"Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі сауда қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы |
М. Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
___________________Ә. Исекешев
2015 жылғы " "
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы минмсгрі
__________Б. Сұлтанов
2015 жылғы " "
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
___________ Қ. Қасымов
2015 жылғы " "
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген |
Ішкі сауда қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Ішкі сауда қағидалары (бұдан әрі -Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында ішкі сауда қызметін жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
Ішкі сауда түрлеріне көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, аукциондық, комиссиондық, шекара маңы, көшпелі, көрме-жәрмеңкелік, электрондық, биржалық сауда және тапсырыстар бойынша сауда жатады
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автодүкен – сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлік құралы;
2) автомат – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
3) ақпараттық-жарнамалық сауда алаңы – сатушылар, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды-сатуды ұйымдастыру мақсатында олар туралы жарнамалық (ақпараттық) мәліметтері қамтитын интернет-ресурс;
4) арзандатылған тауар – кемшілігі болуға не кемшілігін жоюға байланысты төмендетілген бағамен сатылатын тауар;
5) асхана – тұтынушылар өзіне өзі қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектісі;
6) аутлет орталық – бірыңғай тауар белгісімен немесе маркасымен айналымға шығарылған өнімдер шығарылымының алдыңғы маусымынан азық-түлік емес тауарлар тобын (киім-кешек, аяқ киім, аксессуарлар және басқалар) елеулі жеңілдіктермен (жиырмадан тоқсан пайызға дейін) сатуды жүзеге асыратын сауда объектісі;
7) әмбебап сауда базары – әртүрлі сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда орындары бар сауда базары;
8) Алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.10.2020 № 222-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9) баға – тауар құнының ақшалай мәні;
10) бар – тұтынушыларға тіске басар, десерттер және кондитерлік бұйымдар, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;
11) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
12) Алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.10.2020 № 222-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13) гипермаркет – бірнеше ішкі сауда субъектілерінен тұратын, он бес мыңнан және одан астам атаулы (бірлік) мамандандырылған немесе аралас тауарлар ассортиментін өткізетін, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңның болуын көздейтін көтерме-бөлшек сауда объектісі;
14) дәмхана – тұтынушыларға міндетті түрде даяшылар қызмет көрсететін, дайындалуы күрделі емес тағамдар ассортиментін, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;
15) дискаунт орталық – бір немесе бірнеше ішкі сауда субъектілерінен тұратын, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, күнделікті сұраныстағы нарықтық бағадан төмен бағадағы азық-түлік тауарларының (тез бұзылатын азық-түлікті есепке алмағанда, жалпы көлемінің жиырма пайызы негізінен "құрғақ" немесе терең мұздатылған өнім) және азық-түлік емес (жалпы көлемнің сексен пайызы тамақ өнімдері, тұрмыстық химия және қосалқы тауарлар) тауарлардың шағын ассортименті бар эконом сыныбының сауда объектісі;
16) дүкен – сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етілген тұрақты жұмыс істейтін күрделі құрылыс немесе оның бөлігі;
17) дүңгіршек – бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделі емес тасымалданатын құрылыс;
18) жаппай сату – сапасы тиісінше тауарларды төмендетілген бағамен өткізу;
19) жарамдылық мерзімі – аяқталғаннан кейін тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңі;
20) жылжымалы сөре – арнайы бөлінген орынға орнатылатын, сауда орнын білдіретін, тасымалданатын уақытша құрылыс (конструкция);
21) заманауи форматтағы сауда объектілері – ассортименті бір мыңнан бастап және одан астам атау (бірлік) мамандандырылған немесе аралас тауар бар, қызмет көрсетудің дәстүрлі әдісімен бірге өзіне-өзі қызмет көрсету әдісі бойынша, сондай-ақ қосымша сауда қызметтерін көрсете отырып жұмыс істейтін, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтары (құрылғылары) бар, еңбек өнімділігі және сауда алаңының шаршы метрінен сатылымы жоғары, аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қоюға арналған алаң көзделген, ауданы кемінде 500 шаршы метр стационарлық сауда объектілері;
22) қоғамдық тамақтану – тамақ өнімдерін өндірумен, өңдеумен, өткізумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет;
23) Алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.10.2020 № 222-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24) көтерме сауда – кейін сатуға немесе жеке, отбасылық, үй ішінде және осындай өзге де пайдаланумен байланысты емес, өзге мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
25) көтерме-тарату орталығы (бұдан әрі – КТО) – кейіннен ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарда көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу үшін, үлесі тауарлардың жалпы ассортиментінің кемінде алпыс пайызын құрайтын азық-түлік тауарларын және тізбесі көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарда айқындалатын азық-түлік емес тауарларды тиісінше сақтауға және (немесе) олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған қойма үй-жайларынан, павильондардан және (немесе) арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын көпфункционалды инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен.
Көтерме-тарату орталықтары қызметтер кешенін көрсетеді немесе технологиялық мамандануына және көрсетілетін қызметтердің түріне қарай мынадай болып бөлінуі мүмкін:
сақтайтын көтерме-тарату орталығы азық-түлік тауарларын сақтауға және олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған, көбінесе жеміс-көкөніс өнімдері мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру орындарына жақын орналасқан және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және ішкі сауда субъектілеріне кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, сақтау және бастапқы өңдеу (тазалау, калибрлеу, сұрыптау, орау және басқа да көрсетілетін қызметтер) бойынша қызметтер көрсететін жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;
бөлетін көтерме-тарату орталығы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сақтауға және өткізу объектілері бойынша бөлуге және тауарларды сауда объектілерінің мұқтаждары үшін уақытша сақтау және тиеу (ауыстырып тиеу) жөніндегі логистикалық қызметтерді көрсетуге арналған жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;
сауда көтерме-тарату орталығы сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және (немесе) ішкі сауда субъектілеріне сауда қызметін жүзеге асыру кезеңіне инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен шегіндегі сауда алаңдарына, сақтау орындарына және басқа да үй-жайларға кедергісіз қол жеткізуді ұсынатын жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;
26) көшпелі сауда – мамандандырылған немесе сауда үшін арнайы жабдықталған көлік құралдарын, сондай-ақ тек көлік құралымен жиынтықта қолданылатын мобильді жабдықты пайдалана отырып, тұрақты жұмыс істейтін бөлшек сауда желісінен тыс жүзеге асырылатын бөлшек сауда;
27) мамандандырылған дүкен – ассортиментінің көлемі жиырма бес мың атауға (бірлікке) дейін болатын, ассортименті мамандандырылған (құрылыс материалдары, тұрмыстық электротехника, жиһаз және тағы басқа), сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңның болуын көздейтін ішкі сауданың көптеген субъектілерін білдіретін сауда объектісі;
28) мамандандырылған сауда базары – тауарлардың жалпы санының жетпіс және одан астам пайызы бір сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары;
29) мамандандырылған электрондық сауда алаңы – экономикалық қызметтің бір түрінің бір сыныптағы тауарлары, жұмыстары және көрсетілетін қызметтері өткізілетін электрондық сауда алаңы;
30) мейрамхана – тұтынушыларға міндетті түрде даяшылардың қызметін ұсынатын, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды, сондай-ақ алкоголь өнімдерін қоса алғанда, дайындалуы күрделі тағамдар ассортиментін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;
31) сақтау мерзімі – белгіленген сақтау шарттары сақталған кезде тауар (жұмыс нәтижесі) осы уақыт кезеңі ішінде тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарда және (немесе) шартта көрсетілген сапасын, қасиеттерін және сипаттамаларын сақтайтын уақыт кезеңі;
32) сатушы – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сауда қызметін жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі;
33) сатып алушы – тауар сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
34) сауда ақпараты – тауар, дайындаушы, сатушы туралы заңнамада көзделген және тауармен және оны пайдаланудың ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында сатушыға жеткізілетін мәліметтер;
35) сауда базары – аумақта шаруашылық қызметін көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін сауда қызметіне арналған оқшауланған мүліктік кешен;
36) сауда желісі – сауда базарларын қоспағанда, ортақ басқарудағы және бірыңғай коммерциялық белгі және дараландырудың өзге де құралдары аясында пайдаланылатын екі және одан да көп сауда объектілерінің жиынтығы;
37) сауда залы – сатып алушыларға қызмет көрсетуге арналған сауда үй-жайының арнайы жабдықталған негізгі бөлігі;
38) сауда қызметі – жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсіпкерлік қызметі;
39) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган – сауда саясатын қалыптастыратын, сауда қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
40) сауда мүкәммалы – сауда қызметін жүзеге асыруға арналған заттар;
41) сауда объектісі – арнайы құрал-жабдықпен жарақтандырылған, тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын ғимарат немесе ғимараттың бір бөлігі, құрылыс немесе құрылыстың бір бөлігі, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлік құралы;
42) сауда-ойын-сауық орталығы – көптеген ішкі сауда субъектілерінен тұратын, тауарларды, қоғамдық тамақтану және ойын-сауық қызметтерін (фуд-корт, сұлулық салондары, ойын-сауық, кино-театрлар) қоса алғанда, жиырма бес мың және одан астам атаулы (бірлік) аралас ассортименті бар, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, өз аумағы шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңы бар сауда объектісі;
43) сауда орталығы – көптеген ішкі сауда субъектілерінен тұратын, аралас ассортименті бар, ассортиментінің көлемі жиырма бес мың және одан көп атаулы (бірлік), сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, өз аумағы шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңы бар сауда объектісі;
44) сауда орны – тауарларды сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын құрал-жабдықпен жарақтандырылған орын;
45) сауда үйі – тұтас объекті ретінде басқарылатын сауда объектілерінің және қоғамдық тамақтану объектілерінің жиынтығы орналасқан сауда қызметіне арналған және сауда, әкімшілік-тұрмыстық және қойма үй-жайларымен және өзінің аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңмен қамтамасыз етілген күрделі стационарлық құрылыс;
46) сауда үстемесі – тауарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруға байланысты шығыстар мен пайданы қамтитын тауар бағасының бір бөлігі;
47) сыйақы – азық-түлік тауарларын жылжыту, оның ішінде осындай тауарларды жарнамалау және оларды арнайы қоюды жүзеге асыру жолымен жылжыту, сондай-ақ осы тауарларды дайындау, өңдеу, буып-түю жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жіберуді қоса алғанда, азық-түлік тауарларын сатып алуға және өткізуге байланысты, азық-түлік тауарларын берушінің сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісіне ақшалай төлемі;
48) стационарлық емес сауда объектісі – инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық қосу) болуына немесе болмауына қарамастан, жермен берік байланыстырылмаған уақытша құрылыс немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлік құралы;
49) Алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.10.2020 № 222-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.50) сауда-көрме аймағы – тауарларды көрсетуге, жайып қоюға, сондай-ақ сатып алушыларға қызмет көрсетуге және шарттар жасасу мен төлемдер жүргізуге арналған, арнайы құралдармен жабдықталған аймақ;
51) супермаркет – бірнеше ішкі сауда субъектілерінен тұратын, бір мыңнан бастап жиырма бес мыңға дейінгі атаулы (бірлік) мамандандырылған немесе аралас тауар ассортиментін сататын, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңның болуын көздейтін сауда объектісі;
52) тауар – айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбастауға арналған кез келген еңбек өнімі;
53) тауар ассортименті – қандай болмасын бір немесе жиынтық белгілері бойынша біріктірілген тауарлар жиыны;
54) тауарлар сыныбы – функционалдық мақсаты ұқсас тауарлар жиынтығы;
55) тауарлардың көршілестігі – шикі және дайын өнімдерді бірге сақтауды және өткізуді, олардың ластануын және тауардың сапасына әсер ететін бөгде иістердің сіңуін болдырмайтын шарттар;
56) тауар сапасы – тауардың тұтынушылық сипаттарының жиынтығы;
57) Алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.10.2020 № 222-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.58) Алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.10.2020 № 222-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
59) технологиялық аймақ – жууға, өңдеуге, кептіруге, құрғақ тазалауға, сұрыптауға, калибрлеуге, өлшеп орауға, орауға және/немесе ұқсас операцияларды орындауға арналған аймақ;
60) үй жанындағы дүкен – негізінен сауда желілеріне кірмейтін бес мың атауға (бірлікке) дейін күнделікті қажетті тауарлардың мамандандырылған ассортиментін өткізетін бір ішкі сауда субъектісін білдіретін сауда объектісі;
61) шағынмаркет – он мыңға дейінгі атау (бірлік) мамандандырылған немесе аралас тауар ассортиментін сататын бірнеше ішкі сауда субъектілерін білдіретін, автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңның болуы көзделетін сауда объектісі;
62) шатыр (павильон) – құрастырмалы-жинамалы конструкциялардан, бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қорына арналған алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын жеңіл құрастырылатын құрылыс;
63) ішкі сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметі;
64) электрондық коммерция – электрондық саудадағы, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтер саудасындағы кәсіпкерлік қызмет;
65) электрондық коммерцияға қатысушылар – сатып алушы, сатушы және (немесе) электрондық сауда алаңы ретінде қатысатын, тауарларды, көрсетілген қызметтерді және ақпараттық-жарнамалық сауда алаңдарын өткізетін жеке және заңды тұлғалар;
66) электрондық сауда – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
67) электрондық сауда алаңы – электрондық саудаға қатысушыларға инфрақұрылымды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жұмыстар мен қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуды қамтамасыз ететін интернет-ресурс;
68) электрондық саудаға қатысушылар – сатып алушы, сатушы және (немесе) электрондық сауда алаңы ретінде қатысушы жеке және заңды тұлғалар.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 196-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 14.10.2020 № 222-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2022 № 274-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Ішкі сауданың субъектілері мен объектілері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Ішкі сауда субъектілеріне Заңға сәйкес ішкі сауданы жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар жатады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Сауда объектілері мен қоғамдық тамақтану объектілері ішкі сауда объектілеріне жатады.
