Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 66 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қыркүйекте № 29609 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес, өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 66 Қаулыға
қосымша

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы №170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      12, 26 және 48-тармақтар алып тасталсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 58 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9274 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) акциялардың баланстық құны - уәкілетті органымен келісілген қор биржасының ережесіне сәйкес осы акциялардың эмитентінің қаржылық есептіліктің негізінде айқындалатын акциялардың құны;

      2) бағалаушы - лицензиялар негізінде мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау және (немесе) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым;

      3) борыштық қаржы құралының номиналды құны - шығарылымы кезде айқындалған, пайызда көрсетілген сыйақы, сондай-ақ оны өтеу кезінде борыштық қаржы құралының ұстаушысына төлеуге жататын сомасы есептелетін борыштық қаржы құралы құнының ақша көрінісі. Борыштық қаржы құралының номиналды құны осы борыштық қаржы құралы шығарылымының проспектісі негізінде айқындалады;

      4) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асырған, лицензиясының қолданысы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатылатын заңды тұлға;

      5) инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі – ИПБ) – өзінің атынан және мүддені көздеп және зейнетақы активтері есебінен "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензия негізінде инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ уәкілетті органның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға арналған талаптарына сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

      6) қаржы құралының ағымдағы құны - бухгалтерлік есепте көрсетілген, негізгі борыш, есептелген сыйақы, амортизацияланбаған сыйлықақы (дисконт), құнын оң (теріс) түзету, резервтер (провизиялар) қамтылатын қаржы құралының құны;

      7) қаржы құралының әділ құны - Қағидалардың 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 30, 31-2, 31-3, 32, 32-1, 34, 35, 39, 40, 41, 42 және 43-1-тармақтарына сәйкес айқындалатын құн;

      8) құрылымдық ноттар - шығарылым шарттары негізгі борыш сомасының төлемі және (немесе) оларды шығару шартында берілген көрсеткіштеріне жетуге дейін осы қаржы құралдар бойынша сыйақының байланысын көздейтін Қазақстан Республикасының резидент эмитенттері шығарған қаржы құралдары;

      9) өтімді емес борыштық бағалы қағаздар – құны (кірістілігі) қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен бағалы қағаздарды бағалау әдістемесінде (бұдан әрі – Биржа әдістемесі) белгіленген борыштық бағалы қағаздардың құнын анықтау критерийлеріне қарай есептелмейтін борыштық бағалы қағаздар;

      10) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 69 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7118 болып тіркелген) (бұдан әрі – Нұсқаулық) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8765 тіркелген) бекітілген "Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету" қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебін жүзеге асырады.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржы активтерін мынадай санаттар бойынша жіктеуді жүзеге асырады:

      1) амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар;

      2) әділ құны бойынша бағаланатындар.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы активтерін жоғарыда көрсетілген екі санаттың біріне жатқызуды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушы айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда, тек қана Қазақстан Республикасының аумағында айналыста болатын (саудаланатын), "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған өзге қаржы құралдарын бағалау Биржа әдістемесіне сәйкес анықталатын нарықтық немесе индикативтік құны бойынша аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.

      Егер Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың тек қана Қазақстан Республикасының аумағында айналыста болатын (саудаланатын), "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған өтімді емес борыштық бағалы қағаздарына делистинг жүргізілген жағдайда, бағалау мақсаттары үшін осы бағалы қағаздардың қор биржасы жариялаған соңғы әділ құны пайдаланылады.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы активтері "әділ құны бойынша бағаланатын" санат бойынша жіктелінеді:

      1) 2021 жылғы 1 наурызға дейін "амортизацияланған құны бойынша бағаланатын" санатына жатқызылған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы активтері, олар қаржы активін нақты өтегенге дейін амортизацияланған құны бойынша не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша кейіннен қайта сыныптау мүмкіндігінсіз "әділ құны бойынша бағаланатын" санатына қайта сыныпталады;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы, экономиканы дамыту бағдарламалары шеңберінде сатып алынатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша "амортизацияланған құны бойынша бағаланатын" активтер санатына жіктелуі мүмкін қаржы активтері.";

      3) олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе ИПБ:

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің құрамына сатып алу кезінде Стандартта көзделген санаттарға жатқызу туралы;

      Стандартта көзделген санаттар бойынша қайта сыныптау туралы шешім қабылдайтын, тек қана Қазақстан Республикасының аумағында айналатын немесе Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық (шетелдік) нарықтарда өтелетін, өтеу мерзімі 5 (бес) жылдан асатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары.";

      43-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-1. Мынадай қаржы құралдарын:

      1) бағалаушы бағалаған күні Қағидалардың 31-тармағына сәйкес өтімді деп танылмайтын Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының акцияларын (депозитарлық қолхаттарын);

      2) Қазақстан Республикасының аумағында ғана айналыста болатын (саудаланатын) және "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздарын;

      3) олар бойынша бағалаушы бағалаған күні Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде нарықтық бағалар туралы ақпарат болмайтын Қағидалардың 34 және 35-тармақтарында көрсетілген борыштық бағалы қағаздарды;

      4) құрылымдық ноттарды;

      5) Қағидалардың 30, 31-3, 32, 32-1, 34, 35, 39, 40, 41, 42 және 43-тармақтарында көрсетілмеген өзге қаржы құралдарын бағалау бағалаушы жүргізген бағалаудың қорытындысы бойынша белгіленген осы қаржы құралдарының соңғы әділ құны бойынша жүзеге асырылады.

      Жоғарыда көрсетілген қаржы құралдарының әділ құны бағалаушы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізген бағалау нәтижелері бойынша кемінде тоқсанына бір рет түзетіледі.

      Тәуелсіз бағалау бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алынған және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) ИПБ-ның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен бағалаушы арасында жасалған сенімгерлік басқаруындағы қаржы құралдарына тәуелсіз бағалау жүргізу туралы шарт негізінде жүргізіледі.

      Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген оқиғалар туындаған кезде жоғарыда көрсетілген қаржы құралдарының әділ құнын бағалаушы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен бағалаушы арасында жасалған қаржы құралдарына тәуелсіз бағалау жүргізу туралы шартқа сәйкес түзетуге жатады.

      Жоғарыда көрсетілген қаржы құралдары бойынша бағалаушы жүргізген бағалау нәтижелері бойынша әділ құны болмаған кезде, есептеуге бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі осы қаржы құралдарының соңғы ағымдағы құны қабылданады.

      Қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және ИПБ-ның бастамасы бойынша бағалаушы осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес бағалауды жүзеге асыратын қаржы құралдарының тізбесіне "амортизациялық құны бойынша бағаланатын" санатында ескерілетін борыштық бағалы қағаздар кіреді.".

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 27 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11974 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларында:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Салымшы (Алушы) Қорға жазбаша, ауызша нысанда не өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мынадай түрде:

      1) Салымшының (Алушының) өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтініші не Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың бұзылуы, Қордың, лауазымды адамдардың жұмысындағы кемшіліктер не олардың қызметін сынау туралы хабарламасы;

      2) Салымшының (Алушының) құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы, Қор қызметкерлері мен өзге де адамдардың құқыққа қарсы әрекеттері немесе әрекетсіздігі туралы шағымдары;

      3) Салымшының (Алушының) Шарт шеңберінде ақпарат беру туралы сұрау салуы;

      4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген өтініштің өзге де нысаны түрінде өтініш жасайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Салымшының (Алушының) өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде және Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.".

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 30 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгі нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 15 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгі нысанында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қор:

      1) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 35-1-бабының 5 және 6-тармақтарында, сондай-ақ Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен, Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерінде белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруге;

      2) Шарт жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8672 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 199 қаулысымен бекітілген, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларында белгіленген тәртіппен Басқарушы туралы ақпаратты орналастыруға;

      3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22220 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысымен бекітілген, Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту және "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында анықталған тәртіппен Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарының жеке есебін жүзеге асыруға;

      4) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен, инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларында, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидаларында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын есептеуге;

      5) тиісті есеп айырысулар жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Басқарушымен зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есептік құнын салыстырып тексеру жүргізуге;

      6) Басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу үшін кастодиан-банкпен кастодиандық шарт жасасуға;

      7) Басқарушыны қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалардың ауысуы туралы, қордың мекенжайларының, байланыстарының, БСН, банк деректемелерінің өзгеруі туралы осындай өзгерістер басталған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге;

      8) Қор, Басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде Басқарушыда сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын Басқарушымен және кастодиан-банкпен салыстырып тексеру жүргізуге;

      9) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9274 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысымен бекітілген, Зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес бағалаушы жүргізген, Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы қаржы құралдарын бағалау нәтижелері туралы, Қор қаржы құралдарының осы бағасын алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Басқарушыға және кастодиан-банкке ақпарат беруге міндетті.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Басқарушы:

      1) берілген зейнетақы активтерін инвестициялық декларацияға, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларына қатаң түрде сәйкес, осы Шарт бойынша оған сеніп тапсырылған зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-әрекеттерді басқа тұлғаға тапсыру құқығынсыз тиісінше сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға;

      2) инвестициялық декларацияны әзірлеуге және бекітуге ;

      3) Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі және зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырма туындаған кезде осы теріс айырманы меншікті капиталының есебінен Қорға өтеуге;

      4) Басқарушының қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының ауысқаны, мекенжайларының, байланыс деректерінің, БСН, банктік деректемелерінің өзгергені туралы Қорға осындай өзгерістер басталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға;

      5) Шарт бойынша сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтерін өз мүдделерінде пайдаланбауға ;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарт талаптарын орындау нәтижесінде немесе оған байланысты алынған ақпаратты өз мүдделеріне пайдаланбауға және үшінші тұлғаларға бермеуге;

      7) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етуге;

      8) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге де жабдықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

      9) Басқарушы сенімгерлік басқаруға қабылдаған зейнетақы активтері бойынша номиналдық кірістілік деңгейін зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәнінен төмен емес инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларында, сондай-ақ Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталы есебінен теріс айырманы өтеу қағидаларында белгіленген тәртіпте және мерзімде қамтамасыз етуге;

      10) зейнетақы активтерімен мәмілелерді номиналдық ұстау, оларға қызмет көрсету және зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттарды жүргізу бойынша қызметтер көрсететін кастодиан банк ұсынған шоттарды, сондай-ақ қызметтері зейнетақы активтерін басқару үшін қажет үшінші тұлғаларды тартуға байланысты шығыстарды төлеуге;

      11) бағалы қағаздар бойынша міндеттемелердің орындалмауына жол берген эмитенттерге қатысты, сондай-ақ шарт бойынша Басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген Қордың зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі салымдар бойынша міндеттемелердің орындалмауына жол берген екінші деңгейдегі банктерге қатысты сотқа дейінгі және талап қою жұмысын жүзеге асыруға;

      12) эмитенттің бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерді орындамауы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің Қордың зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі салымдар бойынша міндеттемелерді орындамауы анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы жағдайларды шешу жөніндегі Басқарушының жоспарланған шаралары туралы құжаттарды қоса бере отырып, Қорды хабардар етуге;

      13) Қордың талабын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды (инвестициялық портфельдің құрамы, зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелер, операциялар және т. б.) беруге;

      14) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді бір басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерінде белгіленген тәртіппен Қордың талап етуі бойынша Қордың зейнетақы активтерін басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға аударуға;

      15) осындай мән-жайлар туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Басқарушыға қатысты қолданылған қадағалап ден қою шаралары, санкциялар және қолданылған әкімшілік жазалар туралы Қорды жазбаша хабардар етуге;

      16) сенімгерлік басқаруда тұрған, берілген зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын Қордың, Басқарушының және кастодиан-банктің арасында жасалған кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімде Басқарушымен және кастодиан банкпен салыстырып тексеруді жүргізуге;

      17) апта сайын Қорға және кастодиан банкке зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдарының нарықтық бағалары бойынша ақпаратты аптаның бірінші жұмыс күнінен кейінгі жұмыс күні сағат 11:00-ден кешіктірмей беруге;

      18) зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларында, сондай-ақ Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталы есебінен теріс айырманы өтеу қағидаларында белгіленген мерзімде және тәртіппен есептеуге;

      19) тиісті есеп айырысулар жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есептік құнын қормен салыстырып тексеруді жүргізуге;

      20) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттарды қолдану мақсатында нарықтарында инвестициялар жүзеге асырылатын шетелдік салық органдарына беру үшін жаһандық шетелдік кастодиандар талап ететін салықтық нысандарды, арыздарды, декларацияларды және басқа да нысандарды толтыруға;

      21) салық салудан босатуды алу, жеңілдікті салық салуды қолдану немесе шетелдік эмитенттер төлейтін кірістерден салықтың артық ұсталған сомаларын қайтару үшін қажетті салықтық нысандарды, сертификаттарды және басқа да құжаттарды тұрақты жаңарту мәселелері бойынша жаһандық шетелдік кастодиандармен жұмыс жүргізуге;

      22) эмитенттердің міндеттемелерін қайта құрылымдау шеңберінде жүргізілетін қаржы құралдарын есептен шығару/есепке алу операциялары бойынша өкімді Қорға және кастодиан банкке өкімде көрсетілген операцияларды жүргізу болжамдалған жұмыс күні сағат 11:00-ден кешіктірмей ұсынуға;

      23) шетелдік эмитенттердің міндеттемелеріне қайта құрылымдау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;

      24) Басқарушының басқару органы осындай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде осы Шарттың 15-тармағында көрсетілген комиссиялық сыйақы мөлшерінің өзгергені туралы Қорға жазбаша хабарлауға;

      25) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларының 29-тармағында көзделген қаржы құралдарын қайта сыныптау туралы Қорға және кастодиан банкке өкім беру, олар бойынша қаржы құралдарын қайта сыныптау туралы шешім қабылданған, қаржы құралдарын қайта сыныптау болжанатын жұмыс күні сағат 11:00-ден кешіктірмей қаржы құралдарын есепке алудың бір санатынан екіншісіне ауыстыруға міндетті.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Басқарушы зейнетақы активтерін басқарғаны үшін ай сайын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарудан алынған инвестициялық кірістің __________ пайызы мөлшерінде комиссиялық сыйақы алады.".

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 30 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 17 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22202 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысанында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Басқарушы:

      1) Басқарушы бағалы қағаздар нарығында брокердің қызметін көрсету жөніндегі шартты жасаған, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (ұйымдардың) (бұдан әрі – брокер-дилер) деректемелерін шарт жасалған күні Кастодианға хабарлауға;

      2) Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерді қарама-қарсы салыстырып тексеруді тұрақты түрде жүргізуге;

      3) Кастодианға және Қорға инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия көшірмесін, Басқарушының атынан Кастодианның жазбаша тапсырмаларына қол қою өкілеттіктері бар Басқарушының басшы қызметкерлерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері бар құжатты беруге;

      4) Кастодианға және Қорға жазбаша нысанда кем дегенде 2 (екі) ай бұрын Басқарушыны болжанатын тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы хабарлауға;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы активтерін инвестициялауды жүзеге асыруға және көрсетілген деректемелер бойынша ақша аудару жөніндегі төлем құжаттарын және бағалы қағаздарды қаржы құралдарын есепке алу шоттарына (шоттарынан) есепке алу (есептен шығару) және ақшаны банктік салымдарға (салымдардан) орналастыру (қайтару) бойынша бұйрықтарды Кастодианға жіберуге;

      6) бір мезгілде зейнетақы активтерінің қатысуымен мәмілелер жасауға тапсырыстардың түпнұсқаларын брокер-дилерге бере отырып, осындай тапсырыстардың көшірмелерін (ақы төлеуге сенімхат, ақша аударуға өкімді) және Кастодианның операциялық күні шегінде қаржы құралдарын есепке алу шотына (шотынан) бағалы қағаздарды есепке жатқызуға (есептен шығаруға) арналған бұйрықтарды Кастодианға жіберуге, сонымен Кастодианның ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалатын мәмілелерді растау жүйесіне қатысуын және мәмілелердің орындалуын және зейнетақы активтердің мақсатты орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

      7) Басқарушының брокер-дилер ретінде бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелеріне дербес қатысқан кезде – сауда-саттыққа қатысу және оның нәтижелері туралы Кастодианды бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілесін жасау күні хабардар етуге;

      8) Қорға зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелер туралы есепті ағымдағы операциялық күнгі сағат 10:00-ге дейін мәмілелер жасалғаннан кейінгі келесі жұмыс күніне беруге;

      9) Қорға инвестициялық қызметтің нәтижелері туралы ақпаратты ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға;

      10) Кастодианға және Қорға екінші деңгейдегі банктермен жасалған банктік салым туралы шарттардың көшірмелерін олар жасалған күні беруге;

      11) Кастодиан Шарттың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұсынған төлем шотын шотты ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде төлеуге;

      12) Қормен және Кастодианмен бірлесіп өткен операциялық күндегі есептелген инвестициялық кірісті және Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын күнделікті салыстырып тексеруді жүзеге асыру арқылы ағымдағы операциялық күнгі сағат 15:00-ден кешіктірмей зейнетақы активтерін есепке алудың және бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      13) өзінің инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясының қолданысын тоқтата тұру (тоқтату) және Басқарушының зейнетақы активтерін инвестициялауға құқықтарын өзгертуге әкелетін басқа да жағдайлар туралы Кастодианды және Қорды уәкілетті органның шешімін алған күні хабардар етуге;

      14) Кастодианды барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлердің ауысуы, мекенжайлардың, телефондардың, сәйкестендіру нөмірінің өзгеруі) Кастодианға тиісті құжаттарды 2 (екі) жұмыс күн ішінде бере отырып, өзгерістер басталған күні жазбаша хабардар етуге;

      15) Кастодианға Басқарушы мен Қордың арасында жасалған зейнетақы активтерін басқару жөніндегі шарттың көшірмесін, сондай-ақ оған барлық өзгерістер мен толықтырулардың көшірмесін оны (оларды) жасаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

      23-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      23. "Кастодиан есепті айдан кейінгі айдың 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) қаржы құралдарының құрылымы;

      2) теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы;

      3) зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақыны есептеу үшін зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың ағымдағы құны;

      4) инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақыны есептеу үшін есептелген инвестициялық кіріс сомасы;

      5) зейнетақы активтерден Қордың комиссиялық сыйақы сомасы;

      6) инвестициялық кірістен Басқарушының комиссиялық сыйақы сомасы;

      7) есептелген комиссиялық сыйақы бойынша дебиторлық берешек сомасы;

      8) Шарттың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген шығыстар сомасы туралы деректерді электрондық түрде қалыптастырады және салыстырып тексеру үшін Басқарушыға және Қорға жібереді.

      мынадай мазмұндағы 23-1- тармақпен толықтырылсын:

      "23-1. Басқарушы сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілік коэффициенттері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жариялаған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық түрде қалыптастырады және Басқарушы алған зейнетақы активтерінің нақтылы кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу сомасы туралы деректерді салыстырып тексеру үшін Кастодианға және Қорға жібереді.";

      24-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      24. Шарттың 23-тармағының 1)-8) тармақшаларында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексеруді Қор, Басқарушы және Кастодиан 3 (үш) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады және үш жақты салыстырып тексеру актісімен ресімделеді, оған Кастодианның, Басқарушының және Қордың уәкілетті өкілдері есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоюға тиіс.

      23-1-тармақта көрсетілген соманы салыстырып тексеруді Қор, Басқарушы және Кастодиан жүзеге асырады және үш жақты салыстырып тексеру актісімен ресімделеді, оған Кастодианның, Басқарушының және Қордың уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 30 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мерзімдерінің 11-тармағында белгіленген мерзімде қол қояды.

      Салыстырып тексеру актісінде:

      1) салыстырып тексеру жүзеге асырылатын салыстырып тексеру актісін жасау күні және кезеңі;

      2) зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен түскен есептелген сыйақы;

      есептелген жиынтық кіріс немесе шығын сомалары туралы салыстырып тексеру жүзеге асырылатын кезеңге ақпарат;

      3) инвестициялық шоттардағы ақша қаражат қалдығы туралы салыстырып тексеру актісін жасау күнге ақпарат;

      4) Шартта көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.".

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 28 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. "Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 21 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22200 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидаларында және мерзімдерінде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. БЖЗҚ зейнетақы активтерін бір ИПБ-дан басқа ИПБ-ға беруді салымшының зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруында тұрған ИПБ-ны зейнетақы активтерін беру күніне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала хабардар ете отырып, зейнетақы активтерінің ИПБ-ны өзгерту туралы өтініште көрсетілген сомасына сәйкес келетін сомада ИПБ-ны өзгерту туралы өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. БЖЗҚ мынадай жағдайларда:

      1) салымшы (алушы) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      2) БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ Заңның 31-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, зейнетақы төлемдерін (жерлеуге, мұрагерлеріне) тағайындау туралы өтініш не соттың заңды күшіне енген шешімі БЖЗҚ-ға келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      3) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бұзылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      4) зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтаруға өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайды қоспағанда, ИПБ-ға зейнетақы активтерін беру күніне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала хабарлай отырып, зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруына беруді жүзеге асырады.".

      7. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 62 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 26 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 199 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8672 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларында:

      Қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басқарудағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ______________ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша (жарна түрі) инвестициялық портфельдің құрылымы.";

      Кестені толтыру бойынша түсіндірмелер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы активтері бөлінісінде бөлек жарияланады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтерді берген кезде, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" көрсетіледі.

      Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтерді берген кезде, осы инвестициялық портфельді басқарушының атауы көрсетіледі.

      "Жарналардың түрі" деген жолда зейнетақы жарналарына қарай қалыптастырылған зейнетақы активтері: "міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары" және "жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары" бойынша мәліметтер көрсетіледі.

      1-бағанда қаржы құралы эмитентінің толық атауы және оның түрі (оның ішінде "кері РЕПО" операциясы нәтижесінде алынған бағалы қағаз, тазартылған бағалы металл, туынды қаржы құралы, банк депозиті) көрсетіледі.

      2-бағанда баға белгіленетін қаржы құралдарының қысқаша атауы (бірегей сәйкестендіргіші), сондай-ақ қаржы құралдары үшін халықаралық сәйкестендіру нөмірі (Іnternatіonal Securіtіes Іdentіfіcatіon Number-ІSІN) не банк депозитін ашуға арналған шарттың нөмірі көрсетіледі.

      3-бағанда ол номиналданған қаржы құралының 07 ІSO 4217-2019 ҚР ҰЖ "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес валюта коды не туынды қаржы құралы бойынша базалық актив болып табылатын валюта коды көрсетіледі.

      4-бағанда борыштық бағалы қағаздар үшін бағалы қағаздың қолда бар рейтингтік бағасы, акциялар (банк салымы) үшін эмитенттің (банктің) рейтингі не туынды қаржы құралдары үшін контрәріптестің рейтингі, сондай-ақ рейтингтік баға берген рейтингтік агенттіктің атауы көрсетіледі. Екі және одан да көп рейтингтік бағалар болған кезде рейтингтік агенттіктердің бірінің халықаралық және (немесе) ұлттық шәкілі бойынша ең жоғары рейтингтік бағасы көрсетіледі.

      5-бағанда шығарылым (мәміле (шарт) талаптарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар ("кері РЕПО" операциясы немесе банктік салым немесе туынды қаржы құралы) үшін "күні/айы/жылы" форматында өтеу (жабу) күні көрсетіледі, үлестік және өзге де мерзімсіз бағалы қағаздар үшін бұл баған толтырылмайды.

      6-бағанда қаржы құралдарының саны данамен көрсетіледі.

      7-бағанда бір шығарылым облигацияларының санын осы шығарылымның бір облигациясының нақтылы құнына көбейту ретінде есептелетін облигациялардың нақтылы құны мың теңгемен көрсетіледі.

      8-бағанда есепті күнге есептелген сыйақыны қамтитын қаржы құралдарының ағымдағы жиынтық құны олардың құнсыздануын ескере отырып, мың теңгемен көрсетіледі.".