ЗҚАИ-ның ескетпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 15-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 28 Қаулыға 1-қосымша |
Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 15-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға (бұдан әрі – ИПБ) сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір ИПБ-ден басқа ИПБ-ге немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Қағидаларда Кодексте көрсетілген мағынада қолданылатын ұғымдар пайдаланылады.
2-тарау. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беру тәртібі мен мерзімдері
3. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға (бұдан әрі – салымшы) зейнетақы активтерін ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беру мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, жеке жүгінуі арқылы немесе БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған, Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген ИПБ таңдау туралы өтініш ұсынады.
БЖЗҚ Басқарушының инвестициялық портфельді қалыптастырудың өлшемшартын таңдау немесе оны өзгерту туралы хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде салымшыларды:
екі баспа басылымында және өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиісті ақпаратты жариялау арқылы - Басқарушы таңдаған инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшарты немесе оның өзгергені туралы;
салымшының жасы Басқарушының инвестициялық портфелін қалыптастыру өлшемшартына сәйкес келмеген жағдайда салымшының - БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелеріндегі байланыс деректеріне ақпарат жіберу арқылы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе инвестициялық портфелі салымшының жасына сәйкес келетін басқа Басқарушының сенімгерлік басқаруына беру қажеттілігі туралы хабардар етеді.
БЖЗҚ инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартына қарай қатарынан 12 (он екі), 36 (отыз алты) немесе 60 (алпыс) айды құрайтын тиісті ИПБ-нің зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару кезеңінің аяқталуынан күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын осы ИПБ-нің инвестициялық портфелі үшін белгіленген шекті жасқа жеткен салымшыларды зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе инвестициялық портфелін қалыптастыру өлшемшарты салымшының жасына сәйкес келетін басқа ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беру қажеттілігі туралы хабардар етеді. Хабарлама салымшының БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелеріндегі байланыс деректеріне жіберіледі.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ПИБ сенімгерлік басқаруындағы салымшының зейнетақы активтері салымшының басқа ПИБ таңдау туралы немесе зейнетақы жинақтарын ПИБ сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтаруға өтініші болмаған жағдайда, салымшы жасының ПИБ инвестициялық портфелін қалыптастыру өлшемшартына сәйкестігіне қарамастан, осы ПИБ-нің сенімгерлік басқаруында қалады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.03.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. БЖЗҚ мына:
1) БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған;
2) салымшының жеке басын куәландыратын құжат ИПБ-ні таңдау туралы өтініш берілген күнгі жағдай бойынша жарамсыз болған;
3) егер салымшының ИПБ таңдау туралы өтініште көрсетілген және ИПБ-ге сенімгерлік басқаруға беруге жататын зейнетақы жинақтары ИПБ таңдау туралы өтініш берілген күні салымшының міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызынан асқан;
4) ИПБ таңдау туралы өтінішті алған күннен кейінгі күннен бастап салымшы таңдалған ИПБ-нің инвестициялық портфелі үшін белгіленген шекті жасқа жеткенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аз уақыт қалған;
5) зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы тіркелген өтініш болған;
6) егер салымшы ИПБ таңдау туралы өтініште инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшарты оның жасына сәйкес келмейтін ИПБ-ні көрсетсе;
7) ИПБ-нің бастамасы бойынша зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты жоспарланып отырған бұзу туралы ИПБ-нің хабарламасы болған;
8) уәкілетті орган Кодекстің 37-бабы 8-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу процесіне бастама жасаған жағдайларда ИПБ-ні таңдау туралы өтінішті алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.03.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Салымшының ИПБ-ні таңдау туралы өтініші (өтініштері) негізінде зейнетақы активтерін Кодекстің 37-бабы 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларында ИПБ-ні таңдау туралы өтініш берілген күнгі жағдай бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып, бірнеше ИПБ-ге сенімгерлік басқаруға беруге жол беріледі.
6. БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беруді зейнетақы жинақтарының ИПБ-ні таңдау туралы өтініште көрсетілген сомасына сәйкес келетін сомада ИПБ-ні таңдау туралы өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беру уақытында зейнетақы жинақтары салымшының өтінішінде көрсетілген сомамен салыстырғанда жеткіліксіз болған жағдайда, БЖЗҚ мынадай жағдайларда:
ерікті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын берген кезде;
міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын берген кезде – салымшы сақтандыру ұйымымен жасаған зейнетақы аннуитеті шарты болған кезде жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының нақты ағымдағы қалдығы шегінде қаражатты беруді жүзеге асырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.03.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. БЖЗҚ-ның кастодиан банкі БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын аударуға төлем тапсырмасын алған кезде операциялық 1 (бір) күн ішінде ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерін есепке алуға және сақтауға БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан банк арасында үшжақты шарт жасалған ИПБ-нің кастодиан банкіндегі (бұдан әрі – ИПБ-нің кастодиан банкі) БЖЗҚ-ның шотына салымшының зейнетақы жинақтарын аударады.
3-тарау. Зейнетақы активтерін бір ИПБ-ден басқа ИПБ-ге беру тәртібі мен мерзімдері
8. Салымшы зейнетақы активтерін бір ИПБ-ден басқа ИПБ-ге беру мақсатында БЖЗҚ-ға жеке жүгінуі арқылы немесе БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген, электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған ИПБ-не өзгерту туралы өтінішті береді.
9. БЖЗҚ мына:
1) БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған;
2) салымшының жеке басын куәландыратын құжат ИПБ-ні өзгерту туралы өтініш берілген күнгі жағдай бойынша жарамсыз болған;
3) зейнетақы активтерін бір ИПБ-ден басқа ИПБ-ге сенімгерлік басқаруға беру үшін ИПБ-ні өзгерту туралы өтініш берудің жылына бір реттен жиі емес мерзімі сақталмаған;
4) ИПБ-ні өзгерту туралы өтінішті алған күннен кейінгі күннен бастап салымшы таңдалған ИПБ-нің инвестициялық портфелі үшін белгіленген шекті жасқа жеткенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аз уақыт қалған;
5) зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы тіркелген өтініш болған;
6) егер салымшы ИПБ-ні өзгерту туралы өтініште инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшарты салымшының жасына сәйкес келмейтін ИПБ-ні көрсетсе;
7) ИПБ-нің бастамасы бойынша зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты жоспарланып отырған бұзу туралы ИПБ-нің хабарламасы болған;
8) уәкілетті орган Кодекстің 37-бабы 8-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу процесіне бастама жасаған жағдайларда, ИПБ-ні өзгерту туралы өтінішті алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.03.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. БЖЗҚ зейнетақы активтерін бір ИПБ-ден басқа ИПБ-ге беруді ИПБ-ні өзгерту туралы өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде салымшының зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруында болатын ИПБ-ні зейнетақы активтерін беру күніне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала хабардар ете отырып, ИПБ-ні өзгерту туралы өтініште көрсетілген зейнетақы тиісті сомасына сәйкес келетін сомада жүзеге асырады.
Бір ИПБ-нің сенімгерлік басқаруынан басқа ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беру уақытында зейнетақы жинақтары салымшының өтінішінде көрсетілген сомамен салыстырғанда жеткіліксіз болған жағдайда, БЖЗҚ салымшының жеке зейнетақы шотының құрамына кіретін тиісті қосалқы шотта ескерілетін олардың нақты ағымдағы қалдығы шегінде қаражатты беруді жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.03.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. ИПБ-нің кастодиан банкі БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін аударуға төлем тапсырмасын алған кезде операциялық 1 (бір) күн ішінде басқа ИПБ-нің кастодиан банкіндегі БЖЗҚ-ның шотына салымшының зейнетақы жинақтарын аударады.
4-тарау. Зейнетақы активтерін ИПБ-нің сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға беру тәртібі мен мерзімдері
12. Салымшы зейнетақы жинақтарын ИПБ-нің сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтару мақсатында БЖЗҚ-ға жеке жүгінуі арқылы немесе БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген, электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған зейнетақы жинақтарын қайтаруға өтінішті береді.
13. БЖЗҚ мынадай жағдайларда:
1) салымшы (алушы) Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау (жерлеуге, мұрагерлеріне) туралы БЖЗҚ-ға өтініш не соттың заңды күшіне енген шешімі келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Кодекстің 220-бабының 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 1-1-тармағында, 221-бабының 1-тармағының 2), 2-1) және 3) тармақшаларында, 223-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда;
3) ИПБ бастамасы бойынша зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жағдайын қоспағанда, зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бұзылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) зейнетақы жинақтарын ИПБ-нің сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтаруға өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
5) салымшы ИПБ-нің инвестициялық портфелі үшін белгіленген шекті жасқа жеткен жағдайда, және осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген тәртіппен хабарлама салымшыға жіберілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ұсынылған басқа ИПБ-ні таңдау туралы немесе зейнетақы жинақтарын ИПБ-нің сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтаруға салымшының өтініші болмаған жағдайда, инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартына қарай қатарынан 12 (он екі), 36 (отыз алты) немесе 60 (алпыс) айды құрайтын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару кезеңі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
6) зей нетақы активтерінің өтелген сомасы бөлігінде - ИПБ осы Қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда ИПБ алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеуді жүзеге асырғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген екі және одан да көп жағдай туындаған кезде БЖЗҚ зейнетақы активтерін берудің соңғы немесе оған дейін жоспарланған мерзімі басқа орын алған жағдайлардың барлық тиісті мерзімдерінен бұрын туындайтын жағдай бойынша зейнетақы активтерін ИПБ-нің сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына беруді жүзеге асырады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.03.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14. БЖЗҚ мына:
1) салымшының жеке басын куәландыратын құжат зейнетақы жинақтарын қайтаруға өтініш берілген күнгі жағдай бойынша жарамсыз болған;
2) Қағидалардың 13-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін 2 (екі) жылдан ерте емес болатын зейнетақы жинақтарын қайтаруға өтініш беру мерзімі сақталмаған жағдайларда, зейнетақы жинақтарын қайтаруға өтінішті алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ИПБ-нің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтарудан бас тартады.
15. БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтаруды зейнетақы жинақтарын қайтаруға өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасына сәйкес келетін сомада зейнетақы жинақтарын қайтаруға өтініш негізінде жүзеге асырады.
ИПБ-нің сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару уақытында зейнетақы жинақтары салымшының өтінішінде көрсетілген сомамен салыстырғанда жеткіліксіз болған жағдайда, БЖЗҚ салымшының жеке зейнетақы шотының құрамына кіретін тиісті қосалқы шотта ескерілетін олардың нақты ағымдағы қалдығы шегінде қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.
ИПБ-нің зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты өз бастамасы бойынша бұзу туралы хабарламасының негізінде БЖЗҚ:
инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырма болған кезде - инвестициялық портфельді басқарушы теріс айырманы өтеген күннен бастап;
зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырма болмаған кезде – теріс айырманы өтеудің соңғы мерзімі күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтарады.
Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт БЖЗҚ зейнетақы активтерін іс жүзінде қайтарған күннен бастап ИПБ-нің бастамасымен бұзылған болып есептеледі.
Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәнінің арасындағы теріс айырма, сондай-ақ оны өтеудің соңғы мерзімі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32830 болып тіркелген) Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларына, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес айқындалады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.03.2026 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. ИПБ-нің кастодиан банкі БЖЗҚ-дан салымшының зейнетақы жинақтарын қайтаруға төлем тапсырмасын алған кезде операциялық 1 (бір) күн ішінде БЖЗҚ-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына салымшының зейнетақы жинақтарын аударады.
| Қаулығы 2-қосымша |
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 21 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22200 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22663 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 66 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29609 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.