Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі N 76 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4880 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

       Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы қаулы 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Заң департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.

Ұлттық Банк
Төрағасы



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 20 шілдедегі
N 76 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер енгізілетін
кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2000 жылғы N 9 жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1675 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы N 40-41 жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістерді бекіту туралы" 2001 жылғы 8 қазандағы N 382 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2244 тіркелген, 2003 жылғы 6 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде N 137-138 (23344) жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2343 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2003 жылғы 2-15 маусымда N 12 (259) жарияланған "Банктік депозиттік сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 140 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4094 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурызда "Заң газеті" газетінде N 42-43 (1022-1023) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4534 тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" Заң газеті" газетінде N 25 (1228) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 2 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруымен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде :

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) клиенттің сәйкестендiру нөмiрi;";

      11-тармақта:

      1) тармақшада:

      үшінші және төртінші абзацтар алынып тасталсын;

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бизнес сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттың көшірмесі;";

      2) тармақшада:

      үшінші абзац алынып тасталсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін - бизнес сәйкестендiру нөмiрi бар құжат;";

      3) тармақшада:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бизнес сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттың көшірмесі;";

      төртінші абзацтағы "мемлекеттік" деген сөз "есептік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) тармақшада:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін - бизнес сәйкестендiру нөмiрi бар құжат;";

      төртінші абзац алынып тасталсын;

      5) тармақша алынып тасталсын;

      6) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бизнес сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттың көшірмесі;";

      7) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бизнес сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттың көшірмесі.";

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жинақ шотын ашу кезінде осындай құжатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, клиенттің тіркеуші орган берген құжатта көрсетілген сәйкестендіру нөмірі;";

      17-тармақта:

      1) тармақшада:

      үшінші және төртінші абзацтар алынып тасталсын;

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бизнес сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттың көшірмесі;";

      2) тармақшада:

      үшінші абзац алынып тасталсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін - бизнес сәйкестендiру нөмiрi бар құжат;";

      3) тармақшаның төртінші абзацындағы "мемлекеттік" деген сөз "есептік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін - бизнес сәйкестендiру нөмiрi бар құжат;";

      18-тармақта:

      1) тармақшада:

      үшінші абзац алынып тасталсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "жинақ шотын ашу кезінде осындай құжатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, клиенттің бизнес сәйкестендiру нөмiрi бар құжатының көшірмесі;";

      2) тармақшада:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "клиенттің жеке сәйкестендiру нөмiрi бар құжаты;";

      төртінші абзац алынып тасталсын;

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "салымшының жеке сәйкестендiру нөмiрi бар құжаты.";

      19-3-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттың көшірмесі;";

      5) тармақша алынып тасталсын.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы N 5 жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1711 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2002 жылғы N 12 жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 395 қаулысына толықтыру мен өзгерісті енгізу туралы" 2001 жылғы 16 қарашадағы N 439 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2445 тіркелген, 2003 жылғы 26 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде N 217-218 (23517) жарияланған "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1304 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 395 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 204 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3883 тіркелген, 2005 жылғы 27 қазанда "Заң газеті" газетінде N 197-198 (931-932) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын ресімдеу және орындау мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4407 тіркелген, 2006 жылғы 19 қазанда "Заң газеті" газетінде N 185 (1165) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттарды жүргізу және инкассалық өкімдерді орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде :

      11-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) егер аударым жөнелтушінің немесе бенефициардың жеке сәйкестендіру кодын көрсете отырып жасалған жағдайда, олардың жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - БСН);";

      13-тармақтың екінші абзацындағы "СТН" бағанына салық төлеушi филиалының (өкiлдiгiнiң, құрылымдық бөлiмшесiнiң) тiркеу нөмiрiн көрсетедi" деген сөздер "БСН" бағанына салық төлеушi филиалының (өкiлдiгiнiң, құрылымдық бөлiмшесiнiң) бизнес сәйкестендіру нөмiрiн көрсетедi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-қосымшада:

      "РНН _________________________________" деген жолдағы "РНН"

      деген аббревиатура "ЖСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      "Бенефициар _____________________ РНН _______________" деген

      (салық комитетi)

      жолдағы "РНН" деген аббревиатура "БСН" деген аббревиатурамен

      ауыстырылсын;

       2-қосымшада:

      "РНН ____________________________" деген жолдағы "РНН" деген

      аббревиатура "ЖСН (БСН)" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;

      "Бенефициар __________________ РНН _______________" деген

      (салық комитетi)

      жолдағы "РНН" деген аббревиатура "БСН" деген аббревиатурамен

      ауыстырылсын;

       3-қосымшада:

      "РНН _________________________________" деген жолдағы "РНН"

      деген аббревиатура "БСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      "Бенефициар ________________ РНН __________________" деген

      (салық комитетi)

      жолдағы "РНН" деген аббревиатура "БСН" деген аббревиатурамен

      ауыстырылсын;

       4-қосымшада:

      "Ақша жөнелтуші _________________ РНН ________________" деген

      жолдағы "РНН" деген аббревиатура "ЖСН (БСН)" деген

      аббревиатуралармен ауыстырылсын";

      "Бенефициар __________ РНН __________ ЖБК ________ деген

      жолдағы "РНН" деген аббревиатура "БСН" деген аббревиатурамен

      ауыстырылсын;

      "Әлеуметтiк жеке код", "әлеуметтiк жеке кодын" деген

      сөздер "Жеке сәйкестендіру коды", "жеке сәйкестендіру кодын" деген

      сөздермен ауыстырылсын;

      хабарлама түбіртек кестесінің алтыншы "РНН" деген бағаны

      алынып тасталсын;

      5-қосымшада:

      "СТН______________________" деген жолдағы "СТН" деген

      аббревиатура "ЖСН (БСН)" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;

      "Бенефициар Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы СТН

      600400073391" жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бенефициар Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы БСН _______";

      "СТН" деген аббревиатура "БСН" деген аббревиатурамен

      ауыстырылсын;

      "Әлеуметтік бірегейлендіру коды", "әлеуметтік бірегейлендіру

      кодын" деген сөздер "Жеке сәйкестендіру коды", "жеке сәйкестендіру

      кодын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

      "Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші

      деңгейдегі банктері мен банк операцияларының жекелеген түрлерін

      жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар

      орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы N 428

      қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

      тізілімінде N 1351 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық

      атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық

      актілерінің 2001 жылғы N 2 бюллетенінде жарияланған; Қазақстан

      Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық

      актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2200 тіркелген "Қазақстан

      Республикасының Әділет министрлігінде N 1351 тіркелген Қазақстан

      Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан

      Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің арасында, сондай-ақ

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен банк

      операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының

      арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы"

      2000 жылғы 25 қарашадағы N 428 қаулысына өзгерістер мен

      толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 ,

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N

      3048 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2004 жылғы 16

      қыркүйектегі N 233 (23868) жарияланған "Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігінде N 1351 тіркелген Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші

      деңгейдегі банктерінің арасында, сондай-ақ Қазақстан

      Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен банк

      операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының

      арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы"

      2000 жылғы 25 қарашадағы N 428 қаулысына өзгерістер мен

      толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 22 шілдедегі N 99 ,

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N

      4026 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Басқармасының "Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк

      операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының

      арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы"

      2000 жылғы 25 қарашадағы N 428 қаулысына өзгерістер мен

      толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 177 ,

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N

      4829 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Басқармасының "Банктердің арасында, сондай-ақ екінші деңгейдегі

      банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын

      ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін

      бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы N 428 қаулысына өзгерістер

      мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 64

      қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса)

      мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің арасында,

      сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен

      банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының

      арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесінде:

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Респонденттің бизнес сәйкестендiру нөмiрi;".

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

      "Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол

      жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000

      жылғы 25 қарашадағы N 433 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді

      мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1352 тіркелген, Қазақстан

      Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының

      нормативтік құқықтық актілерінің 2001 жылғы N 2 бюллетенінде

      жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N

      1628 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және

      өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2001

      жылғы N 34 бюллетенінде жарияланған "Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы N 433

      қаулысымен бекітілген Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің

      арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру ережесіне

      өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2001 жылғы 13

      шілдедегі N 283 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және

      толықтыруымен қоса) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиент пен оған қызмет

      көрсететін банктің арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге

      асыру ережесінде :

      7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) клиент пен оған қызмет көрсететін банктің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі;".

      8. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.12.31 N 117 Қаулысымен.

       9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы оның жеке шотының көшірмесінде болуға тиісті мәліметтерді белгілеу туралы" 2004 жылғы 22 шілдедегі N 102 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3019 тіркелген, 2004 жылғы 19 шілде - 15 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында N 15-16 (289, 290) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 6) тармақшасындағы "салық төлеуші-бенифициардың және ақша жіберушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер "бенифициардың және ақша жіберушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын.