Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктiк есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 395 қаулысына толықтыру

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 439 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 28 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1711. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 сәуiрдегi N 3444 "Отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларының тiзбесiн бекiту туралы" Жарлығының  1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 6 наурыздағы N 349 Жарлығымен  бекiтiлген экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру Ережесiнiң 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет көрсететiн инвесторлармен келiсiм-шарт жасасқанда берiлетiн жеңiлдiктер мен преференцияларды беру процесiн жетiлдiру туралы" бұйрығына  келесi өзгерту енгiзiлсiн:
      Осы бұйрықпен бекiтiлген, 2002 жылға дейiнгi мерзiмге отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн маңызды өндiрiстер тiзiмiндегi
     2 тарауды "Өңдеушi өнеркәсiп" "Ауылшаруашылық өнiмдi өнеркәсiптiк қайта өңдеу" жолынан кейiн келесi мазмұндағы "Крахмал және крахмал өнiмдерi өндiрiсi" жолмен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күннен бастап күшiне енедi.

      Төрағаның міндетін атқарушы