Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмілелері туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 134 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 14 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4298. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі N 108 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.07.15 N 108 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 40-бабы 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмілелері туралы ақпарат" нысаны (бұдан әрі - нысан) бекітілсін.

      2. Екінші деңгейдегі банктер ай сайын есепті айдан кейінгі айдың он жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынылып отырған деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныс құралдарымен берілетін ақпаратты жеткізуді кепілдік берілген көлік жүйесін пайдалану арқылы электронды тасымалдағыш нысанында жеткізіп отырады.

      Банктер уәкілетті органның талап етуі бойынша сұрату алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оны қағазға шығарылған нысанда береді.
      Электронды тасымалдағышта берілген деректердің қағазға шығарылған деректермен дәлме дәлдігін банк Басқармасының бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам қамтамасыз етіп отырады.

      3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілген нормативтік құқықтық актілер өзінің күшін жойды деп танылсын.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      5. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      6. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

                                         Қазақстан Республикасы
                                         Қаржы нарығын және қаржы
                                      ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                                         агенттігі Басқармасының
                                        2006 жылғы 17 маусымдағы
                                        N 134 қаулысына 1-қосымша

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-қосымшаға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29 N 173 Қаулысымен.

   200 __ жылғы "___" ______ бастап 200 __ жылғы "___" _____
   дейінгі есепті кезең аралығына жасалған, сондай-ақ есепті
       күнгі жағдай бойынша қолданылатын, банкпен айрықша
   қатынаста болатын _________________ тұлғалармен жасалған
                           (банк атауы)
                мәмілелер туралы Ақпарат

N

Тұлғаның атауы (фамилиясы, аты, әкесінің аты)

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі

Тұлға банкпен айрықша қатынаста болатын  тұлғаға жатқызылған белгісі

Операциялар түрі

Валюта түрі

Шарт бойынша мәміле сомасы (мың теңгемен)

Шарт жасау мерзімі (талаптарды орындаудың басталған күні)

1

2

3

4

5

6

7

8

Заемдар беру










Жиынтық















Депозитті орналастыру және қабылдау немесе заем алу










Жиынтық















Банкпен айрықша қатынаста болатын тұлғалар шығарған қаржы құралдарын сатып алу және кепілге алу










Жиынтық















Қаржы құралдарын, оның ішінде банкпен айрықша қатынаста болатын   тұлғалардан кері сату (сатып алу) шарты бойынша сату (сатып алу)  (банкке қарсы агентті анықтауға мүмкіндік бермейтін тәсілдермен ұйымдасқан рынокта жасалған мәмілелерден басқа)










Жиынтық















Банкпен айрықша қатынаста болатын тұлғалардан мүлікті қабылдау және сатып алу (сату)










Жиынтық















Жоғарыда аталған операцияларды жүзеге асыруға, не банкпен айрықша қатынаста болған тұлғалармен банктің қаражаттандыру немесе ортақ жауапкершілігі жөніндегі банктің болашақтағы міндеттемесі










Жиынтық















Жоғарыдағы аталған операциялардан басқа банкпен және банкпен айрықша қатынаста болған тұлғамен арадағы мүліктік меншік құқығына көшу










Жиынтық















Мәміленің өзге түрлері










Жиынтық
















Барлығы







кестенің жалғасы

Шарттағы іс-қимылды аяқтау күн (талаптарды орындаудың аяқталған күні)

Шарт талаптары бойынша қамтамасыз ету

Төленетін сыйақы
(жылдық процент бойынша)

Есепті күндегі ағымдағы қалдық (мың теңгемен)

Деректемелер Банктің директорлар кеңесінің не акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері(директорлар кеңесі болмаған жағдайда)

Ескерту

түрі

құны (мың теңгемен)

Банк пайдасы үшін банкпен айрықша қатынаста болатын тұлғамен

банкпен айрықша қатынаста болатын тұлғаның пайдасы үшін

Банктің ішкі құжаттарына сәйкес

9

10

11

12

13

14

14-1

15

16

















































































































































































































Банкпен және олармен айрықша қатынаста болған тұлғалармен банк жасаған операциясының әрбір түрі бойынша сомасынан банкпен және айрықша қатынаста болған тұлғалармен жасаған мәмілесінің жалпы сомасы 200 __ жылғы "__" _____ жағдай бойынша нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйегіндегі N 358 "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні мен әдістемесінің есебі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына сәйкес есептелетін банктің меншікті капиталының жиынтықты мөлшерінен 0,1 проценттен аспаса, _______________ мың теңге болады.

Банк есепті кезең ішінде банкпен айрықша қатынаста болған тұлғаларға жеңілдікті талаптар көрсетілмегендігін және банкпен айрықша қатынаста болған тұлғалармен осы ақпаратта көрсетілгеннен басқа мәмілелер жасалмағандығын растайды.

      Банк Басқармасының бірінші басшысы (не оның орнындағы адам) ________________________
      Орындаушы _________________________
      Бас бухгалтер _________________________
      
      Мөрдің орны:

      Кестені толтыруға байланысты нұсқаулар:
      1) кестеде банктің онымен айрықша қатынаста болған тұлғалармен жасаған операциясының әрбір түрі бойынша сомасынан банкпен және айрықша қатынаста болған тұлғалармен жасаған мәмілесінің жалпы сомасы тиісті есепті күннің жағдайы бойынша нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйегіндегі N 358 "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні мен әдістемесінің есебі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына сәйкес есептелетін банктің меншікті капиталының жиынтықты мөлшерінен 0,1 проценттен асқан жағдайдағы банктің барлық мәмілелері туралы мәліметтер көрсетіледі;
      2) егер мәміле талаптары қамтамасыз етудің немесе сыйақы төлеудің болуын болжалдамайтын болса, онда 10), 11) немесе 12)-14) бағандар толтырылуы тиіс деп табылмайды.

      Банк осы Ақпаратқа "200 __ жылғы "__" _____ жағдай бойынша банкпен айрықша қатынаста болған тұлғалар тізілімін" мынадай нысан бойынша қоса береді

N

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі

Тұлғаның атауы (фамилиясы, аты-жөні)

Банкпен айрықша қатынаста болатын  тұлға болып табылатын тұлғаның ерекшелігі

1

2

3

4





        Банк Басқармасының бірінші басшысы (не оның орнындағы адам) _______________________
      Орындаушы      _________________________
      Бас бухгалтер _________________________
      
      Мөрдің орны:

Қазақстан Республикасы  
Қаржы нарығын және қаржы 
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының 
2006 жылғы 17 маусымдағы 
N 134 қаулысына 2-қосымша 

Күшін жойды деп танылған нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

      1) "Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері жөнінде ақпарат беру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 543 қаулысы , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1745 тіркелген;

      2) "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1745 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері бойынша ақпарат беру нысанын бекіту туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 543 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 37 қаулысы , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2761 тіркелген, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде" жарияланған, 2004 ж., N 25-28, 953-құжат;

      3) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері бойынша ақпарат беру нысанын бекіту туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 543 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 129 қаулысы , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3650 тіркелген.