Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 17 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 ақпанда № 22202 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 30 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 30 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 35-1-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2021 жылғы 9 ақпандағы
№ 17 Қаулымен
бекітілген

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысаны

20 __ жылғы "___" _________

_______________________________________
(елді мекен атауы)

      Осы Кастодиандық шарт (бұдан әрі – Шарт) мынадай тараптардың арасында жасалды:

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

      ___________________________________________________________________,

      ("Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ты мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)

      туралы анықтаманың немесе куәліктің нөмірі және күні), бұдан әрі "Қор" деп аталады,

      жарғы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген сенімхаттың

      негізінде іс-әрекет жасайтын

      ____________________________________________________________ арқылы,

                  (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      Инвестициялық портфельді басқарушы

      ___________________________________________________________________,

      (Инвестициялық портфельді басқарушының атауы, лицензия нөмірі мен берілген күні),

      бұдан әрі "Басқарушы" деп аталады, жарғы немесе Қазақстан Республикасының

      заңнамасына сәйкес берілген сенімхаттың негізінде іс-әрекет жасайтын

      ____________________________________________________________ арқылы,

                  (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      Кастодиан-банк

      ___________________________________________________________________,

      (банктің атауы, лицензия нөмірі, берілген күні)

      бұдан әрі "Кастодиан" деп аталады, жарғы немесе Қазақстан Республикасының

      заңнамасына сәйкес берілген сенімхаттың негізінде іс-әрекет жасайтын

      ____________________________________________________________ арқылы.

                  (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      Шартта мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      зейнетақы активтері – "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Заңының 35-1-бабына сәйкес Басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген Қордың зейнетақы активтері;

      зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару – Басқарушының оның иелігіне, пайдалаунына және басқаруына берілген зейнетақы активтерін пайда алушының (Қордың) мүддесінде өз атынан басқаруды жүзеге асыру міндеттемесі;

      инвестициялық кіріс – зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алынуға тиіс) ақша;

      инвестициялық портфель – зейнетақы активтері құрамына кіретін қаржы құралдарының жиынтығы;

      инвестициялық портфельді басқарушы – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес лицензияның негізінде өз атынан және клиенттің мүддесінде және соның есебінен инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;

      кастодиан-банк – уәкілетті органның кастодиандық қызметке лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк;

      уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

1-тарау. Шарттың мәні

      1. Кастодиандағы банктік және баланстан тыс шоттардағы зейнетақы активтерін өз атынан, зейнетақы активтері есебінен және Қордың мүддесінде инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін жауапты сақтау және есепке алу бойынша Кастодианның қызмет көрсетуі шарттың мәні боып табылады.

      2. Қор, Басқарушы және Кастодиан шарт бойынша тараптар болып табылады.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3. Кастодиан:

      1) Қорға Шарттың 3-тарауында сипатталған шот режимінде теңгедегі инвестицияларға арналған банктік инвестициялық шот (бұдан әрі – теңгедегі банктік инвестициялық шот) ашуға және жүргізуге;

      2) Қорға Шарттың 4-тарауында сипатталған шот режимінде шетел валютасындағы инвестицияларға арналған банктік инвестициялық шот (бұдан әрі – шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот) ашуға және жүргізуге;

      3) Қорға Шарттың 5-тарауында сипатталған шот режимінде бағалы қағаздарды және зейнетақы активтерін инвестициялауға рұқсат етілген басқа да қаржы құралдарын есепке алу және сақтау үшін баланстан тыс шоттарды (бұдан әрі – қаржы құралдарын есепке алуға арналған шоттар) ашуға және жүргізуге;

      4) операциялық күн ішінде банктік инвестициялық шотқа зейнетақы активтері бойынша түсімдерді, зейнетақы активтерінің аударымдарын теңгемен және (немесе) шетел валютасында есепке алуға;

      5) Басқарушыға және Қорға келесі операциялық күннің сағат 09:00-ден кешіктірмей операция түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы туралы хабарламалар, сондай-ақ келіп түскен төлем тапсырмаларын беруге;

      6) зейнетақы активтерін инвестициялаған кезде Басқарушының теңгедегі банктік инвестициялық шоттан және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттан контрагенттердің теңгедегі және шетел валютасындағы тиісті банктік шоттарына ақша аударымы жөніндегі төлем тапсырмаларын орындауға және қаржы құралдарын есепке алу шоттарынан (шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығаруды (есепке жатқызуды), сондай-ақ ақшаны банк салымдарына (салымдарынан) орналастыруды (қайтаруды) жүргізуге;

      7) теңгедегі банктік инвестициялық шот пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған теңгемен зейнетақы жарналарының ағымдағы шоты арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы активтерін аудару бойынша Қордың төлем тапсырмаларын орындауға;

      8) теңгедегі банктік инвестициялық шоттан басқа Басқарушылардың басқаруындағы теңгемен банктік инвестициялық шоттарға зейнетақы активтерін аудару бойынша Қордың төлем тапсырмаларын орындауға;

      9) теңгедегі банктік инвестициялық шоттан қателесіп түскен зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайтару бойынша Қордың төлем тапсырмаларын орындауға;

      10) Басқарушы, Кастодиан және Қор арасындағы үш жақты салыстырып тексеру актісінің негізінде теңгедегі банктік инвестициялық шоттан Қордың банктік шотына зейнетақы активтерінен және теңгедегі банктік инвестициялық шоттан Басқарушының банктік шотына инвестициялық кірістен ұсталған комиссиялық сыйақыны аудару бойынша төлем тапсырмаларын орындауға;

      11) Басқарушыға және Қорға бағалы қағаздар есепке жазылған (есептен шығарылған) күннен кейінгі жұмыс күнінің сағат 10:00-ден кешіктірмей хабарлауға және қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалғаны туралы есеп және қаржы құралдарын есепке алу бойынша жеке шоттан үзінді-көшірмелер беруге;

      12) зейнетақы активтердің сақталуын қамтамасыз етуге;

      13) зейнетақы активтердің қозғалысымен байланысты операцияларды күн сайын есепке алуды қамтамасыз етуге;

      14) зейнетақы активтері бойынша есептілікті, сондай-ақ зейнетақы активтерді есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды Қор, Кастодиан мен Басқарушы арасында жасалған кастодиандық шарт бұзылған күннен бастап бес жыл бойы сақтауға;

      15) өткен операциялық күндегі есептелген инвестициялық кірісті және Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын күнделікті салыстырып тексеруді жүзеге асыру арқылы Кастодиан, Басқарушы мен Қор жүзеге асыратын ағымдағы операциялық күнгі сағат 15:00-ден кешіктірмей зейнетақы активтерін есепке алудың және бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      16) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында (бұдан әрі - № 210 қағидалар) айқындалған көлемде нақтылы ұстаушының қызметтерін көрсетуге;

      17) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес Қордың банктік инвестициялық шоттары және қаржы құралдарын есепке алу шоттары туралы мәліметтердің конфиденциалдылығын сақтауға;

      18) Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерді қарама-қарсы салыстырып тексеруді үнемі жүргізуге;

      19) уәкілетті органнан Басқарушы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы ресми хабарлама алған сәттен бастап және уәкілетті органнан Басқарушы лицензиясының қолданысын жаңарту туралы ресми хабарлама алған сәтке дейін Басқарушының теңгедегі немесе шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттарынан ақша аудару және қаржы құралдарын есепке алу шоттарынан бағалы қағаздарды есептен шығару туралы бұйрықтарын орындамауға;

      20) Қордан Басқарушыға Қор мен Басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың қолданысын тоқтата тұру немесе оны бұзу туралы жазбаша хабарлама жіберуі туралы хабарламаны алған сәттен бастап Қордың жазбаша тапсырмаларына сәйкес іс-қимыл жасауға;

      21) Басқарушыға және Қорға өзінің кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғаны (тоқтатылғаны) немесе Кастодианның зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу құқықтарын өзгертуге әкелетін басқада жағдайлар туралы уәкілетті органның ресми шешімін алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жазбаша хабар беруге;