5. Стационарлық сауда объектілері мыналарға бөлінеді:
1-санат – сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын өткізетін, он мың шаршы метрден астам сауда алаңы бар сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтиды;
2-санат – сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды өткізуге мамандандырылған, екі мың шаршы метрден он мың шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтиды;
3-санат – сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген бес жүз шаршы метрден екі мың шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтиды;
4-санат – сауда, қосалқы үй-жайлармен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, бір жүз шаршы метрден бес жүз шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтиды;
5-санат - сауда үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, бір жүз шаршы метрден аз сауда алаңы бар сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтиды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-1. Стационарлық сауда объектілерінің түрлері:
КТО;
сауда ойын-сауық орталығы;
сауда орталығы;
гипермаркет;
аутлет орталығы;
дискаунт орталығы;
мамандандырылған дүкен;
сауда үйі;
супермаркет;
шағынмаркет;
үйдің жанындағы дүкен.";
Бұл ретте осы Қағидалардың 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес болған жағдайда КТО, сауда ойын-сауық орталығы, сауда орталығы, гипермаркет, аутлет орталығы, дискаунт орталығы, супермаркет заманауи форматтағы сауда объектілеріне жатады.
Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.08.2018 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.5-2. Стационарлық емес сауда объектілерінің түрлері:
автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).
Ескертпе. Тауарларды автодүкендер арқылы өткізген кезде арнайы көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуға тиіс.
Ескерту. 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Сауда объектісінің мамандануы Заңының 10-бабының 4-тармағына сәйкес айқындайды.
7. Қоғамдық тамақтану объектілері мынадай санаттарға бөлінеді:
1) асхана;
2) бар;
3) дәмхана;
4) мейрамхана.
3-тарау. Сауда қызметін жүзеге асыруға қойылатын тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-Параграф. Сауда қызметін жүзеге асыруға қойылатын жалпы тәртібі
8. Сатуға ұсынылатын тауарлардың тізбесін, көрсетілетін қызметтердің тізбесін, сондай-ақ қызмет көрсету нысандарын сатушы өз қызметінің бейіні мен мамандануына сәйкес дербес айқындайды.
8-1. Ішкі сауда субъектілері сауда желісі мен сауда базарларын ұйымдастыру арқылы тауарларды сатуды жүзеге асыру кезінде:
1) отандық өндірістің тауарларын орналастыру орындарын арнайы белгімен немесе "Қазақстанда жасалған" деген жазумен белгілейді, оны жақын жерде орналасқан бірнеше отандық өндірістің тауарларына орнатуға болады;
2) отандық өндірістің азық-түлік тауарларын сауда алаңында және (немесе) сөре кеңістігінде азық-түлік тауарлары орналасқан жалпы сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде отыз пайызын орналастырады;
3) отандық өндірістің тауарларын көрінетін және физикалық қолжетімді орындарға (көз деңгейінде) орналастырады.
Осы көлемде отандық өндірістің азық-түлік тауарлары болмаған жағдайда, қалған орындар және (немесе) сөре кеңістігі ішкі сауда субъектісінің қалауы бойынша басқа тауарлармен толтырылады.
Ескерту. 1-параграф 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.02.2023 № 75-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.8-2. Отандық өндірістің азық-түлік тауарларын орналастыру үшін алаң және (немесе) сөрелік кеңістік бөлу отандық өндірушінің немесе отандық өндірістің тауарларын өткізетін ішкі сауда субъектісінің жазбаша өтінімі бойынша жүргізіледі.
Өтінімдер болмаған жағдайда, сауда желісін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілері отандық өндірушілерді тартуды өздері ұйымдастыра алады;
Отандық өндіріс тауарларын өндірушілер немесе жеткізушілер тарапынан өтінімдер болмаған жағдайда немесе олардың саны жеткіліксіз болған жағдайда қалған сауда алаңы және (немесе) сөрелік кеңістік басқа тауарларды сату үшін пайдаланылуы мүмкін.
Ескерту. 1-параграф 8-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. 3аңының 32-бабының 3-тармағында көрсетілген тауарларды сатуға жол берілмейді.
10. Сатушы сауда қызметін жүзеге асыру кезінде бейіні мен мамандануды ескере отырып, ұлттық стандарттарда, Санитариялық қағидаларда және гигиеналық нормативтерде, өртке қарсы қағидаларда және басқа нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарды сақтайды.
11. Сатушыда тауарларды сату орнында сақтау және өткізу кезінде олардың сапасы мен қауіпсіздігін сақтау жөніндегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ететін қажетті үй-жай, жабдықтар мен мүкәммал, сауданың тиісті шарттары болады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.02.2023 № 75-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Егер сатушының қызметі рұқсат беру және хабарлама жасау тәртібін енгізумен байланысты болса, онда ол тиісті құжаттың нөмірі мен қолданылу мерзімі туралы, сондай-ақ оны мемлекеттік және орыс тілдерінде берген орган туралы ақпаратты ұсынады.
Көрсетілген ақпарат сауда объектісіне кіре берісте және (немесе) тікелей сауда орнында тұтынушының танысуы үшін ыңғайлы жерде орналастырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.02.2023 № 75-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Сатушы (өндіруші, орындаушы) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (өндіруші, орындаушы) туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты ұсынады.
14. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес тауар (жұмыс, қызмет) туралы ақпарат береді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.02.2023 № 75-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Тауарларды сату кезінде сатушы тауарлардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растау туралы ақпаратты сатып алушының назарына жеткізеді және тұтынушыға оның талап етуі бойынша мына құжаттардың бірін ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелді) Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен берілген Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер тізілімінен үзінді;
2) дайындаушы немесе өнім беруші (сатушы) ресімдеген тауарға ілеспе құжаттар;
3) туындылар авторлық (лицензиялық) шарт бойынша қайта шығарылған жағдайда - шарттың көшірмесі.
2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттар дайындаушының (жеткізушінің, сатушының) деректемелері көрсетіле отырып, оның қолымен және мөрімен куәландырылады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.16. Тауарларды сату кезінде сатып алушыға өз бетімен немесе сатушының көмегімен өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі туралы ақпаратпен танысуға мүмкіндік беріледі.
17. Сатушы сатып алушыға ұсынылатын тауарды қарау, сипаттарына тексеру жүргізу немесе, егер оған тауардың сипатына қарай тыйым салынбаса, оның жұмыс істеуін көруге мүмкіндік береді.
18. Сатып алушыға сатып алынатын тауарлардың сапасын, жиынтығын, шамасын, салмағын және бағасын, олардың ыңғайлылығын тексеру, сондай-ақ оларды қауіпсіз және дұрыс пайдалану жөнінде ақпарат алу мүмкіндігі беріледі.
Сатушы мұндай жағдайларда, оның ішінде көрсетілген сипаттамаларды өз бетімен тексеру үшін оған бақылау-өлшеу құралдарын ұсынады және қажет болған жағдайда оларды сараптамаға жіберуге ықпал етеді.
19. Сатушы сатылатын тауарларда тауардың атауын, оның сортын, тауардың салмағы немесе бірлігі үшін бағасын көрсете отырып, айқын ресімделген баға көрсеткіштерінің болуын қамтамасыз етеді.
20. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды қоспағанда, тауарлардың бағаларын ішкі сауда субъектілері дербес айқындайды.
Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.
Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бірнеше өндірушіден немесе көтерме сауда арқылы берушіден болған жағдайда, неғұрлым төмен құны бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу шарттарын жасасу кезінде шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленеді.
"Бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 717 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12484 болып тіркелген) сәйкес бекітілген нормалар шегінде сауда үстемесі әлеуметтік маңызы бар тауарларды тасымалдаумен және (немесе) сақтаумен және (немесе) импорттаумен, сондай-ақ азық-түлік тауарларының табиғи кемуімен байланысты шығындар мөлшеріне ұлғайтылуы мүмкін.
Сауда үстемесіне өнім берушіден азық-түлік тауарларының белгілі бір санын сатып алуға байланысты ішкі сауда субъектісіне төленетін сыйақыларды төлеуге байланысты шығыстар енгізілмейді.
Ішкі сауда субъектісі (дайындаушы) тауарды сатады, ал тұтынушы сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған баға жапсырмасымен ресімделіп көрсетілген құнға сәйкес тауарды сатып ала алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ішкі сауда субъектісі (дайындаушы, орындаушы) фото, бейне түсірілімдерді қолдануға қатысты тұтынушылардың мүмкіндігін шектемейді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 196-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе сатушы мен сатып алушының арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, сатушының сатып алушыға кассалық немесе тауарлық чекті немесе тауарға ақы төленгендігін растайтын өзге де құжатты берген сәтінен бастап сатып алу-сату шарты тиісті нысанда жасалған болып саналады.
22. Ішкі сауда субъектісі сауда қызметін жүзеге асыру кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 19-тарауында көзделген тәртіпте және жағдайларда фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарын қолданады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Сатушы сатып алушыға тауардың құнына енгізілуі мүмкін тауарларды сатумен байланысты қызметтерді ұсынады.
Бұл ретте сатып алушыға тауарды сату кезінде ұсынылатын қызметтерден бас тарту, сондай-ақ сатушыдан өзінің келісімінсіз ұсынылған қызметтер үшін төленген соманың қайтарылуын талап ету мүмкіндігі беріледі.
24. Сатушы бір тауарларды сатуды екінші тауарларды міндетті түрде сатып алуға немесе оларды сатуға байланысты міндетті қызметтер көрсетуге шарттаспайды.
25. Сатушы өз сипаты бойынша ыдысқа салуды және (немесе) орауды қажет етпейтін тауарды қоспағанда, сатып алушыға тауарды лайықты сапада ыдысқа салып және (немесе) ораммен, тауарға қатысты құжаттармен және керек-жарақтармен бірге белгілі бір жиында (тауарлар жиынтығы) және жиынтықта береді.
Берілетін тауардың сапасына, ыдысына және (немесе) орамына, оның жиынтықтығына, керек-жарақтары мен құжаттамасына, тауарлар жиынтығына, сондай-ақ тауарды жеткізу шарттарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
26. Тауарды сатып алушының оны белгілі бір мерзімде қабылдайтыны туралы шартпен сатқан жағдайда, сатушы тауарды осы мерзім ішінде басқа сатып алушыға сата алмайды.
Егер сатушы мен сатып алушының арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, сатушының келмеуін немесе шартта айқындалған мерзім ішінде тауарды қабылдау үшін өзге де қажетті әрекеттер жасамауын сатушы сатып алушының тауарды сатып алудан бас тартуы деп қарауы мүмкін.
27. Тауарды қайтарып беру немесе айырбастау тәртібі "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы мамырдағы Заңымен белгіленген.
27-2. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату қызметін жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілері мен азық-түлік тауарларын жеткізушілер арасында азық-түлік тауарларын жеткізу шарттары жасалған кезде азық-түлік тауарының бағасына ішкі сауда субъектісі өнім берушіден азық-түлік тауарларының белгілі бір санын сатып алуына байланысты оған төленетін сыйақыны қосу қарастырылуы мүмкін.
Аталған сыйақының мөлшері осы шарттың тараптарымен келісілуге тиіс және сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасының бес пайздан аспайды. Көрсетілген жиынтық сыйақы мөлшерін есептеу кезінде қосылған құн салығына салық сомасы есепке алынбайды.
Ішкі сауда субъектісіне олардың өнім берушіден азық-түлік тауарларының белгілі бір санын сатып алуына байланысты төленетін сыйақы ақшалай көрсетіледі және тауарларды ілгерілету бойынша көрсетілетін қызметтер үшін төлемді қамтиды.
Тауарды ілгерілетумен байланысты емес сыйақы ұсынудың және қосымша қызметтер көрсетудің өзге де жағдайларын шарттың тараптары дербес түрде айқындайды.
Ішкі сауда субъектісінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуына байланысты осы тармақта көрсетілген сыйақыны төлеуге жол берілмейді.
Азық-түлік тауарларының тізбесін немесе көлемін ұлғайта отырып шартты ұзартуға Заңның 31-бабының 7-тармағын бұза отырып қосымша келісімдер жасасумен тең жол берілмейді.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген сыйақы мөлшері асып кетсе, ішкі сауда cубъектісі 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 1-параграф 27-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 196-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-параграф. Сауда объектілерінде қызметін жүзеге асыру қойылатын тәртібі
28. Стационарлық сауда объектілерінің қызметін қамтамасыз ету үшін:
1) кіруге болатын ыңғайлы келу жолдарымен және жаяу жүргіншілер жолдарымен жабдықтау;
2) анықтамалық–ақпараттық көрсеткіштерінің болуы;
3) стационарлық сауда объектісіне іргеліс жатқан аумақты аббатандыру және тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыру;
4) дамыған көлік инфрақұрылымымен және жүк автокөлігін қоюға, маневр жасауына және орналастыруға ыңғайлы алаңдармен қамтамасыз етілуі қажет; стационарлық сауда объектілері автокөліктнің жүктерді түсіруі үшін тиеу-түсіру алаңдарымен немесе сырғыма баспалдақпен жабдықталады (5-санаттан басқа);
5) сәулет-жоспарлу шешімдері мен ғимараттардың құрылыс элементтері және стационарлық сауда объектілерінің және пайдаланылатын техникалық жабдықтардың құрылыс нормаларына және сәулет-жоспарлау шешімдері қағидаларына және конструктивтік элементтеріне сәйкес келтіру;
6) апаттық шығатын есіктерінің, сатыларының, апаттық жағдайдағы іс-қимылдар туралы нұсқаулықтарының, өрт қауіпін хабарлау жүйесі мен қорғану құралдарының, сондай-ақ сатып алушылардың әдеттегі уақытта және төтенше жағдайда еркін бағдарлануын қамтамасыз ететін ақпараттық көрсеткіштердің болуы;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ -73 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23856 болып тіркелген) бекітілген "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкестігі, оның ішінде азық-түлік тауарларын және қоғамдық тамақтану өнімдерін сақтауға және өткізуге арналған үй-жайларда тамақ өнімдерінің реттелетін температурасы мен ылғалдылық режимдерінің болуы;
8) стационарлық сауда объектілерінің құрамында жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану өнімдерін өндіру (жартылай фабрикаттар, кулинариялық өнімдер, тоқаш кондитерлік заттар мен тағамдар) цехтары қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес болуы;
9) қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес болуы және қауіпсіздік техникасы талаптарына және сауда тоңазытқыш жабдықтарын дайындаушылардың пайдалану құжаттарына сәйкес қолданылуы;
10) азық-түлік тауарлары мен қоғамдық тамақтану өнімдерін өткізетін стационарлық сауда объектілері персоналының санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауы, сондай-ақ "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес медициналық қарап-тексерулерден өтуі;
11) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға сауда қызметін көрсету үшін баспалдақтар, лифттер немесе пандустар бойынша орын ауыстыру мүмкіндігін және сауда залдары мен үй-жайларын пайдалануды қамтамасыз ететін ақпараттық көрсеткіштердің болуы;
12) көрсетілетін қызметтер мен сатылатын тауарлар туралы, оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қажетті және шынайы ақпаратпен көрнекті және қолжетімді түрде сатып алушыларды хабардар ету;
13) ұйымның фирмалық атауы, жұмыс режимі, орналасқан орны, заңды мекенжайы көрсетілген маңдайшаның болуы;
14) сауда алаңы екі мың шаршы метрден астам стационарлық сауда объектілерінде сатып алушылар үшін жабдықталған қоғамдық дәретхана бөлмелерінің, мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі халықтың басқа да топтары үшін арнайы дәретханалардың болуы;
15) сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18562 тіркелген) Елді мекендердегі үй-жайлардан тыс жерлерде ашық (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру қағидаларының ережелерін ескере отырып маңдайшаларға, витриналарға, жарнамалық материалдарға, көрмелік жабдықтар мен түрлі қалыптағы және тұрпаттағы стационарлық сауда объектілері қызметкерлерінің сыртқы түріне қойылатын талаптарды айқындауы қажет.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 196-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2022 № 274-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2022 № 386-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.29. Сауда қызметінің объектілері техника қауіпсіздігі қағидаларына, ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық, өртке қарсы және сауда қызметінің тиісті объектісі үшін белгіленетін басқа да талаптарға жауап беруі тиіс.
30. Сауда жабдығын сауда объектісінде орналастыру тұтынушылардың сауда- орындарына еркін кіруін, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды, авария немесе төтенше жағдайларда адамдар мен материалдық құндылықтарды шұғыл шығару мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
31. Азық-түлік емес сауда объектілерінде (сауда объектілерінің залдарында) заттарды (киім, аяқ киім) сату кезінде оларды өлшеп көруге арналған жағдайлар, ал күрделі техника мен тексеруді талап ететін басқа да тауарлар үшін тексеру жүргізуге арналған жағдайлар жасалады.
32. Азық-түлік өнімдерін сату мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер тізіліміне енгізілген материалдардан жасалған қаптамада, тауарлық көршілік қағидаттарын сақтай отырып, жүзеге асырылады.
33. Сауда объектісі қажетті сауда мүкаммалымен, жабдықпен, оның ішінде "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген өлшеу құралдарымен жарақталады.
Параграф 2-1. КТО-ның қызметін жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. 3-тарау 2-1-параграфпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33-1. Алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.10.2020 № 222-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33-2. Алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.10.2020 № 222-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33-3. КТО-да азық-түлік тауарларын іске асыруды өндірушілер, ауыл шаруашылығы кооперативтері, дайындау және қайта өңдеу кәсіпорындары жүзеге асырады.
Ескерту. 33-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.10.2020 № 222-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33-4. КТО азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерді өткізу нысандары:
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтерінен сервистік-дайындау орталықтарынан, дайындаушы ұйымдардан және (немесе) қайта өңдеу кәсіпорындарынан өнімді сатып алу;
2) иесі (консигнант) өнімді кто қоймасына беретін консигнация шартын жасасуды қамтиды. Бұл ретте өнім оны өткізу сәтіне дейін консигнанттың меншігі болып қалады. Сатылмаған тауар консигнация шартының талаптарына сәйкес консигнантқа кері қайтарылады.
Ескерту. 33-4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 274-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33-5. КТО функцияларына мыналар кіреді:
КТО сақтау функциялары:
1) жеміс-көкөніс өнімдерін қабылдау, сақтау және жөнелту;
2) тауарды сату алдындағы дайындау: іріктеу, калибрлеу, алдын ала салқындату, топырақтан тазарту, буып-түю (клиенттің талабы бойынша);
3) тауар партияларын жинақтау;
4) өндірушілерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, дайындаушы ұйымдарға және қайта өңдеу кәсіпорындарына ақпараттық және консультациялық көмек көрсету;
5) тиісті мамандардың, зертханалардың және мамандандырылған жабдықтардың болуы есебінен кто аумағында өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) тауарлар қозғалысының логистикасын қамтамасыз ету;
7) өнімнің түсу арналары мен көздерінің қадағалануын қамтамасыз ету үшін өнімнің өндірісі мен қозғалысы бойынша талдау жүргізу (клиенттік базаны, өндірушілер базасын қалыптастыру);
8) тауар партияларын шоғырландыру/қалыптастыру;
9) қойма инфрақұрылымын жалға беру.
КТО тарату функциялары:
1) клиенттің тауарын қабылдау, сақтау және жөнелту;
2) тауар партияларын шоғырландыру / қалыптастыру;
3) тиісті мамандардың, зертханалардың және мамандандырылған жабдықтардың болуы есебінен кто аумағында өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) тауарлар қозғалысының логистикасын қамтамасыз ету;
5) өнімнің түсу арналары мен көздерінің бақылануын қамтамасыз ету үшін өнімнің өндірісі мен қозғалысы бойынша талдау жүргізу (клиенттік базаны, өндірушілер базасын қалыптастыру).
КТО сауда функциялары:
1) азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сатып алу операцияларын жүргізу;
2) қойма инфрақұрылымын жалға беру;
3) зертханалардың болуы есебінен КТО аумағында сатылатын тауарлардың санитариялық нормативтерін қамтамасыз ету;
4) өндірушілер үшін өткізу нарықтарының қолжетімділігін арттыру болып табылады;
5) тиісті мамандардың, зертханалардың және мамандандырылған жабдықтардың болуы есебінен КТО аумағында сатылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) тауарлар қозғалысының логистикасын қамтамасыз ету;
7) КТО-да сатылатын тауарлардың сапасын тексеруді және сертификаттауды қамтамасыз ету;
8) өнімнің көтерме саудасы;
9) өнімнің түсу арналары мен көздерінің қадағалануын қамтамасыз ету үшін өнімнің өндірісі мен қозғалысы бойынша талдау жүргізу (клиенттік базаны, өндірушілер базасын қалыптастыру);
10) КТО-да өткізілетін өнімнің бағаларын күн сайын жинауды және оларды КТО-ның көрінетін орындары мен интернет-ресурстарында орналастыруды (бар болса) қамтиды.
Ескерту. 33-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 274-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33-6. Қазақстанның өңірлері бойынша азық-түлік тауарларын қайта бөлу үшін КТО-ның арасында өзара сауда-саттық іс-қимылы жасалады."
33-7. Алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.10.2020 № 222-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 3-параграф. Мейрамхана, дәмхана, бар, асхана санаттары бойынша қоғамдық
тамақтану объектілерінің қызметін жүзеге асыруға қойылатын жалпы тәртібі
34. Қоғамдық тамақтану объектілерінде (мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда) тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі және олардың мүлкінің сақталуы қамтамасыз етіледі.
35. Қоғамдық тамақтандыру объектілерін (мейрамханаларды, дәмханаларды, барларды, асханаларды) пайдалануға "рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес рұқсат құжаттары болған кезде жол беріледі.
Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (мейрамханалардың, дәмханалардың, барлардың, асханалардың) жазғы алаңдарын тұрғын үй ғимараттарының бірінші қабаты терезелерінің астына және тротуарларға орналастыруға, сондай-ақ тамақ дайындау жөніндегі технологиялық жабдықты және дыбыс шығаратын аппаратураны орнатуға жол берілмейді.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 274-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Қоғамдық тамақтандыру объектілері (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) ғимараттарының сәулет-жоспарлау шешімдері мен конструктивтік элементтері және пайдаланылатын техникалық жабдық сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға, сондай-ақ "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленген техникалық регламенттерге сәйкес келеді.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 274-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалардың, дәмханалардың, барлардың, асханалардың) ғимараттың тұрғын үй бөлігінен оқшауланған кіру және эвакуациялық шығу есіктері болады.
Азық-түлік шикізатын және тағам өнімдерін тұрғын үйдің аула жағынан қабылдауға жол берілмейді.
Жүк тиеуді тұрғын үйдің терезелері жоқ бүйір жағынан, арнайы жүк тиейтін үй-жайлар болған жағдайда магистральдар жағынан жер асты туннелдерінен орындау қажет.
Өнімділігі шағын объектілер үшін оның жұмысы басталғанға дейін негізгі кірер есік жағынан жүк тиеуге рұқсат етіледі.
38. Қоғамдық тамақтану объектілерінде (мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда) авариялық шығу жолдары, сатылар, авариялық жағдайдағы іс-қимылдар туралы нұсқаулықтар көзделген, көрінетін жерлерде өрт жағдайы кезінде адамдарды көшіру жоспарлары (схемалар), сондай-ақ тұтынушылардың қалыпты жағдайда да төтенше жағдайларда да еркін бағдар алуын қамтамасыз ететін, жақсы көрінетін ақпараттық нұсқаулар ілінеді.
39. Қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санын анықтауға сәйкес жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуге және автоматты өрт сигналын беру және қолданыстағы нормаларға сәйкес адамдарға өрт туралы хабарлау жүйесімен жабдықталуы, инженерлік жүйелермен және жайлылықтың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін жабдықтармен жарақталуға, оның ішінде жасанды және табиғи жарықтары, ыстық және суық сумен, кәрізбен жабдықтау, жылыту, желдету жүйелері, телефон байланысы болады.
40. Салынып жатқан және реконструкцияланып жатқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінде (мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін кресло- арбалардың өтуі үшін кіреберіс есіктердің жанында көлбеу пандустар, лифтілер, залдарда кресло - арбалардың бұрылуы үшін алаңдар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың қолданыстағы талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған дәретхана бөлмелері көзделеді.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 30.09.2022 № 386-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Қоғамдық тамақтану объектілерінде (мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда) қызмет көрсетілетін контингенттің ерекшелігіне сәйкес арнайы қызмет көрсету аймақтары көзделеді, мысалы диеталық, емдеу-сауықтыру, балалар тамағы.
42. Өндірістік үй-жайларды орналастыру және осы үй-жайлардағы жабдықтар өнімді өндіру мен сатудың технологиялық процестерінің дәйектілігін (ағымын), сондай-ақ санитариялық қағидалар технологиялық жобалау нормаларының сақталуы қамтамасыз етіледі.
43. Қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалардың, дәмханалардың, барлардың асханалардың) аумағы абаттандырылады, таза ұсталады, онда көлікті уақытша қоюға арналған алаңдар, қоқыс жинау үшін қақпағы бар контейнерлер орнатуға арналған асфальтталған немесе бетондалған алаң көзделеді.
4-тарау. Ішкі сауданың түрлері
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-параграф. Көтерме сауданы жүзеге асыру тәртібі
44. Көтерме сауда стационарлық сауда объектілерінде және сауда базарларында жүзеге асырылады.
Оқшауланған орындар болған жағдайда көкөніс және жеміс-көкөніс өнімдерін көлік құралдарынан көтерме саудамен сатуға жол беріледі.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Тауарлар ассортименттінің ауқымдылығы бойынша көтерме сауда мамандандырылған және әмбебап болып бөлінеді.
Мамандандырылған көтерме сауда тауарлардың жекелеген түрлерін сатуға бағдарланады.
Әмбебап көтерме сауда сауданы бірнеше тауарлар түрлерін сатуға бағдарланады.
46. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезінде сауда объектісі ассортименттің ерекшелігіне және жұмыс істеудің нақты жағдайларына қарай тауарды өндіру аймақтарында, сол сияқты оларды жаппай тұтыну орталықтарында да орналасады.
47. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезінде:
1) сауда объектілерінде сатылатын тауарларға қойылатын бағалардың деңгейі мен шектері;
2) мәмілелер кезіндегі делдалдық үшін сауда объектісіндегі делдалдар алатын сыйақы мөлшерлері белгіленеді.
48. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезінде ішкі сауда субъектілері мынадай талаптарды:
1) тауарларды сату, сатып алу, сақтауды;
2) көтерме сауданы жүргізуге арналған ұйымдық жағдайлар жасауды, сауда мәмілелерін жасасуды;
3) сатылатын тауарлардың сапасын бақылауды қамтамасыз етуді және осы Қағидалардың талаптарын сақтауды;
4) көтерме сауда субъектілерін салмақ өлшеу жабдығымен және басқа да қызмет түрлерімен қамтамасыз етуді;
5) инженерлік инфрақұрылым құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, тоңазыту, сауда жабдығына және өзге жабдықтар мен тетіктерге техникалық қызмет көрсетуді;
6) сауда объектісін күзету және көтерме сатып алу-сату жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.49. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезінде, жасалған сату-сатып алу шарттары бойынша есеп айырысуды қолма қол ақшасыз тәртіппен жүзеге асыруға жол беріледі.
Көтерме сауданы жүзеге асыру кезінде көтерме саудаға қатысушылармен (тауардың меншік иелерімен) келісім бойынша аукциондық және конкурстық сауда-саттықтарға жол беріледі.
2-параграф. Бөлшек сауданы жүзеге асыру тәртібі
50. Бөлшек сауданы жүзеге асыратын сатушы, Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында шектеу белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауарды сатып алуға жүгінетін әрбір адамға тауарды өткізеді.
Алкоголь өнімін және (немесе) темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды сатушыда сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда, сатушы:
1) жеке басын куәландыратын құжатты (оның ішінде шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжатты) ұсынуды талап етеді;
2) егер жеке басын куәландыратын құжат (оның ішінде шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжат) ұсынылмаған жағдайда, алкоголь өнімін және (немесе) темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды сатудан бас тартады.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.08.2020 № 175-НҚ (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.50-1. Бөлшек сауда стационарлық, стационарлық емес сауда объектілері және сауда базарлары арқылы жүзеге асырылады.
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын айқындаған кезде олардың нақты орналасу орны, бағытының схемасы, алатын алаңы, бір жылдан кем емес және бес жылдан аспайтын сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) ескерілеген қызмет саласы көрсетіледі.
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын бөлу кәсіпкерлік субъектілердің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады және жергілікті атқарушы органдар оны конкурстық негізде өткізеді. Конкурс, өтінімдер қабылдау шарттарын, бөлінетін орындар санын, орналасқан орнын, бағыттарын, бөлінетін алаңды, орналасу кезеңін жергілікті атқарушы органдар өздерінің ресми сайттарында конкурс өткізгенге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жариялайды.
Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес тәртібі осы Қағидалардың 54-тармағына сәйкес реттелетін желілік маркетинг, қоғамдық таратушылар, почта арқылы немесе басқа да тәсілдермен сату жолымен сауда орындарынан тыс бөлшек сауданы қоспағанда, бөлшек сауданы жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындардан тыс жүзеге асыруға жол берілмейді.
Ескерту. 50-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.51. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта өзгеше белгіленбесе, не тауардың табиғатынан өзгеше туындамаса, бөлшек сауда кезінде тауардың әр бірлігі оралады, буылады.
52. Тауарларды сатылатын орындарында шығарып қою, олардың үлгілерін көрсету немесе сатылатын тауарлар туралы мәліметтер беру (сипаттау, каталогтар, фотосуреттер тағы сол сияқты), сатушы тиісті тауарлардың сатуға арналмағанын анық айқындаған жағдайларды қоспағанда, бағаларының немесе сатып алу-сату шартының басқа да елеулі жағдайларының көрсетілгеніне қарамастан, жария оферта болып танылады.
53. Егер заңнамалық актілерде немесе бөлшек сауда сатып алу-сату шартында, оның ішінде сатып алушы қосылатын формулярлардың немесе өзге де стандартты нысандардың шарттарында өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға кассалық немесе тауарлық чекті немесе тауар төлемін растайтын өзге де құжатты берген сәтінен бастап бөлшек саудада сатып алу-сату шарты лайықты нысанда жасалған болып саналады.
54. Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, пошта арқылы және басқа да тәсілдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 136-НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27114 болып тіркелген) бекітілген Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, пошта арқылы және басқа да тәсілдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидаларына сәйкес реттеледі.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 274-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.55. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы 14-бабаның 2-тармағына сәйкес эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын:
1) стационарлық емес үй-жайларда;
2) мөлдір ораммен буып-түйілмеген күйінде;
3) білім беру ұйымдарының, балалар мекемелерінің, ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) үй-жайларында және аумақтарында;
4) жасы он сегізге толмаған адамдарға бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.
56. "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңның 9-бабынның 2-тармағына сәйкес діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 89 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15432 болып тіркелген) "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықтың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған стационарлық үй-жай болу сауда жасайтын, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілген, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдау, сақтау және сатуға дайындайтын бөлмелері бар күрделі стационарлық ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасқан оның бір бөлігі.
Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 3-Параграф. Қоғамдық тамақтану объектілерінің саудасын жүзеге
асыру тәртібі
57. Ішкі сауда субъектілері өз өнімін, сондай-ақ басқа да азық-түлік тауарларын өндіру, қайта өңдеу, өткізу және тұтынуды ұйымдастыру және қоғамдық тамақтану өнімдерін тұтынуды ұйымдастыру мен қызметтер көрсету үшін мүліктік кешенді - мейрамхананы, дәмхананы, асхананы, барды пайдаланады.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.58. Ішкі сауда субъектілері, осы Қағидалардың 35-тармағының екінші бөлігінде көрсетілгеннен басқа жағдайларда, өз қызметін қоғамдық тамақтану объектісінің сауда залдарында да, олардың шегінен тыс жерлерде де жүзеге асырады.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.59. Қоғамдық тамақтандыру объектілері сатып алушыға осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген ақпараттан басқа мынадай:
1) ұсынылатын өнімнің ассортименті туралы;
2) ұсынылатын қызметтердің тізбесі туралы мәліметтерді береді.
60. Сатып алушылардың белгілі бір контингентіне (жұмысшылар, оқушылар, жолаушылар, көрермендер және басқалар) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері жанында олар орналасқан ұйымдардың, мекемелердің әкімшіліктерімен келісім бойынша жұмыс режиміне, сабақтар кестесіне, ұшақтардың, пойыздардың, автобустардың қозғалыс кестесіне сәйкес жұмыс режимін белгілейді.
61. Қоғамдық тамақтану объектілерінде келушілерге ас мәзірін ұсыну қоғамдық тамақтанудың ас мәзірінде көрсетілген тауарларын бөлшек саудада сатып алу-сату шартын жасасуына ұсыныс (жария оферта) болып танылады.
4-Параграф. Аукциондық сауда
62. Тауарларды сату жөніндегі аукциондық сауда жария сауда жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Бастапқы баға сатушының сауда-саттық жүргізу сәтіндегі тауардың нарықтық құнын негізге ала отырып айқындалуы мүмкін, түпкілікті бағаны сатып алушы сауда-саттық жүргізудің нәтижесінде айқындайды.
63. Аукцион нысанындағы конкурстық сауда-саттық кезінде сатушы аукционның затын ол үшін неғұрлым жоғары баға ұсынатын аукционға қатысушыға сатуға міндеттенеді.
64. Аукциондық сауда сатушы жариялаған бағаны арттыру немесе кеміту шарттарында өткізіледі.
65. Бағаны төмендетумен өткізілетін аукциондық сауда шарттарында ол бойынша заттың сатылуы мүмкін болатын ең төменгі баға көзделеді.
66. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген тауарлардан басқа кез келген жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік аукциондық сауданың нысанасы болуы мүмкін.
67. Аукциондық саудаға қатысу туралы ұсыныстар аукцион заты, оны өткізудің орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтиды.
68. Аукциондық саудаға қатысуға тілек білдірген тұлғалар, егер оны өткізудің шарттарында өзгеше белгіленбесе, аукцион басталғанға дейін, аукционға қатысуға өтініш береді және кепілдік жарнаның белгіленген сомасын енгізеді.
69. Егер аукционның затын оған қатысушылардың бір де бірі сатып алуға тілек білдірмесе, бастапқы бағаның төмендетілелді немесе аукционның заты осы аукционнан алып тасталады.
70. Ең жоғары баға ұсынған аукционға қатысушымен оған аукционның затын сату туралы шарт жасалады.
71. Егер сатып алушы осы Қағидалардың 70-тармағында көзделген шартты жасасудан бас тартса, ол аукционға қатысушылардың қатарынан шығарылады, оған кепілдік жарна қайтарылмайды, ал сатып алушы сатып алудан бас тартқан аукционның заты сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.
72. Аукционға қатысқан, бірақ онда ештеңе сатып алмаған тұлғаларға кепілдік жарнаның сомасы қайтарылады.
Аукционның қандай да бір затын сатып алған тұлғаларға кепілдік жарнаның сомасы төленген сатып алу бағасының есебіне есептеледі.
5-Параграф. Комиссиялық сауда
73. Егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында меншік құқығы ауысуының өзге тәртібі көзделмеген болса, комиссияға қабылданған тауарға меншік құқығы ол сатып алушыға сатылған (берілген) сәтке дейін комитентте қалады.
74. Комиссионер комитенттің алдында өзіндегі комитент сату үшін берген тауардың жоғалғаны, жетпегені немесе бүлінгені үшін жауап береді.
75. Комиссионер мен комитент арасындағы келісім бойынша комиссияға жаңа және бұрын тұтынылған азық-түлік емес тауарлар қабылданады.
Бұрын тұтынылған тауарларды комиссияға қабылдау осы Қағидалардың 158 және 161-тармақтарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.76. Комиссияға тауарларды қабылдау комиссионер және комитент қол қоятын мынадай мәліметтер:
1) шарттың нөмірі, оның жасалған күні;
2) тараптардың атауы және деректемелері (мекенжайы, есеп айырысу шоты, комиссионердің телефоны, паспорт деректері немесе комитенттің жеке басып куәландыратын өзге де құжаттың деректері);
3) тауардың атауы, бұрын тұтынылған тауардың фотобейнесі;
4) бұрын тұтынылған тауардың тозу деңгейі және кемшіліктері;
5) тауардың бағасы;
6) комиссиялық сыйақының мөлшері және төлеу тәртібі;
7) тауарды комиссияға қабылдау шарттары;
8) тауарға арзандату жүргізудің тәртібі мен мөлшері;
9) тауарды арзандатқанға дейінгі және кейінгі өткізудің мерзімдері;
10) комиссионер сатпаған тауарды комитентке қайтарудың шарттары мен тәртібі;
11) комиссионер мен комитент арасында есеп айырысу шарттары мен тәртібі; егер тараптардың келісімі бойынша бұл шығыстар өтелуге жатса, комиссияға қабылданған тауарды сақтау бойынша комиссионердің шығыстарын төлеу мөлшері қамтылатын жазбаша нысандағы комиссия шартын жасау жолымен ресімделеді.
Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.77. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Жол жүрісі туралы" Заңының 10-бабының 24-1 тармағына белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жататын отандық та, шетелдік те өндірістің автомобильдері, мотоциклдері және мототехниканың басқа да түрлері (бұдан әрі - көлік құралдары деп аталады), оларға нөмірлік агрегаттар көлік құралдарына және олардың агрегаттарына меншік құқығын, сатуға байланысты олар есептен шығарылғандығын куәландыратын құжаттар болған жағдайда комиссияға қабылданады.
78. Қымбат бағалы металдардан және қымбат бағалы тастардан жасалған бұйымдар осы Қағидадалар көзделген оларға қойылатын талаптарға сәйкес комиссияға қабылданады.
79. Комиссияға осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген тауарлар, сондай-ақ үй жағдайларында аурулардың алдын алу мен емдеуге арналған тауарлар; жеке гигиена заттары; парфюмерлік-косметикалық тауарлар;полимерлік материалдардан жасалған тамақ өнімдерімен жанасатын, соның ішінде бір рет пайдалануға арналған бұйымдар мен материалдар; түрмыстағы химия тауарлары; дәрілік заттар қабылданбайды.
80. Тауарды комиссияға қабылдау кезінде оған тауарлық жапсырма, ал ұсақ бұйымдарға (сағаттар, моншақтар, сәнді түйреуіштер және басқа да соған ұқсас бұйымдар) - тауарды қабылдау кезінде ресімделетін құжаттың нөмірі мен бағасы көрсетілген баға көрсеткіші бекітіледі.
Комиссияға қабылданған тауарлардың тізбесінде және тауарлық жапсырмада тауардың жай-күйін сипаттайтын мәліметтер көрсетіледі (жаңа, бұрын тұтынуда болған, тозу дәрежесі, негізгі тауарлық белгілері, тауардың кемшіліктері).
Комиссияға қабылданған көлік құралдарына қатысты бұл мәліметтерге көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, маркасы, моделі, атауы (түрі), шығарылған жылы, двигателінің, шассиінің (рамасының), кузовының (тіркемесінің), "транзит" тіркеу белгісінің нөмірлері, кузовының (кабинаның) түсі, спидометр деректері бойынша жүрілгені, көлік құралыпаспортының сериясы және нөмірі енгізіледі, ал Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген көлік құралына қатысты оның Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес кедендік ресімделгенін растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
Комиссияға қабылданған тауарлардың тізбесі мен тауарлық жапсырмаға комиссионер және комитент қол қояды.
81. Комиссионер комитентке оның келісімімен қосымша қызметтер (тауарды үйде қабылдау және бағалау, ірі көлемді тауарды комитенттен сауда объектісіне жеткізу бойынша және басқа) ұсынуы мүмкін.
82. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 877-бабына сәйкес комитент комиссионерге берген тапсырманың кез келген уақытта күшін жоюға құқылы. Бұл орайда комиссионердің тапсырманың күшін жоюдан шеккен залалдары жалпы негіздерде өтеледі.
Тапсырманың күші жойылған жағдайда комитент тапсырманың күші жойылған кезден бастап бір айдың ішінде, егер шартта өзге мерзім белгіленбесе, комиссионердегі мүлікке билік етуге міндетті.
Егер комитент бұл міндетті орындамаса, комиссионер не мүлікті сақтау үшін өткізуге, не оны комитент үшін неғұрлым тиімді бағамен сатуға құқылы.
Комиссиялық тапсырманы орындау жөніндегі шығындардың орнын толтыру Азаматтық кодекстің 876-бабына сәйкес орындалады.
83. Тауардың бағасы комиссионер мен комитенттің келісімімен айқындалады.
84. Комитент комиссионерге комиссиялық сыйақы төлейді, оның мөлшері тараптардың келісімімен айқындалады.
Егер шартта сыйақы мөлшері немесе оны төлеудің тәртібі көзделмеген болса және сыйақы мөлшерін шарттың талаптарына сүйеніп айқындау мүмкін болмаса, сыйақы комиссия шартын орындағаннан кейін әдетте осыған ұқсас қызметтер үшін салыстырмалы жағдайлар кезінде алынатын мөлшерде төленеді.
85. Комиссияға қабылданған тауар демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, оны қабылдағаннан кейін келесі күннен кешіктірмей сатуға түседі.
Тұрақсыздық төлемі тараптардың келісімімен бекітіледі.
86. Қабылданған тапсырманы комиссионер комитенттің нұсқауларына сәйкес, ал шартта мұндай нұсқаулар болмаған жағдайда - комитент үшін неғұрлым тиімді шарттарда, іскерлік айналымының дәстүрлеріне немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындайды.
87. Комиссионер, егер іс жағдаяттары бойынша бұл комитенттің мүддесі үшін қажет болса және комиссионер комитентке алдын ала сұрау сала алмаса не өз сұрау салуына ақылға қонымды мерзімде жауап ала алмаса комитент нұсқауынан ауытқуы мүмкін. Комиссионер жол берілген ауытқулар туралы,хабарлау мүмкін болған кезде, комитентті хабардар етеді.
Комитент комиссионерге алдын ала сұрау салусыз оның нұсқауларынан ауытқу мүмкіндігін беруі мүмкін. Мұндай жағдайда комиссионер, егер комиссия шартында өзгеше көзделмесе, жол берілген ауытқулар туралы ақылға қонымды мерзімде комитентті хабардар етеді.
Мүлікті комитентпен келіскен бағадан төмен сатқан комиссионер, егер ол мүлікті келісілген бағамен сатуға мүмкіндік болмағанын және неғұрлым төмен бағамен сату бұдан да көп залалдан сақтағанын, сондай-ақ оның нұсқауларынан ауытқуға комитенттің алдын ала келісімін алуға мүмкіндігі болмағанын дәлелдей алмаса, комитентке айырманы өтеуге міндетті.
Егер комиссионер мүлікті комитентпен келісілгеннен жоғары бағамен сатып алса, мұндай затты қабылдағысы келмейтін комитент үшінші тұлғамен мәміле жасалғандығы туралы хабар алған бойда бұл жөнінде комиссионерге кешіктірмей мәлімдеуге міндетті. Олай болмаған жағдайда комитент сатып алынған затты қабылдады деп танылады.
Егер комиссионер баға айырмасын өз есебіне алатынын хабарласа, комитенттің өзі үшін жасалған мәміледен бас тартуға құқығы жоқ.
88. Оны комиссияға қабылдау кезінде анықталмаған және сатып алушыға сатуға (беруге) дейін айқындалмаған кемшілігі бар жаңа тауар, егер кемшіліктер комиссионердің кінәсі бойынша туындағаны дәлелденбесе, комиссионердің тауарды сақтау жөніндегі шығыстары төленбестен сатуданалынады және комитентке қайтарылады.
Тараптардың келісімі бойынша бұл тауарды пайдаланудың өзге тәртібі айқындалуы мүмкін.
89. Кепілдік мерзімі бар тауарды сату кезінде, егер ол мерзім өтіп кетпесе, сатып алушыға комитенттен алынған кепілдік талоны, техникалық паспорты, сервистік кітапша немесе оны алмастыратын сатып алушының қалған кепілдік мерзімін пайдалану мүмкіндігін растайтын өзге де құжат беріледі.
90. Комиссияға қабылданған тауарларды арзандатудың тәртібі мен мөлшері комиссия шартын жасасу кезінде комиссионермен және комитентпен келісіледі.
Шақырту туралы комитентті хабардар ету тәсілі және оның келу мерзімі тараптардың келісімімен айқындалады.
Комитент арзандатудан бас тартқан жағдайда, егер ол шартта көзделсе, комиссионерге оны сақтау жөніндегі шығыстарды өтей отырып, тауар оған қайтарылады.
Тауарға бағалау жүргізу шартқа қоса берілетін комиссияға қабылданған тауарлардың тізбесінде, тауар жапсырмасында немесе баға көрсеткішінде көрсетіледі.
91. Комиссионер комитенттің көрсеткенінен де неғұрлым тиімді шарттарда мәміле жасаған жағдайда, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, қосымша пайда комитент пенкомиссионердің арасында тең бөлінеді.
92. Сатылған тауар үшін комитент комиссионеріне ақша төлеу мерзімі және тәртібі тараптардың келісімімен бекітіледі.
Сатылған тауар үшін ақша төлеу, сондай-ақ комиссияға қабылданған, бірақ сатылмаған тауарды қайтару комитент комиссия шартының жасалғанын растайтын құжатты, паспортты немесе комитенттің жеке басын куәландыратын өзге де құжатты ұсынғаннан кейін жүргізіледі.
93. Комитент уәкілеттік берген тұлғаға сатылған тауар үшін ақша төлеуді, сондай-ақ сатылмаған тауарды қайтаруды комиссионер белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат және комиссия шартының жасалғанын растайтын құжат ұсынылғаннан кейін жүргізуі мүмкін.
94. Егер тараптардың келісімінде өзге мерзім белгіленбесе, сатылған тауар үшін комитентке ақша төленген не оған сатылмаған тауар қайтарылған күннен бастап отыз күннің ішінде комитенттің комиссия шартының тиісті дәрежеде орындалмауымен байланысты талаптары комиссионерге ұсынылуы мүмкін.
6-Параграф. Тапсырыстар бойынша жасалатын сауда
95. Тапсырыстар бойынша жасалатын сауда сатушының жарнама және тауарлар туралы ақпарат таратудың өзге де тәсілдері негізінде мәліметтер беру жолымен жүзеге асырылады.
96. Тауарларды тапсырыс бойынша сату жиынтық (стандарттық) сәлемдемелермен де жүзеге асырылады. Жиынтық (стандарттық) сәлемдемелер әр түрлі мақсаттағы тауарлар жиынтықтарын қамтиды.
97. Тапсырыстар бойынша сауда ішкі сауда субъектілерінің тікелей сатып алушыдан көшпелі сауда орындарында, телефон немесе пошта тапсырысы арқылы тапсырыстар беруі және (немесе) қабылдауы арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.98. Тапсырысты қабылдау және орындау жөніндегі қызметтердің бағасы, ақы төлеу тәртібі, жеткізу мерзімі шартпен айқындалады.
Тапсырыс беруші шарттың талаптары бұзылмастан орындалған тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс беруші тауарды тапсырыс берушіге дейін және кері қарай тасымалдау жөніндегі қызметтің құнын өтейді.
7-Параграф. Шекара маңындағы сауда
99. Шекара маңындағы сауданы Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағы мен шектес мемлекеттің тиісті шекара маңы аумағындағы жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
100. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртібі "Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы сәуірдегі № 272 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру ережесімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, шектес мемлекеттер ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалған шарттарға сәйкес айқындалады.
8-Параграф. Көшпелі сауда
101. Көшпелі сауда тиісті аумақта жоқ тауарларға тұтынушылық қажеттілікті қанағаттандыру үшін не осы аумақта сауда объектілері болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
102. Ішкі сауда субъектілері көшпелі сауданы жергілікті атқарушы органдар белгілеген арнайы бөлінген орындарда және (немесес) бағыттарда жүзеге асырады.
Ішкі сауда субъектісі сауданы бекітілген бағыт бойынша оның кез келген жерінде жүзеге асырады.
Көшпелі сауда автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) жүзеге асырылады.
Көшпелі сауданы жүзеге асыру кезінде ішкі сауда субъектілері осы Қағидалардың нормаларын басшылыққа алады.
Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-Параграф. Көрме-жәрмеңкелік сауда
103. Көрме-жәрмеңкелік сауда орталық атқарушы органдардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің немесе жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ішкі сауда субъектілерінің нарық конъюнктурасын зерделеу, тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастыруға жәрдемдесу, шарттар жасасу және жаңа сауда байланыстарын орнату мақсатында көрмелер және жәрмеңкелер ұйымдастыруы арқылы жүзеге асырылады. Көрме-жәрмеңкелік сауда тауарлардың үлгілерін көрсетумен байланысты.
Ішкі сауда субъектілері қоғамдық орындарда көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізуді тиісті аумақтың жергілікті атқарушы органымен өткізу уақытын және орнын келісу арқылы жүзеге асырады.
Көрме-жәрмеңкелік сауданы жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілері өз қызметінде осы Қағидалардың нормаларын басшылыққа алады.
Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104. Шартта белгіленген жағдайларда және мерзімде қайта әкелуге жататын тауарды көрме-жәрмеңкелік сауданы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкету 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексіне сәйкес реттеледі.
Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 196-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104-1. Жәрмеңкелер:
1) стационарлық емес сауда объектілерінде;
2) стационарлық сауда объектілерінде өткізіледі.
Ескерту. 9-Параграф 104-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104-2. Жәрмеңкені ұйымдастырушы жәрмеңкелерді ұйымдастыруды жүзеге асырады, оның ішінде:
1) жәрмеңкеге қатысуға және тауарлар сату (жұмыстар орындау, қызметтер көрсету) үшін орындарды түрлері бойынша топтастырып, жәрмеңкеге қатысушыларға ұсынуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
2) мүгедек адамдардың жәрмеңкеге кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді;
3) жәрмеңкенің жұмыс режимін айқындайды;
4) жәрмеңке жұмысының барлық уақыты ішінде жәрмеңке алаңында жәрмеңке өткізуге жауапты адамды айқындайды;
5) жәрмеңкедегі сауда орындарын, оның ішінде отандық тауар өндірушілер мен мүгедек адамдарға сауда орындарын басымдықпен беруді ұсынады;
6) тауарларды сату, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету шарттарын, оның ішінде қажетті жабдықтар мен мүкәммал тізбесін, бақылау тәртібін айқындайды, жәрмеңкеге қатысушылардың назарына жеткізеді;
7) жәрмеңкеге қатысушылардың жәрмеңкеде тауарларды сатуды (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) ұйымдастыру шарттарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 9-Параграф 104-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104-3. Тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) бойынша жәрмеңкені ұйымдастыру өзіне:
1) жәрмеңкеге қатысушыларды сауда орнымен қамтамасыз ету, сауда басталар алдында оны монтаждау және ол аяқталғаннан кейін бөлшектеу;
2) жәрмеңке жұмысы кезеңінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және өртке қарсы шараларды қамтамасыз ету;
4) жәрмеңке алаңын жинау, қоқыс пен биологиялық қалдықтарды шығару, жәрмеңке алаңында биодәретханаларды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды қамтиды.
Ескерту. 9-Параграф 104-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104-4. Жәрмеңке өткізу үшін тазалау мүмкіндігі бар жайлы орындар пайдаланылады.
Ескерту. 9-Параграф 104-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104-5. Жәрмеңке аумағы ыңғайлы кіреберіспен және жаяу жүргіншілердің өтуіне кедергі келтірмейтін автокөліктің тұрағымен, кіру қалтасымен қамтамасыз етілген.
Ескерту. 9-Параграф 104-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104-6. Алаңда қоқыс пен биологиялық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер, орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелері бар санитариялық тораптарға қолжетімділік болмаған жағдайда, биодәретханалар орнатылады.
Ескерту. 9-Параграф 104-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104-7. Жәрмеңке алаңы жәрмеңке ұйымдастырушысы көрсетілген маңдайшамен ресімделеді:
1) мемлекеттік билік органдар, жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, мекенжайы, сондай-ақ жәрмеңкенің атауы және жұмыс режимі;
2) жеке кәсіпкер үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, сондай-ақ жәрмеңкенің атауы және жұмыс режимі көрсетіледі.
Ескерту. 9-Параграф 104-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104-8. Тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үшін жәрмеңке алаңында шығарылатын сөрелер, бірыңғай үлгідегі павильондар (жиналмалы-бөлшектелмелі қаңқадағы керме тенттер түрінде) немесе өзге де тез тұрғызылатын құрылыстар, шатырлар конструкциялары ретінде сауда орындары ұйымдастырылады және (немесе) мамандандырылған автомобильдерді (автомагазиндерді, автодүкендерді, автотіркегіштерді), азық-түлік тауарларын сататын цистерналарды, көкөністерді сататын жүк көлік құралдарын орналастыруға арналған орындар көзделеді.
Ескерту. 9-Параграф 104-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104-9. Мамандандырылған автомобильдер Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелді) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, олар міндетті техникалық қарап-тексеруден өткен жағдайда көрсетілген көлік құралдары мемлекеттік тіркелген және механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіпте және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жәрмеңкелерде сауда жасау үшін пайдаланылады.
Тамақ өнімдерін тасымалдау және (немесе) сақтау жағдайларын ұстап тұру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, тасымалдаудың қажетті температурасын ұстап тұратын жабдықпен және ішкі беті тазартуға, жууға және дезинфекциялауға жататын жуу және уытты емес материалдардан жасалған, тамақ өнімдерін ластанудан, жануарлардың, оның ішінде кеміргіштер мен жәндіктердің енуінен қорғауды қамтамасыз ететін температуралық режимдердің тиісті параметрлерін өлшейтін бақылау құралдарымен жарақтандырылған көлік құралдары және (немесе) контейнерлер пайдаланылады.
Ескерту. 9-Параграф 104-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104-10. Сауда орнында өлшеу аспаптарын (өлшеу ыдыстарын, таразыларды, гір және басқа да аспаптарды), фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданған кезде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес оларды орнату үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Сатып алушының сатып алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өлшемін, салмағын тексеруді көзбен шолып қамтамасыз етуі үшін таразылар мен басқа да өлшеу аспаптары сауда орында орнатылады.
Ескерту. 9-Параграф 104-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 30.09.2022 № 386-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.104-11. Пайдаланылатын жабдық пен мүкәммалдың жарамды күйде болуы, электр және жарылыс қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша талаптарға сәйкестігі және өртке қарсы нормалар мен қағидаларды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес санитариялық қағидаларды сақтау қамтамасыз етіледі, сондай-ақ авариялық немесе төтенше жағдайлар кезінде адамдар мен материалдық құндылықтарды шұғыл эвакуациялау үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 9-Параграф 104-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104-12. Азық-түлік тауарларын сатуға арналған орындар азық-түлік емес тауарларды сатудан (жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден) бөлінеді.
Ескерту. 9-Параграф 104-12-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104-13. Балық пен етті шикі түрінде сатуға арналған орындар "тауарлық көршілестік" сақтала отырып, бір-бірінен және қалған азық-түлік тауарларын сату орындарынан бөлінеді.
Ескерту. 9-Параграф 104-13-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104-14. Жәрмеңкеде тауарларды сатуға (жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге) арналған, сатып алушылар көруге ыңғайлы жерде жәрмеңкеге қатысушының атауы мен тауарлардың шығарылған жері көрсетілген ақпараттық тақтайша орналастырылады.
Ескерту. 9-Параграф 104-14-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104-15. Жәрмеңке жұмысы аяқталған күні сауда объектілері бөлшектенеді және/немесе шығарылады, алаң босатылады және тиісті санитариялық-техникалық жай-күйге келтіріледі және тазартылады.
Ескерту. 9-Параграф 104-15-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.104-16. Жәрмеңкелерде сатуға жататын тауарлар топтарының тізбесі, сондай-ақ жәрмеңкелерде орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша жәрмеңкеге қатысушылар айқындайды.
Ескерту. 9-Параграф 104-16-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10-Параграф. Электрондық сауда
105. Электрондық коммерцияда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау сауданың басқа нысандарында ұсынылатын қорғау деңгейінен кем емес қамтамасыз етіледі.
Сатушы (оның ішінде интернет-дүкен) сатып алу-сату шартын жасаудың алдында тұтыншыға тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет), оның құны, төлеу рәсімі, жеткізу шарттары мен құны, кепілдік мерзімі (ол болған кезде) туралы ақпарат береді.
Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) құны және сатып алу шарттары туралы ақпарат, сондай-ақ тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, өнімнің тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер, сондай-ақ жекелеген аурулар кезінде оларды қолдануға қарсы айғақтар туралы мәліметтер "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңының 25-бабына сәйкес тұтынушыға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жеткізіледі.
Тауарды үлгісі және (немесе) сипаттамасы бойынша сату кезінде сатушы тұтынушыға үлгіге және (немесе) сипаттамаға сәйкес келетін тауарды береді.
Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.105-1. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) әлеуметтік желілер (оның ішінде интернет-дүкен) арқылы сатқан кезде сатушы тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сауда қызметін реттеу туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік желілер арқылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуге интернет-ресурстарға (электрондық сауда алаңы, интернет-дүкен, ақпараттық-жарнамалық сауда алаңы) сілтемені орналастыру кезінде жол беріледі, онда тауардың (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) негізгі тұтынушылық қасиеттері, сатушының атауы, оның заңды мекенжайы және Қазақстан Республикасының ұялы байланыс операторында тіркелген абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болады.
Бұрын тұтынылған тауарлар осы тараудың 9-параграфында көзделген талаптарды сақтай отырып интернет-ресурстар арқылы өткізуге жатады.
Сатушының өзі өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қоспағанда, оның тауарларға меншік құқығын растайтын құжаттардың болуы, оны сатушы электрондық коммерция мақсатында пайдаланатын интернет-ресурстар арқылы өткізу талабы болып табылады.
Ескерту. 10-параграф 105-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.106. Электрондық сауда алаңындағы электрондық коммерция инфрақұрылымы мыналарды:
1) электрондық саудаға қатысушыларға электрондық сауда алаңының ішкі талаптарын;
2) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) үшін банктік төлем жүйелерін пайдалана отырып, қолма-қол емес есеп айырысу мүмкіндігін;
3) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) жеткізуді ұйымдастыруды немесе үйлестіруді;
4) сатып алушы мен сатушы арасында, оның ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) қайтару кезінде өзара есеп айырысуды қамтамасыз етуді;
5) сатып алу-сату шарттарын, электрондық құжаттарымен немесе электрондық хабарламалармен алмасу арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен қызметтер көрсету туралы шарт жасасу мүмкіндігін ұсынуды;
6) сатып алушы мен сатушы арасында, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде туындаған дауларды шешуді ұйымдастыруды;
7) сатушылардың дөрекі іс-әрекеттеріне және (немесе) олардың заңсыз сауданың алдын алу үшін сатып алушыға жеткіліксіз ақпарат беруіне жол бермеу бойынша ішкі рәсімдерді;
8) электрондық сауданы және электрондық сауда алаңының жұмысын қорғалған байланыс арналары арқылы қамтамасыз ететін және сүйемелдейтін бағдарламалық қамтылымды, техникалық кешендерді қамтиды.
Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.106-1. Ақпараттық-жарнамалық сауда алаңының инфрақұрылымы мынадай:
1) сатушының сәйкестендірілген нөмірі бар өтінімді толтыру және Қазақстан Республикасының ұялы байланыс операторында тіркелген абоненттік нөмірді көрсету арқылы (қысқа мәтіндік хабарлама арқылы сатушыны сәйкестендіре отырып) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сипаттамасын, оның құнын дербес орналастыруына;
2) сатушыға және (немесе) оның тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) шағым жасауға;
3) сатушыға оның тауарының (жұмысының, көрсетілетін қызметінің) сипаттамасына не сатушыны және (немесе) оның тауарын (жұмысын, көрсетілетін қызметін) бағалауға немесе оған түсіндірме беруге (пікір қалдыруға) қатысты хабарлама жіберуге мүмкіндіктер беруді қамтиды.
Ескерту. 10-параграф 106-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.106-2. Электрондық сауда алаңының, электрондық коммерциядағы ақпараттық-жарнамалық сауда алаңы:
1) электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарламаларда болатын ақпаратты, оның ішінде коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жариялай алмайды;
2) егер олардың электрондық сауданың басқа қатысушыларымен жасасқан шартында немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, үшінші тұлғаларға электрондық құжаттарды, электрондық хабарламаларды немесе олардың көшірмелерін бере алмайды;
3) егер олардың электрондық сауданың басқа қатысушылармен жасасқан шартында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттардың немесе электрондық хабарламалардың мазмұнын не оларды пайдалану тәртібін өзгерте алмайды;
4) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасына сәйкес жарнамалауға тыйым салынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпаратты орналастыра алмайды.
Ескерту. 10-параграф 106-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.107. Өз атынан электрондық форматта оферта жіберетін сатушы электрондық сауданы жүзеге асырған кезде:
1) офертаға шарттың елеулі талаптарын қосады немесе оларды айқындау тәртібін көрсетеді;
2) шарт жасасу тәртібі туралы ақпарат береді;
3) Кодексте айқындалған тәртіпте шот-фактура жазып береді, сондай-ақ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелерін ұсынады.
Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.107-1. Салық салынатын объектілерді және салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын есепке алу құжаттамасын жасау, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді есептеу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-параграф 107-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.107-2. Электрондық коммерция мәмілелері бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының төлемдер мен ақша аударымдары туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-параграф 107-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11-Параграф. Тауарлардың биржалық саудасы
108. Биржалық сауда "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
109. Биржалар биржалық саудаға тікелей байланысты емес сауда, сауда- делдалдық және кез келген өзге де қызметті жүзеге асырмайды.
5-тарау. Тауарлардың жекелеген түрлерін сатуға қойылатын тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-Параграф. Азық-түлік тауарларын сатуға қойылатын тәртібі
110. Тауарлар олар сауда залына немесе өзге де сату орнына берілместен бұрын ыдыстан, орама және байлама материалдардан, металл тістемелерден босатылады.
Тауардың ластанған беті немесе бөліктері алынып тасталады. Сатушы сондай-ақ тауарлардың сапасына (сыртқы белгілері бойынша), тауарлардың осы Қағидалардың 14 және 111-тармақтарында көрсетілген қажетті құжаттамасы мен ақпаратының болуына тексеру жүргізеді.
111. Этикеткаларда, жапсырмаларда, қосымша парақтарында және орама материалдары мен бұйымдарда тамақ өнімдерінің түрлері ескеріле отырып, осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген ақпараттан басқа, мемлекеттік және орыс тілдерінде:
1) тамақ өнімінің атауы;
2) тамақ өнімінің құрамы;
3) тамақ өнімінің саны;
4) тамақ өнімін даярлау күні;
5) тамақ өнімін сақтау мерзімі;
6) өндіруші белгілеген тамақ өнімін сақтау шарттары көрсетіледі. Ескерту: өнімді бұзылудан сақтап тұрған, сапасы мен қауыпсіздігі ораманы ашқаннан кейін өзгеретін тамақ өнімдері үшін сондай-ақ орманы ашқаннан кейінгі сақтау талаптары көрсетіледі.
7) тамақ өнімдерін өндірушінің атауы мен мекенжайы немесе тамақ өнімдерін өндіруші жеке кәсіпкердің аты жөні тегі және мекенжайы, сондай-ақ өндірушімен уәкілеттелген тұлғаның атауы мен мекенжайы, импорттаушы мекеменің атауы мен мекенжайы немесе импорттаушы жеке кәсіпкердің аты жөні тегі және мекенжайы;
8) мінездеме және (немесе)қолдану бойынша шектеу, соның ішінде тамақ өнімдерін даярлау егерде осы мінездемелер мен шектеулерді қолдану қыйындатылған, немесе тұтынушылардың денсаулығын азардап тигізетін болса, олардың мүлкіне, тамақ өнімдерінің дәмдік ерекшеліктерінің жойылуына немесе азауына әкелсе;
9) тамақ өнімінің өнімдік құндылығының көрсеткіштері;
10) тамақ өнімінде гендік түрлендірілген организмдерді (бұдан әрі - ГТО) қолданумен алынған компоненттердің болуы туралы мәліметтер;
11) Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері - мемлекеттер нарығында өнімдердің айналым біріңғай белгісі.
112. Өлшемелі тауарларды сату алдында сатушы қаттаған және ораған жағдайда қатталатын тез бүлінетін тауарлардың көлемі сауданың бір күні ішінде олардың сатылатын көлемінен аспайды.
Қатталған тауарда оның атауы, салмағы, бір килограмының бағасы, салмақ құны, қатталған күні, жарамдылық мерзімі көрсетіледі.
113. Өлшемелі азық-түлік тауарлары сатып алушыға орама үшін қосымша ақы алынбастан оралған түрде беріледі.
Орама үшін сәйкестік (растау) баға рәсімінен өткен материалдар пайдаланылады.
114. Өлшеніп сатылатын азық-түлік тауарларының бағасы таза салмағы бойынша айқындалады.
115. Азық-түлік тауарларының саудасы орындарында азық-түлік емес жанама тауарлардың сатылуы және азық-түлік тауарларының сапасы мен қауіпсіздігін және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарда, стандарттарда белгіленген оларды сату жағдайларын нашарлатуға алып келмейтін және тауар көршілігі қағидаты ескерілуі тиіс қоғамдық тамақтан қызметінің көрсетілуіне жол беріледі.
116. Сауда объектілеріне сату үшін түскен жануарлардан алынған өнімдер мен шикізат мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жатады және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларында зертханалық талдауға жатады.
2-Параграф. Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сатуға
қойылатын тәртібі
117. Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сатумен айналысатын Ішкі сауда субъектілері өз қызметінде осы Қағидаларды, нормативтік-техникалық құжаттарды, техникалық регламенттер мен "Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне, кондитерлік бұйымдарды өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын басшылыққа алады., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-83 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24077 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № ҚР ДСМ-36 бұйрығымен бекітілген "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24077 болып нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23856 болып тіркелген) "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 274-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.118. Барлық меншік нысанындағы сауда желілерінде нан-тоқаш өнімдерін сату мамандандырылған және фирмалық нан-тоқаш және кондитерлік дүкендерде, азық-түлік дүкендерінің нан-тоқаш бөлімдерінде жүргізіледі.
119. Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің әрбір партиясымен өнімнің пештен шыққан уақыты көрсетіле отырып, тауарлық-көліктік жүк құжаты, сондай-ақ сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттар қоса беріледі.
120. Өзіне өзі қызмет көрсететін дүкендер сатып алушылардың нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді таңдауы үшін нан және нан-тоқаш өнімдері орналасқан жабдықтың әр қума метрінде екіданадан кем емес есепте металл қысқыштармен, қасықшалармен, күрекшелермен жабдықталады.
121. Сатып алушылардың тілегі бойынша 0,4 килограмм және одан көп салмақтағы даналап сатылатын нан-тоқаш өнімдерін (орамадағы бұйымдардан басқа) 2-4 тең бөліктері кесуге рұқсат етіледі.
122. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.02.2023 № 75-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.123. Сапасыз нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер сатылған жағдайда нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер саудасы жөніндегі объектінің қызметкерлері сатып алушының талабы бойынша оларды сапалысына алмастырады.
3-Параграф. Тоқыма, трикотаж, тігін және тері-жүн тауарлары мен
аяқ киімдерді сатуға қойылатын тәртібі
124. Тоқыма тауарлары (маталар және мата емес материалдар мен олардан жасалатын бұйымдар), трикотаж бұйымдары, тігін тауарлары (киім, іш киім, бас киімдер), тері жүннен жасалған бұйымдар мен аяқ киімдер сауда залына берілерден бұрын мыналарды:
1) тауарды орамынан шығаруды, сорттауды және қарауды;
2) тауар сапасын (сыртқы белгілері бойынша) және осы Қағидалардың тармағында көрсетілген қажетті ақпараттың болуын тексеруді;
3) қажет болған жағдайда бұйымдарды тазалауды және үтіктеу мен оларды ұсақ жөндеуді қамтитын сату алдындағы дайындықтан өтеді.
125. Сату үшін ұсынылатын тауарлар түрлері, модельдері, мөлшерлері, ұзындығы бойынша топтастырылады және сауда залына қойылады. Сауда ерекшеліктері ескеріле отырып, сауда залындасатып алушыға өзіне қажетті тауарды таңдау және сатып алу мүмкіндігін беретін сатуға ұсынылатын тауарлардың үлгілері қойылады.
Ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған трикотаж, тігін, тері-жүн тауарлары мен аяқ киімдер сауда залында жеке орналастырылады.
Маталар түрлері және олар жасалған талшықтар бойынша, тері-жүн тауарлары - тері-жүннің түрлері бойынша топтастырылады.
Матаның әрбір үлгісі олар жасалған талшықтардың пайыздық құрамы туралы ақпаратпен, ал тері-жүннен жасалған бұйымдар - тері-жүннің түрі туралы ақпаратпен де қамтамасыз етіледі.
126. Тауарларда өзінің атауы, артикулы, бағасы, мөлшері (киім, ішкиім және басқа да тігін бұйымдары, аяқ киім, бас киім үшін) және ұзындығы (киім мен іш киім үшін) көрсетілген ілме жапсырмалар болады.
127. Сатушы сатып алушыға тігін, сырт трикотаж бұйымдарын, бас киімдерді, тері-жүн тауарлары мен аяқ киімдерді киіп көру үшін жағдай жасайды. Осы мақсат үшін сауда залдарын айналары бар киіп көру кабиналарымен жабдықтау, банкеткалармен немесе орындықтармен, сондай-ақ тұғырлармен жарақтау қажет.
128. Жүн маталарды, мақталы және басқа да ауыр маталарды сатып алушыға сату кезінде өлшеу сөреде (үстелде) бүктемелерсіз бос күйде жатқан матаның үстіне стандартты қатты метрді қоюжолымен жүргізіледі.
Жұқа және жеңіл маталар матаны қатты стандартты метрге тартпай босжанастыру арқылы сөреге тастап отыру жолымен өлшенеді.
Жүн маталар мен трикотаж жаймаларынан басқа маталардың барлық түрлерін өлшеу матаны бір жағына металдан жасалған таңбалы өлшеу лентасы орнатылған сөреге (үстелге) жаю жолымен де жүргізілуі мүмкін.
Сатып алынған затқа мата тіліктерін қосуға, сондай-ақ егер фабрикалық әрленуі бұзылса және таңба теріс жағынан қойылса, фабрикалық ілме жапсырмалары мен таңбалары (хаздық етектері) бармата тіліктерін сатуға жол берілмейді.
129. Сатушы маталарды, киімдерді, тері-жүн тауарлары мен аяқ киімдерді босату кезінде сатып алушының көзінше тауардың сапасын (сырттай қарау жолымен) өлшену дәлдігін (санын), сатып алынғанзаттың құнын есептеудің дұрыстығын тексереді.
130. Маталар, киімдер, тері-жүн тауарлары мен аяқ киімдер орама үшін қосымша төлем алынбастан, сатып алушыға оралған күйде беріледі.
4-Параграф. Тұрмыстық мақсаттағы техникалық жағынан күрделі
тауарларды сатуға қойылатын тәртібі
131. Тұрмыстық радиоэлектрондық аппаратура, байланыс құралдары, есептеу және көбейту техникасы, фото және киноаппаратура, сағаттар, музыкалық тауарлар, тұрмыстық электр құралдары,машиналар мен аспаптар, сондай-ақ тұрмыстық мақсаттағы техникалық жағынан күрделі басқа датауарлар сауда залына немесе сатып алынған затты беретін орынға берілгенге дейін мыналарды:
1) тауарды орамынан шығаруды, зауыттық майын, шаңды, қиқымдарды алуды;
2) тауарды қарауды, атап айтқанда бұйымның жиынтығын, сапасын, осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген қажетті ақпараттың болуын тексеруді;
3) қажет болған жағдайда бұйымды жинауды және оны жөндеуді қамтитын сату алдындағы дайындықтан өтеді.
132. Сатып алушының талабы бойынша сатушы оны тауардың құрылысымен және жұмысымен таныстырады, жиналған, техникалық жарамды күйінде көрсетеді. Ескерту: қосу үшін арнайы жабдықтыталап етпейтін тауарлар жұмыс істейтін күйінде көрсетіледі.
133. Сатушы немесе онымен жасасқан шарт бойынша сатушының функцияларын орындайтын ұйым стандарттардың немесе тауарға қоса берілетін техникалық құжаттаманың (техникалық паспорт,пайдалану жөніндегі нұсқаулық) талаптарына сәйкес сатып алушы өз бетімен жинауға және (немесе) қосуға рұқсат етілмейтін техникалық жағынан күрделі тауарды сатып алушының үйінде жинауды және(немесе) орнатуды (қосуды) жүзеге асырады.
Егер тауарды жинау және (немесе) орнату құны оның құнына енгізілген болса, онда көрсетілген жұмыстарды сатушы немесе тиісті ұйым тегін орындайды.
