Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 274-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 маусымда № 28660 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:

      2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) көтерме-тарату орталығы (бұдан әрі – КТО) – кейіннен ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарда көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу үшін, үлесі тауарлардың жалпы ассортиментінің кемінде алпыс пайызын құрайтын азық-түлік тауарларын және тізбесі көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарда айқындалатын азық-түлік емес тауарларды тиісінше сақтауға және (немесе) олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған қойма үй-жайларынан, павильондардан және (немесе) арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын көпфункционалды инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен.

      Көтерме-тарату орталықтары қызметтер кешенін көрсетеді немесе технологиялық мамандануына және көрсетілетін қызметтердің түріне қарай мынадай болып бөлінуі мүмкін:

      сақтайтын көтерме-тарату орталығы азық-түлік тауарларын сақтауға және олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған, көбінесе жеміс-көкөніс өнімдері мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру орындарына жақын орналасқан және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және ішкі сауда субъектілеріне кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, сақтау және бастапқы өңдеу (тазалау, калибрлеу, сұрыптау, орау және басқа да көрсетілетін қызметтер) бойынша қызметтер көрсететін жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;

      бөлетін көтерме-тарату орталығы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сақтауға және өткізу объектілері бойынша бөлуге және тауарларды сауда объектілерінің мұқтаждары үшін уақытша сақтау және тиеу (ауыстырып тиеу) жөніндегі логистикалық қызметтерді көрсетуге арналған жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;

      сауда көтерме-тарату орталығы сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және (немесе) ішкі сауда субъектілеріне сауда қызметін жүзеге асыру кезеңіне инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен шегіндегі сауда алаңдарына, сақтау орындарына және басқа да үй-жайларға кедергісіз қол жеткізуді ұсынатын жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;";

      28-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ -73 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23856 болып тіркелген) бекітілген "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкестігі, оның ішінде азық-түлік тауарларын және қоғамдық тамақтану өнімдерін сақтауға және өткізуге арналған үй-жайларда тамақ өнімдерінің реттелетін температурасы мен ылғалдылық режимдерінің болуы;";

      33-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "КТО азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерді өткізу нысандары:

      1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтерінен сервистік-дайындау орталықтарынан, дайындаушы ұйымдардан және (немесе) қайта өңдеу кәсіпорындарынан өнімді сатып алу;

      2) иесі (консигнант) өнімді кто қоймасына беретін консигнация шартын жасасуды қамтиды. Бұл ретте өнім оны өткізу сәтіне дейін консигнанттың меншігі болып қалады. Сатылмаған тауар консигнация шартының талаптарына сәйкес консигнантқа кері қайтарылады.";

      33-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-5. КТО функцияларына мыналар кіреді:

      КТО сақтау функциялары:

      1) жеміс-көкөніс өнімдерін қабылдау, сақтау және жөнелту;

      2) тауарды сату алдындағы дайындау: іріктеу, калибрлеу, алдын ала салқындату, топырақтан тазарту, буып-түю (клиенттің талабы бойынша);

      3) тауар партияларын жинақтау;

      4) өндірушілерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, дайындаушы ұйымдарға және қайта өңдеу кәсіпорындарына ақпараттық және консультациялық көмек көрсету;

      5) тиісті мамандардың, зертханалардың және мамандандырылған жабдықтардың болуы есебінен кто аумағында өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      6) тауарлар қозғалысының логистикасын қамтамасыз ету;

      7) өнімнің түсу арналары мен көздерінің қадағалануын қамтамасыз ету үшін өнімнің өндірісі мен қозғалысы бойынша талдау жүргізу (клиенттік базаны, өндірушілер базасын қалыптастыру);

      8) тауар партияларын шоғырландыру/қалыптастыру;

      9) қойма инфрақұрылымын жалға беру.

      КТО тарату функциялары:

      1) клиенттің тауарын қабылдау, сақтау және жөнелту;

      2) тауар партияларын шоғырландыру / қалыптастыру;

      3) тиісті мамандардың, зертханалардың және мамандандырылған жабдықтардың болуы есебінен кто аумағында өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      4) тауарлар қозғалысының логистикасын қамтамасыз ету;

      5) өнімнің түсу арналары мен көздерінің бақылануын қамтамасыз ету үшін өнімнің өндірісі мен қозғалысы бойынша талдау жүргізу (клиенттік базаны, өндірушілер базасын қалыптастыру).

      КТО сауда функциялары:

      1) азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сатып алу операцияларын жүргізу;

      2) қойма инфрақұрылымын жалға беру;

      3) зертханалардың болуы есебінен КТО аумағында сатылатын тауарлардың санитариялық нормативтерін қамтамасыз ету;

      4) өндірушілер үшін өткізу нарықтарының қолжетімділігін арттыру болып табылады;

      5) тиісті мамандардың, зертханалардың және мамандандырылған жабдықтардың болуы есебінен КТО аумағында сатылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      6) тауарлар қозғалысының логистикасын қамтамасыз ету;

      7) КТО-да сатылатын тауарлардың сапасын тексеруді және сертификаттауды қамтамасыз ету;

      8) өнімнің көтерме саудасы;

      9) өнімнің түсу арналары мен көздерінің қадағалануын қамтамасыз ету үшін өнімнің өндірісі мен қозғалысы бойынша талдау жүргізу (клиенттік базаны, өндірушілер базасын қалыптастыру);

      10) КТО-да өткізілетін өнімнің бағаларын күн сайын жинауды және оларды КТО-ның көрінетін орындары мен интернет-ресурстарында орналастыруды (бар болса) қамтиды.";

      35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Қоғамдық тамақтандыру объектілерін (мейрамханаларды, дәмханаларды, барларды, асханаларды) пайдалануға "рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес рұқсат құжаттары болған кезде жол беріледі.

      Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (мейрамханалардың, дәмханалардың, барлардың, асханалардың) жазғы алаңдарын тұрғын үй ғимараттарының бірінші қабаты терезелерінің астына және тротуарларға орналастыруға, сондай-ақ тамақ дайындау жөніндегі технологиялық жабдықты және дыбыс шығаратын аппаратураны орнатуға жол берілмейді.

      36. Қоғамдық тамақтандыру объектілері (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) ғимараттарының сәулет-жоспарлау шешімдері мен конструктивтік элементтері және пайдаланылатын техникалық жабдық сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға, сондай-ақ "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленген техникалық регламенттерге сәйкес келеді.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, пошта арқылы және басқа да тәсілдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 136-НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27114 болып тіркелген) бекітілген Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, пошта арқылы және басқа да тәсілдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидаларына сәйкес реттеледі.";

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сатумен айналысатын Ішкі сауда субъектілері өз қызметінде осы Қағидаларды, нормативтік-техникалық құжаттарды, техникалық регламенттер мен "Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне, кондитерлік бұйымдарды өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын басшылыққа алады., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-83 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24077 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № ҚР ДСМ-36 бұйрығымен бекітілген "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24077 болып нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ -73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23856 болып тіркелген) "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.".

      2. "Көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 222-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21456 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарда:

      2 тармақта:

      4), 5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) көтерме-тарату орталығы - кейіннен ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарда көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу үшін, үлесі тауарлардың жалпы ассортиментінің кемінде алпыс пайызын құрайтын азық-түлік тауарларын және тізбесі көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарда айқындалатын азық-түлік емес тауарларды тиісінше сақтауға және (немесе) олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған қойма үй-жайларынан, павильондардан және (немесе) арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын көпфункционалды инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешені.

      Көтерме-тарату орталықтары қызметтер кешенін көрсетеді немесе технологиялық мамандануына және көрсетілетін қызметтердің түріне қарай бөлінеді:

      сақтау көтерме-тарату орталығы азық-түлік тауарларын сақтауға және олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған, көбінесе жеміс-көкөніс өнімдері мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру орындарына жақын орналасқан және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және ішкі сауда субъектілеріне кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, сақтау және бастапқы өңдеу (тазалау, калибрлеу, сұрыптау, орау және басқа да көрсетілетін қызметтер) бойынша қызметтер көрсететін жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;

      тарату көтерме-тарату орталығы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сақтауға және өткізу объектілері бойынша бөлуге және тауарларды сауда объектілерінің мұқтаждары үшін уақытша сақтау және тиеу (ауыстырып тиеу) жөніндегі логистикалық қызметтерді көрсетуге арналған жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;

      сауда көтерме-тарату орталығы сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және (немесе) ішкі сауда субъектілеріне сауда қызметін жүзеге асыру кезеңіне инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен шегіндегі сауда алаңдарына, сақтау орындарына және басқа да үй-жайларға кедергісіз қол жеткізуді ұсынатын жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;

      5) кросс - докинг - тауарлар мен жүктерді қойма аймағында орналастырмай қабылдау/жөнелту және өткізу аймағы;

      6) қойма аймағы - тауарларды сақтау үшін жабдықталған қойма үй-жайлары орналасқан аймақ;

      7) сауда аймағы – көтерме және бөлшек саудаға, сондай-ақ сатып алушыларға қызмет көрсетуге және шарттар жасасуға және ақы төлеуге арналған аймақ;";

      3-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      6-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      7-тармақта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) көлік үшін кірме жолдардың болуы, бұл ретте, тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруға арналған кіру тобының (қақпасының) көлік құралын тиеу немесе түсіру кезінде температуралық тізбектің бұзылуын болдырмау мақсатында көлік құралының ғимаратқа тығыз жанасуы үшін теңестіру платформаларымен жарақтандырылған болуы;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) технологиялық мамандандыруда көзделген жағдайларда КТО өнімді жылдам және жылдам алды тоңазыту камералармен қосымша жабдықталады.".

      3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі