"Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі сауда қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы |
М. Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
___________________Ә. Исекешев
2015 жылғы " "
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы минмсгрі
__________Б. Сұлтанов
2015 жылғы " "
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
___________ Қ. Қасымов
2015 жылғы " "
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген |
Ішкі сауда қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Ішкі сауда қағидалары (бұдан әрі -Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында ішкі сауда қызметін жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
Ішкі сауда түрлеріне көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, аукциондық, комиссиондық, шекара маңы, көшпелі, көрме-жәрмеңкелік, электрондық, биржалық сауда және тапсырыстар бойынша сауда жатады
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автодүкен – сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;
2) автомат – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
3) арзандатылған тауар – кемшілігі болуға не кемшілігін жоюға байланысты төмендетілген бағамен сатылатын тауар;
4) асхана – тұтынушылар өзіне өзі қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру объектісі;
5) аутлет орталық – бірыңғай тауар белгісімен немесе маркасымен айналымға шығарылған өнімдер шығарылымының алдыңғы маусымының азық-түлік емес тауарлар тобын (киім-кешек, аяқ киім, аксессуарлар және басқалар) елеулі жеңілдіктермен (жиырмадан тоқсан пайызға дейін) сатуды жүзеге асыратын сауда объектісі;
6) әмбебап сауда базары – әртүрлі сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда орындары бар сауда базары;
7) әкімшілік аймақ – әкімшілік үй-жайлар кешені орналаскан аймақтардан турады
8) баға – тауар құнының ақшалай мәні;
9) бар – тұтынушыларға тіске басар, десерттер және кондитерлік бұйымдар, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;
10) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
11) бақылау аймақ – ветеринариялық, санитариялық және фитосанитариялық, санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңмамасына сәйкес өзгеде бақылау түрлерін жүргізуге арналған аймақ;
12) гипермаркет – бірнеше сауда қызметі субъектілерінен тұратын, он бес мың және одан көп атау (бірлік) мамандандырылған немесе аралас тауарлар ассортиментін сататын, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңның болуын көздейтін көтерме-бөлшек сауда объектісі;
13) дәмхана – тұтынушыларға міндетті түрде даяшылар қызмет көрсететін, дайындалуы күрделі емес тағамдар ассортиментін, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;
14) дискаунт орталық – бір немесе бірнеше сауда қызметі субъектілерінен тұратын, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, күнделікті сұраныстағы нарықтық бағадан төмен бағадағы азық-түлік тауарларының (тез бұзылатын азық-түлікті есепке алмағанда, жалпы көлемінің жиырма пайызы негізінен "құрғақ" немесе терең мұздатылған өнім) және азық-түлік емес (жалпы көлемнің сексен пайызы тамақ өнімдері, тұрмыстық химия және қосалқы тауарлар) тауарлардың шағын ассортименті бар эконом сыныбының сауда объектісі;
15) дүкен – сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етілген тұрақты жұмыс істейтін күрделi құрылыс немесе оның бөлiгi;
16) дүңгiршек – бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалданатын құрылыс;
17) жаппай сату – сапасы сай тауарларды төмендетілген бағамен өткізу;
18) жарамдылық мерзiмi – аяқталғаннан кейiн тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңi;
19) жылжымалы сөре – арнайы бөлінген орынға орнатылатын, сауда орнын білдіретін, тасымалданатын уақытша құрылыс (конструкция);
20) заманауи форматтағы сауда объектілері – бір мыңнан бастап және одан астам атау (бірлік) мамандандырылған немесе аралас тауар ассортименті бар, қызмет көрсетудің дәстүрлі әдісімен бірге өзіне-өзі қызмет көрсету әдісі бойынша, сондай-ақ қосымша сауда қызметтерін көрсете отырып жұмыс істейтін, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтары (құрылғылары) бар, еңбек өнімділігі және сауда алаңының шаршы метрінен сатылымы жоғары, аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қоюға арналған алаң көзделген, ауданы кемінде 500 шаршы метр стационарлық сауда объектілері;
21) қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнімдерін өндірумен, өңдеумен, өткізумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет;
22) қойма аймақ – жүктерді түсіруге, сақтауға және жинақтауға арналған құралдармен жабдықталған аймақ;
23) көтерме сауда – кейiн сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзге де пайдаланумен байланысты емес, өзге мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
24) көтерме-тарату орталығы (бұдан әрі – КТО) – азық-түлік тауарларымен, кейін оларды ішкі және сыртқы нарықтарда көтерме өткізу үшін арналған сатып алу, дайындау, тарату және өзге операцияларды орындау үшін және қойма құрылыстарынан, сауда павильондарынан және арнайы жабдықтары бар басқа да үй-жайлардан тұратын көп функционалды сауда-логистикалық инфрақұрылым кешені";
25) көшпелi сауда – мамандандырылған немесе сауда үшін арнайы жабдықталған көлiк құралдарын, сондай-ақ тек көлік құралымен жиынтықта қолданылатын мобильді жабдықты пайдалана отырып, тұрақты жұмыс iстейтiн бөлшек сауда желiсiнен тыс жүзеге асырылатын бөлшек сауда;
26) мамандандырылған дүкен – ассортиментінің көлемі жиырма бес мың атауға (бірлікке) дейін болатын, ассортименті мамандандырылған (құрылыс материалдары, тұрмыстық электротехника, жиһаз және тағы басқа), сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңның болуын көздейтін сауда қызметінің көптеген субъектілерін білдіретін сауда объектісі;
27) мамандандырылған сауда базары – тауарлардың жалпы санынан жетпіс және одан астам пайызы бір сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары;
28) мейрамхана – тұтынушыларға міндетті түрде даяшылар қызмет көрсететін, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды, сондай-ақ алкоголь өнімдерін қоса алғанда, дайындалуы күрделі тағамдар ассортиментін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;
29) сақтау мерзімі – белгіленген сақтау шарттары сақталған кезде тауар (жұмыс нәтижесі) осы уақыт кезеңі ішінде тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарда және (немесе) шартта көрсетілген сапасын, қасиеттерін және сипаттамаларын сақтайтын уақыт кезеңі;
30) сатушы – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сауда қызметiн жүзеге асырушы сауда қызметiнiң субъектiсі;
31) сатып алушы – тауар сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
32) сауда ақпараты – тауар, дайындаушы, сатушы туралы заңнамада көзделген және тауармен және оны пайдаланудың ерекшелiктерiмен таныстыру мақсатында сатушыға жеткiзiлетiн мәліметтер;
33) сауда базары – аумақта шаруашылық қызметін көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін сауда қызметіне арналған оқшауланған мүліктік кешен;
34) сауда желiсi – сауда базарларын қоспағанда, ортақ басқарудағы және бiрыңғай коммерциялық белгi және дараландырудың өзге де құралдары аясында пайдаланылатын екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;
35) сауда залы – сатып алушыларға қызмет көрсетуге арналған сауда үй-жайының арнайы жабдықталған негiзгi бөлiгi;
36) сауда қызметi – жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;
37) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган – сауда саясатын қалыптастыратын, сауда қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
38) сауда мүкәммалы – сауда қызметін жүзеге асыруға арналған заттар;
39) сауда объектiсi – арнайы құрал-жабдықпен жарақтандырылған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
40) сауда-ойын-сауық орталығы – көптеген сауда қызметі субъектілерінен тұратын, жиырма бес мың және одан көп атау (бірлік) аралас ассортименті бар тауарларды, қоғамдық тамақтану және ойын-сауық қызметтерін (фуд-корт, сұлулық салондары, ойын-сауық, кино театрлар) қамтитын, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, өз аумағы шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңы бар сауда объектісі;
41) сауда орталығы – көптеген сауда қызметі субъектілерінен тұратын, аралас ассортименті бар, ассортиментінің көлемі жиырма бес мың және одан көп атау (бірлік) сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, өз аумағы шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңы бар сауда объектісі;
42) сауда орны – тауарларды сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын құрал-жабдықпен жарақтандырылған орын;
43) сауда үйi – тұтас объекті ретінде басқарылатын сауда объектiлерiнiң және қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң жиынтығы орналасқан сауда қызметiне арналған және сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық және қойма үй-жайларымен және өзінің аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қоюға арналған алаңмен қамтамасыз етiлген күрделi стационарлық құрылыс;
44) стационарлық емес сауда объектісі – инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық қосу) болуына немесе болмауына қарамастан, жермен берік байланыстырылмаған уақытша құрылыс немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
45) стационарлық сауда объектісі – жермен берік байланыстырылған және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылған (технологиялық қосу) ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай), құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгі (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй жай);
46) сауда-көрме аймақ – тауарларды көрсетуге, жайып қоюға, сондай-ақ сатып алушыларға қызмет көрсетуге және шарттар жасасу мен төлемдер жүргізуге арналған, арнайы құралдармен жабдықталған аймақ;
47) супермаркет – бірнеше сауда қызметі субъектілерінен тұратын, бір мыңнан бастап жиырма бес мыңға дейінгі атау (бірлік) мамандандырылған немесе аралас тауар ассортиментін сататын, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңның болуын көздейтін сауда объектісі;
48) тауар – айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбастауға арналған кез келген еңбек өнiмi;
49) тауар ассортименті – қандай болмасын бiр немесе жиынтық белгiлері бойынша бiрiктiрiлген тауарлар жиыны;
50) тауарлар сыныбы – функционалдық мақсаты ұқсас тауарлар жиынтығы;
51) тауарлардың көршiлестігі – шикi және дайын өнiмдердi бiрге сақтауды және өткізуді, олардың ластануын және тауардың сапасына әсер ететiн бөгде иiстердiң сiңуiн болдырмайтын шарттар;
52) тауар сапасы – тауардың тұтынушылық сипаттарының жиынтығы;
53) тез бұзылатын тамақ өнiмдерi – қатаң регламенттелетiн мерзімдерде тасымалдаудың, сақтаудың және сатудың арнайы шарттарын талап ететiн тамақ өнiмдерi;
54) терминалды аймақ – жүкті түсіру және тиеу операцияларын өткізуге арналған аймақ, сондай-ақ жүкті және жеңіл автомобилдер үшін тұрақ орындары;
55) технологиялық аймақ – жууға, өңдеуге, кептіруге, құрғақ тазылауға, сұрыптауға, калибрлеуге, өлшеп орауға, орауға және/немесе ұқсас операцияларды орындауға арналған аймақ;
56) үй жанындағы дүкен – негізінен сауда желілеріне кірмейтін бес мың атауға (бірлікке) дейін күнделікті қажетті тауарлардың мамандандырылған ассортиментін өткізетін бір сауда қызметі субъектісін білдіретін сауда объектісі;
57) шағынмаркет – он мыңға дейінгі атау (бірлік) мамандандырылған немесе аралас тауар ассортиментін сататын бірнеше сауда қызметі субъектілерін білдіретін, автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңы болуын көздейтін сауда объектісі;
58) шатыр (павильон) – құрастырмалы-жинамалы конструкциялардан, бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қорына арналған алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын жеңiл құрастырылатын құрылыс;
59) iшкі сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметі;
60) электрондық сауда – ақпараттық техногиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Ішкі сауда қызметінің субъектілері мен объектілері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Ішкі сауда қызметінің субъектілеріне Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сауда қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар жатады.
