Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар);
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар;
4) осы қаулыға 3-1-қосымшаға сәйкес туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелерінің тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Талаптардың 2-тарауын қоспағанда, осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және «Актуарлық статистикалық бюро» ЖШС-не мәлімет үшін жеткізсін.
5. Агенттіктің Төрайым қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 24 қаулысына 1-қосымша
Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды
жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе
турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi
сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және
беруге қойылатын талаптар
Ескерту. Талаптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Осы Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі (бұдан әрі – Заң), «Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге қойылатын талаптарды белгілейді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Сақтандыру полисі - сақтандырушы сақтанушыға беретін және сақтандыру шарты болып табылатын құжат.
2. Сақтандыру полисінде мынадай мәліметтер бар:
1) сақтандырушының атауы, тұрған жері, телефоны және банктік деректемелері;
2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмiрі, экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), сақтанушының мекенжайы (жеке тұлғалар үшiн);
3) сақтанушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), мекен-жайы, банктiк деректемелерi (заңды тұлғалар үшiн);
4) экономикалық қызмет түрі (заңды тұлғалар үшін);
5) сақтандыру түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына уәкiлеттi мемлекеттік орган берген мемлекеттiк лицензияның берiлген күнi, сериясы және нөмірi туралы мәлiметтер;
6) сақтандыру объектісін көрсету;
7) сақтандыру жағдайын көрсету;
8) сақтандыру сомасының мөлшері, сақтандыру төлемiнiң тәртібі және мерзімдері;
9) сақтандыру сыйлықақысының (егер ақы мәулетпен төленетiн болса, сақтандыру жарнасының) мөлшерi, валюта түрi, оны төлеу тәртібі мен мерзiмдері;
10) сақтандыру полисiнің қолданылатын аумағын көрсету;
11) сақтандыру полисiнiң қолданылу мерзiмi;
12) сақтандырылған адам (пайда алушы) туралы көрсету, егер ол сақтандыру шарты бойынша сақтаушы болып табылмаса;
13) тараптардың қолы;
14) сақтандыру полисiнің нөмірi;
15) сақтандыру полисiнің берiлген күнi;
16) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да мәлiметтер.
Экономика секторының коды және резиденттiк белгiсi (резидент/ резидент емес) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1011 тiркелген) сәйкес көрсетiледi.
Резиденттiк мәртебе «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады. Мыналар резиденттерге жатқызуға негiз болып табылады:
жеке тұлғалар үшiн - жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн), не Қазақстан Республикасында тұрақты өмiр сүру құқығын растайтын құжат (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшiн);
заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама немесе куәлiк.
Экономикалық қызмет түрі «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 81 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11769 тiркелген) 33-қосымшасына сәйкес көрсетiледi.
Егер сақтандыру полисiн филиал немесе сақтандырушы агент берсе, онда сондай-ақ филиал басшысының атауы, тұрған жерi, телефоны және фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе сақтандыру агентiнiң мекен-жайы, телефоны және фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) болуы тиiс.
Тараптардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерiнiң сипаттамасы сақтандыру полисiнiң сырт жағына мiндеттi түрде жазылады немесе оған қоса берiледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
3. Сақтандырудың міндетті түрлері (класстары) бойынша сақтандыру полисінде осы Талаптардың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерге қосымша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптар бар.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Сақтандыру полистерінің бланктерін полиграфиялық өнімді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар дайындай алады.
Бұл ретте сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру полистерінің бланктерінде кем дегенде қолдан жасаудан қорғайтын үш қорғау дәрежесі болуы тиіс, олардың ішінде микромәтін, ультракүлгін сәулесінің әсерімен анықталатын көрінбейтін элемент және тангерлік сетка міндетті болып табылады.
5. Сақтандыру полисi бланкiсінiң мәтiнi екi тiлде: мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылуы тиіс.
6. Сақтандыру полисiнің бланкi баспа мәтінімен не сиямен (шариктi қаламсаппен) қолмен толтырылады. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының (жарнаның) мөлшерi цифрмен және жазумен көрсетiледi.
7. Сақтандыру полисiнің мәтiнi оның сөз тiркесiнiң нақты мағынасына сәйкес түсiндiрілуi тиiс. Мәтiнде арнайы сақтандыру терминологиясы пайдаланылған жағдайда, оның толық және бiр мағыналы ұғымын беру қажет.
