Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.20 № 429 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
4-тармақта:
екiншi абзацтағы "және ғылыми-техникалық" деген сөздер "ғылыми-техникалық және инновациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзацтағы "инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау жүйесiн жетiлдiру, ғылыми-техникалық саланы инвестициялау," деген сөздер алынып тасталсын;
мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде оныншы абзацтағы "әзiрлеу" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары мен әдiстерi, мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру кезiнде ғылым, бiлiм беру, өндiрiс және қаржы-кредит салаларының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
ғылыми-техникалық саланы инвестициялау жүйесiн жетiлдiру, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшiн мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу";
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның жұмыс органы болып анықталсын.";
2) көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Әкеев - "Петропавл ауыр машина жасау зауыты"
Альберт Айтқожаұлы ашық акционерлiк қоғамының бас
директоры (келiсiм бойынша);
Берiкболов - "Волковгеология" ашық акционерлiк
Бақытжан Рахметұлы қоғамының бас директоры (келiсiм
бойынша);
Жабағиев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қожахан Көкiрекбайұлы Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала
және инфрақұрылым бөлiмiнiң
меңгерушiсi;
Жәрменов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әбдiрасыл Алдашұлы және сауда министрлiгi Минералдық
шикiзатты кешендi өңдеу жөнiндегi
ұлттық орталығының бас директоры;
Iзмұхамбетов - "Қазақтүрiкмұнай" жауапкершiлiгi
Бақтықожа Салахатдинұлы шектеулi серiктестiгiнiң бас директоры
(келiсiм бойынша);
Исаев - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
вице-министрi;
Қадыржанов - "Энергия" Қазақстан отын-энергиялық
Алтай Камалұлы жүйелерi ғылыми-зерттеу және жобалау
iздестiру институты" жабық акционерлiк
қоғамының президентi (келiсiм бойынша);
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әбiлғазы Қалиақпарұлы және сауда вице-министрi;
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк
Юрий Иванович және коммуникациялар бiрiншi вице-
министрi;
Самақова - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Айткүл Байғазықызы ортаны қорғау министрi;
Святoв - "Қазхром" трансұлттық компаниясы"
Болат Аманжолұлы ашық акционерлiк қоғамының бас
директоры (келiсiм бойынша);
Сейсембаев - Қазақстан Республикасының
Манас Ахметжарұлы Денсаулық сақтау министрлiгi
Н.А.Сызғанов атындағы Хирургия
ғылыми орталығының директоры;
Тоқсейiтов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Рақымберген Құрманғалиұлы вице-министрi;
Тұржанов - Алматы қаласының әкiмдiгi Шағын
Серiк Әбдiғалиұлы бизнес департаментiнiң директоры;
мына жолдар:
"Әдекенов - Фитохимия институтының директоры,
Серғазы Мыңжасарұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының корреспондент-мүшесi;
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Бақытжан Тұрсынұлы Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң
меңгерушiсi;
Қосынов - Қазақстан Республикасы Энергетика
Алмас Олжабайұлы және минералдық ресурстар министрлiгi
Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы;
Мұқашев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Болат Нығметұлы ғылым министрлiгi Физика-техникалық
институтының директоры, Қазақстан
Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының академигi"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Әдекенов - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Серғазы Мыңжасарұлы және ғылым министрлiгi
Биотехнология жөнiндегi ұлттық
орталығының бас директоры;
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Тұрсынұлы Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-
мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Қосынов - Қазақстан Республикасының Көлiк
Алмас Олжабайұлы және коммуникациялар министрлiгi
Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы;
Мұқашев - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Болат Нығметұлы академиясының вице-президентi";
көрсетiлген Комиссияның құрамынан: Әлиев Мұхтар Әлиұлы, Шарманов Төрегелдi Шарманұлы, Ермекбаев Пернехан Әшiмбайұлы, Зверьков Вадим Павлович, Келiмбетов Қайрат Нематұлы, Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы, Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы, Пивень Геннадий Георгиевич, Рақымжанов Әмiрхан Мұратбекұлы, Сатыбалдин Әзiмхан Әбiлқайырұлы, Шнейдмюллер Владимир Викторович, Шоқпытов Андар Мәулешұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі