Сақтандыру полистері блантерінің мазмұны және оларды жасау, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисін рәсімдеу, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 24 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6171 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Бекітілсін:
      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру полистері блантерінің мазмұны және оларды жасау, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисін рәсімдеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық);
      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар;
      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар.
      2. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Нұсқаулықтың 2-тарауын қоспағанда, осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және «Актуарлық статистикалық бюро» ЖШС-не мәлімет үшін жеткізсін.
      5. Агенттіктің Төрайым қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                   Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы 
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен   
қадағалау агенттігі    
Басқармасының      
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 24 қаулысына 1-қосымша

Сақтандыру полистері блантерінің мазмұны және оларды жасау, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисін рәсімдеу жөніндегі нұсқаулық

      Осы Нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 43-бабының 22) тармақшасына, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисi бланкісінің мазмұнына және оларды әзірлеуге, сақтандыру полисiн рәсімдеуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ міндетті сақтандырудың кейбір түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау арыздарының мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Сақтандыру полисі - сақтандырушы сақтанушыға беретін және сақтандыру шарты болып табылатын құжат.
      2. Сақтандыру полисінде мынадай мәліметтер бар:
      1) сақтандырушының атауы, тұрған жері, телефоны және банктік деректемелері;
      2) сақтанушының фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса), салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмiрі, экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), мекен-жайы (жеке тұлғалар үшiн);
      3) сақтанушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), мекен-жайы, банктiк деректемелерi (заңды тұлғалар үшiн);
      4) экономикалық қызмет түрі (заңды тұлғалар үшін);
      5) сақтандыру түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына уәкiлеттi мемлекеттік орган берген мемлекеттiк лицензияның берiлген күнi, сериясы және нөмірi туралы мәлiметтер;
      6) сақтандыру объектісін көрсету;
      7) сақтандыру жағдайын көрсету;
      8) сақтандыру сомасының мөлшері, сақтандыру төлемiнiң тәртібі және мерзімдері;
      9) сақтандыру сыйлықақысының (егер ақы мәулетпен төленетiн болса, сақтандыру жарнасының) мөлшерi, валюта түрi, оны төлеу тәртібі мен мерзiмдері;
      10) сақтандыру полисiнің қолданылатын аумағын көрсету;
      11) сақтандыру полисiнiң қолданылу мерзiмi;
      12) сақтандырылған адам (пайда алушы) туралы көрсету, егер ол сақтандыру шарты бойынша сақтаушы болып табылмаса;
      13) тараптардың қолы;
      14) сақтандыру полисiнің нөмірi;
      15) сақтандыру полисiнің берiлген күнi;
      16) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да мәлiметтер.
      Экономика секторының коды және резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiн бекiту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1011 тiркелген) сәйкес көрсетiледi.
      Резиденттiк мәртебе «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады. Мыналар резиденттерге жатқызуға негiз болып табылады:
      жеке тұлғалар үшiн - жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн), не Қазақстан Республикасында тұрақты өмiр сүру құқығын растайтын құжат (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшiн);
      заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк.
      Экономикалық қызмет түрі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы № 329 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3348 тіркелген) бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесінің 26-қосымшасына сәйкес көрсетіледі.
      Егер сақтандыру полисiн филиал немесе сақтандырушы агент берсе, онда сондай-ақ филиал басшысының атауы, тұрған жерi, телефоны және фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе сақтандыру агентiнiң мекен-жайы, телефоны және фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) болуы тиiс.
      Тараптардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерiнiң сипаттамасы сақтандыру полисiнiң сырт жағына мiндеттi түрде жазылады немесе оған қоса берiледі.
      3. Сақтандырудың міндетті түрлері (класстары) бойынша сақтандыру полисінде осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерге қосымша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптар бар.
      4. Сақтандыру полистерінің бланктерін полиграфиялық өнімді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар дайындай алады.
      Бұл ретте сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру полистерінің бланктерінде кем дегенде қолдан жасаудан қорғайтын үш қорғау дәрежесі болуы тиіс, олардың ішінде микромәтін, ультракүлгін сәулесінің әсерімен анықталатын көрінбейтін элемент және тангерлік сетка міндетті болып табылады.
      5. Сақтандыру полисi бланкiсінiң мәтiнi екi тiлде: мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылуы тиіс.
      6. Сақтандыру полисiнің бланкi баспа мәтінімен не сиямен (шариктi қаламсаппен) қолмен толтырылады. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының (жарнаның) мөлшерi цифрмен және жазумен көрсетiледi.
      7. Сақтандыру полисiнің мәтiнi оның сөз тiркесiнiң нақты мағынасына сәйкес түсiндiрілуi тиiс. Мәтiнде арнайы сақтандыру терминологиясы пайдаланылған жағдайда, оның толық және бiр мағыналы ұғымын беру қажет.
      8. Сақтандыру полисiне келiсушi тараптар қол қояды және сақтандырушының және сақтанушының – заңды тұлғаның мөрi басылады. Сақтандыру агенті сақтандырушы мен сақтандыру агенті арасында жасалатын шартта тиісті өкілеттігі бар болған жағдайда, сақтандыру полисiне қол қояды. Сақтандырушы немесе сақтандыру агенті сақтандыру полисiнiң толтырылған бланкiне мөр басар алдында, сақтанушының қолы барына көз жеткiзуi тиiс.
      9. Сақтандыру полисiн толтырғанда түзетулер мен дақтар болмауы тиiс.
      10. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша сақтандырушы түпнұсқамен бiрдей заң күшi бар төлқұжат жазып бередi. Сақтандыру полисiнің бланкiнде оның бұрын шығарылған сақтандыру полисiнің төлқұжаты екенi туралы жоғалған сақтандыру полисiнің нөмірi көрсетiлген белгi болуы тиiс.

2-тарау. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің бланкісін рәсімдеу, нысаны, мазмұны және оны әзірлеу

      РҚАО-ның ескертуі!
      Нұсқаулықтың 2-тарауы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін (3-т. қараңыз).

      11. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі (бұдан әрі – міндетті сақтандыру) осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес беріледі.
      12. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисіндегі сақтанушы (сақтандырылған), көлік құралы туралы мәліметтер сақтанушының өтініші негізінде сақтандыру шарты жасалатын, сақтанушының өтінішінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.
      13. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің бланкі баспа мәтінімен толтырылады.
      14. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінде Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша деректер базасын құру және жүргізу жөніндегі ұйым иемденетін сақтандыру полисінің нөмірі болып табылатын бірегей нөмір бар.
      15. Осы Нұсқаулықтың 14 және 15-тармақтарында белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (әкелінген) көлік құралдарының иелерімен сақтандыру көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаған жағдайда қолданылмайды.
      16. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында белгіленген талаптардан басқа міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі бланкісінің түсі COLORIT № 7 A4 80гр/м2 Coral Red – 25 сериялы болуы тиіс. Осы серия сақтандырудың өзге түрлері бойынша сақтандыру полистері үшін қолданылмайды.
      міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің бланкісін өндіру кезінде қолданылатын қағазда әлсіз сәуледен көрінетін «KAZ» ерекше белгісі болуы тиіс.
      17. Сақтанушыға берілетін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисіне Заңның 22-1-бабына сәйкес көлік оқиғасының схемасын жасау мен үлгі нысандары жөніндегі ереже қоса беріледі.

Сақтандыру полисiн ресiмдеу   
жөніндегі және көлік құралдары
иелерінің азаматтық-құқықтық  
жауапкершілігін міндетті      
сақтандыру жөніндегі сақтандыру
полисi бланкінің нысанына,    
мазмұнына және оны жасауға    
қойылатын талаптарды белгілеу 
жөніндегі нұсқаулыққа қосымша 

Нысан

САҚТАНДЫРУШЫ ЛОГОТИПІ/ЛОГОТИП СТРАХОВЩИКА
Сериясы ОС/Серия ОС № ______________  
Берілген күні/дата выдачи __________

САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
ҚҰҚЫҒЫНА БЕРІЛГЕН ЛИЦЕНЗИЯ/    
ЛИЦЕНЗИЯ НА ПРАВО ОСУЩЕСТВЛЕНИЯ   
СТРАХОВОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ            

УНИКАЛДЫ НӨМІР      САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ   СЕРИЯ ____ № ________
УНИКАЛЬНЫЙ НОМЕР    СТРАХОВОЙ ПОЛИС

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
Обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств

САҚТАНДЫРУ КЕЛІСІМ-ШАРТ ТҮРІ/   КЕШЕНДІ КЕЛІСІМ-ШАРТ/КОМПЛЕКСНЫЙ
ВИД ДОГОВОРА СТРАХОВАНИЯ                                 ДОГОВОР
                               СТАНДАРТ КЕЛІСІМ-ШАРТ/СТАНДАРТНЫЙ
                                                          ДОГОВОР

САҚТАНУШЫ (аты-жөні, бар болғанда - әкесінің аты (жеке тұлға үшін), атауы (заңды тұлға үшін), мекен-жайы, банктік деректемелер, резиденті/резиденті емес, ЖСН (жеке тұлға үшін), БСН (заңды тұлға үшін), экономика секторының коды/СТРАХОВАТЕЛЬ (фамилия, имя, при наличии - отчество (для физического лица), наименование (для юридического лица), место нахождения (место жительства), банковские реквизиты (для юридического лица), резидент/нерезидент, код сектора экономики, ИИН (для физического лица), БИН (для юридического лица)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________САҚТАНДЫРЫЛУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР/СВЕДЕНИЯ О ЗАСТРАХОВАННОМ

САҚТАНДЫРЫЛУШЫНЫҢ АТЫ-ЖӨНІ/Ф.И.О. ЗАСТРАХОВАННОГО

СЫНЫП/КЛАСС

ЖСН/ИИН

1.




2.




3.




4.




КӨЛІК ҚҰРАЛЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР/СВЕДЕНИЯ О ТРАНСПОРТНОМ СРЕДСТВЕ

 МАРКАСЫ, ҮЛГІСІ/МАРКА, МОДЕЛЬ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ НӨМІРЛІК БЕЛГІСІ/ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕГИСТРАЦИОННЫЙ НОМЕРНОЙ ЗНАК

ШАНАҚ НӨМІРІ/НОМЕР КУЗОВА (VIN)

1.




2.




3.




4.




САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ МЕРЗІМДЕРІ/ПОРЯДОК И СРОКИ УПЛАТЫ СТРАХОВОЙ ПРЕМИИ

МЕРЗІМІН ҰЗАРТЫП/В РАССРОЧКУ

Датасы/дата












Соммасы/ сумма












САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ/ _______________________________ ТЕҢГЕ/ТЕНГЕ
СТРАХОВАЯ ПРЕМИЯ       (цифрмен және жазбаша/цифрами и прописью)

CАҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ    с «__» ___________ 20__ ж./г. бастап
                          по «__» ___________ 20__ж./г. дейін
ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ/
СРОК ДЕЙСТВИЯ    (екі даталарды қоса алғанда/обе даты включительно)
СТРАХОВОГО ПОЛИСА
 
 
САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН ЖАСАСУ УАҚЫТЫ/   «____» ________ 20__ ж./ г
ДАТА ЗАКЛЮЧЕНИЯ СТРАХОВОГО ПОЛИСА

Ерекше жағдайлар / особые условия:                       _
50% ЖЕҢІЛДІК БЕРІЛЕДІ/ПРЕДОСТАВЛЯЕТСЯ ЛЬГОТА 50%        | |
                              (белгі қоятын орын/место для галочки)

САҚТАНДЫРУШЫ (Сақтандыру агентінің) ҚОЛЫ
САҚТАНУШЫ ҚОЛЫ
ПОДПИСЬ СТРАХОВЩИКА (страхового агента)
ПОДПИСЬ СТРАХОВАТЕЛЯ                                         М.О
Сақтандыру агентінің аты-жөні/Ф.И.О Страхового агента
Келісім-шарт №/№ Договора

САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ мекен-жайы, телефон, факс, банктік деректемелерМесто нахождения СТРАХОВЩИКА, телефон, факс, банковские реквизиты
Телефон: Организации по формированию и ведению базы данных по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности (ТОО «Актуарное статистическое бюро»)

