"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы",
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 19 ақпандағы Заңдарын (бұдан әрі - Заңдар) іске асыру
мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері
мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Заңдар қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 8-тармақтың үшінші, төртінші абзацтарын, 13-тармақтың төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарын, 20-тармақтың бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.07.15 № 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
3. Заң департаментi (Байсынов М.Б.):
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлемін төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына, "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры", "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жiберсiн.
4. Агенттіктің Төраға қызметі (Заборцева Е.Н.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 28 мамырдағы N 155
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесі
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық
актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша мынадай өзгерістер мен
толықтырулар енгізілсін:
1. <*>
1-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 24 Қаулысымен.
2. (2-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы N 36 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен).
3. "Кастодиандық үлгi шарттардың нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 139 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2320 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кастодиандық үлгi шарттардың нысандарын бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 139 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 96 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4236 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге:
1-қосымшада:
Кастодиан банк, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын Кастодиандық үлгі шартта:
7-тармақтың 10) тармақшасындағы, 9-тармақтың 15) тармақшасындағы "салық төлеушінің тіркеу номерінің" деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірінің құрылымына енетін мәліметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тарауда:
"салық төлеушінің тіркеу нөмірі," деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірі," деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымшада:
Кастодиан банк пен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын Катодиандық үлгі шартта:
6-тармақтың 10) тармақшасындағы "салық төлеушінің тіркеу номерінің" деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірінің құрылымына енетін мәліметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тарауда:
"салық төлеушінің тіркеу нөмірі," деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірі," деген сөздермен ауыстырылсын;
3-қосымшада:
Кастодиан банк, басқарушы агент және арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын Кастодиандық үлгі шартта:
7-тармақтың 9) тармақшасындағы, 9-тармақтың 14) тармақшасындағы "салық төлеушінің тіркеу номерінің" деген сөздер" бизнес-сәйкестендіру нөмірінің құрылымына енетін мәліметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тарауда:
"салық төлеушінің тіркеу нөмірі," деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-қосымшада:
Кастодиан банк пен бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялауды дербес жүзеге асыратын арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын кастодиандық үлгі шартта:
6-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлерді ауыстыру, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің құрылымына енетін мәліметтер, мекен-жайларының, телефондарының ауысуы) өзгерістер келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Кастодианның тиісті құжаттарын ұсыну арқылы Кастодианды жазбаша хабардар етуді";
12-тарауда:
"салық төлеушінің тіркеу нөмірі," деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 242 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 382 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2574 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 1-4, 908-құжат), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 382 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4198 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге:
аталған қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесінде :
18-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі";
20-1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі";
2-1-қосымшада:
он үшінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі:_______".
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 409 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2632 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 23 қаңтарда N 13 (24323) жарияланған):
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесінде :
5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін);".
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептердi беру, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентi сақтауға жататын талаптар туралы ережені бекiту туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 430 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2646 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 5 ақпанда N 23 (24333) жарияланған):
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептердi беру, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентi сақтауға жататын талаптар туралы ережесінде :
1-қосымшаның 2-тармағының 4) тармақшасындағы "салық төлеушінің" деген сөздер және "банктік деректемелері және" деген сөздерден кейінгі "тіркеу нөмірі" деген сөздер алынып тасталсын.
8. "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 153 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2953 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, N 15, 105-құжат):
аталған қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесінде :
4-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жеке сәйкестендіру нөмірі;";
5) тармақша алынып тасталсын.
9. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 174 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
10. "Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 113 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3576 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылғы 16 қыркүйекте N 170-171 (904-905) жарияланған):
аталған қаулымен бекітілген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесінде :
12-тармақтың 1), 3), 4) тармақшаларындағы "салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер алынып тасталсын.
11. "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3832 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту және "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөніндегі есепті бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 217 қаулысына және "Бағалы қағаздарды ұстаушылар жүйесін енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4214 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге:
аталған қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесінде :
1-тармақтың 3) тармақшасындағы "және статистикалық карточканың" деген сөздер алынып тасталсын;
1-қосымшаның 4-тармағы алынып тасталсын.
12. "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3822 тіркелген) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4238 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге:
аталған қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережесінде :
1-қосымшаның 4-тармағы алынып тасталсын.
13. "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4070 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 115 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4681 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге:
аталған қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесінде :
27-тармақтың 5) тармақшасында:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке әлеуметтік код немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бар
болса)";
сегізінші абзац алынып тасталсын;
29-тармақта:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке әлеуметтік код немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бар
болса)";
он үшінші абзац алынып тасталсын.
14. "Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4181 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, N 9-10, 2005 жылғы маусым, 219-құжат):
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесінде :
145-тармақтың 5) тармақшасындағы "статистикалық карточкасының және" деген сөздер алынып тасталсын.
15. "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4138 тіркелген) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 147 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4364 тіркелген) енгізілген толықтырулар мен өзгерістермен бірге:
аталған қаулымен бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде :
8-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
13-тармақтың 6) тармақшасындағы "салық төлеушінің тіркелу нөмірі және" деген сөздер алынып тасталсын;
2 және 3 қосымшалардағы "Эмитент туралы мәліметтер" кестесіндегі бесінші жол алынып тасталсын.
16. "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4175 тіркелген) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін енгізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 148 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4365 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 36 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4599 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге:
аталған қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесінде :
7-тармақта:
5) тармақшадағы ";" деген тыныс белгісі "." деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
6), 7) тармақшалар алынып тасталсын;
13-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
17-тармақта:
7) тармақшадағы ";" деген тыныс белгісі "." деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
8) тармақша алынып тасталсын;
46-тармақтың 1) тармақшасындағы, 48-тармақтың 1) тармақшасындағы "салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшаның "Эмитент туралы мәліметтер" кестесінің төртінші
жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
";
2-қосымшаның "Эмитент туралы мәліметтер" кестесінің бесінші
жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
";
3-қосымшаның "Эмитент туралы мәліметтер" кестесінің бесінші
жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
";
5-қосымшадағы "Салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер "Бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын.
17. <*>
Ескерту. 17-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.04.30 № 62 Қаулысымен.
18. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4257 тіркелген):
аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесінде :
142-тармақтың 5) тармақшасындағы "және статистикалық карточканың" деген сөздер алынып тасталсын.
19. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
20. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
21. "Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмілелері туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4298 тіркелген):
1-қосымшадағы "Салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер "Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін)" деген сөздермен ауыстырылсын.
22. "Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне өтуге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы жөніндегі өтініш нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 216 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4430 тіркелген):
Қосымшадағы "(Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктемедегі
коды)"
"_________________________________________________________________"
(салық төлеушінің тіркеу нөмірі)
деген жолдар алынып тасталсын.
23. "Агент банкті таңдау жөнінде конкурс өткізу ережесі мен агент банкке қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 211 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4439 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 17 қарашада N 201 (1181) жарияланған):
аталған қаулымен бекітілген Агент банкті таңдау жөнінде конкурс өткізу ережесінде :
2-қосымшадағы "(Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктемедегі
коды)"
"_________________________________________________________________"
(салық төлеушінің тіркеу нөмірі)
деген жолдар алынып тасталсын.
24. Тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.