"Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 386-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29922 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:

      28-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) сауда алаңы екі мың шаршы метрден астам стационарлық сауда объектілерінде сатып алушылар үшін жабдықталған қоғамдық дәретхана бөлмелерінің, мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі халықтың басқа да топтары үшін арнайы дәретханалардың болуы;";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Салынып жатқан және реконструкцияланып жатқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінде (мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін кресло- арбалардың өтуі үшін кіреберіс есіктердің жанында көлбеу пандустар, лифтілер, залдарда кресло - арбалардың бұрылуы үшін алаңдар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың қолданыстағы талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған дәретхана бөлмелері көзделеді.";

      104-10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "104-10. Сауда орнында өлшеу аспаптарын (өлшеу ыдыстарын, таразыларды, гір және басқа да аспаптарды), фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданған кезде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес оларды орнату үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі