Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашада

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 177 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрігінде 2006 жылғы 23 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4026. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  185-қосымшада :
      4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін ақша қаражатын жинақтау.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін ақша қаражатын жинақтау.";
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақша қаражатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде жаңадан құрылатын Еуразия даму банкінің атына ашылған уақытша жинақтау шотына аудару.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының мемлекетаралық инвестициялық банктің жарғылық капиталындағы үлесінің 20 пайызын төлеу үшін ақша қаражатын қамтамасыз ету.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі