Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1186 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 26-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілгендер бекітілсін:
      1)  Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2007.08.16. N 507 және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2007.08.16. N 507 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен  бұйрығымен .
      2) Ауыл шаруашылығы жануарларының пастереллез ауруының алдын-алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі.
      2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы Министрінің  
"Ауыл шаруашылығы жануарларының 
кейбір ауруларының алдын-алу  
және жою бойынша шараларды   
жүзеге асырудың ветеринариялық 
ережелерін бекіту туралы"   
2004 жылғы 12 қарашадағы    
N 658 бұйрығымен бекітілді   

       Ереженің күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2007.08.16. N 507 және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2007.08.16. N 507 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен  бұйрығымен .

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы Министрінің  
"Ауыл шаруашылығы жануарларының 
кейбір ауруларының алдын-алу  
және жою бойынша шараларды   
жүзеге асырудың ветеринариялық 
ережелерін бекіту туралы"   
2004 жылғы 12 қарашадағы    
N 658 бұйрығымен бекітілді   

  Ауыл шаруашылығы жануарларының пастереллез ауруының
алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың
ветеринариялық ережесі

      Осы Ауыл шаруашылығы жануарлардың пастереллез ауруының алдын-алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі (кейін - Ветеринариялық ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ереже

      1. Пастереллез (Pasteurellosіs) - көптеген үй және жабайы жануарлардың контагиозды жұқпалы ауруы, жіті өту барысында септицемия белгілерімен, өкпенің крупозды қабынуымен, домбығуымен, ал жітіден төмен және созылмалы түрлерінде - іріңді-некрозды пневмониямен, артиритпен, маститпен, кератокюнъюктивитпен, эндометритпен және кейде энтеритпен сипатталады. Қоздырушысы - Рasteurella multocіda. Ауру жазғы-күзгі кезеңдерде жиі байқалады. Ауру қоздырушысы шаруашылыққа ауырып жазылған малдармен - пастерелла тасымалдаушылармен, сонымен қатар жем-шөппен, тышқан тәріздес кемірушілермен (әсіресе олардың көбею кезеңінде) және көліктер арқылы енеді. Қоздырушының негізгі берілу көзі болып пастерреллезбен ауырған немесе лажсыз сойылған, өлген малдардан алынған сүт, ет, сонымен қатар тері, жүн және басқа шикізаттар болып табылады. Қоздырушының механикалық тасымалдаушысы жабайы хайуандар және қан сорғыш жәндіктер болуы мүмкін.

      2. Пастереллезге диагнозды эпизоотиялық мәліметтер, клиникалық белгілер және паталогоанатомиялық өзгерістер негізінде, патологиялық материалдарды міндетті түрде бактериологиялық зерттеулер жүргізу арқылы қойылады.

      3. Бактериологиялық зерттеу үшін лабораторияға антибиотиктермен сульфаниламидті препараттармен емделмеген малдардың 2-3 өлекселерінен өлгенінен кейін 3-5 сағаттан артық емес мерзімде алынған көк бауырдың, бауырдың, бүйректің кесінділерін, өзгеріске ұшыраған өкпенің телімін сөл түйіндерімен қоса және жілігін жібереді. Ұсақ жануарлардың өлексесін тұтастай жөнелтеді. Жаздың күні патологиялық материалды глицериннің 40% стерильді сулы ерітіндісімен консервілейді.

      4. Пастереллезді шошқаның обасынан, тілмесінен, паратифтен, сібір жарасынан және пироплазмоздардан сәйкес лабораториялық зерттеулер жүргізу арқылы ажырату керек.

  2. Пастереллездің алдын алу шаралары

      5. Жануарлардың пастереллез ауруының алдын алу үшін шаруашылық субъектілерінің басшылары, мал иелері, сонымен қатар ветеринариялық мамандар келесі шараларды жүзеге асырады:
      1) жаңадан келген жануарларды алдын-ала 30 күн бойы оқшаулап ұстағаннан кейін ғана жалпы табынға жіберуге болады;
      2) пастереллезден таза шаруашылықтардың малдарынан ғана отарларды жасақтау қажет;
      3) жем-шөптің залалдануының алдын-алу үшін мал қораларында, айналасындағы аумақта және азық қоймаларында кеміргіштерді ұстауды кезекті жүргізу қажет;
      4) тұрақты түрде азықтың, әсіресе сүрлем мен комбикормның сапасын бақылап отыру қажет, ал көрсеткіштер пайда болған жағдайда бактериологиялық тексеру;
      5) желінсау болған жағдайда сүтті бактерилогиялық тексеру;
      6) малдар арасында пастереллез ауруы тіркелген шаруашылық субъектісі орналасқан, әкімшілік аудандардағы барлық малдарды пастереллезге қарсы вакцинамен қолдану нұсқамасына сәйкес егеді;
      7) пастереллез ауруы тіркелген шаруашылық субъектісінде бір жыл ішінде пастереллезге қарсы егілген малдарды топтастырады, немесе 30 күндік оқшаулап ұстау кезінде егеді;
      8) сауықтырылғаннан кейін бір жыл бойы қолайсыз отарларға егілмеген малдарды енгізуге болмайды.

  3. Пастереллез ауруын жою шаралары

      6. Пастереллез ауруы анықталған шаруашылық субъектісі сол ауру бойынша таза емес (кейін - Қолайсыз шаруашылық) деп жарияланып, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  27-бабының 1-тармағына сәйкес шектеу енгізіледі.

      7. Пастереллез шыққан қолайсыз шаруашылықта тиым салынады:
      1) індет ошағынан жануарларды шығаруға, союға жіберетін малдардан басқа;
      2) пастереллезге бейім малдарды енгізуге (кіргізуге);
      3) малдарды қайта топтастыруға, таңбалауға, сондай-ақ хирургиялық операциялар жасауға және басқа ауруларға қарсы егуге;
      4) пастереллезбен ауырған лажсыз сойылған малдардың етін шикі түрінде шығаруға, ет өңдейтін кәсіпорындарға өңдеуге жіберуден басқа;
      5) малдарды жаюға және ашық жайылма суаттардан суаруға болмайды;
      6) ауру малдан алынған сүтті залалсыздандырмаған күйінде сатуға;
      7) қондырғыларды, құрал-жабдықтарды, сондай-ақ ірі, сүрленген және концентрленген азықтарды шығаруға;
      8) пастереллездің қоздырушысы табылған малдардың қиын және сұйық қиын егістіктерге шығаруға.

      8. Сүтті 90 о С температурада 5 минут бойы пастерилизациялайды және малдарды азықтандыру үшін қолданады.

      9. Қиды бөлек жинайды және биотермиялық жолмен залалсыздандырады, ал сұйық қиға әр 1 куб метрге 0,5 литр хлорлы әктің ақшыл ерітіндісін қосады, мынадай есеппен: 1 литрге 25 миллиграмм активті хлор, ерітіндіні араластырады да 12-18 сағатқа қояды.

      10. Індетті ошағын қоршау мен оны жою мақсатында шаруашылық субъектілерінің басшылары, ветеринариялық мамандар төмендегі іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) қолайсыз шаруашылық субъектілеріндегі барлық малдарға клиникалық байқау және термометрия жүргізеді. Ауруға күдікті және ауру деп танылған малдарды бөлек бөлмелерге оқшаулайды;
      2) барлық ауру және олармен жанасқан малдарға пастереллезге қарсы гипериммунді қан сарысуын емдік дозада және антибиотиктер егеді. Антибиотиктерді қолдану нұсқамаларына сәйкес дозада қолданады. Емдік мақсатта сульфаниламид препараттарын, глюкоза және басқа симптоматикалық заттар қолданылады;
      3) пастереллезбен ауру аналықтарымен бірге жүрген барлық торайлар мен қозыларға пастереллезге қарсы гипериммунді қан сарысуын емдік дозада егеді және антибиотиктермен емдейді. Қолайсыз шаруашылықтағы 3-айға дейінгі бұзауларға пастереллезге қарсы гипериммунді қан сарысуын егеді және сау малдың сүтімен қоректендіреді. Гипериммунды қан сарысуын еккеннен кейін 14 күннен соң барлық егуге жарамды жасқа жеткен малдарға пастереллезге қарсы нұсқамаға сәйкес вакцинациялайды;
      4) барлық ауру малдарды және олармен жанасқан малдарды бұрын болған қораларда қалдырады, ал жаз кезінде оларға шектеу аяқталғанға дейін байлауда күтіп-бағуды ұйымдастырады. Оларға пастереллезге қарсы гипериммунді қан сарысуын нұсқамаға сәйкес профилактикалық дозада егеді, ал 14 күннен кейін пастереллезге қарсы нұсқамаға сәйкес, вакцинация жасайды;
      5) шаруашылықтағы басқа қалған малдарды орналасқан жеріне қарамастан, пастереллезге қарсы нұсқамасына сәйкес, вакцинация жасайды. Вакцинация алдында қолайсыз шаруашылық субъектілеріндегі малдардың барлығын клиникалық тексереді және термометрия жүргізеді. Вакцина егілген малдарға 14 күн бойы ветеринариялық тексеру жүргізеді.

      11. Пастереллезден қолайсыз шаруашылықтарда егу жұмыстарымен қатар аурудың мүмкін көзі деп саналатын кеміргіштерді жою мақсатында кезекті түрде дератизациялық шаралар жүргізеді.

      12. Кезекті дезинфекцияны мынадай көрсетілген тәртіппен жүргізеді:
      1) алғашқы ауру шыққан кезде және мал өлген жағдайда мал ұсталынған қораларға;
      2) ауру мал немесе ауруға күдікті малдар орналасқан мал қораларына күнделікті таңертең тазалау жүргізген кезде;
      3) ауру мал жанасқан барлық заттар (қораның едендері, қабырғалары, астауларға, жұмыс киімдері, аяқ киімдері), қоралардың өтетін жолдары дезинфекцияланады. Ауру және ауруға күдікті малдар орналасқан қоралардың кіре берісіне аяқ киімдерді залалсыздандыратын дезбарьер, дезинфекциялық төсеніш орналастырылады;
      4) ауруға күдікті (шартты сау) малдар орналасқан қоралар мен серуендету алаңдарын әрбір ауру мал шыққан сайын және одан кейін әр 10 күн сайын шектеу алынғанға дейін дезинфекция жүргізеді. Дезинфекциялауға келесі заттар қолданылады: 10-20 % жаңадан сөндірілген әк немесе құрамында 2 % активті хлоры бар хлорлы әк ерітіндісі, немесе 2 % күйдіргіш натрий ерітіндісі, немесе 3 % ыстық креолин ерітіндісі, немесе 0,5 % формальдегидтің ерітіндісі және басқа дезинфекциялық заттар нұсқамаларға сәйкес жүргізіледі.

      13. Пастереллезден өлген малдың өлексесін өртейді немесе биотермиялық орларда залалсыздандырады. Өлген малдан немесе лажсыздан сойылған малдан алынған теріні 1 % тұз қышқылының ерітіндісімен және астұзының 20 % ерітіндісінің араласқан қоспасымен залалсыздандырады. Тері салмағының бір бөлігіне 4 бөлік көлемде ерітінді дайындалады. Теріні 17-20 о С температурадағы ерітіндіде 48 сағат ұстайды. Жүнді, қылшықты, шашты залалсыздандыру алдында қапқа салып, бос орайды, көлемі бір квадрат метр камераға 50 килограмм орналасатындай есеппен булы дезинфекциялық камераға орналастырады. Дезинфекцияны ағынды бумен 109-111 о С температурада 30 минут бойы залалсыздандырады.

      14. Жұмыс киімдерді залалсыздандыру үшін ыстық ағынды бумен 1,5 сағат бойы камерада ұстайды немесе 2 % кальцийленген соданың ерітіндісінде бір сағат бойы, немесе 2 сағат бойы 1 % хлорамин ерітіндісінде залалсыздандырады, бір килограмм затқа 5 литр ерітінді есептеледі. Резинадан немесе кожадан жасалынған аяқ киімдерді 2 сағат бойы 5 % хлорамин ерітіндісінде немесе 4 % формалдегидтің ерітіндісіне камерадағы ыстық буға орналастыру арқылы залалсыздандырады.

      15. Пастереллезге қолайсыз шаруашылықтардан шектеу шараларын алудың алдында, келесі шаруашылық-ұйымдастыру және ветеринариялық- санитариялық іс-шараларды жүргізеді:
      1) ауру мал немесе ауруға күдікті малдар орналасқан мал қораларына қажет болған кезде жөндеу жұмыстарын;
      2) мал қораларын, қашарларды, қоралардың айналасын, алаңдарды шаруашылықтағы басқа қора-жайларды тазалап, көң-қидан тазартып, астын таза қабатына дейін аударып, содан кейін залалсыздандырады;
      3) мал қораларына дезинсекция, дератизация және қорытынды дезинфекция жүргізеді. Дератизацияны мал қораларының барлығын түгел қамтиды, шаруашылықтың барлық аумағына жасайды.
      Қорытынды дезинфекция 12-тармақтың 4-тармақшасында көрсетілгеніндей дезинфекциялық заттармен жүргізіледі.

      16. Таза емес ошақтардан шектеу Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  27-бабының 3-тармағына сәйкес алынады.

      17. Шектеуді алғаннан кейін 1 жыл бойы пастереллезге қарсы егу жұмыстарын жүргізеді. Шаруашылыққа жаңадан келген малдар 30 күндік оқшаулап ұстау мерзімінде пастереллезге қарсы егіледі.