Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығы.

Жаңартылған

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінін жинағында
жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 5-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілсін.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 1005 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Мазмұны

      1-бөлім. Паспорт (негізгі параметрлер)

      2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау

      2.1. Мемлекеттік қаржы саласындағы қолданыстағы мемлекеттік реттеуді бағалау

      2.2. Түйінді проблемалар және Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі

      3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу

      4-бөлім. Мемлекеттік қаржыны басқарудың даму пайымы

      5-бөлім. Мемлекеттік қаржыны басқару саясатын қалыптастыруға қатысты негізгі қағидаттар мен тәсілдер

      5.1. Мемлекеттік қаржыны басқару саясатының негізгі қағидаттары

      5.2. Мемлекеттік қаржыны басқару саясатына қатысты негізгі тәсілдер

      5.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану саясаты

      5.4. Салық-бюджет саясаты

      5.4.1. Бюджеттік қағидалар жиынтығын айқындау

      5.4.2. Бюджеттің кіріс белігін нығайту (салық саясаты)

      5.4.3. Бюджет шығыстарының тиімділігі мен экономикалық қайтарымдылығын арттыру

      5.5. Мемлекеттік борышты басқару саясаты

      5.6. Мемлекеттік қаржыны басқару проңесінің ашықтығы мен айқындығын арттыру

      5.7. Мемлекеттік қаржыны басқару процесін автоматтандыру және цифрландыру

      6-бөлім. Ньюаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

      7-бөлім. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

1-Бөлім.

Паспорт (негізгі параметрлер)

Атауы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауы, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы

Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар, ұйымдар

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері

Іске асыру мерзімі

2022 - 2030 жылдар

2-Бөлім.

Ағымдағы ахуалды талдау

      2.1. Бюджет саласындағы қолданыстағы мемлекеттік реттеуді бағалау

      Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап бюджеттік реттеу жүйесін қалыптастыру мен жетілдірудің ұзақ жолынан өтті.

      Бюджет саласында бірқатар маңызды, өзара байланысты және жақсы ойластырылған реформалар жүргізілді.

      Бюджет жүйесі мен Ұлттық қордың қалыптасуы

      Мұнайдан түсетін кірістерді жинақтау арқылы, сондай-ақ республикалық бюджеттің әлемдік шикізат нарықтарындағы ахуалға тәуелділігін азайту арқылы болашақ ұрпақ үшін қаржы ресурстарын жинау мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі - ҚРҰҚ) құру Қазақстанның бюджет жүйесінің маңызды реформасы болды. ҚРҰҚ елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты қолдаудың маңызды құралына айналды.

      ҚРҰҚ-ны кұру шикізат нарықтарындағы бағалар деңгейінің "шарықтауы" кезеңінде дағдарысқа қарсы ауқымды бағдарламаларды іске асыруға қаражат бөлу арқылы 2000-шы жылдардағы дағдарыстардың сыртқы күйзелістерін жеңілдетуге мүмкіндік берді.

      Мұнайдан түсетін кірістердің негізгі көлемін бюджетке тіркелген трансфертпен үйлестіре отырып ҚРҰҚ-ға жіберудің мақсаты мұнай кірістері құбылмалылығының бюджетке ықпалын шектеу және бюджеттік тәртіпті арттыру болып табылады.

      Мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріндегі бюджет процесі 2008 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен (бұдан әрі - Бюджет кодексі) реттеледі.

      ҚРҰҚ-ның қаражатын қалыптастыруды және пайдалануды қоса алғанда, бюджет саясатының бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасында (бұдан әрі - Бюджет саясатының тұжырымдамасы) және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында (бұдан әрі - ҚРҰҚ тұжырымдамасы) айқындалған.

      Бюджет саясатының тұжырымдамасы 2020 жылға дейінгі фискалдық саясатты қалыптастырудың пайымын, негізгі тәсілдерін және мемлекеттік қаржы саласындағы кешенді реформаларды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды айқындайды. Бюджет саясатының тұжырымдамасында мемлекеттік бюджет тапшылығы мен борышына қатысты қағидалар да белгіленген.

      Бұл фискалдық негіз ҚРҰҚ тұжырымдамасында жетілдірілді, онда бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығына, үкіметтік борышқа және ҚРҰҚ активтерінің ең аз көлеміне қатысты қосымша қағидалар белгіленді, сондай-ақ ҚРҰҚ-дан республикалық бюджетке берілетін трансферттер жүйесі өзгертілді.

      2017 жылдан бастап Бюджет кодексіне енгізілген толықтырулар ескеріле отырып, мұнайға қатысты емес тапшылық деңгейі үш жылдық республикалық бюджет туралы заңда бекітіледі.

      Бүгінгі таңда Қазақстанның бюджет жүйесі бюджеттік қағидаларға негізделеді.

      Бюджеттің тапшылығы мен мұнайға қатысты емес тапшылығын шектейтін, сондай-ақ мемлекеттік борыштың параметрлері мен ҚРҰҚ қаржы активтерінің төменгі шегін белгілейтін бюджеттік қағидалардың мақсаты мемлекеттік қаржының орнықтылығы үшін қажетұстап тұру болып табылады.

      2018 - 2020 жылдары ҚРҰҚ-дан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт, мұнайға қатысты емес тапшылық және борышты тұрақтандыру бойынша қағидаларға қатысты ҚРҰҚ тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді.

      Ұлттық қор активтерін үкіметтік борышқа қолдануды болғызбау мақсатында белгілі бір шектеулер енгізілді.

      Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке сәйкес Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері

      2019 - 2021 жылдары 10,1 трлн теңгені құрады. 2021 жылдың қорытындылары бойынша үкіметтік борышқа қызмет керсетуге және оны өтеуге арналған шығыстар республикалық бюджет кірістерінің 17%-ын құрады.

      Үкіметтік борыш пен мемлекет кепілдік берген борыштың лимиттерін айқындау мақсатында көлемін Үкіметпен келісу арқылы квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыз алуына шектеу белгіленетін болады. Бұл шектеу Бюджет кодексінде бекітілген.

      2020 жылы Бюджет кодексінде ҚРҰҚ-дан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін регламенттейтін бюджеттік қағида бекітілді. Қағидаға сәйкес кепілдік берілген трансферттің мөлшері мұнайдың белгіленген "кесімді" бағасы кезінде мұнай секторынан ҚРҰҚ-ға түсетін болжамды түсімдерден аспауға тиіс.

      Мемлекеттік қаржының орнықтылығын бағалау

      Қазақстанда ел экономикасына ықпал етуі мүмкін тәуекелдердің түрлерін Үкімет республикалық бюджетті жоспарлаудың негізі болып табылатын орта мерзімді кезеңге арналған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын (бұдан әрі - ӘЭДБ) әзірлеу кезінде қарайды.

      2018 жылдан бастап ӘЭДБ құрамында мемлекеттік қаржы орнықтылығының бағалауы ұсынылады.

      Халықаралық валюта қоры сарапшыларының пікірінше, ӘЭДБ-де тәуекелдер жиынтығының ашылғанына қарамастан, қолданыстағы модельдеу әдістері макроэкономикалық тәуекелдердің әсер ету тетіктерінің бір бағыттағы диапазонын талдаумен шектеліп, экономикадағы ұсыныс аспектісі бойынша құрылған. Нәтижесінде экономикалық күйзелістердің бюджеттік позицияларға ықпал ету дәрежелері толық бағаланбайды, бұл бюджеттік тәуекелдердің іске асырылуына әкеледі.

      Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бес жылға болжамданады, ал бюджет параметрлері үш жылға жасалады. Қолданыстағы жүйеде 10 жылдан астам кезеңді қамтитын ұзақ мерзімді болжамдауларды әзірлеу жөніндегі талап бекітілмеген. Халықтың қартаюы, бала туудың артуы сияқты демографиялық көрсеткіштерге немесе климаттың өзгеруіне байланысты басқа елдерде байқалып отырған үрдіс Қазақстан үшін де өзекті, өйткені экономикалық өсуге, зейнетақымен қамсыздандыру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету бағдарламаларына, салық салуға және басқаларына әсер етеді, бұл да мемлекеттік бюджет параметрлерінен көрініс табады.

      Елдің қолданыстағы болжамдау және жоспарлау жүйесін бюджеттік практиканың озық желісіне жақындату мақсатында халықаралық сарапшылар жеке құжат жариялауды ұсынады, ол Үкіметтің бюджеттік тәуекелдерді талдау мен басқару және мемлекеттік қаржының орнықтылығын бағалау жұмысын одан әрі жетілдіру жолындағы маңызды меже болмақ.

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қабылданған бюджет заңнамасының нормасы (Бюджет кодексінің 74-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасы) бюджеттік тәуекелдер мен мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы талдамалық есепті әзірлеу үшін негіз болады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.

      Қазақстан үшін бюджеттік тәуекелдерді басқару және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығын бағалау жүйесін енгізу бюджет процесінде қазіргі уақытта қолданылатын стратегиялық жоспарлауға маңызды толықтыру болып табылады. Бюджеттік тәуекелдерді ашу және ұзақ мерзімді орнықтылықты бағалау саяси шешімдер қабылдау кезінде шығасылар мен пайдалар теңгерімін айқындауға ықпал етіп, ұзақ мерзімді қысым нүктелерін түсінуді қамтамасыз етеді.

      Бюджеттің кіріс базасын нығайту цифрлық технологияларды пайдалануды ескере отырып, салықтық және кедендік әкімшілендірудің сапасын арттыру бөлігінде қабылданатын шаралар есебінен жүзеге асырылады, оның нәтижесінде республикалық бюджет кірісіне жыл сайын шамамен 700-800 млрд теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етіледі. Соңғы 3 жылда (2019-2021 жылдары) бюджет 2,3 трлн теңгеден астам (2019 жылы 916 млрд теңге, 2020 жылы 710 млрд теңге, 2021 жылы 683 млрд теңге) қосымша түсімдер алды.

      2022 жылға арналған түсімдердің болжамында салықтық және кедендік әкімшілендіру шаралары және оларды цифрландыру есебінен 726 млрд теңге көлемінде қосымша түсімдер ескерілген, бұл көлеңкелі экономика деңгейін ЖІӨ-ге қатысты 2018 жылғы 27 %-дан 2020 жылы 20,2 %-ға дейін (2019 жылы 23,7 %) төмендетуге мүмкіндік берді.

      Осы бағыттағы жұмыс 2022 жылы ақпараттық жүйелер кешенін білдіретін Тауарларды ұлттық қадағалап отыру жүйесінің толыққанды жұмыс істеуін ескере отырып, жалғастырылатын болады.

      Бұдан басқа, халықаралық тәжірибені ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тараптардың өзара келісуі бойынша салық органдарының ірі бизнес бухгалтериясымен қашықтықтан ақпараттық өзара іс-қимылына негізделген ірі бизнестің деңгейлес мониторингі бойынша жобаны бастады, бұл болашақта салықтық толық есепке жазулар мен айыппұлдарды алып тастайды.

      Қолданыстағы трансферттік баға белгілеу туралы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес биржалық тауарлармен тауар биржасында жасалған мәмілелер бойынша бақылау жүзеге асырылмайды.

      2015 - 2020 жылдар кезеңінде стратегиялық маңызы бар тауарларды (мұнай, газ, мұнай өнімдері, металдар, кендер мен концентраттар, көмір, астық) экспорттаушыларға трансферттік баға белгілеу бойынша барлығы 147 тексеру жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша бюджетке 50 млрд теңге сомасында салық өндірілді.

      Бұдан басқа, Қазақстанның тауар биржалары арқылы өткізілген сұйытылған газ бен астық бойынша 2019 жылғы мәмілелерді мониторингтеу кезінде бағалардың импорт еліндегі (Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан) нарықтық бағалардан 10-25 %-ға төмендетілгені анықталды.

      Сонымен қатар іс жүзінде жасанды делдалдық құрылымдар құрылады, олардың экспортталатын өнімді кейіннен сату кезіндегі тәуекелі барынша төмен және олар өзара байланысты тараптар деп мойындалмайды.

      Мұндай мәмілелер трансферттік баға белгілеу туралы заңнамамен бақыланбайды және ҚР-дан капиталдың шығуы орын алады.

      Салық міндеттемелерін орындауды түбегейлі жеңілдету үшін ыңғайлы әрі қарапайым функционалы бар мобильді қосымшалар іске қосылды. Бұл - жеке тұлғалар үшін "Е-Salyq-Аzаmаt" және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкерлерге арналған "Е-Salyq-business".

      Сонымен бірге отандық салық заңнамасында преференциялар, кейінге қалдырулар, шегерімдер, жеңілдіктер болып табылатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәсілдеріне өзгерістер баршылық.

      Салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды талдау тұрақты негізде жүргізіледі.

      Қолданыстағы Салық кодексінде 277 салықтық жеңілдік бар.

      Бұл жеңілдіктердің сомасы 2018 жылы 4 511,4 млрд теңгені құрады.

      Салықтар белінісінде қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) жеңілдіктері бойынша сома - 2 700,4 млрд теңге, корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі - КТС) бойынша - 1 786,5 млрд теңге, қалған жеңілдіктер бойынша - 24,5 млрд теңге, яғни құрылымдағы басым үлесті ҚҚС және КТС бойынша жеңілдіктер алады (99,5 %).

      2019 жылы жеңілдіктер сомасы - 4 017,7 млрд теңгені, 2020 жылы - 4 401,9 млрд теңгені құрады. Жеңілдіктер құрылымы сақталды.

      Аталған жеңілдіктердің негізгі бөлігі стандартты, яғни халықаралық практикаға сәйкес келетін жеңілдіктер болып табылады.

      2020 жылы ҚҚС бойынша жеңілдіктер сомасы 3 153,4 млрд теңгені (71,6 %) құрады.

      2020 жылы КТС бойынша жеңілдіктер сомасы 1 224,6 млрд теңгені (27,8 %) құрады.

      Салықтық жеңілдіктердің көп болуы мемлекет үшін едәуір жоғалған кіріс сомасы болып табылады.

      Бюджет жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері

      2014 - 2020 жылдары бюджет жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс Бюджет саясаты тұжырымдамасына және 100 нақты қадам - Ұлт жоспарына сәйкес жүргізілді.

      Реформалар кешенді түрде жүргізілді. Осы кезеңдегі реформалардың негізгі бағыты - бұл "бюджет қаражатын басқарудан" "нәтижелерді басқаруға" көшу бойынша жұмысты жалғастыру.

      Осыған байланысты 2013 жылы Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) қабылданды.

      Тұжырымдама осы уақытқа дейін мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі негізгі қағидаттар мен тәсілдерді қамтиды, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырудың мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

      Төмен деңгейде тұрған құжаттарды бір деңгейге жоғары тұрған құжаттарға байланыстыра отырып әзірлеудің қажеттігі мен заңдылығы негізгі қағидаттар болып табылады.

      Бұл мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері иерархияға сүйене отырып декомпозициялануға және айқындалуға тиіс екенін білдіреді.

      Өз кезегінде бюджет шығыстары мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге, яғни "нәтижелерді басқаруға" бағытталуға тиіс. "Нәтижелерді басқарудың" негізгі тәсілдері мыналарды болжайды: бюджет мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен нәтижелері негізінде қалыптастырылады;

      шығыстарды жоспарлау кезінде бюджеттік бағдарламалар шеңберінде түпкілікті нәтижелерді негіздеуге баса назар аударылады;

      бюджет қаражатын бюджет қаражаты әкімшілерінің және (немесе) олар іске асыратын бюджеттік бағдарламалардың арасында бөлу елдің бағдарламалық құжаттарында белгіленген басымдықтарға сәйкес түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге тікелей байланыста жүзеге асырылады;

      бюджет қаражаты әкімшілері қызметінің нәтижелерін бағалау қол жеткізілген нәтижелер бойынша жүзеге асырылады.

      Нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді қолдану мыналарға:

      бюджет шығыстарын экономиканы дамытудың басым бағыттарына шоғырландыруға;

      бюджеттік бағдарламалардың күтілетін нәтижелері мен қажетті ресурстар көлемі арасында өзара байланыс орнатуға;

      бюджет шығыстарының негізділігін арттыруға;

      мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асырудағы жауапкершілігін арттыра отырып, олардың дербестігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

      2021 - 2023 қаржы жылдарына арналған бюджетті қалыптастырудан бастап бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі енгізілді.

      Бюджеттік жоспарлаудың жаңа тәсілдері енгізілгеннен кейін бюджет процесі шығыстар лимиттерінен емес, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге басымдық беруден басталады.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінім шеңберінде бюджеттік инвестициялар мен бюджеттік субсидияларға мәлімделген шығыстардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.

      Әр министрліктің жанынан ведомстволық бюджет комиссиялары құрылды, олар әкімшілердің тұрақты шығыстар бойынша өтінімдерін бекітеді. Дербестікпен қатар бұл мемлекеттік органдардың өз деңгейінде жоспарлау сапасын арттырады.

      Осылайша бюджет заңнамасы бір мезгілде жауапкершілікті арттыра отырып, мемлекеттік органдар дербестігінің шекарасын айтарлықтай кеңейтті.

      Өзгерістер бюджет жобасын, оның атқарылуы туралы есепті ұсынудың және оларды Парламентте қараудың форматына қатысты болды. Бұл рәсімдер "ақшаны басқарудан" "нәтижелерді басқаруға" кешу қағидатына сәйкес нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

      Парламентте жылдық есепті талқылау кезінде уәкілетті адамдардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы және әкімдердің республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер жөніндегі есептері тыңдалады.

      2021 жылы елімізде жаңа Мемлекеттік жоспарлау жүйесі қабылданды: ҚР Президентінің жарлықтарымен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары бекітілді.

      Заңнамалық негізде бюджет процесіне интеграцияланып, ұлттық жобалар бекітілді. Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес ұлттық жобалардың іс-шараларын қаржыландыру бюджет жүйесінің қағидаттары сақталып, басым тәртіппен жүзеге асырылады.

      Нәтижелерді бағалау жүйесі

      Елде құрылып жатқан нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу жүйесі бағалаудың жаңа құралдарын енгізе отырып, нәтижелерді бағалау жүйесін одан әрі дамытуды талап етті.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі олардың қызметінің тиімділігін арттыру құралы ретінде енгізілді.

      Мемлекеттік органның жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру дәрежесі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау нысанасы болып айқындалды.

      Қазақстан үшін бюджет шығыстарын бағалау мәселесі нәтижеге бағдарланған бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу процесінде өзектілікке ие болды.

      Қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінде мынадай бағалау түрлері қолданылады:

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалау;

      мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау;

      бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау;

      мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау.

      Нәтижелерді бағалаудың көрсетілген барлық түрлері уәкілетті және жоғары тұрған органдарға тиісті тұжырымдары мен ұсынымдары бар бағалау нәтижелерін ұсына отырып, жыл сайынғы негізде жүргізіледі.

      Сонымен қатар бағалау нәтижелері бойынша ұсынымдардың пайдаланылуын талдау, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау процесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс бағалау нәтижелерінің сұраныста болуында және ресурстарды бәлу бойынша шешімдер қабылдау кезінде оларды пайдалануда белгілі бір проблемалар бар екенін көрсетіп отыр.

      Бюджеттік инвестициялар

      Бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау жүйесі қайта қаралды, онда техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі - ЖСҚ) әзірленгенге дейін инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру сатысында жобаларды тиісті өлшемшарттар бойынша қатаң іріктеу жүргізіледі және оларды қаржыландыру схемасы айқындалады.

      Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру кезінде артық рәсімдерді қысқарту мақсатында 2013 жылы Бюджет кодексіне "бюджеттік компаратор" қағидаты бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаларды іріктеу әдісі енгізілді, ол инвестициялық ұсыныс сатысында мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік не жеке инвестициялар есебінен қаржыландырудың ықтимал түрі мен тәсілдерін айқындауды, яғни жобаны бюджеттік инвестициялық жоба, бюджеттік кредит, заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту, мемлекеттік-жекешелік жоба ретінде не жеке инвестициялар есебінен іске асыруды болжайды.

      Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау мен іске асырудың бюджеттік рәсімдерін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жүмыстарға қарамастан, бүгінгі күнгі елеулі проблемалардың бірі бірыңғай платформада жобаларды жоспарлау кезеңінен бастап нақты пайдалануға бергенге дейін (тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу) олар бойынша тарихи деректерді жинақтай және сақтай отырып, барлық жоспарланатын және іске асырылатын бюджеттік инвестицияларды толыққанды есепке алуды және мониторингтеуді жүргізуге мүмкіндік беретін бюджеттік инвестициялар бойынша бірыңғай деректер базасының болмауы болып табылады.

      Осы мәселені шешу үшін қазіргі уақытта бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесін дамыту шеңберінде "Мемлекеттік инвестициялық жобалар" жеке модулін қосу және дамыту мәселелерін пысықтауда.

      Жоғарыда аталған ақпараттық жүйе пайдалануға берілгеннен кейін барлық мүдделі мемлекеттік органдарды бірыңғай ақпараттық жүйеге қосу арқылы бизнес-процестерді оңтайландыру күтілуде, бұл электрондық құжат айналымына толық көшуді аяқтауға мүмкіндік береді.

      Сонымен қатар жоғарыда аталған модульді пайдалануға беру кейбір өзекті мәселелерді шешуге, оның ішінде мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша деректер базасын енгізуге және техникалық-экономикалық негіздемелер мен ЖСҚ-ны қарау үшін "бір терезе" тәсілін енгізуге уақтылы жәрдемдеседі деп күтілуде.

      2015 жылғы 31 қазанда "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - МЖӘ туралы Заң) қабылданғаннан кейін толыққанды мемлекеттік-жекешелік әріптестік институты (бұдан әрі - МЖӘ) енгізілді.

      МЖӘ туралы Заң экономиканың көптеген салаларында МЖӘ іске асыру мүмкіндігін ашты, оның келісімшарттық нысандарын кеңейтті, сондай-ақ конкурс негізінде ғана емес, сонымен қатар тікелей келіссөздер арқылы да шарттар жасасуға мүмкіндік берді.

      2019 жылы МЖӘ бойынша заңнамаға жобалардың басымдығы мен сапасын арттыру жөніндегі өзгерістер енгізілді, онда МЖӘ жобалары бойынша шешім жобаның халық үшін құндылығы мен мерзімділігі ескеріле отырып қабылдануға тиіс екені бекітілген. Жобаларды әзірлеуге, есепке алынбаған тәуекелдерді азайтуға, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге қатысты кешенді әрі жан-жақты тәсілді қамтамасыз ету үшін міндетті түрде Ведомствоаралық жобалық топ құру енгізілді.

      МЖӘ институты жұмыс істегеннен кезең ішінде 2015 жылдан бастап 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалпы сомасы 2 098 млрд теңгеге 876 МЖӘ шарты жасалды, оның ішінде 1-санаттағы жобалар саны - 331 (1 873,3 млрд теңге), 2-санат -212(118 млрд теңге), 3-санат - 333 (107,1 млрд теңге).

      Бюджетке түсетін жүктеме МЖӘ жобаларын қандай да бір санатқа жатқызуға байланысты, себебі 1-санат - барлық шығындарды бюджеттен толық өтеу, 2-санат - шығындарды бюджеттен ішінара өтеу және 3-санат - тарифтер мен ақылы көрсетілетін қызметтер есебінен өзін-өзі ақтайтын жобалар.

      Бюджетаралық қатынастар

      2020 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербес бюджеттері жаппай енгізілген кезден бері Қазақстанның бюджет жүйесі республикалық және облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудандық (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер түрінде жергілікті бюджеттердің үш деңгейінен тұратын мемлекеттік бюджеттің төрт деңгейлі жүйесін білдіреді.

      Елімізде тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету мәселелерінде жергілікті бюджеттер есебінен іске асырылатын өңірлік саясаттың маңызы зор. Өз кезегінде, жергілікті бюджеттердің табысты жұмыс істеуінде орталық пен өңірлер арасындағы бюджетаралық қатынастар жүйесіне маңызды рөл беріледі

      Қолданыстағы жүйеге сәйкес бюджетаралық қатынастар жалпы сипаттағы трансферттермен (бюджеттік субвенциялар және алып қоюлар), нысаналы трансферттермен (ағымдағы нысаналы трансферттер және даму трансферттері) және кредиттермен реттеледі.

      Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге (жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын теңестіруге) және мемлекет кепілдік берген көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін өңірлердің тең фискалдық мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

      Нысаналы трансферттер жалпы сипаттағы үш жылдық трансферттердің қолданылуы кезеңінде бюджетаралық қатынастарды жедел реттеу құралы болып табылады.

      Ағымдағы нысаналы трансферттер нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудан туындайтын жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеу үшін, ал нысаналы даму трансферттері өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылыммен және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерімен қамтамасыз етілуін теңестіруге бөлінеді.

      Республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы бюджеттік субвенциялар мен алып қоюлардың көлемі үш жылдық кезеңге арналған заңмен бекітіледі және үш жыл ішінде өзгертілмеуге тиіс.

      Бюджеттік субвенциялар мен алып қоюларды 3 жылға бекіту өңірлер үшін ынталандырушы сипатқа ие, өйткені әкімдерге жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жалпы сипаттағы үш жылдық трансферттердің қолданылу кезеңінде түскен қосымша кірістерге өз бетінше билік етуге мүмкіндік береді,

      ЖАО-ның болжалдан артық алған кірістері, сондай-ақ жыл басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары олардың иелігінде қалады және республикалық бюджетке алынбайды, бұл жергілікті бюджетке түсетін салықтар бойынша салық базасын ұлғайтуға ынталандырады.

      Мәселен, егер 2013 - 2019 жылдары жергілікті бюджеттердің кірістері бойынша болжамды жыл сайын асыра орындау алдыңғы жылға қарағанда орташа есеппен 109,2 %-ды құраса, 2020 - 2021 жылдар кезеңінде алдыңғы жылға қарағанда орташа есеппен 124,5 %-ды құрады.

      Жыл сайын жыл қорытындысы бойынша жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылмаған қалдықтары болады. Мәселен, 2013 жылдың соңында өңірлердің бюджет қаражатының қалдықтары 98,3 млрд теңгені құрады, ал 2021 жылдың соңында 414,5 млрд теңгені құрады.

      Бұл қаражатты өңірлер әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге, оның ішінде инфрақұрылымды дамытуға өз бетінше жұмсайды.

      Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторлардан тәуелсіз тұрақты сипаттағы салық түсімдері бекітілген.

      Ағымдағы салықтар, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, көлік, мүлік және жер салықтары мен жергілікті бюджетке түсетін басқа да алымдар ЖАО кірістерінің тұрақты көзі болып табылады және экономикалық циклдердің әсеріне көп ұшырамайды.

      Бұдан басқа, бұл салықтар нақты аумаққа бекітілген салық базасынан алынады және жиналу дәрежесі жоғары.

      Мұның бәрі жергілікті бюджеттер кірістерінің орнықтылығын қамтамасыз етеді,

      Сонымен қатар 2020 жылдан бастап өңірлік экономикаларды әртараптандыру, сондай-ақ шикізаттық емес сектордың шағын және орта бизнесін (бұдан әрі - ШОБ) дамыту арқылы әкімдердің салық базасын кеңейтуге мүдделілігін күшейту үшін ШОБ-тан түсетін КТС түсімдері жергілікті бюджеттерге берілді.

      Нәтижесінде 2021 жылы жергілікті бюджеттерге қосымша 304 млрд теңге немесе болжалға қатысты 70,8 % (болжам - 429 млрд теңге) түсті.

      Өңірдегі экономикалық белсенділікті арттыру, ШОБ-ты дамыту және бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту бойынша ЖАО-ның ынталануын күшейту мақсатында ШОБ-тан түсетін КТС түсімдерінің кемінде 50 %-ын облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке бөлудің шекті нормативтерін бекіту көзделген.

      2021 жылы жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі жетілдірілді, өзектілігі және өңірлік ерекшелік, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталуы есепке алына отырып, көрсеткіштер мен коэффициенттер қайта қаралды.

      Өңірлердегі инфрақұрылымның ағымдағы жай-күйін ескеретін қосымша салалық коэффициенттер енгізілді.

      Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамын айқындау жөніндегі тәсіл қайта қаралды. Есептік база ретінде әрбір өңірдің ағымдағы шығыстарының нақты қалыптасқан деңгейі пайдаланылады.

      Бұл әрбір өңірдің ерекшелігін және өңірдің бір тұрғынға (бюджеттік көрсетілетін қызметтерді алушыға) шаққандағы ағымдағы шығындарының қалыптасқан деңгейін объективті және барынша ескереді.

      Бюджет жүйесіндегі есепке алу және есептілік

      Бюджет жүйесіндегі реформалар есепке алу және есептілік салаларына да қатысты болды.

      Халықаралық тәжірибеге сәйкес есепке жатқызу әдісі бойынша есептілікті қалыптастырудың негізі қаланды, осыған байланысты қазіргі уақытта мемлекеттік секторда кассалық негізде және есепке жатқызу әдісі бойынша екі ақпарат ағыны бар.

      Бухгалтерлік есептің шоттар жоспарын қолдана отырып қалыптастырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі есепке жатқызу әдісі бойынша ақпарат болып табылады.

      Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы қолдана отырып жасалатын бюджеттік есептілік пен бюджет жобасы кассалық негіздегі ақпарат ағыны болып табылады.

      Реформаны одан әрі іске асыру үшін осы екі ақпарат ағынын біріктіру қажет, осы мақсатта 2024 жылдан бастап бірыңғай шоттар жоспарын бухгалтерлік есеп, бюджеттік есепке алу және бірыңғай бюджеттік сыныптама шоттарының кодификациясы ретінде қолдану көзделген.

      Қазіргі уақытта республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету, жергілікті бюджетке есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, бюджеттің барлық деңгейлері бойынша кассалық негізде бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы дұрыс бюджеттік есептілікті қалыптастыру, сондай-ақ есептеу әдісі бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау жөніндегі функциялар 1994 жылдан бастап бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымында аумақтық бөлімшелері бар ведомство болып табылатын қазынашылық органдарына жүктелген.

      Қазынашылық органдары Бірыңғай қазынашылық шотта (бұдан әрі - БҚШ) ҚРҰҚ-ға түсетін түсімдерді, республикалық және жергілікті бюджеттердің, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған сыртқы үкіметтік қарыздар мен гранттардың, қаражатын шоғырландыра отырып, оларды күнделікті жедел өңдеуді және бюджеттік есептілікті қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

      Қазынашылық жүйесін одан әрі жетілдіру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, басқа да аралас ақпараттық жүйелермен интеграциялау нәтижесінде қазіргі уақытта қазынашылық органдары жүргізілетін қаржылық операциялардың ашықтығын, бюджет ақшасын экономиканың нақты секторына жедел жеткізуді, жүйеге қатысушылармен қаржылық құжаттарды өңдеуге кететін уақытты 2010 жылғы 3 күннен 2021 жылы 6 сағатқа дейін қысқарта отырып, толық қағазсыз құжат айналымын қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігі

      Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мемлекеттік активтерді басқару мәселелерінде белгілі бір прогреске қол жеткізді.

      Мемлекеттік қаржының орнықтылығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражаты есебінен белсенді қаржыландырылуына байланысты мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігі белгілі бір дәрежеде әсер етеді.

      Серпінді дамып келе жатқан жеке сектор болмағанда және өндіру өнеркәсібіне үнемі тәуелділік болған кезде нақ осы квазимемлекеттік сектор елдің экономикалық дамуын ынталандырудың негізгі құралдарының бірі болуға тиіс еді.

      Бастапқы кезеңде квазимемлекеттік сектор субъектілерін құру мемлекеттің белгілі бір міндеттерін шешуге, оның ішінде стратегиялық маңызы бар және толық дамымаған нарықтарды дамытуға, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кейіннен бәсекелес ортаға шығуымен экономиканың шикізаттық емес секторларында технологиялық өндірістер құруға бағытталды.

      Мемлекеттің меншік иесі және басқарушы ретіндегі рөлін бөлу жүргізілді, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі ұлттық холдингтер мен даму институттары қалыптастырылды. Бұл институт мемлекеттік аппаратқа жүктемені азайтуға және басқару мен еңбекақы төлеу мәселелерінде икемділікті қамтамасыз етуге де мүмкіндік берді.

      Мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту мақсатында 2016- 2020 жылдары Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде 506 объект сатылды, 301 объект қайта ұйымдастырылды және таратылды. Активтерді сатудан 629,5 млрд теңге түсті.

      Мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту жөніндегі одан арғы жұмыс мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік сектордың 721 объектісін қамтитын Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде жүргізілуде.

      Жалпы бұл шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген.

      Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленді, онда мемлекеттің экономикаға қатысу үлесінің көрсеткішін 14%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр (2025 жылғы желтоқсан).

      Жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, бүгінгі күні мемлекеттің экономикаға қатысуының айтарлықтай үлесі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көптігі әлі де сақталуда.

      Бүгінде квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін ұйымдық-құқықтық нысандардың акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, республикалық және коммуналдық кәсіпорын сияқты үш түрі заңнамалық түрде айқындалды.

      Мәселен, елімізде 2021 жылы 6,4 мыңға жуық ұйым жұмыс істейді.

      Олардың едәуір бөлігі (80 %) - әлеуметтік (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салалары), олар негізінен қазыналық кәсіпорындар (4,2 мың) және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар (1,3 мың) ретінде жұмыс істейді.

      Бұл ретте акңионерлік қоғамдар - 300, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер - 600 ("Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) және "Бәйтерек" компаниялар тобына кіретін ұйымдарды ескергенде).

      Жалпы алғанда Бюджет саясатының тұжырымдамасы мен ҚРҰҚ тұжырымдамасын іске асыру үшін қабылданған шаралар мемлекеттік қаржыны ел дамуының басым бағыттарын іске асыруға шоғырландыруға, мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін арттыруға, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

      Реформалар нәтижесінде Қазақстанда мемлекеттік қаржыны басқару жүйесі тиісті халықаралық практика қағидаттарын сақтау бағытында ілгеріледі, мәселен:

      стратегиялық жоспарлау мен бюджет шығыстары арасындағы өзара байланыс қамтамасыз етілді;

      бюджеттің ұзақ мерзімді орнықтылығын және болашақ экономикалық күйзелістер жағдайында қажетті буферді қамтамасыз ететін фискалдық қағидалар жиынтығы айқындалды;

      бюджеттің ашықтығы айтарлықтай жақсарды және "Ашық бюджеттер" онлайн-порталы мен қоғамдық кеңестерді енгізу арқылы азаматтардың қатысу саны артты;

      халықаралық стандарттарға сәйкес есептеу әдісі бойынша есепқе алу қабылданды, бұл мемлекеттік қаржының сапасы мен ашықтығын арттырады.

      2.2. Түйінді проблемалар және Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі

      Тұтастай алғанда Үкімет белгілеген түйінді ұлттық бағдарларға қол жеткізудегі басымдықтар Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясының, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттарына сәйкес келеді.

      Бюджет саясатының мақсаты орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған даму басымдықтарын ескере отырып, мемлекеттік қаржының орнықтылығын одан әрі нығайтумен мемлекеттік қаржының теңгерімділігін және бюджеттің тиімділігін қамтамасыз ету болды.

      Сонымен бірге салық-бюджет саясатын қалыптастыруда Бюджет саясаты және ҚРҰҚ тұжырымдамаларында бекітілген мемлекеттік қаржы параметрлері бойынша нысаналы бағдарлардың сақталмауына байланысты елеулі проблемалар мен теріс үрдістер сақталуда.

      Салық-бюджет саясаты

      Мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында салық-бюджет саясаты ЖІӨ-ге қатысты мұнай емес тапшылықты 2025 жылға қарай 6,0 %-ға дейін біртіндеп төмендету есебінен қалыптастырылуға тиіс еді.

      2013 – 2021 жылдары индикатордың орындалу траекториясы 2017 - 2020 жылдары 2013 жылғы 7,3 %-дан 2017 жылы 12,4 %-ға және 2020 жылы 11,5 %-ға күрт ұлғайған орнықсыздығымен сипатталады.

      ҚР 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары мен мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығының нысаналы мәнінің серпіні, ЖІӨ-ге қатысты %-бен

     


      Дереккөз: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпаратгық-құқықтық жүйесі

      Орта мерзімді нысаналы бағдарлардың орнықсыздығы салық-бюджет тұрақтылығын сақтау үшін және тұтастай алғанда, мәлімделген мәндерде Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін елеулі тәуекелдердің болуына байланысты.

      Ағымдағы шығыстарды қаржыландыруға, сондай-ақ бюджет кірістері мен шығыстары сальдосын елеулі түзетуге және борыштық міндеттемелерді өсіруге жүгінбей, ұзақ мерзімді басымдықтарды қаржыландыруға мүмкіндік беретін шараларды айқындай отырып, фискалдық тәуекелдерді басқару жөніндегі мақсатты жұмыстың жеткіліксіздігі мемлекеттік қаржының теңгерімсіздену тәуекелдеріне алып келді.

      Мемлекеттік шығыстар көлемінің ұлғаюы тиісті салық салынатын базамен және бюджеттің кіріс бөлігінің толықтығымен қатар жүрген жоқ.

      2013 - 2021 жылдар аралығындағы кезеңде трансферттерді есепке алмағанда мемлекеттік бюджеттің кірістері орта есеппен ЖІӨ-ге қатысты 14 %-ды құрады, ал мемлекеттік бюджет шығыстары 2013 жылғы ЖІӨ-ге қатысты 20 %-дан жекелеген жылдары ЖІӨ-ге қатысты 23-25 %-ға дейін тұрақты өсу серпініне ие болды.

      Бұл ретте мемлекеттік бюджет шығыстарының жалпы көлемінде даму бюджетінің үлесі 2013 жылғы 18,9 %-дан 2021 жылы 11,6 %-ға дейін қысқарды.

      Шығыстардың кірістерден озыңқы өсу қарқыны ҚРҰҚ-дан қаражаттың көбірек алынуына және бюджеттің фискалдық тапшылығының ұлғаюына ықпал етті.

      Мемлекеттік бюджеттің 2013 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғандағы параметрлері

      Дереккөз; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің есептемелері

      Нәтижесінде ҚРҰҚ-дан республикалық бюджетке трансферттер түсімінің 2013 жылғы ЖІӨ-ге қатысты 3,9 %-дан 2017 жылы ЖІӨ-ге қатысты 8,1 %-ға дейін және 2020 - 2021 жылдары ЖІӨ-ге қатысты 6,8-5,5 %-ға дейін біртіндеп өсу үрдісі байқалды.

      ҚРҰҚ қаражатын көптеп пайдалануға және мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуіне байланысты 2015 жылдан бастап алғаш рет Ұлттық қордың валюталық активтерінің қысқару үрдісі байқалды, олар 2015 жылдың қорытындысы бойынша 63,4 млрд АҚШ долларын (2013 жылы 70,8 млрд АҚШ долларын) құрады және 2021 жылы 55,3 млрд АҚШ долларына жетті.

      Нәтижесінде 2022 - 2024 жылдарға арналған ҚРҰҚ параметрлерінде қаражаттың азайтылмайтын қалдығы бойынша нысаналы көрсеткіштің мәні ЖІӨ-ге қатысты кемінде 30 % мөлшеріндегі шектеуден асты.

      Бұған 2014 жылы қабылданған салық-бюджет саясатының ынталандырушы ұстанымы да ықпал етті. Экономиканы қолдау бағдарламалары тек ҚРҰҚ қаражатын пайдалану және қосымша сыртқы қарыз алу есебінен қаржыландырылды.

      СОVID-19 пандемиясының салдары 2014-2015 жылдардағы дағдарыстың ауқымына ұқсас экономикаға қатты әсер етті. Экономикалық белсенділіктің төмендеуіне байланысты бюджетке мұнайға қатысты емес салық түсімдері азайды.

      Экономиканы қолдау және әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету үшін Үкіметтің 2020 жылға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджетке ҚРҰҚ-дан қосымша трансферттер тартылды.

      ҚРҰҚ қаражаты азаматтарды әлеуметтік қолдауды күшейтуге, оның ішінде халықтың тұрмысы төмен топтарының кірістерін арттыруға және қолдауға, кірісі төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталды.

      ҚРҰҚ-дан қосымша алу және бюджет тапшылығының ұлғаюы есебінен мемлекеттік бюджет параметрлерін дәстүрлі теңгерімдеу тапшылық пен мұнайға қатысты емес тапшылық, мемлекеттік борыш пен борыштық жүктеме бойынша белгіленген нысаналы мәндердің бұзылуына әкеп соқты.

      Бюджет тапшылығының ең төмен мәні 2013 - 2019 жылдары ЖІӨ-ге қатысты 1,9-1,3 % деңгейінде қамтамасыз етілді, 2020 - 2021 жылдары оның мәні тиісінше ЖІӨ-ге қатысты 4-3,1 %-ды құрады.

      Стратегиялық жоспарлау құжаттарында айқындалған басымдықтар мен мақсаттарға қол жеткізу, бюджет ресурстарының шектеулі болуы жағдайында әлеуметтік-экономикалық дамуда сапалы серпіліс жасау қажеттігі елдің бюджет саясатын жетілдіру женіндегі шаралар жүйесін әзірлеу мен іске асырудың, оның ішінде жаңа бюджеттік қағидалар жүйесін құру негізінде қазіргі бюджет моделін қайта қараудың өзектілігін ұлғайтады.

      Соңғы бірнеше жыл бойы реформалардың жүйелі түрде жүргізілуіне және барынша жақсы ұйымдастырылған бюджет рәсімдері мен процестерінің жүйесіне қарамастан, бюджет саласында бірқатар шешілмеген мәселелер қалып отыр.

      Жоспарлаудағы жүйелі кемшіліктердің сақталуы стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесін трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан реформаларды әлсіретеді.

      Нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру барысында қызметтің мақсаттары мен нәтижелерін айқындаумен және басымдық берумен, олардың иерархиясының сақталмауымен, білікті кадрлардың болмауымен, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен құрылымдық тәртіпте жұмыс істей алумен, өздерінің құжаттарды сапалы әзірлеуімен және оларды декомпозицияслаумен байланысты проблемалар анықталды.

      Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауды, орындауды, нәтижелеріне қол жеткізуді, мемлекеттік қаражаттың есебі мен есептілігін жүргізуді қамтамасыз ететін стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы адами ресурстарды дамыту жөніндегі жүйе тиісінше ұйымдастырылмаған.

      Бюджет процесінің ашықтығы мен есептілігі

      Процестерді шектен тыс бюрократияландыру, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау процестерін автоматтандыру мен интеграциялаудың аяқталмау проблемасы маңызды болып отыр.

      2016 жылы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ Заңының нормаларын іске асыру шеңберінде "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдауышы ретінде, бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың нәтижелерін орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін "Ашық бюджеттер" онлайн порталы енгізілді.

      Алайда бүгінгі күні портал деректердің жүйесіз болуы, салыстыратын ақпараттың болмауы, талқылау үшін мерзімдердің тығыз болуы, ақпарат сапасының төмендігі және оны орналастыру мерзімдерінің бұзылуы себебінен қойылған міндеттерді шешпей отыр.

      Осыған байланысты бюджет қаражатының ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған "Ашық бюджеттер" порталын жетілдіру бойынша жан-жақты талдау жүргізудің және тиімді ұсынымдар әзірлеудің объективті қажеттігі бар.

      Бюджеттік инвестициялар

      Бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу сапасының төмендеуі республикалық бюджет шығыстарының даму бюджетінің басымдықтарынан көрініс табады.

      Бұдан басқа, бюджеттік инвестициялар мен МЖӘ жобаларын жоспарлау кезеңінен бастап нақты пайдалануға бергенге дейін олардың тарихи деректерін жинақтай және сақтай отырып, жоспарланатын және іске асырылатын жобаларды есепке алу және мониторингтеу үшін бюджеттік инвестициялар мен МЖӘ жобалары бойынша бірыңғай деректер базасы жоқ.

      ЖСҚ-ны әзірлеу сапасының төмендігі, сондай-ақ жұмыстарды жеткілікті есепке алмау немесе ескірген деректер мен технологияларды пайдалану, құрылыс жұмыстарының сметасын жасау кезінде негізсіз есептемелерді қолдану ЖСҚ-ны түзетуге, құрылыстың нормативтік мерзімдерін ұзартуға, жобаның қымбаттауына және жалпы тиімсіз шығындардың есуіне алып келеді.

      Іске асырылып жатқан МЖӘ жобалары олардың бюджеттік тиімділігі мен мемлекеттік қаржыға байланысты тәуекелдерді басқару тұрғысынан қаралмайды, өйткені қарау кезінде МЖӘ бойынша міндеттемелердің МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің белгіленген лимиттеріне сәйкестігіне басты назар аударылады. Сонымен қатар соңғы жылдары іске асырылып жатқан МЖӘ жобалары санының ұлғаюына байланысты мемлекеттік міндеттемелердің белгіленген лимиттерінің сақталмау тәуекелі бар.

      Бюджетаралық қатынастар

      Бюджетаралық қатынастар жүйесінде өңірлер арасындағы өңірлік айырмашылықтар сақталуда.

      Қазіргі уақытта Атырау, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары сияқты төрт өңірден басқа, қалған он үш өңір субвенциялық өңірлерге жатады.

      2013 жылы 121,1 млрд теңгені құраған бюджеттік алып қоюлардың жалпы сомасы 2022 жылы 490,4 млрд теңгені құрайды.

      2013 жылы 865,8 млрд теңгені құраған бюджеттік субвенциялардың жалпы сомасы 2022 жылы 2 124,7 млрд теңгені құрайды.

      2013 - 2022 жылдар кезеңінде субвенциялар көлемінің ұлғаюы бюджеттік алып қоюлардың өсуінен едәуір асып түседі. Мәселен, егер осы кезеңде бюджеттік алып қоюлар көлемі 3 есе өссе, субвенциялар 12 есеге жуық өсті.

      Бұдан басқа, жергілікті бюджеттердің республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа жоғары тәуелділігі сақталып отыр. 2013 - 2021 жылдар кезеңінде жергілікті бюджеттің республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа тәуелділігінің үлесі орта есеппен 57 %-ды құрады.

      Өңірлерге республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер көлемі өсіп келеді. Мәселен, 2013 жылы ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 500,0 млрд теңгеден асты, 2022 жылы олардың көлемі 1 895,3 млрд теңгеге дейін өсті.

      Өңірлерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің ұлғаюы негізінен жаңа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудан туындайтын ЖАО-ның қосымша шығыстарын өтеу қажеттігіне байланысты.

      Бұдан басқа, республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар, ауылдық клубтар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысын қаржыландыру сияқты заңнамалық түрде ЖАО-ның құзыретіне жататын жергілікті деңгейдегі, оның ішінде құны шағын объектілер мен салалар қаржыландырыла бастады.

      Осылайша республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер өңірлердің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешудің басты көзі болып қала береді.

      ЖАО-ның тарапынан трансферттерге тәуелділікті азайтуға және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін басқа көздер есебінен толықтыруға мүдделіліктің төмендігі байқалуда.

      Сонымен бірге бюджетаралық қатынастардың қалыптасқан жүйесі одан әрі жетілдіруге арналған резервтердің бар екенін көрсетеді.

      Мемлекеттік борыш

      Бюджетті тапшылықпен қалыптастыру Үкімет тарапынан оны жабуға қарыз алуына және мемлекеттік борышты ұлғайтуға ықпал етті.

      Мәселен, 2013 - 2021 жылдар аралығындағы кезеңде мемлекеттік борыш деңгейі ЖІӨ-ге қатысты 12,5%-дан ЖІӨ-ге қатысты 27,0%-ға дейін ұлғайды. Осы кезеңде номиналды мәнде мемлекеттік борыш 5 есеге (2013 жылғы 4,4 трлн теңгеден 2021 жылы 22,0 трлн теңгеге дейін) ұлғайды.

      Мемлекеттік борыштың шамамен 80%-ын Үкімет борышы құрайды, ол 2013 жылғы 4,4 трлн теңгеден 2021 жылы 18,7 трлн теңгеге дейін немесе ЖІӨ-ге қатысты 10,1%-дан 23,0%-ға дейін ұлғайды.

      Үкіметтік борыштың ұлғаюы оған қызмет көрсету шығындарының өсуіне әкелді. Үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша республикалық бюджеттің шығыстары 2013 жылғы 177,3 млрд теңгеден 2021 жылы 977,7 млрд теңгеге дейін немесе республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемінің 2,8%-нан 6,4%-ына дейін өсті.

      Осыған байланысты Үкіметтің негізгі міндеті мемлекеттік борыштың және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың өсуін тежеу болып табылады.

      Квазимемлекеттік борыш

      Квазимемлекеттік сектордың (Қор, "Бәйтерек" және "ҚазАгро" холдингтері) борышы номиналды мәнінде 2015 жылғы 14,1 трлн теңгеден 2021 жылы 17,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды, бұл ретте ЖІӨ-ге қатысты 34,6%-дан 21,2%-ға дейін қысқарды.

      Квазимемлекеттік сектор борышының құрылымындағы сыртқы борыш ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, "Бәйтерек" және "ҚазАгро" холдингтері) 2015 жылғы 8,1 трлн теңгеден (23,9 млрд АҚШ доллары) 2021 жылы 7,6 трлн теңгеге (17,7 млрд АҚШ доллары) дейін немесе ЖІӨ-ге қатысты 20,0%-дан 9,4%-ға дейін қысқарды.

      Үкіметтің міндеті осы Тұжырымдамада белгіленген ковенанттар шеңберінде квазимемлекеттік сектор борышының деңгейін реттеу болып табылады.

      Нәтижелерді бағалау жүйесі

      Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес жаңа жоспарлы кезеңге арналған бюджетті жоспарлау кезінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау женіндегі уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын қарауы еткен жылғы даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелеріне негізделуге тиіс.

      Бұл ретте заңнамада белгіленген мерзімге сәйкес нәтижелерге бағалау жүргізу бюджеттік жоспарлауға арналған құжаттарды ұсынудың белгіленген мерзімінен кеш жүзеге асырылады.

      Бұдан басқа, бюджет процесінің құрамдас бөлігіне жатқызылғанына қарамастан, бюджет шығыстарының тиімділігін бағалаудың қолданыстағы жүйесі іс жүзінде мақсаттары, мерзімдері және бағалаудың қорытынды есептерін ұсыну деңгейлері әртүрлі шашыраңқы жүйені білдіреді, бұл тұтастай алғанда, бюджетті жоспарлау кезінде оларды ескеруге және шығыстардың тиімділігін арттыру тетіктерінің бірі болуға мүмкіндік бермейді.

      Осыған байланысты нәтижелерді бағалау мерзімдерін бюджет шығыстарын жоспарлау процесінің мерзімдерімен үйлестіру мәселесін қарау талап етіледі, бұл бюджетті жоспарлау кезінде қол жеткізілген нәтижелерді негізге алуға мүмкіндік береді.

      Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі

      Квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігі мәселелері өзекті болып қалуда.

      Мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі әлі де жоғары және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің саны әлі де көп, шамамен 6,4 мың ұйымды құрайды.

      Квазимемлекеттік сектор тиімділігінің төмендігі, оның мемлекеттік бюджетке тәуелділігі, корпоративтік басқарудың әлсіздігі, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар қызметінің жалпы ел мақсаттарымен стратегиялық өзара байланысының болмауы байқалады.

      Мемлекеттік меншіктің қолданыстағы сыныптамасы квазимемлекеттік сектор субъектілерін құрудың коммерциялық немесе коммерциялық емес мақсатын көрсетпейді, бұл осындай ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандарын айқындауда жүйеліліктің болмауына, бюджеттен қаржыландырудың және мүлікті есепке алудың әртүрлі жүйесіне әкеп соғады: мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік мекемелерге қарағанда жан басына шаққандағы қаржыландырудың жоғары нормативі бойынша қаржыландырылады және мүлікті есепке алу қаржылық есептіліктің әртүрлі стандарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Кірістерді тануға және мемлекеттік активтер мен міндеттемелерді бағалауға қатысты олқылықтарды шешу талап етіледі. Үкіметтің қаржылық жағдайының объективті және бұрмаланбаған көрінісі және бюджеттік шешімдердің нақты құны үшін шығындарды халықаралық стандарттарға сәйкес нақты есепке алу қажет, бұл әртүрлі әкімшілік салалардағы салыстырмалы тиімділік туралы пайдалы ақпарат бере алады.

      Квазимемлекеттік сектордың ақпарат берудегі жабықтығы сақталуда. Компаниялардың құрылымдары, қаржылық қызметінің нәтижелері, төленетін дивидендтер және мемлекет қатысатын заңды тұлғалар қызметінің басқа да аспектілері туралы деректер ашық қолжетімді емес.

      Бұдан басқа, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың, бюджеттен тыс қорлардың барлық институционалдық бірліктері бойынша шоғырландырылған бухгалтерлік есептілікті қалыптастыру мәселесі осы уақытқа дейін толық реттелмеген күйінде қалып отыр.

      Қазіргі ахуалдың талдауын ескере отырып, мемлекеттік қаржының мынадай негізгі проблемаларын атап өтеміз:

      бюджеттің мұнай түсімдеріне тәуелділігі, экономиканы қолдау үшін ҚРҰҚ-дан алып қоюлардың ұлғаюына байланысты ҚРҰҚ активтерінің қысқаруы;

      тиімсіз салықтық жеңілдіктердің күшін жоюды, салықтық базаны кеңейтуді, салықтарды әкімшілендіру шараларын күшейтуді талап ететін мұнайға қатысты емес салық түсімдердің жеткіліксіз шоғырлануы;

      мемлекеттің тиімділігі төмен квазимемлекеттік сектор экономикасына қатысуының елеулі үлесі;

      бағалау және тиімділігі төмен шығыстардан жоғары нәтижелі шығыстарға қайта бағдарлау үшін қосымша құралдардың болмауы, бұл бюджет шығыстарының басымдықтары мен бағыттарында кешенді пайымдауды қалыптастыруға ықпал етер еді.

      Аталған проблемалардың салдары созылмалы тапшылық және мұнайға қатысты емес тапшылықтың ұлғаюы, бюджетке борыштық жүктеменің өсуі, белгіленген бюджеттік қағидаларды сақтау белігінде әлсіз қаржылық тәртіп, көлеңкелі экономиканың өсуі болып табылады.

      Баяндалғанға сүйене отырып, 2030 жылға дейінгі мемлекеттік қаржыны басқарудың негізгі міндеттерінің бірі бюджеттің кіріс белігін нығайту, ҚРҰҚ қаражатын жинақтау, борыш саясатын қайта қарау, бюджет шығыстарының тиімділігі мен экономикалық қайтарымдылығын арттыру, бюджет транспаренттілігін күшейту, оның ішінде бюджет процесін автоматтандыру және цифрландыру есебінен мемлекеттік қаржыны шоғырландыру және бюджеттің теңгерімділігі мен орнықтылығын қалпына келтіру болып табылады.

      3-Бөлім.

      Халықаралық тәжірибеге шолу

      Соңғы жылдары бюджет реформасына қатысты әртүрлі тәсілдердің ішінде фискалдық қағидалар, шығыстардың басымдығын қайта қарау, бюджеттік жоспарлауды жетілдіру және бюджеттің ашықтығын арттыру ең танымал бағыттар болды.

      Бюджеттік қағидалар

      Бюджеттік немесе фискалдық қағида бюджеттік құралдарға сандық шектеулер арқылы салық-бюджет саясатына ұзақ мерзімді шектеулер қояды. Бұл салық-бюджет саясаты үшін жиі өзгертуге болмайтын шекаралар белгіленетінін және кейбір жедел ұсынымдар шығыстар немесе кірістер болсын, белгілі бір бюджет құралын шектейтін сандық нысаналы көрсеткішті айқындау арқылы берілетінін білдіреді.

      Борыш қағидалары мемлекеттік борыштың шегін немесе мақсатын ЖІӨ-ге қатысты пайызбен белгілейді.

      Қағидалардың бұл типі, әдетте, борыштың нысаналы көрсеткішіне жақындауды қамтамасыз ету тұрғысынан барынша тиімді болып табылады.

      Бюджет теңгерімінің қағидалары ең алдымен борыш жүктемесінің коэффициентіне әсер ететін және айтарлықтай дәрежеде саясаткерлердің бақылауында тұратын айнымалыны шектейді.

      Құрылымдық теңгерім қағидасы мұнайдың алдын ала белгіленген болжамды бағасына сүйенеді. Бұл тәсілде бағаның өзгеруіне байланысты шығыстар мен мұнай кірістерінің ауытқуының байланысы іс жүзінде үзіледі, бұл мұнай бағасы құбылмалылығының салық-бюджет саясатының циклдік ауытқуларына ықпалын болдырмайды. Мұнайдың болжамды бағасы ұзақ мерзімді тарихи және болашақ бағаларға негізделуге тиіс.

      Кесімді баға жоғарыдан мұнайдың 30 жылдық орташа бағасы (50$/brl) деңгейінде формальды түрде шектеу болған кезде бюджеттік жоспарлау кезеңінде мұнайдың бағасы бойынша сараптамалық бағалауды (халықаралық қаржы ұйымдарының (бұдан әрі - ХҚҰ) бағалауы бойынша консенсус-болжам негізінде) қолдану жолымен бағаланатын болады.

      Құрылымдық теңгерім қағидасына сәйкес мемлекеттік шығыстар экономикалық цикл ескеріле отырып түзетілген кірістерге сәйкес келетін мөлшерде жоспарлануға тиіс.

      Шығыстар қағидалары жалпы, негізгі немесе ағымдағы шығыстарға қойылатын шектеулерді белгілейді.

      Мұндай лимиттер, әдетте, абсолютті шамаларда немесе өсу қарқынында, ал кейде негізінен үш жылдан бастап бес жылды құрайтын уақыт шегінде ЖІӨ-ге қатысты пайызбен белгіленеді.

      Бұл қағидалар кіріс бөлікті шектемейтіндіктен, борыштың орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатымен тікелей байланысты емес. Алайда олар борыш немесе бюджет теңгерімі қағидаларымен бірге жүрген кезде орнықтылыққа сәйкес келетін қажетті фискалдық шоғырландыруды іске қосуға арналған операциялық құрал бола алады.

      Бұдан басқа, күтпеген кіріс түсімдері уақытша жоғары, ал тапшылықтың жалпы шектеулерін сақтау оңай болған кезде экономикалық циклдің өсуі уақытында олар шығыстарды шектей алады.

      Кірістер туралы қағидалар кірістердің шегін немесе ең төмен деңгейін белгілейді және кірістердің жиналуын арттыруға және/немесе шамадан тыс салық ауыртпалығын болдырмауға бағытталған.

      Қағидаларды санатқа бөлу

Қағида түрі

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Борыш қағидасы

Борыштың орнықтылығымен тікелей байланыс
Бақылау және қоғамға түсіндіру оңай

Экономикалық тұрақтандыру функциясы жоқ (проциклді болуы мүмкін)
Қағида уақытша шаралардың көмегімен орындалуы мүмкін.
Үкіметке тәуелді емес оқиғалар берешекке әсер етуі мүмкін

Шығыстар қағидасы

Нақты жедел басшылық. Экономикалық тұрақтандыруды қамтамасыз етеді.
Бюджет мөлшерін реттейді.
Салыстырмалы түрде бақылау оңай

Борыштың қолайлы деңгейімен тікелей байланысты емес, өйткені кіріс бөлігіне ешқандай шектеулер жоқ.
Егер шегіне жету үшін қағидада қамтылмаған шығыстар санаттарына ауысу болса, шығыстарды бөлуде жағымсыз өзгерістерге әкелуі мүмкін

Кірістер қағидасы

Бюджеттің мөлшерін басқарады.
Кірістер саясаты мен әкімшілендіруді жақсартуы мүмкін. Проциклдік шығыстарды болдырмауы мүмкін (күтпеген кірістерді пайдалануды шектейтін қағидалар)

Қолайлы борыш деңгейімен тікелей байланысты емес, өйткені шығыс белігінде шектеулер жоқ (күтпеген кірістерді пайдалануды шектейтін қағидаларды қоспағанда).
Экономиканы тұрақтандыру функциясы жоқ (проциклді болуы мүмкін)

      Ымыраға келуді назарға ала отырып, көптеген елдер екі немесе одан да көп фискалдық қағидаларды біріктіреді.

      Мысалы, шығыстар қағидасымен қатар алынған борыш қағидасы борыштың қолайлы деңгейімен байланысты қамтамасыз ете алар еді, сондай-ақ кейбір контрциклділікке жол беріп және бюджет мөлшеріне бағдарлана отырып, саясаткерлерге қысқа мерзімді және орта мерзімді операциялық шешімдер қабылдауға көмектесер еді.

      Дәл осылайша бұған борыш қағидасы мен циклдік тұрғыдан түзетілген бюджет теңгерімін біріктіру есебінен қол жеткізуге болар еді.

      ЭЫДҮ елдерінде неғұрлым жиі пайдаланылатын қағидалар бюджеттің борышы мен теңгерімін шектейді және көбіне бұл қатар жүреді.

      Ұлттық фискалдық қағидаларда да шығыстар қағидалары басым. Көбінесе олар борыштың орнықтылығына неғұрлым сенімді негіз беру үшін бюджет немесе борыш теңгерімінің қағидаларымен бірге қолданылады.

      Кірістер қағидаларының атқаратын рөлі әлдеқайда шектеулі, олар мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз етуге сәйкес келмейтіндіктен солай болуы мүмкін.

      ЭЫДҰ елдерінде қағидаларды имплементациялауды қамтамасыз етуге арналған заңнамалық база басқару типіне және елге байланысты ерекшеленеді. Ұлттық шығыстар, теңгерім және борыш қағидаларының негізгі белігі заңнамалық нормаларда бекітілген. Қолданыстағы кіріс қағидаларының аз белігі саяси міндеттемелерді, коалициялық келісімдер мен заңнамалық нормаларды бірге қолдану есебінен іске асырылады. Тұтастай алғанда, теңгерім мен борыш қағидаларының кепшілігі Еуропалық Кеңес (бұдан әрі - ЕК) шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленген ұлттықтан жоғары қағидалар болып табылады,

      Автоматты түрде түзету тетіктері

      Қағидаларды автоматты түрде түзету тетіктері олардың күшін арттыруы мүмкін, бірақ олар әзірше аздаған қағидаларға ғана енгізілген. Қағидалардың басқа да элементтеріне қатысты жағдайдағыдай тетікті нақты айқындау және оны заңнамада бекіту олардың сақталуына ықпал етуі мүмкін, бірақ түбінде, саяси ерік маңызды.

      Борыш шегін ЖІӨ-нің 60 %-ы етіп белгілейтін Польша мен Словакияның борышына қатысты қағидалар шекті мәндерді қамтиды, оларға қол жеткізгеннен кейін осы қағиданы бұзбау үшін автоматты түрде іс-қимылдарға бастама жасалады.

      Мысалы, Словакия жағдайында борыштың ЖІӨ-ге қатынасы 50 %-ға жеткенде, қаржы министрі парламентке ұлғаюдың себептерін түсіндіріп, борышты азайту шараларын ұсынуға міндетті. ЖІӨ-нің 53 %-ы деңгейінде министрлер кабинеті борышты қысқарту және жалақыны тоқтату бойынша шаралар топтамасын қабылдауға тиіс. Деңгей 55 % болған кезде шығыстар автоматты түрде 3 %-ға қысқарады, ал ЕК қорлары бірлесіп қаржыландырған шығыстарды қоспағанда, келесі жылы бюджеттік шығыстар тоқтатыла тұрады. ЖІӨ 57 % болған кезде министрлердің кабинеті теңгерімделген бюджетті ұсынуға тиіс. Ең дұрысы, егер тиімді іс-қимылдар ертерек жасалса, кейінірек триггерлік нүктелер талап етілмейді.

      Қосалқы уағдаластықтар

      Фискалдық қағидаларды тиімді орындау мен мониторингтеу көбінесе бірқатар көмекші тетіктер мен жақсы институционалдық әлеуетті талап етеді.

      Аустралия, Франция, Швеңия және Біріккен Корольдікте пайдаланылатын орта мерзімді бюджеттік шеңберлер басымдықтарды белгілейді, көптеген жылдар шеңберіндегі кірістерді, сол сияқты шығыстарды бюджеттік қаржыландыру деңгейімен бірдей деңгейде ұсынады және басқарады. Бұл үкіметтерге бірнеше жыл бойы қазіргі және ұсынылып отырған саясаттың ықпалын көрсетуге, болашақ бюджеттік басымдықтарды белгілеуге және түптеп келгенде, мемлекет шығыстарының жақсы бақылануына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

      Міндеттемелерді бақылау, мерзімі өткен берешектерді және ақша қаражатын басқару жүйелерін мониторингтеу сияқты бюджетті атқарудың тиімді жүйелері бюджет нәтижелерінің бюджеттік қаржыландыруға сәйкес келуі үшін қажет.

      Салық-бюджет қағидалары әдетте рәсімдеу талаптары мен ашықтық талаптарын, ал кейбір жағдайларда сандық қағидаларды белгілейтін қаржылық жауапкершілік туралы заңдарда қолдау табуы мүмкін.

      Кейбір елдерде, мысалы, Перуде, Испанияда фискалдық жауапкершілік туралы заңдарда ұлттық фискалдық қағидалардың нақты сандық мақсаттары қамтылған. Басқа елдерде (мысалы, Аустралия мен Жаңа Зеландияда) қаржылық жауапкершілік туралы заңдар рәсімдік аспектілерге көбірек назар аударады,

      ашықтық талаптары мен үкіметтің фискалдық стратегияны бюджет құжаттарында егжей-тегжейлі сипаттауы қажеттігін белгілейді.

      Экономикасы дамыған елдердің кебі тәуелсіз органдарды өздерінің қаржылық қағидаларына деген сенімді одан әрі арттыру үшін пайдаланады.

      Мысал ретінде Швеция салық-бюджет саясаты жөніндегі кеңесті алуға болады, ол бюджеттік теңгерім қағидасының сақталуын қадағалайды, ағымдағы салық-бюджет саясатының бюджеттің орнықтылығына сәйкестігін, сондай-ақ бюджеттің ашықтығы мен болжамдардың сапасын бағалайды. Салықтық кеңестер немесе тәуелсіз комитеттер де түйінді бюджеттік болжамдар мен әдіснамаларды ұсына алады, мысалы, Чилиде қағидаларды орындау кезінде түйінді факторлар болып табылатын әлеуетті ЖІӨ-ні және шикізат тауарларының анықтамалық бағаларын есептеу үшін ұсынуы мүмкін. Дағдарыстан кейін кейбір елдер (Ирландия, Португалия, Румыния, Біріккен Корольдік) фискалдық кеңестер құрды.

      Бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы есепті әзірлеу жөніндегі тәжірибе ЭЫДҰ-ға мүше жекелеген елдерде:

      1) фискалдық (бюджеттік) тәуекелдер туралы есеп;

      2) ұзақ мерзімді орнықтылық туралы есеп жеке-жеке дербес құжаттар ретінде қалыптастырылатынын көрсетеді.

      Бюджеттік тәуекелдер туралы есеп (бұдан әрі - БТЕ) бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесінің соңғы (түпкілікті) құрамдауышы болып табылады, ол тәуекелдерді айқындау мен талдауды (1-қадам); тәуекелдерді азайтуды (2-қадам); провизиялар/резервтер құруды (3-қадам); қалдық тәуекелдермен жұмысты (4-қадам) қамтиды.

      Бұл ретте бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      тәуекелдің барынша қолайлы деңгейін ескере отырып, саясат шараларын таңдау;

      тәуекелдерді басқару үшін барынша көп мүмкіндіктері бар органдарға тәуекелдерді бекіту;

      пайданы/шығасыларды және тәуекелдердің басымдылығын талдау негізінде тәуекелдерді азайту стратегиясын тұжырымдау;

      "теріс пайдалану және масылдық тәуекелін" жою.

      БТЕ-де орта және ұзақ мерзімді перспективада бюджеттік басқару және тұрақтылық үшін проблемаларға әкеп соқтыруы мүмкін бюджеттік болжамдардың әлеуетті тәуекелдері айқындалады.

      Халықаралық практикаға сәйкес БТЕ-де макроэкономикалық конъюнктура үшін әлеуетті тәуекелдер айқындалады, өйткені макроэкономикалық тәуекелдер жиі туындайды және бюджеттік позицияға айтарлықтай әсер етеді.

      ЭЫДҰ-ға мүше жекелеген елдер бюджеттік тәуекелдерді талдауды іске асырды, онда жыл сайынғы бюджеттік құжаттаманың жекелеген тараулары/бөлімдері түрінде не дербес құжат түрінде нәтижелер ашып көрсетіледі. Филиппин, Грузия, Руанда, Уганда және Гана сияқты елдер де

      БТЕ шығарады, Оңтүстік Африка Республикасы мен Кения бюджет саясаты туралы жылдық есепте бюджеттік тәуекелдердің талдауын ашып көрсетеді.

      Көптеген елдер үшін БТЕ-нің құрылымы жалпы ұқсас және мыналарды қамтиды: өткен макроэкономикалық күйзелістер мен экономикаға әсер етуді беру тетіктерінің нақты сипаттамасы; бюджет құрамдауыштарына (кіріс және шығыс бөліктеріне) ықпалдың сипаттамасы; болжамды қателіктер талдауы; әртүрлі макроэкономикалық сценарийлердің және/немесе болжамды эмпирикалық әсерлердің есептемесі; шартты міндеттемелер бойынша тәуекелдердің сипаттамасы; өзге де тәуекелдердің сипаттамасы.

      Жекелеген елдер бюджеттік тәуекелдер туралы талдаумен қатар ұзақ мерзімді бюджеттік орнықтылықтың талдауын да шығарады, ол әдетте, БТЕ-ге қарағанда аз шығатын дербес құжат түрінде жарияланады.

      Ұзақ мерзімді бюджеттік орнықтылық туралы есеп (бұдан әрі - ҰБОЕ) қысқа және орта мерзімді экономикалық болжамдау шегінен асып түсетін кезеңде бюджет позициясына теріс әсер етуі мүмкін ЖІӨ өсуінің базалық көрсеткіштерінің, бюджет шығыстары мен кірістерінің трендтерін айқындау үшін әзірленеді. Мысалы, халықтың қартаюының ЖІӨ өсуіне, әсіресе зейнетақымен қамсыздандыру және денсаулық сақтау шығыстарына әсері. 2012 жылы Канаданың Қаржы министрлігі елдің зейнетақы төлемдері мен борышы бойынша "Халықтың қартаюының экономикалық және фискалдық көрсеткіштерге ықпалы туралы есеп" (Есоnоmіс аnd Fisсаl Implications оf Саnаdа's Аgіng Рорulation) атты 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді фискалдық болжам әзірледі.

      Бұдан басқа, бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы талдамалық есептерді қалыптастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жұртшылықтың мемлекеттік қаржы үшін бюджеттік тәуекелдердің ауқымы мен көздері туралы хабардар болуын арттырады, тәуекелдерді тежеу жөніндегі шараларды қолдану үшін ынталандыруды күшейтеді, сондай-ақ мемлекеттік қаражатты басқару мәселелерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің тиімділігі мен нәтижелілігін және инвесторлар мен халық тарапынан сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді.

      Блоктық бюджетті қолдану тәжірибесі

      Блоктық бюджетті қолдану тәжірибесі Сингапур Республикасының бюджет жүйесінде барынша қолданылады. Бұл жерде әрбір министрлік үшін "бюджеттік блоктар" немесе "блоктық бюджет" (Block-budget) жүйесі қолданылады. Бұл "блок" соңғы жеті жылдағы шығыстарды ескере отырып, ұзақ мерзімді перспективаға қалыптастырылады.

      Мұндай блок бюджетте ЖІӨ үлесі ретінде белгіленеді, яғни әрбір министрлік бюджетінің көлемі ЖІӨ-нің пайызы түрінде айқындалды. Мысалы, Білім министрлігінің жоғарғы шегі жылына ЖІӨ-нің 4 %-ына тең болуы мүмкін.

      "Блок" шеңберінде министрліктер әртүрлі қызмет түрлері арасындағы қаражаттың түпкілікті көлемін айқындауда дербестікке ие, яғни бір министрлік ішінде шығыстарды бөлу министрліктің өз ұйғарымы бойынша жүргізіледі.

