Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 сәуірдегі № 21 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен

      Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
(үзінді)

      Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 10.09.2022 № 1005 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасында:

      "2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын тиімді пайдалану" деген кіші бөлімде:

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 397-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:

      "5. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану бойынша негізгі қағидаттар мен тәсілдер" деген бөлімде:

      "5.1. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану қағидаттары" деген кіші бөлімде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кепілдендірілген трансферт.

      Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2019 - 2021 жылдары жыл сайын 2 700 млрд. теңгені құрайтын болады.

      Кейінгі жылдары кепілдендірілген трансферттің мөлшері кезең-кезеңімен төмендетілетін болады.";

      "5.2. Бюджеттің және Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз ету" деген кіші бөлімде:

      кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "


2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Мұнайлық емес тапшылық ЖІӨ-ге қатысты, %

9,3

7,4

7-8,5

7,0

6,6

6,5

6,4

6,1

6,0

      ".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев