Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 12 сәуір N 69 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 12.04. 1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 731. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасында стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық бойынша келісім жасасу туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің төрағасы Мұрат Хамитұлы Тұрысбековке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

 

Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы Стандарттау, метрология

және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол

қоюға өкілеттік берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Оқығандар:

Қобдалиева Н.М.

Омарбекова А.Т.