      Бюджетті атқару барысында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты басқаруда толық дербестікке ие, бюджеттік "блок" шеңберінде қаражатты қайта бөлуді келісудің қажеті жоқ.

      Бес жылдық жоспарлы кезең ішінде министрліктер келесі жылдары қаржыландыру есебінен бір жыл ішінде қаражатты қарызға ала алады және бір жыл ішінде қаржыландыруды келесі жылға қалдыра алады. Бесжылдық кезең ішінде шығыстар лимиті бекітілген, бірақ әрбір жеке жыл ауыспалы болып табылады.

      Блоктық бюджеттің артықшылығы - мұндай тетік үлкен болжамдылықты және бюджет шығыстарының анағұрлым тұрақты құрылымын қамтамасыз етеді.

      ЭЫДҰ елдерінің бюджет шығыстарының шолуын қолдану тәжірибесі

      Шығыстарға шолулар ЭЫДҰ елдерінде кеңінен пайдаланылады, бірақ олар ауқымы мен мақсаттары бойынша ерекшеленеді.

      Бір типі - шығыстарға "жан-жақты" шолу. Әдетте, ол жалпы шығыстарды көптеп қысқарту қажет болған кезде немесе саяси мақсаттарға сәйкес шығыстарды стратегиялық тұрғыдан қайта бөлу үшін жүзеге асырылады. Ұлыбритания мен Ирландия "жан-жақты" тәсілдің үлгісі болып табылады, олар бұл тәсілді қатаң үнемдеу кезеңінде жалпы қысқартуларға қол жеткізу үшін пайдаланған. Канада, Дания мен Нидерландыда қолданылатын неғұрлым стандартты тәсіл саланың немесе бағдарламаның шығыстарына неғұрлым шектеулі шолу жасауды білдіреді. Инноваңияларға немесе үкіметтің негізгі құралдарын басқаруға арналған шығыстар сияқты салаларда деңгейлес шолу мысалдары да бар.

      Қаражатты тиімді үнемдеу немесе басқа салаларға қайта бөлу мүмкіндігін айқындаудан басқа, мүндай шолулар қолдағы бар шығыстардың үкіметтің стратегиялық басымдықтарымен және мақсаттарымен үйлесімділігін тексеруде маңызды рөл атқаруы мүмкін.

      Бюджет шығыстарына шолу:

      тұрақты сипаттағы функциялар мен міндеттемелерді іске асыруға арналған шығыстардың оңтайлы көлемі мен құрылымын сақтауға;

      мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаражаты әкімшілерін бюджет шығыстарын оңтайландырудың ішкі резервтерін іздеуге ынталандыруға;

      тиісті іс-шаралардың орындылығы мен өзектілігін, оларды іске асыру және қаржылық қамтамасыз ету тетіктерін, мемлекеттік саясат мақсаттарына қол жеткізу бойынша нәтижелер мен баламалы құралдардың болуын үнемі бағалаусыз бюджет қаражатын бөлу көлемін дәстүрлі жоспарлаудан кетуге;

      бюджет теңгерімділігі нашарлаған жағдайда бюджет шығыстарын желілік қысқарту практикасын барынша азайтуға;

      ұзақ мерзімді перспективада - бюджет шығыстарының құрылымын қаржылық және әлеуметтік-экономикалық орындылығы тұрғысынан неғұрлым оңтайлы жағдайда ұстауға мүмкіндік береді.

      Қазақстанға қарағанда шет елдер МЖӘ жобалары үшін бюджеттік міндеттемелерге шектеулер белгілеген кезде негізінен елдің ЖІӨ-ге бағдарланады.

      Бюджет қағидаларын пайдалану, бюджет тәуекелдері және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы есепті әзірлеу, блоктық бюджеттеуді және шығыстарды шолуды мемлекеттік қаржының орнықтылығы мен бюджет саясатының тиімділігін арттырудың жаңа әдістері мен құралдары ретінде қолдану жөніндегі халықаралық тәжірибе оң бағаланады және Қазақстанда фискалдық саясатты жетілдіру кезінде қолдану үшін ұсынылады.

      4-Бөлім.

      Мемлекеттік қаржыны басқарудың даму пайымы

      Бюджет-салық саясатының негізі қысқа мерзімді кезеңде макроэкономикалық және бюджеттік тұрақтылықты қамтамасыз етуге, орта мерзімді кезеңде бюджеттің орнықтылығына қол жеткізуге ықпал етуге және Үкіметтің даму саласындағы ұзақ мерзімді мақсаттарына сәйкес келуге тиіс.

      Әлемдік экономиканы қалпына келтіру қарқыны мен ауқымы белгісіз болып отыр. Мемлекеттік борыштың өсуі мен бюджет тапшылығының жоғары болуы аясында әлемде сыртқы қаржыландыруға қол жеткізу шектеулі болады, кірістерді ұлғайту мүмкіндігінің шектеулі екенін ескере отырып, ірі тапшылықты қаржыландыру әлі де қиын міндет болып отыр.

      Бюджеттік шоғырландыру стратегиясын бастау қажет. Бюджетті сәтті шоғырландыру үшін:

      1) салық-бюджет саясатының мықты іргетасын қалау;

      2) мұнайға қатысты емес кірістерді жұмылдыру және салық жүйесін қайта қарау;

      3) жеке сектор үшін ынталандыруды бұрмалайтын тиімділігі төмен шығыстарды қысқарту және қаражатты өнімділікті арттыратын шығыстарға қайта бағыттау қажет.

      Бюджет саясатының контрциклдік сипаты арқылы бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету экономикалық циклдің әсеріне қайшы келетін бюджет-салық саясатының шараларын білдіреді.

      Экономиканың есу қарқыны бәсеңдеген кезде фискалдық саясаттың контрциклдік шаралары экономикалық қалпына келтіруді ынталандыруға бағытталған. Мәселен, осындай шаралардың бірі мемлекеттік шығыстарды ұлғайту немесе салықтарды төмендету болып табылады. Бюджет саясатының контрциклдік сипаты сыртқы макроэкономикалық күйзелістердің әсерін жұмсартып қана қоймай, сондай-ақ ел экономикалық ерлеуді бастан кешірген кезде қосымша бюджет резервтерін қалыптастырады.

      Бюджеттің орнықтылығын қамтамасыз ету және фискалдық саясаттың құбылмалылығын төмендету икемді бюджеттік қағидалар жүйесі есебінен қамтамасыз етілетін болады.

      Бюджеттік қағидалар жүйесіне қойылатын маңызды талап қағидалардың түрлі элементтерінің өзара үйлесімділігі болып табылады, ондай жағдайда қағидалардың біреуін таңдау қалғандарының орындалуына ықпал етеді.

      ҚРҰҚ-дан берілетін кепілдендірілген трансферт жөніндегі бюджеттік қағида мұнайдың бағасы жоғары болған кезде ҚРҰҚ-да қаражатты көбірек жинақтауға және мұнайдың бағасы төмен болған кезде бюджетті қолдауға мүмкіндік береді.

      Бюджет теңгерімінің нысаналы көрсеткіштері орта мерзімді перспективаға арналған шығыстардың шекті мәндерін белгілеу арқылы іске асырылатын болады.

      Шығыстардың шекті мәндері ҚРҰҚ-дан берілетін трансферттерді қысқарту және мемлекеттік борыш деңгейін қауіпсіз деңгейлерде ұстап тұру бойынша болжамды жолды, тиісті кезеңге арналған шынайы макроэкономикалық болжамдар мен кірістер болжамдарын көрсетуге тиіс.

      2023 жылдан бастап республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқынының жоғарғы лимитін оларды инфляция бойынша мақсатқа ұлғайтылған алдыңғы 10 жылдағы ЖІӨ-нің орташа нақты өсуімен шектей отырып белгілеу жоспарлануда. Өсу қарқынын шектеу кейін барлық бюджет шығыстары үшін номиналды шығыстар шегіне айналуы мүмкін.

      Болашақ шығыстар қажеттіліктері мен күтпеген факторлардан (мысалы, дүлей зілзалалар, қолайсыз макроэкономикалық күйзелістер, мұнай бағасының күрт төмендеуі және тағы басқа) туындайтын үрдістерге байланысты белгісіздіктерді назарға ала отырып, түпкілікті шығыстардың шектен аспауын кепілдендіру үшін шығыстар лимитіне қарағанда жоспарланатын шығыстар неғұрлым төмен деңгейде белгіленуге тиіс. Бұл күтпеген мән-жайларға арналған резерв күтпеген шығыстарды еңсеру үшін Үкіметке маневр қорын, сондай-ақ болжаудағы қателіктер шамасын айқындайды.

      СОVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясы салдарының ел экономикасына теріс әсері етуінен орын алған Қазақстандағы бюджет тапшылығының ұлғаюы, нақты ЖІӨ-нің төмендеуі және ұлттық валютаның әлсіреуі борыштың негізгі өсу себептері болды.

      2021 жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - ЕАЭО) қатысушы елдер үшін белгіленген лимит 50 % болса, мемлекеттік борыштың ЖІӨ-ге қатысты деңгейі 27,0 %-ды құрады.

      ЕАЭО туралы шартқа сәйкес, осы индикатор Шартта белгіленген сандық мәндерге сәйкес келмеген жағдайда мүше мемлекеттер шаралар, оның ішінде бірлескен шаралар әзірлеп, іске асырады, сондай-ақ қажет болған жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - ЕЭК) бекітетін тәртіпке сәйкес экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған ЕЭК ұсынымдарын ескереді.

      ЕАЭО туралы шартта белгіленген шекті мәннен асып кетуге жол бермеу мақсатында аралық шектеулер тетігін (автоматты борыштық тежегіштер) көздеу қажет, оларға қол жеткізілген кезде негізгі индикатордың бұзылуын болдырмау үшін белгілі бір қадамдарға автоматты түрде бастама жасалады.

      Мұнайдың ұзақ мерзімді бағаларын бағалауға, фискалдық қағидалардың орындалуына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етуге Экономикалық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - ЭСК) белсенді қатысатын болады. ЭСК-нің қатысуы фискалдық қағидалар жүйесінің қатандығы мен ашықтығын арттыруға көмектеседі.

      Осылайша, әрбір қағида бір-бірін өзара байланыса толықтыратын макроэкономикалық тұрақтылықты күшейтуге ықпал ететін бюджеттік қағидалардың тиімді жүйесі құрылады.

      Бюджеттік қағидалардың тиімді жүйесін құрудан басқа мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету саласындағы маңызды міндет бюджеттік тәуекелдер мен мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы талдамалық есепте көрсетілетін бюджеттік тәуекелдерді және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығын есепке алу мен талдау болып табылады.

      Осыған байланысты 2022 жылдан бастап енгізілетін бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы талдамалық есепте мемлекеттік қаржының орнықтылығына әсер ететін макроэкономикалық, бюджеттік, әлеуметтік және басқа да тәуекелдердің талдауы, сондай-ақ ұзақ мерзімді сипаттағы тәуекелдер қамтылға тиіс.

      Бюджеттік тәуекелдерді толық ашу макро-фискалды стресс-тестілеу қолданыла отырып, осы нәтижелер мемлекеттік қаржының экстремалды макроэкономикалық күйзелістерге беріктігін бағалау үшін пайдаланыла отырып, борыштық тәуекелдерді бағалауға негізделуге тиіс.

      2020 жылы ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында үнемді және жауапты бюджет саясатының элементтерін қамтамасыз ету үшін түйінді бюджеттік коэффициенттер жиынтығын әзірлеу қажет екенін атап әтті.

      ҚРҰҚ және бюджет саясаты тұжырымдамасының қолданыстағы жүйесінде, сондай-ақ ӘЭДБ-да салық-бюджет саясатын және республикалық бюджет жобасын қалыптастыруға, мемлекеттік сектордың қарыз алуын жоспарлауға қатысты бюджеттік коэффиңиенттер жиынтығы қамтылған.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартта бюджеттік және борыштық көрсеткіштер мен ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттер экономикалық саясатты қалыптастыруда сүйенуге тиіс сандық мәндер белгіленген.

      Сонымен бірге бюджет саясатының тиімділігі мен орнықтылығына кешенді талдау мен бағалау жүргізу кезінде осы құжаттарда көрсетілген көрсеткіштер елдегі фискалдық жағдай мен бюджет саясатының ықтимал тәуекелдері туралы тұтас түсінік қалыптастыру үшін жеткіліксіз.

      Борыштың қалыптасуына талдау жүргізіледі. МЖӘ жобалары шеңберінде туындайтын квазимемлекеттік және шарттық міндеттемелерді қоса алғанда, барлық тікелей және жанама мемлекеттік міндеттемелерді талдау және бағалау ұсынылады. Талдауда әртүрлі макроэкономикалық факторлардың елдің ішкі және сыртқы борышын қалыптастыруға әсерін ескеру қажет.

      Ашықтық жылдық қаржылық есептілікте мемлекеттік кепілдіктер мен шартты міндеттемелерді ашып көрсету арқылы жақсарады.

      Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздар (бұдан әрі - МБҚ) нарығының етімділігін арттыру және кірістіліктің тәуекелсіз қисығын құру мақсатында бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі - ҰБ) бірлесіп, дәйекті жұмыс жүргізеді.

      Ішкі қор нарығының дамуы мен өсуінің негізгі факторларының бірі жергілікті нарыққа шетелдік инвесторларды тарта отырып, базаны ұлғайту болып табылады, бұл ұлттық қор нарығының өтімділігін арттыруға және қарыз алу құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

      Бұл шаралар кешенін, атап айтқанда, МБҚ-ны дамушы елдердің халықаралық индекстеріне қосу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың бағалы қағаздардың ішкі нарығына қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, халықаралық клирингтік жүйені енгізуді және МБҚ-ға сүранысты ұлғайтуды талап етеді.

      Шығарылатын МБҚ өтімділігі мен тартымдылығын арттыру ішкі нарықта мемлекет үшін қарыз алудың нарықтық құнын қалыптастыруға оң ықпал етеді.

      Бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру женіндегі міндет бюджетті жоспарлау кезінде пайдаланылатын әдістер мен құралдарды жетілдіруді талап етеді.

      Осыған байланысты мемлекеттік органдарға тұрақты орта мерзімді лимиттер шегінде өз бюджетін дербес жоспарлауға мүмкіндік беретін бюджетті жоспарлаудың блоктық тетігінің элементтерін енгізу бойынша тәсілдерді пысықтау жоспарлануда.

      Бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың икемділігін, оның ішінде оларды стратегиялық мақсаттар айналасында одан әрі ірілендіру жолымен арттыру женінде шаралар қабылданатын болады.

      Белінген бюджет қаражатын игеру практикасынан кету біртіндеп жүзеге асырылатын болады, бүл жыл соңында асығыс және әрдайым тиімді бола бермейтін шығыстарды болдырмауға мүмкіндік береді, бюджет ресурстарын үнемді және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді және жобаның жылдық құнын емес, жалпы құнын басқаруға мүмкіндік береді.

      Мемлекеттік шығыстар саласында тиімділікті арттыруға зор мүмкіндіктер бар, бірақ жалпы мемлекеттік шығыстарды қысқартуға ғана негізделген бюджетті шоғырландыру орынсыз.

      Мұнайға қатысты емес тапшылықты қьюқартудың қажеттігі шығыстарда қандай да бір маңызды ұлғайтулар жүргізбес бүрын тиімсіз пайдаланылатын қаражат мемлекет мақсаттарын, оның ішінде, әсіресе, мұнайға қатысты емес сауда секторларында өнімділікті арттыру және нарыққа бағдарланған экономикалық өсуді ынталандыру, неғұрлым өнімді экономикада анағұрлым сапалы жұмыс орындарын құру жөніндегі мақсаттарды қолдайтын неғұрлым өнімді шараларға бағытталатын мемлекеттік шығыстар мен кірістерді түзетуді жүзеге асыру қажет екенін білдіреді.

      Осы мақсатта шығыстарға шолу енгізілетін болады, бұл ресурстарды шығыстардың жаңа басымдықтарына сәйкес қайта белуге мүмкіндік береді.

      Аталған іс-шаралар мемлекеттік қаржының күйзелістерге орнықтылығын нығайтуға және контрциклдік шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

      5-Бөлім.

      Мемлекеттік қаржыны басқару саясатын қалыптастыруға қатысты негізгі қағидаттар мен тәсілдер*

      5.1. Мемлекеттік қаржыны басқару саясатының негізгі қағидаттары

      Қойылған міндеттерді тиімді шешу мақсатында негізгі қағидаттар мыналар болуға тиіс:

      бірыңғайлық қағидаты - Қазақстан Республикасьшда бірыңғай заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны, ақша-кредит, бюджет және салық жүйелерін ұйымдастыру мен олардың жріыс істеуінің бірыңғай қағидаттарын қолдану;

      ұзақ мерзімді орнықтылық қағидаты - бюджеттік қағидалар жүйесін қалыптастыру және белгіленген бюджеттік қағидаларды сақтай отырып, мемлекеттік қаржыны басқару саясатьш іске асыру;

      теңгерімділік қағидаты - қабылданатын міндеттемелердің ресурстарға сәйкестігі;

      транспаренттілік қағидаты - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік қаржы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді, даму жоспарларын және олардың атқарылуы туралы есептерді жариялау, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін міндетті түрде ашық болу;

      толықтық қағидаты - есептіліктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды есепке алудың толықтығы;

      тиімділік қағидаты - мемлекеттік шығыстар мен ресурстардың мемлекеттік қаражыны басқару қағидаттарьш сақтай отырып қол жеткізілген экономикалық және әлеуметтік өсудің ең үздік нәтижелеріне арақатынасы;

      үнемділік және жауапкершілік қағидаты - бюджет қажеттілігін тиімді және белгіленген қағидалар мен шектеулерге сәйкес қалыптастыру.

      5.2. Мемлекеттік қаржыны басқару саясатына қатысты негізгі тәсілдер

      Бюджеттің теңгерімділігін, нақты ЖІӨ-нің одан әрі өсуін және әлеуметтік қорғауды нығайтуды қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді ескере отырып, мемлекеттік қаржыны басқару саясаты мынадай тәсілдер негізінде қалыптасатын болады;

      сақталуына тәуелсіз бағалау жүргізе отырып, мұнай бағасының ауытқуына тәуелсіз, негізделген және икемді фискалдық қағидаларды белгілеу;

      бюджеттік параметрлерге сандық шектеулерді қатаң сақтау және фискалдық шектеулер шегінде бюджет шығыстарының көлемін айқындау;

      бюджеттік тәуекелдердің алдын алу және олардың теріс салдарын барынша азайту бойынша шаралар қабылдау;

      1Кепілдік берілген және нысаналы трансферттердің нысаналы мақсаты бойынша Тұжырымдама ережелері, ҚРҰҚ-ның төмендемейтін қалдығының параметрі Бюджет кодексінде көрсетіпетін болады

      әлеуметтік-экономикалық саясаттың мақсатына сәйкес бюджет шығыстарына басымдық беру;

      әлеуметтік-экономикалық әсері неғұрлым көп болатын бюджет қаражатын тиімді бөлу;

      ҚРҰҚ-да қаржы ресурстарын жинақтауды жалғастыру;

      салық саясатының күшейіп келе жатқан міндеттемелерге барабар болуы; жеке сектор инвестицияларын алмастырмай, оларды ынталандыру;

      өңірлік даму мәселелерін шешуде жергілікті органдардың қаржылық дербестігін кеңейту және жауапкершілігін арттыру;

      халықты бюджетті басқаруға тарта отырып, бюджетті жоспарлау мен атқарудың барлық кезеңдеріндегі ашықтық пен айқындық;

      цифрландыру мен автоматтандыру есебінен мониторингті және әкімшілендіруді қамтамасыз ету.

      5.3. ҚРҰҚ қаражатын қалыптастыру және пайдалану саясаты

      Ескерту. 5.3-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 17.12.2022 № 57; 29.06.2023 № 273; 22.09.2023 № 357 Жарлықтарымен.

      ҚРҰҚ негізгі мақсаты болашақ ұрпақ үшін жинақтауларды қалыптастыру және республикалық бюджеттің әлемдік шикізат нарықтарындағы ахуалға тәуелділігін төмендету арқылы қаржы ресурстарын жинақтау болып табылады.

      ҚРҰҚ функциялары жинақтау және тұрақтандыру болып табылады.

      ҚРҰҚ қаражатын қалыптастыру және пайдалану мына қағидаттарға негізделеді:

      транспаренттілік - ҚРҰҚ мен квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы кез келген қаржылық қатынастарды қоса алғанда, ҚРҰҚ қаражатын республикалық бюджет есебінен ғана, сондай-ақ Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің құрамында Парламентті хабардар ете отырып, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін шығарылатын Қордың борыштық бағалы қағаздарын сатып алу жолымен ел экономикасына бағыттау;

      есептілік - кірістілік бойынша нәтижелер соңғы 5 жылға, 10 жылға және басқарудың басынан бастап көрсетілетін ҚРҰҚ бекітілген (жаңартылған, түзетілген) көрсеткіштерін, ҚРҰҚ қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді, ҚРҰҚ қаражатын инвестициялық басқару жөніндегі есептерді және ҚРҰҚ жылдық аудиттелген қаржылық есептілігін (құрылған кезден бастап) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның веб-сайтында және "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде міндетті түрде жариялау;

      толықтық - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың ҚРҰҚ туралы есептілікте көрсетілуі;

      уақтылылық - тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімде және тәртіпті сақтай отырып, Ұлттық қордың қолма-қол ақшасын бақылау шотына (бұдан әрі - ҚАБШ) енгізу және оны ҰБ-дегі Үкімет шоттарына аудару;

      тиімділік - активтерді сақтау қажеттігіне қарай Ұлттық қордың қаражатын басқару және тәуекелдің қалыпты деңгейі кезінде ұзақ мерзімді перспективада кірістілікті қамтамасыз ету.

      ҚРҰҚ қалыптастыру

      ҚРҰҚ қаражатын жинақтау:

      1) корпоративтік табыс салығы, жер қойнауын пайдалануға баламалы салық, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық, бонустар, экспортқа рента салығы, үстеме пайда салығы, өнімді бөлу жөніндегі үлес және өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосымша төлемі жататын мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда);

      2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), оның ішінде мұнай келісімшарттары талаптарының бұзылғаны үшін түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда);

      3) республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер;

      4) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және тізбе бойынша олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін толық көлемдегі түсімдер (борыштық міндеттемелерді өтеу немесе Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты дамуына ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қаржыландыру үшін Қор тобы жіберетін, бірақ Қор тобы бойынша жиынтығында 50% - дан аспайтын қаражатты қоспағанда);

      Бұл ретте Ұлттық Қор алдындағы міндеттемелерді республикалық меншікті жекешелендіруден және ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, үлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түскен қаражат есебінен өтеуге жол берілмейді.

      5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға нысаналы аударымға сәйкес сатып алынған, өткізу кезінде шығындар пайда болуы мүмкін активтерді сатуынан түсетін түсімдер;

      6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

      7) ҚРҰҚ басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер есебінен жүзеге асырылады.

      ҚРҰҚ ең жоғары мөлшері шектелмейді.

      Ұлттық қордың мұнай түсімдерін толық алмау тәуекелін болдырмау және ұйымдарды Мұнай секторы ұйымдарының тізбесінде барынша қамту мақсатында жоғарыда көрсетілген Тізбеге ұйымдарды қосу бойынша нақты регламенттелген әдістеме әзірленетін болады.

      Сонымен қоса, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында Мұнай секторы ұйымдарының тізбесін қалыптастыру мәселелері ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесте қаралатын болады.

      ҚРҰҚ қаражатын пайдалану

      Орта және ұзақ мерзімді перспективада ҚРҰҚ пайдаланудың саясаты мен көлемі ҚРҰҚ валюталық активтерінің қысқаруына жол бермеу және оларды болашақ ұрпақ үшін жинақтау қажеттігі негізге алына отырьш жүзеге асырылатын болады.

      ҚРҰҚ:

      1) ҚРҰҚ-дан республикалық бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген трансферт түрінде;

      2) ҚРҰҚ-дан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде;

      3) ҚРҰҚ басқаруға және жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысаналы талаптардың төлемдері түрінде және нысаналы жинақтардың аударымдары мен төлемдеріне байланысты банктің көрсететін қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды жабуға пайдаланылады.

      Нысаналы талаптар деп Үкіметтің он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары алдындағы міндеттемелері түсініледі, ол есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл үшін орташа алынған ҚРҰҚ-ның инвестициялық кірісінің және есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл үшін орташа алынған, жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жьгл сайын қалыптастырылады.

      Тұрақтандыру функциясын іске асыру мақсатында ҰБ қаржы нарығындағы қалыптасқан жағдайға байланысты ҰБ Басқармасы белгілеген тәртіппен ҚРҰҚ-ның активтерін айырбастауды және қайта айырбастауды жүргізеді. Бұл операциялар кепілдік берілген және нысаналы трансферттерді бөлу үшін жүргізіледі және ҰБ-ның интервенцияларына жатпайды. ҚРҰҚ-дан кепілдендірілген және нысаналы трансферттер бюджеттік рәсімдерге сәйкес республикалық бюджет арқылы өтуге тиіс.

      Халықаралық SPO (Secondary public offering) жүргізу кезінде ҚРҰҚ үлесін басым түрде өткізу және Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін шығарылатын Қордың борыштық бағалы қағаздарын сатып алу құқығымен республикалық бюджетті қаржыландыру үшін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша оның нарықтық құнына дисконтпен сатып алуды қоспағанда, ҚРҰҚ-дан мемлекеттік, квазимемлекеттік және жекеше секторлар субъектілерінің қазақстандық бағалы қағаздарын сатып алуға, қазақстандық компаниялардың акциялар пакеттерін, қатысу үлестерін сатып алуға, екінші деңгейдегі банктерді қорландыруға, заңды және жеке тұлғаларға тікелей кредит беруге, активтерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      ҚРҰҚ-дан алынған облигациялық қарыздардан түскен қаражат облигация эмиссиясы проспектісінде белгіленген нысаналы мақсатқа қатаң сәйкестікте пайдаланылуы тиіс.

      Облигациялық қарыздар түріндегі ҚРҰҚ-дан алынған қаражат мынадай шарттарда бөлінуі тиіс:

      ұлттық валютадағы облигациялық қарыздар - соңғы есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша қолда бар соңғы деректерге сәйкес соңғы 10 жылдағы ҚР-дағы орташа жылдық инфляциядан төмен емес мөлшерлеме бойынша;

      АҚШ долларындағы облигациялық қарыздар - ҰБ Басқармасы бекіткен ҚРҰҚ бойынша соңғы тоқсандық есептің деректеріне сәйкес соңғы 10 жылдағы ҚРҰҚ активтерінің орташа жылдық инвестициялық кірістілік мөлшерлемесі бойынша, бірақ тиісті айналым мерзімінде алдыңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша АҚШ МБҚ жиынтық кірістілігінен төмен емес;

      қарызды нысаналы мақсаты бойынша пайдаланғаннан кейін оны ішінара және/немесе толық мерзімінен бұрын өтеу міндеттемесі.

      ҚРҰҚ есебі мен есептілігінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздарын көрсету халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бастапқы тану сәтіндегі әділ (нарықтық) құны бойынша жүзеге асырылады.

      Бюджет пен ҚРҰҚтеңгерімділігін қамтамасыз етуге осы Тұжырымдамада көзделген бюджеттік қағидаларда белгіленген шектеулер есебінен қол жеткізілетін болады.

      Кепілдендірілген трансферт

      2023 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт мұнайдың есептік бағасына ("кесімді" бағасына) қарай болжанатын мұнай секторынан ҚРҰҚ-ға түсетін түсімдердің көлемінен аспайтын мөлшерде айқындалатын болады.

      Аталған бюджеттік қағида ҚРҰҚ активтерін одан әрі жинақтауға бағытталады және мұнайға қатысты емес тапшылықты азайтатын болады.

      Нысаналы трансферттер

      ҚРҰҚ-дан бөлінетін нысаналы трансферттер аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша бөлінетін болады.

      Республикалық бюджетке ҚРҰҚ-дан тартылған нысаналы трансферттің сомасы қаржы жылының қорытындысы бойынша пайдаланылмаған немесе толық пайдаланылмаған жағдайларда пайдаланылмаған сома бюджет қаражатының қалдықтары есебінен келесі қаржы жылында КРҰҚ-қа қайтарылуға жатады.

      ҚРҰҚ пайдалану бойынша шектеулер

      ҚРҰҚ активтерінің орта мерзімді кезеңде одан әрі қысқаруын болдырмау және ұзақ мерзімді перспективада қаражат жинақтауды қайта бастау мақсатында 2030 жылы ҚРҰҚ-ның валюталық активтері болжамдар бойынша 100,0 млрд АҚШ долларына дейін құрайды.

      Тұрақтандыру функциясын іске асыру республикалық бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген трансферта қамтамасыз етуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша нысаналы трансферттерді аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және жалпы елдік маңызы бар жобаларды іске асыруға пайдалануды болжайды.

      Халықаралық SPO (Secondary public offering) жүргізу кезінде ҚРҰҚ үлесін басым түрде өткізу және Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін шығарылатын Қордың борыштық бағаяы қағаздарын сатып алу құқығымен республикалық бюджетті қаржыландыру үшін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша оның нарықтық құнына дисконтпен сатып алуды қоспағанда, ҚРҰҚ қаражатын қазақстандық эмитенттердің ішкі қаржы құралдарына инвестициялауды қоса алғанда, ҚРҰҚ қаражатын кез келген өзгеше пайдалануға, сондай-ақ ҚРҰҚ-дан берілетін нысаналы трансферттер есебінен мемлекеттің ағымдағы шығыстарын қаржыландыруға/қоса қаржыландыруға тыйым салынады.

      Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін 2030 жылға дейінгі кезеңде мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

      1) ҚРҰҚ активтерін тұрақтандыру және оның одан әрі азаюына жол бермеу;

      2) бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету және бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін төмендету, мұнайға қатысты емес тапшылықты қысқарту;

      3) Ұлттық қор активтерін басқарудың тиімділігін арттыру.

      ҚРҰҚ бөлінген қаражаттың нысаналы, заңды және тиімді пайдаланылуын бақылау мен мониторингтеуді ҚРҰҚ бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау мен мониторингтеу комиссиясы жүзеге асырады.

      ҚРҰҚ қаражатын қарқынды жинақтау, сондай-ақ оның активтерін тиімді басқару Қазақстан Республикасының орнықты дамуында шешуші рөл атқарады, мемлекеттік сектордың қарыз алуын дұрыс жоспарлауды және фискалдық орнықтылықты қолдау жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді.

      Осылайша, қарыз алудың барабар деңгейін айқындау ҚРҰҚ жинақталған активтерін ескере отырып, сараланған тәсілді талап етеді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару

      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 29.06.2023 № 273 Жарлығымен.

      ҚРҰХ-ның активтерін сенімгерлік басқаруды - ҰБ, ҚРҰҚ-ны пайдалану мәселелері бойынша жәрдем көрсетуді және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдарды тұжырымдауды Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес туралы ережеге сәйкес Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес жүзеге асырады.

      Жеке құжат - Ұлттық қордың активтерін басқару тұжырымдамасын әзірлеу ұсынылады, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі. Онда ҚРҰҚ активтерін басқару бөлігінде қолданыстағы ҚРҰҚ тұжырымдамасының барлық ережелері көрініс табатын болады.

      5.4. Салық-бюджет саясаты

      5.4.1. Бюджеттік қағидалар жиынтығын айқындау

      Мемлекеттік қаржының орнықтылығын арттыру және фискалдық саясаттың құбылмалылығын төмендету бюджеттік қағидалар жүйесін айқындау, бюджеттік қағидалар шеңберінде бюджет саясатын қалыптастыру және іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.

      Бюджеттік қағидалар негізгі және қосалқы болып бөлінеді.

      Негізгі бюджеттік қағидалар ҚРҰҚ-дан кепілдендірілген трансферт туралы қағиданы және республикалық бюджеттің шығыстары туралы қағиданы қамтиды.

      ҚРҰҚ-дан кепілдендірілген трансферт туралы қағидаға сәйкес ҚРҰҚ-дан кепілдендірілген трансферт мұнайдың бағасына ("кесімді баға") болжанатын, мұнай секторы ұйымдарынан ҚРҰҚ-ға түсетін түсімдер көлемінен аспауға тиіс.

      Мұнайдың "кесімді" бағасы ҰБ-мен келісу бойынша Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілетін қағидаларға сәйкес және ЭСК қатысқан жағдайда айқындалатын болады.

      ҚРҰҚ-ның жинақтау функциясын күшейту үшін "кесімді" баға пандемияға дейінгі ең жоғары ендіру деңгейінен (90,5 млн тонна) асатын мұнай өндіру көлемінің өсуіне түзетілетін болады. Көрсетілген өндіру деңгейінен асқан жағдайда кесімді баға төмендеу жағына қарай түзетілетін болады.

      Мұнайдың кесімді бағасын айқындау кезінде консерватизмнің жеткілікті деңгейі ҚРҰҚ қаражатының сақталуын және жинақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл мұнай қорлары сарқылғаннан кейін экономиканың тұрақты есуін ұстап тұруға мүмкіндік береді.

      2024 жылдан бастап ҚРҰҚ-дан республикалық бюджетке бөлінетін кепілдендірілген трансферт мелшері Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес айқындалған 2 трлн теңгеден аспайтын деңгейде кесімді бағаның траекториясы бойынша болжанады.

      ҚРҰҚ-дан бөлінетін кепілдендірілген трансферт туралы қағида мұнайға қатысты емес тапшылықты азайту және КРҰҚ активтерінің қысқаруына жол бермеу жөніндегі міндеттерді орындауға ықпал ететін болады.

      Республикалық бюджеттің шығыстары туралы қағидаға сәйкес инфляция бойынша мақсатқа ұлғайтылған ұзақ мерзімді экономикалық есу деңгейінде жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет шығыстарының есу қарқынына шектеу белгіленеді.

      Бұл ретте ұзақ мерзімді есу деңгейі жоспарлы кезеңнің алдындағы он жыл ішіндегі нақты жалпы ішкі өнімнің орташа өсу мәні ретінде айқындалады.

      Инфляция бойынша мақсат ҰБ белгілеген жоспарлы кезеңге инфляция бойынша нысаналы бағдардың орталығы ретінде айқындалады.

      Республикалық бюджеттің шығыстары туралы қағиданы қолдану нәтижесінде шығыстар көлемі нақты ЖІӨ-нің есу қарқынынан және инфляциядан озық болмайды және экономикалық есу кезеңінде шектелетін болады.

      Негізгі бюджеттік қағидалар Бюджет кодексінде бекітілген және

      2023 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде пайдаланылатын болады.

      Жоспарланған шығыстардың есу қарқыны бюджеттің мұнайға қатысты емес кірістерімен және "кесімді" баға кезінде болжанатын ҚРҰҚ-дан республикалық бюджетке белінетін кепілдендірілген трансфертпен, нысаналы трансфертпен, сондай-ақ белгіленген шектеулерді ескере отырып жоспарланатын тапшылықпен де шектелетін болады.

      Осыған байланысты негізгі бюджеттік қағидалар жеке қолданылмайды, керісінше бюджеттік қағидалардың басқа түрлерімен кешенді қолданылған кезде бюджет саясатының келісілуін қамтамасыз ететін болады.

      Бюджеттік қағидалардың қосалқы түрлері ретінде бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы туралы қағида, мемлекеттің таза активтері туралы қағида, борыш туралы қағида және басқалар енгізілетін болады.

      Республикалық бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін төмендетуді қамтамасыз ету және бюджеттің сыртқы факторларға орнықтылығын арттыру үшін салық-бюджет саясаты ЖІӨ-ге қатысты мұнайға қатысты емес тапшылықты біртіндеп төмендету негізге алына отырып қалыптастырылуы тиіс.

      Осыны ескере отырып мұнайға қатысты емес тапшылық деңгейі 2030 жылы ЖІӨ-ге қатысты 5,0 %-дан аспайтын деңгейге дейін төмендетілетін болады.

      Мұнайға қатысты емес тапшылық бойынша нысаналы мәндерге қол жеткізу бюджет тапшылығын, ҚРҰҚ трансферттерін басқару, шығыстардың шекті мәндерін белгілеу, сондай-ақ мұнайға қатысты емес кірістердің өсуін ынталандыру есебінен қамтамасыз етілетін болады.

      Мемлекеттің таза активтері туралы қағида үкіметтің сыртқы борышының, кепілдендірілген борыштың және квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының ҚРҰҚ валюталық активтеріне қатынасымен айқындалатын мемлекеттің таза активтерін қысқартуға жол бермеуге бағытталған.

      Бюджеттік қағидалар жүйесіне қойылатын маңызды талап әртүрлі элементтерінің бір-бірімен келісілуі, онда қағидалардың біреуін орындау басқалардың орындалуына ықпал етеді.

      Бюджеттік қағидалар жүйесінің ажырамас бөлігі борыш туралы қағида болады.

      Борышты басқару саясаты үкіметтік және мемлекеттік борышты, осы Түжырымдамада белгіленген шекте Үкіметтің борышына қызмет көрсету шығыстарын қолдауға бағытталатын болады.

      Үкіметтің борышын белгіленген шектерде ұстап түру үшін 2030 жылы бюджет тапшылығының деңгейін ЖІӨ-ге қатысты 2,0 %-ға дейін жоспарлы төмендету жоспарлануда.

      Шикі мұнай бағасының есуі, шикі мұнайға салық салынатын экспорт көлемінің сақталуы немесе оның ұлғаюы және тиісінше бюджетке шикі мұнайға кедендік әкету бажы түсімдерінің ұлғаюы кезінде тапшылық қысқаратын болады. Шикі мұнай бағасы төмендеген кезде тапшылық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін параметрлер шегінде ұлғаюы мүмкін.

      Бюджеттік қағида ұғымы, қағидалардан ерекшеліктер, бюджет қағидалары жүйесін айқындау мәселесі, түзету, қағидалардан ауытқу ұғымдары Бюджет кодексінде бекітілетін болады.

      ҚРҰҚ-дан белінетін кепілдендірілген трансферт туралы қағидалардың нысаналы бағдары Бюджет кодексінің 24-бабының 2-тармағына сәйкес жыл сайын Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.

      Республикалық бюджет тапшылығының және мұнайға қатысты емес тапшылығының мөлшері Бюджет кодексінің 71-бабының 3-тармағына сәйкес жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда бекітіледі.

      Республикалық бюджеттің шығыстары, мемлекеттің таза активтері мен борышы туралы қағидалардың нысаналы бағдарлары Бюджет кодексінің 61-бабына сәйкес жасалатын республиканың ӘЭДБ-ның құрамында белгіленуге тиіс.

      Өзгермелі экономикалық жағдайларға бейімделген және экономикадағы күйзелісті өзгерістерге ден қоя алатын бюджеттік қағидалар ең тиімді деп танылды.

      Экономикалық өрлеу кезеңінде бюджеттік қағидалардың нысаналы бағдарларына қол жеткізу бағытына назар аударылады, ал экономиканың құлдырау кезеңінде тиісті түзетулердің мүмкіндіктері шектеулі болуы мүмкін.

      Дағдарыс жағдайларында (энергия көздеріне әлемдік бағалардың бір мезгілде төмендеуі салдарынан экономикалық өсу қарқынының күрт төмендеуі, пандемия және өзге де) нысаналы бағдарлардың баяулау кезеңінде экономикалық дамуды ынталандыруға бюджет қаражатын пайдалану әлеуетін шектемеуі үшін үш жыл ішінде көрсеткіштерді міндетті түрде қалпына келтіру тетігімен бюджеттік қағидаларды уақытша жеңілдету/олардан уақытша бас тарту тетігі көзделетін болады.

      Бюджеттік қағидалардың нысаналы бағдарларын түзетуді экономикалық өсу мен бюджет кірістерінің төмендеуіне, мемлекет міндеттемелерінің және бюджеттің меншікті кірістерімен жабылмайтын бюджет шығыстарының өсуіне әкеп соққан дағдарысты және төтенше жағдайлар туындаған кезде жүзеге асыруға болады.

      Дағдарысты және тетенше жағдайларда нысаналы бағдарларды түзету бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы бағдарларды белгілейтін құжаттарға өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте республиканың ӘЭДБ-сының құрамында республикалық бюджеттің бюджеттік параметрлерінде түзетілетін нысаналы бағдарларды көрсетумен, алдағы үш жыл ішінде бастапқы нысаналы бағдарға қайтару жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлей отырып, нысаналы бағдарларды уақытша түзетудің болжамды траекториясы әзірленуге тиіс.

      Бюджеттік қағидалар жұмысының тиімділігі жүргізіліп отырған бюджет саясатының сенімділігі мен инвесторлардың сенімін арттыратын берік институционалдық тетіктермен де нығайтылатын болады.

      Бюджеттік қағидалар жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету және фискалдық тәртіпті күшейту үшін ЭСК тартылатын болады.

      ЭСК бюджеттік қағидалардың нысаналы бағдарларын қарауды жүзеге асыратын болады. Кеңестің қызметі, тұтастай алғанда, бюджеттік қағидалар жүйесінің қатаңдығы мен ашықтығын арттыруға көмектеседі.

      2020 жылы халықаралық практиканы ескере отырып, бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы есепті әзірлеудің әдіснамалық тәсілдерін түсіну үшін Халықаралық валюталық қор техникалық көмек көрсетті. Сарапшылар бюджеттік тәуекелдер туралу есептің негізін құрайтын талдау жүргізуді ұйымдастыру алдағы бірнеше жыл ішінде елеулі инвестицияларды, үйлестіруді және ресурстар бөлуді талап ететінін атап өтті.

      Осылайша, 2022 жылы бюджет заңнамасының нормасын іске асыру үшін экономикалық және ғылыми институттардың әлеуетін тарта отырып, ұзақ мерзімді экономикалық болжамдау модельдерінің (10 және одан көп жыл) басымдығына және пысықталуына сәйкес тәуекелдерді кезең-кезеңімен талдап, Қазақстан Республикасында бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы бірінші талдамалық есепті жыл сайынғы негізде дайындау көзделген.

      Бюджеттік және борыштық тәуекелдердің мониторингі үшін индикаторларды пайдалану жөніндегі халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын, сондай-ақ талдамалық құрал ретінде бюджеттік практиканы ескере отырып, мемлекеттік қаржының теңгерімділігіне баға беруге мүмкіндік беретін бюджеттік коэффициенттердің тізбесі қалыптастырылатын болады.

      Көрсеткіштер тізбесі, тұтастай алғанда, макроэкономикалық тұрақтылық, бюджеттің орнықтылығы және экономикалық есу, сондай-ақ Ұлттық қордың активтерін сақтау және қаржылық орталықсыздандыру саясатының тиімділігі жөніндегі коэффициенттерді қамтиды.

      Осыған байланысты 2022 жылдан бастап 2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы талдамалық есепте республикалық бюджет параметрлерінің макроэкономикалық күйзелістерге төзімділігін бағалай отырып, бюджеттік тәуекелдерді ашудың жоспарлануына байланысты бюджеттік коэффициенттер тізбесі осы құжаттың құрамында көрсетілетін болады.

      Бұл фискалдық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстың үйлесімдігі мен тұтастығын қамтамасыз етуге және Парламент пен жұртшылыққа Үкімет жүргізіп отырған бюджет саясатының тиімділік дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.

      5.4.2 Бюджеттің кіріс бөлігін нығайту (салық саясаты)

      Бюджеттің есіп келе жатқан әлеуметтік міндеттемелері аясында мемлекет кірістерін нығайту мәселесі одан да өзекті болды.

      Сондықтан бюджеттің тұрақтылығын сақтау және мемлекеттің барлық әлеуметтік-экономикалық міндеттемелерін орындау үшін салық түсімдерін ұлғайту қажеттігі туындайды.

      Бюджет кірістерін басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау Қазақстанда бюджет кірістерінің ЖІӨ-ге үлесі төмен күйде қалып отырғанын растайды.

      Осыған байланысты салық түсімдерін ұлғайту үшін халықаралық тәжірибені, оның ішінде ЕАЭО елдерінің тәжірибесін ескере отырып, жанама салықтарды (қосылған құн салығы, акциздер), корпоративтік табыс салығын жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

      Бұдан басқа, мүлік пен кірістерге салық салуды жетілдіру арқылы, оның ішінде прогрессивті салық салуды енгізу жолымен салық салудағы басты назарды заңды тұлғалардан жеке тұлғаларға ауыстыру ұсынылады.

      Сонымен қатар қолданыстағы тәсілдерді түбегейлі қайта қараумен "парафискалдық төлемдерді" түгендеу жүргізілетін болады.

      Салықтық жеңілдіктердің тиімділігі мен салық телеушілердің қарсы міндеттемелерін қамтамасыз ете отырып, оларды ревизиялау жалғастырылатын болады.

      Жалпы, салық төлеушілер мен салық органдарының өзара қарым-қатынасы цифрландыру элементтері арқылы салықтық әкімшілендірудің сервистік моделінің негізінде құрылатын болады.

      Аталған шаралар бойынша егжей-тегжейлі тәсілдер Мемлекет басшысының 2022 жылғы 19 мамырдағы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде берген тапсырмасын іске асыру үшін әзірленетін Салық саясаты тұжырымдамасында көрініс табатын болады.

      5.4.3 Бюджет шығыстарының тиімділігі мен экономикалық қайтарымдылығын арттыру

      Үнемділік және жауапкершілік қағидаттарына негізделген бюджеттік жоснарлаудың жаңа жүйесі

      Бюджеттің тұрақтылығын және бюджет қаражатын басқарудың икемділігін арттыру мақсатында нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу қағидаттарын ескере отырып, блоктық бюджеттің жекелеген элементтерін енгізу ұсынылады.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын басқару бойынша дербестігін арттыру блоктық бюджет элементтерінің бірі болып табылады. Бюджетті жоспарлаудың блоктық тетігі мемлекеттік органдарға тұрақты орта мерзімді лимиттер шегінде өз бюджетін дербес жоспарлауға мүмкіндік береді.

      Қазіргі уақытта бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының арасында қаражатты қайта бөлу бюджетті нақтылау кезінде ғана мүмкін болады.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттік кіші бағдарламалар, іс-шаралар, жобалар және т.б. арасында қаражатты дербес қайта белу құқығын беру арқылы бюджетті атқару барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дербестігін кеңейту ұсынылады.

      Блоктық бюджет кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет қаражатын басқару бойынша кеңейтілген өкілеттіктерге ие болады және ұзақ мерзімді мақсаттарға көбірек назар аударылады, осыған байланысты тікелей игеру бюджетті атқарудың мақсаты болып табылмайды.

      Блоктық бюджеттің мұндай элементі баса назарды "бюджет қаражатын игермегені" үшін жауапкершіліктен "нәтижелерге қол жеткізбегені" үшін жауапкершілікке ауыстыруды білдіреді.

      Бұл ретте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне Үкімет пен ЖАО шешімі бойынша пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) бюджет қаражатын келесі жылы толық пайдалану құқығын беру жоспарлануда.

      Бұл жыл соңында асығыс және әрқашан тиімді бола бермейтін шығыстарды болдырмауға мүмкіндік береді, бюджет ресурстарын анағұрлым үнемді әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді және жобаның жылдық құнын емес, жалпы сомасын басқаруға мүмкіндік береді.

      Сонымен бірге бюджет қаражатын басқарудағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дербестігін арттыру мемлекеттік басқару органдарының бюджет қаражатын қаржылық тәртіп пен бақылаудың тиісті жүйесімен пайдалану процесін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін қайта бағдарлау жөніндегі өзгерістермен қоса жүргізілуге тиіс.

      Сондай-ақ бюджеттің тиімділігін арттыру және процесті бюрократиядан арылту үшін бірқатар шаралар ұсынылады.

      ӘЭДБ-ны бір рет маусымда қалыптастыру орынды болады деп пайымдалады (қазір ол 2 кезеңде - сәуірде және тамызда қалыптастырылады). Бұл өткен жылдың статистикалық деректерін есепке алуға және бюджет параметрлерін қайта қарауды жүргізбеуге мүмкіндік береді.

      Ұлттық басымдықтарға қол жеткізу және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне негізделуі үшін бюджет шығыстарын мемлекеттік органның даму жоспарларының мақсаттары мен нысаналы индикаторларының басымдылығы негізінде айқындау қажет.

      Бюджетті жоспарлау кезінде өткен жылғы бағалау нәтижелерін ескеру қажет. Ол үшін бағалау жүргізу мерзімін (шілде, тамыз) және бюджетті қалыптастыру рәсімдерін (наурыз) сәйкестендіру талап етіледі.

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органдар орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік инвестициялардың, концессиялық жобалардың, МЖӘ жобаларының іске асырылуына бағалау жүргізеді. Бағалау нәтижелері бойынша шілдеде, тамызда ұсынымдар қалыптастырылады.

      Бұл ұсынымдарды мемлекеттік органдар - мемлекеттік органның даму жоспарларын жасаған кезде, бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар - лимиттерді қалыптастыру және даму жоспарларының жобалары мен бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарау кезінде пайдалануға тиіс.

      Әзірлеу сатысында республикалық бюджет жобасына алдын ала бағалау жүргізіледі. Бұл тетікті жергілікті бюджеттерге және бюджеттерді нақтылау рәсімдеріне де қолдану қажет.

      Бюджетті атқару бөлігінде бюджеттік тәртіпті арттыру және бюджет процесін жеңілдету шараларының бірі бюджетті нақтылауды бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жүргізу болып табылады.

      Сонымен бірге үнемділік пен жауапкершілік қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында бюджетті жоспарлау кезінде шығыстардың бюджеттік инвестициялар мен субсидияларға экономикалық әсерін бағалау тетігін оларды жоспарлау сатысында ғана емес, сонымен қатар іске асырудың қорытындысы бойынша да қолдану ұсынылады.

      Бұл үшін орталық уәкілетті орган деңгейінде, сол сияқты мемлекеттік органдар - бюджеттік бағдарламалар әкімшілері деңгейінде де әдіснамалық негіз әзірлеу талап етіледі.

      Сонымен қатар бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру жоспарлануда.

      Нәтижелерге бағдарланған бюджетті сәтті пайдалану, сондай-ақ бюджет қаражатының нәтижелілігі мен тиімділігі стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласында жұмыс істейтін кадрлар біліктілігінің кәсіби деңгейіне тікелей байланысты, өйткені аталған қызметкерлер жыл ішінде бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін зерделейді және талдау нәтижелері бойынша бағдарламаны және/немесе оның түрлі іс-шараларын одан әрі іске асыру қажеттігін айқындайды, сондай-ақ қаржыландыру баламалары мен ұсынымдарды сипаттай отырып, шешу жолдарын әзірлейді.

      Экономикалық басқарудың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, сондай-ақ жоспарлау сапасын арттыру мақсатында стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы адами ресурстарды дамыту жөніндегі шаралардың кешенді жоспарын әзірлей отырып, бюджеттік жоспарлауға тартылған мамандардың рөлі мен құзыретін күшейту қажет.

      Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функционалдық міндеттері олардың жұмысының талдамалық құрамдас бөліктерін күшейтуге баса назар аудара отырып, түбегейлі қайта форматталуға тиіс.

      Жыл бойы бюджетті талдаушылар объектілерге барып бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін зерделеуі және талдаудың нәтижелері бойынша бағдарламаны және/немесе оның түрлі іс-шараларын одан әрі іске асыру қажеттігін айқьшдауы, сондай-ақ қаржыландыру баламалары мен ұсынымдарды сипаттай отырып, шешу жолдарын әзірлеуге тиіс.

      Бюджетті талдаушыларды стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың негізгі аспектілеріне, оның ішінде қаржылық емес көрсеткіштерді әзірлеу бойынша оқытуды ұйымдастыруды тұрақты негізде жүргізу қажет.

      Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған және әлеуметтік-экономикалық саясаттың мақсаттарына сәйкес оларға басымдық беруді қамтамасыз ететін құралдардың бірі ретінде мемлекеттік қаржыны басқару жүйесіне бюджет шығыстарын шолуды енгізу қажет.

      Мемлекеттік органдардың бюджет шығыстарына тұрақты шолулар жүргізуін практикаға енгізу бюджет қаражатын үнемдеу және мемлекеттік саясаттың басымдықтары арасында қайта бөлу әлеуетін айқындау үшін тиімділігі төмен шығыстарды анықтауға мүмкіндік береді.

      Бюджет шығыстарына шолулар жүргізу деңгейлес шолулар қолданыла отырып, әрбір бес жыл сайын барлық бюджет шығыстарын қамти отырып, кең ауқымды топқа арналған есеп түрінде бюджет шығыстарын шолу нәтижелерін жариялау міндеттілігімен (таратылуы шектелген мәліметтерді қоспағанда) жүзеге асырылатын болады.

      Бағалау мерзімдерін бюджеттік жоспарлаумен үйлестіре отырып, мемлекеттік орғандардың қызметін бағалау жүйесін жетілдіру

      Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5 Жарлығымен.

      Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін, бюджеттік жоспарлаудың сапасын арттыру, бюджет қаражатының нәтижелілігі мен тиімділігін жақсарту мақсатында бюджеттік жоспарлауда шешімдер қабылдау кезінде бюджет шығыстарын қол жеткізілген нәтижеге қарай жоспарлау қағидатын енгізе отырып, бағалау нәтижелерінің қолданылуын жақсарту қажет.

      Өткен жылғы бюджеттік инвестицияларды бағалау, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері жоспарлы кезеңге арналған бюджетті әзірлеу кезінде ескерілуге тиіс.

      Бұл міндетті іске асыру үшін бағалаудың нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру мерзімдерін бюджетті қалыптастыру және ресурстарды бөлу жөніндегі шешімдерді қабылдау процестерімен үйлестіру қажет.

      Сонымен бірге мемлекеттік органдар қызметінің, мемлекеттік мүлікті басқарудың, бюджеттік инвестицияларды іске асырудың тиімділігін бағалау нәтижелері азаматтық қоғам мен өкілді органдарға қолжетімді болуға тиіс.

      Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жүргізетін бағалаудың нәтижелері Парламент пен мәслихаттарға ұсынылатын республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есепке қорытындылардың қүрамына енгізілуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында орналастырылуға тиіс.

      Сонымен бірге 2025 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде инфрақұрылымдық жобаларды (құрылыс, реконструкциялау, жаңғырту) іске асыруға, бюджеттік бағдарламаларды іске асырумен және бюджет қаражатымен өзара байланыста даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бюджеттік инвестициялар мен МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау нәтижелерін Парламент пен мәслихаттарға ұсынылатын бюджет шығыстары бойынша жылдық талдамалық есептің құрамына қосып, оны мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында міндетті түрде орналастыру қажет.

      Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін бағалау нәтижелері қоғамдық кеңестердің отырыстарында, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттен қаражат бөлу туралы мәселелерді талқылау кезінде Парламент пен мәслихаттарда белсенді түрде талқылануға және республикалық және жергілікті бюджеттер туралы ақпараттың құрамына енгізілуге тиіс.

      Нәтижелерді бағалау бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі тұжырымдарды ғана емес, ұсынымдарды да қамтуға, сондай-ақ мемлекет ресурстарын неғұрлым тиімді бөлуге ықпал етуге тиіс.

      Бюджетаралық қатынастар

      Бюджетаралық қатынастар саясаты жалпы одан әрі фискалдық орталықсыздандыру бағытына сәйкес келуге тиіс.

      Мемлекет басшысының бюджетаралық қатынастарды реформалау шеңберіндегі соңғы тапсырмалары аясында ЖАО-ның одан әрі қаржылық дербестігін арттыруға баса назар аудара отырып, бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру қажет.

      ЖАО-ның республикалық бюджет қаражатына тәуелділігін қысқарту мақсатында салық түсімдерінің жекелеген түрлерін жергілікті деңгейге беру, республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы қарсы трансферттерді барынша азайту, халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, аймақаралық сәйкессіздіктерді азайту тәсілдері пысықталатын болады.

      Нәтижесінде ЖАО үшін өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігін біртіндеп төмендете отырып, өңірлік экономиканы дамыту және жергілікті бюджеттер кірістерін ұлғайту үшін қосымша ынталандыру пайда болады.

      2022 жылы бюджетаралық қатынастар жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі одан әрі жетілдірілетін болады, оның негізінде келесі орта мерзімді кезеңге арналған Заң әзірленетін болады.

      Бұдан басқа, тексеру комиссияларына жалпы сипаттағы трансферттерді ескере отырып, жергілікті бюджеттер жобаларына алдын ала бағалау жүргізу өкілеттіктерін бекіту мәселесі пысықталуда.

      Сонымен қатар бюджет заңнамасында орталық органдар мен ЖАО-лардың жалпы сипаттағы трансферттердің есептеулеріне берілетін ақпараттың негізділігі, дұрыстығы үшін жауапкершілігін кездеу жоспарлануда.

      Бюджетаралық қатынастарды қалыптастыруға ұсынылған жаңа тәсілдерді іске асыру оны жергілікті бюджеттердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру мақсаттарына қол жеткізу тұрғысынан жақсартуға мүмкіндік береді.

      Бюджет шығыстарының есептілігін және бақылауда болуын қамтамасыз ету

      Бюджет шығыстарының тиімділігін арттырудың қажетті шарты бюджет шығыстарының есептілігін және бақылауда болуын қамтамасыз ету болып табылады.

      Сондықтан мемлекеттік басқару секторы операцияларының сыныптамасын одан әрі мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі халықаралық стандарттардың және ұлттық шоттар жүйесінің талаптарымен үндестіру, сондай-ақ бюджеттік (бухгалтерлік) есепке алуды жүргізу, бюджеттік (бухгалтерлік) және өзге де қаржылық есептілікті жасау үшін сыныптаманың осындай түрін қолдануға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу қажет.

      Мемлекеттік басқару секторын, оның ішінде ақпараттық базаны қалыптастыра отырып және белгіленген өлшемшарттарға сәйкес мемлекеттік басқару секторына енгізуге жататын заңды тұлғаларды іріктей отырып қамтуды біртіндеп кеңейту қажет.

      Бұл ретте мемлекеттік басқару секторын толық қамтамасыз ету маңызды. Мемлекеттік басқарудың әрбір деңгейіне қатысты қалыптастырылатын статистика осы секторды құрайтын барлық бірліктерді қамтуға тиіс.

      Озық шетелдік тәжірибе керсетіп отырғандай, республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларды, сондай-ақ Ұлттық қор мен бюджеттен тыс қорларды қамтитын мемлекеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасауға кезең-кезеңімен көшу қажет болып табылады.

      Дәл осындай қаржылық есептілік елдің қаржылық жағдайының тұтас көрінісін қамтамасыз етеді.

      Шоғырландыру периметрін және бухгалтерлік есептіліктің шоғырландырылатын көрсеткіштерінің объектілерін кеңейту, сондай-ақ сегменттер бойынша есептілікті қалыптастыру шоғырландырылған бухгалтерлік есептіліктің толықтығы мен дұрыстығын, қаржылық талдаудың, мониторингтеудің және мемлекеттік қаржыны басқарудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

      Осыған байланысты халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған елдің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне кезең-кезеңімен көшу жөніндегі шаралар іске асырылатын болады.

      2023 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастырудан бастап, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарының болжамы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына жеке қосымшада көрсетілетін болады. Көрсетілген қорлардың нақты түсімдері мен шығыстары туралы ақпарат Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебінде көрсетілетін болады.

      Бұл бюджеттен тыс қорлар шығыстарының айқындығын арттырады.

      Бұдан басқа:

      Халықаралық валюта қорының нұсқаулығына сәйкес мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша ақпаратты қалыптастыру әдіснамасының толық қолданылуын қамтамасыз ету;

      мемлекеттік сектор ұйымдары үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік қағидалары мен рәсімдерін жетілдіру;

      ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру;

      бюджет процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және оған азаматтық қоғам институттарын тарту қажет.

      2022 жылы мақсаты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бірыңғай электрондық платформасында бұлтты бухгалтерияны енгізу туралы мәселені пысықтау болып табылатын "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің бірыңғай ақпараттық жүйесі" пилоттық жобасы (бұдан әрі - "БЕ БАЖ") іске қосылатын болады.

      Перспективада ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган "БЕ БАЖ"-да, мемлекеттік органдардың бухгалтерлік есебіне (шоғырландырылған қаржылық есептілік аудиті жүргізілетін объектілерд)

      электрондық мониторинг жүргізетін болады, онда қол жеткізу мен аудитордың кабинеті көзделеді.

      Бұл онлайн режимде бюджеттік мониторинг жүргізу жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

      Бюджет процесін автоматтандыру шеңберінде 2020 жылы мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - МЖАЖ) мен "Ашық бюджеттер" порталы арасында бюджеттік өтінімдердің деректерін беру бойынша интеграция іске асырылды.

      2022 жылы бюджеттік бағдарламаларды "Ашық бюджеттер" порталына ("Бюджеттік бағдарламалар" жаңа модулін әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін) МЖАЖ беру бойынша интеграцияны іске асыру жоспарланып отыр.

      Осылайша, "Ашық бюджеттер" порталында және "Халық қатысатын бюджет" модулінде орналастырылатын деректер МЖАЖ-дан келіп түседі, ол өз кезегінде, онлайн-бюджеттік мониторингті іске асыратын жүйемен интеграцияланатын болады.

      Қазынашылық жүйесін одан әрі дамыту оның функционалдығын қазынашылық органдарының, сол сияқты қазынашылық жүйесін пайдаланушылардың қаржылық тәртіп үшін тиісті жауапкершілігін бекіту арқылы жетілдіруді көздейді.

      Перспективада қазынашылық органдары БҚШ-дағы қаражат қалдықтарын және өтімділікті басқару жөніндегі құралдарды дамытады, оның ішінде ақша қаражатының қозғалысын болжауды дамыту, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін ақша қаражатын тарту құралдарын кеңейту және уақытша бос қаражатты түрлі қаржы құралдарына орналастыру жолымен дамытатын болады.

      Қазынашылық төлемдер жүйесіне қатысушылар қатарына барлық мемлекеттік ұйымдарды қосу жолымен ҚБШ мен қызмет көрсететін ұйымдардың санын ұлғайту көзделіп отыр.

      Қазынашылық жүйесін дамыту ақша қаражатын бюджет қаражатын алушыларға жеткізудің жеделдігін арттыруға, бүкіл бюджет процесінің айқындылығы мен ашықты арқылы, өтімділіктің жеткілікті көлемде болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Мемлекеттік инвестициялық саясатты, оның ішінде імемлекеттік-жекешелік әріптестіктің міндеттемелерін басқару

      Бюджеттің тиімді күрделі шығыстары үзақ мерзімді экономикалық өсудің негізін қалыптастырудың пәрменді құралы бола алады.

      Мемлекеттік инвестициялық саясаттың құрамдас бөлігі ретінде бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі инвестициялық саясатының түжырымдамасында айқындалатын болады.

      Бюджеттік инвестициялық саясаттың басты мақсаты ел халқының жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін жаңғыртуды, құрылымдық қайта құруларды және үлттық экономиканың түрақты өсу қарқьшын қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыс бюджеттік инвестициялардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі ескеріле отырып, жүргізілетін болады.

      Сонымен бірге бюджеттік инвестицияларды жекелеген мониторингтеу және бағалау рәсімдерін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

      2021 жылдан бастап бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті жоспарлау кезеңінде бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін мәлімделетін шығыстардың экономикалық тиімділігін бағалауды жүргізеді.

      Бұл ретте аяқталған бюджеттік инвестицияларды бағалау жөніндегі қолданыстағы заңнама жобаның жоспарланған нәтижелерін қол жеткізілген нәтижелермен ғана салыстыру мақсатын қойып отыр.

      Бюджет шығыстарының ең жақсы тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында бюджеттік инвестицияларды іске асырудан болатын әлеуметтік-экономикалық әсерге бағалау жүргізу тетігі жетілдірілетін болады.

      Ел экономикасына қосымша инвестициялар келемін тарту мақсатында Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі инвестициялық саясаты тұжырымдамасына сәйкес инвестициялардың баламалы көздерін дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.

      МЖӘ қолдауға арналған мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру үшін МЖӘ бойынша жобаларды іске асыру үшін экономиканың басым салаларының тізбесін айқындай отырып, МЖӘ тетігін ең көп нәтиже алынатын салаларға шоғырландыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

      МЖӘ одан әрі дамытуда МЖӘ жобаларын іске асыруға мемлекеттің қатысуын кезең-кезеңімен қысқарту мақсатында көбіне бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асырылатын жобаларға басымдық берілетін болады.

      МЖӘ саласындағы заңнамаға тиісті түзетулер әзірлей отырып, МЖӘ жобаларын іріктеу, дайындау және басқару жүйесін жетілдіру тетікті одан әрі дамытудың негізгі бағытына айналады.

      МЖӘ жобаларын іріктеу жүйесіне жаңа тәсілдерді әзірлеу кезінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жалтару үшін МЖӘ пайдалануға жол бермеу, жобаның бастамашылары мен мемлекет арасында міндеттерді, міндеттемелерді, кепілдіктерді, тәуекелдер мен кірістерді теңгерімді бөлуді қамтамасыз ету, сондай-ақ МЖӘ жобаларын іріктеу және оларға қойылатын талаптардың қатаң және бағаланатын өлшемшарттарын енгізу сияқты талаптар ескерілетін болады.

      Сонымен бірге МЖӘ жұмсалатын шығыстарды ұзақ мерзімді жоспарлауды қамтамасыз ету мақсатында төлемдер шарттарын, сондай-ақ мемлекеттік әріптестің жобаға қатысу үлесін және МЖӘ жобасына қатысты қоса қаржыландыруды қолдану мүмкіндігін айқындайтын өлшемшарттарды нақтылай отырып, МЖӘ жобаларын мемлекет тарапынан қоса қаржыландыруға қатысты нақты заңнамалық негіз белгілеу мәселесі пысықталатын болады.

      МЖӘ және концессиялар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың МЖӘ шарттары бойынша қаржылық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі Үкімет пен өңірлердің лимиттерімен шектеледі.

      Қазақстан Республикасының МЖӘ жобалары бойынша лимиттерді айқындау саласындағы қолданыстағы заңнамасының, атап айтқанда шектеуге жататын мемлекеттік қолдау шаралары түрлерінің әртүрлі түсіндірілуін болдырмау мақсатында мемлекеттік міндеттемелер құрамына енгізуге жататын мемлекеттік қолдау шараларын (ИШӨ, ОШӨ, БЖС, бірлесіп қаржыландыру, кепілдіктер, субсидиялар) нақтылауға қатысты лимиттерді айқьшдау әдістемесіне іріктемелі өзгерістер енгізу мәселесі пысықталады.

      МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесі жаңартылатын болады.

      Міндетті түрде өтеу кезін керсете отырып, есептеу кезінде етеу үшін ұсынылатын инвестор шығындарының түрлерін нақтылау женіндегі талаптарды заңнамалық деңгейде регламенттеу жоспарланып отыр.

      Бұдан басқа, мемлекеттік міндеттемелерді болжайтын, бастамашылық жасалатын ірі инфрақұрылымдық МЖӘ жобалары бойынша Парламент Мәжілісінің тиісті бейінді комитеттерінің ұсынымдарын беру мүмкіндігі қарастырылатын болады.

      Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігі

      Мемлекеттік мүлікті есепке алуды жетілдіру мақсатында мемлекеттік меншік тізілімін өзектілендіре отырып, түрақты негізде мемлекеттік мүлікке түгендеу жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Түгендеудің қорытындысы есепке алуды ретке келтіру женінде шаралар қабылдау үшін ғана емес, сол сияқты мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігі мен жоспарлау сапасын арттыру үшін де қызмет етуге тиіс.

      Ұйымдастырушылық мәселелерге назарды олардың бәсекеге қабілеттілігі, рентабельділігі және қаржылық тұрақтылығы тұрғысынан ауыстыру жолымен мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін қолданыстағы бағалау жетілдірілетін болады.

      Бұл шаралар Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімді тетіктері мен қағидаттары ретінде заңнамалық түрде бекітілетін болады (2023 жылғы желтоқсан).

      Мемлекеттің түрлі мемлекеттік меншік объектілерімен операциялар жасауға айрықша құқықтарын қоса алғанда, жер, жер қойнауьш пайдалану құқықтарын, радиожиілік спектрін және мемлекеттің басқа да активтерін беруге арналған жария сауда-саттықты www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы электрондық форматқа кешіру қажет.

      Мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың маңызды белігі квазимемлекеттік секторды реформалау болады. Бұл елдің стратегиялық міндеттерін іске асырудағы квазимемлекеттік сектордың рөлін қайта ойластыруды талап етеді.

      Бұл бағытта ұйымдар қызметінің ерекшелігіне қарай квазимемлекеттік сектор субъектілерін құрудың шарттары мен нысандарын заңнамалық түрде қайта қарау қажет.

      Осыған байланысты, ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерін сыныптау жүйесін қалыптастыру және заңнамалық тұрғыдан бекіту жоспарлануда.

      Мемлекеттің экономикаға қатысуын одан әрі қысқарту жөніндегі жұмыс жекешелендіру тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ мемлекет қатысатын ұйымдар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін оңтайландыру тәсілдерін қайта қарау жолымен жүргізілетін болады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің нарықпен бәсекелестігі тұрғысынан тұрақты талдау осы жұмыс бағыттарының біріне айналуы тиіс. Егер кәсіпорын жеке сектор ұйымдары жұмыс істейтін салада жұмыс істесе, онда бәсекелестікті болдырмау үшін оны жою не жекешелендіру туралы мәселе қойылуға тиіс.

      Пайдаланушылар үшін ашық, қолжетімді және ыңғайлы бірыңғай ақпараттық ресурс құра отырып, квазимемлекеттік сектор қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Ақпараттық ресурста квазимемлекеттік сектор туралы қажетті талдамалық ақпарат қамтылуға тиіс.

      Бұл шара Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 29-тармағында бекітілген, онда 2022 жылдың соңына дейін орындау мерзімімен мемлекеттік мүлік тізілімін өзектілендіру қажет.

      5.5. Мемлекеттік борышты басқару саясаты

      Мемлекеттік борышты басқару саясаты валюталық тәуекелдерді азайтуға, бюджетке борыштық жүктеменің өсуін шектеуге, дефолтқа жол бермеуге, сондай-ақ сыртқы қарыздарды пайдаланудың тиімділігі мен тәртібін арттыруға бағытталатын болады.

      Қарыз алу мәселелерінде орталық мемлекеттік органдар мен ЖАО, ұлттық холдингтерді үйлестіруді, мемлекеттік және квазимемлекеттік қарыздың болжамы және талдауды, борыш бойынша тиісті лимиттер белгілеуді қоса алғанда, мемлекеттік және квазимемлекеттік міндеттемелерді басқару саясатын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асыратын болады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік басқару секторының борышын және мемлекеттің шартты міндеттемелерін реттеу жөніндегі саясаттың орындалуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ мемлекет борышының және мемлекет бақылайтын ұйымдар борышының жай-күйіне мониторинг жүргізетін болады.

      ҰБ сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру женіндегі халықаралық әдіснаманы басшылыққа ала отырып, мемлекет бақылайтын ұйымдардың және жеке сектордың сыртқы борышының жай-күйіне мониторинг жүргізетін, елдің сыртқы борышының жай-күйіне бағалау жүргізетін болады.

      Сонымен қатар мемлекеттік борышты басқару жүйесінде ЭСК осы Тұжырымдамада белгіленген борыш бойынша шектеулер мен қағидалардың орындалуын қарайтын болады.

      Мемлекеттік борышты басқару саясаты мынадай қаржылық шектеулер мен қағидалар шегінде жүзеге асырылатын болады.

      Борыштық орнықтылықты сақтап тұру мақсатында мемлекеттік борыш пен квазимемлекеттік сектордың борышы жиынтығында 2030 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 53,2 %-дан аспауға тиіс.

      Бюджетке борыштық жүктемені шектеу мақсатында үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстар республикалық бюджет шығыстарының 2030 жылға қарай 10 %-ынан аспауға тиіс.

      Жалпы, жұмыс 2030 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 32 %-дан асыруға болмайтын мемлекеттік борыштың өсуін тежеуге бағдарланатын болады.

      Бұл ретте борышты басқару саясаты үкіметтік борышты 2030 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 27,5 %-дан аспайтын деңгейде ұстап тұруға бағытталатын болады.

      Мемлекеттік борыштың, үкіметтік борыштың және борыштық жүктеменің алдын алу ковенантары асып кеткен жағдайда мемлекеттік және үкіметтік борыштың жай-күйі мен құрылымы егжей-тегжейлі талданатын болады.

      Қажет болған кезде даму бағдарламаларына шетел қатысатын жобаларды қаржыландыру және/немесе іске асыру мерзімдері, бюджет шығыстарын оңтайландыруды қоса алғанда, борышты қысқарту және бюджет тапшылығының деңгейін түзетуді қоса алғанда, теңгерімделген бюджетті қамтамасыз етуді бойынша шаралар қабылдау бөлігінде түзетулер енгізілетін болады.

      Сонымен қатар резиденттердің сыртқы қарыз алуын ынталандырмауға немесе шектеуге бағытталған жанама шаралар (арнайы валюталық режимді енгізу, пруденциялық нормативтерді реттеу және т.с.с.) күшейтілуі мүмкін.

      Мемлекеттік борышты басқару әдістерін жетілдіру:

      1) қолайсыз нарықтық жағдайлар кезеңінде қаржыландыруды тартуда барынша икемділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін, Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің (бұдан әрі - Қазынашылық) шоттарында ірі кассалық артық қаражатты қалыптастыру және сақтап тұру;

      2) асып кеткен кезде мемлекеттік органдар шектеу шараларын қабылдайтын, мемлекеттік және үкіметтік борыш деңгейі, борыштық жүктеме деңгейі, квазимемлекеттік сектор борышы бойынша жаңа "алдын алу" ковенанттарын белгілеу сияқты іс-шараларды қамтуы мүмкін.

      Елдің қаржылық тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында Үкіметтің сыртқы борышын (мемлекет кепілдік берген сыртқы борышты қоса алғанда) және квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышын басқару саясаты ҚРҰҚ пайдалану саясатымен байланыстырылуға тиіс.

      Жиынтық сыртқы борышты басқару үшін жиынтығында ҚРҰҚ валюталық активтерінің көлемінен аспауы тиіс, Үкіметтің сыртқы борышы (мемлекет кепілдік берген сыртқы борышты ескере отырып) мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының көлемі бойынша шектеулер қолданылатын болады.

      Осылайша, елдің таза теріс сыртқы борышы сақталатын болады.

      Осыны ескере отырып, квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышын лимиттеу де жалғасады. Квазимемлекеттік сектордың қарыз алуы жөніндегі жоспарлар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілеттік орган жанындағы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі арнайы комиссия арқылы міндетті келісуден өтетін болады.

      Сыртқы борыштың шекті лимиті айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесі кеңейтілді.

      Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемі, бірінші кезекте, ҚРҰҚ валюталық активтерінің жиынтық сыртқы борышымен асып кетуіне жол бермеу жөніндегі талаптың сақталуына сүйене отырып, айқындалатын болады.

      Квазимемлекеттік сектордың сыртқы нарықтардағы қарыздары инвестициялық мақсаттарға жұмсалатын болады,

      Бұдан басқа, валюталық тәуекелдерді төмендету мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілері қажет болған кезде Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымы бойынша жаңа қарыздарды шетел валютасында хеджирлейтін болады.

      Икемділікті қамтамасыз ету мақсатында квазимемлекеттік сектордың (ішкі және сыртқы) борышы ЖІӨ-ге қатысты 53,2 % деңгейінде мемлекеттік борышты қосқанда жиынтық борыш бойынша шектеу шеңберінде реттелетін болады, соның ішінде квазимемлекеттік борыш 2022-2030 жылдары ЖІӨ-ге қатысты 21,2 % жоғары емес.

      Халықаралық әдіснама мен практикаға сәйкес елдің борыштық орнықтылығы бір немесе бірнеше параметрлердің мәнімен біркелкі сипатталмауы мүмкін. Сондықтан уәкілетті мемлекеттік органдар тұрақты негізде, оның ішінде бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді тұрақтылығы туралы жыл сайынғы талдамалық есепті дайындау шеңберінде борыштық тұрақтылыққа кешенді талдау жүргізетін болады.

      Борыштық орнықтылықты арттыру үшін борыштық тұрақтылықты мониторингтеу мен бағалаудың талдамалық құралдары жетілдірілетін, борыштық орнықтылықтың қолданыстағы индикаторларына тексеру жүргізілетін және жаңа индикаторлары белгіленетін болады.

      Бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы талдамалық есепті әзірлеу шеңберінде борыштық орнықтылықты бағалау және болжау, сондай-ақ түрлі макро-фискалдық күйзелістер (ЖІӨ-нің нақты өсуін төмендету, пайыздық мөлшерлеменің өсуі, мемлекеттің шартты міндеттемелерін іске асыру) іске асырылған жағдайда борыш траекториясын бағалауға бағытталған макрофискалдық стресс-тестілеуді жүргізу құралдары пысықталатын болады.

      ЖАО-ның борыштық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ЖАО борышының лимиттерін айқындау жөніндегі тәсілдер қайта қаралатын болады.

      Бұл ретте ЖАО-ның борышын етеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар жергілікті бюджеттің меншікті кірістері мен жалпы сипаттағы трансферттер сомасының 10%-ына тең мелшерден аспауға тиіс.

      Мемлекеттік қарыз алу саясаты

      Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру қажеттіліктеріне сәйкес мемлекеттік қарыз алудың ашық және болжамды саясаты жүргізіледі.

      Мемлекеттік қарыз алу негізінен ішкі нарықта жүзеге асырылатын болады.

      Капитал сыртқы нарықтарға шыққан жағдайда, бірінші кезекте кірістіліктің қолайлы деңгейін ескере отырып, теңгемен қаржыландыру құралдары қаралатын болады.

      "Астана" халықаралық қаржы орталығы бағалы қағаздар нарығының артықшылықтарын пайдалану мақсатында 2018 - 2019 жылдардағы еурооблигациялар мен 2020 жылы рубль облигацияларын шығару тәжірибесі бойынша оның биржасында шетелдік валютада МБҚ шығару жөніндегі жұмыс жалғасады.

      Халықаралық қаржы ұйымдарынан және шетелдік банктер мен ұйымдардан қарыз алу ұлттық валютадағы қаржы құралдарына және нарықтық конъюнктураға сәйкес келетін қарыз алу шарттарымен ұзақ мерзімді өтімділігі бар құралдарға артықшылық бере отырып, жүзеге асырылатын болады.

      Бұл ретте "езін-өзі ақтамайтын" инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін сыртқы қарыздар мен мемлекеттік кепілдікпен алынатын қарыздардан бас тарту жоспарланып отыр.

      Шет мемлекеттердің үкіметтік ұйымдарынан қарыз алу елдің экономикалық және стратегиялық мүдделерінің сақталуы ескеріле отырып мемлекет мүдделеріне сай келетін қолайлы қаржылық және заңдық шарттарда қаралады.

      Кепілдендірілген сұраныс қамтамасыз етілген жағдайда, сондай-ақ халықаралық нарық тарапынан қарыз алудың қолайлы жағдайларында еурооблигацияларды ұлттық валютада не ұлттық валютамен құбылмалылығы ұқсас өзге де валюталарда шығарудың баламалы нұсқаларын қарау үшін капиталдың ішкі нарықтарындағы жағдайға бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тұрақты талдау жүргізетін болады.

      Ішкі нарықта жеткілікті өтімділік және капиталдың сыртқы нарығының қолайлы конъюктурасы болмаған кезде шетел валютасында деноминацияланған еурооблигацияларды шығарудың түрлі нұсқаларын қарастыру мүмкіндігі үшін борыштық капиталдың халықаралық нарықтары конъюнктурасын мониторингтеуді тұрақты негізде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Қарыз алуды мониторингтеуді күшейту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы Әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құзыреті кеңейтілетін болады.

      Үкіметтік қарыздар мен мемлекеттік кепілдікпен берілетін қарыздар есебінен қаржыландыру жоспарланып отырған барлық жобалар, сондай-ақ ХҚҰ-мен әріптестік туралы барлық жаңа халықаралық шарттар мен үкіметтік келісімдер Үйлестіру кеңесі арқылы ететін болады. Бүдан басқа үкіметтік қарыздар мен мемлекеттік кепілдікпен берілетін қарыздар есебінен жобалардың іске асырылуының тиімділігін бағалау жөніндегі есептерді қарау Үйлестіку кеңесінің бірден бір функциясы болмақ.

      Мемлекеттік борыш статистикасын жетілдіру

      Мемлекеттік борыш статистикасын жетілдіру және оны халықаралық әдіснамаға сәйкес келтіру шеңберінде қысқа мерзімді ноталары кредиттік тәуекелге ұшырамайтын және дефолт мүмкіндігін болдырмайтын ұлттық валютаның жалғыз эмитенті ретіндегі мемлекеттік борыш құрамындағы ҰБ борышы ескерілмейді. Ақша-кредит саясатының құралы болып табылатын қысқа мерзімді ноталар түріндегі ҰБ-ның ішкі борышы банк жүйесінің өтімділігін реттеуге арналған және бюджет шығыстарын қаржыландыру үшін пайдаланылмайды.

      Мұндай тәсіл ҰБ мен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның борыштық міндеттемелеріндегі функционалдық айырмашылықтарды ескергенде, орынды болып табылады.

      Квазимемлекеттік сектордың міндеттемелерін толық есепке алу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұлттық операторлардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және коммуналдық меншіктегі кәсіпорындардың ішкі және сыртқы борышына мониторинг жүргізетін болады.

      Мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарығын дамыту

      Борыштық саясат борыштық құралдардың ішкі нарығының дамуына жәрдемдесетін болады. Белсенді МБҚ нарығын дамыту отандық бағалы қағаздар нарығын дамытуға қолайлы түрде ықпал етеді. Бұл нарықтағы жеткілікті өтімділікті қолдауға ықпал ететін МБҚ бастапқы және қайталама нарықтарын одан әрі дамытуды білдіреді.

      МБҚ ішкі нарығын дамыту мақсатында МБҚ шығару негізінен кірістілік деңгейі мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар үшін мерзімдері қолайлы ұлттық валютамен ішкі нарықта жүзеге асырылатын болады.

      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның МБҚ мен ҰБ ноталарын нарықтық сұраныс пен ұсыныс негізінде бастапқы нарықта тұрақты орналастыра отырып, кірістіліктің нарықтық және әділ қисығын құру бойынша жұмыс жалғасады.

      Нарыққа қатысушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында шығарулар санын қысқарта отырып, МБҚ эмиссиясының көлемін ірілендіру жоспарлануда.

      Мемлекеттік борыштың оңтайлы қүрылымын қалыптастыру құралы ретінде кері сатып алу және нарықтық конъюнктура қолайлы болған кезде МБҚ шығарылымдарын шешуші мерзімдерде жете орналастыру тәжірибесі қолданылатын болады.

      Бұл МБҚ-ның әтеу кестесін оңтайландыруға, эталондық шығарылымдарды құруға, сондай-ақ мемлекеттік борыш фрагментациясын төмендете отырып, айналымдағы МБҚ шығарылымдарын ірілендіруге мүмкіндік береді.

      Негізінен нарықта неғүрлым сүранысқа ие болып табылатын, айналыс мерзімі 10 жылға дейінгі МБҚ орналастырылады.

      Сонымен қатар ұлттық валютадағы МБҚ ұлттық эталондйк шығарылымдары құрылатын болады.

      МБҚ шығару жөніндегі жоспарлар мен кестелер олардың қатаң сақталуы қамтамасыз етіле отырып, алдын ала жарияланады.

      МБҚ орналастыруда нарыққа қатысушылар үлесін арттыру жоспарланып отыр.

      МБҚ өтеу кестесін оңтайландыру және инвесторлар арасында неғұрлым сұранысқа ие, айналыс мерзімі қысқа облигациялар шығаруды қамтамасыз ету мақсатында ішкі қор нарығында МБҚ кері сатып алу тетіктерін әзірлеу жөнінде шаралар қабылданатын болады.

      МБҚ-ны дамушы елдердің халықаралық индекстеріне қосу бойынша жұмыс жүргізіледі.

      Халықаралық депозитарийлер арқылы шетелдік инвесторлардың қазақстандық қор нарығына қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.

      5.6. Бюджет процесінің ашықтығы мен айқындығын арттыру

      Бюджет процесінің ашықтығы мен айқындығы мынадай қағидаттардың сақталуын көздейді:

      жүргізілетін бюджет саясаты және оның іске асырылуы туралы ақпараттың қолжетімділігі;

      ұлттық ресурстарды пайдалану көздері мен бағыттары туралы ақпараттың қолжетімділігі;

      бюджет процесінің бастапқы кезеңдерінде азаматтардың пікірлерін ескере отырып, қоғамдық қатысуды дамыту, азаматтардың әлеуметтік белсенді бөлігінің бюджет қаражатын пайдалану бағыттары туралы негізделген пікірін қалыптастыру;

      бюджет ресурстарын жұмсаудың басым баптарын талқылауға жұртшылықтың кеңінен қатысуы.

      Бюджет туралы ақпаратқа нысаналы аудиторияны азаматтар, қоғамдық ұйымдар, сарапшылар қоғамдастығы, бүқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ), бизнес екілдері, саяси қайраткерлер, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары құрайды.

      Бюджет мәселелерінде жұртшылықпен өзара іс-қимыл тетіктерінің тиімділігін арттыру үшін ақпараттың құрамы мен мазмүны түрғысынан қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Бюджеттік деректердің егжей-тегжейлілік дәрежесі көрсетіле отырып, практикалық мәнге ие болуға, қисынды дәйектілікпен құрылуға және онлайн-порталда машинада оқылатын нысанда ұсынылуға тиіс.

      Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының жүртшылықпен интернет ақпараттық-телекоммуникациялық      желісі арқылы коммуникациясының негізгі порталы "Ашық бюджет" порталы болып табылады, мұнда бюджеттік деректер өздерінің кэсіби мақсаттарында бюджет туралы ақпаратты пайдаланатын мүдделі қолданушылардың кең ауісымы үшін үсынылған.

      Азаматтар порталда бағдарлана алуы және қажетті ақпаратты оңай табуы үшін "Ашық бюджеттер" порталында ақпараттың нақты санаттарға бөлінуі, ақпаратты іздеу қүралдары жақсартылуға тиіс.

      "Ашық бюджеттер" порталында бюджет процесінің барлық "Ашық бюджеттер" порталында бюджет процесінің барлық кезеңдерінде бюджеттік сыныптамаға сәйкес нақтыланған деректердің, сондай-ақ жартыжылдық және жылдық негізде бюджеттің атқарылуы бойынша, мемлекеттік борыш бойынша талдамалық ақпараттың жариялануын қамтамасыз ету қажет.

      Халықты қоғамдық қаржыны басқаруға тарту тәсілі ретіндегі "Азаматтық бюджет" жобасы азаматтарға мемлекеттік шешімдер қабылдауға өзінің қатысты екенін сезінуге, сондай-ақ билік орғандары қабылдайтын шешімдерге әсер етуге немесе бюджеттен қаржыландырудың бірінші кезектегі объектілері мен бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

      Бұған азаматтық бюджеттерді аудандық деңгейде (өңірлік маңызы бар қала деңгейі) әр аумақтағы БАҚ баспасөзінде жариялау міндеттілігін заңнамалық тұрғыдан бекіту де ықпал етеді.

      Қоғамдық кеңестердің рөлін қайта қараудың маңызы зор.

      Қоғамдық кеңестер жергілікті деңгейде бюджетті бірлесіп жоспарлаудың пайдалы құралы бола алады.

      Бюджетті бекіту кезінде қоғамдық сараптама жүргізу үшін орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанынан құрылған қоғамдық кеңестер алаңын пайдалану жоспарлануда.

      Бүгінгі күні Бюджет кодексінде әкімдіктердің қоғамдық кеңестерде жергілікті бюджеттердің жобаларын және олардың орындалуы туралы жылдық есептеріне талқылау жүргізуі көзделген.

      "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қоғамдық кеңестерге белгілі бір екілеттіктер берілген.

      Қоғамдық кеңес коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен және азаматтармен бірге бюджеттік бағдарламаларды іске асырудан азаматтар үшін жағымсыз салдарды және қоғамдық мүдделерді анықтау үшін қоғамдық мониторинг жүргізе алады.

      Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттер мен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларына қоғамдық сараптау бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінім жасағанға дейін жүргізіледі.

      Қоғамдық сараптамаға бірінші кезекте жергілікті бюджеттердің елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымды абаттандыру және дамыту жөніндегі шығыстарын жатқызу қажет.

      Сонымен қатар қабылданатын бюджеттік шешімдер бойынша да жұртшылықпен кері байланысты ұйымдастыру жоспарлануда.

      Қоғам тарапынан ден қоюды, тиімділікті, ықпал етуді және сенімді жақсартудағы оң әлеует қоғамдық қеңестерде азаматтар мен жұртшылықтың бюджеттік процеске тартылуын және қатысуын ұлғайтуға бағытталған жұртшылықтың неғұрлым кең ауқымын ұсыну болды.

      5.7. Бюджет процесін автоматтандыру және цифрландыру

      Бюджет процесін автоматтандыру және цифрландыру бюджеттің кіріс бөлігін арттыру, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, ресурстарды стратегиялық басымдықтарға сәйкес ұтымды пайдалану, мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылы және сенім деңгейін арттыру үшін маңызды.

      Салықтық бақылау рәсімдерін толыққанды цифрландыру және салық міндеттемелерінің орындалуына қашықтан мониторинг жүргізу қажет. Мұндағы жұмыстың негізгі бағыттары ұлттық қадағалау жүйесін, электрондық шот-фактураларды, тауарларға арналған электрондық жүкқұжаттарды, тауарларды таңбалау жүйесін, электрондық бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік қолдау шараларына бюджет шығыстарының тиімділігін талдау АЖ енгізу, жасанды интеллект, bіg dаtа, блокчейн технологияларын енгізу болып табылады.

      Салық және кеден жүйесі кабинеттерін біріктіре отырып, салық төлеушінің бірыңғай кабинетінің үздіксіз жүмысын қамтамасыз ету және "Е-Salyk-Аzamat" тегін мобильді қосымшасын белсенді түрде ілгерілету маңызды (жеке тұлғалар үшін).

      Кәсіпкерлерге тұтынушылардан банктік мобильді қосымшалар арқылы түсетін ақша аударымдарын фискалдау проблемасьш шешуге назар аудару өте маңызды.

      Жер қойнауын пайдалану, офшорларға транзакциялар саласында салық салуды жетілдіру, елден капитал шығаруға бақылауды күшейту, сондай-ақ декларациялау және әріптес елдер арасындағы кедендік статистикадағы алшақтықтар өзекті мәселелер больш табылады.

      Транзиттік басым бағыттар бойьшша кеден бекеттерін жаңғырту және автоматтандыру, кедендік ресімдеу уақытын қысқарту міндеті түр.

      Әкімшілендіру процестерін автоматтандыру және адами факторды болдырмау мақсатында "Экспорттық бақылау" модулі іске қосылды және навигациялық пломбаларды пайдалану басталды. "Экспорттық бақылау" модулі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ішкі жергілікті желісі бойынша немесе Internet байланысы арқылы жұмыс істейтін "ЭШФ" АЖ арқылы жүзеге асырылады.

      Осыған байланысты салықтық және кедендік әкімшілендіруді одан әрі цифрландыру жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.

      Бюджет процесін автоматтандыру мен цифрландыру барлық төрт кезеңді: бюджетті жасау, қарау, бекіту және атқаруды қамтуға тиіс.

      Бюджеттік жоспарлау процесін автоматтандыру бюджеттің ағымдағы сипаттағы барлық шығыстары бойынша заттай нормаларының болуын қамтамасыз етумен сүйемелденуге тиіс, оларға заттай нормалардың болуы, толықтығы мен өзектілігі тұрғысынан жыл сайынғы түгендеу қоса жүргізіледі. Заттай нормалар болмаған кезде тиісті салалардың (аялардың) уәкілетті органдары бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен заттай нормаларды әзірлеу және бекіту женінде шаралар қабылдауға тиіс. Бюджет процесін автоматтандыру және цифрландыру мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияны ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс.

      Бюджет процесін автоматтандыру мемлекеттік сатып алу процесін және аудит қорытындыларын автоматтандыру мен цифрландыруды, сондай-ақ олардың бюджет процесімен интеграциялануын қамтамасыз етумен сүйемелденуге тиіс.

      Барлық мемлекеттік қолдау алушылардың мониторингі есебінен мемлекеттік ақшаны жұмсау тиімділігін арттыру жөніндегі ақпараттық жүйені пысықтау жөніндегі міндет мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалаудың арнайы әдістемесін бекітуді талап етеді.

      Мемлекеттік шыгыстардың тиімділігін бақылауды күшейту мақсатында онлайн режимде бюджеттік мониторинг жүргізу қажет.

      Онлайн режимде бюджеттік мониторинг жүргізу ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, бюджет процесін оның барлық кезеңдерінде (жоспарлау, сатып алу, орындау және аудит) қадағалауды білдіреді.

      Бұл тетік уақтылы ден қоюға және пәрменді басқарушылық шешімдер қабылдауға, оның ішінде өңірлер бөлінісінде ресурстарды өнімді бөлуге мүмкіндік береді.

      Бюджеттік мониторингті енгізу сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу және өнім берушілермен шарт жасасқанға дейін қорытынды шығару кезінде бұзушылықтардың жолын кесу бөлігінде елеулі нәтиже берген қолданыстағы "камералдық бақылау" практикасына ұқсас ден қою шараларын қабылдау үшін нысаналы индикаторлардың (жоспар/факт) сәйкес келмеу тәуекелдері туралы "сигнал беретін" болады.

      Мониторинг қолданыстағы "е-Қаржымині", "Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі", "Электрондық мемлекеттік сатып алудың" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі", "Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйелері мен мемлекеттік органдардың басқа да жүйелерін интеграциялау арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Бюджеттік инвестициялар және МЖӘ жобалары бойынша бірыңғай цифрлық дерекқор құрылатын болады.

      Барлық процесті автоматтандыру және цифрландыру арқылы бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру маңызды міндет болып табылады. Әзірленген "Халық қатысатын бюджет" жобасы азаматтарға жобалық ұсыныстарға бастама жасауға және жергілікті бюджет қаражатының бір бөлігін бөлу бойынша дауыс беруге мүмкіндік береді.

      6-Бөлім.

      Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

      Нысаналы индикаторлар:

      мұнайға қатысты емес тапшылықты 2021 жылғы 9,8 %-дан 2030 жылы ЖІӨ-ге қатысты 5,0 %-дан аспайтын деңгейге дейін темендету;

      бюжет тапшылығын 2021 жылғы 3,1%-дан 2030 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2.0 %-дан аспайтын деңгейге дейін төмендету;

      мемлекеттік борышты 2021 жылы 27,4%-дан 2030 жылы ЖІӨ-ге қатысты 32.0 %-дан, оның ішінде Үкімет борышын - 2021 жылы 23,0%-дан 2030 жылы ЖІӨ-ге қатысты 27,5 %-дан аспайтын деңгейде сақтау.

      Күтілетін нәтижелер:

      ҚРҰҚ-ның валюталық активтерін 2030 жылы 100 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту;

      таза сыртқы активтер (Үкіметтің сыртқы борышының, кепілдік берілген борыштың және квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының ҚРҰҚ-ның валюталық активтеріне қатынасы) - 0,75;

      республикалық бюджеттен үкіметтік борышқа - 10 %-нан аспайтын бюджет шығыстары деңгейінде қызмет көрсету;

      трансферттерді есептемегенде мемлекеттік бюджет кірістерін 2030 жылы ЖІӨ-ге қатысты 18 %-ға дейін ұлғайту.

      Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар осы Тұжырымдамаға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қаржысын
басқарудың 2030 жылға дейінгі
2022 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 1005 тұжырымдамасына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5 Жарлығымен.

Р/с № Атауы Аяқталу нысаны Орындалу мерзімі Жауапты орындаушылар
1 2 3 4 5

1. ҚІ

ҚРҰҚ қаражатын қалыптастыру және пайдалану саясаты

1-нысаналы индикатор. Мұнайға қатысты емес тапшылық деңгейін 2030 жылы ЖІӨ-ге қатысты 5 %-ға дейін, оның ішінде мына жылдар бойынша: 2022 жылы ЖІӨ-ге қатысты 6,5 %-ға дейін; 2023 жылы ЖІӨ-ге қатысты 6,4 %-ға дейін; 2024 жылы ЖІӨ-ге қатысты 6,1 %-ға дейін; 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 6,0 %-ға дейін; 2026 жылы ЖІӨ-ге қатысты <5,9 %-ға дейін; 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты < 5,9 %-ға дейін; 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты < 5,5 %-ға дейін; 2029 жылы ЖІӨ-ге қатысты < 5,5 %-ға дейін төмендету

1.

"Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысына Ұлттық қорға түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасының
Үкіметі қаулысының жобасы

2022 жылғы желтоқсан

Үкімет, ҮЭМ, ҰБ (келісу бойынша), мүдделі МО

2.

ҚРҰҚ активтерін басқару жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

2022 жылғы желтоқсан

ҰБ, ҰЭМ, Қаржымині

3.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкіміне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың мақсатты, заңды және тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі функцияларды бекіту бөлігінде өзгерістер енгізу

өкім жобасы

2022 жылғы желтоқсан

ЖАП, ҰЭМ, Қаржыми-ні, ҰБ (келісу бойынша)

4.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесте: мұнай секторы ұйымдарының тізбесін қалыптастыру;
мұнай секторы ұйымдарын мұнай секторы ұйымдарының тізбесіне қосу жөніндегі регламенттелген әдістемені әзірлеу мәселелерін қарау

ҰҚБК хаттамасы

жыл сайын 2022 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, Қаржымині, ЭМ, ҰБ Қаржымині, ЭМ, ҰЭМ, ҰБ

2. Салық-бюджет саясаты
2.1. Бюджеттік қағидалар жиынтығын айқындау

2-нысаналы индикатор. Бюджет тапшылығын 2030 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2 %-ға дейін, оның ішінде мына жылдар бойынша: 2022 жылы ЖІӨ-ге қатысты 3,3%-ға; 2023 жылы ЖІӨ-ге қатысты 3,1%-ға; 2024 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2,9%; 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2,7%; 2026 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2,5%; 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2,3 %; 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2,1 %; 2029 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2,1% дейін төмендету.

5.

ҚР Бюджет кодексіне бюджеттік қағидалар бойынша өзгерістер енгізу, кепілдік берілген және нысаналы трансферттердің нысаналы мақсаты, ҚРҰҚ төмендемейтін қалдығы бойынша заң жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2024 жылғы желтоқсан

Үкімет, ҮЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша)

6.

Бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы талдамалық есепті жасау кезінде ұзақ мерзімді бюджеттік орнықтылықты болжау модельдерін қолдану бойынша ұсынымдар әзірлеу

зерттеу

жыл сайын, 2022-2026 жылдар

Үкімет, ҮЭМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша)

7.

Бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы талдамалық есепті дайындау

есеп

жыл сайын, 1 қыркүйекке дейін

Үкімет, ҰЭМ, Қаржымині, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша)

8.

Макроэкономикалық орнықтылық, бюджет пен экономикалық есудің орнықтылығы, сондай-ақ Ұлттық қордың активтерін сақтау және қаржылық орталықсыздандыру саясатының тиімділігі жөніндегі коэффициенттерді қамти отырып, бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы талдамалық есептің құрамында бюджеттік коэффициенттердің тізбесін әзірлеу

бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы талдамалық есептің "Бюджеттік коэффициенттер тізбесі" бөлімі

жыл сайын, 1 қыркүйекке дейін

Үкімет, ҰЭМ, Қаржымині, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша)

9.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару женіндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрықтарына жылдық қаржылық есептілікте мемлекеттік кепілдіктер мен шартты міндеттемелерді ашуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау белігінде өзгерістер енгізу

бұйрық жобасы

2023 жылғы желтоқсан

Қаржымині, ҰЭМ

2.2. Бюджеттің кіріс бөлігін нығайту (салық саясаты)

10.

Тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жою, салықтық базаны кеңейту, салықтарды әкімшілендіру шараларын күшейту бойынша жұмыс жүргізу

ПӘ-ге ақпарат

2023 жылғы маусым

Үкімет, ҰЭМ, Қаржымині

2.3. Бюджет шығыстарының тиімділігі мен экономикалық қайтарымдылығын арттыру

11.

Кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын әзірлеу: бюджетті жоспарлаудың блоктық тетігінің элементтерін енгізу;
бюджетті жоспарлау сатысында және бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдауды және бағалауды енгізу;
жергілікті бюджеттерге және бюджеттерді нақтылау рәсіміне бюджет жобасын алдын ала бағалау тетігін тарату;
Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының нақты түсімдері мен шығыстары туралы ақпаратты көрсету

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2022 жылғы желтоқсан

Үкімет, ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі МО

12.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және пайдаланғаны үшін жауапкершілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

ПӘ-ге ақпарат

2022 жылғы желтоқсан

Үкімет, ҰЭМ, Қаржымині

13.

Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы адами ресурстар қызметінің талдамалық құрамдас бөлігін күшейтумақсатында оларды дамыту женіндегі шаралардың кешенді жоспарын әзірлеу

бірлескен бұйрық жобасы

2022 жылғы желтоқсан

МҚІА, ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі МО

14.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрығына мемлекеттік міндеттемелердің лимиттерін айқындау әдістемесін жаңарту бөлігінде өзгерістер енгізу

бұйрық жобасы

2022 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, мүдделі МО

15.

"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына жобалардың іске асырылуын мониторингтеуді күшейту бөлігінде өзгерістер енгізу

бұйрық жобасы

2023 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, мүдделі МО

16.

Бюджеттік бюджеттік процесіне қатысатын оңтайландыру бойынша тұжырымдау (оның ішінде инвестициялық жобаларды бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеу, мемлекеттік инвестициялық жобалар және олармен интеграцияланған НҚА жобалары саласындағы заңнаманы жетілдіру

зерттеу

2023 жылғы желтоқсан

ҰЭМ

17.

МЖӘ институционалдық ортасын және әдіснамасын дамыту бойынша ұсынымдар тұжырымдау (оның ішінде МЖӘ дамыту үшін кедергілер мен мүмкіндіктерді талдау бойынша іс-шаралар жүргізу, МЖӘ-нің кейбір салалары мен түрлері бойынша шарттық (келісімшарттық) шарттар "конструкторын" қалыптастыру және оны МЖӘ порталында енгізу бойынша ұсынымдар тұжырымдау

зерттеу

2023 жылғы желтоқсан

ҰЭМ

18.

"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына инвесторға өтелетін шығындардың түрлерін (ИШӨ, ОШӨ, БЖС, кепілдіктерді қоса қаржыландыру) нақтылауға қатысты өзгерістер енгізу

бұйрық жобасы

2022 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, мүдделі МО

19.

Бюджет кодексіне: қазынашылық органдарының қызметін жетілдіру жөніндегі нормаларды регламенттеуді кездейтін езгерістер енгізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2024 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі МО

20.

Кейбір заңнамалық актілерге:
елдің халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған шоғырландырылған қаржылық есептілігіне кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз етуді;
ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіруді көздейтін өзгерістер енгізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2028 жылғы қаңтар

Үкімет, ҰЭМ, Қаржыми-ні, АҚДМ, ЖАП (келісу бойынша)

21.

Бюджет шығыстарының шолуын енгізу бойынша ұсыныстарды тұжырымдау

ПӘ-ге ұсыныстар

2022 жылғы желтоқсан

Үкімет, ҰЭМ, Қаржымині,ЖАП (келісу бойынша)

22.

"Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу

бұйрық жобасы

2022 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, мүдделі МО

23.

Мемлекеттік мүлік сыныптамасын жетілдіру белігінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2022 жылғы желтоқсан

Үкімет, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАП (келісу бойынша)

24.

Мемлекеттің әртүрлі мемлекеттік меншік объектілерімен операция жасауға айрықша құқықтарын қоса алғанда, жер, жер қойнауын пайдалану құқықтарын, радиожиілік спектрін және мемлекеттің басқа да активтерін беруге арналған жария сауда-саттықты www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы электрондық форматқа кешіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

2022 - 2023 жылдар

Қаржымині, АЕО (келісу бойынша), мүдделі МО

25.

"Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары объектілерінің тізбесін өзектілендіру белігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

2022 жылғы желтоқсан

Үкімет, ҰЭМ, БҚДА, Қаржымині, ЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, Самұрық-Қазына (келісу бойынша)

26.

Ағымдағы сипаттағы бюджеттің барлық шығыстары бойынша заттай нормалардың болуы, толықтығы және өзектілігі тұрғысынан жыл сайын түгендей отырып, заттай нормалардың болуын қамтамасыз ету бойынша үсыныстар эзірлеу

ПӘ-ге ұсыныстар

2022 жылғы желтоқсан

Үкімет, Қаржымині, МО

3. Мемлекеттік борышты басқару саясаты

3-нысаналы индикатор. 2030 жылы мемлекеттік борышты ЖІӨ-ге қатысты 32,0 %-дан асырмай, оның ішінде Үкімет борышын ЖІӨ-ге қатысты 27,5 %-дан асырмай сақтау, квазимемлекеттік сектордың борышы - ЖІӨ-ге қатысты 21,2 %-дан;
- мемлекеттік борышты 2022 жылы ЖІӨ-ге қатысты 24,5 %-дан; 2023 жылы ЖІӨ-ге қатысты 25,4 %-дан; 2024 жылы ЖІӨ-ге қатысты 26,3 %-дан; 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 27,2 %-дан; 2026 жылы ЖІӨ-ге қатысты 28,1 %-дан; 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 29,0 %-дан; 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 29,9 %-дан; 2029 жылы ЖІӨ-ге қатысты 30,8 %-дан асырмай;
Үкімет борышын 2022 жылғы ЖІӨ-ге қатысты 20,8 %-дан; 2023 жылы ЖІӨ-ге қатысты 21,6 %-дан; 2024 жылы ЖІӨ-ге қатысты 22,4 %-дан; 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 23,2 %-дан; 2026 жылы ЖІӨ-ге қатысты 24,0 %-дан; 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 24,8-дан; 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 25,6 %-дан; 2029 жылы ЖІӨ-ге қатысты 26,4 %-дан асырмай;
квазимемлеқеттіқ сектордың борышы 2022 жылгы ЖІӨ-ге қатысты 21,2 %-дан; 2023 жылы ЖІӨ-ге қатысты 21,2 %-дан;
жылы ЖІӨ-ге қатысты 21,2 %-дан; 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 21,2 %-дан; 2026 жылы ЖІӨ-ге қатысты 21,2 %-дан; 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 21,2 %-дан; 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 21,2 %-дан; 2029 жылы ЖІӨ-ге қатысты 21,2 %-дан асырмай.

27.

Бюджет кодексіне ҰБ борышын мемлекеттік борыш құрылымынан алып тастауды, мемлекеттік кепілдіктер беруге қойылатын талаптарды жетілдіруді, ЖАО борышының лимитін айқындау жөніндегі тәсілдерді қайта қарауды көздейтін өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2022 жылғы желтоқсан

Үкімет, ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша)

28.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысына оның құзыретін кеңейтуді көздейтін өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

2023 жылғы қаңтар

Үкімет, ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі МО, мүдделі ұйымдар (келісу бойынша)

29.

"Үкіметтік борыштың жэне жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына ЖАО борышының лимиттерін айқьшдау жөніндегі тәсілдерді қайта қарауды көздейтін өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасының
Үкіметі қаулысының жобасы

2023 жылғы наурыз

Үкімет, ҮЭМ, Қаржымині, мүдделі МО

30.

"Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына барлық квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын мониторингтеуді кездейтін өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

2022 жылғы желтоқсан

Үкімет, Қаржымині, ҮЭМ

31.

ҰЭМ жанынан квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері женіндегі комиссияны құру

бұйрық жобасы

2023 жылғы наурыз

ҰЭМ, Қаржымині

32.

Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті келемін айқындау

бұйрық жобасы

жыл сайын, 1 желтоқсанға дейін

Үкімет, ҰЭМ, Қаржымині

33.

Үкіметтік борыш бойынша "алдын алу" ковенанттарын әзірлеу

ЭСК хаттамасы

2022 жылғы қараша

ҰЭМ, Қаржымині,

34.

Белгіленген ковенанттардың асып кетуі болжанған жағдайда мемлекеттік борышты басқару жөніндегі мәселені Экономикалық саясат жөніндегі кеңеске шығару

ЭСК хаттамасы

қажеттігіне қарай

Үкімет, ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі МО және/немесе ұйымдар (келісу бойынша)

35.

Мемлекеттік қарыз алуды негізінен ішкі нарықта жүзеге асыру. Капиталдың сыртқы нарығына шыққан жағдайда бірінші кезекте кірістіліктің қолайлы деңгейін ескере отырып, теңгемен қаржыландыру құралдарын қарау

ПӘ-ге ақпарат

қаңтар, жыл сайын

Үкімет, Қаржымині, ҰБ, ҚНРДА, ҰЭМ

36.

Ішкі нарықта жеткілікті өтімділік және капиталдың сыртқы нарығының қолайлы конъюнктурасы болмаған кезде ұлттық валютада не өзге валюталарда еурооблигациялар шығарудың балама нұсқаларын қарау үшін капиталдың сыртқы нарықтарындағы ахуалға тұрақты талдау жүргізу

ПӘ-ге ақпарат

сәуір, жыл сайын

Үкімет, Қаржымині, ҰБ, ҚНРДА, ҰЭМ

37.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Үкіметтің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1100 қаулысына ҰЭМ-нің мемлекеттік борышты және квазимемлекеттік сектор борышын талдау және болжамдау жөніндегі құзыретін көздейтін толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

2023 жылғы наурыз

Үкімет, ҰЭМ

38.

Борыштық тәуекелдерге бағалау жүргізу, оның ішінде экстремалды макроэкономикалық күйзелістерге қатысты мемлекеттік қаржының орнықтылығын бағалау үшін макрофискалдық стресс-тестілеуді қолдана отырып, бағалау құралдарын жетілдіру, сондай-ақ бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы талдамалық есепті қалыптастыру шеңберінде әртүрлі макроэкономикалық факторлардың елдің ішкі және сыртқы борышына әсері бойынша талдау жүргізу

ПӘ-ге ақпарат

қыркүйек, жыл сайын

Үкімет, ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ

4. Бюджет процесінің айқындығын және ашықтығын арттыру

39.

Мыналар бойынша нәтижелерді бағалау жүйесін кешенді жетілдіру:
бюджеттік жоспарлауда шешімдер қабылдау кезінде бағалау нәтижелерінің қолданылуын жақсарту;
бағалаудың нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру мерзімдерін бюджетті қалыптастыру және ресурстарды бөлу жөніндегі шешімдерді қабылдау процестерімен үйлестіру;
мемлекеттік органдар қызметінің, мемлекеттік мүлікті басқарудың, бюджеттік инвестицияларды іске асырудың тиімділігін бағалау нәтижелері азаматтық қоғам мен әкілді органдар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
бағалау нәтижелерін Парламент пен мәслихаттарға ұсынылатын республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есепке қорытындылардың қүрамына енгізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет- ресурстарында орналастыру;
инфрақұрылымдық жобаларды (құрылыс, реконструкциялау, жаңғырту) іске асыруға, бюджеттік бағдарламаларды іске асырумен және бюджет қаражатымен өзара байланыста даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бюджеттік инвестициялар мен МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау нәтижелерін Парламент пен мәслихаттарға ұсынылатын бюджет шығыстары бойынша жылдық талдамалық есептің құрамына қосып, оны мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында міндетті түрде орналастыру;
мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін бағалау нәтижелері қоғамдық кеңестердің отырыстарында, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттен қаражат бөлу туралы мәселелерді талқылау кезінде Парламент пен мәслихаттарда талқылау және республикалық және оларды жергілікті бюджеттер туралы ақпараттың құрамына енгізу;
нәтижелерді бағалауға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ мемлекет ресурстарын неғұрлым тиімді бөлу жөніндегі ұсынымдарды қосу

ПӘ-ге ұсыныстар

2023 жылғы шілде

ЖАП, СЖРА (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині

40.

Үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына материалдар құрамында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстары болжамының керсетілуі

ӘЭДБ-нің құрамындағы ақпарат

жыл сайын, 1 қыркүйекке дейін

Үкімет, Қаржымині, ҰЭМ, ДСМ, Еңбекмині

41.

Бюджет процесінің:
оған азаматтық қоғам институттарын тартуды; қоғамдық бақылау рәсімдерін жетілдіруді; бюджет ресурстарын пайдалану жөніндегі шешімдерге ықпал ету мүмкіндігін бере отырып, жұртшылықпен кері байланысты күшейтуді кездейтін ашықтығын арттыру

ПӘ-ге ұсыныстар

2023 жылғы шілде

Үкімет, АҚДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЖАП (келісу бойынша)

42.

"Ашық бюджеттер" онлайн-порталының жұмысын жақсарту: бюджеттік ақпаратты ұсынудың бірыңғай форматын енгізу;
"Ашық бюджеттер" порталында азаматтар үшін бюджеттік ақпаратты нақты атау жэне құрылымдау;
ақпаратты логикалық дәйектілікпен баяндау (орналастыру) және санаттарға бөлу;
"Ашық бюджеттер" порталында қажетті ақпаратты іздеу құралдарын жақсарту

"Ашық бюджеттер" порталының жетілдірілген функционалы

2023 - 2025 жылдар

Үкімет, ЦДИАӨМ, Қаржымині, мүдделі МО

43.

Бюджеттік материалдарды, талдамалық ақпаратты берудің интерактивті нысандарын пайдалану

"Ашық бюджеттер" порталының жетілдірілген функционалы

2023 - 2026 жылдар

Үкімет, ЦДИАӨМ, Қаржымині, мүдделі МО

44.

Бюджет кодексіне - мемлекеттік басқару секторы операцияларының сыныптамасын мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі халықаралық стандарттардың талаптарымен үйлестіруді кездейтін өзгерістер енгізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2029 жылғы қаңтар

Үкімет, Қаржымині, ҰЭМ

45.

"Ашық бюджеттер" интернет-порталының ашық материалдарын пайдалана отырып, мобильді қосымшаларды және/немесе сервистерді әзірлеу

мобильдік сервис

2026-2027 жылдар

Үкімет, ЦДИАӨМ, Қаржымині, мүдделі МО

46.

МО ИРБТ-ның "Халық қатысатын бюджет" сервисін "EgovMobile" мобильдік қосымшасымен интеграциялау

интеграция

2023 жылғы желтоқсан

Үкімет, ЦДИАӨМ, Қаржымині, мүдделі МО

47.

МО ИРБТ-да "Халық қатысатын бюджет" сервисі бойынша жиынтық және егжей-тегжейлі ақпарат алу жөніндегі функцияны құру

МОИРБТ-да "Халық қатысатын бюджет" сервисінің жетілдірілген функционалы

2022 жылғы желтоқсан

Үкімет, ЦДИАӨМ, Қаржымині, мүдделі МО

48.

"Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 бұйрығына: ұлттық ресурстарды пайдалану көздері мен бағыттары туралы ақпаратты;
бюджетті атқару жөніндегі, оның ішінде жүргізіліп отырған бюджет саясаты және оны іске асыру туралы талдамалық ақпаратты;
бюджет процесінің барлық кезеңдерінде бюджеттік сыныптамаға, жартыжылдық және жылдық негіздегі мемлекеттік борышқа сәйкес егжей-тегжейлі деректерді қосу белігінде өзгерістер енгізу

бұйрық жобасы

2025 жылғы желтоқсан

Үкімет, Қаржымині, ҰЭМ, мүдделі МО

5. Бюджет процесін автоматтандыру және цифрландыру

49.

"Онлайн-бюджеттік мониторинг" енгізу

ақпараттық жүйе

2022 - 2024 жылдар

Үкімет, Қаржымині, мүдделі МО

50.

МИЖ модуліндегі бюджеттік жоспарлаудың кіші жүйесі бөлігінде мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесін дамыту

"Мемлекеттік инвестициялық жобалар" модулін пайдалануға беру

2023 жылғы желтоқсан

Үкімет, Қаржымині, ҰЭМ

51.

Блоктық бюджеттеуді енгізуге байланысты мемлекеттік жоспарлаудың (бюджеттік жоспарлаудың) ақпараттық жүйесін жаңғырту

пайдалануға беру

2023-2025 жылдар

Үкімет, Қаржымині, ҰЭМ

52.

"Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін" енгізу

ақпараттық жүйе

2024-2025 жылдар

Үкімет, Қаржымині, мүдделі МО

53.

Салықтық және кедендік әкімшілендіруді: "Е-Salyk Вusiness" мобильді қосымшасының функционалын кеңейту;
тауарларды қадағалаудың онлайн визуализациясының ішкі жүйесін құру;
"Жеке тұлғалардың банкроттығы" АЖ іске асыру бөлігінде одан әрі цифрландыру

Үкіметке ақпарат

2022 жылғы желтоқсан
2023 жылғы шілде
2023 жылғы желтоқсан

Қаржымині, ҰЭМ, ЦДИАӨМ

      Ескертпе: аббревиатуралар таратылып жазылуы:

      АЕО - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы

      АКДМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      АҚШ - Америка Құрама Штаттары

      АХҚО - "Астана" халықаралық қаржы орталығы

      ӘЭДБ - Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

      БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары

      БЖС - басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы

      "БЕ БАЖ" БҚЦА - "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің бірыңғай ақпараттық жүйесі"

      БҚДА – Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      БҚШ - бірыңғай қазынашылық шот

      БТЕ - бюджеттік тәуекелдер туралы есеп

      Бюджет кодексі - Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

      Бюджет саясаты

      тұжырымдамасы - Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасы

      ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      ЕАЭО - Еуразиялық экономикалық одақ

      ЕК - Еуропалық кеңес

      ЖАП – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

      ЕЭК - Еуразиялық экономикалық комиссия

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЖАО - жергілікті атқарушы органдар

      ЖСҚ - жобалау-сметалық құжаттар

      ЖІӨ - жалпы ішкі өнім

      ИШӨ - инвестициялық шығындардың өтемақысы

      КТС - корпоративтік табыс салығы

      ҚБШ - қолма-қол ақшаны бақылау шоты

      Қазынашылық - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚНРДА - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      ҚҚС - қосылған құн салығы

      ҚРҰҚ - Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

      ҚРҰҚ тұжырымдамасы - Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы

      МБҚ - мемлекеттік бағалы қағаздар

      МЖӘ - мемлекеттік-жекешелік әріптестік

      МЖӘ туралы заң - "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

      МЖАЖ - мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі

      МИЖ - мемлекеттік инвестициялық жобалар

      МҚІА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      МО - мемлекеттік органдар

      МО ИРБТ - мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасы

      ОШӨ - операциялық шығындардың өтемақысы

      ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

      СЖРА - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      ҰБОЕ - ұзақ мерзімді бюджеттік орнықтылық туралы есеп

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ҰҚБК - Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес

      Үйлестіру кеңесі - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі

      Үкімет - Қазақстан Республикасының Үкіметі

      ХҚҰ - халықаралық қаржы ұйымдары

      ЦДИАӨМ - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ШОБ - шағын және орта бизнес

      ЭЗИ - "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы

      ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      ЭСК - Экономикалық саясат жөніндегі кеңес

      "ЭШФ" АЖ - "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі

      ЭЫДҰ - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 1005 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығы.

      2. "Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу" және "Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 966 Жарлығы.

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығы.

      4. "Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 552 Жарлығы.

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 шілдедегі № 719 Жарлығы.

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 780 Жарлығы.

      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 сәуірдегі № 21 Жарлығы.

      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 86 Жарлығы.

      9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 234 Жарлығы.

      10. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 474 Жарлығы.

      11. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 936 Жарлығы.