Қолданушылардың назарына!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бекітілсін:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру полистері блантерінің мазмұны және оларды жасау, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисін рәсімдеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық);
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар.
2. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Нұсқаулықтың 2-тарауын қоспағанда, осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және «Актуарлық статистикалық бюро» ЖШС-не мәлімет үшін жеткізсін.
5. Агенттіктің Төрайым қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 24 қаулысына 1-қосымша
Сақтандыру полистері блантерінің мазмұны және оларды жасау, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисін рәсімдеу жөніндегі нұсқаулық
Осы Нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 43-бабының 22) тармақшасына, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисi бланкісінің мазмұнына және оларды әзірлеуге, сақтандыру полисiн рәсімдеуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ міндетті сақтандырудың кейбір түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау арыздарының мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сақтандыру полисі - сақтандырушы сақтанушыға беретін және сақтандыру шарты болып табылатын құжат.
2. Сақтандыру полисінде мынадай мәліметтер бар:
1) сақтандырушының атауы, тұрған жері, телефоны және банктік деректемелері;
2) сақтанушының фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса), салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмiрі, экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), мекен-жайы (жеке тұлғалар үшiн);
3) сақтанушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес), мекен-жайы, банктiк деректемелерi (заңды тұлғалар үшiн);
4) экономикалық қызмет түрі (заңды тұлғалар үшін);
5) сақтандыру түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына уәкiлеттi мемлекеттік орган берген мемлекеттiк лицензияның берiлген күнi, сериясы және нөмірi туралы мәлiметтер;
6) сақтандыру объектісін көрсету;
7) сақтандыру жағдайын көрсету;
8) сақтандыру сомасының мөлшері, сақтандыру төлемiнiң тәртібі және мерзімдері;
9) сақтандыру сыйлықақысының (егер ақы мәулетпен төленетiн болса, сақтандыру жарнасының) мөлшерi, валюта түрi, оны төлеу тәртібі мен мерзiмдері;
10) сақтандыру полисiнің қолданылатын аумағын көрсету;
11) сақтандыру полисiнiң қолданылу мерзiмi;
12) сақтандырылған адам (пайда алушы) туралы көрсету, егер ол сақтандыру шарты бойынша сақтаушы болып табылмаса;
13) тараптардың қолы;
14) сақтандыру полисiнің нөмірi;
15) сақтандыру полисiнің берiлген күнi;
16) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да мәлiметтер.
Экономика секторының коды және резиденттiк белгiсi (резидент/резидент емес) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiн бекiту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1011 тiркелген) сәйкес көрсетiледi.
Резиденттiк мәртебе «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады. Мыналар резиденттерге жатқызуға негiз болып табылады:
жеке тұлғалар үшiн - жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн), не Қазақстан Республикасында тұрақты өмiр сүру құқығын растайтын құжат (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшiн);
заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк.
Экономикалық қызмет түрі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы № 329 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3348 тіркелген) бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесінің 26-қосымшасына сәйкес көрсетіледі.
Егер сақтандыру полисiн филиал немесе сақтандырушы агент берсе, онда сондай-ақ филиал басшысының атауы, тұрған жерi, телефоны және фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе сақтандыру агентiнiң мекен-жайы, телефоны және фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) болуы тиiс.
Тараптардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерiнiң сипаттамасы сақтандыру полисiнiң сырт жағына мiндеттi түрде жазылады немесе оған қоса берiледі.
3. Сақтандырудың міндетті түрлері (класстары) бойынша сақтандыру полисінде осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерге қосымша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптар бар.
4. Сақтандыру полистерінің бланктерін полиграфиялық өнімді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар дайындай алады.
Бұл ретте сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру полистерінің бланктерінде кем дегенде қолдан жасаудан қорғайтын үш қорғау дәрежесі болуы тиіс, олардың ішінде микромәтін, ультракүлгін сәулесінің әсерімен анықталатын көрінбейтін элемент және тангерлік сетка міндетті болып табылады.
5. Сақтандыру полисi бланкiсінiң мәтiнi екi тiлде: мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылуы тиіс.
6. Сақтандыру полисiнің бланкi баспа мәтінімен не сиямен (шариктi қаламсаппен) қолмен толтырылады. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының (жарнаның) мөлшерi цифрмен және жазумен көрсетiледi.
7. Сақтандыру полисiнің мәтiнi оның сөз тiркесiнiң нақты мағынасына сәйкес түсiндiрілуi тиiс. Мәтiнде арнайы сақтандыру терминологиясы пайдаланылған жағдайда, оның толық және бiр мағыналы ұғымын беру қажет.
8. Сақтандыру полисiне келiсушi тараптар қол қояды және сақтандырушының және сақтанушының – заңды тұлғаның мөрi басылады. Сақтандыру агенті сақтандырушы мен сақтандыру агенті арасында жасалатын шартта тиісті өкілеттігі бар болған жағдайда, сақтандыру полисiне қол қояды. Сақтандырушы немесе сақтандыру агенті сақтандыру полисiнiң толтырылған бланкiне мөр басар алдында, сақтанушының қолы барына көз жеткiзуi тиiс.
9. Сақтандыру полисiн толтырғанда түзетулер мен дақтар болмауы тиiс.
10. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша сақтандырушы түпнұсқамен бiрдей заң күшi бар төлқұжат жазып бередi. Сақтандыру полисiнің бланкiнде оның бұрын шығарылған сақтандыру полисiнің төлқұжаты екенi туралы жоғалған сақтандыру полисiнің нөмірi көрсетiлген белгi болуы тиiс.
2-тарау. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің бланкісін рәсімдеу, нысаны, мазмұны және оны әзірлеу
РҚАО-ның ескертуі!
Нұсқаулықтың 2-тарауы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін (3-т. қараңыз).
11. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі (бұдан әрі – міндетті сақтандыру) осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес беріледі.
12. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисіндегі сақтанушы (сақтандырылған), көлік құралы туралы мәліметтер сақтанушының өтініші негізінде сақтандыру шарты жасалатын, сақтанушының өтінішінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.
13. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің бланкі баспа мәтінімен толтырылады.
14. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінде Дерекқор базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым беретін, сақтандыру полисінің нөмірі болып табылатын бірегей нөмір болады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 95 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
15. Міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі осы Нұсқаулықтың 4-тармағында белгіленген талаптардан басқа мынадай талаптарға сәйкес келеді:
міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің бланкісі түсінің нөмірі Pantone шәкілі бойынша 701 болуы тиіс. Осы түс сақтандырудың өзге түрлері бойынша сақтандыру полистері үшін қолданылмайды.
міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің бланкісін өндіру кезінде қолданылатын қағазда жарыққа тосып қарағанда көрінетін «KAZ -ою - KAZ» деген су тамғы белгісі болуы тиіс.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 95 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
16. Осы Нұсқаулықтың 13, 14 және 15-тармақтарында белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (әкелінген) көлік құралдары иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасау жағдайларына қолданылмайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 95 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
17. <*>
Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 95 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Сақтандыру полисiн ресiмдеу
жөніндегі және көлік құралдары
иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті
сақтандыру жөніндегі сақтандыру
полисi бланкінің нысанына,
мазмұнына және оны жасауға
қойылатын талаптарды белгілеу
жөніндегі нұсқаулыққа қосымша
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 95 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Нысан
САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ ЛОГОТИПІ
ЛОГОТИП СТРАХОВЩИКА
САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУ ҚҰҚЫҒЫНА БЕРІЛГЕН ЛИЦЕНЗИЯ №_______
ЛИЦЕНЗИЯ НА ПРАВО ОСУЩЕСТВЛЕНИЯ
СТРАХОВОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ Берілген күні/______
Дата выдачи
БІРЕГЕЙ НӨМІР САҚТАНДЫРУ Сериясы____№____
УНИКАЛЬНЫЙ ПОЛИСІ Серия
НОМЕР
СТРАХОВОЙ ПОЛИС
КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ИЕЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ
ОБЯЗАТЕЛЬНОГО СТРАХОВАНИЯ ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВОЙ
ОТВЕТСТВЕННОСТИ ВЛАДЕЛЬЦЕВ ТРАНСПОРТНЫХ СРЕДСТВ
САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ТҮРІ КЕШЕНДІ ШАРТ/
КОМПЛЕКСНЫЙ ДОГОВОР
ВИД ДОГОВОРА СТРАХОВАНИЯ СТАНДАРТТЫ ШАРТ/
СТАНДАРТНЫЙ ДОГОВОР
САҚТАНУШЫ/СТРАХОВАТЕЛЬ
Тегі, аты, бар болғанда - әкесінің аты (жеке тұлға үшін), атауы (заңды тұлға үшін) |
|||||
Тұрғылықты жері (орналасқан жері) / Место жительства (место нахождения) |
|||||
ЖСН (жеке тұлға үшін) /БСН (заңды тұлға үшін)/ ИИН (для физического лица)/БИН (для юридического лица) |
Резидент/ Резидент (1), Бейрезидент/ Нерезидент (2) |
Экономика секторының коды/ Код сектора экономики |
|||
СТН / РНН |
|||||
Банктік деректемелер/ Банковские реквизиты |
САҚТАНДЫРЫЛУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР / СВЕДЕНИЯ О ЗАСТРАХОВАННОМ
САҚТАНДЫРЫЛУШЫ / ЗАСТРАХОВАННЫЙ |
сынып/класс |
жсн/ иин |
стн/РНН |
|
1. |
||||
2. |
||||
3. |
||||
... |
КӨЛІК ҚҰРАЛЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР/ СВЕДЕНИЯ О ТРАНСПОРТНОМ СРЕДСТВЕ
МАРКАСЫ, ҮЛГІСІ/ МАРКА, МОДЕЛЬ |
МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ НӨМІРЛІК БЕЛГІСІ / РЕГИСТРАЦИОННЫЙ НОМЕР |
ШАНАҚ НӨМІРІ/ НОМЕР КУЗОВА (VIN) |
|
1. |
|||
2. |
|||
3. |
|||
... |
САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ/
СТРАХОВАЯ ПРЕМИЯ
_________________________________________________________ТЕҢГЕ/ ТЕНГЕ
(санмен және жазумен/ цифрами и прописью)
САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ/
ПОРЯДОК И СРОКИ УПЛАТЫ СТРАХОВОЙ ПРЕМИИ
МЕРЗІМІН ҰЗАРТЫП/ БІРЖОЛҒЫ/ |
|||||||||||
Күні/ дата |
|||||||||||
Сомасы/ сумма |
САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ
с «____ »________ 20__ жылдан бастап / год
по «____ »________20__ жылға/года дейін
ҚОЛДАНЫЛУ
МЕРЗІМІ/
СРОК ДЕЙСТВИЯ
СТРАХОВОГО ПОЛИСА
Ерекше жағдайлар /
Особые условия:______________________________________________________
50% ЖЕҢІЛДІК БЕРІЛЕДІ / ПРЕДОСТАВЛЯЕТСЯ ЛЬГОТА 50%
негізінде/ на основании
_____________________________________________________________________
Сақтандыру аумағы/ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ/
Территория страхования РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІ ЖАСАЛҒАН КҮН/
ДАТА ЗАКЛЮЧЕНИЯ СТРАХОВОГО ПОЛИСА
«____» _______________20____ ж./ г
САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ САҚТАНУШЫНЫҢ
(Сақтандыру агентінің) ҚОЛЫ/
қолы/ м.п. ПОДПИСЬ
ПОДПИСЬ СТРАХОВАТЕЛЯ
СТРАХОВЩИКА
(страхового агента) __________ ________
Сақтандыру
агентінің Тегі,
Аты, Әкесінің
аты/
Фамилия, Имя,
при наличии-
Отчество
Страхового
агента
Шарт №/
№ Договора
САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ орналасқан жері, телефон, факс, банктік деректемелер Место нахождения СТРАХОВЩИКА, телефон, факс, банковские реквизиты
Телефон Организации по формированию и ведению базы данных
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның телефоны
ЖАҒЫ СЫРТ
САҚТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ УСЛОВИЯ СТРАХОВАНИЯ
1. Сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарында белгіленген, жоғары қауіптілік көзі ретіндегі көлік құралын пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі болып табылады. |
1. Объектом обязательного страхования гражданской - правовой ответственности владельцев транспортных средств транспортных средств является |
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 24 қаулысына 2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 95 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар
Көлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушының өтініші мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 4-тармағына сәйкес сақтандыру шартының түрі;
2) өтініш иесі туралы мәліметтер:
фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, тұрғылықты мекені, туған жылы, жүргізуші куәлігінің сериясы, нөмірі, берілген күні, жүргізу өтілі (жеке тұлға үшін);
атауы, тұрған жері (заңды тұлға үшін);
телефон нөмірі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке бірегейлендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) не бизнес-бірегейлендіру нөмірі (заңды тұлға үшін);
экономика секторының коды;
резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес);
3) автокөлік құралы туралы мәліметтер (сақтандырудың кешенді шартын жасаған жағдайда әрбір көлік құралының бірлігі туралы мәліметтер көрсетіледі):
тіркеу орны;
көлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін) немесе көлік құралының тіркелгендігін растайтын өзге құжат (Қазақстан Республикасының резиденттері емес үшін);
көлік құралын пайдалану мақсаты;
Заңға сәйкес көлік құралының түрі;
маркасы;
моделі;
шыққан жылы;
қозғалтқыштың көлемі;
қозғалтқыштың қуаты;
меңгерікпен басқарудың орналасуы;
қозғалтқыштың нөмірі;
шанақтың нөмірі (бірегейлендіру нөмірі (VIN);
шанақтың (кабинаның) түсі;
4) сақтандыру мерзімі туралы мәліметтер;
5) сақтанушыға берілетін жеңілдіктер туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін):
Ұлы Отан соғысының қатысушы немесе Ұлы Отан соғысының қатысушысына теңестірілген тұлға куәлігінің нөмірі және берілген күні;
I, II топтағы мүгедек куәлігінің нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
зейнеткерлік куәлігінің нөмірі және берілген күні;
6) сақтанушының отбасылық жағдайы туралы мәліметтер;
7) сақтандырылған адам (сақтандырылған адамдар) туралы мәліметтер:
фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты;
туылған күні;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке бірегейлендіру нөмірі;
тұрғылықты мекені;
отбасылық жағдайы;
жүргізу өтілі;
жүргізуші куәлігінің нөмірі, берілген күні;
8) қосарлы сақтандыру, көлік құралын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру туралы мәліметтер;
9) өтініш иесінің сақтандыру ұйымын өтініште көрсетілген деректердің өзгеруі туралы хабарлау міндеттемесі;
10) өтінішке қол қою күні және өтініш иесінің қолы;
11) өтінішті қабылдаған сақтандыру ұйымы/сақтандыру агенті қызметкерінің тегі, аты, бар болғанда - әкесінің аты.
Сақтанушы 2) тармақшаның екінші, үшінші, бесінші, жетінші абзацтарында, 3) тармақшаның екінші, үшінші, алтыншы - он төртінші абзацтарында, 5) тармақшада, 7) тармақшаның екінші - бесінші, жетінші, сегізінші абзацтарында, 8) тармақшада көзделген Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру туралы мәліметтерді растау бөлігіндегі мәліметтер бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 24 қаулысына 3-қосымша
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптар
Өсімдік шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушының өтініші мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) ауыл шаруашылық мәдениеттің атауы;
2) өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері;
3) сақтанушы туралы мәліметтер:
фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, тұрғылықты мекені, туған жылы (жеке тұлға үшін);
атауы, тұрған жері (заңды тұлға үшін);
телефон нөмірі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке бірегейлендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) не бизнес-бірегейлендіру нөмірі (заңды тұлға үшін);
4) жалпы алқап, (га);
5) өсімдік шаруашылығы өнімінің барлық түрлері бойынша міндетті сақтандыру шартын жасау мерзімі туралы мәліметтер;
6) 1 га-ға жұмсалатын шығындардың нормативтері;
7) тұқымдық материал туралы мәліметтер;
8) өтініш беру кезінде егістіктің жай-күйі туралы мәліметтер;
9) өтінішке қол қою күні және өтініш иесінің қолы;
10) өтінішті қабылдаған сақтандыру ұйымы қызметкерінің фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, лауазымы, телефон нөмірі, өтініштерді қабылдау күні.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 24 қаулысына 4-қосымша
Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Cақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі нұсқаулық» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1080 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы» 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 352 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1275 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандыру куәлігін (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегі нұсқаулықты бекiту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы» 2001 жылғы 28 сәуірдегі № 127 қаулысы(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1574 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1080 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 20 қарашадағы № 399 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2610 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 357 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3920 тіркелген, 2005 жылғы 2 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 160-161 (785) санында жарияланған).
6. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актісіне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысына қосымшаның 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, 2007 жылдың шілде-тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған).
7. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 178 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4835 тіркелген, 2007 жылғы 5 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 135 (1164) жарияланған).
8. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру полисін ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 қарашадағы № 253 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5083 тіркелген).
9. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 41 қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5213 тіркелген, 2008 жылғы 13 маусымда «Заң газеті» газетінде № 89 (1315) санында жарияланған).
10. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқытық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 178 қаулысына өзгеріс енгізу тарулы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5830 тіркелген, 2009 жылғы 26 қарашада «Заң газеті» газетінде № 181 (1604) санында жарияланған).