Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстердi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 8 қазан N 382  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 13 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1675. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен

      Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды одан әрі жетілдіру, оны дамытудың негізгі бағыттарын айқындау мақсатында:
      Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасының Экономика және сауда, Әділет министрліктерімен бірлесіп, 2002 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде Тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды жетілдірудің 2002-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      Қазақстан Республикасының Әділет, Экономика және сауда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2002 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерін

 

реттейтін кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлесін және Қазақстан

Республикасының Үкіметіне енгізсін.

     Ескерту. 3-абзац өзгерді - ҚР Премьер-Министрінің 2002.01.14. N 1    

              өкімімен. 


R020001_




     Премьер-Министр



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.