Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 197 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 желтоқсанда № 12364 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 269 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары - сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8329 тiркелген, 2013 жылғы 5 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесінде, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерінде, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібінде:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Міндетті жарналар мөлшерлемесін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Қор) директорлар кеңесі бекітеді.

      2. Ағымдағы қаржы жылына міндетті жарнаның негізгі мөлшерлемесін есептеу формуласын Қордың директорлар кеңесі бекітеді және ол әрбір 3 (үш) жылда қайта қаралуға жатады.

      Міндетті жарнаның негізгі мөлшерлемесін есептеу кезінде қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесі ескерілмейді.

      3. Әдістеменің 2-тармағына сәйкес айқындалатын міндетті жарна мөлшерлемесін Қор есептейді және ол есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан 0,35 (нөл бүтін жүзден отыз бес) пайыздан кем және есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан 2 (екі) пайыздан артық болмайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қор Әдістеменің 4-тармағында көзделген ақпаратты алғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жоғарылату коэффициентін ескере отырып, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісу бойынша міндетті жарналар мөлшерлемесін есептейді, бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына жібереді.

      Қатысушы сақтандыру ұйымдары жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы дәйексіз (толық емес) ақпаратты берген жағдайда, Қор міндетті жарналар мөлшерлемесін түзетуді жүргізеді. Бұл ретте, міндетті жарналар мөлшерлемесін азайтқан жағдайда, Қор қатысушы сақтандыру ұйымдарының артық төлеген сомаларын олардың ағымдағы қаржы жылы үшін төлейтін болашақ жарналары есебіне есептейді. Міндетті жарналар мөлшерлемесін ұлғайтқан жағдайда, қатысушы сақтандыру ұйымдары Қорға Әдістеменің 7-тармағында көзделген мерзімде қосымша сомаларды төлейді.

      Міндетті жарнаның негізгі мөлшерлемесі қатысушы сақтандыру ұйымының жиынтық (біріктірілген) балл мөлшеріне қарай тиісті жоғарылату коэффициентіне негізгі мөлшерлемені көбейту жолымен жеке ұлғайтылады. Жиынтық (біріктірілген) балл алдыңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша қатысушы сақтандыру ұйымының қаржылық жай-күйінің көрсеткіштері бойынша айқындалады, оның ішінде мынандай көрсеткіштер ескеріледі:

      таза сақтандыру сыйлықақыларының (қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде) меншікті капиталға қатынасы;

      сақтандыру сыйлықақыларының (қайта сақтандырушының үлесін ескергенде) меншікті капиталға қатынасы;

      сақтандырудың кепілдік берілген түрінің сақтандыру ұйымының жиынтық сақтандыру портфеліндегі және жалпы нарықтағы үлесі;

      сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар берешегінің меншікті капиталға қатынасы;

      төлем қабілеттілік маржасының жеткіліктілігі нормативін (Тмн) және өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін (Өжан) орындау;

      шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (аралас коэффициент);

      іс жүргізуге арналған шығыстардың (комиссиялық сыйақылар мен әкімшілік шығыстар) сақтандыру сыйлықақыларына қатынасы.

      Жоғарылату коэффициентінің, жиынтық (біріктірілген) балл мен қаржылық жай-күй көрсеткіштерінің мөлшерлерін Қордың директорлар кеңесі белгілейді.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ағымдағы қаржы жылына қосымша жарнаның мөлшерлемесін есептеу формуласын Қордың директорлар кеңесі бекітеді.

      10. Әдістеменің 9-тармағына сәйкес айқындалатын қосымша жарнаның мөлшерлемесін Қор есептейді және ол сақтандырудың кепілдік берілген түрі бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасынан 0 (нөл) пайыздан кем және 2 (екі) пайыздан артық болмайды.";

      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қор Әдістеменің 4-тармағында көзделген ақпаратты алғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша қосымша жарналардың мөлшерлемесін есептейді, бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына жазбаша түрде жібереді.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін Қордың директорлар кеңесі бекітеді.

      17. Ағымдағы қаржы жылына шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу формуласын Қордың директорлар кеңесі бекітеді және ол әрбір 3 (үш) жылда қайта қаралуға жатады.";

      19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қор барлық қатысушы сақтандыру ұйымдарынан Әдістеменің 4-тармағында көзделген ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептейді, бекітеді және оны қатысушы сақтандыру ұйымдарына жібереді.".

      3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 197 қаулысына
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 269 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 197 қаулысына
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 269 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 197 қаулысына 3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 269 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.