Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6554 болып енгізілді.

Жаңартылған

       Қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актілеріне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
      2. Мына қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Агенттік Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктердiң баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөнiндегi күн сайынғы және ай сайынғы есептi беру мерзiмдерi туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 388 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3413 тiркелген);
      2) Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi банк шоттарындағы қалдықтары туралы есептi екiншi деңгейдегi банктердiң ұсыну нысаны мен мерзiмiн бекiту туралы» 2005 жылғы 28 мамырдағы № 162 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3722 тiркелген);
      3) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысының 1618-тармақтары (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3868 тiркелген);
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
      4. Стратегия және талдау департаментi (Н.Ә. Әбдірахманов):
      1) Заң департаменті (Н.В. Сәрсенова) бірігіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлiмет үшiн жiберсiн.
      5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) енгізілген өзгерістерді ескере отырып:
      1) 2010 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде қолданыстағы есеп беру нысаны бойынша «Сақтандыруды қадағалау» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін;
      2) 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде «ЕДБ алынған есепті-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін;
      3) 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде «Жинақтаушы зейнетақы қорлардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін;
      4) 2010 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде «Банктік емес ұйымдары» модульін пысықтауды қамтамасыз етсін.
      6. Агенттiк Төрайымының қызметi (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсiн.

      Төрайым                                      Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы  
3 қыркүйектегі № 131 қаулысының
1-қосымшасы       

Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесi

      Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық  актiлерiне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2002 жылғы 3 маусымдағы № 211 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1921 тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
      9-1-тармақ алып тасталсын.
      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Агенттік Басқармасының «Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтердi, сондай-ақ олардың орындалуы жөнiндегi есептердiң нысандарын және ұсыну мерзiмiн белгiлеу туралы» 2004 жылғы 12 шілдедегі № 200 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2004 жылғы 4 тамыздағы № 2988 тiркелген «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған № 169) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      5-1-тармақ «уәкілетті органмен» деген сөздер «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Ұлттық почта операторы ай сайын, есептiк айдан кейiнгi айдың жиырма бесiнші күннен Астана уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешiктiрмей уәкiлеттi органға осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес нысанда пруденциалдық нормативтердiң орындалуы туралы есеп ұсынады.
      Әрбiр шетел валютасы бойынша валюталық позициялар және валюталық нетто-позиция туралы есеп ай сайын, есептiк айдан кейiнгi айдың жиырма бесiнші күннен Астана уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешiктiрмей, есептiк айдың соңғы жұмыс күнiндегi жағдай бойынша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысанда электронды тасымалдағышта ұсынылады.
      мынадай мазмұндағы 11-1, 11-2 және 11-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «11-1. Электрондық тасымалдағыштағы есептер құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.
      11-2. Есептілік есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағышта Ұлттық почта операторының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қойып, мөрмен куәландырылады және уәкілетті органға ұсынылады, сондай-ақ Ұлттық почта операторында сақталады.
      Ұлттық почта операторы уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей белгілі бір күнгі жағдай бойынша есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.
      Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін Ұлттық почта операторының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.»
      11-3. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, қаржы агенттігі есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
      Ұлттық почта операторы ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында Ұлттық почта операторына хабарлайды. Ұлттық почта операторы уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Уәкiлеттi орган Ұлттық почта операторының пруденциалдық нормативтердi сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
      1, 2-қосымшаларында «Басшы» деген сөздер «Бірінші басшы «(ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам») деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 327 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2005 жылғы 12 қаңтардағы № 3343 тiркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылы 28 қазанда жарияланған № 199-200 (933-934) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Осы қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесiнде:
      4-1-тармақта «немесе оның орнындағы адам» деген сөздер «(ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-3-тармақта «немесе оның орнындағы адамы» деген сөздер «(ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-4-тармақпен толықтырылсын:
      «4-4. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, тіркеуші есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
      Тіркеуші ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында брокер мен дилерге хабарлайды. Тіркеуші уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.»
      1, 2, 3, 4-қосымшаларында:
      «Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға
      уәкілетті тұлға ___________ күні _____________
      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға
      уәкілетті тұлға ___________ күні _____________
      Орындаушы _________________ күні _____________
      Телефон: __________________
      Мөр орны» деген сөздер
      «Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      _______________________________________________________________
             (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Бас бухгалтер _________________________________________________
                    (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Орындаушы _____________________________________________________
               (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмері)
      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________
      Мөр орны». деген сөздермен толықтырылсын.
      7. Ескерту. 7-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Ескерту. 8-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Ескерту. 9-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 174 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      11-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2014 № 178 (01.07.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Агенттік Басқармасының «Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 334 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2005 жылғы 6 қаңтардағы № 3327 тiркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Осы қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесiнде:
      3-тармақта «қағаз жазбада және электрондық тасымалдағышта» деген сөздер «электрондық және қағаз тасымалдағышта» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Электрондық тасымалдағыштағы есептер құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.
      5. Есептілік есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағышта банктік емес ұйымның бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қойып мөрмен куәландырылады және банктік емес ұйымда сақталады.
      Банктік емес ұйымы уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей белгілі бір күнгі жағдай бойынша есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «5-1. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін банктік емес ұйымның бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.»
      5-2. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, банктік емес ұйым есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
      Банктік емес ұйым ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында банктік емес ұйымға хабарлайды. Банктік емес ұйым уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.
      8 және 9-тармақ алып тасталсын;
      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшаларында:
      «Бiрiншi басшы немесе есепке қол қою өкiлеттiгi бар
      тұлға ___________ күні _____________
      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға
      уәкілетті тұлға ___________ күні _____________
      Орындаушы _________________ күні _____________
      Телефон: __________________
      Мөр орны» деген сөздер
      «Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      _______________________________________________________________
             (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Бас бухгалтер _________________________________________________
                    (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Орындаушы _____________________________________________________
               (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________
      Мөр орны». деген сөздермен толықтырылсын.
      12. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 147 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      13-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2014 № 178 (01.07.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Агенттік Басқармасының «Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 43 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2006 жылғы 31 наурыздағы № 4157 тiркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      Осы қаулымен бекітілген Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесiнде:
      3-тармақта «қағаз жазбада және электрондық тасымалдағышта» деген сөздер «электронды және қағаз тасымалдағышта» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Электрондық тасымалдағыштағы есептер құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.
      7-тармақ алып тасталсын;
      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Есептілік есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағышта ипотекалық ұйымның бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қойып мөрмен куәландырылады және банктік емес ипотекалық ұйымда сақталады.
      Ипотекалық ұйымы уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей белгілі бір күнгі жағдай бойынша есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.»;
      9. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін ипотекалық ұйымның бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.»;
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, ипотекалық ұйым есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
      Ипотекалық ұйымы ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында ипотекалық ұйымға хабарлайды. Ипотекалық ұйым уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.»;
      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшаларында:
      «Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға
      уәкілетті тұлға ___________ күні _____________
      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға
      уәкілетті тұлға ___________ күні _____________
      Орындаушы _________________ күні _____________
      Телефон: __________________
      Мөр орны» деген сөздер
      «Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      _______________________________________________________________
             (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Бас бухгалтер _________________________________________________
                    (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Орындаушы _____________________________________________________
               (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________
      Мөр орны» деген сөздермен толықтырылсын.
      14. Агенттік Басқармасының «Агроөнеркәсiп кешенi саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдарына, Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесi мен олардың нормативтiк мәнi және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзiмдерi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 48 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2006 жылғы 31 наурыздағы № 4158 тiркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Осы қаулымен бекітілген Агроөнеркәсiп кешенi саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдарына, Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесi мен олардың нормативтiк мәнi және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзiмдерi туралы нұсқаулықта:
      24-тармақтың бірінші абзацында «бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойған және ұйымның мөрiмен расталған» деген сөздер алып тасталсын;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Электрондық тасымалдағыштағы есептер құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.»
      мынадай мазмұндағы 26, 27, 28-тармақтармен толықтырылсын:
      «26. Есептілік есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағышта ұйымның бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қойып, мөрмен куәландырылады және уәкілетті органға ұсынылады, сондай-ақ ұйымда сақталады.
      Ұйым уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей белгілі бір күнгі жағдай бойынша есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.
      27. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін ұйымның бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.
      28. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, ұйым есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
      Ұйым ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында ұйымға хабарлайды. Ұйым уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.»;
      1-қосымшасында «Ұйымның салымдық тәуекел дәрежесi бойынша сараланған активтерiнiң есеп айырысуына түсiндiрме» деген сөздерден кейін
      «Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      _______________________________________________________________
             (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Бас бухгалтер _________________________________________________
                    (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Орындаушы _____________________________________________________
               (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________
      Мөр орны» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-қосымшасында «Кредит тәуекелiнiң дәрежесi бойынша мөлшерленген ұйымның шартты және ықтимал мiндеттемелерiнiң есебiне түсiнiктемелер» деген сөздерден кейін
      «Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      _______________________________________________________________
             (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Бас бухгалтер _________________________________________________
                    (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Орындаушы _____________________________________________________
               (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________
      Мөр орны» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-2-қосымшасында:
      «Бiрiншi басшы не есепке қол қоюға
      уәкілеттігі бар тұлға ___________ күні _____________
      Бас бухгалтер не есепке қол қоюға
      уәкілеттігі бар тұлға ___________ күні _____________
      Орындаушы ___________ күні _____________
      Телефон: __________
      Мөр орны» деген сөздер
      «Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      _______________________________________________________________
             (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Бас бухгалтер _________________________________________________
                    (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Орындаушы _____________________________________________________
               (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________
      Мөр орны» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4-қосымшасында «45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.» деген жолдан кейін
      «Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      _______________________________________________________________
             (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Бас бухгалтер _________________________________________________
                    (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Орындаушы _____________________________________________________
               (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________
      Мөр орны». деген сөздермен толықтырылсын.
      5, 6, 7-қосымшаларында:
      «Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға
      уәкілетті тұлға ___________ күні _____________
      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға
      уәкілетті тұлға ___________ күні _____________
      Орындаушы ___________ күні _____________
      Телефон: __________
      Мөр орны» деген сөздер
      «Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      _______________________________________________________________
             (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Бас бухгалтер _________________________________________________
                    (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
      Орындаушы _____________________________________________________
               (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________
      Мөр орны» деген сөздермен толықтырылсын.
      15. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерiн есептеу ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4218 тiркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Осы қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерiн есептеу ережесiнде:
      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1. Есеп электронды және қағаз тасымалдауышта ұсынылады. Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдауыштағы есепке сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрiншi басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтерi қол қояды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мөрiмен куәландырылады, актуариймен расталады және уәкілетті органға ұсынылады, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымда сақталады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей белгілі бір күнгі жағдай бойынша есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.
      Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.
      Электрондық тасымалдағыштағы есептер құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.»;
      қосымшасында:
      «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қиыстырылғанкоэффициентiн есептеу туралы есеп» деген кестесінде:
      екінші бағандағы реттік нөмірі 1.6-жолдағы «аудиторлар мен» деген сөздер алып тасталсын;
      реттік нөмірі 1.9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

1.9

Қызметкерді еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде жазатайым жағдайлардан сақтандыру
















                                                                    »;

реттік нөмірі 2.2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

2.2

Аннуитеттік сақтандыру, оның ішінде:
















                                                                     »;

реттік нөмірі 2.2-жолдан кейін мынадай мазмұндағы 2.2.1, 2.2.2, 2.2.3-жолдармен толықтырылсын:
«

2.2.1

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитет шарттары,
















2.2.2

«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына сәйкес жасалған аннуитет шарттары
















2.2.3

Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері
















                                                                  »;

реттік нөмірлері 2.3, 2.4-жолдары алып тасталсын;
реттік нөмірлері 3.15, 3.16-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«

3.15

3.11-3.14-жолдарда көрсетілген сыныптарды қоспағанда қаржылық ұйымдардың шығыстарын сақтандыру

















3.16

титулдық сақтандыру
















                                                                  »;

реттік нөмірі 3.16-жолдан кейін реттік нөмірлері мынадай мазмұндағы 3.17, 3.18-жолдармен:
«

3.17

сот шығыстарын сақтандыру
















3.18

өзге де сақтандыру түрлерi (сыныптары)
















                                                                     »;

Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкiлеттi  тұлға_____күнi____Актуарий________күнi_______
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкiлеттi тұлға_____күнi____
Орындаушы ___________ күні _____________
Телефон: __________
Мөр орны» деген сөздер
«Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
_______________________________________________________________
           (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Актуарий ________күнi_______
Бас бухгалтер __________________________________________________
               (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Орындаушы ______________________________________________________
          (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________
Мөр орны» деген сөздермен толықтырылсын.
      16. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015  № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26  № 121(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      18. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 146 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19. Ескерту. 19 тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.
      20. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      21. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту жөнінде» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 183 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5474 тiркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      осы қаулымен бекітілген, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер туралы ақпаратты ұсыну нысандарында:
      түсіндірменің бірінші бөлігін «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын операцияларының әрбiр түрi бойынша сомасы» деген сөзден кейін «(сақтандыру төлемдерін қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
      «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының бiрiншi басшысы____________________________»  (не оның орнындағы тұлға)» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға)___________________».
      22. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015  № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      23. Ескерту. 23-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      24. Ескерту. 24-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      25. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 146 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      26. Агенттік Басқармасының «Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 41 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6207 тiркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      Осы қаулымен бекітілген, Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Электрондық тасымалдағыштағы есептер құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қағаз тасымалдағыштағы К1 К2 коэффициенттерi мәнiнiң есебiне және пруденциалдық нормативтердi есептеуге арналған қосымша мәлiметтерге есепті күнге жағдай бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға), бас бухгалтері қол қойып, мөрмен куәландырылады және уәкілетті органға ұсынылады, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушыда сақталады.
      Сауда-саттықты ұйымдастырушы уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.»;
      13 тармақты алып тастау;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін сауда-саттықты ұйымдастырушының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты сауда-саттықты ұйымдастырушының есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
      Сауда-саттықты ұйымдастырушы ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында ұйымға хабарлайды. Сауда-саттықты ұйымдастырушы уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.»;
      1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларында:
      «Бірінші басша немесе есепке қол қоюға уәкiлеттi тұлға» деген сөздер «Бірінші басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)» деген сөз деген сөздермен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасының 
кейбiр нормативтiк құқықтық
актiлерiне қаржы ұйымдары 
ұсынатын есеп беру нысанын 
жетілдіру бойынша енгiзiлетiн
өзгерiстер мен толықтырулар
Тізбесіне 1-қосымша   

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015  № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.