ОБОРОТНАЯ СТОРОНА

САҚТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ

УСЛОВИЯ СТРАХОВАНИЯ

1. Сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарында белгiленген, жоғары қауiптілік көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру объектiсi болып табылады.
2. Сақтандырылушының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында (бұдан әрі - Шарт) көрсетiлген, көлiк құралдарын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактіci сақтандыру жағдайы деп танылады.
3. Бiр сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi мынаны құрайды (айлық есептiк көрсеткiшпен):
1) әрбiр жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн және ол мыналарға әкеп соқса: қайтыс болуына - 1000, мүгедектiктiң: I тобы белгiленуiне - 800, II тобы белгiленуiне - 600, III тобы белгiленуiне - 500, "мүгедек балаға" - 500; мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де бұзылуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемiнiң мөлшерi стационарлық емделудiң әрбiр күнi үшiн кемiнде 2 айлық есептiк көрсеткiштi құрауы тиiс;
2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес;
3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбiрленушiге 2000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.
4. Қаза болуына немесе мүгедектiк белгiленуiне әкеп соққан, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi осы талаптардың 3-тармағында белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерiнде жүзеге асырылады.
5. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 25-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төлейдi.
6. Сақтанушы:
1) сақтандырушыдан көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру талаптарын, Шарт бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
2) деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйымнан мiндетiне сақтанушы жөнiндегi мәлiметтердi деректер базасына енгiзу кiретiн сақтандырушының сақтанушымен жасасқан Шарт туралы мәлiметтердiң деректер базасында бар екендiгi туралы ақпаратты сұратуға құқылы. Осы құқық сақтандырылған адамға да қолданылады;
3) сақтандыру полисiн жоғалтып алған жағдайда оның дубликатын алуға;
4) мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;
5) келтiрiлген зиянның мөлшерiне тәуелсiз сарапшы жүргiзген бағалаудың нәтижелерiмен және сақтандырушы жүзеге асырған сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;
6) Шартты мерзiмiнен бұрын тоқтатуға;
7) Шарттан туындаған мәселелерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманға өтініш жасауға;
8) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен дауласуға;
9) сақтандыру төлемiн Заңмен көзделген жағдайларда алуға құқылы.
7. Сақтанушы:
1) Шартты жасасу кезiнде Заңға сәйкес Шартқа енгiзу үшiн қажеттi, соның ішінде қосарланған сақтандыру, көлік құралдарын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасы аумағына уақытша кіру және Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқық туралы мәлiметтердi сақтандырушыға ұсынуға;
2) сақтандыру сыйлықақыларын Шартта белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;
3) көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы Шартты жасасқан caқтандырушыға хабарлауға мiндеттi. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен (жетпiс екi сағат iшiнде) жазбаша түрде расталуға тиiс. Сақтанушы мен сақтандырылушы бiр тұлға болып табылмайтын жағдайларда, көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлау жөнiндегi мiндет сақтандырылушыға жүктеледi. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелдi себептермен аталған iс-әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиiс;
4) көлiк оқиғасы болған кезде жәбiрленушілерге және жол полициясы қызметкерлерiне олардың талабы бойынша Шартты жасасқан сақтандырушының атауын және орналасқан жерiн хабарлауға;
5) көлiк оқиғасы болған кезде ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшiн қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолдан келетiн шараларды, оның iшiнде зардап шеккен адамдардың мүлкiн құтқару және оларға көмек көрсету шараларын қолдануға;
6) көлiк оқиғасы және зардап шеккен адамдар туралы тиiстi органдарға және ұйымдарға олардың құзыретiне орай (iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметiне, авариямен күрес қызметiне) хабарлауға;
7) көлік оқиғасы жасалған кезде кідіріссіз, бірақ уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша жолдамасын алған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуге;
8) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлаған күннен бастап кідірiссiз, бiрақ екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл туралы жәбiрленушiге хабарлауға;
9) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
8. Сақтанушының 7-тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында аталған мiндеттерi көлiк оқиғасы болған кезде көлiк құралын тiкелей жүргiзген адамға жүктеледi.
9. Сақтандырушы:
1) Шартты жасасқан кезде сақтанушыдан осының алдындағы Шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты беруiн талап етуге;
2) тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттарды сұратуға;
3) көлік оқиғасының себептерін және өзге де мән-жайларын анықтауға;
4) Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға, керi талап қоюға;
5) Заңның 29-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
10. Сақтандырушы:
1) caқтанушыны (сақтандырылушыны) көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен таныстыруға, оның Шарттан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;
2) Шартты жасасқаннан кейiн сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруге;
3) Заңның 11 және 12-баптарында көзделген жағдайларда сақтандыру полисiне өзгерiстер енгiзуге;
4) Заңның 20-бабы 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу жөнiнде жеңiлдiк жасауға;
5) көлiк оқиғасы туралы хабар алынған кезде оны кiдiрiссiз тiркеуге;
6) жәбiрленушiнiң немесе Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтеткiзуге құқығы бар адамдардың жазбаша өтiнiшiн алған күнiнен бастап жұмыс күнi iшiнде сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлiк оқиғасына кiнәлi болып табылатын сақтанушының сақтандыру полисiнiң (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралының мемлекеттік тiркеу нөмірлiк белгісі, нөмiрi және берiлген күнi) бар екендiгi туралы жазбаша мәлiметтi беруге;
7) Заңда белгіленген мерзімде және тәртіпте сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің өтініші бойынша зақымдалған (жойылған) мүлікке тәуелсіз сарапшыда бағалау жүргізуді ұйымдастыруға және бағалау туралы есепті пайда алушыға танысу үшін ұсынуға;
8) Заңның 25-бабы 2-тармағының көзделген құжаттарды сақтандырушы тапсырмаған жағдайда үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша оған хабарлауға;
9) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде жасауға;
10) сақтанушыға (сақтандырылушыға) олардың сақтандыру жағдайы кезiнде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатымен жұмсаған шығыстарын өтеуге;
11) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi.
11. Шарттың орындалуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі, егер де Қазақстан Республикасымен жасасқан халықаралық шарттында басқасы көзделмесе.
12. Сақтанушы (пайда алушы) өзінің мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау үшін Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) немесе Сақтандыру омбудсманына баруына құқылы.
Сақтанушы (пайда алушы) тәуелсіз сарапшылар жөніндегі мәліметтер бойынша Агенттікке өтініш жасауға, сондай–ақ Агенттіктің www.afn.kz ресми сайтынан табуға болады.

1. Объектом обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств является имущественный интерес застрахованного лица, связанный с его обязанностью, установленной гражданским законодательством Республики Казахстан, возместить вред, причиненный жизни, здоровью и (или) имуществу третьих лиц в результате эксплуатации транспортного средства как источника повышенной опасности.
2. Страховым случаем признается факт наступления гражданско-правовой ответственности застрахованного по возмещению вреда, причиненного жизни, здоровью и (или) имуществу лиц, признанных потерпевшими, в результате эксплуатации застрахованным транспортного средства, указанного в договоре обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств (далее – Договор).
3. Предельный объем ответственности страховщика по одному страховому случаю (страховая сумма) составляет (в месячных расчетных показателях):
1) за вред, причиненный жизни или здоровью каждого потерпевшего и повлекший: гибель - 1000; установление инвалидности: I группы - 800, II группы - 600, III группы - 500; "ребенок-инвалид" - 500;
увечье, травму или иное повреждение здоровья без установления инвалидности - в размере фактических расходов на амбулаторное и (или) стационарное лечение, но не более 300. При этом размер страховой выплаты за каждый день стационарного лечения должен составлять не менее 2 МРП;
2) за вред, причиненный имуществу одного потерпевшего, - в размере причиненного вреда, но не более 600;
3) за вред, причиненный одновременно имуществу двух и более потерпевших, - в размере причиненного вреда, но не более 600 каждому потерпевшему. При этом общий размер страховых выплат всем потерпевшим не может превышать 2000. В случае превышения размера вреда над предельным объемом ответственности страховщика страховая выплата каждому потерпевшему осуществляется соразмерно степени вреда, причиненного его имуществу.
4. Страховая выплата за вред, причиненный жизни и здоровью потерпевшего, повлекший гибель или установление инвалидности, осуществляется в размере предельного объема ответственности страховщика, установленного пунктом 3 настоящих условий.
5. Страховая выплата производится страховщиком в течение пятнадцати рабочих дней со дня получения им документов, предусмотренных статьей 25 Закона Республики Казахстан от 1 июля 2003 года «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств» (далее – Закон).
6. Страхователь вправе:
1) требовать от страховщика разъяснения условий обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств, своих прав и обязанностей по Договору;
2) запросить от организации по формированию и ведению базы данных информацию о наличии в базе данных сведений о Договоре, заключенном страхователем со страховщиком, в обязанности которого входит внесение сведений по нему в базу данных. Данное право распространяется также на застрахованного;
3) получить дубликат страхового полиса в случае его утери;
4) воспользоваться услугами независимого эксперта для оценки размера причиненного имуществу потерпевшего;
5) ознакомиться с результатами оценки размера причиненного вреда, произведенной независимым экспертом, и расчетами размера страховой выплаты, осуществленными страховщиком;
6) досрочно прекратить Договор;
7) обратиться к страховому омбудсману для урегулирования вопросов, возникающих из Договора;
8) оспорить в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, решение страховщика об отказе в осуществлении страховой выплаты или уменьшении ее размера;
9) получить страховую выплату в случаях, предусмотренных Законом.
7. Страхователь обязан:
1) при заключении Договора предоставить страховщику сведения, необходимые для внесения в Договор в соответствии с Законом, в том числе о двойном страховании, сезонной эксплуатации транспортного средства, временном въезде на территорию Республики Казахстан и праве на уменьшение размера страховой премии в порядке, предусмотренном Законом;
2) уплачивать страховые премии в размере, порядке и сроки, которые установлены Договором;
3) незамедлительно, но не позднее трех рабочих дней, как ему стало известно о наступлении транспортного происшествия и страхового случая, уведомить об этом страховщика, с которым заключен Договор, доступным способом (устно, письменно). Сообщение в устной форме должно быть в последующем (в течение семидесяти двух часов) подтверждено письменно. В случаях, когда страхователь и застрахованный не являются одним и тем же лицом, то обязанность по информированию страховщика о наступлении транспортного происшествия и страхового случая возлагается на застрахованного. Если страхователь (застрахованный) по уважительным причинам не имел возможности выполнить указанные действия, он должен подтвердить это документально;
4) при совершении транспортного происшествия сообщить потерпевшим и сотрудникам дорожной полиции по их требованию наименование и местонахождение страховщика, с которым заключен Договор;
5) при совершении транспортного происшествия принять разумные и доступные в сложившихся обстоятельствах меры, чтобы предотвратить или уменьшить возможные убытки, в том числе меры к спасению имущества и оказанию помощи пострадавшим лицам;
6) сообщить в соответствующие органы и организации, исходя из их компетенции (подразделения дорожной полиции органов внутренних дел, органы противопожарной службы, службу скорой медицинской помощи, аварийные службы), о транспортном происшествии и пострадавших лицах;
7) при совершении транспортного происшествия незамедлительно, но не позднее двух часов с момента получения письменного направления уполномоченного должностного лица пройти медицинское освидетельствование для установления факта употребления психоактивного вещества и состояния опьянения в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан;
8) незамедлительно, но не позднее двух рабочих дней со дня сообщения, страховщику о наступлении страхового случая уведомить об этом потерпевшего;
9) обеспечить переход к страховщику права обратного требования к лицу, ответственному за наступление страхового случая.
8. Обязанности страхователя, указанные в подпунктах 4), 5) и 6) пункта 7, возлагаются на лицо, непосредственно управлявшее транспортным средством в момент транспортного происшествия.
9. Страховщик вправе:
1) при заключении Договора требовать от страхователя предоставления информации о предшествующих Договорах, страховых случаях и страховых выплатах;
2) запрашивать у соответствующих государственных органов и организаций, исходя из их компетенции, документы, подтверждающие факт наступления страхового случая и размер вреда, причиненного потерпевшим;
3) устанавливать причины и иные обстоятельства транспортного происшествия;
4) предъявлять право обратного требования лицу, ответственному за причинение вреда, в случаях, предусмотренных статьей 28 Закона;
5) отказать в осуществлении страховой выплаты полностью или частично по основаниям, предусмотренным статьей 29 Закона.
10. Страховщик обязан:
1) ознакомить страхователя (застрахованного) с условиями обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств, разъяснить его права и обязанности, возникающие из Договора;
2) по заключении Договора выдать страхователю (застрахованному) страховой полис;
3) в случаях, предусмотренных статьями 11 и 12 Закона, внести изменения в страховой полис;
4) предоставить льготу по уплате страховой премии лицам, указанным в части первой пункта 1 статьи 20 Закона;
5) при получении сообщения о транспортном происшествии незамедлительно зарегистрировать его;
6) в течение рабочего дня с даты получения письменного обращения потерпевшего или лица, имеющего согласно законам Республики Казахстан право на возмещение вреда в связи со смертью потерпевшего, письменно представить сведения о наличии страхового полиса (фамилия, имя, при наличии - отчество страхователя, государственный регистрационный номерной знак транспортного средства, номер и дата выдачи) у страхователя, являющегося виновником транспортного происшествия, при наличии документа, подтверждающего страховой случай;
7) в сроки и порядке, установленные Законом, организовать по заявлению на проведение оценки страхователя (застрахованного) либо потерпевшего (выгодоприобретателя) или их представителей оценку у независимого эксперта поврежденного (уничтоженного) имущества и представить отчет об оценке на ознакомление выгодоприобретателю;
8) в случае непредставления страхователем документов, предусмотренных пунктом 2 статьи 25 Закона, незамедлительно, но не позднее трех рабочих дней, письменно уведомить его о недостающих документах;
9) при наступлении страхового случая произвести страховую выплату в размере, порядке и сроки, которые установлены Законом;
10) возместить страхователю (застрахованному) расходы, понесенные им в целях предотвращения или уменьшения убытков при страховом случае;
11) обеспечить тайну страхования.
11. Действие Договора ограничивается территорией Республики Казахстан, если иное не предусмотрено международным договором, заключенным Республикой Казахстан.
12. Страхователь (выгодоприобретатель) вправе обратиться в Агентство Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) либо Страховому омбудсману за защитой своих законных прав и интересов.
За информацией о независимых экспертах страхователь (выгодоприобретатель) может обратиться в Агентство, также данная информация доступна на официальном сайте Агентства www.afn.kz.

Қазақстан Республикасы 
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен   
қадағалау агенттігі    
Басқармасының      
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 24 қаулысына 2-қосымша

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар

      Көлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушының өтініші мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 4-тармағына сәйкес сақтандыру шартының түрі;
      2) өтініш иесі туралы мәліметтер:
      фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, тұрғылықты мекені, туған жылы, жүргізуші куәлігінің сериясы, нөмірі, берілген күні, жүргізу өтілі (жеке тұлға үшін);
      атауы, тұрған жері (заңды тұлға үшін);
      телефон нөмірі;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке бірегейлендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) не бизнес-бірегейлендіру нөмірі (заңды тұлға үшін);
      экономика секторының коды;
      резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес);
      3) автокөлік құралы туралы мәліметтер (сақтандырудың кешенді шартын жасаған жағдайда әрбір көлік құралының бірлігі туралы мәліметтер көрсетіледі):
      тіркеу орны;
      көлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін) немесе көлік құралының тіркелгендігін растайтын өзге құжат (Қазақстан Республикасының резиденттері емес үшін);
      көлік құралын пайдалану мақсаты;
      Заңға сәйкес көлік құралының түрі;
      маркасы;
      моделі;
      шыққан жылы;
      қозғалтқыштың көлемі;
      қозғалтқыштың қуаты;
      меңгерікпен басқарудың орналасуы;
      қозғалтқыштың нөмірі;
      шанақтың нөмірі (бірегейлендіру нөмірі (VIN);
      шанақтың (кабинаның) түсі;
      4) сақтандыру мерзімі туралы мәліметтер;
      5) сақтанушыға берілетін жеңілдіктер туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін):
      Ұлы Отан соғысының қатысушы немесе Ұлы Отан соғысының қатысушысына теңестірілген тұлға куәлігінің нөмірі және берілген күні;
      I, II топтағы мүгедек куәлігінің нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
      зейнеткерлік куәлігінің нөмірі және берілген күні;
      6) сақтанушының отбасылық жағдайы туралы мәліметтер;
      7) сақтандырылған адам (сақтандырылған адамдар) туралы мәліметтер:
      фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты;
      туылған күні;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке бірегейлендіру нөмірі;
      тұрғылықты мекені;
      отбасылық жағдайы;
      жүргізу өтілі;
      жүргізуші куәлігінің нөмірі, берілген күні;
      8) қосарлы сақтандыру, көлік құралын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру туралы мәліметтер;
      9) өтініш иесінің сақтандыру ұйымын өтініште көрсетілген деректердің өзгеруі туралы хабарлау міндеттемесі;
      10) өтінішке қол қою күні және өтініш иесінің қолы;
      11) өтінішті қабылдаған сақтандыру ұйымы қызметкерінің фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, лауазымы, телефон нөмірі, өтініштерді қабылдау күні.
      Сақтанушы 2) тармақшаның екінші, үшінші, бесінші, жетінші абзацтарында, 3) тармақшаның екінші, үшінші, алтыншыдан он төртінші аралығындағы абзацтарында, 5) тармақшада, 7) тармақшаның екіншіден төртінші аралығындағы, атыншы, жетінші абзацтарында, 8) тармақшада көзделген Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру туралы мәліметтерді растау бөлігіндегі мәліметтер бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса береді.

Қазақстан Республикасы 
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен   
қадағалау агенттігі    
Басқармасының      
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 24 қаулысына 3-қосымша

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар

      Өсімдік шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушының өтініші мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) ауыл шаруашылық мәдениеттің атауы;
      2) өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері;
      3) сақтанушы туралы мәліметтер:
      фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, тұрғылықты мекені, туған жылы (жеке тұлға үшін);
      атауы, тұрған жері (заңды тұлға үшін);
      телефон нөмірі;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке бірегейлендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) не бизнес-бірегейлендіру нөмірі (заңды тұлға үшін);
      4) жалпы алқап, (га);
      5) өсімдік шаруашылығы өнімінің барлық түрлері бойынша міндетті сақтандыру шартын жасау мерзімі туралы мәліметтер;
      6) 1 га-ға жұмсалатын шығындардың нормативтері;
      7) тұқымдық материал туралы мәліметтер;
      8) өтініш беру кезінде егістіктің жай-күйі туралы мәліметтер;
      9) өтінішке қол қою күні және өтініш иесінің қолы;
      10) өтінішті қабылдаған сақтандыру ұйымы қызметкерінің фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, лауазымы, телефон нөмірі, өтініштерді қабылдау күні.

Қазақстан Республикасы 
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен   
қадағалау агенттігі    
Басқармасының      
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 24 қаулысына 4-қосымша

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Cақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі нұсқаулық» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1080 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы» 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 352 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1275 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандыру куәлігін (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегі нұсқаулықты бекiту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы» 2001 жылғы 28 сәуірдегі № 127 қаулысы(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1574 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1080 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 20 қарашадағы № 399 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2610 тіркелген).
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 357 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3920 тіркелген, 2005 жылғы 2 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 160-161 (785) санында жарияланған).
      6. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актісіне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысына қосымшаның 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, 2007 жылдың шілде-тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған).
      7. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 178 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4835 тіркелген, 2007 жылғы 5 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 135 (1164) жарияланған).
      8. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 қарашадағы № 253 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5083 тіркелген).
      9. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 41 қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5213 тіркелген, 2008 жылғы 13 маусымда «Заң газеті» газетінде № 89 (1315) санында жарияланған).
      10. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқытық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 178 қаулысына өзгеріс енгізу тарулы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5830 тіркелген, 2009 жылғы 26 қарашада «Заң газеті» газетінде № 181 (1604) санында жарияланған).