      22) Қордың және Басқарушының жазбаша сұратуларына 5 (бес) жұмыс күн ішінде жауап беруге;

      23) қаржы құралдары бойынша сомалардың келіп түсуін бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Борыштық және үлестік бағалы қағаздар бойынша есептелген купондық сыйақы және (немесе) дивиденттер және (немесе) негізгі борыш сомасы уақтылы өтелмеген және (немесе) толық өтелмеген, салым немесе өзге де қаржы құралдары бойынша салым және (немесе) сыйақы сомасы уақтылы қайтарылмаған жағдайда міндеттемелерді уақтылы өтемеу фактісі анықталған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, Қор мен Басқарушыны олар тиісті түзету шараларын қолдану үшін хабардар ете отырып, аталған фактілердің туындау себептерін анықтау бойынша тиісті жұмыс жүргізуге;

      24) қаржы құралдары бойынша алынған кірістерді Кастодианның корреспонденттік шотына кіріс түскен күні Қордың банктік инвестициялық шотына аударуға, сондай-ақ бастапқы құжаттарға сәйкес жасалған мәмілелер бойынша алынған сомаларды есепке жатқызуға, өзге сомаларды аудару Кастодианға сомалардың түскенін растау фактісі бойынша жүзеге асыруға;

      25) зейнетақы активтерімен мәмілелердің Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның талаптарына сәйкестігін, оның ішінде зейнетақы активтерін нысаналы орналастыруын (пайдалануын) бақылауды жүзеге асыруға;

      26) егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалса, уәкілетті органды, Қорды, Басқарушыны, сондай-ақ қор биржасын жасалған мәміленің Зейнетақымен қамсыздандыру туралы және бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарға сәйкес келмейтіні жөнінде дереу хабардар етуге міндетті.

      4. Кастодиан:

      1) Басқарушыдан Шарттың 6-тарауына сәйкес Кастодиан ұсынған тиісті төлем шоттарына сәйкес өзінің қызметтері үшін ай сайын ақы алуға;

      2) Шарттың 10-бөлімінде көзделген талаптармен және тәртіппен Шартты бұзуға;

      3) Қор мен Басқарушының арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес Басқарушыға Кастодианның номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тиісті ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеу бойынша, зейнетақы активтерімен мәмілелерге қызмет көрсету және қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттарды жүргізу шығыстарын өтеуге шоттар ұсынуға;

      4) теңгедегі немесе шетел валютасындағы инвестициялық шоттардан, аталған шоттарда ағымдағы түсімдерді есепке алғанда осындай төлем тапсырмаларын орындау үшін жеткілікті сомалар болмаған кезде, сомаларды есептен шығару жөніндегі Басқарушының немесе Қордың төлем тапсырмаларын орындамауға;

      5) Қорды және Басқарушыны 30 (отыз) жұмыс күні бұрын алдын ала жазбаша хабардар ете отырып, тарифтерді өзгертуге;

      6) Брокерлік комиссияларды, биржалық алымдарды және ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарын сатып алуға немесе сатуға байланысты басқа шығыстарды төлеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарушының зейнетақы активтерімен мәмілелер бойынша теңгедегі және (немесе) шетел валютасындағы шығыстар сомаларын банктік инвестициялық шоттан акцептсіз есептен шығаруға құқылы, олар бастапқы құжаттармен расталады және Шарттың 7-тарауына сәйкес ай сайын үш жақты салыстырып тексеру актісінде тіркеледі.

      7) Қордың зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау мақсатында шоттарды шетелдік кастодиандарда ашуға құқылы.

      5. Қор:

      1) Басқарушымен және Кастодианмен бірлесіп өткен операциялық күндегі есептелген инвестициялық кірісті және Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын күнделікті салыстырып тексеруді жүзеге асыру арқылы ағымдағы операциялық күнгі сағат 15:00-ден кешіктірмей зейнетақы активтерін есепке алудың және бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      2) Кастодианға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, жарғының, акциялар шығарылымы проспектісінің және акциялар шығарылымын бекіту туралы есептің (Қор акционерлік қоғам нысанында тіркелген жағдайда) көшірмелерін, сондай-ақ аталған құжаттарға барлық өзгерістер мен толықтырулардың көшірмелерін оларды берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей беруге;

      3) Кастодианды және Басқарушыны уәкілетті және/немесе мемлекеттік органдар тарапынан Қорға салынған барлық санкциялар туралы, немесе Қордың қызметін жүзеге асыру құқығын өзгертуге әкелетін өзге де жағдайлар туралы тиісті мемлекеттік органның шешімін алған күні хабардар етуге;

      4) Кастодианға Шарттың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шоттарды ашу үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында және № 210 қағидаларда айқындалған құжаттар топтамасын беруге;

      5) Кастодианды барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлердің ауысуы, мекенжайлардың, телефондардың өзгеруі) Кастодианға тиісті құжаттарды 2 (екі) жұмыс күн ішінде бере отырып, өзгерістер басталған күні жазбаша хабардар етуге;

      6) Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерді қарсы салыстырып тексеруді тұрақты түрде жүргізуге міндетті.

      6. Қор:

      1) өз қызметі үшін Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес комиссиялық сыйақы алуға;

      2) Шарттың 10-тарауында көзделген шарттар мен тәртіпте Шартты бұзуға;

      3) Кастодианнан және Басқарушыдан Шарттың 7-тармағында көзделген тәртіппен Басқарушы жүзеге асыратын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет туралы ақпарат алуға құқылы.

      7. Басқарушы:

      1) Басқарушы бағалы қағаздар нарығында брокердің қызметін көрсету жөніндегі шартты жасаған, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (ұйымдардың) (бұдан әрі – брокер-дилер) деректемелерін шарт жасалған күні Кастодианға хабарлауға;

      2) Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерді қарама-қарсы салыстырып тексеруді тұрақты түрде жүргізуге;

      3) Кастодианға және Қорға инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия көшірмесін, Басқарушының атынан Кастодианның жазбаша тапсырмаларына қол қою өкілеттіктері бар Басқарушының басшы қызметкерлерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері бар құжатты беруге;

      4) Кастодианға және Қорға жазбаша нысанда кем дегенде 2 (екі) ай бұрын Басқарушыны болжанатын тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы хабарлауға;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы активтерін инвестициялауды жүзеге асыруға және көрсетілген деректемелер бойынша ақша аудару жөніндегі төлем құжаттарын және бағалы қағаздарды қаржы құралдарын есепке алу шоттарына (шоттарынан) есепке алу (есептен шығару) және ақшаны банктік салымдарға (салымдардан) орналастыру (қайтару) бойынша бұйрықтарды Кастодианға жіберуге;

      6) бір мезгілде зейнетақы активтерінің қатысуымен мәмілелер жасауға тапсырыстардың түпнұсқаларын брокер-дилерге бере отырып, осындай тапсырыстардың көшірмелерін (ақы төлеуге сенімхат, ақша аударуға өкімді) және Кастодианның операциялық күні шегінде қаржы құралдарын есепке алу шотына (шотынан) бағалы қағаздарды есепке жатқызуға (есептен шығаруға) арналған бұйрықтарды Кастодианға жіберуге, сонымен Кастодианның ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалатын мәмілелерді растау жүйесіне қатысуын және мәмілелердің орындалуын және зейнетақы активтердің мақсатты орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

      7) Басқарушының брокер-дилер ретінде бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелеріне дербес қатысқан кезде – сауда-саттыққа қатысу және оның нәтижелері туралы Кастодианды бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілесін жасау күні хабардар етуге;

      8) Қорға зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелер туралы есепті ағымдағы операциялық күнгі сағат 10:00-ге дейін мәмілелер жасалғаннан кейінгі келесі жұмыс күніне беруге;

      9) Қорға инвестициялық қызметтің нәтижелері туралы ақпаратты ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға;

      10) Кастодианға және Қорға екінші деңгейдегі банктермен жасалған банктік салым туралы шарттардың көшірмелерін олар жасалған күні беруге;

      11) Кастодиан Шарттың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұсынған төлем шотын шотты ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде төлеуге;

      12) Қормен және Кастодианмен бірлесіп өткен операциялық күндегі есептелген инвестициялық кірісті және Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын күнделікті салыстырып тексеруді жүзеге асыру арқылы ағымдағы операциялық күнгі сағат 15:00-ден кешіктірмей зейнетақы активтерін есепке алудың және бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      13) өзінің инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясының қолданысын тоқтата тұру (тоқтату) және Басқарушының зейнетақы активтерін инвестициялауға құқықтарын өзгертуге әкелетін басқа да жағдайлар туралы Кастодианды және Қорды уәкілетті органның шешімін алған күні хабардар етуге;

      14) Кастодианды барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлердің ауысуы, мекенжайлардың, телефондардың, сәйкестендіру нөмірінің өзгеруі) Кастодианға тиісті құжаттарды 2 (екі) жұмыс күн ішінде бере отырып, өзгерістер басталған күні жазбаша хабардар етуге;

      15) Кастодианға Басқарушы мен Қордың арасында жасалған зейнетақы активтерін басқару жөніндегі шарттың көшірмесін, сондай-ақ оған барлық өзгерістер мен толықтырулардың көшірмесін оны (оларды) жасаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Басқарушы:

      1) Шарттың 10-тарауында көзделген талаптар бойынша және тәртіпте Шартты бұзуға;

      2) Қор мен Басқарушының арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі шартқа сәйкес қызметтер үшін ақы алуға құқылы.

3-тарау. Теңгедегі банктік инвестициялық шоттың режимі

      9. Теңгедегі банктік инвестициялық шот зейнетақы активтері аударымдарын, есептен шығарылған зейнетақы активтерін, зейнетақы активтері бойынша түсімдерді, зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде қаржы құралдары бойынша пайда болған кірістерді есепке жатқызуға, бағалы қағаздарды өтеуге, банктік салымдарға салуға және екінші деңгейдегі банктерде ұлттық валютада орналастырылған банктік салымдар бойынша қайтарылған сомаларды алуға, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарын өткізуге және басқа да түсімдер мен шығыстар үшін арналған.

      10. Шартқа сәйкес теңгедегі банктік инвестициялық шотты басқару құқығы Басқарушыға және Қорға тиесілі.

      11. Теңгемен банктік инвестициялық шоттағы ақша Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, кепіл объектісі, Басқарушы немесе Қор кепілдіктерінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылмайды.

      12. Егер Кастодиан ақша жөнелтушінің банкі болып табылған жағдайда, Кастодиан, егер төлемді тағайындаудан төлемнің/аударымның Шарттың 9-тармағында белгіленген банктік инвестициялық шот режиміне сәйкес келмейтіндігі немесе мұндай төлем тапсырмаларын орындауға Шарттың 3-тармағының 6) – 11) және 20) тармақшаларына сәйкес жол берілмейтіндігі анықталған жағдайда төлемді немесе аударымды жүргізуден бас тартуға құқылы.

4-тарау. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттың режимі

      13. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот зейнетақы активтері бойынша түсімдерді есепке жазуға, шетел валютасында жүргізілетін талап ету құқықтарын сатуға, шетел валютасында номинирленген бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалатын зейнетақы активтері есебінен шетел валютасын сатып алуға, шетел валютасын сатуға, құны шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша алынған кірістің түсуіне, бағалы қағаздарды өтеуге, екінші деңгейдегі банктерде шетел валютасында орналастырылған салымдар бойынша қайтарылған сомаларды банктік салымдарға орналастыру мен алуға және шетел валютасындағы басқа да түсімдер мен шығыстар үшін арналған.

      14. Шартқа сәйкес шетел валютасындағы банктік инвестициялық шотты басқару құқығы Басқарушыға және Қорға тиесілі.

      15. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттағы ақша Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, кепіл объектісі, Басқарушы немесе Қор кепілдіктерінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылмайды.

      16. Егер Кастодиан ақша жөнелтушінің банкі болса, Кастодиан, егер төлемді тағайындаудан төлемнің/аударымның Шарттың 13-тармағында белгіленген банктік инвестициялық шот режиміне сәйкес келмейтіндігі немесе мұндай төлем тапсырмаларын орындауға Шарттың 3-тармағының 6) және 20) тармақшаларына сәйкес жол берілмейтіндігі анықталған жағдайда төлемді немесе аударымды жүргізуден бас тартуға құқылы.

5-тарау. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттың режимі

      17. Қаржы құралдарын есепке алуға арналған шот бағалы қағаздарды және зейнетақы активтері есебінен сатып алынған басқа да қаржы құралдарын есепке алуға арналған Қордың баланстан тыс шоты болып табылады.

      18. Қаржы құралдарын есепке алуға арналған шотты басқару құқығы Басқарушыға тиесілі.

      19. Қаржы құралдарын есепке алуға арналған шоттағы қаржы құралдары кепіл объектісі, Басқарушы немесе Қор кепілдіктерінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылмайды.

6-тарау. Кастодианның қызметтеріне ақы төлеу мөлшері және тәртібі

      20. Басқарушы Кастодианның шоттарын шот түпнұсқасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде шартқа сәйкес төлейді.

      21. Кастодианның тарифтері осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Кастодианның тарифтері өзгерген жағдайда осы өзгерістер қосымша келісім түрінде ресімделеді.

7-тарау. Есептіліктің нысандары және мерзімділігі

      22. Кастодиан қаржы құралдарын есепке алу шотына (шотынан) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) және салымдарды орналастыру (қайтару) туралы үзінді көшірмені, сондай-ақ "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі"акционерлік қоғамының үзінді көшірмелерін Басқарушыға және Қорға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      23. "Кастодиан есепті айдан кейінгі айдың 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) қаржы құралдарының құрылымы;

      2) теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы;

      3) зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақыны есептеу үшін зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың ағымдағы құны;

      4) инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақыны есептеу үшін есептелген инвестициялық кіріс сомасы;

      5) зейнетақы активтерден Қордың комиссиялық сыйақы сомасы;

      6) инвестициялық кірістен Басқарушының комиссиялық сыйақы сомасы;

      7) есептелген комиссиялық сыйақы бойынша дебиторлық берешек сомасы;

      8) Шарттың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген шығыстар сомасы туралы деректерді электрондық түрде қалыптастырады және салыстырып тексеру үшін Басқарушыға және Қорға жібереді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23-1. Басқарушы сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілік коэффициенттері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жариялаған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық түрде қалыптастырады және Басқарушы алған зейнетақы активтерінің нақтылы кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу сомасы туралы деректерді салыстырып тексеру үшін Кастодианға және Қорға жібереді.

      Ескерту. 23-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Шарттың 23-тармағының 1)-8) тармақшаларында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексеруді Қор, Басқарушы және Кастодиан 3 (үш) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады және үш жақты салыстырып тексеру актісімен ресімделеді, оған Кастодианның, Басқарушының және Қордың уәкілетті өкілдері есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоюға тиіс.

      23-1-тармақта көрсетілген соманы салыстырып тексеруді Қор, Басқарушы және Кастодиан жүзеге асырады және үш жақты салыстырып тексеру актісімен ресімделеді, оған Кастодианның, Басқарушының және Қордың уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 30 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мерзімдерінің 11-тармағында белгіленген мерзімде қол қояды.

      Салыстырып тексеру актісінде:

      1) салыстырып тексеру жүзеге асырылатын салыстырып тексеру актісін жасау күні және кезеңі;

      2) зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен түскен есептелген сыйақы;

      есептелген жиынтық кіріс немесе шығын сомалары туралы салыстырып тексеру жүзеге асырылатын кезеңге ақпарат;

      3) инвестициялық шоттардағы ақша қаражат қалдығы туралы салыстырып тексеру актісін жасау күнге ақпарат;

      4) Шартта көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Зейнетақы активтерге қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстар туындаған кезде, Кастодиан, Басқарушы және Қор осындай шығыстарды салыстырып тексереді.

8-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      26. Кастодиан Басқарушының немесе Қордың, олар Шарттың талаптарына сәйкес жіберген тапсырмаларын (бұйрықтарын) уақтылы орындамаған жағдайда, Кастодиан тапсырмасы (бұйрығы) мерзімінде орындалмаған тарапқа, төлеу күнін қоса алғанда әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінде орындалмаған тапсырмада көрсетілген сомаға есептелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасалған күніне белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселік мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      27. Шарттың 4-тармағының 3) тармақшасында және 7-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген шот-фактураларды уақтылы төлемеген жағдайда, Қор және (немесе) Басқарушы Кастодианға Қор мен Басқарушының арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шартқа сәйкес, төлеу күнін қоса алғанда, әрбір мерзімі өткен күніне төленбеген сомаға есептелетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасау күніне белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселік мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      28. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамау, дұрыс орындамау немесе уақтылы орындамау нәтижесінде басқа тарапқа немесе тараптарға зиян келтірген тарап осындай жағдайлар туындағаннан кейін бес жұмыс күн ішінде осы тарапқа немесе тараптарға зиянды өтеуге және әр тараптың зиян сомасына жеке есептелетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасау күніне белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

      29. Егер тұрақсыздық айыбының пайда болу негіздемелері Шарттың 9-тарауында көрсетілген еңсерілмейтін күш жағдайларына тікелей байланысты болса, тараптар Шарттың 26, 27 және 28-тармақтарында көрсетілген тұрақсыздық айыбын төлеуден босатылады.

      30. Басқарушы Кастодианға Қазақстан Республикасының бастапқы, қайталама бағалы қағаздар нарықтарында және халықаралық нарықтарында жасалатын мәмілелер бойынша есеп айырысу бойынша төлем тапсырмаларын, сондай-ақ орталық депозитарий ережелер жиынтығына сәйкес келетін бұйрықтарды немесе Шартқа сәйкес келмейтін төлем тапсырмаларын уақтылы бермегені үшін жауапкершілік атқарады.

9-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      31. Егер қандай да бір тарапқа Шарттың 32-тармағында көрсетілген еңсерілмейтін күш жағдайлары Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға бөгет, кедергі жасайтын, кешіктіретін жағдайда, осы тараптың Шарт бойынша міндеттемелерін орындау еңсерілмейтін күш жағдайлары созылатын уақытқа мөлшерлес және олар жоғарыда аталған міндеттемелерді орындауға бөгет, кедергі жасаған немесе кешіктірген деңгейде тоқтатыла тұрады.

      32. Еңсерілмейтін күш жағдайлары, мыналарды қоса алғанда, бірақ бұлармен шектелмейтін кез келген жағдайларды: өртті, су тасқынын, жер сілкінісін, соғысты (жарияланған және жарияланбаған), көтерілістерді, ереуілдерді, азамат соғысын немесе тәртіпсіздіктерді, Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей немесе жанама тыйым салатын заңдарды, уәкілетті органдардың қаулыларын, шешімдерін және жә өзге де актілерін білдіреді.

      33. Еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған күні Шарт бойынша міндеттемелерін орындауда кедергілер болған тарап басқа тараптарды еңсерілмейтін күш жағдайларының басталғаны және өзінің осындай міндеттемелерді орындауына еңсерілмейтін күш жағдайларының әсер ететіні туралы жазбаша хабардар етуге тиіс. Егер тарап осы тармақта белгіленгендей еңсерілмейтін күш жағдайлары туралы хабарлама жасамаса, осындай тарап, еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан басқа тараптарға хабарлама жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайларды қоспағанда, Шарттың 34-тармағында ескертілген құқықты жоғалтады.

      34. Еңсерілмейтін күш жағдайлары тоқтағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде оған ұшыраған тарап басқа тараптарды еңсерілмейтін күш жағдайларының тоқтағаны туралы жазбаша хабардар етеді, Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Егер еңсерілмейтін күш жағдайлары басталғаннан кейін бір айдан астам мерзімге созылса, кез келген тарап Шарттың қолданылуын Шарттың 10-тарауына сәйкес тоқтатуға құқылы.

10-тарау. Шарттың қолданыс мерзімі және оны бұзу тәртібі

      35. Шарт оған тараптар қол қойған сәттен бастап жасалған деп саналады және мерзімсіз қолданыста болады.

      36. Шарт бойынша міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерімен қатар, осы Шарт мынадай:

      1) Қордың шешімі бойынша;

      2) Басқарушының талабы бойынша;

      3) Кастодианның шешімі бойынша;

      4) Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын Кастодианның лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе лицензиядан айырылған және басқа кастодиан банкпен кастодиан лицензиясының қолданысы тоқтата тұрған немесе лицензиядан айырылған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жаңа кастодиандық шартын жасамаған жағдайлардың бірінде бұзылады.

      37. Шартты бұзудың бастамашысы Шартты бұзу белгіленген күнінен күнтізбелік отыз күн бұрын Шарттың тараптарын хабардар етуге міндетті.

      38. Қордың зейнетақы активтерін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жаңа Кастодианға беру рәсімі аяқталғаннан кейін Шарт бұзылды деп саналады.

      39. Шарт Кастодианның бастамасы бойынша бұзылған жағдайда ол Шарт бойынша өз міндеттемелерін Қор мен Басқарушы уәкілетті органның кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар басқа банкпен кастодиандық шартқа қол қою сәтіне дейін орындауға міндетті.

11-тарау. Басқа да талаптар

      40. Тараптар Шарттың мәніне қатысты және Шарт бойынша тараптардың қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндеттенеді.

      41. Шарт әр тарапқа бір данадан, заңдық күші бірдей, мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада жасалды.

      42. Шарттың талаптары тараптардың арасында жеке немесе бірге жасалған кез келген өзге шарттың немесе келісімнің талаптарына қайшы келетін болса, Шарттың ережелері басым болып табылады және тараптар бірінші кезекте Шарттың ережелерін басшылыққа алатын болады.

      43. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісімі бойынша, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімдерге қол қою арқылы енгізіледі.

      44. Шарт бойынша тараптардың реттелмеген даулары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

      45. Тараптардың ешқайсысы Шарт бойынша өзінің құқықтарын немесе міндеттемелерін үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.

12-тарау. Тараптардың деректемелері және қолдары

Қор

Басқарушы

_________________________________
(Қордың деректемелері,
бизнес сәйкестендіру нөмірі,
пошталық мекенжайы, телефондары,
банктік сәйкестендіру коды,
жеке сәйкестендіру коды,
бенефициар коды)
________________________________
(Қор өкілінің лауазымы, қолы)
мөр орны (бар болса)

_______________________________
(Басқарушының деректемелері,
бизнес сәйкестендіру нөмірі,
телефондары, пошталық мекенжайы,
банктік сәйкестендіру коды,
жеке сәйкестендіру коды,
бенефициар коды)
________________________________
(Басқарушы өкілінің лауазымы, қолы)
мөр орны (бар болса)

      Кастодиан

      _______________________________________________

      _______________________________________________

      (Кастодианның деректемелері, пошталық мекенжайы,

      телефондары, банктік сәйкестендіру коды, жеке

      сәйкестендіру коды, бенефициар коды)

      _______________________________________________

      (Кастодиан өкілінің лауазымы, қолы)

      мөр орны (бар болса)

  Қор, Басқарушы және Кастодиан
арасында жасалатын үлгілік
кастодиандық шартқа
қосымша

Кастодиандық қызмет көрсетуге тарифтер

Операциялар атауы

Өндіріп алынатын комиссия

Ескерту