4. Сауда объектілері мен қоғамдық тамақтану объектілері ішкі сауда объектілеріне жатады.
5. Стационарлық сауда объектілері мыналарға бөлінеді:
1-санат – сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын өткізетін, он мың шаршы метрден астам сауда алаңы бар сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтиды;
2-санат – сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды өткізуге мамандандырылған, екі мың шаршы метрден он мың шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтиды;
3-санат – сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген бес жүз шаршы метрден екі мың шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтиды;
4-санат – сауда, қосалқы үй-жайлармен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, бір жүз шаршы метрден бес жүз шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтиды;
5-санат - сауда үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, бір жүз шаршы метрден аз сауда алаңы бар сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтиды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-1. Стационарлық сауда объектілерінің түрлері:
КТО;
сауда ойын-сауық орталығы;
сауда орталығы;
гипермаркет;
аутлет орталығы;
дискаунт орталығы;
мамандандырылған дүкен;
сауда үйі;
супермаркет;
шағынмаркет;
үйдің жанындағы дүкен.";
Бұл ретте осы Қағидалардың 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес болған жағдайда КТО, сауда ойын-сауық орталығы, сауда орталығы, гипермаркет, аутлет орталығы, дискаунт орталығы, супермаркет заманауи форматтағы сауда объектілеріне жатады.
Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.08.2018 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.5-2. Стационарлық емес сауда объектілерінің түрлері:
автодүкен;
автомат;
дүңгiршек;
жылжымалы сөре;
шатыр (павильон).
Ескертпе. Тауарларды автодүкендер арқылы өткізген кезде арнайы көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуға тиіс.
Ескерту. 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Сауда объектісінің мамандануы Заңының 10-бабының 4-тармағына сәйкес айқындайды.
7. Қоғамдық тамақтану объектілері мынадай санаттарға бөлінеді:
1) асхана;
2) бар;
3) дәмхана;
4) мейрамхана.
3-тарау. Сауда қызметін жүзеге асыруға қойылатын тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-Параграф. Сауда қызметін жүзеге асыруға қойылатын жалпы тәртібі
8. Сатуға ұсынылатын тауарлардың тізбесін, көрсетілетін қызметтердің тізбесін, сондай-ақ қызмет көрсету нысандарын сатушы өз қызметінің бейіні мен мамандануына сәйкес дербес айқындайды.
9. 3аңының 32-бабының 3-тармағында көрсетілген тауарларды сатуға жол берілмейді.
10. Сатушы сауда қызметін жүзеге асыру кезінде бейіні мен мамандануды ескере отырып, ұлттық стандарттарда, Санитариялық қағидаларда және гигиеналық нормативтерде, өртке қарсы қағидаларда және басқа нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарды сақтайды.
11. Сатушы тауарларды сату орындарында сақтау мен өткізу кезінде стандарттардың талаптарына сәйкес олардың сапасы мен қауіпсіздігін сақтауды, сауданың тиісті жағдайларын, сондай-ақ сатып алушының тауарларды дұрыс таңдауы мүмкіндігін қамтамасыз ететін қажетті үй-жайға, жабдық пен мүкаммалға ие болады.
12. Егер сатушы жүзеге асыратын қызмет лицензиялауға жататын болса, онда ол лицензияның нөмірі мен қолданылу мерзімі туралы, сондай-ақ оны берген орган туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты ұсынады.
Көрсетілген ақпарат сатып алушының танысуы үшін ыңғайлы орындарда орналастырылады.
Егер сауда сатушының тұрақты тұратын жерінен тыс жүзеге асырылса, осыған ұқсас ақпарат сауда уақытша үй-жайларда, жәрмеңкелерде, лотоктардан және басқа да жағдайларда жүзеге асырылған кезде де сатып алушылардың назарына жеткізіледі.
13. Сатушы (өндіруші, орындаушы) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (өндіруші, орындаушы) туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты ұсынады.
14. "Тұтынушылырдың құқығын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдығы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 25- бабының 1-тармағына сәйкес тауар туралы ақпарат міндетті түрде:
1) тауардың атауын;
2) егер тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) техникалық регламенттерде, стандарттарда және өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестікті растау рәсіміне жататын жағдайда сәйкестік белгісін;
3) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, азық-түліктің тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ кейбір аурулар мен сырқаттану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен оларды қолдануға болмайтындығы туралы мәліметтерді;
4) тауардың құрамын, тамақ өнімдеріне қатысты - олардың құрамы, оның ішінде тамақ қоспаларының, азықтардың және азық қоспаларының, тамаққа биологиялық активті қоспалардың болуы және олардың мөлшері туралы мәліметтерді;
5) егер мұндай компоненттегі генетикалық түрлендірілген организмдер құрамы 0,9 және одан да көп процентті құрайтын болса, тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген организмдерден тұратын немесе соларды қолдана отырып алынған компоненттердің болуы туралы мәліметтерді қамтуға тиіс. Бұл ретте, оралған өнімдерде - заттаңбада, оралмаған өнімдерде - өнім туралы нұсқамаларда "Осы өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген организмдер бар" деген сөздер жеке сөйлем ретінде көрсетілуге тиіс;
6) дайындаушының тауарлық белгісін;
7) тауарды шығарған елді;
8) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу құны мен шарттарын;
9) кепілді мерзімнің болуын немесе болмауын;
10) егер бұл тауарлардың ерекшелігіне байланысты талап етілсе, тамақ өнімдерін дайындау жөніндегі ұсынымдарды;
11) тауардың дайындалған күні мен орнын, қызмет ету мерзімін және (немесе) жарамдылық мерзімін және (немесе) сақтау мерзімін, егер тауарды сақтаудың талаптары тиісті тауарды сақтаудың әдеттегідей жағдайларынан ерекшеленетін не арнайы сақтау талаптарын қажет ететін болса, оларды сақтау талаптарын көрсетуді, сондай-ақ, егер тауар көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін болса немесе мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз болса, көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін тұтынушының қажетті іс-әрекеттері және мұндай іс-әрекеттерді орындамаған кездегі ықтимал салдарлар туралы мәліметтерді;
12) сатушының (дайындаушының, орындаушының) атауын (фирмалық атауын), орналасқан жерін (заңды мекенжайын), сатушы (дайындаушы) тұтынушыдан қойылған кінәларды қабылдауға уәкілеттік берген және тауарды жөндейтін әрі оған техникалық қызмет көрсететін дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің) орналасқан жерін;
13) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) массасының шамасын (нетто), көлемін, санын және (немесе) жиынтықталымын;
14) тауардың мақсаты туралы және тиімді әрі қауіпсіз қолданылу жағдайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұтынушыға ұсынылуы міндетті болып табылатын не тұтынушы мен сатушы (дайындаушы, орындаушы) арасында жасалған шартта көзделген өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.
Егер тұтынушы сатып алған тауар пайдалануда болса немесе онда кемшілік болса және (немесе) кемшілік жойылған болса, тұтынушыға ол туралы ақпарат беріледі.
Арзандатылған тауар сатылған жағдайда кемшіліктің болуы болса және (немесе) кемшіліктің жойылғаны туралы мәліметтер тауарды сатып алу (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатта бақылау (тауарлық) чегі не кіріс кассалық ордерге түбіртек, жыртпалы талонға түбіртек, тиісінше ресімделген техникалық паспорт, тауардың (жұмыстың, қызметтің) атауы, құны, сатып алу күні, сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы мәліметтерді қамтитын өзге де құжатта көрсетілуге тиіс.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2016 № 285 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Тауарларды сату кезінде сатушы тауарлардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растау туралы ақпаратты сатып алушының назарына жеткізеді және тұтынушыға оның талап етуі бойынша мына құжаттардың бірін ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 420 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11585 болып тіркелген) Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидаларымен көзделген тәртіпте берілген Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізілімінен үзінді немесе өнімнің (тауардың) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
2) дайындаушы немесе өнім беруші (сатушы) ресімдеген тауарға ілеспе құжаттар;
3) туындылар авторлық (лицензиялық) шарт бойынша қайта шығарылған жағдайда - шарттың көшірмесі.
2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттар дайындаушының (жеткізушінің, сатушының) деректемелері көрсетіле отырып, оның қолымен және мөрімен куәландырылады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Тауарларды сату кезінде сатып алушыға өз бетімен немесе сатушының көмегімен өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі туралы ақпаратпен танысуға мүмкіндік беріледі.
17. Сатушы сатып алушыға ұсынылатын тауарды қарау, сипаттарына тексеру жүргізу немесе, егер оған тауардың сипатына қарай тыйым салынбаса, оның жұмыс істеуін көруге мүмкіндік береді.
18. Сатып алушыға сатып алынатын тауарлардың сапасын, жиынтығын, шамасын, салмағын және бағасын, олардың ыңғайлылығын тексеру, сондай-ақ оларды қауіпсіз және дұрыс пайдалану жөнінде ақпарат алу мүмкіндігі беріледі.
Сатушы мұндай жағдайларда, оның ішінде көрсетілген сипаттамаларды өз бетімен тексеру үшін оған бақылау-өлшеу құралдарын ұсынады және қажет болған жағдайда оларды сараптамаға жіберуге ықпал етеді.
19. Сатушы сатылатын тауарларда тауардың атауын, оның сортын, тауардың салмағы немесе бірлігі үшін бағасын көрсете отырып, айқын ресімделген баға көрсеткіштерінің болуын қамтамасыз етеді.
20. Тауардың бағасын сауда қызметiнiң субъектiлерi дербес айқындайды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағалары Заңның 9-бабына сәйкес реттеледі.
Бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарына қойылған, көрсетілген құнына сәйкес тауарды сатушы (дайындаушы) сатады, ал тұтынушы сатып ала алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушы (дайындаушы, орындаушы) фото-, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың мүмкіндігін шектемейді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2016 № 285 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе сатушы мен сатып алушының арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, сатушының сатып алушыға кассалық немесе тауарлық чекті немесе тауарға ақы төленгендігін растайтын өзге де құжатты берген сәтінен бастап сатып алу-сату шарты тиісті нысанда жасалған болып саналады.
22. Сатушы сауда қызметін жүзеге асыру кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 90-бабымен көзделген тәртіппен және жағдайларда фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарын қолданады.
23. Сатушы сатып алушыға тауардың құнына енгізілуі мүмкін тауарларды сатумен байланысты қызметтерді ұсынады.
Бұл ретте сатып алушыға тауарды сату кезінде ұсынылатын қызметтерден бас тарту, сондай-ақ сатушыдан өзінің келісімінсіз ұсынылған қызметтер үшін төленген соманың қайтарылуын талап ету мүмкіндігі беріледі.
24. Сатушы бір тауарларды сатуды екінші тауарларды міндетті түрде сатып алуға немесе оларды сатуға байланысты міндетті қызметтер көрсетуге шарттаспайды.
25. Сатушы өз сипаты бойынша ыдысқа салуды және (немесе) орауды қажет етпейтін тауарды қоспағанда, сатып алушыға тауарды лайықты сапада ыдысқа салып және (немесе) ораммен, тауарға қатысты құжаттармен және керек-жарақтармен бірге белгілі бір жиында (тауарлар жиынтығы) және жиынтықта береді.
Берілетін тауардың сапасына, ыдысына және (немесе) орамына, оның жиынтықтығына, керек-жарақтары мен құжаттамасына, тауарлар жиынтығына, сондай-ақ тауарды жеткізу шарттарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
26. Тауарды сатып алушының оны белгілі бір мерзімде қабылдайтыны туралы шартпен сатқан жағдайда, сатушы тауарды осы мерзім ішінде басқа сатып алушыға сата алмайды.
Егер сатушы мен сатып алушының арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, сатушының келмеуін немесе шартта айқындалған мерзім ішінде тауарды қабылдау үшін өзге де қажетті әрекеттер жасамауын сатушы сатып алушының тауарды сатып алудан бас тартуы деп қарауы мүмкін.
27. Тауарды қайтарып беру немесе айырбастау тәртібі "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы мамырдағы Заңымен белгіленген.
2-параграф. Сауда объектілерінде қызметін жүзеге асыру
қойылатын тәртібі
28. Стационарлық сауда объектілерінің қызметін қамтамасыз ету үшін:
1) кіруге болатын ыңғайлы келу жолдарымен және жаяу жүргіншілер жолдарымен жабдықтау;
2) анықтамалық–ақпараттық көрсеткіштерінің болуы;
3) стационарлық сауда объектісіне іргеліс жатқан аумақты аббатандыру және тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыру;
4) дамыған көлік инфрақұрылымымен және жүк автокөлігін қоюға, маневр жасауына және орналастыруға ыңғайлы алаңдармен қамтамасыз етілуі қажет; стационарлық сауда объектілері автокөліктнің жүктерді түсіруі үшін тиеу-түсіру алаңдарымен немесе сырғыма баспалдақпен жабдықталады (5-санаттан басқа);
5) сәулет-жоспарлу шешімдері мен ғимараттардың құрылыс элементтері және стационарлық сауда объектілерінің және пайдаланылатын техникалық жабдықтардың құрылыс нормаларына және сәулет-жоспарлау шешімдері қағидаларына және конструктивтік элементтеріне сәйкес келтіру;
6) апаттық шығатын есіктерінің, сатыларының, апаттық жағдайдағы іс-қимылдар туралы нұсқаулықтарының, өрт қауіпін хабарлау жүйесі мен қорғану құралдарының, сондай-ақ сатып алушылардың әдеттегі уақытта және төтенше жағдайда еркін бағдарлануын қамтамасыз ететін ақпараттық көрсеткіштердің болуы;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15689 болып тіркелген) "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес болуы, оның ішінде қоғамдық тамақтанудың азық-түлік тауарларын және өнімдерін сататын сақтауға және сатуға арналған үй-жайлардағы температура мен ылғалдылық реттелетін режимдерінің болуы;
8) стационарлық сауда объектілерінің құрамында жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану өнімдерін өндіру (жартылай фабрикаттар, кулинариялық өнімдер, тоқаш кондитерлік заттар мен тағамдар) цехтары қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес болуы;
9) қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес болуы және қауіпсіздік техникасы талаптарына және сауда тоңазытқыш жабдықтарын дайындаушылардың пайдалану құжаттарына сәйкес қолданылуы;
10) қоғамдық тамақтанудың азық-түлік тауарларын және өнімдерін сататын стационарлық сауда объектілері қызметкерлерінің санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларына сәйкес медициналық тексеруден өтуі;
11) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға сауда қызметін көрсету үшін баспалдақтар, лифттер немесе пандустар бойынша орын ауыстыру мүмкіндігін және сауда залдары мен үй-жайларын пайдалануды қамтамасыз ететін ақпараттық көрсеткіштердің болуы;
12) көрсетілетін қызметтер мен сатылатын тауарлар туралы, оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қажетті және шынайы ақпаратпен көрнекті және қолжетімді түрде сатып алушыларды хабардар ету;
13) ұйымның фирмалық атауы, жұмыс режимі, орналасқан орны, заңды мекенжайы көрсетілген маңдайшаның болуы;
14) сауда алаңы екі мың шаршы метрден астам стационарлық сауда объектілерінде мүгедіктер мен қозғалу мүмкіндігі шектеулі басқа да халық топтарына арналған арнайы дәретханалары бар сатып алушылар үшін жабдықталған қоғамдық дәретхана бөлмелерінің болуы;
15) сауда объектілері әкімшіліктерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы "Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы" қаулысыны ескере отырып маңдайшаларға, витриналарға, жарнамалық материалдарға, көрмелік жабдықтар мен түрлі қалыптағы және тұрпаттағы стационарлық сауда объектілері қызметкерлерінің сыртқы түріне қойылатын талаптарды айқындауы қажет.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.29. Сауда қызметінің объектілері техника қауіпсіздігі қағидаларына, ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық, өртке қарсы және сауда қызметінің тиісті объектісі үшін белгіленетін басқа да талаптарға жауап беруі тиіс.
30. Сауда жабдығын сауда объектісінде орналастыру тұтынушылардың сауда- орындарына еркін кіруін, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды, авария немесе төтенше жағдайларда адамдар мен материалдық құндылықтарды шұғыл шығару мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
31. Азық-түлік емес сауда объектілерінде (сауда объектілерінің залдарында) заттарды (киім, аяқ киім) сату кезінде оларды өлшеп көруге арналған жағдайлар, ал күрделі техника мен тексеруді талап ететін басқа да тауарлар үшін тексеру жүргізуге арналған жағдайлар жасалады.
32. Азық-түлік өнімдерін сату мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер тізіліміне енгізілген материалдардан жасалған қаптамада, тауарлық көршілік қағидаттарын сақтай отырып, жүзеге асырылады.
33. Сауда объектісі қажетті сауда мүкаммалымен, жабдықпен, оның ішінде "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген өлшеу құралдарымен жарақталады.
Параграф 2-1. КТО-ның қызметін жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. 3-тарау 2-1-параграфпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33-1. КТО-ның құрылымы мынадай аймақтардан тұрады:
1) терминалды;
2) бақылау;
3) қойма;
4) сауда-көрме;
5) технологиялық;
6) әкімшілік.
33-2. КТО:
1) ветеринариялық, санитариялық және фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мамандардың, зертханалардың және басқа да қажетті жабдықтардың болуын;
2) тиеу және түсіру техникасының, салмақты өлшейтін жабдықтың болуын көздейді.
КТО-да сауда орындарының кемінде 80%-ы азық-түлік тауарларын өткізу үшін, оның ішінде сауда орындарының кемімде 30%-ы, ауыл шаруашылығы кооперативтерін қоса алғанда, тікелей азық-түлік тауарларын өндірушілерге жалға беріледі.
33-3. КТО-да азық-түлік тауарларын өткізуді өндірушілер, ауыл шаруашылығы кооперативтері, дайындаушы ұйымдар, өңдеу кәсіпорындар, сондай-ақ импорттаушылар жүзеге асырады.
33-4. КТО-да азық-түлік тауарларын өткізу нысандары:
1) өнімді ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтерінен, қызметтік-дайындаушы орталықтардан, дайындаушы ұйымдардан және (немесе) өңдеу кәсіпорындарынан сатып алу;
2) консигнация шартының жасасу иеленуші (консигнант) өнімді КТО қоймасына жібереді. Бұл ретте өнім оны өткізгенге дейін консигнанттың меншігінде қалады. Өтпеген тауар консигнация келісімінің шарттарына сәйкес консигнантқа қайтарылады.
33-5. КТО-ның міндеттеріне:
1) электрондық дерекқорды қалыптастыру (азық-түлік өнімінің көлемдері мен бағалары бойынша ақпаратты жинақтау мен талдау, сұраныс пен ұсыныс, олардың динамикасының өзгеруі туралы мәліметтер);
2) сатушы мен сатып алушылардың есебін жүргізеді, оларды электрондық базада тіркеуді жүзеге асырады;
3) азық-түлік тауарларын тікелей өткізуге немесе одан әрі өткізу үшін оларды сатып алу үшін азық-түлік тауарларын өндірушілерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, дайындаушы ұйымдарға сауда алаңдарын беру;
4) азық-түлік өнімін сатудың арналарын іздеу және құру;
5) өнімді сату алдындағы дайындық;
6) тауар партияларын жиынтықтау;
7) азық-түлік тауарларын сақтау;
8) КТО-ға қатысушыларды ақпараттық қолдау, азық-түлік тауарларын өндіру мен жылжыту бойынша талдау жүргізу кіреді;
33-6. Қазақстанның өңірлері бойынша азық-түлік тауарларын қайта бөлу үшін КТО-ның арасында өзара сауда-саттық іс-қимылы жасалады."
33-7. КТО қызметтері және оларды нарық субъектілеріне беру шарттары КТО мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы жеке келісімде көрсетіледі.
3-параграф. Мейрамхана, дәмхана, бар, асхана санаттары бойынша қоғамдық
тамақтану объектілерінің қызметін жүзеге асыруға қойылатын жалпы тәртібі
34. Қоғамдық тамақтану объектілерінде (мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда) тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі және олардың мүлкінің сақталуы қамтамасыз етіледі.
35. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің санитарлық-эпидемиологиялық бөлімшелерінің қорытындысы болған жағдайда, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (мейрамханаларды, дәмханаларды, барларды, асханаларды) орналастыруға, жер учаскелерін беруге, салу мен қайта жаңартуға арналған жобалық құжаттаманы бекітуге, пайдалануға беруге рұқсат етіледі.
Жаз алаңдағы қоғамдық тамақтандыру объектілерін (мейрамханаларды, дәмханаларды, барларды, асханаларды) тұрғын жай бірінші қабаттағы терезенің астында және жаяужолда орналастыруға, сондай-ақ тағам пісіру және дыбыс шығаратын аппаратураның технологиялық жабдықтарды қоюға болмайды.
Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) ғимараттарының сәулет-жоспарлау шешімдері мен сындарлы элементтері және пайдаланылатын техникалық жабдық сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы бабының 17-тармағына сәйкес құрастырылған Техникалық регламенттерге сәйкес келеді.
37. Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалардың, дәмханалардың, барлардың, асханалардың) ғимараттың тұрғын үй бөлігінен оқшауланған кіру және эвакуациялық шығу есіктері болады.
Азық-түлік шикізатын және тағам өнімдерін тұрғын үйдің аула жағынан қабылдауға жол берілмейді.
Жүк тиеуді тұрғын үйдің терезелері жоқ бүйір жағынан, арнайы жүк тиейтін үй-жайлар болған жағдайда магистральдар жағынан жер асты туннелдерінен орындау қажет.
Өнімділігі шағын объектілер үшін оның жұмысы басталғанға дейін негізгі кірер есік жағынан жүк тиеуге рұқсат етіледі.
38. Қоғамдық тамақтану объектілерінде (мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда) авариялық шығу жолдары, сатылар, авариялық жағдайдағы іс-қимылдар туралы нұсқаулықтар көзделген, көрінетін жерлерде өрт жағдайы кезінде адамдарды көшіру жоспарлары (схемалар), сондай-ақ тұтынушылардың қалыпты жағдайда да төтенше жағдайларда да еркін бағдар алуын қамтамасыз ететін, жақсы көрінетін ақпараттық нұсқаулар ілінеді.
39. Қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санын анықтауға сәйкес жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуге және автоматты өрт сигналын беру және қолданыстағы нормаларға сәйкес адамдарға өрт туралы хабарлау жүйесімен жабдықталуы, инженерлік жүйелермен және жайлылықтың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін жабдықтармен жарақталуға, оның ішінде жасанды және табиғи жарықтары, ыстық және суық сумен, кәрізбен жабдықтау, жылыту, желдету жүйелері, телефон байланысы болады.
40. Салынып және реконструкциялып жатқан қоғамдық тамақтану объектілерінде (мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда) мүгедектерге қызмет көрсету үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың қолданыстағы талаптарына сәйкес мүгедектердің арбалары жүріп өту үшін кіру есіктерінде еңіс пандустар, лифтілер, залдарда мүгедектердің арбалары айналып бұрылуы үшін алаңдар, арнайы жабдықталған дәретхана бөлмесі көзделеді.
41. Қоғамдық тамақтану объектілерінде (мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда) қызмет көрсетілетін контингенттің ерекшелігіне сәйкес арнайы қызмет көрсету аймақтары көзделеді, мысалы диеталық, емдеу-сауықтыру, балалар тамағы.
42. Өндірістік үй-жайларды орналастыру және осы үй-жайлардағы жабдықтар өнімді өндіру мен сатудың технологиялық процестерінің дәйектілігін (ағымын), сондай-ақ санитариялық қағидалар технологиялық жобалау нормаларының сақталуы қамтамасыз етіледі.
43. Қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалардың, дәмханалардың, барлардың асханалардың) аумағы абаттандырылады, таза ұсталады, онда көлікті уақытша қоюға арналған алаңдар, қоқыс жинау үшін қақпағы бар контейнерлер орнатуға арналған асфальтталған немесе бетондалған алаң көзделеді.
4-тарау. Ішкі сауданың түрлері
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-параграф. Көтерме сауданы жүзеге асыру тәртібі
44. Көтерме сауда стационарлық сауда объектілерінде және сауда базарларында жүзеге асырылады.
Оқшауланған орындар болған жағдайда көкөніс және жеміс-көкөніс өнімдерін көлік құралдарынан көтерме саудамен сатуға жол беріледі.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Тауарлар ассортименттінің ауқымдылығы бойынша көтерме сауда мамандандырылған және әмбебап болып бөлінеді.
Мамандандырылған көтерме сауда тауарлардың жекелеген түрлерін сатуға бағдарланады.
Әмбебап көтерме сауда сауданы бірнеше тауарлар түрлерін сатуға бағдарланады.
46. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезінде сауда объектісі ассортименттің ерекшелігіне және жұмыс істеудің нақты жағдайларына қарай тауарды өндіру аймақтарында, сол сияқты оларды жаппай тұтыну орталықтарында да орналасады.
47. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезінде:
1) сауда объектілерінде сатылатын тауарларға қойылатын бағалардың деңгейі мен шектері;
2) мәмілелер кезіндегі делдалдық үшін сауда объектісіндегі делдалдар алатын сыйақы мөлшерлері белгіленеді.
48. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезінде сауда қызметінің субъектілері мынадай талаптарды:
1) тауарларды сату, сатып алу, сақтауды;
2) көтерме сауданы жүргізуге арналған ұйымдық жағдайлар жасауды, сауда мәмілелерін жасасуды;
3) сатылатын тауарлардың сапасын бақылауды қамтамасыз етуді және осы Қағидалардың талаптарын сақтауды;
4) көтерме сауда субъектілерін салмақ өлшеу жабдығымен және басқа да қызмет түрлерімен қамтамасыз етуді;
5) инженерлік инфрақұрылым құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, тоңазыту, сауда жабдығына және өзге жабдықтар мен тетіктерге техникалық қызмет көрсетуді;
6) сауда объектісін күзету және көтерме сатып алу-сату жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.49. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезінде, жасалған сату-сатып алу шарттары бойынша есеп айырысуды қолма қол ақшасыз тәртіппен жүзеге асыруға жол беріледі.
Көтерме сауданы жүзеге асыру кезінде көтерме саудаға қатысушылармен (тауардың меншік иелерімен) келісім бойынша аукциондық және конкурстық сауда-саттықтарға жол беріледі.
2-параграф. Бөлшек сауданы жүзеге асыру тәртібі
50. Бөлшек сауданы жүзеге асыратын сатушы тауарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қандай да бір тауарларды сату кезінде тұтынушының жасы бойынша шектеу қойылатын жағдайларды қоспағанда, тауарды сатып алуға өтініш білдірген әрбір адамға сатады.
50-1. Бөлшек сауда стационарлық, стационарлық емес сауда объектілері және сауда базарлары арқылы жүзеге асырылады.
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
Заңының 12-бабының 5) тармағына сәйкес бөлшек сауданы жергілікті атқарушы органдар белгілеген орыннан тыс жүзеге асыруға жол берілмейді.
Ескерту. 50-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта өзгеше белгіленбесе, не тауардың табиғатынан өзгеше туындамаса, бөлшек сауда кезінде тауардың әр бірлігі оралады, буылады.
52. Тауарларды сатылатын орындарында шығарып қою, олардың үлгілерін көрсету немесе сатылатын тауарлар туралы мәліметтер беру (сипаттау, каталогтар, фотосуреттер тағы сол сияқты), сатушы тиісті тауарлардың сатуға арналмағанын анық айқындаған жағдайларды қоспағанда, бағаларының немесе сатып алу-сату шартының басқа да елеулі жағдайларының көрсетілгеніне қарамастан, жария оферта болып танылады.
53. Егер заңнамалық актілерде немесе бөлшек сауда сатып алу-сату шартында, оның ішінде сатып алушы қосылатын формулярлардың немесе өзге де стандартты нысандардың шарттарында өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға кассалық немесе тауарлық чекті немесе тауар төлемін растайтын өзге де құжатты берген сәтінен бастап бөлшек саудада сатып алу-сату шарты лайықты нысанда жасалған болып саналады.
54. Желілік маркетинг, қоғамдық таратушылар, почта арқылы және басқа да тәсілдермен сату жолымен сауда орындарынан тыс бөлшек сауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 918 Қаулысымен бекітілген желілік маркетинг, қоғамдық таратушылар, почта арқылы және басқа да тәсілдермен сату жолымен сауда орындарынан тыс бөлшек сауда ережелеріне сәйкес реттейді.
55. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы 14-бабаның 2-тармағына сәйкес эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын:
1) стационарлық емес үй-жайларда;
2) мөлдір ораммен буып-түйілмеген күйінде;
3) білім беру ұйымдарының, балалар мекемелерінің, ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) үй-жайларында және аумақтарында;
4) жасы он сегізге толмаған адамдарға бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.
56. "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңның 9-бабынның 2-тармағына сәйкес діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 89 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15432 болып тіркелген) "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықтың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған стационарлық үй-жай болу сауда жасайтын, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілген, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдау, сақтау және сатуға дайындайтын бөлмелері бар күрделі стационарлық ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасқан оның бір бөлігі.
Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 3-Параграф. Қоғамдық тамақтану объектілерінің саудасын жүзеге
асыру тәртібі
57. Сауда қызметінің субъектілері өз өнімін, сондай-ақ басқа да азық-түлік тауарларын өндіру, қайта өңдеу, сату және тұтынуды ұйымдастыру және қоғамдық тамақтану өнімдерін тұтынуды ұйымдастыру мен қызметтер көрсету үшін мүліктік кешенді - мейрамхананы, дәмхананы, асхананы,барды пайдаланады.
58. Сауда қызметінің субъектілері, егер осы Қағидалар өзгеше көзделмесе, өз қызметін қоғамдық тамақтан объектісінің сауда залдарында да, олардың шегенен тыс жерлерде де жүзеге асырады.
59. Қоғамдық тамақтандыру объектілері сатып алушыға осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген ақпараттан басқа мынадай:
1) ұсынылатын өнімнің ассортименті туралы;
2) ұсынылатын қызметтердің тізбесі туралы мәліметтерді береді.
60. Сатып алушылардың белгілі бір контингентіне (жұмысшылар, оқушылар, жолаушылар, көрермендер және басқалар) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері жанында олар орналасқан ұйымдардың, мекемелердің әкімшіліктерімен келісім бойынша жұмыс режиміне, сабақтар кестесіне, ұшақтардың, пойыздардың, автобустардың қозғалыс кестесіне сәйкес жұмыс режимін белгілейді.
61. Қоғамдық тамақтану объектілерінде келушілерге ас мәзірін ұсыну қоғамдық тамақтанудың ас мәзірінде көрсетілген тауарларын бөлшек саудада сатып алу-сату шартын жасасуына ұсыныс (жария оферта) болып танылады.
4-Параграф. Аукциондық сауда
62. Тауарларды сату жөніндегі аукциондық сауда жария сауда жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Бастапқы баға сатушының сауда-саттық жүргізу сәтіндегі тауардың нарықтық құнын негізге ала отырып айқындалуы мүмкін, түпкілікті бағаны сатып алушы сауда-саттық жүргізудің нәтижесінде айқындайды.
63. Аукцион нысанындағы конкурстық сауда-саттық кезінде сатушы аукционның затын ол үшін неғұрлым жоғары баға ұсынатын аукционға қатысушыға сатуға міндеттенеді.
64. Аукциондық сауда сатушы жариялаған бағаны арттыру немесе кеміту шарттарында өткізіледі.
65. Бағаны төмендетумен өткізілетін аукциондық сауда шарттарында ол бойынша заттың сатылуы мүмкін болатын ең төменгі баға көзделеді.
66. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген тауарлардан басқа кез келген жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік аукциондық сауданың нысанасы болуы мүмкін.
67. Аукциондық саудаға қатысу туралы ұсыныстар аукцион заты, оны өткізудің орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтиды.
68. Аукциондық саудаға қатысуға тілек білдірген тұлғалар, егер оны өткізудің шарттарында өзгеше белгіленбесе, аукцион басталғанға дейін, аукционға қатысуға өтініш береді және кепілдік жарнаның белгіленген сомасын енгізеді.
69. Егер аукционның затын оған қатысушылардың бір де бірі сатып алуға тілек білдірмесе, бастапқы бағаның төмендетілелді немесе аукционның заты осы аукционнан алып тасталады.
70. Ең жоғары баға ұсынған аукционға қатысушымен оған аукционның затын сату туралы шарт жасалады.
71. Егер сатып алушы осы Қағидалардың 70-тармағында көзделген шартты жасасудан бас тартса, ол аукционға қатысушылардың қатарынан шығарылады, оған кепілдік жарна қайтарылмайды, ал сатып алушы сатып алудан бас тартқан аукционның заты сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.
72. Аукционға қатысқан, бірақ онда ештеңе сатып алмаған тұлғаларға кепілдік жарнаның сомасы қайтарылады.
Аукционның қандай да бір затын сатып алған тұлғаларға кепілдік жарнаның сомасы төленген сатып алу бағасының есебіне есептеледі.
5-Параграф. Комиссиялық сауда
73. Егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында меншік құқығы ауысуының өзге тәртібі көзделмеген болса, комиссияға қабылданған тауарға меншік құқығы ол сатып алушыға сатылған (берілген) сәтке дейін комитентте қалады.
74. Комиссионер комитенттің алдында өзіндегі комитент сату үшін берген тауардың жоғалғаны, жетпегені немесе бүлінгені үшін жауап береді.
75. Комиссионер мен комитент арасындағы келісім бойынша комиссияға жаңа және бұрын тұтынылған азық-түлік емес тауарлар қабылданады.
76. Комиссияға тауарларды қабылдау комиссионер және комитент қол қоятын мынадай мәліметтерді қамтитын жазбаша нысандағы комиссия шартын жасау жолымен ресімделеді:
1) шарттың нөмірі, оның жасалған күні;
2) тараптардың атауы және деректемелері (мекен-жайы, есеп шоты, комиссионердің телефоны, паспорт деректері немесе комитенттің жеке басып куәландыратын өзге де құжаттың деректері);
3) тауардың атауы;
4) бұрын тұтынылған тауардың тозу деңгейі және кемшіліктері;
5) тауардың бағасы;
6) комиссиялық сыйақының мөлшері және төлеу тәртібі;
7) тауарды комиссияға қабылдау шарттары;
8) тауарға арзандату жүргізудің тәртібі мен мөлшері;
9) тауарды сатудың оны арзандатқанға дейінгі және кейінгі мерзімдері;
10) комиссионер сатпаған тауарды комитентке қайтарудың шарттары мен тәртібі;
11) комиссионер мен комитент арасында есеп айырысу шарттары мен тәртібі; егер тараптардың келісімі бойынша бұл шығыстар өтелуге жатса, комиссияға қабылданған тауарды сақтау бойынша комиссионердің шығыстарын төлеу мөлшері.
Тауарларды комиссияға қабылдау ресімделетін шартқа тараптардың келісімі бойынша комитенттің құқықтарын шектемейтін қосымша шарттар енгізілуі мүмкін.
Егер комиссияға бірнеше тауарлар тапсырылса, олардың атаулары мен бағалары тауарларды комиссияға қабылдау ресімделетін шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тауарлар тізбесінде көрсетілуі мүмкін. Көрсетілген шарт екі данада жасалады. Бір данасы комитентке тапсырылады,екіншісі комиссионерде қалады.
77. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Жол жүрісі туралы" Заңының 10-бабының 24-1 тармағына белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жататын отандық та, шетелдік те өндірістің автомобильдері, мотоциклдері және мототехниканың басқа да түрлері (бұдан әрі - көлік құралдары деп аталады), оларға нөмірлік агрегаттар көлік құралдарына және олардың агрегаттарына меншік құқығын, сатуға байланысты олар есептен шығарылғандығын куәландыратын құжаттар болған жағдайда комиссияға қабылданады.
78. Қымбат бағалы металдардан және қымбат бағалы тастардан жасалған бұйымдар осы Қағидадалар көзделген оларға қойылатын талаптарға сәйкес комиссияға қабылданады.
79. Комиссияға осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген тауарлар, сондай-ақ үй жағдайларында аурулардың алдын алу мен емдеуге арналған тауарлар; жеке гигиена заттары; парфюмерлік-косметикалық тауарлар;полимерлік материалдардан жасалған тамақ өнімдерімен жанасатын, соның ішінде бір рет пайдалануға арналған бұйымдар мен материалдар; түрмыстағы химия тауарлары; дәрілік заттар қабылданбайды.
80. Тауарды комиссияға қабылдау кезінде оған тауарлық жапсырма, ал ұсақ бұйымдарға (сағаттар, моншақтар, сәнді түйреуіштер және басқа да соған ұқсас бұйымдар) - тауарды қабылдау кезінде ресімделетін құжаттың нөмірі мен бағасы көрсетілген баға көрсеткіші бекітіледі.
Комиссияға қабылданған тауарлардың тізбесінде және тауарлық жапсырмада тауардың жай-күйін сипаттайтын мәліметтер көрсетіледі (жаңа, бұрын тұтынуда болған, тозу дәрежесі, негізгі тауарлық белгілері, тауардың кемшіліктері).
Комиссияға қабылданған көлік құралдарына қатысты бұл мәліметтерге көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, маркасы, моделі, атауы (түрі), шығарылған жылы, двигателінің, шассиінің (рамасының), кузовының (тіркемесінің), "транзит" тіркеу белгісінің нөмірлері, кузовының (кабинаның) түсі, спидометр деректері бойынша жүрілгені, көлік құралыпаспортының сериясы және нөмірі енгізіледі, ал Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген көлік құралына қатысты оның Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес кедендік ресімделгенін растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
Комиссияға қабылданған тауарлардың тізбесі мен тауарлық жапсырмаға комиссионер және комитент қол қояды.
81. Комиссионер комитентке оның келісімімен қосымша қызметтер (тауарды үйде қабылдау және бағалау, ірі көлемді тауарды комитенттен сауда объектісіне жеткізу бойынша және басқа) ұсынуы мүмкін.
82. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 877-бабына сәйкес комитент комиссионерге берген тапсырманың кез келген уақытта күшін жоюға құқылы. Бұл орайда комиссионердің тапсырманың күшін жоюдан шеккен залалдары жалпы негіздерде өтеледі.
Тапсырманың күші жойылған жағдайда комитент тапсырманың күші жойылған кезден бастап бір айдың ішінде, егер шартта өзге мерзім белгіленбесе, комиссионердегі мүлікке билік етуге міндетті.
Егер комитент бұл міндетті орындамаса, комиссионер не мүлікті сақтау үшін өткізуге, не оны комитент үшін неғұрлым тиімді бағамен сатуға құқылы.
Комиссиялық тапсырманы орындау жөніндегі шығындардың орнын толтыру Азаматтық кодекстің 876-бабына сәйкес орындалады.
83. Тауардың бағасы комиссионер мен комитенттің келісімімен айқындалады.
84. Комитент комиссионерге комиссиялық сыйақы төлейді, оның мөлшері тараптардың келісімімен айқындалады.
Егер шартта сыйақы мөлшері немесе оны төлеудің тәртібі көзделмеген болса және сыйақы мөлшерін шарттың талаптарына сүйеніп айқындау мүмкін болмаса, сыйақы комиссия шартын орындағаннан кейін әдетте осыған ұқсас қызметтер үшін салыстырмалы жағдайлар кезінде алынатын мөлшерде төленеді.
85. Комиссияға қабылданған тауар демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, оны қабылдағаннан кейін келесі күннен кешіктірмей сатуға түседі.
Тұрақсыздық төлемі тараптардың келісімімен бекітіледі.
86. Қабылданған тапсырманы комиссионер комитенттің нұсқауларына сәйкес, ал шартта мұндай нұсқаулар болмаған жағдайда - комитент үшін неғұрлым тиімді шарттарда, іскерлік айналымының дәстүрлеріне немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындайды.
87. Комиссионер, егер іс жағдаяттары бойынша бұл комитенттің мүддесі үшін қажет болса және комиссионер комитентке алдын ала сұрау сала алмаса не өз сұрау салуына ақылға қонымды мерзімде жауап ала алмаса комитент нұсқауынан ауытқуы мүмкін. Комиссионер жол берілген ауытқулар туралы,хабарлау мүмкін болған кезде, комитентті хабардар етеді.
Комитент комиссионерге алдын ала сұрау салусыз оның нұсқауларынан ауытқу мүмкіндігін беруі мүмкін. Мұндай жағдайда комиссионер, егер комиссия шартында өзгеше көзделмесе, жол берілген ауытқулар туралы ақылға қонымды мерзімде комитентті хабардар етеді.
Мүлікті комитентпен келіскен бағадан төмен сатқан комиссионер, егер ол мүлікті келісілген бағамен сатуға мүмкіндік болмағанын және неғұрлым төмен бағамен сату бұдан да көп залалдан сақтағанын, сондай-ақ оның нұсқауларынан ауытқуға комитенттің алдын ала келісімін алуға мүмкіндігі болмағанын дәлелдей алмаса, комитентке айырманы өтеуге міндетті.
Егер комиссионер мүлікті комитентпен келісілгеннен жоғары бағамен сатып алса, мұндай затты қабылдағысы келмейтін комитент үшінші тұлғамен мәміле жасалғандығы туралы хабар алған бойда бұл жөнінде комиссионерге кешіктірмей мәлімдеуге міндетті. Олай болмаған жағдайда комитент сатып алынған затты қабылдады деп танылады.
Егер комиссионер баға айырмасын өз есебіне алатынын хабарласа, комитенттің өзі үшін жасалған мәміледен бас тартуға құқығы жоқ.
88. Оны комиссияға қабылдау кезінде анықталмаған және сатып алушыға сатуға (беруге) дейін айқындалмаған кемшілігі бар жаңа тауар, егер кемшіліктер комиссионердің кінәсі бойынша туындағаны дәлелденбесе, комиссионердің тауарды сақтау жөніндегі шығыстары төленбестен сатуданалынады және комитентке қайтарылады.
Тараптардың келісімі бойынша бұл тауарды пайдаланудың өзге тәртібі айқындалуы мүмкін.
89. Кепілдік мерзімі бар тауарды сату кезінде, егер ол мерзім өтіп кетпесе, сатып алушыға комитенттен алынған кепілдік талоны, техникалық паспорты, сервистік кітапша немесе оны алмастыратын сатып алушының қалған кепілдік мерзімін пайдалану мүмкіндігін растайтын өзге де құжат беріледі.
90. Комиссияға қабылданған тауарларды арзандатудың тәртібі мен мөлшері комиссия шартын жасасу кезінде комиссионермен және комитентпен келісіледі.
Шақырту туралы комитентті хабардар ету тәсілі және оның келу мерзімі тараптардың келісімімен айқындалады.
Комитент арзандатудан бас тартқан жағдайда, егер ол шартта көзделсе, комиссионерге оны сақтау жөніндегі шығыстарды өтей отырып, тауар оған қайтарылады.
Тауарға бағалау жүргізу шартқа қоса берілетін комиссияға қабылданған тауарлардың тізбесінде, тауар жапсырмасында немесе баға көрсеткішінде көрсетіледі.
91. Комиссионер комитенттің көрсеткенінен де неғұрлым тиімді шарттарда мәміле жасаған жағдайда, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, қосымша пайда комитент пенкомиссионердің арасында тең бөлінеді.
92. Сатылған тауар үшін комитент комиссионеріне ақша төлеу мерзімі және тәртібі тараптардың келісімімен бекітіледі.
Сатылған тауар үшін ақша төлеу, сондай-ақ комиссияға қабылданған, бірақ сатылмаған тауарды қайтару комитент комиссия шартының жасалғанын растайтын құжатты, паспортты немесе комитенттің жеке басын куәландыратын өзге де құжатты ұсынғаннан кейін жүргізіледі.
93. Комитент уәкілеттік берген тұлғаға сатылған тауар үшін ақша төлеуді, сондай-ақ сатылмаған тауарды қайтаруды комиссионер белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат және комиссия шартының жасалғанын растайтын құжат ұсынылғаннан кейін жүргізуі мүмкін.
94. Егер тараптардың келісімінде өзге мерзім белгіленбесе, сатылған тауар үшін комитентке ақша төленген не оған сатылмаған тауар қайтарылған күннен бастап отыз күннің ішінде комитенттің комиссия шартының тиісті дәрежеде орындалмауымен байланысты талаптары комиссионерге ұсынылуы мүмкін.
6-Параграф. Тапсырыстар бойынша жасалатын сауда
95. Тапсырыстар бойынша жасалатын сауда сатушының жарнама және тауарлар туралы ақпарат таратудың өзге де тәсілдері негізінде мәліметтер беру жолымен жүзеге асырылады.
96. Тауарларды тапсырыс бойынша сату жиынтық (стандарттық) сәлемдемелермен де жүзеге асырылады. Жиынтық (стандарттық) сәлемдемелер әр түрлі мақсаттағы тауарлар жиынтықтарын қамтиды.
97. Тапсырыстар бойынша жасалатын сауданы сауда қызметінің субъектілері сатып алушының көшпелі сауда орындарында, тікелей, телефон немесе почта тапсырысы арқылы тапсырыстар беруі және(немесе) қабылдауы арқылы жүзеге асырады.
98. Тапсырысты қабылдау және орындау жөніндегі қызметтердің бағасы, ақы төлеу тәртібі, жеткізу мерзімі шартпен айқындалады.
Тапсырыс беруші шарттың талаптары бұзылмастан орындалған тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс беруші тауарды тапсырыс берушіге дейін және кері қарай тасымалдау жөніндегі қызметтің құнын өтейді.
7-Параграф. Шекара маңындағы сауда
99. Шекара маңындағы сауданы Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағы мен шектес мемлекеттің тиісті шекара маңы аумағындағы жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
100. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртібі "Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы сәуірдегі № 272 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру ережесімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, шектес мемлекеттер ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалған шарттарға сәйкес айқындалады.
8-Параграф. Көшпелі сауда
101. Көшпелі сауда тиісті аумақта жоқ тауарларға тұтынушылық қажеттілікті қанағаттандыру үшін не осы аумақта сауда объектілері болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
102. Сауда қызметінің субъектілері көшпелі сауданы жергілікті атқарушы органдар белгілеген арнайы бөлінген орындарда жүзеге асырады.
Көшпелі сауда автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) жүзеге асырылады.
Көшпелі сауданы жүзеге асыру кезінде сауда қызметінің субъектілері осы Қағидалардың нормаларын басшылыққа алады.
Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-Параграф. Көрме-жәрмеңкелік сауда
103. Көрме-жәрмеңкелік сауда орталық атқарушы органдардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің немесе жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ сауда қызметі субъектілерінің рынок конъюнктурасын зерделеу, тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастыруға жәрдемдесу, шарттар жарасу және жаңа сауда байланыстарын орнату мақсатында көрмелер және жәрмеңкелер ұйымдастыруы жолымен жүзеге асырылады. Көрме-жәрмеңкелік сауда тауарлар үлгілерін көрсетумен байланысты болады.
Сауда қызметі субъектілері қоғамдық орындарда көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізуді тиісті аумақтың жергілікті атқарушы органымен өткізу уақытын және орнын келісу арқылы жүзеге асырады.
Көрме-жәрмеңкелік сауданы жүзеге асыратын сауда қызметінің субъектілері өз қызметінде осы Қағидалардың нормаларын басшылыққа алады.
104. Шартта белгіленген жағдайларда және мерзімде қайта әкелуге жататын тауарды көрме-жәрмеңкелік сауданы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкету Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес реттеледі.
10-Параграф. Электрондық сауда
105. Электрондық сауда электрондық саудаға қатысушылардың электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, тауарларды сатып алу-сатуға арналған келісімінің (шартының) негізінде сауда мәмілелерін жасасу жолымен жүзеге асырылады.
106. Электрондық саудаға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау сауда қызметі субъектілері үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
107. Электрондық сауданы жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 720 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12689 болып тіркелген) Электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11-Параграф. Тауарлардың биржалық саудасы
108. Биржалық сауда "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
109. Биржалар биржалық саудаға тікелей байланысты емес сауда, сауда- делдалдық және кез келген өзге де қызметті жүзеге асырмайды.
5-тарау. Тауарлардың жекелеген түрлерін сатуға қойылатын тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-Параграф. Азық-түлік тауарларын сатуға қойылатын тәртібі
110. Тауарлар олар сауда залына немесе өзге де сату орнына берілместен бұрын ыдыстан, орама және байлама материалдардан, металл тістемелерден босатылады.
Тауардың ластанған беті немесе бөліктері алынып тасталады. Сатушы сондай-ақ тауарлардың сапасына (сыртқы белгілері бойынша), тауарлардың осы Қағидалардың 14 және 111-тармақтарында көрсетілген қажетті құжаттамасы мен ақпаратының болуына тексеру жүргізеді.
111. Этикеткаларда, жапсырмаларда, қосымша парақтарында және орама материалдары мен бұйымдарда тамақ өнімдерінің түрлері ескеріле отырып, осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген ақпараттан басқа, мемлекеттік және орыс тілдерінде:
1) тамақ өнімінің атауы;
2) тамақ өнімінің құрамы;
3) тамақ өнімінің саны;
4) тамақ өнімін даярлау күні;
5) тамақ өнімін сақтау мерзімі;
6) өндіруші белгілеген тамақ өнімін сақтау шарттары көрсетіледі. Ескерту: өнімді бұзылудан сақтап тұрған, сапасы мен қауыпсіздігі ораманы ашқаннан кейін өзгеретін тамақ өнімдері үшін сондай-ақ орманы ашқаннан кейінгі сақтау талаптары көрсетіледі.
7) тамақ өнімдерін өндірушінің атауы мен мекенжайы немесе тамақ өнімдерін өндіруші жеке кәсіпкердің аты жөні тегі және мекенжайы, сондай-ақ өндірушімен уәкілеттелген тұлғаның атауы мен мекенжайы, импорттаушы мекеменің атауы мен мекенжайы немесе импорттаушы жеке кәсіпкердің аты жөні тегі және мекенжайы;
8) мінездеме және (немесе)қолдану бойынша шектеу, соның ішінде тамақ өнімдерін даярлау егерде осы мінездемелер мен шектеулерді қолдану қыйындатылған, немесе тұтынушылардың денсаулығын азардап тигізетін болса, олардың мүлкіне, тамақ өнімдерінің дәмдік ерекшеліктерінің жойылуына немесе азауына әкелсе;
9) тамақ өнімінің өнімдік құндылығының көрсеткіштері;
10) тамақ өнімінде гендік түрлендірілген организмдерді (бұдан әрі - ГТО) қолданумен алынған компоненттердің болуы туралы мәліметтер;
11) Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері - мемлекеттер нарығында өнімдердің айналым біріңғай белгісі.
112. Өлшемелі тауарларды сату алдында сатушы қаттаған және ораған жағдайда қатталатын тез бүлінетін тауарлардың көлемі сауданың бір күні ішінде олардың сатылатын көлемінен аспайды.
Қатталған тауарда оның атауы, салмағы, бір килограмының бағасы, салмақ құны, қатталған күні, жарамдылық мерзімі көрсетіледі.
113. Өлшемелі азық-түлік тауарлары сатып алушыға орама үшін қосымша ақы алынбастан оралған түрде беріледі.
Орама үшін сәйкестік (растау) баға рәсімінен өткен материалдар пайдаланылады.
114. Өлшеніп сатылатын азық-түлік тауарларының бағасы таза салмағы бойынша айқындалады.
115. Азық-түлік тауарларының саудасы орындарында азық-түлік емес жанама тауарлардың сатылуы және азық-түлік тауарларының сапасы мен қауіпсіздігін және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарда, стандарттарда белгіленген оларды сату жағдайларын нашарлатуға алып келмейтін және тауар көршілігі қағидаты ескерілуі тиіс қоғамдық тамақтан қызметінің көрсетілуіне жол беріледі.
116. Сауда объектілеріне сату үшін түскен жануарлардан алынған өнімдер мен шикізат мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жатады және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларында зертханалық талдауға жатады.
2-Параграф. Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сатуға
қойылатын тәртібі
117. Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сатумен айналысатын сауда қызметінің субъектілері өз қызметінде осы Қағидаларды, Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын, нормативтік-техникалық құжаттарды, техникалық регламенттерді басшылыққа алады.
118. Барлық меншік нысанындағы сауда желілерінде нан-тоқаш өнімдерін сату мамандандырылған және фирмалық нан-тоқаш және кондитерлік дүкендерде, азық-түлік дүкендерінің нан-тоқаш бөлімдерінде жүргізіледі.
119. Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің әрбір партиясымен өнімнің пештен шыққан уақыты көрсетіле отырып, тауарлық-көліктік жүк құжаты, сондай-ақ сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттар қоса беріледі.
120. Өзіне өзі қызмет көрсететін дүкендер сатып алушылардың нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді таңдауы үшін нан және нан-тоқаш өнімдері орналасқан жабдықтың әр қума метрінде екіданадан кем емес есепте металл қысқыштармен, қасықшалармен, күрекшелермен жабдықталады.
121. Сатып алушылардың тілегі бойынша 0,4 килограмм және одан көп салмақтағы даналап сатылатын нан-тоқаш өнімдерін (орамадағы бұйымдардан басқа) 2-4 тең бөліктері кесуге рұқсат етіледі.
122. Нан-тоқаш өнімдерін кесуге үгінділерді азайту, тез және тең кесу үшін жүзі үнемі және жақсы қайралатын нан кескіш тұтқалы немесе қол пышақтары қолданылады.
123. Сапасыз нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер сатылған жағдайда нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер саудасы жөніндегі объектінің қызметкерлері сатып алушының талабы бойынша оларды сапалысына алмастырады.
3-Параграф. Тоқыма, трикотаж, тігін және тері-жүн тауарлары мен
аяқ киімдерді сатуға қойылатын тәртібі
124. Тоқыма тауарлары (маталар және мата емес материалдар мен олардан жасалатын бұйымдар), трикотаж бұйымдары, тігін тауарлары (киім, іш киім, бас киімдер), тері жүннен жасалған бұйымдар мен аяқ киімдер сауда залына берілерден бұрын мыналарды:
1) тауарды орамынан шығаруды, сорттауды және қарауды;
2) тауар сапасын (сыртқы белгілері бойынша) және осы Қағидалардың тармағында көрсетілген қажетті ақпараттың болуын тексеруді;
3) қажет болған жағдайда бұйымдарды тазалауды және үтіктеу мен оларды ұсақ жөндеуді қамтитын сату алдындағы дайындықтан өтеді.
125. Сату үшін ұсынылатын тауарлар түрлері, модельдері, мөлшерлері, ұзындығы бойынша топтастырылады және сауда залына қойылады. Сауда ерекшеліктері ескеріле отырып, сауда залындасатып алушыға өзіне қажетті тауарды таңдау және сатып алу мүмкіндігін беретін сатуға ұсынылатын тауарлардың үлгілері қойылады.
Ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған трикотаж, тігін, тері-жүн тауарлары мен аяқ киімдер сауда залында жеке орналастырылады.
Маталар түрлері және олар жасалған талшықтар бойынша, тері-жүн тауарлары - тері-жүннің түрлері бойынша топтастырылады.
Матаның әрбір үлгісі олар жасалған талшықтардың пайыздық құрамы туралы ақпаратпен, ал тері-жүннен жасалған бұйымдар - тері-жүннің түрі туралы ақпаратпен де қамтамасыз етіледі.
126. Тауарларда өзінің атауы, артикулы, бағасы, мөлшері (киім, ішкиім және басқа да тігін бұйымдары, аяқ киім, бас киім үшін) және ұзындығы (киім мен іш киім үшін) көрсетілген ілме жапсырмалар болады.
127. Сатушы сатып алушыға тігін, сырт трикотаж бұйымдарын, бас киімдерді, тері-жүн тауарлары мен аяқ киімдерді киіп көру үшін жағдай жасайды. Осы мақсат үшін сауда залдарын айналары бар киіп көру кабиналарымен жабдықтау, банкеткалармен немесе орындықтармен, сондай-ақ тұғырлармен жарақтау қажет.
128. Жүн маталарды, мақталы және басқа да ауыр маталарды сатып алушыға сату кезінде өлшеу сөреде (үстелде) бүктемелерсіз бос күйде жатқан матаның үстіне стандартты қатты метрді қоюжолымен жүргізіледі.
Жұқа және жеңіл маталар матаны қатты стандартты метрге тартпай босжанастыру арқылы сөреге тастап отыру жолымен өлшенеді.
Жүн маталар мен трикотаж жаймаларынан басқа маталардың барлық түрлерін өлшеу матаны бір жағына металдан жасалған таңбалы өлшеу лентасы орнатылған сөреге (үстелге) жаю жолымен де жүргізілуі мүмкін.
Сатып алынған затқа мата тіліктерін қосуға, сондай-ақ егер фабрикалық әрленуі бұзылса және таңба теріс жағынан қойылса, фабрикалық ілме жапсырмалары мен таңбалары (хаздық етектері) бармата тіліктерін сатуға жол берілмейді.
129. Сатушы маталарды, киімдерді, тері-жүн тауарлары мен аяқ киімдерді босату кезінде сатып алушының көзінше тауардың сапасын (сырттай қарау жолымен) өлшену дәлдігін (санын), сатып алынғанзаттың құнын есептеудің дұрыстығын тексереді.
130. Маталар, киімдер, тері-жүн тауарлары мен аяқ киімдер орама үшін қосымша төлем алынбастан, сатып алушыға оралған күйде беріледі.
4-Параграф. Тұрмыстық мақсаттағы техникалық жағынан күрделі
тауарларды сатуға қойылатын тәртібі
131. Тұрмыстық радиоэлектрондық аппаратура, байланыс құралдары, есептеу және көбейту техникасы, фото және киноаппаратура, сағаттар, музыкалық тауарлар, тұрмыстық электр құралдары,машиналар мен аспаптар, сондай-ақ тұрмыстық мақсаттағы техникалық жағынан күрделі басқа датауарлар сауда залына немесе сатып алынған затты беретін орынға берілгенге дейін мыналарды:
1) тауарды орамынан шығаруды, зауыттық майын, шаңды, қиқымдарды алуды;
2) тауарды қарауды, атап айтқанда бұйымның жиынтығын, сапасын, осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген қажетті ақпараттың болуын тексеруді;
3) қажет болған жағдайда бұйымды жинауды және оны жөндеуді қамтитын сату алдындағы дайындықтан өтеді.
132. Сатып алушының талабы бойынша сатушы оны тауардың құрылысымен және жұмысымен таныстырады, жиналған, техникалық жарамды күйінде көрсетеді. Ескерту: қосу үшін арнайы жабдықтыталап етпейтін тауарлар жұмыс істейтін күйінде көрсетіледі.
133. Сатушы немесе онымен жасасқан шарт бойынша сатушының функцияларын орындайтын ұйым стандарттардың немесе тауарға қоса берілетін техникалық құжаттаманың (техникалық паспорт,пайдалану жөніндегі нұсқаулық) талаптарына сәйкес сатып алушы өз бетімен жинауға және (немесе) қосуға рұқсат етілмейтін техникалық жағынан күрделі тауарды сатып алушының үйінде жинауды және(немесе) орнатуды (қосуды) жүзеге асырады.
Егер тауарды жинау және (немесе) орнату құны оның құнына енгізілген болса, онда көрсетілген жұмыстарды сатушы немесе тиісті ұйым тегін орындайды.
Егер тауарды жинау және (немесе) орнату құны оның құнына енгізілмеген болса, сатушы тауарды сату кезінде көрсетілген жұмыстарды орындайтын ұйымдар туралы ақпаратты сатып алушының назарына жеткізеді.
5-Параграф. Парфюмерлік-косметикалық тауарларды сатуға
қойылатын тәртібі
134. Парфюмерлік-косметикалық тауарлар сауда залына берілмес бұрын орамынан босатылады және қаралады, тауардың әрбір бірлігінің сапасы (сыртқы белгілері бойынша) және онда осы Қағидалардың 14 және 135-тармақтарында көрсетілген қажетті ақпараттың болуы тексеріледі.
135. Парфюмерлік-косметикалық тауарлар туралы ақпарат осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 799 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келеді.
136. Сатып алушыға тауардың қасиеттерімен (иісі, түсі, көлемі және т.б.) және ерекше сипаттамаларымен танысу мүмкіндігі беріледі.
137. Тауарларды целлофан орағышы немесе фирмалық лентасы бар орамамен беру кезінде сатып алушыға целлофанды немесе фирмалық лентаны алу жолымен орама ішін тексеру мүмкіндігі беріледі.
Тауардың аэрозольді орамасын сатуды жүзеге асыратын адам ораманың жұмыс істеуін сатып алушының көзінше тексереді.
6-Параграф. Жеңіл автомобильдерді, мототехникаларды,
тіркемелерді және нөмірлік агрегаттарды сатуға қойылатын тәртібі
138. Жеңіл автомобильдер, мотоциклдер және мототехниканың басқа да түрлері, тіркемелер мен олардың нөмірлік агрегаттары түрлері мен көлемдерін өнімді дайындаушылар айқындайтын сату алдындағы дайындықтан өтеді.
Сатушы тауардың сервистік кітапшасына немесе оны алмастыратын өзгеде құжатқа осындай дайындықтың өткізілгені туралы белгі қояды.
139. Сатуға ұсынылатын тауарды көрсету кезінде сатып алушының оған еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
140. Тауарды сатып алушыға беру кезінде дайындаушы белгілеген керек-жарақтар жиынтығы мен құжаттар, оның ішінде сервистік кітапша немесе оны алмастыратын өзге де құжат,сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен оларды мемлекеттік тіркеу үшін көлік құралына меншік құқығын куәландыратын құжат бір мезгілде беріледі.
141. Сатушы тауарды беру кезінде сатып алушының көзінше, тауарды сату алдындағы дайындық бойынша орындалған жұмыстардың сапасын, сондай-ақ оның жиынтығын тексереді.
7-Параграф. Бағалы металдардан және Бағалы тастардан жасалған
бұйымдарды сатуға қойылатын тәртібі
142. Бағалы металдардан және бағалы тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды, корпусы бағалы металдардан жасалған сағаттарды сату күзет элементтерімен немесе арнайы күзетпен жарақталған сауда объектілері арқылы жүзеге асырылады.
143. Бағалы металдардан немесе бағалы тастардан жасалған бұйымдар сауда залына берілгенге дейін:
1) бұйымды қарауды және ақауын тексеруді;
2) оларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сынамалық таңбасы (қазақстандық өндірістің бұйымдары үшін) мен шығарушы бедерлерінің болуын тексеруді;
3) пломбалар мен жапсырмалардың сақталуын;
4) мөлшерлер бойынша сұрыптауды қамтитын сату алдындағы дайындықтан өтеді.
144. Бағалы және жартылай бағалы металдар мен тастардан жасалатын зергерлік бұйымдар сатылатын сауда қызметі объектілері дәлдіктің тиісті түріндегі және сыныбындағы таразы құралдарымен жарақталады.
Бағалы және жартылай бағалы металдар мен тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды сату кезінде техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның уақытылы тексерілгені туралы куәлігі бар таразылар мен салмақ басқыштар пайдаланылады.
Алтын мен платинаны өлшеу 0,01 грамм, күміс 0,1 грамға дейінгі дәлдікпен жүргізіледі. Қымбат бағалы тастар 0,01 карат, жартылай бағалы тастар 0,01 грамға дейінгі, жасанды тастар 0,1 грамға дейінгі дәлдікпен өлшенеді.
Зергерлік және алтын бұйымдар 0,01 грамға, күміс бұйымдар 0,1 грамға дейінгі дәлдікпен өлшенеді.
Сатып алушының талабы бойынша оның көзінше бағалы металдардан және бағалы тастардан жасалған жапсырмасыз сатып алынған салмағы 1 килограммға дейінгі бұйымдарды өлшеу салмақты айқындаудың 0,01 грамнан аспайтын дәлсіздігі бар таразыларда және 1 килограмнан 10 килограмға дейінгілер айқындаудың 0,1 грамнан аспайтын дәлсіздігі бар таразыларда жүргізіледі.
145. Осы Қағидаларды көзделген алтыннан жасалған бұйымдарды сату тәртібі платина мен палладийден жасалған бұйымдарға толығымен қолданылады.
146. Қазақстан Республикасында өндірілген әрі оның аумағына әкелінген зергерлік бұйымдарды, үстелді жабдықтау, үй-жайды әсемдеу заттарын және қымбат бағалы металдардан (алтын,күміс, платина, палладий және олардың қорытпалары) жасалған басқа да бұйымдарды, бағалы тастары және інжу бар бұйымдарды, сондай-ақ жартылай бағалы, жасанды және синтетикалық тастардан жасалған көздері бар бағалы металдардан жасалған бұйымдарды сату бұлбұйымдарда дайындаушылардың таңба-бедерлері болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Қырланған бағалы табиғи тастарды және інжуді сату тек әрбір тасты немесе сатылатын тастардың жиынын бағалау (растау) туралы құжат болған жағдайда жүзеге асырылады.
147. Бағалы металдардан және бағалы тастардан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ қырланған бағалы табиғи тастарды сату кезінде жеке орама пайдаланылады.
148. Бұйымның маркалануының дұрыстығын, оның ішінде салмағын тексеру мақсатында жапсырманы алу талап етілетін жағдайда, кейіннен дүкеннің жапсырма-көшірмесінде актінің нөмірі көрсетіле отырып, акт жасалады. Дайындаушының жапсырмасы сақталады және бұйымға көшірмемен бірге ілінеді.
8-Параграф. Аудио, аудиожазба өнімдерін және электрондық
есептеу машиналары мен дерекқорларға арналған бағдарламаларды
сатуға қойылатын тәртібі
149. Материалдық тасығыштардың кез келген түріне жазылған аудиожазба туындыларының даналарын, фонограммаларды, электрондық есептеу машиналары мен дерекқорларға арналған бағдарламаларды сату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар сақтала отырып, аталған өнімді сататын сатушылар мен туындылар құқығын иеленушілердің арасындағы келісімнің негізінде жүргізіледі.
150. Сатушы аудиожазба туындыларына қатысты осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа сатып алушыға мынадай ақпаратты:
1) фильмнің, фильм түсірілген студияның атауы және оның шығарылған жылы;
2) негізгі фильмографиялық деректер (жанры, аннотациясы, сценарий авторы, режиссері, композиторы, басты ролді орындаушылар және т.б. туралы мәліметтер);
3) фильмнің ұзақтығы (минутпен);
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № № 17 Қаулысымен бектілген фильмнің индексі туралы ақпаратқа қойылатын талаптарына сәйкес рәсімделген фильм индексі туралы;
5) туындыға авторлық және (немесе) сабақтас құқықтырды иеленуші туралы мәліметтерді ұсынады.
151. Сатушы фонограмма данасына қатысты осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа сатып алушыға мынадай ақпарат ұсынады:
1) материалдық тасығышта жазылған әрбір музыкалық туындының атауы;
2) музыкалық туындының ұзақтығы (минутпен);
3) музыканың және музыкалық туынды сөзінің авторлары туралы мәліметтер;
4) туындыға авторлық және (немесе) сабақтас құқық иесі туралы мәліметтер.
152. Сатушы электрондық есептеу машиналары мен деректер қорына арналған бағдарламаларға қатысты осы Қағиданың 14-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа сатып алушыға мынадай ақпарат ұсынады:
1) электрондық есептеу машиналары мен деректер қорына арналған бағдарламаның атауы;
2) жүйелік талаптар;
3) аннотация, жанр;
4) туындыға авторлық және (немесе) сабақтас құқық иесі туралы мәліметтер;
5) "қораптық нұсқаны", бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған лицензияны сатып алу жолымен сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану.
153. Материалдық тасығыштардың кез келген түріне жазылған аудиожазба туындыларының, фонограммалардың, электрондық есептеу машиналарына, деректер қорына арналған бағдарламалардың даналарын сатуға орамада және (немесе) жапсырмада шығыс деректері:
1) өнім даналарын дайындаушының (импорттаушының) атауы мен орналасқан жері;
2) өнімнің данасының саны;
3) авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленуші туралы мәліметтер болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
154. Аудио-, аудиокөрнекі шығармалардың, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және кез келген материалдық тасығыштардағы дерекқорлардың даналарын сату тек сауда үйлері мен дүкендерде жүзеге асырылады.
155. Эротикалық мазмұны бар тауарды тек арнайы дүкендерде сатуға рұқсат етіледі.
156. Көрермен аудиториясының жастық шектелімі бар өнім өнімнің орамасында көрсетілген жасқа жеткен адамдарға ғана көрсетіледі және сатылады.
157. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңның 40-1-бабына сәйкес баланы порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді, өзге де заттарды не материалдарды дайындауға, жарнамалауға, көпшілік алдында көрсетуге немесе таратуға тарту, сол сияқты оларды балаға сату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.