8. Сақтандыру полисiне келiсушi тараптар қол қояды және сақтандырушының және сақтанушының – заңды тұлғаның мөрi басылады. Сақтандыру агенті сақтандырушы мен сақтандыру агенті арасында жасалатын шартта тиісті өкілеттігі бар болған жағдайда, сақтандыру полисiне қол қояды. Сақтандырушы немесе сақтандыру агенті сақтандыру полисiнiң толтырылған бланкiне мөр басар алдында, сақтанушының қолы барына көз жеткiзуi тиiс.
9. Сақтандыру полисiн толтырғанда түзетулер мен дақтар болмауы тиiс.
10. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша сақтандырушы түпнұсқамен бiрдей заң күшi бар төлқұжат жазып бередi. Сақтандыру полисiнің бланкiнде оның бұрын шығарылған сақтандыру полисiнің төлқұжаты екенi туралы жоғалған сақтандыру полисiнің нөмірi көрсетiлген белгi болуы тиiс.
2. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің бланкін ресімдеу, нысаны, мазмұны және оны жасау
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі (бұдан әрі – міндетті сақтандыру) Талаптардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисіндегі сақтанушы (сақтандырылған), көлік құралы туралы мәліметтер сақтанушының өтініші негізінде сақтандыру шарты жасалатын, сақтанушының өтінішінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.
13. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің бланкі баспа мәтінімен толтырылады.
14. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінде Дерекқор базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым беретін, сақтандыру полисінің нөмірі болып табылатын бірегей нөмір болады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 95 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
15. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі Талаптардың 4-тармағында белгіленген талаптардан басқа мынадай талаптарға сәйкес келеді:
міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің бланкісі түсінің нөмірі Pantone шәкілі бойынша 701 болуы тиіс. Осы түс сақтандырудың өзге түрлері бойынша сақтандыру полистері үшін қолданылмайды;
міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің бланкісін өндіру кезінде қолданылатын қағазда жарыққа тосып қарағанда көрінетін «KAZ - ою - KAZ» деген су тамғы белгісі болуы тиіс.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
16. Талаптардың 13, 14 және 15-тармақтарында белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (әкелінген) көлік құралдары иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасау жағдайларына қолданылмайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 95 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық
жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру
полистерін ресімдеу және беру
Ескерту. 3-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
18. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша (бұдан әрі – туроператорды немесе турагенттi міндетті сақтандыру) сақтандыру полистері Талаптарға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.
19. Туроператорды немесе турагенттi мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистеріндегі сақтанушы туралы мәліметтер сақтандыру шарттарын жасауға негіз болатын сақтанушылар өтініштерінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келеді.
Сақтандыру полистері бланктерінің
мазмұнына және оларды жасауға, көлік
құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру,
туроператордың немесе турагенттiң
азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн
мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру
полистерін рәсімдеуге және беруге
қойылатын талаптарға 1-қосымша
Нысан
САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ ЛОГОТИПІ/
ЛОГОТИП СТРАХОВЩИКА
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚҰҚЫҒЫНА БЕРІЛГЕН
ЛИЦЕНЗИЯ/ЛИЦЕНЗИЯ НА ПРАВО ОСУЩЕСТВЛЕНИЯ СТРАХОВОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
№ _____________________
Берілген күні/ Дата выдачи ______________
БІРЕГЕЙ НӨМІР/ |
САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ/ |
Сериясы _____ № _____ |
УНИКАЛЬНЫЙ НОМЕР |
СТРАХОВОЙ ПОЛИС |
Серия _____№______ |
КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ИЕЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ/
ОБЯЗАТЕЛЬНОГО СТРАХОВАНИЯ ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВОЙ
ОТВЕТСТВЕННОСТИ ВЛАДЕЛЬЦЕВ ТРАНСПОРТНЫХ СРЕДСТВ
САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ТҮРІ/ |
КЕШЕНДІ ШАРТ/ |
ВИД ДОГОВОРА СТРАХОВАНИЯ |
КОМПЛЕКСНЫЙ ДОГОВОР |
СТАНДАРТТЫ ШАРТ/ |
СТАНДАРТНЫЙ ДОГОВОР |
САҚТАНУШЫ/СТРАХОВАТЕЛЬ
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін), атауы (заңды тұлға үшін)/ |
|||||
Тұрғылықты жері (орналасқан жері)/ |
|||||
ЖСН (жеке тұлға үшін)/БСН (заңды тұлға үшін)/ИИН (для физического лица)/БИН (для юридического лица) |
Резидент/Резидент (1), Бейрезидент/Нерезидент (2) |
Экономика секторының коды/Код сектора экономики |
|||
Банктік деректемелер/ Банковские реквизиты |
САҚТАНДЫРЫЛУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР/СВЕДЕНИЯ О ЗАСТРАХОВАННОМ
САҚТАНДЫРЫЛУШЫ/ЗАСТРАХОВАННЫЙ |
СЫНЫП/ |
ЖСН/ИИН |
|
1. |
|||
2. |
|||
3. |
|||
... |
КӨЛІК ҚҰРАЛЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР/СВЕДЕНИЯ О ТРАНСПОРТНОМ СРЕДСТВЕ
МАРКАСЫ, ҮЛГІСІ/ |
ТІРКЕУ НӨМІРІ/ |
ШАНАҚ НӨМІРІ/ |
|
1. |
|||
2. |
|||
3. |
|||
... |
САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ/СТРАХОВАЯ ПРЕМИЯ
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________ ТЕҢГЕ/ТЕНГЕ
(цифрлармен және жазумен/ цифрами и прописью)
САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ/
ПОРЯДОК И СРОКИ УПЛАТЫ СТРАХОВОЙ ПРЕМИИ
БӨЛІП ТӨЛЕУ/ БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМ/ |
|||||||||||
күні/ |
|||||||||||
сомасы/ |
САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ
20___ жылғы «__» __________ бастап
20___ жылғы «__» __________ аралығындағы
ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ/ СРОК ДЕЙСТВИЯ СТРАХОВОГО ПОЛИСА
с «__» __________ 20___ года
по «__» _________ 20___ года
Ерекше жағдайлар/
Особые условия ________________________________________________
_______________________________________________________________
____________________________________________________________
__________________________________________________ негізінде/на
основании 50% ЖЕҢІЛДІК БЕРІЛЕДІ/ПРЕДОСТАВЛЯЕТСЯ ЛЬГОТА 50%
Сақтандыру аумағы/ |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ/ |
Территория страхования |
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН |
САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ ЖАСАЛҒАН КҮНІ 20___ жылғы «__» _________
/ДАТА ЗАКЛЮЧЕНИЯ СТРАХОВОГО ПОЛИСА «__» ________ 20__ г
САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ |
|
САҚТАНУШЫНЫҢ ҚОЛЫ/ПОДПИСЬ СТРАХОВАТЕЛЯ ____ |
|
________________ |
________________ |
||
Сақтандыру агентінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) Шарт №/ Фамилия, имя, отчество (при его наличии) Страхового агента № Договора |
_____________________________________________________________________
САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ орналасқан жері, телефоны, факсы, банктік
_____________________________________________________________________
деректемелері/ Место нахождения СТРАХОВЩИКА, телефон, факс,
банковские реквизиты
_____________________________________________________________________
Сақтандыру бойынша бірыңғай деректер базасын қалыптастыру және
жүргізу ұйымының телефоны /
_____________________________________________________________________
Телефон организации по формированию и ведению единой базы данных по
страхованию
СЫРТ ЖАҒЫ/ОБОРОТНАЯ СТОРОНА
САҚТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ |
УСЛОВИЯ СТРАХОВАНИЯ |
1. Сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, жоғары қауiптілік көзi ретіндегі көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру объектiсi болып табылады. |
1. Объектом обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств является имущественный интерес застрахованного лица, связанный с его обязанностью, установленной гражданским законодательством Республики Казахстан, возместить вред, причиненный жизни, здоровью и (или) имуществу третьих лиц в результате эксплуатации транспортного средства как источника повышенной опасности. |
Сақтандыру полистері бланктерінің
мазмұнына және оларды жасауға, көлік
құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру,
туроператордың немесе турагенттiң
азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн
мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру
полистерін рәсімдеуге және беруге
қойылатын талаптарға 2-қосымша
Нысан
САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ ЛОГОТИПІ/
ЛОГОТИП СТРАХОВЩИКА
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚҰҚЫҒЫНА БЕРІЛГЕН ЛИЦЕНЗИЯ/ЛИЦЕНЗИЯ
НА ПРАВО ОСУЩЕСТВЛЕНИЯ СТРАХОВОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ №_____________________
Берілген күні /Дата выдачи ________________
САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ |
Сериясы ____№____ |
|
СТРАХОВОЙ ПОЛИС |
Серия____№____ |
ТУРОПЕРАТОРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ/
ОБЯЗАТЕЛЬНОГО СТРАХОВАНИЯ ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВОЙ
ОТВЕТСТВЕННОСТИ ТУРОПЕРАТОРА
САҚТАНУШЫ/ СТРАХОВАТЕЛЬ _____________________________________________
ТУРИСТІК ОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ЛИЦЕНЗИЯ (ТУРОПЕРАТОРДЫҢ
ҚЫЗМЕТІ)/ЛИЦЕНЗИЯ НА ТУРИСТСКУЮ ОПЕРАТОРСКУЮ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
(ТУРОПЕРАТОРСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ) №_______________________
Берілген күні/Дата выдачи __________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін), атауы (заңды тұлға үшін)/ Фамилия, имя, отчество (при его наличии) (для физического лица) наименование (для юридического лица) |
|||||
Тұрғылықты жері (орналасқан жері)/ Место жительства (место нахождения) |
|||||
ЖСН (жеке тұлға үшін)/БСН (заңды тұлға үшін)/ИИН (для физического лица)/БИН (для юридического лица) |
Резидент/Резидент (1), Бейрезидент/Нерезидент (2) |
Экономика секторының коды/Код сектора экономики |
|||
Банктік деректемелер/ Банковские реквизиты |
САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ/ СТРАХОВАЯ СУММА
_____________________________________________________________________
________________________________________________________ ТЕҢГЕ/ ТЕНГЕ
(цифрлармен және жазумен/цифрами и прописью)
САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ/ СТРАХОВАЯ ПРЕМИЯ
_____________________________________________________________________
________________________________________________________ ТЕҢГЕ/ ТЕНГЕ
(цифрлармен және жазумен/цифрами и прописью)
САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ/
ПОРЯДОК И СРОКИ УПЛАТЫ СТРАХОВОЙ ПРЕМИИ
БӨЛІП ТӨЛЕУ / БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМ/ |
|||||||||||
күні/ |
|||||||||||
сомасы/ |
САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ
20__ жылғы «__» __________ бастап
20__ жылғы «__» _________ аралығындағы
ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ/ СРОК ДЕЙСТВИЯ СТРАХОВОГО ПОЛИСА
с «__» __________ 20 года
по «__» _________ 20 года
Ерекше талаптар/Особые условия:______________________________________
_____________________________________________________________________
САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ ЖАСАЛҒАН КҮНІ 20__жылғы «__» ________ /
ДАТА ЗАКЛЮЧЕНИЯ СТРАХОВОГО ПОЛИСА «__» ________ 20__г.
САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ (сақтандыру агентінің) ҚОЛЫ / |
|
САҚТАНУШЫНЫҢ ҚОЛЫ / |
|
________________ |
________________ |
||
Сақтандыру агентінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) Шарт №/ |
_____________________________________________________________________
САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ орналасқан жері, телефоны, факсы, банктік
_____________________________________________________________________
деректемелері/Место нахождения СТРАХОВЩИКА, телефон, факс,
_____________________________________________________________________
банковские реквизиты
Cақтандыру полисінің бланкі баспа мәтінімен толтырылады/
Бланк страхового полиса заполняется печатным текстом
СЫРТ ЖАҒЫ/ОБОРОТНАЯ СТОРОНА
САҚТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ | УСЛОВИЯ СТРАХОВАНИЯ |
---|---|
1. Туроператордың туристiк өнiмдi қалыптастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған кезде туристiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды оның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетiне байланысты туроператордың мүлiктiк мүддесi туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi болып табылады. |
1. Объектом обязательного страхования гражданско-правовой ответственности туроператора является имущественный интерес туроператора, связанный с его обязанностью, установленной гражданским законодательством Республики Казахстан, возместить вред, причиненный имущественным и (или) иным интересам туриста при осуществлении деятельности по формированию туристского продукта. |
Сақтандыру полистері бланктерінің
мазмұнына және оларды жасауға, көлік
құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру,
туроператордың немесе турагенттiң
азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн
мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру
полистерін рәсімдеуге және беруге
қойылатын талаптарға 3-қосымша
Нысан
САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ ЛОГОТИПІ/
ЛОГОТИП СТРАХОВЩИКА
Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚҰҚЫҒЫНА БЕРІЛГЕН ЛИЦЕНЗИЯ/ЛИЦЕНЗИЯ
НА ПРАВО ОСУЩЕСТВЛЕНИЯ СТРАХОВОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ №______________________
Берілген күні/Дата выдачи _______________
САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ/ |
Сериясы_______№_______ |
ТУРАГЕНТТІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ/
ОБЯЗАТЕЛЬНОГО СТРАХОВАНИЯ ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ ТУРАГЕНТА
САҚТАНУШЫ/
СТРАХОВАТЕЛЬ ________________________________________________________
ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗЛІМІНЕН
ЖӘНЕ ТУРИСТІК МАРШРУТТАР МЕН ЖОЛДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН
ҮЗІНДІ-КӨШІРМЕ/ВЫПИСКА ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО РЕЕСТРА ЛИЦ,
ОСУЩЕСТВЛЯЮЩИХ ТУРИСТСКУЮ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ, И ГОСУДАРСТВЕННОГО РЕЕСТРА
ТУРИСТСКИХ МАРШРУТОВ И ТРОП №____________________
Берілген күні/Дата выдачи ___________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін), атауы (заңды тұлға үшін)/ |
|||||
Тұрғылықты жері (орналасқан орны)/ |
|||||
ЖСН (жеке тұлға үшін)/БСН (заңды тұлға үшін)/ИИН |
Резидент/Резидент (1), Бейрезидент/Нерезидент (2) |
Экономика секторының коды/Код сектора экономики |
|||
Банктік деректемелер/ |
САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ/СТРАХОВАЯ СУММА
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________ТЕҢГЕ/ТЕНГЕ
(цифрлармен және жазумен / цифрами и прописью)
САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ/СТРАХОВАЯ ПРЕМИЯ
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________ТЕҢГЕ/ТЕНГЕ
(цифрлармен және жазумен / цифрами и прописью)
САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ/
ПОРЯДОК И СРОКИ УПЛАТЫ СТРАХОВОЙ ПРЕМИИ
БӨЛІП ТӨЛЕУ/ БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМ/ |
|||||||||||
күні/ |
|||||||||||
сомасы/ |
САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ
20 жылғы «__» __________ бастап
20 жылғы «__» _________ аралығындағы
ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ /
СРОК ДЕЙСТВИЯ СТРАХОВОГО ПОЛИСА
с «__» __________ 20 года
по «__» _________ 20 года
Ерекше талаптар/Особые условия:______________________________________
_____________________________________________________________________
САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ ЖАСАЛҒАН КҮНІ 20__жылғы «__» _____/
ДАТА ЗАКЛЮЧЕНИЯ СТРАХОВОГО ПОЛИСА «__» ________ 20__г
САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ (сақтандыру агентінің) ҚОЛЫ / |
|
САҚТАНУШЫНЫҢ ҚОЛЫ/ ПОДПИСЬ СТРАХОВАТЕЛЯ ____ |
|
________________ |
________________ |
||
Сақтандыру агентінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) |
_____________________________________________________________________
САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ орналасқан жері, телефоны, факсы, банктік
_____________________________________________________________________
деректемелері/Место нахождения СТРАХОВЩИКА, телефон, факс,
_____________________________________________________________________
банковские реквизиты
Сақтандыру полисінің бланкі баспа мәтінімен толтырылады/
Бланк страхового полиса заполняется печатным текстом
СЫРТ ЖАҒЫ/ОБОРОТНАЯ СТОРОНА
САҚТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ | УСЛОВИЯ СТРАХОВАНИЯ |
---|---|
1. Туроператор қалыптастырған туристік өнімді ілгерілету және сату қызметiн жүзеге асырған кезде туристiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды өтеудің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген мiндеттемесiне байланысты турагенттiң мүлiктiк мүддесi туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi болып табылады. |
1. Объектом обязательного страхования гражданско-правовой ответственности турагента является имущественный интерес турагента, связанный с его обязанностью, установленной гражданским законодательством Республики Казахстан, возместить вред, причиненный имущественным и (или) иным интересам туриста при осуществлении деятельности по продвижению и реализации туристского продукта сформированного туроператором. |
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 24 қаулысына 2-қосымша
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 95 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Көлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушының өтініші мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 4-тармағына сәйкес сақтандыру шартының түрі;
2) өтініш иесі туралы мәліметтер:
фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, тұрғылықты мекені, туған жылы, жүргізуші куәлігінің сериясы, нөмірі, берілген күні, жүргізу өтілі (жеке тұлға үшін);
атауы, тұрған жері (заңды тұлға үшін);
телефон нөмірі;
жеке сәйкестендіру нөмiрі (жеке тұлға үшін) не бизнес-сәйкестендіру нөмiрі (заңды тұлға үшін);
экономика секторының коды;
резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес);
3) автокөлік құралы туралы мәліметтер (сақтандырудың кешенді шартын жасаған жағдайда әрбір көлік құралының бірлігі туралы мәліметтер көрсетіледі):
тіркеу орны;
көлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін) немесе көлік құралының тіркелгендігін растайтын өзге құжат (Қазақстан Республикасының резиденттері емес үшін);
көлік құралын пайдалану мақсаты;
Заңға сәйкес көлік құралының түрі;
маркасы;
моделі;
шыққан жылы;
қозғалтқыштың көлемі;
қозғалтқыштың қуаты;
меңгерікпен басқарудың орналасуы;
қозғалтқыштың нөмірі;
шанақтың нөмірі (бірегейлендіру нөмірі (VIN);
шанақтың (кабинаның) түсі;
4) сақтандыру мерзімі туралы мәліметтер;
5) сақтанушыға берілетін жеңілдіктер туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін):
Ұлы Отан соғысының қатысушы немесе Ұлы Отан соғысының қатысушысына теңестірілген тұлға куәлігінің нөмірі және берілген күні;
I, II топтағы мүгедек куәлігінің нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
зейнеткерлік куәлігінің нөмірі және берілген күні;
6) сақтанушының отбасылық жағдайы туралы мәліметтер;
7) сақтандырылған адам (сақтандырылған адамдар) туралы мәліметтер:
фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты;
туылған күні;
жеке сәйкестендіру нөмiрі;
тұрғылықты мекені;
отбасылық жағдайы;
жүргізу өтілі;
жүргізуші куәлігінің нөмірі, берілген күні;
8) қосарлы сақтандыру, көлік құралын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру туралы мәліметтер;
9) өтініш иесінің сақтандыру ұйымын өтініште көрсетілген деректердің өзгеруі туралы хабарлау міндеттемесі;
10) өтінішке қол қою күні және өтініш иесінің қолы;
11) өтінішті қабылдаған сақтандыру ұйымы/сақтандыру агенті қызметкерінің тегі, аты, бар болғанда - әкесінің аты.
Сақтанушы 2) тармақшаның екінші, үшінші, бесінші, жетінші абзацтарында, 3) тармақшаның екінші, үшінші, алтыншы - он төртінші абзацтарында, 5) тармақшада, 7) тармақшаның екінші - бесінші, жетінші, сегізінші абзацтарында, 8) тармақшада көзделген Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру туралы мәліметтерді растау бөлігіндегі мәліметтер бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 24 қаулысына 3-қосымша
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Өсімдік шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушының өтініші мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) ауыл шаруашылық мәдениеттің атауы;
2) өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері;
3) сақтанушы туралы мәліметтер:
фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, тұрғылықты мекені, туған жылы (жеке тұлға үшін);
атауы, тұрған жері (заңды тұлға үшін);
телефон нөмірі;
жеке сәйкестендіру нөмiрі (жеке тұлға үшін) не бизнес-сәйкестендіру нөмiрі (заңды тұлға үшін);
4) жалпы алқап, (га);
5) өсімдік шаруашылығы өнімінің барлық түрлері бойынша міндетті сақтандыру шартын жасау мерзімі туралы мәліметтер;
6) 1 га-ға жұмсалатын шығындардың нормативтері;
7) тұқымдық материал туралы мәліметтер;
8) өтініш беру кезінде егістіктің жай-күйі туралы мәліметтер;
9) өтінішке қол қою күні және өтініш иесінің қолы;
10) өтінішті қабылдаған сақтандыру ұйымы қызметкерінің фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, лауазымы, телефон нөмірі, өтініштерді қабылдау күні.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 24 қаулысына 3-1-қосымша
Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық
жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы
өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар және өтініште
көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелерінің
тізбесі
Ескерту. Талап 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Сақтанушының туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін арналған өтініші осы Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарға қосымшаға және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелерінің тізбесіне сәйкес нысан бойынша толтырылады және онда мыналар:
1) сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент), мекенжайы, телефоны (жеке тұлғалар үшін);
2) сақтанушының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент), банктік деректемелері, телефоны (заңды тұлғалар үшін);
3) экономика қызметінің түрі (заңды тұлғалар үшін);
4) сақтандыру сомасының мөлшерлері;
5) егер сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болып табылмаса, сақтандырылушы (пайда алушы) туралы нұсқау;
6) туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) берілген лицензия не турагенттік қызметті бастағаны туралы хабарлама туралы мәліметтер;
7) бұрын жасалған туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдері туралы ақпарат;
8) сақтандыру жағдайы басталуына және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға әкелуі мүмкін болатын оқиғалар туралы мәліметтер;
9) Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген мәліметтер;
10) туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін қажетті өзге де мәліметтер болады.
2. Өтінішке қоса өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын мына құжаттардың:
1) туристік операторлық қызметке берілген лицензияның не «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен турагенттік қызметінің басталғаны туралы хабарламаның;
2) бұрын жасалған туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелері беріледі.
Туроператордың немесе турагенттiң
азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн
мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін
сақтанушы өтінішінің мазмұнына
қойылатын талаптар және өтініште
көрсетілген мәліметтерді растайтын
құжаттар көшірмелерінің тізбесіне
қосымша
Нысан
Сақтанушының туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін өтініші
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін) |
|
ЖСН (жеке тұлғалар үшін) БСН (заңды тұлғалар үшін) |
|
Экономика секторының қоды |
|
Резиденттік белгісі |
|
Экономикалық қызмет түрі |
|
Тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) Орналасқан орны (заңды тұлғалар үшін) |
|
Банктік деректемелер |
|
Телефон |
|
Сақтандыру сомасы |
|
Егер сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болып табылмаса сақтандырылушы (пайда алушы) туралы нұсқау |
|
Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) берілген лицензия не турагенттік қызметті бастау туралы хабарлама жөніндегі мәліметтер |
|
Бұрын жасалған туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдері туралы ақпарат |
|
Сақтандыру жағдайы басталуына және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға әкелуі мүмкін болатын оқиғалар туралы мәліметтер |
|
Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген мәліметтер |
|
Өзге де мәліметтер |
|
Толтыру күні |
20__ жылғы «____»_______ |
Сақтанушы |
______________________________________ __________ |
Сақтандырушының өтінішті қабылдаған өкілінің деректері |
_________________________________________________ |
Лауазымы |
_________________________________________________ |
Телефоны |
_________________________________________________ |
Өтінішті қабылдау күні |
20__жылғы «____»_______ |
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 24 қаулысына 4-қосымша
Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Cақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі нұсқаулық» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1080 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы» 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 352 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1275 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандыру куәлігін (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегі нұсқаулықты бекiту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы» 2001 жылғы 28 сәуірдегі № 127 қаулысы(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1574 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1080 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 20 қарашадағы № 399 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2610 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 357 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3920 тіркелген, 2005 жылғы 2 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 160-161 (785) санында жарияланған).
6. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актісіне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысына қосымшаның 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, 2007 жылдың шілде-тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған).
7. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 178 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4835 тіркелген, 2007 жылғы 5 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 135 (1164) жарияланған).
8. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 қарашадағы № 253 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5083 тіркелген).
9. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 41 қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5213 тіркелген, 2008 жылғы 13 маусымда «Заң газеті» газетінде № 89 (1315) санында жарияланған).
10. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқытық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 178 қаулысына өзгеріс енгізу тарулы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5830 тіркелген, 2009 жылғы 26 қарашада «Заң газеті» газетінде № 181 (1604) санында жарияланған).