Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 313 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Ұлттық Банк
Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысымен бекітілді |
Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі"
акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты
міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидалары
Осы Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1995 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер), "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілік беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және тәртібін белгілейді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 № 108 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.07.2012 бастап пайда болған қатынастарға қолданылады).1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органының банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің ипотекалық ұйымдары және еншілес ұйымдары;
1-1) есептілік – қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілік;
2) басшы – құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға;
3) "Кредиттік тіркелім" ААШЖ – "Кредиттік тіркелім" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе;
4) кредиттік тіркелім – жоғарыда көрсетілген ұйымдардың кредиттік қызметіне байланысты тәуекелдердің мониторингі мақсатында, сондай-ақ ақша-кредиттік статистиканы және сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыру мақсатында қалыптастырылатын, банк, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қағидалардың талаптарына сәйкес уәкілетті органға ұсынған ақпаратты қамтитын электрондық деректер базасы;
5) қарыз алушы – қарыз (кредит) алу шартына қол қоятын, қарызды (кредитті) алған және өзіне алған ақшаны қайтаруға және алған қарызды (кредитті), оның ішінде сыйақыны және кредит бойынша басқа да төлемдерді толық өтеуге міндеттеме қабылдайтын тұлға;
6) принципал – кепілдік немесе кепілгерлік шартына сәйкес міндеттемеде негізгі борышкер болып табылатын тұлға;
7) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
8) шартты міндеттеме – болашақта белгісіз бір немесе бірнеше оқиға басталған (басталмаған) кезде ғана танылуы мүмкін, банк, Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиент үшін үшінші тұлғалардың пайдасына қабылдайтын, және клиенттің шарт талаптарынан туындайтын тәуекелдерін көтеретін міндеттеме.
Кредиттік тарих субъектісі болып осы тармақтың 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар танылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 29 қазандағы № 318 (2012.12.10 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.07.2012 бастап пайда болған қатынастарға қолданылады) қаулыларымен.2. Есептілік уәкілетті органға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде мынадай кезеңділікпен:
1) банктер, ипотекалық ұйымдар, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы – ай сайын;
2) уәкілетті органның банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары – тоқсан сайын ұсынылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-1. Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген, есептілігі есепті кезеңнің соңында қолданылатын не есепті кезеңде қолданылған бес жүз мыңнан аспайтын қарыз беру шарттарын және шартты міндеттемелерін қамтитын ұйымдар есептілікті мынадай мерзімдерде:
есепті кезеңнің соңында филиалдары жоқ не бестен аспайтын филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасына дейін (қоса алғанда);
есепті кезеңнің соңында алты (қоса алғанда) – он (қоса алғанда) аралығында филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда);
есепті кезеңнің соңында он бір (қоса алғанда) – жиырма (қоса алғанда) аралығында филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі айдың отызына дейін (қоса алғанда);
есепті кезеңнің соңында жиырмадан астам филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың бесіне дейін (қоса алғанда);
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар не "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы – есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда) ұсынады.
Ұсынылатын есептілігі есепті кезеңнің соңында қолданылатын не есепті кезеңде қолданылған бес жүз мыңнан астам қарыз беру шарттарын және шартты міндеттемелерін қамтитын ұйымдар есептілікті есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың бесіне дейін (қоса алғанда) ұсынады.
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша хабарлама уәкілетті органға Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда беріледі.
4. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4-1. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Есептілік барлық берілген және өтелмеген қарыздар (оның ішінде баланстан шығарылғандар), шартты міндеттемелер бойынша беріледі. Ақпарат қарыз алушының және (немесе) тең қарыз алушының міндеттемелері тоқтаған күніне дейін беріледі.
6. Есептерді жасаған кезде пайдаланылатын өлшем бірлігі бүтін санмен белгіленеді және өзгеше белгіленбесе, теңгеде көрсетіледі. 0,5 кем сома нөлге дейін домалақтанады, ал 0,5 және одан жоғары сома бірлікке дейін домалақтанады. Коэффициенттер үтірден кейін екі белгімен көрсетіледі.
7. Ақпарат болмаған жағдайда банк, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органға Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда қағаз тасымалдағышта тиісті хат жібереді.
8. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болса, банк, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым есептілікті уәкілетті органға берген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтініш жібереді.
Берілген есептілікте толық емес және (немесе) дәйексіз ақпаратты анықтаған жағдайда уәкілетті орган ол туралы банкке, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға хабарлайды.
Банк, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым хабарламаны алған күнінен бастап екі күннен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.
Нысан
___________________________________________________ Төрағасы
(уәкілетті органның атауы)
___________________________________________________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)
Осымен, __________________________________________________
(банктің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)
20____жылғы 1 __________ жағдай бойынша "Кредиттік тіркелім"
ААШЖ арқылы қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті
бергені жөнінде хабарлайды және оның дәйектілігін растайды.
Бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы тұлға)
___________________________________________________ ________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер
__________________________________________________ __________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Орындаушы: ___________________________ ______ _______________
(лауазымы, тегі және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
Есепке қол қою күні 20___ жылғы "__" __________.
Мөр орны
Ескерту: Қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша тиісті ақпарат болған кезде толтырылады.
Нысан
"Кредиттік тіркелім" ААШЖ көрсеткіштерінің тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 29 қазандағы № 318 (2012.12.10 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
№ | Көрсеткіштердің атауы |
1 | Кредиттік тарих субъектісі туралы ақпаратта кредиттік тарих субъектісі туралы сәйкестендіру мәліметтері қамтылған: |
1.1. | Заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер бойынша: |
1.1.1. | Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі); |
1.1.2. | Заңды тұлғаның және (немесе) дара кәсіпкердің толық атауы: |
1.1.3. | Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны; |
1.1.4. | Субъектінің құжаттары: |
1.1.4.1. | сәйкестендіру құжаттарының түрі; |
1.1.4.2. | құжаттың нөмірі; |
1.1.5. | почталық мекенжайы және (немесе) орналасу орны: |
1.1.5.1. | мекенжайының (тіркелуінің (нақты)) типі; |
1.1.5.2. | облысы; |
1.1.5.3. | мекенжайы (қала (елді жері), көше (ықшам ауданы), үйдің (пәтердің) нөмірі; |
1.1.5.4. | байланыс түрі; |
1.1.5.5. | телефон нөмірі; |
1.1.6. | Кредиттік тарих субъектісінің елі; |
1.1.7. | Оффшорлық аймақ; |
1.1.8. | Экономикалық қызмет түрі; |
1.1.9. | Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынаспен байланыста болуының белгісі; |
1.1.10. | Заңды тұлғаның басшысы: |
1.1.10.1. | тегі, аты (бар болса әкесінің аты); |
1.1.10.2. | сәйкестендіру құжаттарының түрі; |
1.1.10.3. | құжаттың нөмірі; |
1.1.11. | Жеке кәсіпкерлік субъектісінің коды; |
1.2. | Жеке тұлғалар бойынша: |
1.2.1. | Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі); |
1.2.2. | Тегі, аты (бар болса әкесінің аты); |
1.2.3. | Субъектінің құжаттары: |
1.2.3.1. | сәйкестендіру құжаттарының түрі; |
1.2.3.2. | құжаттың нөмірі; |
1.2.4. | почталық мекенжайы және (немесе) орналасу орны: |
1.2.4.1. | мекенжай (тіркеу (нақты)) типі; |
1.2.4.2. | облысы; |
1.2.4.3. | мекенжайы (қаласы (елді жері), көшесі (ықшам ауданы), үйдің (пәтердің) нөмірі; |
1.2.4.4. | байланыс түрі; |
1.2.4.5. | телефон нөмірі; |
1.2.5. | Кредиттік тарих субъектісінің елі; |
1.2.6. | Оффшорлық аумақ; |
1.2.7. | Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынаспен байланыста болуының белгісі; |
2 | Шарт туралы ақпарат: |
2.1. | Кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтер және кредитормен келісімді қатынастар туралы мәліметтер: |
2.1.1. | Қарыздың, шартты міндеттемелердің түрі; |
2.1.2. | Шарттың нөмірі; |
2.1.3. | Шарттың күні; |
2.1.4. | Қосымша келісімнің нөмірі; |
2.1.5. | Қосымша келісімнің күні; |
2.1.6. | Берудің нақты күні; |
2.1.7. | Шарт талаптары бойынша өтеу күні; |
2.1.8. | Шарт бойынша валюта түрі; |
2.1.9. | Шарт валютасындағы қарыз (шартты міндеттеме) сомасы; |
2.1.10. | Шарт бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі (пайызбен): |
2.1.10.1. | өзгермелі мөлшерлеменің белгіленген мөлшерлемесі (белгіленген спрэды); |
2.1.11. | Кредиттеу мақсаты; |
2.1.12. | Кредиттеу объектісі; |
2.1.13. | Қарызды берген банктің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржыландыру көзі; |
2.1.14. | Қарыз алушыда валюталық түсімнің болуы және (немесе) қарыз алушыда хеджирлеу құралдары болуы; |
2.1.15. | Қарызды, шартты міндеттемені берген банк филиалының коды/ банктің БСК; |
2.1.16. | Қамтамасыз етуі: |
2.1.16.1. | кепіл шартының нөмірі; |
2.1.16.2. | қамтамасыз ету түрі; |
2.1.16.3. | кепіл сомасы; |
2.1.17. | Бірыңғай портфельдің атауы: |
2.1.17.1. | уәкілетті органның талабы бойынша; |
2.1.17.2. | халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша; |
3. | Қарызды (шартты міндеттемелерді) қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат: |
3.1. | Есепті кезеңдегі қарыз алушының ағымдағы міндеттемелері мен ақша қозғалысы туралы ақпарат: |
3.1.1. | Есепті кезеңде есептелді: |
3.1.1.1. | сыйақылар (теңгемен, шарт валютасында); |
3.1.2. | Есепті кезеңде берілді (теңгемен, шарт валютасында); |
3.1.3. | Негізгі борыштың қалдығы (теңгемен, шарт валютасында): |
3.1.3.1. | мерзімі өтпеген берешек; |
3.1.3.2. | мерзімі өткен берешек; |
3.1.3.3. | баланстан шығарылған берешек; |
3.1.4. | Есептелген сыйақының қалдығы (теңгемен, шарт валютасында): |
3.1.4.1. | өтелмеген; |
3.1.4.2. | мерзімін өткен; |
3.1.4.3. | баланстан шығарылған; |
3.1.5. | Кредиттік карта, овердрафт лимитінің қалдығы (шарттың теңгеде, валютада) |
3.1.6. | Кредиттік карта/овердрафт лимитінің қалдығы бойынша баланстық шотының нөмірі |
3.1.7. | Негізгі борыш бойынша баланстық шоттың нөмірі: |
3.1.7.1. | мерзімі өтпеген берешек; |
3.1.7.2. | мерзімі өткен берешек; |
3.1.7.3. | баланстан шығарылған берешек; |
3.1.8. | Сыйақы бойынша баланстық шоттың нөмірі: |
3.1.8.1. | мерзімі өтпеген берешек; |
3.1.8.2. | мерзімі өткен берешек; |
3.1.9. | Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен уәкілетті органның бірыңғай емес кредиттер бойынша талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) бойынша айырмасы көрсетілген баланстық шоттың нөмірі; |
3.1.10. | Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының бірыңғай емес кредиттер бойынша талаптарымен қалыптастырылған резервтер (провизиялар) бойынша баланстық шоттың нөмірі; |
3.1.11. | Оң (теріс) түзету бойынша баланстық шоттың нөмірі; |
3.1.12. | Дисконт (сыйақы) бойынша баланстық шоттың нөмірі; |
3.1.13. | Мерзімі өткен берешекті шотқа енгізу күні: |
3.1.13.1. | негізгі борыш бойынша; |
3.1.13.2. | сыйақы бойынша; |
3.1.14. | Мерзімі өткен берешекті өтеу күні: |
3.1.14.1. | негізгі борыш бойынша; |
3.1.14.2. | сыйақы бойынша; |
3.1.15. | Баланстан шығару күні: |
3.1.15.1. | негізгі борыш бойынша; |
3.1.15.2. | сыйақы бойынша; |
3.1.16. | Нақты өтеу күні; |
3.1.17. | Қарыздың (шартты міндеттемелердің) мерзімін ұзартуды аяқтау күні; |
3.1.18. | Жіктеу санаты; |
3.1.19. | Бірыңғай кредиттер бойынша резервтердің (провизиялардың) нақты қалыптастырылған сомасы: |
3.1.19.1. | уәкілетті органның талаптары бойынша; |
3.1.19.2. | халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша; |
3.1.20. | Келешектегі ақша ағыны дисконтының құны/бірыңғай кредиттер бойынша алынуға күтілетін құны; |
3.1.21. | Оң (теріс) түзету (теңгемен, шарт валютасында); |
3.1.32. | Дисконт (сыйақы) (теңгемен, шарт валютасында); |
3.1.23. | Есептік күні; |
3.2. | Портфельдік негізде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) туралы ақпарат: |
3.2.1. | Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша біріңғай портфельдің атауы; |
3.2.2. | Портфельдік негізде қалыптастырылған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша резервтердің (провизиялардың) нақты қалыптастырылған сомасы; |
3.2.3. | Портфельдік негізде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) бойынша баланстық шоттың нөмірі; |
3.2.4. | Портфельдік негізде алуға күтілетін құны/келешектегі ақша ағынының дисконтты құны; |
3.3. | Уәкілетті органның бірыңғай кредиттер жөніндегі талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) туралы ақпарат: |
3.3.1. | Уәкілетті органның талаптары бойынша бірыңғай портфельдің атауы; |
3.3.2. | Уәкілетті органның бірыңғай кредиттер жөніндегі талаптары бойынша резервтердің (провизиялардың) нақты қалыптастырылған сомасы; |
3.3.3. | Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары мен уәкілетті органның бірыңғай кредиттер жөніндегі талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) бойынша айырмасы көрсетілген баланстық шоттың нөмірі; |
Ескерту:
1. "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы реттік нөмірлері 2.1.17.1., 3.1.9., 3.1.18., 3.1.19.1., 3.3. - жолдарды, "Кредиттік тіркелім" ААШЖ көрсеткіштері тізбесінің нысандарын толтырмайды.
Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 № 108 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.07.2012 бастап пайда болған қатынастарға қолданылады).
№ 1 нысан
Заңды тұлғаларға берілген қарыздар мен шартты және ықтимал
міндеттемелер бойынша мәліметтер
_________________________________________________
(ұйымның атауы)
20__ жылғы "1" _________ жағдай бойынша
р/с № | Бас банктің БСК (банктік емес ұйымның коды) | Банк филиалының БСК | Қарыз алушының атауы | Резиденттік белгісі | Резидент еместің елі | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі – БСН (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі – СТТН) | КҰЖЖ коды | Басшы | Шағын кәсіпкерлік субъектісінің белгісі | Банкпен (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен) ерекше қатынастармен байланысты болу белгісі | ||
Тегі | Аты | бар болса – әкесінің аты | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
кестенің жалғасы
Қарыздың (шартты міндеттеменің) түрі | Кредиттік желі белгісі | Бенефициар атауы | Шарт нөмірі | Шарт күні | Шарт талаптары бойынша беру күні | Шарт талаптары бойынша өтеу күні (қолданылуын тоқтату) | Шарт талаптары бойынша жалпы сомасы | Беру валютасы | Шарт талаптары бойынша сыйақы ставкасы (жылдық) | Нақты беру күні | Есепті кезеңде нақты берілген қарыз сомасы |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
кестенің жалғасы
Нақты берілген қарыздың жалпы сомасы | Тиімді сыйақы ставкасы (жылдық) | Ұзарту мерзімінің аяқталу күні | Кредиттеу объектісі | Қаржыландыру көзі | Жіктеу санаты | Қамтамасыз ету түрі бойынша қарыз (шартты міндеттеменің) коды | Қамтамасыз ету құны | Негізгі борыш бойынша баланстық шот нөмірі | ||
ағымдағы берешек | мерзімі өткен берешек | баланстан тыс есептен шығарылған берешек | ||||||||
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |
кестенің жалғасы
Негізгі борыш қалдығы | Есептелген сыйақы қалдығы | Шартты міндеттеменің қалдығы | Қарызды мерзімі өткен берешек шотына шығару күні | Қарызды баланстан есептен шығару күні | Қарызды нақты өтеу (міндеттеменің қолданылуын тоқтату) күні | Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес нақты қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомасы | ||||
ағымдағы берешек | мерзімі өткен берешек | баланстан тыс есептен шығарылған берешек | өтелмеген | мерзімі өткен | баланстан тыс есептен шығарылған | |||||
37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 |
кестенің жалғасы
Уәкілетті органның талаптарына сәйкес нақты қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомасы | Қызметтің негізгі түрі | Меншік түрінің коды | Ұйымдық-құқықтық нысан коды | Саны бойынша мөлшер коды | Облыс коды | Нақты мекенжайы | Телефоны | Валюталық түсімнің болуы (валюталық тәуекелдерді жабу үшін хеджирлеу құралдарының болуы) | 1-ескерту | 2-ескерту |
48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 |
Кестені толтыру бойынша нұсқаулар
1) "БСН (СТТН)" деген реттік нөмірі 7-бағанда 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша СТТН ұсыну міндетті. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша БСН ұсынылады. Қазақстан Республикасының резиденттері еместер бойынша ақпарат ұсынылмайды.
2) "КҰЖЖ коды" деген реттік нөмірі 8-бағанда 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері бойынша КҰЖЖ кодын ұсыну міндетті, Қазақстан Республикасының резиденттері еместер бойынша міндетті емес. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша ақпарат ұсынылмайды.
3) "Жіктеу санаты" деген реттік нөмірлері 31 және "Уәкілетті органның талаптарына сәйкес нақты қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомасы" деген 48-бағандарда "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы ақпарат ұсынбайды. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) күші жойылды деп танылған күннен бастап банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ақпарат ұсынбайды.
№ 2 нысан
Жеке тұлғаларға берілген қарыздар мен шартты және ықтимал
міндеттемелер бойынша мәліметтер
_________________________________________________
(ұйымның атауы)
20_ жылғы "1" _________ жағдай бойынша
р/с № | Бас банктің БСК (банктік емес ұйымның коды) | Банк филиалының БСК | Қарыз алушы | Резиденттік белгісі | Резидент еместің елі | Жеке сәйкестендіру нөмірі – ЖСН (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі – СТТН) | Облыс коды | Мекенжайы | Сала коды (шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін) | Банкпен (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен) ерекше қатынастармен байланысты болу белгісі | ||
Тегі | Аты | бар болса – әкесінің аты | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
жалғасы
Қарыздың (шартты міндеттеменің) түрі | Кредиттік желі белгісі | Бенефициар атауы | Шарт нөмірі | Шарт күні | Шарт талаптары бойынша беру күні | Шарт талаптары бойынша өтеу күні (қолданылуын тоқтату) | Шарт талаптары бойынша жалпы сомасы | Беру валютасы | Шарт талаптары бойынша сыйақы ставкасы (жылдық) | Нақты беру күні | Есепті кезеңде нақты берілген қарыз сомасы |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
жалғасы
Нақты берілген қарыздың жалпы сомасы | Тиімді сыйақы ставкасы (жылдық) | Ұзарту мерзімінің аяқталу күні | Кредиттеу объектісі | Қаржыландыру көзі | Жіктеу санаты | Қамтамасыз ету түрі бойынша қарыз (шартты міндеттеменің) коды | Қамтамасыз ету құны | Негізгі борыш бойынша баланстық шот нөмірі | ||
ағымдағы берешек | мерзімі өткен берешек | баланстан тыс есептен шығарылған берешек | ||||||||
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |
жалғасы
Негізгі борыш қалдығы | Есептелген сыйақы қалдығы | Шартты міндеттеменің қалдығы | Қарызды мерзімі өткен берешек шотына шығару күні | Қарызды баланстан есептен шығару күні | Қарызды нақты өтеу (міндеттеменің қолданылуын тоқтату) күні | Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес нақты қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомасы | ||||
ағымдағы берешек | мерзімі өткен берешек | баланстан тыс есептен шығарылған берешек | өтелмеген | мерзімі өткен | баланстан тыс есептен шығарылған | |||||
37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 |
жалғасы
Уәкілетті органның талаптарына сәйкес нақты қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомасы | Валюталық түсімнің болуы (валюталық тәуекелдерді жабу үшін хеджирлеу құралдарының болуы) | 1-ескерту | 2-ескерту |
48 | 49 | 50 | 51 |
Кестені толтыру бойынша нұсқаулар
1) "ЖСН (СТТН)" деген реттік нөмірі 9-бағанда 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша СТТН ұсыну міндетті. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша ЖСН ұсынылады. Қазақстан Республикасының резиденттері еместер бойынша ақпарат ұсынылмайды.
2) "Жіктеу санаты" деген реттік нөмірлері 31 және "Уәкілетті органның талаптарына сәйкес нақты қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомасы" деген 48-бағандарда "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы ақпарат ұсынбайды. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы"
2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) күші жойылды деп танылған күннен бастап банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ақпарат ұсынбайды.
№ 3 нысан
Овердрафт қарыздары және клиенттердің кредит карточкалары
бойынша қарыздар бойынша № 1 және № 2 нысандарда көрсетілмеген
жиынтық ақпарат
_________________________________________________
ұйымның атауы)
20__ жылғы "1" _________ жағдай бойынша
Баған | Коды | Барлығы | Оның ішінде шетел валютасында |
1 | Қарыз алушылар түрі бойынша | ||
Екінші деңгейдегі банктер бойынша | |||
Заңды тұлғалар бойынша(екінші деңгейдегі банктерден басқа) | |||
Жеке тұлғалар бойынша | |||
Жиынтығы |
жалғасы
Баған | Коды | Барлығы | Оның ішінде шетел валютасында |
2 | Кредиттеу объектілерінің кодтары бойынша | ||
Жиынтығы | |||
3 | Қамтамасыз ету түрі бойынша қарыздардың кодтары бойынша | ||
Жиынтығы | |||
4 | Салалар кодтары бойынша | ||
Жиынтығы | |||
5 | Қаржыландыру көздерінің кодтары бойынша | ||
Жиынтығы | |||
6 | Облыстар кодтары бойынша | ||
Жиынтығы | |||
7 | Баланстық шоттар нөмірлері бойынша | ||
Жиынтығы |
жалғасы
8 | Жіктеу санатының коды бойынша | ||||
Коды | Сомасы | Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес нақты қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомасы | Уәкілетті органның талаптарына сәйкес нақты қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомасы | Қамтамасыз ету құны | |
Екінші деңгейдегі банктер бойынша | |||||
Жиынтығы | |||||
Өзге заңды және жеке тұлғалар бойынша | |||||
Жиынтығы |
Кестені толтыру бойынша нұсқаулар
1) "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес нақты қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомасы" деген реттік нөмірі 8-бағанда "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы ақпарат ұсынбайды. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) күші жойылды деп танылған күннен бастап банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ақпарат ұсынбайды.
Нысан
_____________________________________________ Төрағасы
(уәкілетті органның атауы)
________________________________________________________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)
Осымен, __________________________________________________
(банктің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)
20____жылғы 1 __________ жағдай бойынша қарыздар мен шартты
міндеттемелер жөніндегі ақпараттың жоқтығы туралы хабарлайды.
Бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы тұлға)
_____________________________________________________ ________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер _______________________________________ ________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Орындаушы:
_____________________________________________________ _______
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Есепке қол қою күні 20___ жылғы "_____" __________.
Мөр орны
Ескерту: Қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша тиісті ақпарат болған кезде толтырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік тізілімді қалыптастыру үшін есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы № 333 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3350 тіркелген);
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік тізілімді қалыптастыру үшін есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы № 333 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы № 160 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3709 тіркелген);
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген) қосымшаның 9-тармағы;
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) қосымшаның 10-тармағы.