Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру куәлігін (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегі нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 28 сәуір N 127 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 16 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1574. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 24 Қаулысымен

      Облыс прокурорының 2001 жылғы сәуірдiң 16-ындағы N 7-5-2001 нөмерлi наразылығын қарап, шешiм етемiн: 
      1. "Облыста металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, өңдеудi және сатып өткiзудi тәртiпке келтiру жөнiндегi жұмыс комиссиясын құру туралы" облыс әкiмiнiң 2001 жылғы ақпанның 12-iндегi N 28 шешiмiне келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      жұмыс комиссиясы құрамынан: В.М.Ежов - "МАЭК" РМК-ның материалдық-техникалық жабдықтау бөлiмi бастығының орынбасары, Н.М.Гузиев - облыстық телекоммуникация дирекциясы Ақтау қалалық телефон станциясының бастығы, Т.Ы.Ықылысов - "МЭБК" АҚ-ның вице-президентi, М.М.Бисұлтанов - "Қазақстан темiр жолы" РМК-ны Атырау тасымалдау бөлiмiнiң бөлiмше бастығының орынбасары шығарылсын.

     2 тармақтың екiншi азат жолы мынадай редакцияда берiлсiн:
     "рұқсат берiлген құжаттары жоқ және лицензиялық нормалар мен ережелерiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiн түстi және қара металл сынықтарын қабылдау пункттерi қызметiн болдырмау жөнiнде жұмыс жүргiзсiн".

     Облыс әкiмiнiң 
     мiндетiн атқарушы                             С.Керелбаев