Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 75-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 ақпанда № 31912 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Cауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 75-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі

      1. "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:

      8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1. Ішкі сауда субъектілері сауда желісі мен сауда базарларын ұйымдастыру арқылы тауарларды сатуды жүзеге асыру кезінде:

      1) отандық өндірістің тауарларын орналастыру орындарын арнайы белгімен немесе "Қазақстанда жасалған" деген жазумен белгілейді, оны жақын жерде орналасқан бірнеше отандық өндірістің тауарларына орнатуға болады;

      2) отандық өндірістің азық-түлік тауарларын сауда алаңында және (немесе) сөре кеңістігінде азық-түлік тауарлары орналасқан жалпы сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде отыз пайызын орналастырады;

      3) отандық өндірістің тауарларын көрінетін және физикалық қолжетімді орындарға (көз деңгейінде) орналастырады.

      Осы көлемде отандық өндірістің азық-түлік тауарлары болмаған жағдайда, қалған орындар және (немесе) сөре кеңістігі ішкі сауда субъектісінің қалауы бойынша басқа тауарлармен толтырылады.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сатушыда тауарларды сату орнында сақтау және өткізу кезінде олардың сапасы мен қауіпсіздігін сақтау жөніндегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ететін қажетті үй-жай, жабдықтар мен мүкәммал, сауданың тиісті шарттары болады.

      12. Егер сатушының қызметі рұқсат беру және хабарлама жасау тәртібін енгізумен байланысты болса, онда ол тиісті құжаттың нөмірі мен қолданылу мерзімі туралы, сондай-ақ оны мемлекеттік және орыс тілдерінде берген орган туралы ақпаратты ұсынады.

      Көрсетілген ақпарат сауда объектісіне кіре берісте және (немесе) тікелей сауда орнында тұтынушының танысуы үшін ыңғайлы жерде орналастырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сатушы (дайындаушы, орындаушы) "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес тауар (жұмыс, қызмет) туралы ақпарат береді.";

      122-тармақ алып тасталсын.

      2. "Cатуға тыйым салынған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 719 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12707 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сатуға тыйым салынған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарлар тізбесінде:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

қызыл түсті канты бар көк-жасыл түсті нысанды пилотка

      ";

      реттік нөмірлері 13 және 14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13.

қызыл түсті канты бар көк-жасыл түсті нысанды шалбар

14.

қызыл канты бар көк-жасыл түсті нысанды юбка

      ";

      реттік нөмірлері 43 және 44-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

43.

секпіл түсті канты бар қара көк түсті фурнитурасы бар пилотка

44.

қара түсті былғары үсті бар қара көк түсті фурнитурасы бар құлақшын

      ";

      реттік нөмірі 64-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

64.

эмблемасы немесе арнайы жапсырмалары немесе жазулары бар арнайы жауын өткізбейтін шекпен костюм

      ";

      3-бөлім:

      "

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өртке қарсы қызмет органдары (бұдан әрі – ІІМ) қызметкерлерінің нысанды киім заттары**

      ";

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киім заттары**

      ";

      реттік нөмірлері 65, 66, 67, 68 және 69-жолдар, мынадай редакцияда жазылсын:

      "

65.

мундир, көк толқын түсті ашық бір қаусырмалы (екі қаурсымалы) китель немесе қою қорғаныш түсті және балағы сыртқа жіберілетін шалбар, "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ", "ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ" жеңдегі белгілер, мемлекеттік елтаңбаның бейнесі бар алтын түсті түймелерімен және күрең түсті бұлығы бар шалбар (шалбардың бүйіріндегі тігісіне қапсырыла тігілген)

66.

сұр түстi тері жағалы қысқы қара өк түсті пальто, "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ", "ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ" жеңдегі белгілері, мемлекеттік елтаңбаның бейнесі бар алтын түсті түймелерімен

67.

қою қорғаныш түстi теріден немесе табиғи қаракөлден тігілген жағасы бар қара көк түстi қысқы пальто "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ", "ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ" жеңдегі белгілерімен

68.

қою қорғаныш жүн күртеше "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ", "ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ" жеңдегі белгілерімен

69.

қара көк түстi терiден немесе табиғи қаракөлден тігілген жағасы бар қою қорғаныш түстi қысқы бушлат "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ", "ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ" жеңдегі белгілерімен

      ";

      реттік нөмірлері 77, 78, 79, 80, 81 және 82-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

77.

эмблемасы, кокарды немесе арнайы белгілері бар ақ түсті қаптары бар күнқағарсыз фуражка

78.

белгіленген (қара жусан, көк, сұр және қара түсті) түсті (күнқағары бар) эмблемасы, кокарды, фурнитурасы немесе арнайы белгілері бар үлбірлі (қаракөлден) құлақшын

79.

