Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1351 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операциялары

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 21 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 11 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2200. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының 1-тармағын қоспағанда күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексі) 15-бабына сәйкес және кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға салықтық әкiмшiлiк жүргiзудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.03 N 101 қаулысымен.
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерiнiң бекiтiлген штат саны лимиттерi шегiнде "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң N 1 аймақаралық салық комитетi" мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi - Аймақаралық комитет) құрылсын.
      2-3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29 N 1127 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі