Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану туралы ережені бекіту жөнінде" 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 13 мамырдағы N 169. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 19 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1886. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 91 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Z952335_ заң күші бар Жарлығына сәйкес және мемлекеттік қызмет кадрларының кәсіптік деңгейін көтеру әрі мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің "Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің оны Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган етіп белгілеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі аясы білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық іс-қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі