұмыс iстеуi жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады, оны соғыс уақыты жағдайындағы жұмыс режимiне көшiру жоспарларын әзiрлейді;
4) ел аумағын жедел жабдықтау жөнiндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
5) азаматтық қорғаныс iс-шараларын ұйымдастырып, жүргiзедi және ведомстволық бағынысты ұйымдардың оларды орындауын қамтамасыз етеді;
6) республика халқын қорғанысқа даярлауға қатысады, Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
7) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс
саласындағы функциялары
Жергілiкті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:
1) аумақты жедел жабдықтау iс-шараларын орындауға қатысады және коммуникацияларды қорғаныс мақсатында дайындауды қамтамасыз етеді;
2) қорғаныс мақсатында көлiк және басқа да техникалық құралдардың есебiн жүргізудi және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз етедi;
3) халықты және аумақты қорғанысқа даярлауға қатысады, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың материалдық, энергетикалық және өзге де ресурстарға және олардың тапсырысы бойынша қызмет көрсетулерге қажеттіліктерiн Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді;
4) әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, олардың әскери қызметке, әскери жиындарға шақырылуын және жұмылдыру бойынша шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді;
5) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
6) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегі іс-шараларды жоспарлауға қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
7) өзiнiң қорғаныс саласындағы қызметін әскери басқару органдарымен үйлестіреді және келiседi;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 367-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс
саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) келiсiм-шарт негізiнде epікті түрде әскери қызметке баруға;
2) қорғанысты нығайтуға жәрдемдесетін ұйымдардың қызметіне қатысуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) әскери мiндеттілiкті орындауға;
2) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегі iс-шараларға қатысуға;
3) жұмылдыру кезеңінде және соғыс жағдайында өздерінiң меншігіндегі мүлікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оның құнын кейiннен мемлекеттің тең бағада өтеуімен беруге міндетті.
11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың
қорғаныс саласындағы функциялары
Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды орындауға қатысады;
2) мемлекеттiң жұмылдыру жоспарында көзделген iс-шараларды жүзеге асырады;
3) мемлекеттiк қорғаныс тапсырысы мiндеттерiн басымдық тәртiбiмен орындайды;
4) жұмылдыру кезеңiнде және соғыс жағдайында өздерінің меншігіндегі мүлiкті қорғаныс мұқтажы үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметi белгілеген тәртiппен оның құнын кейiннен мемлекеттің өтеуiмен бередi;
5) өз қызметкерлерінің әскери мiндетін орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды.
4-тарау. ҚОРҒАНЫСТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз
етудің мақсаттары мен мiндеттері
1. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарды бөліп отыру, Қазақстан Республикасының қорғанысын кепiлдi қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде оларды қару-жарақпен, әскери және арнаулы техникамен жарақтандыру болып табылады.
2. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз етудiң негізгі мiндеттерi:
1) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарға қажеттіліктерiн қанағаттандыру;
2) қару-жарақ пен әскери техниканы өндiрудi, жөндеудi және жаңғыртуды жүзеге асыру үшін ғылыми-техникалық және өндiрiстік базаны жетілдiру;
3) экономиканың жұмылдыру даярлығы мен елдің халқын жұмылдыруға даярлаудың тиiмдi жүйелерiн құру;
4) әскери қызметшілердi, олардың отбасы мүшелерiн және әскери қызметтен босатылған адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру деңгейiн арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген кепілдiктерiн iске асыру;
5) өзара тиiмдi халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
13-бап. Қорғанысты қаржыландыру
1. Қорғанысты қаржыландыру Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарға қажеттiлiктерiн кепілдi қанағаттандыруға бағытталады.
2. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ қорғанысқа арналған шығыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты және осы Заңның 24-бабында көзделген өзге де қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады.
3. Шет мемлекеттермен бiрлесіп пайдаланылатын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әскери объектілердi және қару-жарақ қысқартуды бақылау мен инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізiледi.
4. Бюджет қаражатының қорғанысқа арналған шығыстары бөлiгiнiң атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
14-бап. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету қару-жарақ пен әскери техниканы қоса алғанда, өндiрiстік-техникалық мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеуге, өндiруге, жеткiзуге және қамтамасыз етуге арналған қорғаныс тапсырысына және халықаралық келiсiмдерге сәйкес басымдық тәртібiмен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыру тәртiбi, оны материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету және сатып алу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен айқындалады.
14-1-бап. Қарулы Күштерді мұнай өнімдерімен жабдықтау
ерекшеліктері
Қарулы Күштер мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.
Ескерту. 4-тарау 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15-бап. Объектілер мен мүліктi қорғаныс мүдделерiне
орай пайдалану
1. Пайдаланылмайтын әскери мүлiкті қоспағанда, мемлекеттік меншік болып табылатын, экономика салаларының ұйымдарына жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығында бекітіліп берiлген және қорғаныс мұқтажын қамтамасыз ету мен жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған объектілер мен мүлiк иеліктен шығаруға жатпайды.
2. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бейбiт уақытта пайдаланбайтын қорғаныс объектiлерi бюджет қаражаты есебiнен консервациялануға тиiс немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүліктік жалға (жалгерлiкке берiлуi), сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізiнде басқа мемлекеттердің ұйымдарына берiлуi мүмкін.
3. Пайдаланылмайтын әскери мүлiк Қазақстан Республикасының Yкiметі белгілеген тәртіппен iске асырылуы мүмкін.
3-1. Әскери қарсы барлау органдары орналасқан қорғаныс объектілерін күзету мен күтіп-ұстауды аталған объектілер жедел басқаруында болатын Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға осы мақсаттар үшін бөлінетін бюджет қаражаты есебінен олар жүзеге асырады.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақ 2003.08.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртіппен:
1) соғыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жарамсыз күйге түскен немесе Қарулы Күштердiң жеке құрамының өмiрiне қатер төнген кезде жоғалған әскери мүлікті есептен шығарады;
2) өздерiнiң жедел басқаруындағы әскери мүлiктің есебін жүргізедi.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
16-бап. Жердi, ғимараттарды, құрылыстарды,
объектiлердi және басқа да мүлікті
қорғаныс мұқтажы үшiн беру
1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды орналастыру және олардың тұрақты қызметi үшiн берiлген жер учаскелерi олардың иелiгiнде және пайдалануында болады.
2. Жер учаскесін қорғаныс мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару және меншік иелері мен жер пайдаланушыларға олардың құнын өтеу Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қорғаныс мұқтажы үшiн ғимараттар, құрылыстар, объектiлер мен басқа да мүлiк берiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен оларды керi қайтарып алу жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Қорғаныс мұқтажы үшін мүлікті реквизициялау соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайда және тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Мүлiктi иеленуге және пайдалануға беру тәртiбi, сондай-ақ басқа мемлекеттер әскери құралымдарының жердi уақытша өтеулі пайдалану (жалға алу) тәртiбi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
17-бап. Ғылыми-зерттеу қызметi және кадрлар даярлау
1. Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу ұйымдары қорғаныс қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында қару-жарақ пен әскери техниканың, әскери мақсаттағы өнiмдердiң жаңа түрлерiн жасау үшін iргелi және қолданбалы зерттеулердi, перспективалық ғылыми-техникалық және технологиялық әзiрлемелерді жүзеге асырады.
2. Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың қорғаныс сипатындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындауға экономикалық мүдделi болуын арттыру үшiн қаржы-экономикалық реттеуіштер мен тетiктер жүйелерiн енгiзу арқылы оларды мемлекеттiк қолдау жүзеге асырылады.
3. Әскери кадрларды даярлау және қайта даярлау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша білiм беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негізiнде шетелдерде жүзеге асырылады.
5-тарау. ҚАРУЛЫ КҮШТЕР, БАСҚА ДА ӘСКЕРЛЕР
МЕН ӘСКЕРИ ҚҰРАЛЫМДАР
18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты
1. Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендiгiн қаруланып қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілердi күзетуге және қорғауға, әуе кеңiстігін күзетуге, заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күресуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес мiндеттерді орындауға арналған.
2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Президентiнің шешімдері негізінде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу, Мемлекеттік шекараны күзетуді күшейту және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнгенде және мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылғанда қолданылуы мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнен туындайтын міндеттердi орындау үшін Қарулы Күштердi қолдану Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда келiсiлген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi құрамының бiр бөлiгі Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес бiрiккен қарулы күштерге кiруi немесе бiрiккен қолбасшылықта болуы мүмкiн.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
19-бап. Қарулы Күштерінiң жалпы құрамы
Қарулы Күштер: әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, әскерлер тектерін, арнаулы әскерлердi, тылды, әскери-оқу орындарын, әскери-ғылыми мекемелер мен басқа да ұйымдарды қамтиды.
Жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштердiң құрамына Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсiздiк комитетінің Шекара қызметі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдері, жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғанысының құралымдары және арнаулы құралымдар кiредi.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
20-бап. Қарулы Күштердi жасақтау
1. Қарулы Күштердің жеке құрамына әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдары кiредi.
2. Қарулы Күштер:
1) азаматтарды әскери қызметке шақыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне сәйкес олардың әскери қызметке ерікті түрде келуi арқылы әскери қызметшiлерден;
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес азаматтық персоналмен жасақталады.
3. Қарулы Күштердi жұмылдыруды өрістету үшін мемлекетте әскери оқып үйретілген резерв запасы құрылады.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.05.15 № 253, 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқару
1. Қарулы Күштерге әскери-саяси басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы жүзеге асырады.
2. Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы) соғыс уақытында Қарулы Күштерге басшылық жасайтын жоғары әскери-саяси орган болып табылады.
3. Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы Қарулы Күштердi басқаруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы жүзеге асырады.
4. Қарулы Күштердi бейбiт уақытта басқаруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi жүзеге асырады.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
22-бап. Қорғаныс министрлігінiң функциялары
1. Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердi әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі:
1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
2) Әскери доктринаны, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен дамуының тұжырымдамасын әзiрлейдi;
3) Қарулы Күштердiң түрлерiн, әскер тектерінің құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметi бекіткен Қарулы Күштер, Қорғаныс министрлігі және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерi шегінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бойынша штат санын белгілейдi;
4) мемлекетте бiрыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізедi;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің әскери құрамдасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының қызметін ұйымдастырады;
6) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерi мен арнаулы әскерлердiң жедел мақсаттары мен мiндеттерiн, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен өзара iс-қимыл жасауда қолданылуын айқындайды;
7) қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу, тәжiрибелік-конструкторлық және басқа да жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;
8) Қарулы Күштерде әскерлердi инспекциялауды және қаржы қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады;
9) ведомстволық әскери оқу орындарына қабылдауды, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, әскери даярлықты жүзеге асыратын ведомстволық әскери оқу орындары мен басқа да бiлiм беру ұйымдарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады;
10) әскери қызметке шақырылуға дейiнгi және шақырылатын жастардың әскери қызметке даярлығын үйлестіредi;
11) халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
12) Қарулы Күштерде заңдылық пен құқықтық тәртiптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілердi, олардың отбасы мүшелерi мен азаматтық персоналды әлеуметтiк және құқықтық кепілдiктермен қамтамасыз етедi;
13) өз құзыретi шегінде қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелерi бойынша нормативтік құқықтық актілер шығарады және олардың орындалуын бақылайды;
14) өндірістің барлық кезеңдерінде меншік нысандарына қарамастан, орындаушы кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері орналастыратын мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу сапасын бақылауды жүзеге асырады;
15) өз құзыреті шегінде аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылайды;
16) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
17) пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібіне сәйкес пайдаланылмайтын әскери мүлікке иелік етеді;
18) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекітеді;
19) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасы кадастрын бекітеді;
20) әскери мақсаттағы ғарыш техникасы мен технологияларын жасау саласындағы жобалардың іске асырылуын ұйымдастырады;
21) жоғары оқу орындарында және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының жанындағы әскери факультеттерде әскери даярлық қағидаларын бекітеді;
22) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерді жабдықтау нормаларын бекітеді;
23) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылатындардың әскери есебiн жүргізу тәртiбi туралы қағидаларды бекiтедi;
24) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын (бұдан әрі – Тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары) бекітеді;
25) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе аппараттары қызметкерлерінің қызметі мен қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
26) әскери басқарудың жергілікті органдары туралы ереженi бекітеді;
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
23-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас
штабының функциялары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы:
1) Қарулы Күштердің жауынгерлік және күнделікті қызметін жедел-стратегиялық жоспарлауды, оларды қолдануды және басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) Қарулы Күштер құрылысы мен дамуының және әскерлердi жұмылдыруды өрiстетудің жоспарларын әзiрлейдi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар құрылысының жоспарларын әзiрлеудi үйлестiредi, олардың орындалуын бақылайды;
3) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Қарулы Күштердi қолдану жоспарын әзірлейдi, Қарулы Күштердi жұмылдыру жоспарын әзiрлеуге қатысады;
4) Қарулы Күштердi жауынгерлік және жұмылдыру даярлығында ұстап тұру жөніндегі iс-шараларды ұйымдастырып, жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн күзету мен қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
6) Қарулы Күштердің басқа да әскерлер мен әскери құралымдармен өзара iс-қимылын ұйымдастырып, жүзеге асырады, сондай-ақ қорғаныс мүдделерiне орай ел аумағын жедел жабдықтау жоспарын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану ережелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау ережелерін әзірлейді;
7) экономиканың, мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың жұмылдырушылық даярлығын ұйымдастыруға қатысады;
8) аумақтық қорғаныс жоспарларын әзiрлеудi үйлестіредi, аумақтық қорғаныс мiндеттерiн орындауға қатысатын күштер мен құралдардың қолданылуын ұйымдастырады;
9) Қарулы Күштердi мерзiмдi қызметтің әскери қызметшілерiмен, келiсім-шарт бойынша жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастырып, жүргізедi;
10) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен бiрге жедел қолданылуын және өзара iс-қимылының жоспарын әзірлеуге қатысады;
10-1) Тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын әзірлейді;
11) кадрларды орналастыруды және әскери атақтар берудi жүзеге асырады, Қорғаныс министрінің қарауына номенклатураға сәйкес лауазымдарға тағайындау және әскери атақтар беру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
12) Қарулы Күштердi қару-жарақ, әскери техника, оқ-дәрi мен басқа да қажетті материалдық құралдар түрлерiмен қамтамасыз етудi, оларды пайдалануды, сақтауды, есепке алуды, есептен шығаруды және кәдеге жаратуды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, сондай-ақ бейбiт уақытта әскерлердi жұмылдыруды өрiстету үшiн осы құралдардың запастарын жинақтауды және орналастыруды жоспарлайды;
13) Қарулы Күштерде әскери ғылымды дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
14) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк және моральдық-адамгершілік қасиетін қалыптастыру мақсатында әскерлерді моральдық-психологиялық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
15) әскерлер қызметіне байланысты экологиялық қауіпсiздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегі iс-шараларды жүргізедi;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарулы Күштердi қолдану және оны басқару, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара iс-қимылды жоспарлау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы соғыс уақытында Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасының жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.04.18 № 429-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
24-бап. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерi
1. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері:
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;
2) ұсынылған демеушілік, қайырымдылық көмектi, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде көрсетiлетiн көмектi алуға және пайдалануға құқылы.
2. Қарулы Күштердiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттік мекемелерi өздерінің жарғылық мақсатына сәйкес келетін және негізгі қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын тәртіппен пайдалануға құқылы.
25-бап. Қарулы Күштердiң орналастырылуы
1. Қарулы Күштердiң орналастырылуы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қарулы Күштердi қолдану жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қарулы Күштерге пайдалануға берiлген аумақтар шегіндегі құрамалардың, әскери бөлiмдердiң қайта орналастырылуы Қазақстан Республикасының Президенті бекiткен жоспарға сәйкес Қорғаныс министрінің шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
3. Қарулы Күштердiң құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналастырылуына Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негізiнде жол берiледi.
26-бап. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар
1. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды құру, басқару және олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қорғаныс мақсатында:
1) Қарулы Күштерді қолдану жоспарын әзірлеуге қатысады;
2) Қарулы Күштермен бiрлескен iс-қимылдарға даярлықты ұйымдастырады;
3) азаматтарды әскери қызметке даярлауға қатысады;
4) аумақты қорғанысқа жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі нұсқауларын орындайды;
6) Қарулы Күштермен бiрге жедел және жұмылдыру даярлығына тартылады.
3. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау Қазақстан Pecпубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
27-бап. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдарда заңдылықтың сақталуын қадағалау,
құқық тәртiбiн қамтамасыз ету және әскери
қызметшілерді құқықтық қорғау
1. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлep мен әскери құралымдарда заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты әскери прокурорлар жүзеге асырады.
2. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметшілердi құқықтық қорғауды, азаматтық және қылмыстық iстердi қарауды соттар жүзеге асырады.
3. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда құқық тәртiбiн қамтамасыз етудi, алдын ала анықтау бойынша iс жүргізудi Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өз құзыреті шегінде әскери полиция жүзеге асырады.
6-тарау. СОҒЫС КЕЗI. СОҒЫС ЖАҒДАЙЫ. ЖҰМЫЛДЫРУ.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС. АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС. ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АЙМАҚ
ПЕН ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АУДАН
Ескерту. 6-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.04.18 № 429-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-бап. Соғыс кезi
1. Соғыс кезін Қазақстан Республикасына басқа мемлекет (мемлекеттер тобы не коалициясы) қарулы шабуыл жасаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Парламентi жариялайды.
2. Соғыс кезi жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап соғыс уақыты басталады, ол соғыс қимылдарын тоқтату туралы хабарланған кезден бастап аяқталады, бiрақ соғыс қимылдары нақты тоқтатылғаннан бұрын аяқталмайды.
29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру
1. Соғыс жағдайы режимi, жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және оның тәртiбi Қазақстан Республикасының тиiстi заңнамалық актілерiмен айқындалады.
2. Соғыс жағдайы кезеңінде Қарулы Күштер, сондай-ақ оның құрамына кiретін Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздiк комитетiнiң Шекара қызметі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдері және арнаулы құралымдар соғыс кезiнiң жариялануына қарамастан, агрессияға тойтарыс беру жөнiнде ұрыс қимылдары мен өзге де ic-қимылдарды жүргізеді.
Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
30-бап. Азаматтық қорғаныс
1. Азаматтық қорғаныс Қазақстан Республикасының халқын және аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында ұйымдастырылады.
2. Азаматтық қорғаныстың міндеттерi және оны ұйымдастыру Қазақстан Pecпубликасының заңымен айқындалады.
Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
31-бап. Аумақтық қорғаныс
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы халықты, объектiлер мен коммуникацияларды қарсы жақтың iс-қимылынан, диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимін енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі аумақтық қорғанысты ұйымдастырады.
2. Аумақтық қорғаныстың жалпы міндеттерін және оны ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
3. Аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау үшін жергілікті атқарушы органдар аумақтық қорғаныс құралымдарын құрады.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.08 № 266-IV, 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
31-1-бап. Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан
1. Тыйым салынған аймақ тыйым салынған ауданның бір бөлігі болып табылады және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
Тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, жеке адамдардың болуына, құрылыс салуға және қандай да болсын жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
2. Тыйым салынған аудан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
Тыйым салынған аудан аумағында атыс қаруының барлық түрінен оқ атуға, пиротехникалық құрылғыларды пайдалануға, сондай-ақ атыс тирлерін, стендтері мен атыс орындарын орнатуға жол берілмейді.
Ескерту. 6-тарау 31-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.04.18 № 429-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы
халықаралық ынтымақтастығы
1. Қазақстан Республикасының агрессиядан бiрлесіп қорғануды қамтамасыз ету, бейбiтшілiкті қолдау және қауіпсiздiк жөнiндегi басқа мемлекеттермен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Pecпубликасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес құрылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақ 2003.08.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Парламентінің Конституцияға сәйкес қабылдаған шешiмi негізінде бейбiтшiлiкті қолдау және қауіпсiздік жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақ 2003.08.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Қазақстан Pecпубликасынан тысқары жерлерде бейбітшiлiкті қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегі халықаралық міндеттемелердi орындауға тiкелей қатысқан және ұрыс қимылдарына араласқан Қарулы Күштер әскери қызметшілерiнiң осындай қатысу кезеңi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
33-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы және
Қарулы Күштерi туралы заңнамасын бұзғаны үшін
жауаптылық
Қазақстан Pecпубликасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауаптылықта болады.
34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2003 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізiлетін 15-баптың 4-тармағын, 32-баптың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" 1993 жылғы 9 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 8, 202-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; N 20, 120-құжат; N 22, 136-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1999 ж., N 8, 233-құжат; 2002 ж., N 3, 22-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 8, 203-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті