Қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актілеріне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
2. Мына қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Агенттік Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөнiндегi күн сайынғы және ай сайынғы есептi беру мерзiмдерi туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 388 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3413 тiркелген);
2) Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi банк шоттарындағы қалдықтары туралы есептi екiншi деңгейдегi банктердiң ұсыну нысаны мен мерзiмiн бекiту туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы № 162 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3722 тiркелген);
3) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысының 16, 18-тармақтары (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3868 тiркелген);
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
4. Стратегия және талдау департаментi (Н.Ә. Әбдірахманов):
1) Заң департаменті (Н.В. Сәрсенова) бірігіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлiмет үшiн жiберсiн.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) енгізілген өзгерістерді ескере отырып:
1) 2010 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде қолданыстағы есеп беру нысаны бойынша "Сақтандыруды қадағалау" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін;
2) 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде "ЕДБ алынған есепті-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін;
3) 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорлардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін;
4) 2010 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде "Банктік емес ұйымдары" модульін пысықтауды қамтамасыз етсін.
6. Агенттiк Төрайымының қызметi (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсiн.
Төрайым | Е. Бахмутова |
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысының 1-қосымшасы |
Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесi
Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы № 211 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1921 тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
9-1-тармақ алып тасталсын.
3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы № 327 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2005 жылғы 12 қаңтардағы № 3343 тiркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылы 28 қазанда жарияланған № 199-200 (933-934) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Осы қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесiнде:
4-1-тармақта "немесе оның орнындағы адам" деген сөздер "(ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-3-тармақта "немесе оның орнындағы адамы" деген сөздер "(ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-4-тармақпен толықтырылсын:
"4-4. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, тіркеуші есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
Тіркеуші ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында брокер мен дилерге хабарлайды. Тіркеуші уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады."
1, 2, 3, 4-қосымшаларында:
"Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға
уәкілетті тұлға ___________ күні _____________
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға
уәкілетті тұлға ___________ күні _____________
Орындаушы _________________ күні _____________
Телефон: __________________
Мөр орны" деген сөздер
"Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
_______________________________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Бас бухгалтер _________________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Орындаушы _____________________________________________________
(лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмері)
Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы "____" __________
Мөр орны". деген сөздермен толықтырылсын.
7. Ескерту. 7-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Ескерту. 8-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
9. Ескерту. 9-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 174 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
11. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2014 № 178 (01.07.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 147 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2014 № 178 (01.07.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
14. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
16. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
18. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 146 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
19. Ескерту. 19 тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.
20. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
21. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
22. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
23. Ескерту. 23-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
24. Ескерту. 24-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
25. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 146 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26. Агенттік Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 41 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6207 тiркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Осы қаулымен бекітілген, Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Электрондық тасымалдағыштағы есептер құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қағаз тасымалдағыштағы К1 К2 коэффициенттерi мәнiнiң есебiне және пруденциалдық нормативтердi есептеуге арналған қосымша мәлiметтерге есепті күнге жағдай бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға), бас бухгалтері қол қойып, мөрмен куәландырылады және уәкілетті органға ұсынылады, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушыда сақталады.
Сауда-саттықты ұйымдастырушы уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.";
13 тармақты алып тастау;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін сауда-саттықты ұйымдастырушының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты сауда-саттықты ұйымдастырушының есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
Сауда-саттықты ұйымдастырушы ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында ұйымға хабарлайды. Сауда-саттықты ұйымдастырушы уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.";
1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларында:
"Бірінші басша немесе есепке қол қоюға уәкiлеттi тұлға" деген сөздер "Бірінші басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)" деген сөз деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар Тізбесіне 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.