Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын сақтандыру ұйымы шығыст

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 242 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 қазанда № 8814 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 № 971 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74-ө бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5614 болып тіркелген, 2009 жылғы 8 мамырда «Заң газетінің» № 69 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген өндірістік жазатайым оқиға туралы актінің нысанында:
      өндірістік жазатайым оқиға туралы актіні толықтыруға түсіндірмелерде:
      ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескерту:
      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 326-бабының 4-тармағына сәйкес әрбір жазатайым оқиғаны тергеп - тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс берушімен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екіншісі - мемлекеттік еңбек инспекциясына жіберіледі.
      Улану жағдайында актінің көшірмесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға да жіберіледі»;
      осы бұйрықпен бекітілген жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісінің нысанында:
      «кұрамында,____________________________________________________
                (Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының
атауы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі) бұйрығымен
тағайындалған комиссия» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «құрамында,____________________________________________________
                (Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның,
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының атауы немесе
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі)
      бұйрығымен тағайындалған комиссия».
      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (К.Ө. Санабаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың еңбек жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ. Егембердіге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Т. Дүйсенова