белгіленген (қызыл, ақ, ашық жасыл, секпіл түсті, көкшіл және ашық көк) түсті канты бар белгіленген (теңіз толқыны түсті және қара жусан, көк, қара және ақ) түсті эмблемасы, кокарда, фурнитура немесе арнайы белгілері бар пилотка

80.

белгіленген (теңіз толқыны түсті және қара жусан, көк, қара және ақ) түсті эмблемасы, кокардасы, фурнитурасы немесе арнайы әйел белгілері бар қалпақ

81.

белгіленген (теңіз толқыны түсті және қара жусан, көк, қара, ашық жасыл және ақ) түсті эмблемасы, кокарда, фурнитура немесе арнайы белгілері бар кепи

82.

белгіленген (теңіз толқыны түсті және қара жусан, жасыл, ашық жасыл, көк, көкшіл, қара және ақ) түсті эмблемасы, кокарда, фурнитура немесе арнайы белгілері бар берет

      ";

      реттік нөмірлері 86, 87 және 88-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

86.

белгіленген (қара жусан түсті, көк және қара) түсті эмблемасы, нысанды түймелері немесе арнайы жапсырмалары немесе маусымдық жазулары бар плащ

87.

нысанды түймелері немесе арнайы жапсырмалары немесе далалық камуфляж түсті жазулары бар фуражка

88.

нысанды түймелері немесе арнайы жапсырмалары немесе жазулары бар далалық күртеше мен тікпішілген жазғы (жылытылған) камуфляж түсті шалбар

      ";

      реттік нөмірі 94-жол алынып тасталсын;

      реттік нөмірі 96-жол алынып тасталсын;

      реттік нөмірлері 125 және 126-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

125.

эмблемасы кокардасы, фурнитурасы немесе арнайы белгілері бар ақ түсті фуражка (әйелдерде берет),

126.

эмблемасы, кокардасы, фурнитурасы немесе арнайы белгілері бар қара көк түсті фуражка (әйелдерде берет)

      ";

      реттік нөмірі 131-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

131.

эмблемасы, нысанды түймелері немесе арнайы жапсырмалары немесе жазулары бар арнайы жеңсіз жамылғы

      ";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      Әрбір өнім "Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 348-НҚ бұйрығына сәйкес таңбаланады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22836 болып тіркелген).

      * "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің нысанды киімінің және арнайы мүліктерінің заттай нормалары" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылы 19 қарашадағы № 940 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12440 болып тіркелген).

      ** "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлік нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 196 бұйрығына сәйкес.

      *** "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығына cәйкес.

      **** "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 627 Жарлығына сәйкес.

      ***** "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 166 Жарлығына сәйкес.".

      3. "Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Cауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 136-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27114 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсілдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе шартпен өзгеше белгіленбесе, не тауардың табиғи орамы болмаса, тауардың әр бірлігі оралады, өлшеніп салынады.

      Сатушы сатып алушының сұрауы бойынша тауарды арнайы ыдысқа (себеттер, қораптар, полиэтилен сөмкелер және басқалар) орау бойынша өтеулі немесе өтеусіз негізде қосымша қызметтер көрсете алады, тапсырыстарды сыйлық ресімдеуде жинақтайды, тауарларды жеткізу бойынша қызметтер көрсетеді.";

      10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тапсырысты ресімдеу қағаз жеткізгіште екі данада немесе электрондық нысанда жүргізіледі, онда тапсырыстың реттік нөмірі, сатушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тауардың атауы, бағасы, саны, жалпы құны, қосымша көрсетілетін қызметтердің құны, тапсырысты қабылдау және орындау күні мен уақыты, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және жеткізу мекенжайы, сондай-ақ өзге де келісілген шарттар көрсетіледі.

      Қағаз тасығышта ресімдеу кезінде тапсырыс бланкісінің бірінші данасы сатып алушыға беріледі, екіншісі сатушыда сақталады. Егер алдын-ала төлем жасалса, тапсырыс формасында арнайы белгі қойылады.

      11. Тапсырысқа өзгерістер тек сатып алушының келісімі бойынша енгізіледі. Тапсырыс берілген тауарлардың қандай да бірінің болмауы туралы сатушы сатып алушыны хабардар етеді және төлем жасалған жағдайда оған тиісті ауыстыруды немесе қаражатты қайтаруды ұсынады.

      12. Тапсырысты сатып алушыға берген кезде қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда тауарды босатуға арналған жүкқұжат, ал қолма-қол тәсілмен төлем жүргізген кезде – бақылау-касса машинасының чегі (тауар чегі) беріледі.";

      16-тармақ алып тасталсын;

      18 және 19-тармақтар алып тасталсын.