Егер тауарды жинау және (немесе) орнату құны оның құнына енгізілмеген болса, сатушы тауарды сату кезінде көрсетілген жұмыстарды орындайтын ұйымдар туралы ақпаратты сатып алушының назарына жеткізеді.
5-Параграф. Парфюмерлік-косметикалық тауарларды сатуға
қойылатын тәртібі
134. Парфюмерлік-косметикалық тауарлар сауда залына берілмес бұрын орамынан босатылады және қаралады, тауардың әрбір бірлігінің сапасы (сыртқы белгілері бойынша) және онда осы Қағидалардың 14 және 135-тармақтарында көрсетілген қажетті ақпараттың болуы тексеріледі.
135. Парфюмерлік-косметикалық тауарлар туралы ақпарат осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 799 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келеді.
136. Сатып алушыға тауардың қасиеттерімен (иісі, түсі, көлемі және т.б.) және ерекше сипаттамаларымен танысу мүмкіндігі беріледі.
137. Тауарларды целлофан орағышы немесе фирмалық лентасы бар орамамен беру кезінде сатып алушыға целлофанды немесе фирмалық лентаны алу жолымен орама ішін тексеру мүмкіндігі беріледі.
Тауардың аэрозольді орамасын сатуды жүзеге асыратын адам ораманың жұмыс істеуін сатып алушының көзінше тексереді.
6-Параграф. Жеңіл автомобильдерді, мототехникаларды,
тіркемелерді және нөмірлік агрегаттарды сатуға қойылатын тәртібі
138. Жеңіл автомобильдер, мотоциклдер және мототехниканың басқа да түрлері, тіркемелер мен олардың нөмірлік агрегаттары түрлері мен көлемдерін өнімді дайындаушылар айқындайтын сату алдындағы дайындықтан өтеді.
Сатушы тауардың сервистік кітапшасына немесе оны алмастыратын өзгеде құжатқа осындай дайындықтың өткізілгені туралы белгі қояды.
139. Сатуға ұсынылатын тауарды көрсету кезінде сатып алушының оған еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
140. Тауарды сатып алушыға беру кезінде дайындаушы белгілеген керек-жарақтар жиынтығы мен құжаттар, оның ішінде сервистік кітапша немесе оны алмастыратын өзге де құжат,сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен оларды мемлекеттік тіркеу үшін көлік құралына меншік құқығын куәландыратын құжат бір мезгілде беріледі.
141. Сатушы тауарды беру кезінде сатып алушының көзінше, тауарды сату алдындағы дайындық бойынша орындалған жұмыстардың сапасын, сондай-ақ оның жиынтығын тексереді.
7-Параграф. Бағалы металдардан және Бағалы тастардан жасалған
бұйымдарды сатуға қойылатын тәртібі
142. Бағалы металдардан және бағалы тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды, корпусы бағалы металдардан жасалған сағаттарды сату күзет элементтерімен немесе арнайы күзетпен жарақталған сауда объектілері арқылы жүзеге асырылады.
143. Бағалы металдардан немесе бағалы тастардан жасалған бұйымдар сауда залына берілгенге дейін:
1) бұйымды қарауды және ақауын тексеруді;
2) оларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сынамалық таңбасы (қазақстандық өндірістің бұйымдары үшін) мен шығарушы бедерлерінің болуын тексеруді;
3) пломбалар мен жапсырмалардың сақталуын;
4) мөлшерлер бойынша сұрыптауды қамтитын сату алдындағы дайындықтан өтеді.
144. Бағалы және жартылай бағалы металдар мен тастардан жасалатын зергерлік бұйымдар сатылатын сауда қызметі объектілері дәлдіктің тиісті түріндегі және сыныбындағы таразы құралдарымен жарақталады.
Бағалы және жартылай бағалы металдар мен тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды сату кезінде техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның уақытылы тексерілгені туралы куәлігі бар таразылар мен салмақ басқыштар пайдаланылады.
Алтын мен платинаны өлшеу 0,01 грамм, күміс 0,1 грамға дейінгі дәлдікпен жүргізіледі. Қымбат бағалы тастар 0,01 карат, жартылай бағалы тастар 0,01 грамға дейінгі, жасанды тастар 0,1 грамға дейінгі дәлдікпен өлшенеді.
Зергерлік және алтын бұйымдар 0,01 грамға, күміс бұйымдар 0,1 грамға дейінгі дәлдікпен өлшенеді.
Сатып алушының талабы бойынша оның көзінше бағалы металдардан және бағалы тастардан жасалған жапсырмасыз сатып алынған салмағы 1 килограммға дейінгі бұйымдарды өлшеу салмақты айқындаудың 0,01 грамнан аспайтын дәлсіздігі бар таразыларда және 1 килограмнан 10 килограмға дейінгілер айқындаудың 0,1 грамнан аспайтын дәлсіздігі бар таразыларда жүргізіледі.
145. Осы Қағидаларды көзделген алтыннан жасалған бұйымдарды сату тәртібі платина мен палладийден жасалған бұйымдарға толығымен қолданылады.
146. Қазақстан Республикасында өндірілген әрі оның аумағына әкелінген зергерлік бұйымдарды, үстелді жабдықтау, үй-жайды әсемдеу заттарын және қымбат бағалы металдардан (алтын,күміс, платина, палладий және олардың қорытпалары) жасалған басқа да бұйымдарды, бағалы тастары және інжу бар бұйымдарды, сондай-ақ жартылай бағалы, жасанды және синтетикалық тастардан жасалған көздері бар бағалы металдардан жасалған бұйымдарды сату бұлбұйымдарда дайындаушылардың таңба-бедерлері болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Қырланған бағалы табиғи тастарды және інжуді сату тек әрбір тасты немесе сатылатын тастардың жиынын бағалау (растау) туралы құжат болған жағдайда жүзеге асырылады.
147. Бағалы металдардан және бағалы тастардан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ қырланған бағалы табиғи тастарды сату кезінде жеке орама пайдаланылады.
148. Бұйымның маркалануының дұрыстығын, оның ішінде салмағын тексеру мақсатында жапсырманы алу талап етілетін жағдайда, кейіннен дүкеннің жапсырма-көшірмесінде актінің нөмірі көрсетіле отырып, акт жасалады. Дайындаушының жапсырмасы сақталады және бұйымға көшірмемен бірге ілінеді.
8-Параграф. Аудио, аудиожазба өнімдерін және электрондық
есептеу машиналары мен дерекқорларға арналған бағдарламаларды
сатуға қойылатын тәртібі
149. Материалдық тасығыштардың кез келген түріне жазылған аудиожазба туындыларының даналарын, фонограммаларды, электрондық есептеу машиналары мен дерекқорларға арналған бағдарламаларды сату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар сақтала отырып, аталған өнімді сататын сатушылар мен туындылар құқығын иеленушілердің арасындағы келісімнің негізінде жүргізіледі.
150. Сатушы аудиожазба туындыларына қатысты осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа сатып алушыға мынадай ақпаратты:
1) фильмнің, фильм түсірілген студияның атауы және оның шығарылған жылы;
2) негізгі фильмографиялық деректер (жанры, аннотациясы, сценарий авторы, режиссері, композиторы, басты ролді орындаушылар және т.б. туралы мәліметтер);
3) фильмнің ұзақтығы (минутпен);
4) туындыға авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленуші туралы мәліметтерді ұсынады.
Ескерту. 150-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 196-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.151. Сатушы фонограмма данасына қатысты осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа сатып алушыға мынадай ақпарат ұсынады:
1) материалдық тасығышта жазылған әрбір музыкалық туындының атауы;
2) музыкалық туындының ұзақтығы (минутпен);
3) музыканың және музыкалық туынды сөзінің авторлары туралы мәліметтер;
4) туындыға авторлық және (немесе) сабақтас құқық иесі туралы мәліметтер.
152. Сатушы электрондық есептеу машиналары мен деректер қорына арналған бағдарламаларға қатысты осы Қағиданың 14-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа сатып алушыға мынадай ақпарат ұсынады:
1) электрондық есептеу машиналары мен деректер қорына арналған бағдарламаның атауы;
2) жүйелік талаптар;
3) аннотация, жанр;
4) туындыға авторлық және (немесе) сабақтас құқық иесі туралы мәліметтер;
5) "қораптық нұсқаны", бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған лицензияны сатып алу жолымен сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану.
153. Материалдық тасығыштардың кез келген түріне жазылған аудиожазба туындыларының, фонограммалардың, электрондық есептеу машиналарына, деректер қорына арналған бағдарламалардың даналарын сатуға орамада және (немесе) жапсырмада шығыс деректері:
1) өнім даналарын дайындаушының (импорттаушының) атауы мен орналасқан жері;
2) өнімнің данасының саны;
3) авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленуші туралы мәліметтер болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
154. Аудио-, аудиокөрнекі шығармалардың, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және кез келген материалдық тасығыштардағы дерекқорлардың даналарын сату тек сауда үйлері мен дүкендерде жүзеге асырылады.
155. Эротикалық мазмұны бар тауарды тек арнайы дүкендерде сатуға рұқсат етіледі.
156. Көрермен аудиториясының жастық шектелімі бар өнім өнімнің орамасында көрсетілген жасқа жеткен адамдарға ғана көрсетіледі және сатылады.
157. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңның 40-1-бабына сәйкес баланы порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді, өзге де заттарды не материалдарды дайындауға, жарнамалауға, көпшілік алдында көрсетуге немесе таратуға тарту, сол сияқты оларды балаға сату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
9-параграф. Бұрын тұтынылған жекелеген азық-түлік емес тауарларды сату тәртібі
Ескерту. 5-тарау 9-параграфпен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 № 5/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
158. Бұрын тұтынылған азық-түлік емес тауарларының ішкі саудасын жүзеге асыруға комиссиялық сауданы жүзеге асыратын және орындарын және (немесе) бағыттарын осы Қағидалардың 50-1-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен стационарлық емес сауда объектілерінде және стационарлық сауда объектілерінде орналасқан ішкі сауда субъектілеріне сатушының тауарға меншік құқығын немесе сатушының тауарды комиссия шартына сәйкес өткізу құқығын растайтын құжат болған кезде ғана жол беріледі.
Бұрын тұтынылған тауарларды осы Параграфта көзделген талаптар сақталған кезде интернет-ресурстар арқылы (интернет-дүкен, электрондық сауда алаңы, ақпараттық-жарнамалық сауда алаңы) өткізуге және жарнамалауға болады.
159. Бұрын тұтынылған тауарлар бойынша меншік құқығын беруді ішкі сауда субъектісі мынадай ақпаратты көрсетумен жүзеге асырады:
1) бұрын тұтынылған тауардың атауы;
2) бұрын тұтынылған тауардың фотосуреті;
3) бұрын тұтынылған тауардың тозу деңгейі мен кемшіліктері мүмкіндігінше көрсетілген бұрын тұтынылған тауардың қысқаша сипаттамасы;
4) өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі және оның байланыс деректері, ал оны интернет-ресурс арқылы сатқан жағдайда – Казақстан Республикасының ұялы байланыс операторында тіркелген абоненттік нөмірді;
5) өтінімнің күні мен өтінім берушінің қолы, ал ол интернет-ресурс арқылы өткізілген жағдайда – өтінімнің (хабарландырудың) сәйкестендіру нөмірі.
160. Бұрын тұтынылған тауарларды қабылдау комиссиялық сауда талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
161. Ішкі сауда субъектілері бұрын тұтынылған тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алуды жүргізеді.
Есепке алу қағаз және (немесе) электрондық түрде жүргізіледі.
Ішкі сауда субъектісі ақпараттың тауарды өткізген күннен бастап кемінде бір жыл сақталуын қамтамасыз етеді.
Полиция органдарының сұрауы бойынша бұрын тұтынылған тауарларды өткізу туралы мәліметтер талап ету орны бойынша полиция органдарына беріледі.
162. Алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 № 533-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.163. Бұрын тұтынылған азық-түлік емес тауарлар өткізілетін тауар бөлімдері (секциялар, сөрелер) арнайы маңдайшамен немесе жазумен ("бұрын тұтынылған" немесе қысқаша "б/т") белгіленеді.
164. Егер тараптар өзгеше келіспеген болса, бұрын тұтынылған азық-түлік емес тауарлар айырбастауға немесе қайтаруға жатпайды."
165. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес тауардың тауарлық түрін, тұтынылушылық қасиеттерін, пломбаларын, заттаңбаларын, сатып алу фактісін растайтын құжаттары сақтала отырып күнтізбелік он төрт күн ішінде қайтарылған тиісті сападағы азық-түлік емес тауарлар бұрын тұтынылған тауарларға жатпайды.