Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 Қаулысы

Жаңартылған

      Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.

      2. Мыналар бекітілсін:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
1999 жылғы 20 желтоқсандағы        
N 1946 қаулысына              
1-қосымша              

  Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы
Ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. ЖҒТК-ны, бір орынбасары болатын, төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары немесе ғылыми-техникалық саладағы уәкілеттi органның бiрiншi басшысы басқарады. 
      ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. <*>
      ЖҒТК Үкімет мүшелерінен, мемлекеттiк органдардың басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің түрлі салаларының мамандарынан, өндіріс өкілдерінен қалыптастырылады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.03.19. N 357  қаулысымен , 2004.02.20. N 207   қаулысымен ,  2004.08.02. N 820   қаулысымен , 2005.04.15. N 362   қаулысымен .  

      3. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ғылым туралы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады. <*>
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Үкіметінің 2004.02.20. N 207   қаулысымен .

  2. Негізгі міндеттері

      4. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері:
      бірыңғай мемлекеттік ғылыми ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыру, жетілдіру үшін талдау ақпараттарын жинақтау және ұсынымдар дайындау; <*>
      іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен стратегияларын әзірлеу;
      елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүддесінде ғылымның жетістіктері мен жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсынымдар жасау;
      мемлекеттік бағдарламалардың, заңдардың, тұжырымдамалардың жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      ғылыми-техникалық ұйымдардың желісін ұтқырландыру, маңызды өнеркәсіп объектілерін, оның ішінде шетелдің қатысуымен құру және қайта жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды және интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; <*>
      Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін республиканың экономикасында тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиімді бағыттарын талдау және айқындау;
      жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды және аттестациялауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары мен әдiстерi, мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру кезiнде ғылым, бiлiм беру, өндiрiс және қаржы-кредит салаларының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      ғылыми-техникалық саланы инвестициялау жүйесiн жетiлдiру, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшiн мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
       Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1333  қаулысымен.

      5. ЖҒТК-ның:
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың мәселелері жөнінде; мемлекеттік инновациялық және өндірістік саясатты қалыптастыру проблемалары және өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер жөнінде ұсыныс енгізуге;
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
      ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және жасау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
      ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.

      6. ЖҒТК-ның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      7. ЖҒТК-ның жұмысына тартылған сарапшылардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражатынан жүргізіледі.

      8. ЖҒТК-мүшесінің:
      өзінің бастамашылығы бойынша ЖҒТК-ның қарауына ұсынымдар, ұсыныстар және тиісті шешімдердің жобаларын енгізуге;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЖҒТК қызметінің мәселелері бойынша іссапарларға баруға;
      ЖҒТК мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданған шешімдер бойынша ЖҒТК мәжілісінің хаттамасында көрсетілуі тиіс өзінің ерекше пікірін енгізуге құқығы бар.

      9. ЖҒТК мүшелері:
      ЖҒТК-ның қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысуға;
      ЖҒТК төрағасы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауға;
      олар ЖҒТК-ға ұсынған ұсынымдар, қорытындылардың сапасы үшін жауапты болуға міндетті.

      10. ЖҒТК-ның мәжілісі кемiнде екi айда бiр рет өткізедi.
      ЖҒТК мәжілісінің, егер оған ЖҒТК-ның бекітілген тізімдік құрамының кемінде 2/3 қатысса құқықтық күші болады. Шешім мәжіліске қатысып отырған ЖҒТК мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық (жекелеген жағдайларда төрағаның шешімі бойынша жасырын) дауыспен қабылданады;
      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның жұмыс органы болып анықталсын. <*>
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді  - ҚР Үкіметінің 2002.12.20. N 1333  қаулысымен , 2004.02.20. N 207   қаулысымен , 2005.04.15. N 362   қаулысымен .  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
1999 жылғы 20 желтоқсандағы      
N 1946 қаулысына            
2-қосымша            

       Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары
                 ғылыми-техникалық комиссияның
                           Құрамы

       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің   2000.07.03. N  1010 , 2001.03.19. N  357 , 2002.04.03. N  397 , 2002.07.01. N  712 , 2002.12.20. N  1333 , 2003.05.26. N  489 ,   2003.08.27. N  876 , Құрам жаңа редакцияда - 2004.02.20. N  207 , 2004.08.02. N  820 , 2004.11.04. N  1186 , 2005.04.15.  N 362   қаулыларымен.

Әйтiмова                  - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Бiрғаным Сарықызы           ғылым министрi, төрайым

Әбдiмомынов               - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы         ғылым вице-министрi, төрағаның
                            орынбасары

Могильный                 - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Валерий Валентинович        ғылым министрлiгi Ғылым
                            департаментінiң директоры, хатшы      

Берсiмбаев                - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Рахметқажы Ескендiрұлы      ғылым министрлiгiнiң аппарат басшысы

Дробжев                   - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Виктор Иванович             және ғылым министрлiгi Ионосфера
                            институтының директоры

Жұрынов                   - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мұрат Жұрынұлы              ғылым академиясы" қоғамдық
                            бiрлестiгiнiң президентi (келiсiм
                            бойынша)

Келiмбетов                - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы             Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                            министрі

Күрiшбаев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы          шаруашылығы вице-министрi

Қадыржанов                - Қазақстан Республикасының
Қайрат Кемелұлы             Энергетика және минералдық ресурстар
                            министрлiгi Қазақстан
                            Республикасының Ұлттық ядролық
                            орталығы Ядролық физика институтының
                            директоры

Қожамқұлов                - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Төлеген Әбдiсағиұлы         және ғылым министрлiгi Әл-Фараби
                            атындағы қазақ ұлттық университетiнiң
                            ректоры

Өмiрбаев Уалбай           - Қазақстан Республикасының Бiлiм
                            және ғылым министрлiгі Л.Н.Гумилев
                            атындағы Еуразия ұлттық
                            университетiнiң кафедра меңгерушiсi

Школьник                  - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич          Энергетика және минералдық ресурстар
                            министрi

Досаев                    - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерболат Асқарбекұлы         сақтау министрi

Қыпшақбаев                - "Инжиниринг және технологиялар
Әбділ Исаұлы                трансфертi орталығы" акционерлік
                            қоғамының президентi (келiсiм
                            бойынша)

Кравченко                 - Қазақстан Республикасының Индустрия
Иван Михайлович             және сауда бiрiншi вице-министрi

Қуанғанов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
Фархад Шаймұратұлы          Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени
                            даму бөлiмiнiң меңгерушiсi

Әмiрин                    - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк
Ғұсман Кәрiмұлы             қоғамының басқарма төрағасы
                            (келiсiм бойынша)

Бектұрғанов               - Қазақстан Республикасы Білiм және
Нұралы Сұлтанұлы            ғылым министрлiгiнiң "Химиялық-
                            технологиялық зерттеулер орталығы"
                            республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
                            бас директоры

Жұмағұлов                 - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бақытжан Тұрсынұлы          инженерлiк академиясы" қоғамдық
                            бiрлестiгiнiң президентi (келiсiм
                            бойынша)