Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4803 болып енгізілді.

Жаңартылған

       "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы",
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 
сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 19 ақпандағы Заңдарын (бұдан әрі - Заңдар) іске асыру
мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері
мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Заңдар қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 8-тармақтың үшінші, төртінші абзацтарын, 13-тармақтың төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарын, 20-тармақтың бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.07.15 № 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      3. Заң департаментi (Байсынов М.Б.):
      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлемін төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына, "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры", "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жiберсiн.
      4. Агенттіктің Төраға қызметі (Заборцева Е.Н.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен 
қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 28 мамырдағы N 155
қаулысына қосымша      

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесі

      Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық
актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша мынадай өзгерістер мен
толықтырулар енгізілсін:
      1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 24 Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы N 36 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасы төрағасының 23.04.2014 № 67 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 242 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 382 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2574 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 1-4, 908-құжат), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 382 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4198 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге:
      аталған қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесінде:
      18-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі";
      20-1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі";
      2-1-қосымшада:
      он үшінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі:_______".
      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 409 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2632 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 23 қаңтарда N 13 (24323) жарияланған):
      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесінде:
      5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін);".
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептердi беру, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентi сақтауға жататын талаптар туралы ережені бекiту туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 430 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2646 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 5 ақпанда N 23 (24333) жарияланған):
      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептердi беру, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентi сақтауға жататын талаптар туралы ережесінде:
      1-қосымшаның 2-тармағының 4) тармақшасындағы "салық төлеушінің" деген сөздер және "банктік деректемелері және" деген сөздерден кейінгі "тіркеу нөмірі" деген сөздер алынып тасталсын.
      8. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 174 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. "Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 113 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3576 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылғы 16 қыркүйекте N 170-171 (904-905) жарияланған):
      аталған қаулымен бекітілген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесінде:
      12-тармақтың 1), 3), 4) тармақшаларындағы "салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер алынып тасталсын.
      11. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3822 тіркелген) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4238 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге:
      аталған қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережесінде :
      1-қосымшаның 4-тармағы алынып тасталсын.
      13. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 147 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4181 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, N 9-10, 2005 жылғы маусым, 219-құжат):
      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесінде:
      145-тармақтың 5) тармақшасындағы "статистикалық карточкасының және" деген сөздер алынып тасталсын.
      15. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.04.30 № 62 Қаулысымен.
      18. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4257 тіркелген):
      аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесінде :
      142-тармақтың 5) тармақшасындағы "және статистикалық карточканың" деген сөздер алынып тасталсын.
      19. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      21. "Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмілелері туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4298 тіркелген):
      1-қосымшадағы "Салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер "Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      22. "Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне өтуге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы жөніндегі өтініш нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 216 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4430 тіркелген):
      Қосымшадағы "(Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктемедегі
коды)"
"_________________________________________________________________"
               (салық төлеушінің тіркеу нөмірі)
      деген жолдар алынып тасталсын.
      23. "Агент банкті таңдау жөнінде конкурс өткізу ережесі мен агент банкке қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 211 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4439 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 17 қарашада N 201 (1181) жарияланған):
      аталған қаулымен бекітілген Агент банкті таңдау жөнінде конкурс өткізу ережесінде:
      2-қосымшадағы "(Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктемедегі
коды)"
"_________________________________________________________________"
                (салық төлеушінің тіркеу нөмірі)
      деген жолдар алынып тасталсын.
      24. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.