Әскери мүлік айналымының жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 тамыз N 1039. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 637 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.08.2019 № 637 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.04.2017 № 173 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.16 N 687 Қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында пайдаланылмайтын әскери мүлікке билік ету құқығы берілген уәкілетті орган болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.16 N 687, 2011.05.24 N 565 Қаулыларымен.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Әскери-техникалық комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) функциялары мен өкілеттіктері беріліп, таратылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары өкілдерінің Комиссия жұмысына қатысуын қамтамасыз етсін.

      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.05.24 N 565 Қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып белгіленсін:

      1) қаруды, әскери техниканы, қорғаныс объектілерін және өзге де пайдаланылмайтын әскери мүлікті құрту, кәдеге жарату, көму, жалға беру және өткізу арқылы жою;

      1-1) арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлкін кәдеге жарату;

      1-2) арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлкін өткізу (экспорттау);

      2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында пайдаланылмайтын екі ұдай қолданыстағы қару-жарақтың, әскери техниканың, оқ-дәрінің, олардың қосалқы және жинақтаушы бұйымдарының, өнімдердің, жабдықтардың және тиісті технологияның экспорты;

      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін екі ұдай қолданыстағы қару-жарақтың, әскери техниканың, оқ-дәрінің, олардың қосалқы бөліктерінің және жинақтаушы бұйымдарының, өнімдердің, жабдықтардың және тиісті технологияның импорты.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.16. N 687, 2009.11.24 N 1920; 06.04.2017 № 173 ; 08.11.2017 № 724 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қару-жарақтарын, әскери техникасын және өзге де әскери мүліктерін сату және пайдаға асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1140 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы N 786 P000786 қаулысы;

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы N 786 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 желтоқсандағы N 1875 P001875 қаулысы.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі