Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қаңтарда № 10068 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 10.08.2016 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 45-бабының 9-тармағына сәйкес және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.09.2021 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 10.08.2016 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Бюджет саясаты департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 139 бұйрығымен
бекітілген

Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесі

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.09.2021 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері үшін үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде және олар әрбір үш жылда өзгерген кезде қолданылады.

2-тарау. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау

      2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі Бюджет кодексіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті бюджеттерінің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемі арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады және мынадай формула бойынша есептеледі:

      ЖСТі=КБКі - ШБКі, мұнда:

      ЖСТі – і-облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жалпы сипаттағы трансферттерінің көлемі;

      КБКі – і-облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) кірістерінің болжамды көлемі;

      ШБКі – і-облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) шығындарының болжамды көлемі.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамды көлемі шығындардың болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі>0) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгіленеді.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемі кірістердің болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі<0) жоғары тұрған бюджеттен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне бюджеттік субвенциялар белгіленеді.

3-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамды көлемін айқындау

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамды көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 болып бекітілген) бекітілген Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.

4-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау

      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 54, 55, 56 және 56-1-баптарында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.

      Бұл ретте ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі (бұдан әрі – ағымдағы шығындар) Бюджет кодексінің 240-бабының 6-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі тұрақты сипаты бар қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мақсатқа қол жеткізуге, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардан тұрады.

      "Білім беру" функционалдық тобының "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту", "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру" кіші функциялары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің деректері бойынша осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтарының, олардың көрсеткіштері мен коэффиценттерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бойынша есептеледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 07.10.2022 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ағымдағы шығындары болжамды көлемінің есеп-қисабы

      5. Осы Әдістемеге сәйкес есептелген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерін айқындау үшін ғана пайдаланылады.

      6. Ағымдағы шығындардың есеп-қисабы үшін тұтастай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.

      7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар:

      1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңдегі тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғайғанын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (жалақыны қоспағанда);

      2) жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары жобаларының жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және Республикалық бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауынан кейін жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін ережелері;

      4) Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен өңірлер бойынша абсолюттік сомалармен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен бұрын қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар ескеріледі. Жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына бұрын енгізілген шығындарды Республикалық бюджет комиссиясының шешімі бойынша немесе орталық мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемінен алып тастауға жол беріледі.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті бюджеттер шығыстарының базасына енгізу үшін республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер туралы жиынтық ақпаратты жоспарлы кезеңге облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде Республикалық бюджет комиссиясының тиісті қорытындыларымен бірге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады;

      5) Тізбеге сәйкес "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобының "Қоршаған ортаны қорғау" кіші функциясы бойынша Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептелген қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы бойынша түсімдер;

      6) Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы шеңберінде облигациялық қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсету шығындары;

      7) бұрын үш жылдық кезеңге қабылданған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер;

      8) Бюджет кодексінің 19-бабына сәйкес трансферттер мен қарыздарды есепке алмағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті жергілікті бюджетінің түсімдері көлемінің екі пайызынан аспайтын резерві;

      9) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша республикалық және жеке ұйымдардың шығыстарын есепке алмағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар үшін күрделі шығыстарды жүзеге асыруға арналған шығындар ескеріледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 07.10.2022 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған қаражат алып тасталады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолютті сомалармен қосылады.

      9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есеп-қисаптық базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша нақтыланған жоспар ескеріле отырып, ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.

      10. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемінің есеп-қисабы Тізбеде келтірілген көрсеткіштер мен коэффиценттер ескеріле отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтарының бөлінісінде жүргізіледі.

      Халық санының болжамы төмендеген кезде үш жылдық жоспарланған кезең алдындағы жыл санын бағалау қолданылады.

      11. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы шығындарын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:




– j функционалдық кіші тобы бойынша і-облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есептік шығындары;

– j функционалдық кіші тобы бойынша і-облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шығындар көлемі;

      Кlij,..., Кnij – j функционалдық кіші тобы бойынша і-облысындағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың құнындағы айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер;

      Кlij,..., Кnij – j функционалдық кіші тобы бойынша і-облысындағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың құнындағы айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін көрсеткіштер.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 07.10.2022 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну құнындағы айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыларды есепке алу коэффициенті:




– і-облысындағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) халық санының болжамы;

– і-облысының ауыл халқының болжамды саны;

– j функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.

      Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициентінде жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстарға қажеттілік ескеріледі;

      2) кедейлікті есепке алу коэффициенті (кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):



      bі – і-облысындағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) жалпы халық санында кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

      Кедейлікті есепке алу коэффициентінде кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің әлеуметтік көмек төлеуге шығындарының ұлғаюы ескеріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 07.10.2022 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің есеп-қисабы

      13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      БДБШі = (АШi * k) + (КБКi * k1), мұнда:

      БДБШі – і-облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;

      АШi – і-облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ағымдағы шығындары;

      КБКi – і-облысының кірістерінің болжамды көлемі;

      k – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;

      k1 – жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамды көлеміне бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың пайыздық қатынасының шамасы;

      Бұл ретте, k1 шамасы бюджеттік алып қоюлар белгіленген облыстар үшін қолданылады.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      БДБШі = АШi * k * k2, мұнда:

      БДБШі – і-республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;

      АШi – і-республикалық маңызы бар қаланың, астананың ағымдағы шығындары;

      k – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;

      k2 – Астана және Алматы қалалары үшін қолданылатын бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың пайыздық қатынасына жоғарылату коэффициенті.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде Республикалық бюджет комиссиясының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 567 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22029 болып тіркелген) бекітілген Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды аяқтауға арналған шығыстар ескеріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 07.10.2022 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Республикалық бюджет пен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k шамасы 14,6 % тең болады.

      k шамасы орта мерзімдегі кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілейтін заң жобасын әзірлеу жылының алдындағы үш жылдың жергілікті бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміне жергілікті бюджеттерді дамытудың бюджеттік бағдарламалары бойынша орташа арифметикалық шама ретінде айқындалады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ағымдағы шығындарының көлемі (республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді қоспағанда):

      2019 жылы – 3 228 466 037 мың теңгені;

      2020 жылы – 4 219 107 377 мың теңгені;

      2021 жылы – 4 666 457 561 мың теңгені құрайды.

      Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемі:

      2019 жылы – 558 939 727 мың теңгені;

      2020 жылы – 563 163 740 мың теңгені;

      2021 жылы – 610 983 480 мың теңгені құрайды.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің ағымдағы шығындар көлеміне пайыздық арақатынасы:

      2019 жылға – 17,3 %;

      2020 жылға – 13,3 %;

      2021 жылға – 13,1 %-ды құрайды.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің өткен үш жылдағы ағымдағы шығындар көлеміне орташа арифметикалық пайыздық арақатынасы 14,6 %-ды құрайды.

      Республикалық бюджет пен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k1 шамасы 5,4 % тең болады.

      k1 шамасы бюджеттік алып қоюлар белгіленген жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде өңірлер бойынша жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң жобасын әзірлеу жылының алдындағы өткен үш жылда бюджеттік даму бағдарламасын орындау бойынша өсудің орташа арифметикалық қарқыны ретінде айқындалады.

      2019 жылға қарағанда 2020 жылдың өсу қарқыны 2,8 % құрайды;

      2020 жылға қарағанда 2021 жылдың өсу қарқыны 13,4 % құрайды.

      Алдыңғы үш жылда бюджеттік даму бағдарламасын орындау бойынша өсудің орташа қарқыны 5,4 %-ды құрайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 07.10.2022 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" және "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған Астана және Алматы қалаларының ерекше мәртебесіне сәйкес олардың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлеміне 1,5 жоғарылату коэффициенті қолданылады.

      k2 жоғарылату коэффициенті орта мерзімді кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілейтін заң жобасын әзірлеу жылының алдындағы үш жылдағы Астана және Алматы қалаларының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша орташа арифметикалық ретінде айқындалады.

      Астана қаласының ағымдағы шығындарының көлемі (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда):

      2019 жылға – 200 605 897 мың теңгені;

      2020 жылға – 212 754 113 мың теңгені;

      2021 жылға – 338 634 971 мың теңгені құрайды.

      Астана қаласы бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемі:

      2019 жылға – 45 816 055 мың теңгені;

      2020 жылға – 59 717 882 мың теңгені;

      2021 жылға – 62 670 885 мың теңгені құрайды.

      Астана қаласының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің ағымдағы шығындар көлеміне пайыздық арақатынасы:

      2019 жылға – 22,8 %;

      2020 жылға – 28,1 %;

      2021 жылға – 18,5 % құрайды.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің Астана қаласының алдыңғы үш жылдағы ағымдағы шығындар көлеміне орташа пайыздық арақатынасы 23,1%-ды құрайды.

      Алматы қаласының ағымдағы шығындарының көлемі (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда):

      2019 жылға – 282 974 972 мың теңгені;

      2020 жылға – 373 913 872 мың теңгені;

      2021 жылға – 468 518 045 мың теңгені құрайды.

      Алматы қаласы бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемі:

      2019 жылға – 56 641 533 мың теңгені;

      2020 жылға – 71 430 594 мың теңгені;

      2021 жылға – 87 914 524 мың теңгені құрайды.

      Алматы қаласының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің ағымдағы шығындар көлеміне пайыздық арақатынасы:

      2019 жылға – 20,0 %;

      2020 жылға – 19,1 %;

      2021 жылға – 18,8 %-ды құрайды.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің Алматы қаласының алдыңғы үш жылдағы ағымдағы шығындар көлеміне орташа пайыздық арақатынасы 19,3%-ды құрайды.

      Астана және Алматы қалаларының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің алдыңғы үш жылдағы ағымдағы шығындары көлеміне орташа арифметикалық пайыздық арақатынасы 21,2%-ды құрайды.

      Астана және Алматы қалаларының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің ағымдағы шығындары көлеміне пайыздық қатынасының 21,2% орташа шамасының k шамасына (14,6%) пайыздық арақатынасы 1,5 құрайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 07.10.2022 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдарымен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимылы

      16. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдарымен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимылы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттері кірістерінің болжамды көлемдерін айқындау;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау;

      3) осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдарының және жергілікті атқарушы органдардың облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау үшін мәліметтер ұсынуы және келісуі кезінде жүзеге асырылады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің алдағы үш жылдық кезеңге болжамды көрсеткіштерін айқындау үшін жалпы сипаттағы трансферттер көлемін айқындаудың есептемелерін Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Жалпы сипаттағы трансферттердің есептемелеріне берілетін ақпараттың негізділігі мен анықтығын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті саланың орталық уәкілетті органдарының басшылары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 07.10.2022 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Республикалық бюджет комиссиясында қаралғаннан кейін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бөлінісінде жылдар бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы тиісті заңда белгіленеді.

      19. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу мақсатында облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептейді.

      20. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу мақсатында ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептейді.

  Жалпы сипаттағы
трансферттердің есеп-
қисаптары әдістемесіне
1-қосымша

Жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтарының, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 07.10.2022 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Функционалдық кіші топтардың атауы

Көрсеткіштер

Коэффициенттер

1

2

3

1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Өкілді, атқарушы және мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын басқа да органдар

Тұрақты халық саны

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы)

Қаржы қызметі

Жоспарлау және статистикалық қызмет

Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер

2. Қорғаныс

Әскери мұқтаждықтар

18-ден 27 жасқа дейінгі әскерге шақырылатын жастағы ер азаматтар

18-ден 27 жасқа дейінгі әскерге шақырылатын жастағы ер азаматтар санының өсуі (бағалануы)

Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

Тұрақты халық саны

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы);
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы іс-қимылға өңірлер әлеуетінің нығаю деңгейі

3. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық қызмет, сот, қылмыстық-атқару қызметі

Құқық қорғау қызметі

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің саны

жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ішкі істер органдарын кезең-кезеңімен материалдық-техникалық жарақтандыру

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік саласындағы өзге де қызметтер

Тұрақты халық саны

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы)

4. Білім беру

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі– ОАМ) деректері бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі


Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

ОАМ деректері бойынша жалпы білім беретін мектептерге жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі


6 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар, дене шынықтыру және спорт бойынша білім беру саласындағы ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу үшін

6 жастан 18 жасқа дейінгі жастағы адамдар санының өсуі (бағалануы);
дене шынықтыру және спорт бойынша білім беру саласындағы ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім

14-тен 18 жасқа дейінгі адамдар

14 жастан 18 жасқа дейінгі жастағы адамдар санының өсуі (бағалануы);
ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу

Мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру

Тұрақты халық саны

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы)

Білім беру саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы);
ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу

5. Денсаулық сақтау

Халықтың денсаулығын қорғау

Тұрақты халық саны

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы);
ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу

Мамандандырылған медициналық көмек

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы)

Емханалар

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы);
ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу

Медициналық көмектің басқа да түрлері

Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы)

6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік қамсыздандыру

6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар саны мен зейнеткерлік жасынан асқан халық саны

6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар саны мен зейнеткерлік жасынан асқан тұрақты халық санының өсуі (бағалануы);
ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу

Әлеуметтік көмек

Тұрақты халық саны

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы);
кедейлікті есепке алу (кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде);
ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы)

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үй шаруашылығы

Тұрақты халық саны

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы)

Коммуналдық шаруашылық

Тұрақты халық саны;
Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы);
жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы

Елді мекендерді абаттандыру

Тұрақты халық саны

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы)

8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Мәдениет саласындағы қызмет

ОАМ ұлттық білім беру базасының деректеріне сәйкес 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар саны

балаларды кезең-кезеңімен тегін шығармашылық үйірмелермен қамту;
ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу

Спорт

балаларды кезең-кезеңімен тегін спорт үйірмелермен қамту;
ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу

Ақпараттық кеңістік

Тұрақты халық саны

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы); ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу

Туризм

Туризм, тәулігіне төсек орын саны


Мәдениетті, спортты, туризмді және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де көрсетілетін қызметтер

Тұрақты халық саны

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы)

10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

Ауыл шаруашылығы

Тұрақты халық саны

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы);
ауыл шаруашылығы өнімінің әлеуетті көлемі

Су шаруашылығы

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы);
суды тұтыну (миллион текше метр)

Орман шаруашылығы

Орман қорының жалпы ауданы

мемлекеттік орман күзетінің нормативтік саны;
ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу

Қоршаған ортаны қорғау

Тұрақты халық саны

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы)

Жер қатынастары

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер

11. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

Тұрақты халық саны

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы)

12. Көлік және коммуникация

Автомобиль көлігі

Облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының, ұзындығы (километр)

облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың жағдайын кезең-кезеңімен жақсарту

Көлік және коммуникация саласындағы өзге де қызметтер

Тұрақты халық саны

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы)

13. Басқалар

Экономикалық қызметті реттеу

Тұрақты халық саны

тұрақты халық санының өсуі (бағалануы)

Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау

Басқалар

  Жалпы сипаттағы
трансферттердің
есеп-қисаптар әдістемесіне
2-қосымша

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындауға арналған мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 07.10.2022 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с№

Атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Нормативтік құқықтық актілер

1

2

3

4

5

1

Халық саны:

адам

Еңбекмині

"Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығы

қала халқының саны

6 жасқа дейінгі балалар саны

1-5 жастағы балалар саны

6-18 жастағы балалар саны

14 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар саны

18-ден 27 жасқа дейінгі ер азаматтар саны

зейнеткерлік жастан асқан халық саны

2

Суды тұтыну көлемі

миллион текше метр

ЭГТРМ

"Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде 2016-2025 жылдарға арналған су пайдалану лимиттерін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 367 бұйрығы

3

Мемлекеттік орман күзетінің нормативтік саны

штаттық бірлік

ЭГТРМ

"Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығы

4

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің әлеуетті көлемі

миллион теңге

АШМ

СЖРА ҰСБ-ның статистикалық деректері

5

Облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы

километр

ИИДМ
ЖАО

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 71 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті ережесінің
16-тармағына сәйкес

6

Тәулік-төсек саны

тәулік-төсек

МСM

СЖРА ҰСБ-ның статистикалық деректері

7

Кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі

%

Еңбекмині

"Әлеуметтік саланың бес- жылдық кезеңге арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін болжамдау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 232 бұйрығы

8

Облыстардың ауылдық жерлеріндегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу

%

ЖАО

"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы

9

Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозу жағдайы

%

ИИДМ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті ережесінің 14-тармағының 61) тармақшасына сәйкес

10

Балаларды кезең-кезеңмен тегін шығармашылық, спорт үйірмелермен қамту

%

МСМ

"Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 113 бұйрығы "Мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 119 бұйрығы

11

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы іс-қимылға өңірлер әлеуетінің нығайтылу деңгейі

%

ТЖМ

"Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығы

12

Облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың жағдайын кезең-кезеңімен жақсарту

мың теңге

ИИДМ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 71 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті ережесінің
16-тармағына сәйкес

13

Жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша нақтыланған жоспарды ескере отырып, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ағымдағы шығындары

мың теңге

ЖАО

Қаржыминінің есептік деректері

14

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың "Білім беру" функционалдық тобының "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту", "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру" кіші функциялары бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі

мың теңге

ОАМ

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығы

15

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ішкі істер органдарын кезең-кезеңімен материалдық-техникалық жарақтандыру

мың теңге

ІІМ

"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 бұйрығы.
"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 171 бұйрығы.
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бөліністері үшін көлік құралдарының заттай тиесілік нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 963 бұйрығы

16

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы шеңберінде облигациялық қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсету шығындарының болжамды көлемі

мың теңге

Қаржымині
ЖАО

Қаржыминінің есептік деректері

17

Бұрын үш жылдық кезеңге қабылданған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер болжамы

мың теңге

Қаржымині
ЖАО

Қаржыминінің есептік деректері

18

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоршаған ортағаа теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша кірістердің болжамды көлемі

мың теңге

ҰЭМ

"Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығы

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;

      ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

      ОМО – Орталық мемлекеттік орган;

      СЖРА ҰСБ – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы;

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.