Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1199 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есеп шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту тура

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 25 сәуірде тiркелген. Тіркеу N 2244. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 598 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттігi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiн сайлауды мынадай құрамда қамтамасыз етсiн:
      Бектасов Әбен Ағыбайұлы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнің төрағасы, төраға
      Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      Мәжренов Жомарт Рақымбекұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қызметiнiң директоры (келiсiм бойынша);
      Сәрсембаев Өмiрзақ Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстік сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң бас сарапшысы
      Өтепов Эдуард Карлұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары;
      Исин Нұрлан Құрманғалиұлы.
      2) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлiк қоғамының директорлар кеңесi "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлiк қоғамының президентi лауазымына сайлау үшiн Нұрлан Құрманғалиұлы Исиннiң кандидатурасын ұсынсын.
      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.13. N 33 , 2004.07.26. N 791, 2005.03.19. N 250 қаулыларымен .

      2. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлiк қоғамын басқарудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 27 қыркүйектегi N 1063 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі