Көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды бекіту және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 222-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 қазанда № 21456 болып тіркелді.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:

      2-тармақтың 8), 12), 23), 49), 57) және 58) тармақшалары алып тасталсын;

      33-1 және 33-2-тармақтары алып тасталсын;

      33-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-3. КТО-да азық-түлік тауарларын іске асыруды өндірушілер, ауыл шаруашылығы кооперативтері, дайындау және қайта өңдеу кәсіпорындары жүзеге асырады.";

      33-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-5. КТО функцияларына:

      1) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, кооперативтердің, дайындаушы және қайта өңдеуші кәсіпорындардың өнімдерін қабылдау, орналастыру, сақтау және дайындау;

      2) тиісті мамандардың, зертханалардың және арнайы жабдықтардың болуы есебінен КТО аумағында іске асырылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      3) тауарлар қозғалысының логистикасын қамтамасыз ету;

      4) сатушыларды қазіргі заманға сай сауда технологияларына сәйкес сауда орнымен қамтамасыз ету;

      5) КТО-да сатылатын тауарлардың сапасын тексеруді және сертификаттауды қамтамасыз ету;

      6) өнімді сату алдындағы дайындау;

      7) тауар партияларын жинақтау;

      8) өнімнің көтерме саудасы;

      9) арналардың және өнім түсу көздерінің қадағалануын қамтамасыз ету үшін өнімнің өндірісі мен қозғалысы бойынша талдау жүргізу (клиенттік базаны, өндірушілер базасын қалыптастыру);

      10) өндірушілерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, дайындау ұйымдарына және қайта өңдеу кәсіпорындарына ақпараттық және консультациялық көмек;

      11) КТО-да іске асырылатын өнімнің бағаларын күн сайын жинау және оларды КТО интернет-ресурстарында (болған жағдайда) және көру үшін қолжетімді орындарда орналастыру кіреді.";

      33-7-тармақ алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы

      министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер

      министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау

      министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму

      министрі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 14 қазаны
№ 222-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында көтерме-тарату орталықтарына (бұдан әрі – КТО) қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы Талаптарда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімшілік аймақ – КТО әкімшілігі, қызмет көрсету объектілері (тамақтану пункттері, банк бөлімшелері, банк терминалдары), КТО байланысының серверлік тораптарын орналастыруға арналған үй-жайлар, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік, фитосанитариялық, санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыратын органдар, сауда және логистикалық компаниялардың кеңселері орналастырылатын әкімшілік ғимараттар және (немесе) үй-жайлар кешені орналасқан аймақ;

      2) бақылау аймағы – жабдықтармен жарақталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық және өзге де бақылау түрлерін жүргізуге арналған аймақ;

      3) кедендік бақылау аймағы – шегінде кедендік бақылау жүзеге асырылатын аймақ;

      4) көтерме-тарату орталығы - кейіннен ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарда көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу үшін, үлесі тауарлардың жалпы ассортиментінің кемінде алпыс пайызын құрайтын азық-түлік тауарларын және тізбесі көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарда айқындалатын азық-түлік емес тауарларды тиісінше сақтауға және (немесе) олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған қойма үй-жайларынан, павильондардан және (немесе) арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын көпфункционалды инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешені.

      Көтерме-тарату орталықтары қызметтер кешенін көрсетеді немесе технологиялық мамандануына және көрсетілетін қызметтердің түріне қарай бөлінеді:

      сақтау көтерме-тарату орталығы азық-түлік тауарларын сақтауға және олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған, көбінесе жеміс-көкөніс өнімдері мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру орындарына жақын орналасқан және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және ішкі сауда субъектілеріне кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, сақтау және бастапқы өңдеу (тазалау, калибрлеу, сұрыптау, орау және басқа да көрсетілетін қызметтер) бойынша қызметтер көрсететін жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;

      тарату көтерме-тарату орталығы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сақтауға және өткізу объектілері бойынша бөлуге және тауарларды сауда объектілерінің мұқтаждары үшін уақытша сақтау және тиеу (ауыстырып тиеу) жөніндегі логистикалық қызметтерді көрсетуге арналған жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;

      сауда көтерме-тарату орталығы сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және (немесе) ішкі сауда субъектілеріне сауда қызметін жүзеге асыру кезеңіне инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен шегіндегі сауда алаңдарына, сақтау орындарына және басқа да үй-жайларға кедергісіз қол жеткізуді ұсынатын жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;

      5) кросс - докинг - тауарлар мен жүктерді қойма аймағында орналастырмай қабылдау/жөнелту және өткізу аймағы;

      6) қойма аймағы - тауарларды сақтау үшін жабдықталған қойма үй-жайлары орналасқан аймақ;

      7) сауда аймағы – көтерме және бөлшек саудаға, сондай-ақ сатып алушыларға қызмет көрсетуге және шарттар жасасуға және ақы төлеуге арналған аймақ;

      8) сауда-көрме аймағы – тауарларды орналастыруға, көрсетуге арналған және пайдаланылатын жабдықтармен арнайы жарақталған аймақ;

      9) температуралық бокс – азық-түлік тауарларының әртүрлі түрін сақтауға арналған қажетті температуралық шарты бар үй-жай;

      10) терминалдық аймақ – көлікке тұрақ орындары бар жүк түсіру-тиеу операцияларын жүргізуге арналған аймақ;

      11) технологиялық аймақ – алдын ала өңдеуге, жууға, өңдеуге, кептіруге, құрғақ тазалауға, сұрыптауға, калибрлеуге, өлшеп-орауға, буып-түюге және (немесе) басқа да осыған ұқсас операцияларға арналған жабдықпен жарақталған аймақ.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 274-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. КТО қойылатын талаптар

      3. КТО мынадай негізгі аймақтардан тұрады:

      1) терминалдық;

      2) бақылау;

      3) қойма;

      4) алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 274-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5) технологиялық;

      6) әкімшілік.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 274-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. КТО үш түрге бөлінеді: сақтау, сауда және тарату.

      5. Осы Талаптардың 3-тармағында көрсетілген аймақтарға қосымша сауда жасауға маманданған КТО-да:

      1) кросс-докинг;

      2) температуралық бокс;

      3) сауда-көрме аймағы;

      4) сауда аймағы болуы қажет.

      Қажет болған жағдайда саудаға маманданған КТО-да кедендік бақылау аймақтары орналастырылады.

      6. Осы Талаптардың 3-тармағында көрсетілген аймақтарға қосымша таратуға маманданған КТО-да:

      1) кросс-докинг;

      2) сауда-көрме аймағы;

      3) алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 274-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 274-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. КТО техникалық жабдықталуы мынадай талаптарға сәйкес:

      1) қойма аймағы мен павильондардағы реттелетін температуралық режим;

      2) тауарларды тексеріп қарауға арналған орындардың, оның ішінде жасанды жарықпен жарақтандырылған және соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойы жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған көлік құралдарына арналған тереңдетілген тексеріп қарау пунктінің болуы;

      3) тиеу-түсіру техникасының, сертификатталған салмақ өлшеу жабдығының болуы;

      4) тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландырудың қазіргі заманғы құралдарының болуы;

      5) жүк автокөлігіне арналған қалқа рампаның болуы;

      6) тексеру алаңдарында, кіру және шығу жолдарында, көлік құралдарын қайта тиеу орындарында барынша қарқындылығы бар жарықтандыру;

      7) ғимараттарда, алаңдарда, сондай-ақ барлық периметрі бойынша орналастырылатын соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде деректерді сақтай отырып, нақты уақыт режимінде объектілерге (аумаққа) бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін бейнебақылау жүйесінің болуы;

      8) көлік үшін кірме жолдардың болуы, бұл ретте, тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруға арналған кіру тобының (қақпасының) көлік құралын тиеу немесе түсіру кезінде температуралық тізбектің бұзылуын болдырмау мақсатында көлік құралының ғимаратқа тығыз жанасуы үшін теңестіру платформаларымен жарақтандырылған болуы;

      9) үлкен жүк көлігін тұрақтандыруға және маневр жасауға арналған алаңдардың болуы;

      10) кіреберістері (шығу жолдары) және кірме жолдары бар қоршаумен іргелес аумақтан жабық барлық периметрі бойынша қатты жабыны бар аумақтың болуы;

      11) тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің болуы;

      12) өрт дабылы жүйесінің және автоматты өрт сөндіру жүйесінің, күзет дабылы жүйесінің болуы;

      13) электрмен жабдықтау жүйесін апаттық ажырату кезінде ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, жабдықтарды, электрмен жабдықтаудың техникалық бақылау құралдарын қамтамасыз етуге арналған резервтік электрмен жабдықтау жүйесінің болуы;

      14) технологиялық мамандандыруда көзделген жағдайларда КТО өнімді жылдам және жылдам алды тоңазыту камералармен қосымша жабдықталады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 274-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. КТО әкімшілігі жұмыс режимі, қол жеткізу тәртібі, ұсынылатын қызметтер тізбесі, үй-жайларды (сауда орындарын) жалға беру шарттары мен тәртібі, олардың сипаттамасы, ұсынылатын қызметтердің барлық түрлерінің тарифтері және оны КТО аумағында қолжетімді жерде және интернет-ресурста (бар болса) орналастыру көрсетілген КТО жұмыс регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.