Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі банк шоттарындағы қалдықтары туралы есепті екінші деңгейдегі банктердің ұсыну нысаны мен мерзімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 162 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3722. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2009.09.16 N 871 (2009.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

       Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі  123-бабының 3-тармағына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 36, 469-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесінде:
      7-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есепті кезеңге арналған тіркелген міндеттемелердің сомасы;
      жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелердің сомасы;";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      "есепті қаржы жылына арналған тіркелген міндеттемелердің сомасы;
      есепті қаржы жылында орындалмаған міндеттемелердің сомасы;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті